Resume
ШӘКӘРІМТАНУ
2014 №3 (24)
түйініп тарқатады. Мен ақын ақ сүйеп, аты
жоғалмайтын өлең деп соны айтамын. Сырт
көрінісі қатын ойбай тұрсын, шайтан ойбай боп
көрінсе де дәмі бар, маңызы бар ойбай сол,
қайнаған қанның, қиналған жанның, толғатқан
көңілдің, толғанған жүректің сығындысы сол.
Соның үшін ондай «ойбай», ондай «бебеу»
табыла қалса, салған жерден өзі де дертке шипа
бола кетеді. Басқаларға қарағанда пайғамбардың
жүрегінен құйылған құрандай соқыр кісі
сыбдырынан тынырлық аққұла ашық тұрады.
Марқұм Абай өлеңдері секілді».
«Шәкәрім мен Сұлтанмахмұт» атты зерттеу
мақалада Арап Еспенбетов айтқан ойлар
аңғампаздығымен назар аударады. ХХ ғасыр
басындағы замана салқыны қаншалықты шырай
берілсе де, уақыт толқыны қай жағалауға қарай
бастаса да Шәкәрім де, Сұлтанмахмұт та
ұстанған бағыт, асыл сөзді ардақтаған ар
тұғырында қалып отырды.
Бабадан қалған айтулы мұра – өлең сөздің
тағдырына алаңдаушылық – осының және бір
айғағы.
А.Еспенбетов Шәкәрім шығармашылы-
ғындағы дәуір қажеттілігінен туындаған бір ағыс
– әдеби сын бағытындағы сыншылдық таным
болғандығына арнайы мән беріп, сөз қозғауы
арқылы шәкәрімтанудың өзекті бір жайын
ғылыми айналымға тартады.
«Ш.Құдайбердіұлының «Қазақ тілі»
газетінде баспа көрген екі мақаласы бар: «Қазақ
тілі» газетінің басқармасына өтініш» (1924, 31
январь, №3 (412) және «Сынау һәм сынауды
сынау» (1924, 4 март, №26 (425).
Көрсетілген екі мақаланың тек
шәкәрімтану ғылымында ғана емес, тұтастай
қазақ әдебиеттануында, әсіресе мәтінтану,
өлеңтануда, көркем сынның теориясы мен
практикасында (сынға қойылар талап, сынның
мақсатын сыншы келбеті, сыншы парасаты, т.т.)
ерекше орынға ие».
А.Еспенбетов Шәкәрімнің аталған
мақалаларының маңызын өсіп келе жатқан
әдебиетке сай әдеби сынды қалыптастыру
бағытындағы ықпалымен салмақтайды.
Осы бағытта Ш.Құдайбердіұлының «Ескі
ақындық» өлеңінің әдеби талғам, көркемдік
таным, әдеби сын мәніндегі қырлары да айқын.
Резюме
Статья представляет собой детальный анализ переводов Шакарима Кудайбердиева.
The article is detiled analysis of translations of Shakarim Kudaiberdiev.
46
ШӘКӘРІМТАНУ
2014 №3 (24)
Б.ҚАДЫРҰЛЫ, философия ғылымдарының кандидаты, доцент
ШӘКӘРІМНІҢ «ҮШ АНЫҒЫ» НЕМЕСЕ ТАНЫМ
ТАРАЗЫСЫНДАҒЫ АҚИҚАТ
Шәкәрім – қазақ философиясындағы
шоқтығы биік тұлға. Оның философиялық
дүниетанымын зерттеу ерекше діни және
философиялық дайындықты талап етеді.
Үстіртін таным, таяз білім Шәкәрім әлемін
ашуға дәрменсіз. Шәкәрімді түсіну “ойсыз
құлақ пен мисыз бастардың” (Шәкәрім)
әрекеті емес. Оны сүю, қастерлеу керек.
Онсыз Шәкәрім бізді өз әлеміне енгізбейді.
Сондықтанда шәкәрімтану санаулы жылдар
емес шын ниетің мен өміріңді беру арқылы
жүзеге асады.
Шәкәрімтану туралы сөз қозғағанда
оның “Үш анық” философиялық
трактатының айналасында көптеген даулы
мәселелердің бар екендігін айта кету керек.
Біз әлі күнге дейін Шәкәрімтанудың
кіріспесі іспетті «Үш анық» дегеніміз не
деген сұраққа дұрыс жауап бере алмай
келеміз. Шәкәрімді арнайы құрылған
комиссия ақтап шыққаннан кейін жарық
көрген кітаптардың ішінде сапалысы
Мұхтар Мағауин шығарған жинақ болды.
Ал, 1991 жылы “Әлем альманахында”
А. Сейдімбековтің ат салысуымен “Үш анық”
философиялық трактаты жарық көрді. Кейін
ол “Қазақстан және Ғақлия ғылыми–әдеби
орталығынан” жеке кітап болып басылып
шықты. Сол басылымдарда жазылған
алғысөзде “...Шәкәрім біріншіден, затшылдық
ғылым жолындағы таным мен, екіншіден, дін
жолындағы дүниетаным бірінші, екінші анық деп
көрсетеді де:
Іздедім таптым анығын,
Тастадым ескі танығын,– деп өзі ғұмыр
бойы шарқ ұрып ізденіп тапқан жолы үшінші
анықты ұсынады” – деп жазылған. Осы пікір
Шәкәрімнің “Үш анық” философиялық
трактатын талдау барысында қайшылық
тудыратындығын байқатады. Біздің айтарымыз
Шәкәрім ешқашанда затшылдық ғылым
жолындағы таным мен дін жолындағы
дүниетанымды бірінші, екінші деп және оған қоса
өзінше үшінші анықты ұсынбаған. Шәкәрімнің
қазақ философиясына әкелген концепциясы,
өзінің жеке тұжырымдарынан туындаған “Үш
анығы” бар. Бұлар Шәкәрім өзі қол жеткізген
анықтар. Шәкәрімнің «Үш анық» философиялық
трактатын қолға алып алғаш оқыған оқырман
қауымды оның кіріспесіндегі сыңаржақ пікір
басқа жаққа бағыттап әкететіндігі сөзсіз. Бұл
шығарманы қолына алғаш алған адам оның
алдымен кіріспесін оқып үш анық туралы ондағы
қате пікірлермен қаруланатындығын ойлаңыз.
Мәселе ойшылдың “Үш анық” шығармасының
алғашқы жарық көрген нұсқасына жазылған
алғысөзде де емес делік. Мәселенің төресі
жоғарғы оқу орындарында көптеп таратылып
жүрген философия тарихы бойынша жазылған
“Философия тарихы” атты (толық көлемі 285 бет,
“Шәкәрімнің «Үш анығы» таным таразысындағы ақиқат” мақаласында автор Шәкәрімнің
дүниетанымына өзіндік бір даралық көзқарасын білдіреді.
Тірек сөздер: таным, философия, Шәкәрім, дүниетаным, «Үш анық».
ӘОЖ 821.512.122
47
VІІІ тарауы қазақ философиясына арналған)
қазақ тілінде жарық көрген оқулықта
ойшылдың дүниетанымына деген сыңаржақ
көзқарастардың өріп жүргендігін қайда қоямыз.
Бұл оқулық 1999 жылы “Жеті жарғы”
баспасынан жарық көрген, авторлары
философия ғылымдарының докторлары
Ж. Алтай, А.Қасабек, Қ.Мұхамбетәли, көлемі 16
баспа табақ. Аталмыш оқулықтағы Шәкәрім
туралы (252–282 беттер) жазылған, оның
дүниетанымына байланысты талдаулардағы
кейбір теріс пікірлерді айтпай кетуге болмас деп
ойладық. Өйткені бұндай олқылықтарды көріп
тұрып көрмегенсу Шәкәрім дүниетанымын
зерттеуші адам үшін ағаттық іс болар еді. Бір
айтарымыз қазақ тіліндегі оқу құралдары
неғұрлым көп болған сайын оған қуанғанан
басқа артық ойымыз жоқ. Бар мақсат Шәкәрім
сияқты ойшыл тұлғаның дүниетанымына
дұрысты көзқарас қалыптастыру ғана. Бұл
жолда ғалымдар бізді дұрыс түсінеді деген
ойдамыз. Әйтпесе біреуді сынап ұпай жинау
ойымызда жоқ. Ондай әрекетке бару Шәкәрім
бабамыз айтқан ардың жолына жат нәрсе болар
еді. Бар мақсат обьективті ғылыми көзқарас
қалыптастыру ғана.
Енді жоғарыда айтылған оқулықтағы
Шәкәрімнің “Үш анығына” байланысты
жазылған тайға таңба басқандай бетке ұрып
тұрған кейбір қате пікірлерді келтірейік: Үш
анық туралы айта келе 1)“Бұл шығармадағы
айтылған ойлардың сыры мен астарлы
қатпарлары мол. Батыстағы материализм және
идеализм тәрізді екі анықпен Шәкәрім
шектелмей, өз жолы – үшінші анықты ұсынады”
(253 бет).
2)“... ғалам болмысын адамзат табиғатын
әдеттегі “құдай жараттымен” емес, жаратылыс
тұрғысынан
түсіндіруі
Шәкәрімнің
материалистік бағыттағы алғашқы қадамы еді
(265 бет).
3) Шәкәрімнің:
“Табиғат неше түрлі жан жаратты.
Не үлкен, не кішкентай тән жаратты
Керексіз, жансыз нәрсе жаратқан жоқ
Есепсіз қанша мыңмен сан жаратты”
– деген өлеңін келтіре отырып; “Осыдан келіп
Шәкәрім әлемді хаос, кездейсоқтықтар
патшалығы деп түсініп, ақыр заманды
күтушілерді батыл сынайды”(267 бет) – деген
дәлелсіз пікірлерге барады.
4)“Жалпы, Шәкәрім қай салада жазылған
кітаптарды оқымасын, ол адам және әлем сырын
білмекке ұмтылған. Жан не? Дін не? Барша ғалам
қалай жаратылған? Міне осы сұрақтарға жауап
іздеген. Және соның бәрін ол “ноқтасыз оймен
тексердім” дейді. Осы оймен Меккеге барғанын
да айтады. Шәкәрімнің дінмен жұлдызы жараса
бермегенін дәл осы арада айта кетуіміз керек”
(271 бет).
5)Шәкәрімнің қажылыққа баруы туралы
айта келе “Бұл сапар оның ой өрісін кеңейтеді,
ақын қазақ халқы дін қуған мұсылманшылық
жолы емес, ғылым–білім қуған Еуропа
халықтарының жолын таңдауы керек деген ойға
беки түседі” (271бет)
–деп басқа әдебиетке сілтеме жасап аталмыш
пікірді оң қабылдайды.
6)“Шәкәрім дін мәселесіне айтылған,
фанатик емес, ол схоластик, дінді тіпті
мойындамаған, діни соқыр сезімнен мүлдем
аулақ, сыншыл еркін ойдың, өз сөзімен айтқанда
ноқтасыз ойдың, сау ақылдың адамы” (271 бет).
7) “Ақын көп өлеңдерінде өмірге
материалистік көзқарасын байқатады” (278 бет).
Міне мұның барлығы аталмыш
оқулықтағы Шәкәрімнің дүниетанымына
байланысты көзқарастар.
Жоғарыдағы келісуге болмайтын
пікірлерге келетін болсақ, біріншіден Шәкәрім
ешқандай идеолизм және материализм деген
жолды да, ұғымды да анық деп көрсетпеген. Бұл
ұят нәрсе. Екіншіден, Шәкәрім ешқашан ғалам
болмысын, адамзат баласын табиғат жаратты
деген жоқ, ойшылдың ойынша он сегіз мың
ғалам жаратуышның құдіретімен жаратылған.
Ол өзінің “Үш анық” философиялық тактатында
тектен-тек Дарвиннің эволюциялық теориясын
сынға алмаған болатын. Бұл жолда ойшылдың
Дарвинизмге
қарама–қарсы
принцип
ұстанғанын ұмытпауымыз керек. Үшіншіден,
Шәкәрім әлемді хаос, кездейсоқтық патшалығы
деп түсіндірген жоқ. Керісінше ол дүние ерекше
гармонияда, белгілі бір мақсатпен, асқан
ШӘКӘРІМТАНУ
2014 №3 (24)
48
шеберлікпен жаратылған деп дәлелдеуге
тырысып баққан ойшыл. Төртіншіден, Шәкәрімді
дінсіз деп айту барып тұрған ағаттық болар еді.
Бұл Шәкәрімнің шығармашылығымен толық
таныспай немесе түсінбей, сыңаржақ айтылған
пікір.
“Бұл күнде дұрыс иман жоқ.
Шатақ дін нәпсі тиған жоқ.
Ақылы саудың ойына,
Алдамшы діндер сиған жоқ”
– деп Шәкәрім тек дінді бұзып теріс насихат
жүргізушілерді ғана сынға алған. Ол тағы бір
өлеңінде:
“Тәңірі таза болып бақ, сен де кірсіз.
Шамаң келсе менен қаш, иең мінсіз.
Ол құдайдай боламын деген емес,
Сөзімнің түбін ұқпай деме дінсіз”
– деп өзінің шын дін жолында екендігін
ескерткенін ұмытпайық.
Бесіншіден, Шәкәрім “қазақ халқы дін қуған
мұсылманшылық жолы емес, ғылым–білім қуған
Еуропа халықтарының жолын таңдауы керек” –
деген пікірге бармаған. Керісінше ол:
“...Ойласаң, барша адамзат туған бауыр,
Бірін-бірі шұқылап қылды жауыр.
Балалық, айуандықтан шыққан ел жоқ,
Бұл сөзім талай жанға тисе де ауыр.
Европа білімді жұрт осы күнде,
Шыққан жоқ айуандықтан о да мүлде.
Терең ойлап сөзімнің түбін біл де,
Іштен жыла, шырағым, сырттан күл де”
– деген ақынның ой-толғамдары оған айқын
дәлел [3].
Сонымен қатар“Ақын көп өлеңдерінде
өмірге материалистік көзқарасын байқатады”
деу қате пікір. Өйткені Шәкәрімнің әрбір сөзі
тұнып тұрған иман, сыры терең мәнді дүниелер.
Жалпы кез-келген өлең өз табиғатында ешқашан
материалистік бола алмайды. Сондықтан
жоғарыда айтылған оқулықтағы Шәкәрімнің
дүниетанымына байланысты пікірлер жас
ұрпақтың санасына ойшылдың дүниетанымын
теріс насихаттап, зиянын тигізіп жатқанын
айтып кетуді өзімізге міндет санадық.
Шәкәрімде үшінші анық деген ұғым жоқ
дедік. Онда “Үш анық” қана бар. Ендеше “Үш
анық” дегеніміз не? Сол туралы қысқаша айта
кетейік. Ойшылдың ойынша барлық табиғат
құбылыстары, дүниенің даму заңдылықтары,
белгілі бір тәртіппен іске асады және бір
жүйелілікте. Табиғаттың кез-келген құбылысын
алыңыз, оған көз жеткізесіз. Әлемнің бірде-бір
артық не кем жаратылған жері жоқ. Бәрі
мақсаттылықта, өз орнымен іске асуда. Осы
тұрғыдан алғанда әлем зор мәшине тәрізді.
Оның әрбір бөлшегінің қызметі бар, себептілік
арқылы қозғалысқа түсіп, белгілі анықталған
сабақтастықта іске асып жатыр. Осыдан келіп
ойшыл, бұдан түп жаратушының шеберлігін
көреміз дейді. Сондықтан дүниенің ешқандай
кездейсоқсыз белгілі бір заңдылықта дамуының
негізінде
құдайдың,
жаратушының
жаратқандығы Шәкәрім үшін ол - бірінші анық.
Әсіресе “Тауық неге шақырад сағат сайын” деген
өлеңінде ойшылдың бұл идеяларын айқын
аңғаруға болады.
Шәкәрім дүниенің негізіндегі бастапқы
заңдылықтарды, гармонияны тану, білу адам
үшін негізгі міндет деп тұжырымдайды. Бұл
заңдылықтар мен үйлесімділіктердің негізінде,
Шәкәрімнің ойынша жаратушы жатыр.
“Жаралыс басы қозғалыс,
Қозғауға керек қолғабыс.
Жан де мейлі бір мән де,
Сол қуатпен бол таныс.
Әлемді сол мән жаратқан”
– деп ойшыл түпкі бастама жаратушының
әлемнің пайда болуының ең негізгі себебі
екендігін ашып көрсеткен.
Шәкәрімнің ойынша, адамның барлық
рухани қасиеттері жаннан шығады. Сондықтан
адамның жаны өледі ме, жоқ па соны анықтау –
«Үш анық» философиялық трактатындағы басты
мәселе. Шәкәрім жанның өлетіндігіне еш дәлел
жоқ дейді. Жанның ажалсыздығы туралы идея
әлемдегі діндердің ең негізгі қағидаларының бірі
екендігі бізге мәлім. Бірақ жанның мәңгі өмір
сүретіндігі туралы идеяға ойшыл басқа жолмен
ШӘКӘРІМТАНУ
2014 №3 (24)
49
ШӘКӘРІМТАНУ
2014 №3 (24)
келген еді. Бұл Шәкәрімге дейін де талай
айтылып, дәлелденіп жүрген мәселе. Ол
жанның ажалсыздығы туралы мәселеде ХІХ
ғасыр, Еуропадағы спиритизм, магнетизм,
телепатия ілімдерінің көзқарасын алға тартып,
оны пайдаланада білді.
“Келдім қайдан, нетсем пайдам?
Өлгеннен соң не болам?
Мен деген жан-ақыл, айнам,
Жоғалам ма сол шын-ақ?”
– деп Шәкәрім бұл сұрақтардың айналасында
өмір бойы ізденіс жасаған.
ХХ ғасыр басында өмір сүріп отырған
Шәкәрімнің бұл сұрақты қоюы – біз үшін таң
қаларлық мәселе. Себебі ХХ ғасыр батыс
ғылымы мен өркениетінің затшылдық ғылым
жолында шарықтап дамып, шырқау шегіне
жеткен кезеңінде, қазақ ойшылы Шәкәрімнің,
жан туралы сұрақты ең негізгі философиялық
мәселе деңгейіне көтеруінде мән бар. ХХ ғасыр
әлем халықтарының мәдениетінің орнын
өркениет басып, көне дәуірмен салыстырғанда,
әлем халықтарының мәдениеті төмендеп,
өркениеті шарықтау шегіне жеткен кезеңде, жан
туралы сұрақтың қойылуы бізді ойлантады.
Оның ең негізгі себебі ХХ ғасыр барлық әлем
халықтарының, әсіресе Еуропа халықтарында
жаңа
дәуірден
бастап,
қоғамдық
қатынастарындағы қозғаушы күш, рухани емес
материалдық құндылықтың алға шығуы, жанға
қажет рухани құндылықтардың екінші орынға
қойылуы болды. Әлі күнге дейін әлем
халықтарын жаһандастыруға, белгілі бір іс-
қимылға баруға итермелейтін күш, осы
материалдық байлық болып отыр.
Цивилизация (бұл термин қазақ тіліндегі
өркениет сөзімен дәлме-дәл мағыналас келе
бермейді. – Б.Қ.) жолы жанның қабілеттерін
дамытуға кейде дәрменсіздік танытып
қалатындығын жасырмау керек. Ол көбінекей
адамдардың ішкі емес сыртқы өмірін реттеуге,
оған жағдай жасауға бағытталады. Бұл
заңдылық. Цивилизация (лат. Civilis –
азаматтық деген ұғымды білдіреді.– Б.Қ.)
азаматтық қоғамды орнатумен байланысты
және ол көбінекей адамдардың ішкі жан
дүниесіндегі еркіндіктері мен бостандықтарын
емес сыртқы материалдық өмірдегі еркіндіктері
мен құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сондықтан да көптеген мемлекеттер
қабылдаған азаматтық қоғам құру ортақ идеясы
ұлттардың арасындағы өзіндік ерекшеліктің
жойылуына жол ашып, цивилизация
мәдениеттің дамуына кей жағдайда кедергі
(ұлтсыздануды) тудыруда (бұны О.Шпенглер,
Х.О. Гассет сияқты Еуропа ойшылдарының өзі
дәлелдеп берген болатын. – Б.Қ.). Сондықтан
да цивилизацияның көбінекей тәндік өмірге
әсері күштірек. Ал мәдениетті жасайтын негізгі
күш адамның жанында жатыр. Ол жайында
Шәкәрім бабамыз:
“Жан – қожа, тән дегенің – жанның құлы,
Нәпсі неге білмеген бұрын мұны?
Ойлашы: жан тапты ма, тән тапты ма,
Жоғарғы қасиетті неше қилы?
Тән – терезе, қарайтын жан – иесі,
Жаннан шығар ақыл мен ойдың шыны”
– демеп пе еді. Ендеше адамның ішкі еркіндігі
жан әлемінің бостандығы қайда. Мәселе осында
жатыр. Шәкәрім ХХ ғасырдың басында өмір
сүріп отырып жанды ең негізгі мәселе ретінде
тектен-тек көтеріп отырған жоқ.
ХХ ғасыр әлемдегі болып жатқан
соғыстардың түп негізінде материалдық байлық
жатқандығы айдан анық. Осылайша жанын
ойламай, тәнін ойлаудан шығып отырған
қақтығыстар,
зұлымдықтар
қаншама
адамдардың өміріне бақытсыздық, қауып-қатер
әкеліп отыр.
“Қанеки, ақ жүрекке қайсың жеттің?
Жеттім деп тамам жанды тентіреттің.
Жиырмасыншы ғасырдың адамынан
Анық таза бір елді көрмей өттім”
– деп Шәкәрім тектен–тек толғанбаса керек.
Затшылдық жолындағы Еуропалық өмір сүрудің
тәсілін жалғыз Шәкәрім ғана емес сол замандағы
алаш қайраткерлерінің бірі Мағжан Жұмабаев
өзінің “Пайғамбар” атты өлеңінде де “Күн
батысты қараңғылық қаптаған, жалғыз жан жоқ
қараңғыда лақпаған, қарын деген сөзді ғана
50
ШӘКӘРІМТАНУ
2014 №3 (24)
жаттаған”–деп сынға алған еді [4].
Айта кететін бір мәселе мәдениетті адам
жан әлемімен жасайды дедік. Бірақ сол жанды
жетілдіруге ХХ ғасырда назар аударылды ма?
Мәселен, көне грек мәдениетінде тәрбиенің екі
түрі; бірі-гимнастикалық, екіншісі-мусикалық
болған. Гимнастика бұл тәнге арналған тәрбие,
ал мусика бұл жанды тәрбиелеу. Немесе қазақ
халқының бесік жыры, балаға ертегі айту
дәстүрінің адамның жас күнінен жанын
тәрбиелеуге бағытталғандығын көреміз. Ал
өркениетті қоғамда бұл іске асып отыр ма?
Мәселе сонда болып отыр. Сондықтан,
Шәкәрімнің ХХ ғасыр басында жан мәселесін
аса маңызды мәселе ретінде көтеруі, бізді
ойлануға мәжбүрлейді. Бұл жолда ол француз
ойшылы Огюст Конттің позитивизімін сынға
алады. Себебі Конт адамның жан дүниесі туралы
сұрақты сырып қойып затшылдық жолындағы
жаратылыстану ғылымын асыра дәріптеген
болатын. Сондықтан Шәкәрімнің пікірінше
Конттың ілімі адам тануға дәрменсіз.
“Енді бір кесел; 1797 жылы туып, 1857
жылы өлген Огюст Конт деген адам: Физика
жолымен анықталмаған, метафизика нәрсені
білем деп әуре болмайық. Дене сезімімен
барлығы табылған нәрсені ғана шын деп білейік
деген бір жол шығарып, оған “позитивизм” деп
ат қойған. Соған нанып қалып, сол жолға түсіп,
дененің бес сезімі арқылы білінбеген нәрсені
біржола жоқ деп қоятын болған. Сөйтіп жанның
ең қасиетті – терең ой, ноқтадан сау ақылын
арқандап қойып, жанын тани алмай қалған”–
деп жазған болатын Шәкәрім [5]. Шынымен
Еуропадағы позитивизм затшылдық ғылымға
сүйеніп, олардың танымдық ізденісі адамды
тануға емес, табиғатты тануға бағытталған еді.
“...Ойменен тапқан бұлдыр деп,
Дене мен пәнге байлаған
Баяғы Конттың сөзі еді.
Жаңаны көрсе жүгірген,
Ақылдан мүлде түңілген,
Осыдан дұрыс жол жоқ деп,
Бұл уды судай сімірген
дененің соқыр көзі еді”
– деп, Шәкәрім Огюст Конттың ілімінің адам
танудағы біржақтылығын сынға алған еді.
Ондағы басты ой жан туралы ойламай
затшылдық ғылымның алға шығуын сынға алу
болатын.
Сонымен, Шәкәрімнің ойынша жан
өлмейді, ол да тән тәрізді өзіне азық қажет етеді.
Жан тәннің қожайыны, тән өлсе шіріп басқа
түрге ауысады, ал жанның заты ғарыштан.
Жанның ажалсыздығы, аса маңыздылығы
Шәкәрімнің философиясындағы екінші - анық.
Шәкәрім жан мен рухты айрып қарады.
Шәкәрімге дейінгі қазақ мәдениетінде рух ол
өлгеннен кейінгі жанның күйі, аруақ деген
ұғымдармен байланыстырылып келсе, Шәкәрім
рух ол жан емес, ол адамның таза ақыл (арлы
ақыл) ойымен байланысты қасиет деп білді.
Егер дүние мақсатты жарасымдылықта
дамып жетілсе, адамның жаны мәдениетті
жасауда ең негізгі роль атқарса, оған енді азық
керек. Ол – ұждан. Ұждан – бұл Шәкәрім
философиясындағы үшінші – анық. Ұждансыз
адамды елестету мүмкін емес. Себебі ол адамның
ішкі рухани әлемі болып саналады.
“Жаныңа қызық жалғанда,
Неменең қалды арманда.
Бұл жалғанда не серік,
Тәңірі алдына барғанда”
немесе
“Несін сүй, несін сүйме ерік өзіңде,
Нәпсің де ақылың да тұр көзіңде.
Сынау үшін жаратқан бір Иең бар,
Тексерілмей қалмайсың бір кезінде”
– деп Шәкәрім бабамыз Тәңір алдындағы дұрыс
жол ар-ұждан екендігін ашық айтқан. Және
ұждансыз адамның жүрегін ешбір ғылым, ешбір
өнер тазарта алмайды деп өз ойын түйіндейді.
Сондықтан ұждан ғылымнан да, өнерден де,
білімнен де жоғары тұратын адамның бірден-
бір қасиеті.
“Сыртқы сөзің шын болса,
Ішің толған жын болса.
Жүрегіңде мін болса.
Айтқан сөзің ем емес.
51
ШӘКӘРІМТАНУ
2014 №3 (24)
Жүрегі таза адамдар,
Зұлымдықтан амандар,
Қиянатсыз надандар,
Әулиеден кем емес”.
Ендеше Шәкәрім ілімі үшін ұждан
ғылымнан да, өнерден де, білімнен де
қасиеттірек нәрсе. Өйткені Алланың адамның
жүрегіне қарайтындығы қасиетті Құран кәрімде
айтылған болатын. Ұждансыз адам басқа
қасиеттердің
барлығын
зұлымдыққа
пайдалануы мүмкін. Міне, осылайша ойшыл
өзінің
“Үш
анық”
концепциясын
қалыптастырған еді. Осы үш анықтың негізінде
келіп Шәкәрімнің көрсеткен ар ілімі қалыптасады.
Ар ілімі – ол рухани тазалық жолы. Ар ол –
Аллаға тән қасиеттің адам жүрегіндегі сәулесі
болып табылмақ. Шәкәрімнің ар ілімі Абайдың
“Жүректің көзі ашылса,
Хақтықтың түсер сәулесі.
Іштегі кірді қашырса
Адамның хикмет кеудесі”
– деген философиялық ойымен үндес.
“Көзге сеніп, ойға сенбей,
Жанды жоқ деп қаңғырып.
Адасып жүр ақты көрмей,
Көңілі соқыр көп надан.
“Ана сансыз кереметті,
Кім жаратса, Тәңірі сол”,–
Десе нетті, қойса бетті,
Хақиқатқа жайнаған”
– деп толғаған Шәкәрімнің ар ілімінің мақсаты
ішкі тазалыққа жету арқылы хақтықты тануға жол
ашу. Қысқа қайыра келе айтарымыз Шәкәрім
жатқан дария, оның ілімі барлық адамзатты
бақытқа жеткізуге бағытталған. Ол қазақ
философиялық ойын ерекше белеске көтерген
ойшыл. Оның әрбір сыр сөздері құлақтың
түбінде қалып қоймай, жүректің түбіне жетуі
керек. Абай мен Шәкәрім сияқты асыл қазынаны
зерттеу аса бір тазалық пен шынайылықты қажет
етеді. Олардың дүниетанымына басқа бір
ұғымдарды теліп, оны материалист немесе
идеалист қылудың еш қажеті жоқ. Үш анықты
білу Шәкәрім әлеміне оң қадам жасауға
бастайтын кіріспе ғана. Ал оны тану өзіңді-өзің
тану деген сөз. Сондықтан Үш анықты
шатастырмайық!
Достарыңызбен бөлісу: |