Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата15.02.2017
өлшемі2,06 Mb.
#4157
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2014  №3  (24)

талай  даналықты  алға  жайып  салды.  Ұлы

ақынның  адам  болып  қалу  үшін  ұсынған  бес

қағидасын:

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер, мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, трең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой –

Бес асыл іс көнсеңіз [6,19].

Шәкәрім    «Талап  пен  ақыл»  өлеңінде

сегізге жеткізеді:

Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан,

Анық төмен болмайды хайуаннан.

Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса,

Өлген артық дүниені былғағаннан [5,112].

Шәкәрім  өлеңді,  ақындық  өнерді

«даналық  бесігі»,  «ақылдың  кені»  санайды.

Арманы «қазақты өрге сүйреп өлу» болған ақын

өрге  сүйреудің  ең  озық  құрылы  –  өлең,  оның

«ар түзейтін» ұлы қасиеті деп біледі.  Ал сол

өлеңді  жаратушыны,  яғни  ақынды  туған

халқымен тұтасып кеткен ұлы тұлға таниды.

Шәкәрім  Абайдағы  өнер-ғылымға

үндеудің арнасын отаршылқдықтың езгісіндегі

ұлтының  бостандығы  жолындағы  күреске

бұруға  ұмтылып,  ол  жолдағы  ел  мен  ер

бірлігінің  атқарар  міндетін  айқындауды

шығармашылығының  негізгі    өзегіне

айналдырады.  Жаңа  ізденістерге  бет  бұрады.

Осы  бетбұрыстан  кейінгі  өз  шығармаларына

азаттық  ойды  арқау  еткен  Ахмет,

Міржақыптарға ой салған алғашқы идеялардың

көрінісі бой көрсетеді. Әрине, Мәшһүр Жүсіп,

Шәкәрім  шығармалары  тікелей  азатшылдық

күресті  меңземегенмен,  осы  ойдың  өміршең

болуына, 

өзінен 


кейінгілердің

шығармашылығынан мол орын алуына септігі

аз  болған  жоқ.  Азаттық  ойдың,  ұлт-азаттық

идеяның  орнығуына  үлкен  әсер  етті.  «Қош»

атты өлеңінде:

Мен қайғы жедім ғой,

Қапы өтті дедім ғой,

Қазағым, қам ойлан,

Сен де адам едің ғой [5,227]

–  дейді  Шәкәрім.  Бұдан  біз  ел-жұрт  қамын

ойлаған тұлғаның халқына қайырылуын көреміз.

Мұнда  үмітсіздіктен  гөрі  сенім  басым.  Туған

халқының бойындағы ұлы күштің бұлқынысына

сенеді  ақын,  сол  сеніміне  үмітті  серік  етеді.

Тұлғаның  толығарына,  елінің  оянарына  ақын

үлкен сеніммен қарайды.

Шәкәрімнің азаматтық лирикаларындағы

бір арна – өскен орта – қазақ қоғамы. Шәкәрім

өзі  өмір  сүрген  дәуірдің  кертартпа  кесір-

кесапатын  көре  білді.  Оның  қаншалықты

зиянды  екенін  сезе  білді.  Өз  ортасынан  озып

туған тұлға ретінде әлгі кесапаттан құтылудың

емін  іздеді.  Сол  ақын  жанын  жегідей  жеп,

жүрегінің  тереңінен  шыққан  кемел  ойларын

шығармашылық толғанысқа айналдырды. Ақын

жүрегін,  ең  алдымен,  ел  пысықтары,  залым

билеушілер,  атқа  мінерлер  шошындырды.

Оларға  тән  мінез-құлық  ақынға  өте  таныс

болатын.  Сондықтан  да  ақын  «Партия  қуған

өңкей қырт» өлеңінде оларды:

Партия қуған өңкей қырт,

Жазылмайтын ол қылқұрт.

Мен тартам ел қайғысын,

Әкімі – залым, биі – әңгірт [5,93],

–  деп дәл сипаттайды.

