Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата15.02.2017
өлшемі2,06 Mb.
#4157
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Аk jurek pen Таzа аkıl, 

Kılsan аdal  еnbek,- 

Barіnen dе sol  makul –  

Artkıga jol bermek. 

Arsızdardın tukke turmai 

Aram oyi joyılıp, 

  

 

Ayağında hakikattı  

Bul uşeui jenbek...,-   

diyen  şair  [4,  270]  insanoğlunun  kötü  alışkanlıklardan  korunması  gerektiğini, 

sosyal ve ekonomik eksikliklerin doğrulukla çözüleceğine inandığını belirtmiştir. 

8.

 



Gelecek  nesillere  borçlu  olduğunu  söylemiştir.  Bu  borcun  insanlık  borcu 

olduğunu ve kendi memleketine hizmet etmesi gerektiğini vurgulamıştır. 

Аdamdık borışın – 

Halkına enbek kıl. 

Ak joldan aiynımay, 

Аr sakta, onı bil!.. 

Şekerim Kudayberdiulı eserleri günümüz Kazak halk kültürünün temel yapı 

taşlarından biridir. 

Kırgız  ve  Tatarlar  “Dağda  Kırgız,  Tatar  çocuğu  ağlasa,  bozkırda  Kazak 

anasının  memesi  sızlar”  derler.  Bu  Türk  dünyasının  merkezinin  Kazak  toprakları 

olduğunu gösteren bir tanım. Buna bir ispat olarak Magjan Jumabayulının “ bir çok 

Türk  mirasını  alıp  dağılmakta,  Kazak’ta  kara  şanırak  kalmadımı?”  adlı  şiiri  ve 

“Atam yiğit Türk, biz Kazak eliyiz” diyen Mirjakıp Dulatulı’nı gösterebiliriz. 

Küresel sistem çerçevesinde milletler arasında veya kendi toplumu içerisinde 

insanlar  arasındaki  eşitsizliği  önlemek  amacıyla  şairin  eserlerini  inceleyen 

herhangi bir gencin milli ve insani değerleri korumaya çalışacağı açıkça ortadadır.   

Sonuç  olarak  ulusal  devletlerin    yer  yüzünü  kapladığı  ve  küreselleşme 

sürecinin  hızla  ilerlediği  çağımızda,  milli  benliği  korumanın  başlıca  yolunun 

atalarımızın  kültürel  ve  manevi  miraslarını  gençlere  doğru  aktarmak  olduğunu 

hepimizin inandığını düşünüyorum 

 

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014  №3  (24)


83

Kaynakça 

 

1. wikipediya, Kazakhsha ashik ensiklopedya http://kk.wikipedia.org/wiki/ 

2.Adebiettanu terminderinin sozdigi - Semey- Novosibirsk: 2006 - 398 p.  

3.Abdigazyuly  B.  Akikat aynasi //Shakarim lirikasindagi  sheberlik maselelery// oku 

kuraly. – Semey, Khan -Tanyry, 2006. – 108 p.  

4. Kudaiberdiev Sh. Shigarmalary -  Almaty: 1988- 577 p.  

5. Shakarim. Zholsiz zhaza -   Almaty: 1988 – 247p. 

6. Abdigazyuly B. Shakarim shigarmalarynin dasturlik zhane korkemdik negizdery –

Almaty: 2000 - 216 p. 

7. Shakarintanu maselelery . Tandamaly. – Semey-Novosibirsk: 2008 – 102p 

8. Baytursynov A. Adebiet tanitkish – Almaty: 2003 - 208p. 

 

Резюме



В  этой  статье  рассматриваются  о  проблемах  глобализации  и  об  огромном  значении

Шакаримтану в науке и в жизни

Resume

In  this  article  deals  with  the  problems  of  globalization  and  the  enormous  significance  of

Shakarimtanu in science and in life.

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014  №3  (24)

84

ӘОЖ 821.512.122



С.ТҮСІПБАЕВА, филология магистрі

ЖАРҚЫН БЕЙНЕ

Автор мақаласында ұрпаққа білім беру саласында ұзақ жыл еңбек еткен ғалым- ұстаз,

«Қазақстанның және КСРО- ның білім беру ісінің үздігі», «Қазақстанның ғылымға еңбек сіңірген

қызметкері» Жұмағали Шәкенұлының ұстаздық жолы, ғылымға қосқан үлесі жайлы тоқталады.

Тілші ғалым, ардақты ұстаз Жұмағали Шәкенұлының туғанына 100 жыл толуына орай

мақала арнайы жарияланып отыр.

Тірек сөздер: ғалым, ұстаз, сауаттылық, шәкірт, ұстаз жолы.

Адамзат    баласы    қастер    тұтар

ұғымдардың  бірі  – Ұстаз. Әр  адамның  жүрек

түкпірінде  ұстазға  деген  сүйіспеншілік сезім

ерекше орын  алады. Шәкірт  ұстаз  еңбегін, ұстаз

бейнесін өмір бойы құрметтеп өтеді. Институт

қабырғасында  берген  білімдері  үшін    сүйікті

оқытушыларымыз    профессор  Қайым

Мұхаметханұлына,  Ж.Шәкенұлына  айтылар

алғыстар    шексіз.  Осыдан    30  жылдай    уақыт

бұрын    институтқа  түсу  үшін  ұлы  ұстаздар

алдында  қабылдау емтиханын тапсырып, жауап

бергеніміз күні кеше  ғана болғандай. Бұл күндері

арамызда  жоқ  ұстаздарымыздың    қолтаңбасы

қойылған  ғылыми  еңбектерінің,    фото

суреттерінің көзімізге ыстық көрінетіндігі заңды.

Жоғары оқу орнында қызмет жасай  жүріп,

кафедра басқарған ұстаздық жолында Жұмағали

Шәкенұлы    сан  мыңдаған  мамандарды  білім

ұясынан ұшырғаны анық. Сондай түлектердің

қатарында  болғанымызды  біз  де  мақтаныш

тұтамыз. Студенттік шақтың әр курсында  ғалым

Ж.Шәкенұлы  жүргізетін  «Көне түркі жазулары»,

«Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы», «Қазіргі қазақ

тілі  құрмалас  сөйлем  синтаксисі»  пәндері

бойынша    семинар  сабақтарын,  дәрістерін

қызыға  тыңдайтынбыз.

«Қазақстанның  және  КСРО  -  ның  білім

беру ісінің үздігі», «Қазақстанның ғылымға еңбек

сіңірген    қызметкері»  атағына  ие  болған

ұстазымыз сол кезде жасы 70 - тің бел ортасынан

асса да  еңсесі тік, салмақты, парасатты қалпында

институтта  өткізілетін  мерекелік  шаралардың

басы-қасында студенттерімен бірге жүретін.

Әрдайым    Алматыдағы    Ғылым

академиясының    Тіл  білімі  институтында

өткізілететін республикалық ғылыми-теориялық

конференциялардан, жиындардан қайтып келген

кезінде міндетті түрде қазақ әдеби тілі тарихының

проблемаларына қатысты білдірген ғылыми ой-

пікірлерін  бізге  де  түсіндіре  отырудан  еш

жалықпайтын.    Ғалым    ұстазымыздың

конференция  материалдары  жарияланған

жинақты бізге ұсынуын- шәкірттерінің ғылымға

бет бұруына, ғылым жолына түсуіне деген игі

ықпалы деп білетінбіз.  Студенттерді қазақ тілі

мен  әдебиетінен  өткізілетін  олимпиадаға

дайындау барысында  да ұстазымыз жүргізетін

кеңес  қысқа, әрі нақты болатын.Ұстаз еңбегін

ақтап біз де 1989  жылы Қыздар педагогикалық

институтында 

өткен 


республикалық

олимпиададан жүлделі орын иеленіп жеңіспен

оралғанбыз.

Ж.Шәкенұлы білімді әділ бағалайтын және

бестік  бағаны  сирек  қоятын.  Студенттердің

сауаттылығына  көп  көңіл  бөлетін.Диктант

жұмысын  алуға да уақыт табатын, әрі диктант

мәтіндеріне    саяси-қоғамдық    тақырыптарды

қамтитын  күрделі  материалдарды  таңдайтын.

Үлгерімі  төмен  студенттермен  де  еш

шаршамастан жұмыс жүргізетіндігі,оларға жазғы

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014  №3  (24)


85

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014  №3  (24)

Резюме

Resume

 В статье приводятся воспоминания о прекрасном учителе Ж.Шакенове.



The article is remembranced driven about wondefulnteacher Zh. Shakenov.

және  қысқы  демалыс  (каникул)  уақытында

қосымша тілдік талдаулар беретіндігі қызметіне

жауапкершілікпен қарайтындығын аңғартатын.

Ардақты  ұстазымыздың  бойында  үлгі

боларлық  адамгершілік,  әдіскерлік  қасиеттер

жетіп  артылатын.  Алайда,  біздер,  1990  жылы

институтты бітіргелі отырған  түлектер, ақырғы

сабақтарда  ұстаздың  соңғы  дәрістерін

тыңдағандарымызды,  Алматы  іс  сапары

ұстаздың  соңғы  сапары  екенін  түсінбеппіз...

Алматы іс сапарына  кеткен аяулы ұстазымыз

арамызға  қайта  оралмады...    Ұстазымыздың

жарқын бейнесі  тек көз алдымызда  қалғандығы,

ардақты  ұстазды  ақтық  сапарға  шығарып

салардағы    қимастық  сезім  әрқайсысымызға

ауыр тиді.  Сол  кездегі облыстық газет арқылы

студенттер  атынан  ұстазымыздың  отбасына

көңіл айтуға редакцияға келгенімізде  жүрегіміз

бір  қобалжыса,  ауылдың  қазақ  мектебін

бітіргендіктен, орысшамыздың шамалылығынан,

біздер  орыс  тіліндегі    мәтінді  құрастыруға

келгенде  тағы  бір  іркілдік,  алайда    өз

тарапымыздан    ат  салысуды    шәкірттік

парызымыздың  сәл де болса орындалғаны деп

есептедік.  «Семей  таңы»  газетінің  қазақшасы

қолымда сақталмаса да, кейіннен  орыс тіліндегі

санынан    мәтін  бөлігін      қиып  алып

ұстазымыздың    біздермен  соңғы  рет  түскен

суретінің  астына  сарғайған  парақты

жапсырғаным    ұстазға  деген    шәкірттік

сағынышты  сезінгендігімнен туындаса керек.

  Барлығы  Ұлы Жаратушының қалауымен

болатынын  білсек  те,  соңғы  «Қазақ  тіліндегі

күрделі  сөздер  мен  күрделі  тұлғалар»  атты

еңбектің ғалымның  көзі тірісінде жарыққа шығып

үлгермегендігі  туралы  ойлар  да      шәкірттерін

мазалағандығы анық. Десек те, ұстаздық  жолын,

өнегелі  өмірін  тіл  тағдыры  алаңдатқан

Ж.Шәкенұлының  артында  қалған  мол

лингвистикалық мұраларын - «Жақсының  аты,

ғалымның    хаты    өлмейді,    өшпейді»,  -  деген

бабалар даналығының  айғағы деп білеміз.


86

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014  №3  (24)

Қ.ЕСІМБЕКОВА

Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ АНТОНИМДЕРДІҢ

ҚҰРЫЛЫМДЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІ

Мақала ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық  антонимдердің құрылымдық

компоненттері туралы мағлұматтарды қамтиды.

Тірек сөздер: фразеологиялық антонимдер, антонимия, антонимдік қатынас, фразеологиялық

синонимдер.

ӘОЖ 811.111 373

Антонимиядағы зерттеушілер назарынан

тыс  қалып  келе  жатқан  бір  мәселе  –

фразеологиялық 

антонимдер 

жайы.

Антонимдік  мағына  тек  бір-біріне  қарама-



қарсы мағыналас екі сөз арқылы ғана беріле ме,

болмаса  сөз  тіркестері  арқылы  да  беріле  ме

деген мәселе әлі шешімін таба алмай келеді.

Шындығында 

антонимия 

тек


лексикалық  қана  құбылыс  емес,  ол

фразеологияны  да  қамтиды.  Өйткені

фразеологизмдер  көбінесе  сапалық-бағалық

сипатта  болады.  Сондықтан  көптеген

идиомалар  мен  фразалар  бір-біріне  қарсы

мағыналас  болып  келеді.  Фразеологиялық

антонимдер лексикалық антонимдер сияқты

сапалық  ұғымдарды  білдіргенімен  олардан

антонимдердің  критерийлерінің  бәрі  бірдей

табыла  бермейді.  Мысалы,  олардың

лексикалық  антонимдер  сияқты  қарама-

қарсылықты  мәні  жағынан  тепе-тең  болып

келуі,  немесе  тілде  үнемі  бір-біріне  қарсы

мағынада жұмсалып қалыптасуы шарт емес.

Мұның бәрі фразеологиялық антонимдердің

тек белгілі орайда, нақтылы контексте ғана бір-

біріне  қарама-қарсы  мағынада  жұмсалып,

антонимдік қатынасқа түсетіндігін аңғартады.

Антонимдік қатынасқа түсу үшін:

1.Фразалық тіркестердің бір немесе екі

компоненті тіркестен тыс жеке алғанда өзара

қарсы мағыналас сөздер болу керек.

Мысалы, өндір-жас-өлмелі кәрі, іріткі салу-

ұйтқы болу, бейнет көру- рақатқа бату, жақсатты

көріну-жаманатты  болу,  бату-шығу  дегендер

тіркестен  тыс  жеке  алғанда  өзара  қарсы

мағыналас  сөздер  ретінде  антонимдік  жұп

құрайды. Фразеологиялық тіркестердің құрамына

кіргенде  де,  ондай  сөздердің  көпшілігі  сол

антонимдік мағынаны сақтап қалады. Егер ондай

сөздер  тіркеске  желі  болса,  онда  фразалық

тіркестер  тұтас  алғанда  бір-біріне  қарсы

мағыналас  болып  шығады.  Тілімізде  осындай

желі  сөздердің  мағына  қарама-қарсылығына

негізделген  фразалық  антонимдер  көптеп

кездеседі. Осы үлгіде құрылған мақал-мәтелдер

де жиі ұшырасады.

Мысалы, Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа

қарайды. Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп

айтады. Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат.

Ащы  еңбектен  –  тәтті  нан.  Аздың  атасы  бір,

көптің батасы бір. Қорлық өмірден, ерлік өлім

артық. Айырылған азады, қосылған озады т.б.

Фразеологизмдер мән-мағынасы жағынан

бір-біріне үйлес келіп, өзара бір-бірімен синоним

болып  жұмсалатындығы  сияқты  бұлар  мән-

мағынасы  жағынан  қарама-қарсы  болып  та

қолданыла  береді.  Тұрақты  тіркестердің

арасындағы  осындай  кереғар  құбылыстарды

фразеологиялық антонимдер деп атауға болады.

Қазақ  тіліндегі  фразеологиялық  антонимдер

негізінен екі түрлі болып кездеседі. Мұның бірінші



87

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014  №3  (24)

түрі  тұрақты  тіркестердің  өз  ішіндегі

компоненттерді басқадай сөздермен алмастыру

арқылы  жасалады.  Мысалы:аты  шықты-аты

өшті, ат ізін салмады- ат ізін құрғатпады, ашық

мінез- тұйық мінез, әлі кірді - әлі кетті, бақ қонды-

бағы тайды, беделі артты - беделі түсті, бетінен

оты шықты- беті бүлк етпеді, бұл дүние- о дүние,

ер жүрек- қоян жүрек, есіне түсті- есінен шықты,

жүрек  жұтқан-  су  жүрек,  жолыңа  гүл  бітсін-

жолыңа жуа шықсын, май қап- тас қап, көзі тірі-

көзі жоқ, қисыны келді - қисыны кетті, есік көрген

- бесік көрген, мінер жақ- қамшылар жақ, сертке

жетті - серттен тайды, соққы жеді - соққы берді,

сыр алдырды- сыр бермеді, үміт етті - үмітін үзді,

іске алғысыз- іске татыр, оң бата - теріс бата, ақ

жүрек- қара жүрек, аузы берік- аузы ашық, аузы

жеңіл- аузы ауыр, жас ет- сүр ет, күні туды - күні

өтті, еңбегі жанды- еңбегі еш болды, көзіңнен оты

өшсін  -  көзіңнің  шырағы  жансын,  т.б.

Фразеологиялық  синонимдердің  екінші  түрі

құрылым-құрылысы  жағынан  да,  құрамы

жағынан  да  мүлдем  басқа  сөздер  болып

кездеседі. Мысалы: соры сорпадай қайнады- көзі

ашылды, шөлі қанды- қаны кепті, өркенің өскір-

желкең қиылғыр, сабыр етті- дегбірі қалмады,

салт басты- үйлі-баранды, оң жақ (босаға)- жат

есік, еңкейген шал- еңбектеген бала, өлі сүйек-

еті  тірі,  аузыңа  май-жағың  қарыссын,  айы

оңынан туды- жолы болмады, еңбегі қатпаған-

тісі шыққан, өркенің өссін- жұлының үзілгір, ақ

ниет-арам ой, араны ашылды - тәбеті тартпады,

әу  баста-  ақыр  соңында,  жанын  салды-  бой

тартты, көңіл бөлді - мән бермеді, мойны босады-

қолы тимеді, отпен кіріп, күлмен шықты- бұта

басын  сындырмады,  таң  атты-  күн  батты,

ұйқысы қанды- көз ілмеді, іш тартты- іргесін аулақ

салды,  боқ  мұрын-  қатқан  тұяқ,  қырғи  қабақ-

арасынан  қыл  өтпейді,  ауыз  жаласты-  ат

құйрығын кесісті, аузы аузына жұқпады- аузынан

сөзі, қойнынан бөзі түсті, бауыр басты-жат бауыр

болды,  өлі  аруақ-  тірі  жан,  қара  қазан-  қолы

ашық, ала қол-қара қылды қақ жарған, т.б. Қазақ

тілі фразеологиялық синонимдерге қандай бай

болса,  фразеологиялық  антонимдерге  де

соншалықты кедей еместігі байқалады. Мұның

бұлай  болуы  тілдегі  сан  алуан  стильдік  сөз

қолданыстарымен  тығыз  байланыстылығында

деп  түсінген  жөн.  Ағылшын  тілінде

фразеологиялық антонимдерге, мысалы: to be

famished, to be starving, to be hungry- to lose appetite,

to sleep well- not to have a wink of sleep, to quarrel,

to  snarl-  to  get  on  like  a  house  on  fire,  to  lose

consciousness- to regain consciousness, to keep one’s

promise- to break one’s promise, etc.

Антонимдік  жұп  құрайтын  фразалық

тіркестерде  мағынаға  өзек  боларлық  бір  сөз

қайталанып  келіп  отырады.  Мысалы,  бағы

тайды - бағы қонды, орнын сипады - орнынан

басты,    есіне  түсірді  -  есінен  шықты,  тілі

байланды-  тілге  келді,  қоян  жүрек  -  жүрек

жұтқан, ант ішті - антын бұзды т.б.

Ағылшын тілінде: to find one’s way- to lose

one’s  way,      to  lose  consciousness-  to  regain

consciousness, to keep one’s promise- to break one’s

promise, etc.

Бұл  типтес  фразалық  тіркестерде  ойға

тірек, ұйытқы боларлық бір сөз болады да, ол

антонимдік  жұп  құрайтын  тіркестерде

қайталанып  келеді.  Тіркесте  айтылатын  ой

негізінде  сол  тірек  сөз  атауы  болған  зат  яки

құбылыс жайында болады. Фразалық антоним

құрайтын тіркестер осы зат яки құбылыстың

(кейде сапаның) екі күйін білдіреді.

Антонимдік 

мағына 


фразалық

тіркестердің компоненттерін толық қамту керек.

Мысалы,  өңменінен  итеру-бауырына  тарту,

ындыны кепкен- бейілі тоқ, үміт үзу- дәме ету,

қырына алды- мейірі түсті, ит өлген жер- иек

астында.


Бұл – фразалық антонимдердің ішінде ең

көп ұшырасатын түрі. Мұнда тіркестен тыс жеке

алғанда өзара қарсы мағыналас болатын сөздер

де,  сондай-ақ  қайталанып  келіп,  тіркестерге

ұйытқы,  тірек  боларлық  сөздер  де  жоқ.

Бұлардағы  мағына  қарама-қарсылығы  тіркес

компоненттерінің тұтасып кіріккен бірлігінде,

яғни фразаның өн бойында болады. Бұлардағы

антонимдік мағына тіркесті тұтас алғанда ғана

аңғарылады. Фразеологиялық  антонимдердің

семантикалық ерекшеліктері туралы сөз еткенде

тағы бір ескеретін жай мынадай:

1.Жеке  сөздер  сияқты  кейбір  фразалық

тіркестер  де  көп  мағыналы  болып  келеді.

Фразалық тіркестер антонимдік жұп құрағанда

олардың  көп  мағыналарының  бірі  ғана

антонимдік  мәнде  көрінеді.  Мысалы,  жанын


88

жалдау  деген  тіркес  мынадай  мағыналарды

білдіреді: а) өтірік айту, алдау (to deceive, to cheat,

to tell the lie), ә) ептеп-септеп күн көру, тіршілік

ету (to live from hand to mouth, to keep body and

soul together, to be hard up ). Бұл тіркес ағынан

жарылу  деген  тіркеске  қарсы  мағыналас

болғанда,  осы  екі  мағынаның  алғашқысында

(алдау) қолданылады. Сол сияқты, күйіп-жанды

деген тіркес қызуы көтеріліп, қатты ауырды (to

have a high temperature, to be ill) және асып-састы,

әбігерленді (to get nervous)деген мағыналарды

білдіреді.  Бұл  тіркес  соңғы  мағынада

(әбігерленді)  қолданылып,  селт  етпеді  деген

тіркеске антоним болады.

Сонымен  жалпы  фразеологиялық

антонимдердің құрылымдық ерекшеліктерін әлі

де  болса  терең  қарастыру  керек,  бұл  мәселе

лексика  саласындағы,  морфологиялық

саласында да күні бүгінге дейін шешімін таппай

жүрген мәселенің бірі.

Әдебиет

1.Арнольд И.В. Лексикология английского

языка. - М.: Высшая школа, 1990 г.

2.  Антрушина  Г.Б.,  Афанасьева  О.В.,

Морозова Н.Н. Лексикология английского языка.

- М.: Дрофа, 2000 г. - 288 с.

3.  Алехина  А.И.  К  вопросу  об

антонимических  связях  фразеологических

единиц  в  современном  английском  языке.  //

Иностранные языки в школе. 1978,  №4.  С. 28-

33 .

4.Конакбаев  Ж.К.  Антонимическая



фразеология в английском, русском и казахском

языках. - Тбилиси, 1981 г.

5.Жұмабекова  А.К.  Қазақ  тілінің

антонимдер сөздігі. – Алматы, 2000 ж.



ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014  №3  (24)

Резюме

Resume

В данной статье рассматриваются структурные компоненты фразеологических антонимов

английского и казахского языков.

This article discusses the structural components of phraseological antonyms English and Kazakh

languages.

89

АЛТЫ ӘҢГІМЕ

Алты әңгіме оқуға жайың бар ма?

Ұсындым жаңа өспірім ғалымдарға.

Әншейін бос сөз демей ғибрат ал,

Ой жібер ішкі сырын пайымдарға.

Алдыңғы біз ел жедік обал демей,

Зарлады талай момын, талай кедей.

Нәпсі, мақтанға алданба, қарақтарым,

Үміті кім бұл елдің сендер емей.

Орыс, қазақ - адамның бәрі бірдей,

Ешкімді алалама оны білмей.

Кем-кетікке болысу - ар міндеті,

Халқыңа пайда тигіз босқа жүрмей.

Жаныңды аяй көрме жардамынан

Сүйткенде арың шығар арманынан.

Әйтпесе бұл өмірің артық емес,

Тәніңді топырақ басып қалғанынан.

1. Асархидон — Лаэли

Ескі заманда Асурия патшасы Асархидон

Лаэлидің  елін  шауып,  қалаларын  өртеп,

бастығы Лаэлидің өзін, тамам жақсы кісілерін

ұстап  алып,  батырларын  өлтіріп,  Лаэлиді

абақтыға жауып қойды. Асархидон қымбатты

төсегінде жатып ертең Лаэлиді қандай қиын

азаппен өлтіруін ойлап жатыр еді, бір дыбыс

шыққан  соң  көзін  ашса,  қасында  бір  бурыл

сақалды, өткір көзді, шалдау адам тұр екен. Сол

шал айтты:

- Сен Лаэлиді өлтіртемісің?

Асархидон:-  Өлтіремін.  Бірақ  қандай

қинаумен  өлтіртетінімді  ойлап  жатырмын,-

деді.

Шал:-  Сен  өзің  Лаэлисің,  өзіңді  өзің



өлтіртесің бе?

Патша:- Жоқ, мен Асархидонмын!

Шал:-  Олай  емес,  сен  Лаэлисің.  Бірақ

өзіңді Асархидон деп ойлағансың.

Патша:-Неге?  Мен  алтын  төсегімде

жатырмын. Лаэли абақтыда. Ертең мен оны

қандай қинап өлтірген қызығыма қара!

Шал:- Жоқ, сен Лаэли дегеніңді өлтіре

алмайсың!

Патша:- Оның он төрт мың батырларын

өлтіргенде, оның жалғызын өлтіре алмаймын

ба?


Шал:- Сен ол он төрт мың кісінің біржола

жоқ болып кеткенін неден білдің?

Патша:- Өз көзімше өлтірттім.

Шал:-  Бұл  да  саған  ғана  солай  болып

көрінген. Анығында сен оларды қинай алған

жоқсың, өзіңді өзің қинадың. Ешкімнің жанын

да жоғалта алған жоқсың.

Патша:- Бұл сөзден түк білгенім жоқ.

Шал:- Білгің келе ме?

Патша «білгім келеді» деген соң, шал бір

шылапшынға су толтырды да айтты:

- Осы суға түсіп отыр-дағы, мен мына бір

кесе суды басыңа құя бастағанда, басыңды суға

бір тығып ал, сонда не көрер екенсің, - деді.

Шалдың айтқанын істеп, басын суға тығып еді,

өзіне-өзі бөтен біреу сықылданып, қасында бір

сұлу  қатынымен  төсекте  жатқан  сияқтанып

көрінді.  Сонда  қасындағы  қатыны  айтты:

«Сүйікті  ерім,  Лаэли.  Сен  кешегі  көрген

бейнеттерден  қиналып,  әбден  шаршап,  көп

ұйықтасаң да оятпадым. Залда тамам уәзірлерің

күтіп тұр, тысқа шық!» - деді.

Асархидон өзін мүлде Лаэли деп біліп,

Биыл Шәкәрім Құдайбердіұлының Лев Толстойдан аударған «Алты әңгімесіне» 90 жыл толып

отыр. Кемеңгер ақын осы шығармалары арқылы ұлттық әдебиетіміздегі аударма саласының

өркендеуіне  ерекше  үлес  қосты.  Ойшыл  қаламгердің  аударма  саласындағы  өзіндік  өрнектері

айшықталып тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет