2014 №3 (24)
қолдану керек пе? Халық кәдесіндегі ұйқасым
молын жинап қойып:
«Юзи - раушан көзи - гәуһар,
Ләғилдек бет үши әһмәр,
Тамағы қардан һәм биһтәр
Қаши құдрет, қоли шигә»,
– сияқты үш рет жалғасынан ұйқасып келіп,
төртіншіден түйіп отыру керек пе? Бұл екі
өлеңде осының бәрі де бар. Мұндағы теңдеулер
де көбінесе шағатай ақындарының мініп-мініп
жауыр қылып тастағандары – қазақ сезіміне
ұғымсыз бейнелер: – «гәуһар көз», «лағылдай»
(маржандай) «үш қызыл бет» «Сүлеймен»,
«Шәмши», «Искендір» патшалардай мүлікті,
байлығы мол адамдар. Кейінгі кезде тұрмыстың
қандай қараңғы түкпірлеріне де жанары түскен
қараңғы көз әлі онда жоқ. Сондықтан
тұрмыстан алынған бейне де жоқ. Күншығыс
ақындарынан қалған, тозған бейнелерден шетке
шықса-ақ «қасы құдірет, қолы шеге» сықылды
үйлесімсіз, сорлы суреттеуге ұшырайды.
«Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Айттым
сәлем, қаламқастарды» жазған кезде Абай
сүйген сұлуына «қолың шегедей» демеген болар
еді: қасты құдіретке теңеудің де орнын таба
алмаған болар еді.
Міне, бұл – ақындық беті ашылмаған
балаң Абай кезі. Абайда, осындай, түгелімен
шағатай тұтқынында болған дәуір болуы, осы
екі өлеңнің екеуінің бір жылда жазылуы, түрінің
ұқсастығы осыны көрсетеді: екеуінде де шұбар
тіл, екеуінде де ғаруз, екеуінде де үштен тастап,
төрттен түйген тізгін ұйқасын, бірде шағатай
ақындарына сыйыну болып, екіншісінде
солардан қалған жауыр бейне болуы осының
бәрі, осыншама ұқсастық, бұл әлдеқалай,
кездейсоқ нәрсе емес. Бұл – Абай
ақындығының бір кезеңі – шағатайға еліктеу
кезеңі, олардан шығып кетпек түгіл, оларды
сынамақ түгіл, әлі олардың өз ішіндегі тәуірін
таңдап алуға да, өз ішінен түр іздеуге де шамасы
келмеген кезеңі.
Енді үшінші өлеңге («Әліп дек ай йзүңе
ғибрат еттім») келсек, мұны жазған кезде
Абайдың бір аяғы шағатайда тұрса да, бір аяғы
шетке аттауға таянған кезі көрінеді.
Мұнда алдымен көзге көрінетін –
Абайдың шағатай әдебиетіндегі өлең
техникасының
бұлтарыстарын
тегіс
аралағандығы, өмірден безіп, кейіпті кескін таба
алмай, алдындағы жазудың әріптерін бейне
қылып пайдаланған шағатай ақындарының
поэтикалық ойынына шейін барғандығы.
Я – ярым, қалай болар жауап сөзің?
Мәт – қасың, тәштит – кірпік, секін – көзің,
Үтірмен асты – үстілі жазу да бар...
Араб әрпінің ас, үс, үтір, секін,
тәштиттерінен көркемдік бейнесін іздеу шағатай
ақындығына үйреншікті әдет болатын. Науаидің
«Қашларынден, кім ірәр қаниғ көңіл ішре
қиял,
О – қызыл қәғәда Нун болұр, – шапақ
ішреһилал»
деген өлеңдегі қасты нұн әрпіне ұқсатуы, немесе:
«Жанымдағы жем – ол екі далаңға пида;
Анумен соң әліп – таза ниналіңға пида,
Нуні дағы – ғанбарлық һиалиңға пида,
Қалған екі нұқта – екі қалыңға пида»
Жанымның «ж» әрпі – ол екі қасыңа
құрбан,
Онан соң «а» әрпі таза бойыңа құрбан,
«Н» әрпі дағы жақсы иісті ай жүзіңе құрбан,
Қалған екі ноқат бетіндегі екі қалыңға
құрбан»,
– деген өлеңіндегі ж, д, а, н әріптері мен ноқаттар
бірін ол, бірін бұл мүшелерге меңзетуі – осы әріп
бейнесін ісіне асырған ақындық ойыны болатын,
Абай осыған шейін барып, шағатай үлгісінің
ұшығына шыққан түрі бар. Бұл алты жыл ішінде
Абайдың түр іздеу екпіні көп өскендігін көрсетсе,
оның үстіне әріп бейнесін шағатайша бейне
түрінде қолдануды місе тұтпай, әріп, орнына
дыбыс алғанын, әр дыбысты сол дыбыспен
басталатын сөзге символ есебінде ұстағанын
көрсетеді: «А-ай, б-бала, т-тіл, с-саламат, ш-
шекер, қ-қабыл, к-кәміл, м-мейірім, н-нала», тағы
басқалар. Осының өзі шағатай үлгісін ішінен
шіріте бастағаны болу керек.
Шынында, «Әліп деп ай жүзіңе ғибрат
еттім» өлеңі алдыңғы екі өлеңнен көріне басқа.
Бұл – шағатайдан қашықтай бастаған, қазақтың
өз үлгісіне қайта бейімделе бастаған кезі болу
9
АБАЙТАНУ
2014 №3 (24)
керек. Тіліндегі шұбарлық нәлі қалмаған да
болса, алдыңғы екі өлеңнен көп жеңіл, араб сөзі
сирек кездеседі. Өлеңнің өлшеуі де ғарузша
емес, буын өлшеулі, ұйқасым қазақтың қара
өлеңіше. Бұл кәдімгі 11 буынды қазақ өлеңі.
Мұны да ғарузша құрылған дәуірлер болуы
мүмкін. Ондай күмән тудыратын екі-ақ жол бар,
ол:
«Би – бала и дәртіңе нисбәт еттім,
Си – сәна и мәдхіңа хұрмет еттім».
Бұл екеуін күмәнды қылып тұрған –
екеуінде
де
парсы
изапетімен
байланыстырылған «бала-и-дерт», «сәна»
«мәд» деген араб-парсы сөздері болуы,
изапеттің алдыңғы буыны созылып айтылған
болғандықтан, «ұзындық-қысқалық» негізіне
құрылған ғарузға ұқсап тұруы мүмкін. Бірақ бір
өленің құрлыс жүйесін, өзгесіне қарамай, тек
екі жолына қарап шешуге болмайды. Бұл
өлеңнің осы екі жолдан басқаларының бәрі,
оның үстіне ұйқасымы қазақша құрылғанына
дау қалдырмайды.
Ескі күншығыс ақынының әріп бейнесін
дәп қолдануы өмірден қашықтап, қаламы мен
әрпіне ғана қарап тізесін құшақтап қалған
қасталық жағдайын көрсетеді. Абай осы белеске
шейін өрмелеп барып, шағатай жолынан безген
сықылды. Осы өлеңнен кейін шығыс жұртына
қонуды тоқтатқан. Бұдан соңғы Абай
өлеңдерінен шағатай үлгісін іздеу, меніңше, құр
арам тер.
Абай енгізген өлеңнің жаңа өлшеулерінің
кейбірі – кім білді, – ғарузға ұқсап та тұрған
шығар. Арабтың 28 әрпіне келетін
комбинациясының ешқайсысын қалдырмай
ұйқасым қуалаған Шығыс ақындарының
тоқсан тарау өлең ұйқасымы мен өлшеуі
Абайдың қайбір өлеңіне тура келіп те кететін
шығар. Бірақ оған қарап, оп-оңай шеше салуға
бұл мәселе көнбейді. Қазақтың өлеңінің бар
өлшеуін, – созып айтып, бұрмалап қараса, –
ғаруздан шығаруға болады. Абайдың жаңа
үлгілеріне де осыны істеуге болатын болар.
Бірақ, шағатай әдебиеті, ғаруз үш ұйықтаса
түсіне кірмеген Міржақып:
«Сен жоғыңда бұл жалғанда
Жалған олқы деді кім?
Сен келгенде арамызға
Қанша орасан толды кем?» – дейтін жоқтау
өлеңін:
«Ләгул мүлке, лу ул қамдо,
Лә шурко, лә нунема»
ізімен жазды деп қалай нандыруға болар?
Сонымен, 1864 жылдан кейін Абайдан
шағатай ықпалын іздеу – бос арам тер болып
шығады. Өйткені 1) шағатай әдебиетінің негізгі
бағыты мистицизм; Абайда бұл жоқ. 2) шағатай
әдебиетінің тілі араб-парсымен шұбарланған
шұбар тіл; Абайда бұл машықтау үшін болмаса,
ұшырамайды, 3) шағатай әдебиетінде өлең
өлшеуі – араб-парсының ғаруз өлшеуі; Абай
мұны ерте тастаған. 4) Абай сияқты төрт аяғы
тең жорға ақын шағатайдың ғарузына сүйсінген
болса, жазып алып сүйсінбей, басқа да бір
қасиеттерін қосып ала жүрген болар еді; Абайда
ондай қылық жоқ.
ІІІ. Абай және халық әдебиеті
Абайға ана сүтпен кіріп, сүйегіне сіңген
әдебиет үлгісінің бірі – халық әдебиеті. Абайдың
жұмсаған сөз қаруы осы қалыпқа соғылған. Бірақ
ол мұның да қызығына ерте тояттап, ескірген
ел даналығын көп ұзамай өзіне мұра санаудан
қалған сияқты. Халық әдебиетінің заман таптар
даңғылдаған көне жолы Абайға тарлық еткен.
Ол соныдан жол салмақшы болған. «Мәдет бер»
деп, 13 жасында Науаи, Сағди, Фердоусилерге
жалбарынған Абай, келелі кеңестің кеуде биі
болмақ болып, ескі бише қосарлап сөйлемек
болған Абай, ескі ақынша «көр-жерді өлең
қылмақ» болған Абай, енді бұларды қомсына
бастайды. Оның «күн шығысы күн батысы
болып», «Қожа – Хафиз», Сағди орнына Байрон
мен Гетенің, Нысанбай, Бұхар орнына Пушкин
мен Лермонтовтың етегінен ұстайды. Классик
алып әдебиет дөңіне шығып, артына қарағанда
оған енді:
«Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау.
Өлеңі бірі жамау, бірі құрау» –
10
АБАЙТАНУ
2014 №3 (24)
болып, олардың «кемшілігі әр жерде-ақ көрнеу
тұрады». Ол – қазақтың өнерінің өзіне сын
көзімен қарап, ескі әдебиет мұрасының ескірген
жерін көзі шала бастайды. Ол жалғыз
хиссашыларды ғана мінеп, шөп татыған «Әзірет
Әлі», «Айдаһарлы ертегіні термектікті» ғана
кемшілік деп тоқтамайды. Өлеңнің ұйқасы үшін
«ауылда қонған жерін», «астына мінген атын»,
«айтамын айт дегендерді» сүйреп әкеп сөз арасы
бөтен сөзбен былғанса, онда Абай: «ол ақынның
білімсіз бейшарасы», – дейді. Сөздің қасын
түзеймін деп «көзін шығарып», бітпейтін кейіпті
суреттеген нәрсесінің жанына жарып тығып, өз
сөзін өзі есептемей айтып «алтын иек сары ала
қыз» табатын өлең арналарын қатаң сынайды.
Сонымен қатар Абай «қазақтың өзге жұрттан сөзі
ұзын» екендігін, өйткені онда басы артық
қосарлар жүретінін байқайды.
«Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен сөз қосарлап, – деп
қырағы көзбен бұл кемшілікті шолып өтеді де өзі
«ескі бише отырман бос мақалдап» деп,
ондайдан аулақ болатындығын айтады.
«Жұрттың бәрі сөз сатқан».
Жұрттың бәрі сөз сатқан»
Сатып алып не керек,
Ескі сөзді, ант атқан,
Шыр айналған дөңгелек,
– дейді. Өткен өмір арбасының дөңгелегімен
қоса айналып, дөңгеленген, ескі тозған сөз
үлгісін тастап, Абай «тіл ұстартып, өнер шашпақ»
болады. Басы артық бір сөз де өлең ішінде
тұрмауын, өлеңнің «теп-тегіс жұмыр келсін
айналасы» деген шарттарды қояды Абай.
Осындай қатаң шарт, ауыр сынның арқасында
Абайдың сөздері, Ілияс айтқандай «қиюынан
қыл өтпейтін» нығыз болып, мағынаға малынып
келеді. Сондықтан оны ағызып оқып, сыдыртып
өте шықсаң, ішкі мәніне жетпей қаламын деп
кідіртіп, салмақтап, ақынның кестелеген
айшықтары, қошқар мүйіздерімен оралып өтуге
тура келеді. Абай айтар сөзінің бірін айтып,
орнын тақырлап кетпейді, оқушыға да
шығарғыштық сыбаға қалдырып кетеді.
Міне, Абай сөзінің осы қасиеттері,
Абайдың өлеңге қойған осы шарттары күні
бүгінге
шейін
құнын
жоғалтпаған
артықшылықтарының бірі. «Алтын иек сары ала
қыз» сияқты жалаң, жалған жалтыр бейнелер
(образдар), ұйқасым қуалап, өлеңнің кетігін басқа
сөздермен тығындаулар бүгінгі әдебиетімізден де
әлі кетіп болған жоқ.
Халық өлеңінде тақырыптан тысқары басы
артық сөз болмай тұрмайды. Ондай артықтар
жаман өлеңде сорайып көрініп тұрады да,
тәуірлерінде бойын жасырып, бірде орынсыз
пейзажға оранып келеді. Қалай болғанда да,
бұлар өлеңнің мәнін сұйылтып, дәнін
жұқартпақ. Абайдың алдындағы әдебиет үлгісі
осы сұйық мәнді жұқа дәнді өлеңдер, тозығы
жеткен мақалдар, бір өңдей тізіліп,
жалықтырғыш келетін ертегілер еді.
«Айдын көл батпақ атанар,
Айдын құрып, суалса...»
«Арғымақ аттың белгісі –
Аса бір шауып буланбас...»
«Ағарып тұрған ай да өлер,
Қызарып тұрған күн де өлер,
Алшаңдаған бай да өлер,
Ардақтаған хан да өлер...»
Осы сияқты арзан ақиқат, тозған шындық,
керексіз тақпақ – ескі өлеңнің мазмұнын да, түрін
де біліп алған ескілік ауру болатын. «Ескі бише
отырман бос мақалдап» дегенде Абай осыларды
айтқан болуы керек. Абайдан бұрынғы Абаймен
замандас ақындардың «не жақсы дегені де осы»
бос мақалдан құтыла алмаған. Бұдан құтылмай
тұрып, шын мағынасымен әдебиет тілін жасау
да мүмкін емес еді. Абайдың сіңірген бір еңбегі
әдебиетті осындай артық жүктен тазарту болса
керек.
Халық әдебиеті – халықпен құрдас, бірге
жасап келе жатқан кәрі нәрсе. Оның жаңалығы
жарытусыз, бұрынғының үстіне жаңа бояу жағу
түрінде ғана болады. Жаңа шығармасы да сол
ескі тамырға көктеп өседі. Мұның бәрі өмір
ағынының шабандығын, ілгері басуда халықтың
мандымағанын, ескінің тігісін сөгіп
ыдыратқандай, халық өмірінде ұлы өзгеріс
болмағанын көрсетеді. Сонымен атам заманда
айрылып қалған, бір кезде жаңа болған, бірақ
11
АБАЙТАНУ
2014 №3 (24)
бүгінде тозған бір нәрсе, кернеген сөзді халық
әдебиеті қайталап немесе болмашы бояу жағып
алып сүйрете береді. Халық әдебиетінің
сақталатыны да, оның таусылмайтыны да
осыдан келеді.
Оның үстіне басы артық, қосар сөздердің
ескі өлеңмен қалмайтын, сонымен сөздердің
мәнін сұйылтатын тағы бір себебі бар: ол –
әдебиеттің ауыз әдебиеті болушылығы. Ауызекі
сөйлеген сөз бір айтылғансын өтіп кетеді де,
қайта тыңдауға келмейді. Айтушының өзі де,
қайтарып айтқанда, алдыңғысын түгел айтып
шыға алмайды. (Жаттап алған болмаса). Ал
жазылған сөзді ескермей қалсақ, қайтадан
әлденеше рет қарап алуға, түсінбеген жерімізді
түсініп алуға болады. Сондықтан жазылған сөзді
мейлінше нығыздауға, сөйлемін орамды,
мағынасын терең қылып жіберуге болады. Бірақ
ауызекі сөзге мұны істеуге болмайды. Жазылған
сөзді қаншама жандандырып-ақ ауызекі айтсақ
та, бәрібір өлі сөз болып шығады. Маяковский
жазған өлеңдерін декламация үшін қайта
өңдейтін-ді. Пьесалардың сөздерінде
Мейерхольд еш уақытта өз күйінде
қалдырмайды, тыңдауға қолайлы етіп, өзгертіп
шығарады. Қазақтың халық әдебиеті де сахна
әдебиеті болатын, көпшіліктің тыңдауына
бейімделген шығарма болатын. Тыңдалатын
шығарма мағынаның артық қоюлығын
көтермейді. Ондай болса тыңдаушының миын
шаршатады. Сондықтан халық шығармасында
шығарманың тақырыбына қатысты сөздердің
аралығына, тыңдаушының миына гимнастика
болғандай, «басы артық» сөздер енгізілетін.
Мұндай қыстырма сөздер, шығарушының
шеберлігіне қарай, бірде тақырыптан өте алыс
кетіп, тек ұйқасым үшін тұрады да, бірде алыстап
орағытып келіп тақырыптың бір жерінен
жанасатын. Ауыз әдебиетте мұндай қыстырма
әңгімесінің мынандай 3 түрлі пайдасы бар:
1) Тақырыптан тыс әңгіме болғандықтан,
тыңдамасаң да не түсіңбесең де әңгімені ұзын-
ырғасын ұғуға кемшілік қылмайды. Сонымен ол
тыңдаушыға демалыс болады;
2) Тақырыптан тыс әңгіме болғандықтан,
тыңдаушының зейінін аударып, миға гимнастика
болады;
3) Тақырыптан тыс әңгіменің өзі бір
шетімен тақырыпқа байланысып жатса әрі
логика, образ жағынан дұрыс құрылса,
тыңдаушыны күні ілгері даярлап, негізгі
тақырыпты жақсы, жанды түрде түсінуге себеп
болады.
Шора батырдың ханға өкпелеп, елін
сағынып, өзінің Қазанға қайтқысы келгенін ханға
айту түрі осылайша құрылған:
Арғымақ үйірін сағынар,
Сағынғанда не қылар:
Тұяғын тарпып қағынар,
Тау көбелей желсем дер,
Үйірімді көрсем дер,
Ақ сұңқар ұя сағынар,
Сағынғанда не қылар:
Тұғырында тұра алмай,
Тапыл-тапыл қағынар;
Көк бұлттың ішінде
Көлдеңдеп ұшсам дер,
Дәмді қанды ішсем дер,
Ұяласын көрсем дер.
Ер туғанын сағынар,
Сағынғанда не қылар;
Күдеріден бау тағып,
Көбе тоңды кисем дер,
Ауыр қолды ертсем дер,
Дұшпанымды көрсем дер;
Жұрт ойламас ел болмас,
Үйір демес ат болмас,
Ұя демес ат болмас,
Мәнзілді күнде, падишам
Өзінің жұртын сағынар.
Қауыста қайтқан қараша
Қиқулар, қонар көліне –
Өсіп-өнген жеріне.
Қазандай ішім қайналып,
Садағым сала байланып,
Ниет қылдым еліме.
Міне, осы отыз жолдың ішінде мақсатты
ойын айтатын тек соңғы «ниет қылдым еліме»
деген жол, оның үстіне елін сағынғандығы.
Арғымақтың үйірін, сұңқардың ұясын, қараша
қаздың көлін, жалпы ер жігіттің елін
сағынатындығы, олардың қайсысы қалай
сағынғандығы, қалай тыпырлайтындығы негізгі
тақырыпқа керек те емес. Айтпақшы сөзі ол емес.
Сол себепті мұның бәрі де басы артық,
12
АБАЙТАНУ
2014 №3 (24)
қыстырма болып шығады. Бірақ, ақын осы тоқсан
тарау қыстырма әңгімені негізгі тақырыпқа
сондай шеберлікпен байланыстырған,
әрқайсысын сондай дұрыс құрған – бұлардың
тақырыптан тысқары әңгіме екендігіне таласу да
қиын. Бұлардың бәрін байланыстырып тұрған
бас арқауы үйірі, қаздың көлі, ердің елі – бәрі де
сағынудың объекті болғанның үстіне,
барлығында толық ассоциация бар. Сондықтан
бұл ұзын қыстырманың бірі де артық қыла алмай,
бәрі жиналып негізгі әңгімеге қарай зейінді
аударуға себеп болып тұр. Сонымен қатар негізгі
мәселенің өзін баяндап тұрмағандықтан,
олардың бірін тыңдамай, не ұқпай кеткеннен
зияны да жоқ.
Міне,
бұл
халық
әдебиеті
шығармаларының тыңдаушының ынтасына
қарай құрылғандығы ең үлкен шеберлікпен, ірі
өнермен жасалған түрі.
Өлгенді естіртушілер де қазақта осы әдісті
қолданады. Олар да Адам атадан бастап, неше
түрлі жұрт білетін ірі өлім, аянышты өлімнің бәрін
санап келіп, аяғында мақсатының бетін бір-ақ
ашады. Онда да бір өлімнің бар екенін сезесің де:
бірақ кім үшін айтылып отырғанын, кім өлгені
белгісіз. Сол белгісіздіктің өзі тыншытпай,
тыңдауға айдап салады. Бірақ, қатарын
тыңдамағаннан да зиян келмейді. Соңғы түйінін
ғана тыңдасаң, ұқсас болады. Осыны тыңдауға,
ұғуға алдыңғы қыстырма әңгімелердің өзі үлкен
себеп болады.
Ауыз әдебиет үстінде бұл – таптырмайтын
әдіс. Бірақ жазба әдебиетте мұндайлар
мағынаны сұйылтып әкетеді. Сондықтан мұнда
ұзақ қыстырма әңгімеге орын қалмайды. Мұнда
оның орнын сөздің образсыздығы ұстайды.
Абай біздің жазба әдебиетіміздің атасы
болғанда, өлеңін, қара сөздерін тек қағазға
жазғандығымен ғана емес, жазба әдебиет пен
ауыз әдебиеттің осы айырмашылығын
ашқандығымен атасы болады. Қазақ әдебиетін
ауыз әдебиеті дәрежесінен шығарып, неше мың
жылдай көнігіп, етке, қанға сіңісіп болған ескі
ауыз әдебиет дағдысынан құтқарған адам – Абай.
Ескі ауыз әдебиетіндегі артық қыстырмалардан
алғаш тазартқан Абай.
Абай сынаған «қазақтың ұзын сөзділігі»,
«ескі бидің сөз қосарлап бос мақалдайтындығы»,
«ескі ақынның жоқтан қармап, көр-жерді өлең
қылатындығы» дегендер – осы басы артық,
қыстырынды әңгімелер болатын. Абай сөзінің
«қиюынан қыл өтпейтін» ықшам, тығыз
болатыны да осы артықтан аман болғаннан
келетін-ді.
Абай ескінің шұбалаң қыстырмасын икемді
бейнеге (образға) айналдырды:
Ізденіп табар сұңқармын,
Жарастықты, сүйcенде,
Қылығында жоқ ағат...
Сіз – қырғауыл жез қанат,
Аш бетіңді, бер қара.
Ескі халық ақыны болғанда, «сұңқар» мен
«қырғауылды» өз романын жарыстырып, жігіт
пен қыздың әңгімесін оның көлеңкесімен
бүркеңкіреп қояр еді. Абай олай сөзді
ұзайтпайды. Ұзайтпау үшін «сұңқар» мен
«қырғауылдың» арасын алыстатып: арасына
негізгі тақырыпты кіргізеді; «Сұңқар», «қырғауыл»
дегендер «жігіт», «қыздармен» теңбе-тең
жасайтын, өз беттілік теңеу болмай, «Сұңқар» –
жігіттің, «қырғауыл» – қыздың бір мезгілдік қана
кейпіне ұқсатылады да, негізгі суреттің
анықталуына, толығуына себеп болады.
Абайдың өлеңдері бейнелі, суретті келіп,
шын мағынасы мен көркемдік шартын орындап
отырады. Сонда Абай образды қолдан жасап,
жат кейіп қылып шығармайды. Қазақтың өзіне
қашаннан таныс, оны келтіргенде бермекші
суретінің бояуын қандырып, ашып келетін
суреттерден алады. Суретті ойдағыдай, күшейтіп
жіберетін болса, Абай ондай-мұндай ерсі, әдепке
шеттігіне де қарамайды. Мұнысын, әрине,
мақтауға болмайды. Кәрі шалдың жас қызды
еріксіз қатын қылғысы келгенін улы тілмен
шаққысы келсе, «Тұсап қойып қашырар бұқа ма
екен?» – деп сөгеді. Елдегі қулардың ұнамсыз
қылығын біле отырып, оны тоқтатуға мұршасы
келмейтінін айтқанда:
«Ойнасшы, қатын болса қар,
Аңдыған ерде қала ма ар?» –
деп жібереді. Ақы алып өлең айтқан ақын –
тыңдаушыны да сөгіп, оны тыңдама деп,
13
АБАЙТАНУ
2014 №3 (24)
ондайдан бездіргісі келсе:
Сатып алма сөз сатса,
Ол – асылды аңдамас.
Білеткенің байы ақша
Ер жақсысын таңдамас,
–деуге де аузы бара салады.
Абай қазақтың мақалын да, ертегісін де,
салтын да – бәрін де суретке пайдаланады.
Бірақ, осының бәрінде қазаққа таныс
образдардың өзі бұрынғы құрысып, қатып
қалған күйінде тұрмайды, жүріп кетеді, жан
бітеді, жетіліп, өсіп, ашылып, жарқырап кетеді.
Өз қалпында қалып қоймай, уақиғаның өзіне
біте қайнап қосылып кетеді. Мақалдар Абайда
босқа қосарланып, «солай дегендей-ақ» болып
жүрмейді, жанды суретке, қозғалысқа, протеске
айналады. «Адам басы – алланың добы» деген
дөрекі фатализм мақалы ғашықтың
материяланған суреті болып, бірде теріс ұшып,
бірде қайта түседі:
Тәңірі добы – бұл ғарып бас
Кетті амалсыз! Қорлама,
Қайта қақты, қайла болмас,
Келді, түсті ордаңа!
Бұл аудармада кездессе де (Пушкинде
мұндай сөз жоқ), Абайдың өзі тағдырды осылай
доп қылып ойнатып қойған. Дәлдеп аударған
жерінде де Пушкиннің:
«Мои сомненья разреши
Быть может, все это пустое,
Обман неопытной души
И суждено совсем иное» –
дегенін кім біледі, мұның бәрі тәжірибесіз
жанның алдануы шығар да, жазмыштың
ұйғарғаны басқа болар. «Біздегі көп
аударғыштарша» тікелемейді.
Шеш көңілімнің жұмбағын,
Әлде, бәрі – алданыс.
Жас жүрек жайып саусағын
Талпынған шығар айға алыс, –
деп әрі тура; әрі сұлу, суретті қылып, үлгілі әдеби
аударма береді. Міне, мұнда «алыс айға
саусағын жайып талпынған жас жүрек» бейнесі
қазақтың «Арыстан айға шауып мерт болған»
дейтін мәтелінен алынған. Сондай таныс нәрсе
екені білініп тұр, бірақ ол кейіптен еш нәрсе
қалып жарыған жоқ, бәрі де Абайдың өз
қолымен жаңартылған. Мұнда арыстанның
жыртқыштығы тәкаппарлығынан, сол
пейілінен тапқандығынан, мерт болған артқы
аяғы екендігіне ырым да жоқ. Мұнда жүрегі таза
жас сәби Айды алмақ болып, балдыр саусағын
шолтаңдатқан күнәсыз қылық қана бар.
Сонымен бірге жай қалмай, мерт болып
қалатыны да көрініп тұр.
Абайдың қыз бен жігіті ғана құс пен аңға
ұқсап қоймайды, құсы мен аңы да қызға, жігітке
ұқсай береді. Түлкіні бүркіт басып, екеуінің
алысқанын қара шашы төгіліп, иықтары
бүлкілдеп, суға шомылып жатқан сұлуға меңзеп
қояды.
Жер-ана деген ұғым қай жұртта да бар.
Бірақ, Абайдың Жер-анасы не қалыңдық
ойнаған қыз болып, ұрын келген күйеуі күнмен
жымыңдасып, күліп ойнап кетеді немесе ол –
ана, елжіреп емізіп кетеді.
Қысқасы, Абайдың образ қолдануындағы
өзгешелігі: әуелі – қатесіз анық таныс бейне
алады; екінші – образ ескі өлі қалыбында қалмай,
жанданып кетеді, үшінші – ескі образды өсіріп,
жаңартып, жалғап әкетеді. Оның ескі, таныс
образ алуы – тек таныс жағымен тартып,
жуықтатып алып келгеннен кейін басқа жаққа
бұрып жібермейін дегені сияқты. Ескі әдебиет
мұрасын Абайдың пайдалануының бәрі
осылай. Ол ескіні де, өз заманын да
дәріптемейді. Ескі образды алғанда, оны сүйдіру
үшін емес, ескіні бұзып, жаңа қылып, сонымен
жаңаны ұғындыру үшін болады. Абайдың
әдебиет, мәдениет үстеріне қолы тиіп кетсе, ол
тек сипап, сүртіп шаңын кетіріп шықпайды,
өзінше бұзып, өзінше түзеп, өз қолының ізін
қалдырады. Өлеңнің ырғағы да, ұйқасы да,
буыны да, әні де, тақырыбы да, сөз төсегі де,
суреті де Абайдың қолынан өткенде бұрын
көрмеген жаңа нәрсе болып шығады.
Қайсыбіреудің құлағын «шу» дегенде
тосаңсытады, бірақ сөйте тұра, Абай өлеңі –
қазақ өлеңі, қазақ өмірінің суреті, қазақ тілімен
жазылған, қазаққа түсінікті болып шығады. Ол
14
АБАЙТАНУ
Достарыңызбен бөлісу: |