Шәкәрім  шығармашылығының  дені  –

өлеңмен жазылған дүниелер. Өйткені Шәкәрім,

ең алдымен, ақын. Ақын болғанда, алдыңғыны

дамытқан,  кейінгіге  үлгі  болған  ақын.

Әдебиеттегі  жаңашылдық  пен  дәстүр

ұғымдарының  нақты  белгісін  осы  Шәкәрім

шығармашылығынан көреміз. Дәстүр дегеніміз

М.Әуезовтің сөзімен айтқанда: «...мағынасына

характер де, түр де, оқу мен өсу де, дами түсіп

өзгеру де, мазмұн мен сыртқы сипат, көрік-күй

мәселесі – бәрі де кіретін нәрсе» [7,117].

Бұл  тұрғыдан  келгенде,  Шәкәрімнің

Абайдың  інісі  ғана  емес,  дарынды  шәкірті

екендігін, ұлы ақын дәстүрін өзіне тән өрнегімен

әрлеп  алға  апарушы  екендігін  алғаш  айтып,

ғылыми тұжырым берген Мұхтар Әуезов болды.

Шынында,  Абай  мен  Шәкәрім  арасындағы

шығармашылық байланыс аса терең. Ол – құрғақ


28

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №3  (24)

еліктеушілік  емес,  бірін-бірі  толықтырған

өнери тамырластық.

Шәкәрім  ұстанған  сыншылдықтың

басты  міндеті  –  өмір  шындығын  нақты

көрсете отырып, салмақты әлеуметтік ой айту,

өмір  құбылыстарын,  заман  мен  қоғам

шындығын  шынайы  бейнелеу  арқылы

оқырман  мен  тыңдарман  ойын  ояту  болса

керек.


Шәкәрім айналасындағы болып жатқан

қоғамдық-әлеуметтік  өзгерістер  мен

жаңғыртуларға үнемі үн қосып өзгелерге жөн

сілтеп,  жол  басшы  болған  кісі.  Ол  ақын

ретінде  де,  қазақ  қоғамының  белгілі

қайраткері ретінде де өмір көшінің алдында

жүріп,  замана  желінің  қайда  соғарын  тап

басып  танып отырған.  Керек кезінде  қазақ

жұртшылығын бұйығы тұрмыс-тіршіліктен

оятуға  ұмтылған  ақын,  ұлы  өзгерістер

тұсында өзгеше түлеп шыға келеді. Сөйтіп,

«Бостандық  таңы  атты»,  «Бостандық  туы

жарқырап»  деген  топтама  өлеңдер  тобын

жазады. Онда ақын алдыңғы өмірден үлкен

үміт күтеді.

Бостандық  таңы  атты,  қазағым,

көріңдер,

Арға ие басшының соңынан еріңдер,

Таң артынан хақихат күн шығады,

Еріншек, жалқаулық әдеттен безіңдер

[5,307].

Өлеңнің  өн  бойынан  ақынның

болашаққа деген сенімі есіп тұр.  Бірақ ол –

құрғақ қиял емес, шынайы сенім. Осы тұста

Шәкәрім  поэзиясына  тән  азаматтық  сарын

тағы алға шығады. Тағы да тұлға мен халық

бейнесі сабақтаса өріледі. Халық сонда ғана

бостандыққа  қол  жеткізеді,  егер  «арға  ие

басшыны» таба білсе. Ақынның лирикалық

кейіпкері  болашақ  өмірді  сол  «арға  ие

басшылармен» тығыз байланыстырады.

Шәкәрім  шығармашылығында  таза

ағартушылық тақырыптың да орны ерекше.

Шәкәрім жай оқуға шақырушы емес, Шәкәрім

үшін  оқу-білім  –  ғылым  жолы.  Оның  бұл

ойлары  «Сен  ғылымға»,  «Сынатарсың

өзіңді»,  «Ғылымсыз  адам  –  хайуан»  т.б.

өлеңдерінде анық та нақты көрініс тапқан. Ол –

әйтеуір  оқудың  жоқшысы  емес,  сол  оқу  апарар

танымының жолбасшысы.

Ғылымсыз адам – айуан,

Не қылсаң да ғылым біл.

Ғылымға да керек жан,

Ақылсыз болса ғылым тұл [5,79].

Шәкәрімнің ғылымға үндеудегі мақсаты тым

алыста.  Ол  –  алдыңғы  толқын  қалыптастырған

ағартушылық  бағытты  одан  да  әрі  жетілдірмек

ниетте жүрген «жаңа жолдың басшысы». «Оқу –

білім  бұлағы, білім  – өмір шырағы» деген қағиданы

ұстанған, білім шырағының таным шамшырағына

айналуын аңсаған ұлы ағартушы:

Үш-ақ түрлі өмір бар: бәрі де мас,

Бір рәуішті болады шал менен жас.

Ең керекті дегенің – ортаншы өмір,

Түгел қолың жетпейтін бір жанталас.

Қапы өткізбе сол кездің бір сағатын,

Өкінішті қалмайды кетсе ағатың.

Күні-түні дей көрме, ғылым ізде,

Қалсын десең артыңда адам атың [5,261],

  – дейді Шәкәрім. «Үш-ақ түрлі өмір бар»... осы

бір  жолдарда  адам  өмірінің  бүкіл  болмысы

айқындалып  тұр.  Ақын  өмірдің  ортаншысын

көрсету, соған негізгі ойдың салмағын сала меңзеуі

арқылы, адамды ізденіске, білімге талпындырады.

Осынау  екі  шумақ  арқылы  түйінделген

тұжырымда,  ақынның  ағартушылық  ой-

идеясының  тұтқасы  жатыр.  Ол  –  ізденіс,  ол  –

еңбек.


Шәкәрімді  ақын  ретінде  де,  дана  ойшыл

ретінде де толғантқан, тұңғиық ойдың тереңіне

тартқан тылсым сырдың бірі – «өмір» ұғымы. Ол

ақынның «Дүние мен өмір», «Өмір», «Тумақ, өлмек

–  тағдырдың  шын  қазасы»,  «Өмір  сырын

көздесең»,  «Анадан  алғаш  туғанымда»,  «Үш-ақ

түрлі өмір бар...» өлеңдерінің тақырыбына арқау

болған.  Қашан  да  болмасын,  қай  заманда

болмасын ақындар адам ғұмырына өз өресі жеткен

биіктен ой жіберуге тырысып-ақ баққан. Ежелгі

жыраулар  жыраулық  толғам  мен  ақындық

айқындықты ұштастырған. Бұқар толғауларынан



29

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №3  (24)

мұны айқын байқаймыз. Шәкәрім де бұдан тыс

қала алмайды. Дүниеге келу мен кетудің мәні

неде?...  Өмір  соңы  өкініштен  тұра  ма?...

Өкінбестей  айла  бар  ма?...  Міне,  Шәкәрімді

толғандырған осы сұрақтар. Адам баласының

дүниеге  келуінің  өзінен  Шәкәрім  оның  өмір

жолының бар мәнін ашып береді.

Анадан алғаш туғанымда,

Жыладым неге дыбыстап [3,58].

 – деп басталатын өлеңінде ақын адам өмірінің

мың құбылған астарлы сырына үңіледі. Сәбилік

түйсік пен есейген сезімнің тоғысынан өмір атты

ұлы  ұғымның  мәнін  ашуға  ұмтылады.  Әлгі

сұрақтың  жауабы  қандай  болмақ?  Жауабы

мынау:


«Мұқтаждық өмір жолы бұл» - деп,

  Мұңайтып ақыл жылатқан.

«Жас өмір қызық оны біл» деп,

  Алдамшы үміт уатқан [3,59].

Ақын  ойынша  өмір  қиындығын  жеңер

жалғыз күш – алғы күннен жақсылық күтер үміт.

Үміт алға жетелейді. Бірақ үмітке «серік» қажет,

ол «серік» - «өмір өлімге тұсалғанға» шейінгі

аралықтағы қажет қасиеттер.

Еңбекке шыда, ебін тап та,

«Сабырдың түбі – сары алтын».

Өзімшіл болма, көпті ардақта,

Адамның бәрі өз халқың.

Ынсап пен мейірім, әділетті,

Жаныңдай көріп, жн сақта.

Ол жолда өлсек, неміз кетті

Мақсатқа жетпей қалсақ та [3, 60].

Ұлы Абай өмір туралы:

Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,

Тағдыр жоқ, өткен өмір қайта келмек.

Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,

Бір  құдайдан  басқаның  бәрі  өзгермек

[6,47],

  -  деп  толғанса,  Шәкәрімнің  де  өмір  туралы



тұжырымы  осылай  өріледі.  Бірақ  Шәкәрім

танымның  бір  сыры  –  ол  өмірдің  алдамшы

екенін біле тұра, оны өкінбестей өткізудің нақты

мысалдарын алға тартуында.

Тумақ, өлмек – тағдырдың шын қазасы,

Ортасы – өмір, жоқтық қой екі басы.

Сағымдай екі жоқтың арасында,

Тіршілік деп аталар біраз жасы [3,45].

Иә, өмірге келдің. Кеттің, белгі бар ма?!

Белгі  қалуы  мүмкін  бе?  Сағым  дүние  сағым

күйінде қала бермек пе... Өкініш! Ал осы сағым

дүниені сағынышты өмірге айналдыруға бола

ма?  Болады.  Ол  үшін  Шәкәрім  жеті  нәрсені

бұлжытпай орындауды ұсынады.

Өмірдің өкінбейтін бар айласы,

Ол айла – қиянатсыз ой тазасы.

Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек,

Таза жүрек, тату дос – сол жарасы [3,54].

«Қош  жұртым!»  атты өлең  –  аты  айтып

тұрғандай, Шәкәрімнің өмірінің соңына қарай

жазылып, ақын шеберлігінің кемеліне жеткен

кезінде дүниеге келген туынды. Өмірден көргені

көп, түйгені мол ақынның өткенге ой жіберіп,

келешекпен  сырласуы  десе  болғандай  бұл

өлеңді.  Мұнда  лирикалық  кейіпкер  өз  өмірін

қортындылайды.  Терең  тебіреністен  туған

өлеңде ойшылдық басым.

Қалған қараңғыда елім,

Ойлап толғаумен

Сынатұғын белім.

Бұл алтын таңның атқан нұрынан

Тұр есе алмай елім.

Шәкәрім  –  нағыз  лирик  ақын.  Оның

лирикасы  сыршыл  сезімге  толы.  Өлеңдері

көркемдік  бояуы  қанық,  жүректің  қылын

шертетін  нәзіктікке  бай  болып  келеді.  Абай

өлеңдерінен  табылатын  суреткерлікке  тән

белгілер  Шәкәрімнің  лирикасынан  да  бой

көрсетіп  отырады.  Өйткені  Шәкәрім  –  Абай

дәстүрін,  оның  сөз  өнеріндегі  үлгі-өрнегін

жаңашылдықпен  байытып,  дәстүр  мен

жаңашылдық бірлігінен жаңа жол, соны соқпақ



30

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №3  (24)

тапқан ақын.

«Әкесінің  баласы  –  адамның  дұшпаны.

Адамның баласы – бауырың» деген қағидасын

Шәкәрім – бүкіл өмір бойы берік ұстап өткен

адам. Ақын:

Адамның маған бәрі бір,

Не мұсылман, не кәпір.

Тамам адам бір бауыр,

Бөлінбесе өлген соң.

Мен ұлтшыл емеспін,

Жақыным мынау демеспін,

Ашылсын анық көмескім,

Айтайын кезі келген соң [3, 62],

  – дейді.

«Шәкәрімнің лирикасындағы адамгершілік

идеялары  иығымен  көтеретін  негізігі  тұлға  –

ақын.  Шәкәрім  ұғымынша  ақын  қашан  да  өз

дәуірінің ең ауыр жүгін көтеруге тиіс» [8,78],–

дейді шәкәрімтанушы ғалым Б.Әбдіғазиев.

ХХ ғасыр басындағы қазақ поэмаларының

өркен  жаюына  аса  зор  үлес  қосқан  ақын  –

Шәкәрім  Құдайбердиев.  Оның  «Қалқаман-

Мамыр» мен «Еңлік-Кебек» поэмаларында өз

дәуірлерінің  тарихи  болмысы  ашылып,  өмір

шындығы  көркемдік  шындыққа  айналып,

көркемдік шешім тапқан. Осы поэмалар азатшыл

идеяның ұстыны жатыр.

Осыдан 113 жыл бұрын жазылып, 89 жыл

бұрын  жарық  көрген  «Қалқаман-Мамыр»  -

Шәкәрімнің  іргелі  шығармаларының  бірі.

Кезінде  бұл  шығарма  туралы  Әлихан

Бөкейханов «Қазақ» газетінің 1915 жылғы 121-

санында сын жазып, поэманың жанрын тарихи

жыр  деп  таныған.  Кейінгі  зерттеушілер

(М.Мағауин)  бұл  поэманы  лиро-эпикалық

дастан  санайды.  1912  жылы  Семейдегі

«Жәрдем» баспасынан жарық көрген поэмасын

ақынның өзі «Қазақ тіліндегі тарихи хикая» деп

атаған. «Мұтылған» деген бүркеншік есіммен

жазған  автордың  кіріспе  сөзі  де  осының  бір

дәлеліндей.  Онда  автор  былай  дейді:  «Бұл

әңгіме  –  1722  жылы  біздің  Орта  жүз  қазағы

Сырдария бойында жүргенде болған анық іс.

Біздің  қазақ  қалмақтан  жеңіліп,  «ақтабан

шұбырынды»  болғаннан  бір-ақ  жыл  бұрын

Қалқаман-Мамырдың ісіне ескі қазақтар теріс

көзімен  қараса  да,  осы  күнгі  көңілінің  көзі

ашықтар жазықсыз екенін біліп, дұға қылса керек.

Өлгенді  тірілтпесем  де,  өткенді

жандырғандай  болсын  деп,  биыл  жүз  тоқсан

жыл,  ұмтылған  істі  алдыңызға  қойдым.  Бұл

әңгіме ақсақалдар аузынан қалып бара жатыр.

Сол  асықтардың  өзі  кетсе  де,  ізі  жоғалмасын

дедім. Біздің де ізіміз жоғалатынын ойлап» [3,77].

Кіріспеден  көріп  отырғанымыздай,  ақын  бұл

шығармасын  –  тарихи  дүние  ретінде  жазуды

ойластырған. Дәл тарихи дастан болмағанмен,

мақсат солай болған.

Екі ғашықтың махаббат трагедиясын арқау

еткен бұл поэма – Қалқаман мен Мамыр атты

екі  жастың  ғашықтық  сырын  шертеді.

Шығармада  екі  ғашықтың  махаббаты

романтикалық сарын да бейнеленген. Мәселен,

мұны Мамырдың Көкенай батыр қолынан қаза

табар сәттегі сөзінен аңғаруға болады:

Тілегім келді орнына арманым жоқ,

Артында Қалқаманның қалғаным жоқ,

Мені сен өлтіргенмен жасармайсың,

Сүйткенмен жас жанымды алғаның жоқ

[3,56].

Тағдырдың  сүйгенінің  алдында  алып,



махабаттың пәктігі сақталғанын жұбаныш еткен

Мамыр рухының биіктігі осы жолдардан анық

сезіледі. Ақын екі жас жағында, ол екі жастың

трагедиясы арқылы  олар өмір  сүрген тұстағы

қоғамның  қатыгездігіне  өз  үкімін  шығарады.

Тақырып желісі махаббат болғанмен де, ақын

сол тұстағы қазақ өмірінің, салт-дәстүрінің, ой-

сана,  көзқарастар  қайшылығының  бүкіл  қыр-

сырын ашуға ұмтылған.

Поэмада  баяндалған  оқиғаның  қысқаша

мазмұны мынадай: ағайындас екі жас Қалқаман

мен  Мамыр  бір-біріне  ғашық  болып  қалады.

Шын  сүйген  жүрек  өз  дегеніне  жетіп,  олар

қосылады. Бұған Мамырдың немерелес ағасы

Көкенай  батыр  қарсы  болып,  ақыры  ол

Мамырды садақпен атып өлтіреді. Қалқаманның

жақыны,  тобықтының  әулиесі  іспетті  Әнет

бабадан  Қалқаманды  ұстап  беруді  сұрайды.

Әнет  баба  үкімді  қанша  жұмсартқысы

келгенімен,  одан  ештеңе  шықпайды.  Ақыры

жүйрік  атпен  шауып  өтетін  Қалқаманды


31

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №3  (24)

Көкенайдың садақпен атуына шешім шығарады.

Көкенай  батырдың  атқан  оғы  Қалқаманның

қара санынан тиіп, ердің қасын жарып өтеді. Тірі

қалған  Қалқаман  еліне  өкпелеп,  Ұлы  жүздегі

нағашы  жұртына  жол  тартады.  Осы  кезде

қалмақ-қазақ соғысы басталып кетіп, бұл оқиға

ұмытылып, аяқсыз қалады.

Шәкәрім сюжеттік желіге осынау тарихи

оқиғаларды негіз ете отырып, қазақтың бұрынғы

тұрмысын,  әдет-ғұрпын  кеңінен  көрсететін

махаббат  драмасына  құрылған  дастан  жазып

шыққан.  Поэмадағы  махаббат  мәселесі

Шәкәрімнің  жалпы  адамгершілік,  азаматтық

көзқарасының  негізі  ретінде  көрініп,  оның

бостандық сүйгіш бағытын айқындайды.

Поэмадағы  басты  кейіпкер  екеу.  Олар  –

Қалқаман мен Мамыр. Ақын осы екі кейіпкерін

сырттай ғана бейнелеп қоймай, ішкі сезімдеріне

терең  бойлап,  олардың  өздеріне  тән  табиғи

болмыстарын  аша  алған.  Ақын  оқиғаны  екі

жастың балғын кезінен бастап дамытады. «Әрі

сұлу,  әрі  есті,  еркек-шора»  бай  қызы  Мамыр

бозблаша киініп жүрсе де, жігіттердің көз құрты

болады. Оған ғашық Қалқаман өз сырын жылқы

бағып  жүргенде  білдіреді.  Жұмбақ  күйінде

айтылғанмен, жігіт ойында не бар екенін сезген

ақылды қыз өзіне туыс болып келетін жігітке басу

айтады. Бірақ өзінің ғашықтығын қайта-қайта

еске салған жігітке ақыры кездеседі, бір шешімге

келеді.

Қыз алған жоқ жақыннан Тобықты әзір,



Өлтірем деп жүрмесін бізді қазір,

– Өзімді аяп тұғам жоқ, сізді аяймын,

Сен  сау  болсаң  болар  ем  мен-ақ  нәзір

[3,36].


Шәкәрім  Мамырдың  осы  алғашқы

кездесудегі сөзінен-ақ оның ішкі әлемінің рухы

қаншалықты биік екенін танытып өтеді. Бұл –

олардың бір-бірімен тілдесіп, сырласып, белгілі

бір уағдаға келгеннен кейінгі кездесуі сәтіндегі

Мамыр  сөзі.  Сол  алғашқы  кездесуден-ақ,  біз

Мамыр бойындағы нық сенімді, нақты байламды

байқаймыз.

Шындығында, 

поэмадағы 

әрбір

қимылдың,  оқыс  оқиғаның  бастау  көзінде



Мамыр  тұрады.  Ол  –  өжет  те  өр  қыз.  Мұны

Шәкәрім Мамырдың әрбір сөзінен, іс-әрекетінен

байқатып, үнемі оқырмаға ой тастап отырады.

Қалқаманмен кездесіп, бірге кетуге бел байлаған

Мамыр шешіміне назар аударайық:

Мамыр айтты: Мен сенсіз тірі тұрман,

Үш қайырдым сөзіңді мен антұрған,

Бір құдайға сыйын да, ал да жөнел,

Жолыңда өлсем разымын, жаным құрбан

[3,72].


Бұдан  тағы  бір  түйеріміз,  поэмада

Шәкәрім  көбіне  Мамырдың  сырт  тұлғасына,

сыртқы сұлулығына сұқтанбай, оның ішкі жан

дүниесін ашуға ұмтылған. Мамыр, ең алдымен,

ішкі рухы күшті, бір шешімді өжет қыз ретінде

көрінеді.  Оны  поэманың  басында  еркекшора

қыз ретінде көрсетуі де осы ерге тән өжеттіктің

өзегі қайда жатқанына жөн сілтеу еді.

Мамырдың  жан  сұлулығы,  ішкі  сезім

нәзіктігі  жоғарыдағы  Қалқаманмен  кездесу

сәтінде айқын білінеді.

Алдыңа кешу сұрап келіп тұрмын,

Көзге тірі болсам да өліп тұрмын,

Қалқаман, осы саған қоштасқаным,

Денемді  емес,  жанымды  беріп  тұрмын

[3,37].


Қыз  жанының  нәзіктігі,  сезімталдығы,

оның  ішкі  рухы  осы  сөздердің  өн  бойынан

төгіліп  тұрған  жоқ  па?  Яғни  Шәкәрім

кейіпкерлердің  сөз  қатысын  олардың  бітім-

болмысын  ашуға  оңтайлы  пайдаланып,  сол

арқылы  кейіпкерлерінің  жан  дүниесіне  терең

бойлаған. Сүйгеніне деген адалдыққа, махаббат

атты ұлы сезімге деген пәктікке Мамыр өмірінің

соңына дейін берік болады. Ағасы Көкенайдың

қолынан  қаза  табар  сәтте  қайсарлығын,

өжеттігін сақтап қалуы оның бейнесін биіктете

түседі.  Ол  өзінің  ажал  алдында  тұрғанына

өкінбейді, тілегі – тек Қалқаманның амандығы.

– Көкенай, қорғамаймын, сөзіме бақ,

Ісім жөн, бір құдайға көңілім хаһ.

Мойныңа менің қаным халал болсын,

Болма енді Қалқаманның қанына ортақ.


32

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №3  (24)

Кешікпей мен өлемін, сен тірісің,

Іс емес құдай кешер қылған ісің.

Өлтіртпе, тілегім сол, Қалқаманды,

Барасың Тәңір алдына, білемісің [3,80].

Мамырдың  осы  соңғы  сөзінде  өз  ісіне

өкіну жоқ. Тек тағдырға мойынұсыну бар. Ол

өзінің адалдығына сенімді, махаббат атты ұлы

күштің  құдіретіне  шырмалып,  құрбанға

шалынғанын  жақсы  түйсінеді.  Осы  қасіретті

оқиғаның  құрбаны  жалғыз  өзі  ғана  болуын

қалайды. Сондықтан да оның аузынан шыққан

соңғы сөз «Қалқаман, аман бол!».

Поэмада  Қалқаман  –  шыншыл  бейне.

Оның өзгелерден артылып, көзге ұрып тұрған

ерекшелігі  жоқ.  Ол  –  шыншылдығымен,

қарапайым  жан  ретіндегі  іс-әрекетімен

сүйсіндірген  кейіпкер.  Қалқаман  –  Мамырға

шын ғашық жан. Өз тілегіне орай, қыз келісімін

алған  жігіт,  алдағы  қиын-қыстау  күндердің,

тартыс-таластардың  боларын  біле  тұра,  күрт

шешім қабылдап, берік байламға келеді. Сөйтіп,

Мамырды  алып  қашады.  Бұл  –  Қалқаман

бейнесінің ірі қимылға барар азаматтық тұлға

екенін байқататын бір көрініс.

Қалқаманның  Мамырдай  аруға  тең,

Мамыр  махаббатына  сай  тұлға  екендігін

танытатын екінші бір көріністі Шәкәрім поэма

соңында  береді.  Мәмлеге  келмеген  Көкенай

ақырында  садақпен  атып,  қара  санынан

жаралағанда, «Мамырдан қалған жанның керегі

не»  деп,  басын  оққа  байлаған  Қалқаманның

аман  қалғанын  көріп,  «А,  құдайдап»  шауып

келген құрбы-құрдасына ол былай дейді:

Тоқта құрбыларым,

Жоққа есеп осы күнде менің барым,

Аямай елім оққа байлаған соң,

Кетер ме өлгенімше іштен зарым.

Ел қылып Тобықтыны тұра алмаймын,

Ешкіммен ойнап-күліп жүре алмаймын.

Өлерде аямады қайда аяйды,

Сендерге  енді  мойын  бұра  алмаймын

[3,94].

Кезінде 


Әлихан 

Бөкейханов

Қалқаманның соңғы монологы туралы:  «Бұл

өлең  соны,  сұлу  болса  да,  ішінен  ақаулығы

көрінеді.  Қоштасқан  зарлы  адам  көңілге

жалынушы  еді.  Мұнда  ақыл  жағып  тұр.

«Демеймісің қалмақ сені тентіретпесті» айтуға ол

жерде  Қалқаманның  әлі  неге  келе  қойсын»

(«Қазақ».  –  1915.    №121),  -  деп  кейіпкер

харатерін  ашудағы  сезім  мен  іс-әрекеттің

байланысы оншалықты қиыспай жатқандығын

сынаған болатын.

Әлиханның  оқиғаны  тікелей  қабылдап,

оның өмір шындығына сай болуын жақтауын

кінәлауға болмайды. Дегенмен көркемдік шешім

Шәкәрім жағында екені еш талассыз. Ақынның

Қалқаманның  елден  кету  себебін  тәптіштей

айтып, оны жан-жақты суреттеуінде екі түрлі

себеп бар. Және осында ұтымды қолданылған

суреткерлік  шешім  бар.  Біріншіден,  «Белгілі

Мамырдан соң көп жүрмесім» деп өзіне-өзі үкім

шығарып  қойған  Қалқаманның  «Ешкіммен

ойнап-күліп  жүре  алмаймынында»  шындық

жатыр.  Ол  –  тән  ашуы  емес,  жан  ашуы.

Сүйгенінен  айрылған  жаралы  жанның  соңғы

шешімі.  Оның  «Ажалға  көпе-көрінеу  бел

байлауының себебі де осында, оған «Мамырдан

қалған жанның керегі жоқ». Кейбір зерттеушілер

айтқандай, Қалқаман бейнесі Мамырдан солғын

шығып  жатқан  жоқ.  Керісінше,  ақын

Қалқаманның бүкіл болмысын ашуды соңына

дейін құпия ұстаған. Дастанның соңында ғана

ол  бар  болмысымен  жарқ  етіп  бірақ  көрінеді

және  оқырман  көзі  алдында  өшпестей  болып

қала береді.

Екіншіден, Қалқаман ерен тұлға, ерекше

жан емес, қарапайым көптің бірі. Бірақ ол – ішкі

тіні  берік  адам.  Шәкәрім  Қалқаман  мен

Мамырдай  басты  кейіпкерлерін  адам  сенгісіз

күйде  емес,  өмірдегі  нанымды  жан  ретінде

бейнелеуге  тырысқан.  Олардың  бар  құдіреті,

артықшылығы  –  ішкі  сезімде.  Бұларда  ішкі

бұлқыныс,  ішкі  ерік-жігер  күшті.  Мамырын

өлтіріп, өзін оққа байлаған елден безуге ерік-

жігерінің жетуі Қалқаманды оқырманның көз

алдында биіктете түседі. Жаны жасық, жүрегінің

оты  жоқ  жан  болса,  «а,  құдайлап»  келген

құрбыларымен құшақтаса көрісіп, құдайдың тірі

қалдырғанына  құлшылық  етіп,  қоңырқай

тұрмыс-тіршілігін  жасап  жүре  берер  еді.

Қалқаман ондай жан емес. Ол – жанын арының


33

ШӘКӘРІМТАНУ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет