Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім


Қ. МӘДІБАЙ, филология ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата15.02.2017
өлшемі2,06 Mb.
#4157
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Қ. МӘДІБАЙ, филология ғылымдарының докторы, профессор

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  Автор мақалада Шәкәрім Құдайбедіұлының аудармашыцлық жолға үлкен ізденіспен келіп,

сол салада өшпес із қалдырғанын басты нысанаға алады. Ақынның орыс классикасын аудару

шеберлігі бұл саланың көркемдік өрісін кеңейте түскеніне тоқталады.

Тірек сөздер: Шәкәрім, аударма, нәзира үлгісі, шеберлік.

 ӘОЖ 821.512.122



39

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №3  (24)

арнайы  зерттеулерде  ұдайы  сөз  болып,  ой

қозғалып отырады.

Бұл  өзі  таусылмайтын,  сарқылмайтын

мейлінше мәнді құблыс.

Аудармашылық  өнер  шығармашылық

ынтаға қуат қосады. Нәр құяды. Аудармаға ден

қоюдың негізінде ХІХ ғасырдың соңына қарай

қазақтың  еуропалық  үрдіс  сіңген  жаңа  жазба

әдебиеті туды.

Ы.Алтынсарыұлы  –  сахарада  қазақ

балаларын  оқытуға  арнап  ашылған  алғашқы

зайырлы  мектептің  негізін  қалаған  тұлға.

Айналасы 2 ай уақыт ішінде дала баласына орыс

тілін үйреткен дана ұстаз сахарадағы енді туып,

қалыптаса бастаған оқу жүйесіне оқулық, оқу-

әдістемелік еңбектер жазды.

1897  жылы  жарық  көрген  «Қазақ

хрестоматиясы» кітабына халық ауыз әдебиеті

туындылары, өзінің төл шығармалары, сонымен

бірге орыс әдебиетінен аударылған шығармалар

енген.


Ізгілік,  адамгершілік  ұстанымдар

бағытындағы  тағылымды  әңгімелерді  аудара

жүріп жазуға төселе түскен Ы.Алтынсарыұлы

қазақ әдебиетіне шағын проза үлгісінде жазылған

төл  туындылар  әкелді.  Осы  үрдіс  қазақтың

классик 


ақыны 

Абай 


Құнанбайұлы

шығармашылығы ауқымында елеулі әдеби дәстүр

мәнінде орнықты.

М.Әуезов Абайдың ақындық мектебіндегі

өзінен тәлім алған тікелей шәкіртінің бірі деп

бөліп  айтатын,  Абайдың  немере  інісі

Ш.Құдайбердіұлының орыс классикасын аудару

өнегесі аударма өнерін қазақ руханиятындағы

елеулі  көркемдік  өріс  есебінде  орнықтырды

деуімізге болады.

Жан-жақты білімдар Шәкәрім Александр

Пушкин,  Лев  Толстой  шығармаларын  мінсіз

көркемдік  бітім  мәнінде  мейлінше  ынтығып

аударғаны  көзге  ұрады.  Шәкәрім  Пушкиннің

«Дубровский» повесін, «Метельді» өлең сөзбен

аударады.

Сезімтал,  ойшыл  Шәкәрім  Пушкин

ақынның  қара  сөзбен  төгілте  баяндап,

сипаттайтын  орыс  өмірінің  поэтикалық

болмысын  өзгеше  сұңғылалықпен  түйсініп,

сіңірген.

Өлеңмен  аударылған  Пушкин  прозасы

құдды бір Пушкиннің өз аузынан төгілген сұлу

жырдай мөлдір, жеңіл сергек, шапшаң, жинақы,

терең.

Тіптен, өз өлеңінде мұншалықты кестелі,



үйлесімді  поэтикалық  өреде  көзге  ұра

бермейтіндей көрінетін Шәкәрім ақын су жұқпас

жүйріктікпен, тынымсыз, тынысты екпінді ағыс,

мінсіз  ұшқырлықпен  «шымырлап  бойға

жайылған» үздік үлгімен еркіңді алады.

Ақын Шәкәрім «Дубровский» әңгімесі деп

атаған аудармаға «Сөз алдынан» деген атаумен

өз жанынан кіріспе қосқан.

Мұнда  Шәкәрімнің  түрік  әдебиетіндегі

ежелгі  дәстүр  –  нәзираның  жанрлық

мүмкіндіктерін шығармашылықпен өрістеткені

де көрінеді.

Ақын  алғы  сөзде  адамзат  тарихының,

«Өлшеусіз көп жасаған кәрі дүниенің» көзге ұрып

тұрған қақтығыс, майданға, атыс-шабысқа арқа

тіреген  жағымсыз  шындығын  жақтырмай

баяндап, жазғыра сөйлеп аша түседі. Сөз қадірін

білетін  елдің  баласы  Шәкәрім  сөз  өнері  адам

баласы ойлап тапқан небір от қаруды қайтарады,

тоқтатады дейді де, әлемдік сөз алыптарының

ғұмыры бәсеңдемейтін өнегесіне жүгінеді.

Айтқан сөзі ауруға ем, жаны құмар,

Тауып айтқан тәтті тіл, сайраушылар

Байрон, Пушкин, Лермонтов, Некрасов,

Қожа Хафиз, Науаи, Фзули бар.

Осында  Шәкәрім  Абай  ағасының

эстетикалық  талғамын  құлақ-қағыс  етіп

отырған.  Қайдағы-жайдағыны  өлең  етпедім,

Пушкин ғибратына ынта білдіріңдер дейді.

Аудармада Шәкәрім ХІХ ғасырдың белгілі

бір  кезеңіндегі  орыс  өмірін  мейлінше  жатық,

етене таныс күйде сипаттап отырады. Сахараға,

әсіресе  Абай  еліне  бұл  шығарма  аударылған

тұста Пушкин есімі әбден таныс.

Шәкәрім  аудармасында  Абайдың

Татьянаны,  Онегинді  сөйлету  («Евгений

Онегин»  романы  –  Қ.М.)  өнегесін  ұстап

отырып, үлгіге үңіле түсіп, үйреніп отырып ой

төгу машығы қанық.

Шәкәрімге  Пушкин  шығармасының

адамсүйгіштік,  ізгілік  мұраты  қымбат.  Ақын-

аудармашы Шәкәрім жұртына арнап қайырған



40

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №3  (24)

алғы  сөзінде  адамзатты  ұлтына,  діни

ұстанымына  орай  жатсыну,  алшақтану

дегеннен  бойды  аулақ  алып  жүріңдер  деген

ұстанымда.

Орыс сөзін айтты деп кейбір қауым,

Ұрмай-соқпай болар-ақ менің жауым.

 Нені айтты деп сұрамас, кім айтты дер,

Білмей жүріп өзінің ауру-сауын.

Аудармада  Шәкәрім  ақынның  туған

халқының өміртаным деңгейіне, салт-ғұрпына

ыңғай беріп, жақындай түсіп жасалған.

 Петербор – патша тұрған үлкен қала,

 Ғылым, өнер оқитын үй бар жаңа.

Университет деген медреседе

Оқып жүр Владимир деген бала.

«Университет» атауын қазақ ұғымы жетік

«медресе» сөзімен анықтай түседі.

«Дубровский» аудармасында бірділі-екілі

қазақ өлшемі, қазақ ұғымына келтіріліп отырған,

ұлттық  танымға  шақтап  берілген  иірімдер

болғанымен, аудармашы негізінен орыс өмірінің

дара  сипат,  дағдылы  қалпын  мейлінше  нәзік

жеткізіп береді.

Кейде төгіп жіберіп көздің жасын,

Кейде қатты қысады қолмен басын.

Егоровна дейтұғын бір кемпір бар

Сол ойына салады ішпек асын.

Уақытымен жатқызар төсек салып

Стақанмен май берер қолына алып.

«Тамақ ішер мезгілің болды ғой» деп

Нан салады аузына майға малып.

ХХ  ғасырдың  30  жылдары  қайғылы

қазаға ұшыраған, кеңес үкіметіне жау болды

деген  айыппен  атылып,  мүрдесі  айдалада,

оқшау  құдықта  қалған,  шығармашылық,

азаматтық тұлғасы ХХ ғасырдың соңына қарай

ғана  тұтас  айығып,  ақталған  Шәкәрім

Құдайбердіұлының  әлем,  орыс  классикалық

әдебиетіндегі озық көркемдік үрдістерді сіңіру

бағыты  турасында  шәкәрімтануда  қазірде

жүйелі ғылыми таным қалыптасқан.

Шәкәрім  мұрасын  алғаш  ғылыми

айналымға  қосушы  зерттеушілердің  бірі

филология 

ғылымдарының 

докторы

М.Базарбаев былай дейді: «Дүниежүзі әдебиет



өнерінің  қазынасынан,  Шығыс  пен  Батыс

мәдениетінен мол үлгі, өнеге алған Абай ғана

қазақ  поэзиясын  басқалармен  терезесі  тең

дәрежеге көтере алды, мағынасы жағынан да,

түр формасы жағынан да қазақ өлеңіне түбірлі

өзгерістер, жаңалықтар енгізді».

Орыс  әдебиетіне  ынтыға  құмар  болған,

оның классиктерін ұстазым деп атаған Шәкәрім

Құдайбердіұлы  шығармашылығы  қазақ

поэзиясының  осындай  өсу,  кемеліне  келу

сапарындағы  елеулі  белесі.  Поэтикалық

ізденістері, өлеңдерінің мәдениеттілігі, жасаған

сурет,  бейнелерінің  дәлдігі,  әрі  көркемдігі,

сөздің  мағыналық  сыйымдылығын  тереңдетуі

–  мұның  бәрі  Шәкәрім  шығармашылығының

томаға-тұйық емес, басқа мәдениетті халықтар

әдебиетінің озық үлгілерімен ұштас жатқанын

байқатады.

Гомер, Хафиз, Пушкин, Толстой, Гоголь,

Некрасов қазыналары ақынға мол рухани азық.

Оларға табынады, бас ұрады.

Оятқан мені ерте Шығыс жыры,

Айнадай айқын болды әлем сыры.

Талпынып орыс тілін үйренумен

Надандықтың тазарып кетті кірі.

Танбаймын, шәкіртімін Толстойдың,

Алдампаз, арам сопы «кәпір» қойдың.

Жанымен сүйді әдебиет, ардың жолын,

Сондықтан ол иесі терең ойдың.

Келесі өлеңінде ақын бұл ойын онан әрі

тереңдетеді:

Білсе егер Салтыков пен Толстойын,

Сезсе олардың айтылған терең ойын.

Гоголь мен Пушкиндерден ғибрат алса,

Қазақтың бөлер еді-ау нұрға бойын.

Білім  мен  мәдениет  қонған,  оқу,  өнері

дамыған ұлы орыс халқының елін ақын батыл

өнеге  етіп  ұсынады,  тәлім  алуға  шақырады.

Жоғары  мәдениетті,  ойшыл  ақынға  орыстың

демакратияшыл әдебиеті көп әсер, ықпал еткен,



41

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №3  (24)

суреткерлікке үйреткен. Орыс әдебиетінің көп

туындыларын терең ұғынып, ықыласпен қазақ

тіліне аударуы да ақынның данышпан әдебиетке

қарай бұрған достық бетін аңғартады».

Ш.Құдайбердіұлының  аударма  өнерін

қазақ әдебиеттану ғылымында тану қазірде де

жалғасып,  құнарлана  түсіп  отырған  зерттеу

бағыты.  Аудармашының  сөз  табу,  деталь

тірілту, оқиға құрылымын ықшамдау, ыңғайына

орай оңтайландыру, т.б. толып жатқан тәсілдері

бір  бағытта  орыс  өмірінің  кең  суретін  дәл

салуымен маңыздана түссе, енді бір қисында

өзіндік  стильдік  шеберлік  шыңдаудағы

тегеурін-ықпалы тұрғысында мәнді.

«Пушкин  мұрасының  қадір-қасиетін

бойлау  оңай  шаруа  емес,  білімдарлықты,

интеллектуалдықты  қажет  етеді.  Шәкәрім

Пушкин поэзиясын «Күннің көзіне» балайды,

осы  бір  қанатты  сөзді  кейінгілер  де  жиі

қолданған-ды.

Пушкин  мұрасының  бүкіл  адамзаттың

рухани дамуындағы, орыс халқының мәдениеті

мен әдебиеті тарихындағы мән-маңызы туралы

толғаныстарын  Шәкәрім  Пушкиннің

«Дубровский»  өлеңмен  аударуына  кіріспе

өлеңінде  айтқан»    –    дейді  Ә.Тәжібаев  пен

Ш.Сәтбаева.

«Ш.Құдайбердиевтің осы екі аудармасы

сөзсіз, қазақ әдебиетіне қосылған үлкен үлес.

Және  бұл  екі  шығарманың  құндылығы  жан-

жақты  зерделеніп,  әлі  бағалана  қойған  жоқ.

Сондықтан,  әдебиетіміздің  асыл  мұралары

санатындағы  мұндай  дүниелер  арнайы

зерттеуді қажет етеді».

Филология  ғылымдарының  докторы

А.Ісмақова  күн  тәртібінде  тұрған  мәселені

қозғап отыр.

Ұлан-ғайыр  шығармашылық  иесі,

Шығыс  пен  Батыстың  рухани  кеңістігін

жатырқамай,  жатсынбай  шарлаған,  Абай

дәстүріндегі 

ізгілік 

іздеуші


Ш.Құдайбердіұлының  әдеби  мұрасын

жанрлық, тарихи, стильдік, тілдік арқауларда

зерттеуді дамытып отыру  өрісінде қаламгердің

аударма  өнеріндегі  шеберлік  ұштау,  шыңдау

өнегесі  де  мейлінше  маңызды,  арнайы,

қайырылып  соғып  отырып,  індете  зерттеуді

тосады.

Сол тұрғыда Қазақстанда бірнеше зерттеу



орталықтары абайтану, шәкәрімтану бағытында

жұмыс  жүргізіп  отыр.  Осыған  қоса  ҚР  Білім

және  ғылым  министрлігі  тарапынан  зерттеу

жобаларға қаржы бөлінеді. Мәселен, 2012-2015

жылдар  аралығында жұмыс жүргізетін «Абай,

Шәкәрім  шығармашлығын  зерттеудің  жаңа

бағыттарын  ғылыми  негіздеу  мәселелері»

жобасымен  грант  алып  отырған  әл-Фараби

атындағы Қазақ ұлттық университеті филология,

әдебиеттану және әлем тілдері факультеті қазақ

әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасында

орындалатын зерттеу жұмыстардың бір саласы

Абай, Шәкәрім мұрасындағы орыс классикалық

әдебиетін аудару мектебі, аударма өнерінің қазақ

жазба әдебиетінің жанрлық орнығу үрдісіндегі

көркемдік мәні тұрғысында да арнайы зерттеулер

жүргізілмек.

Қазіргі  қазақ  руханиятындағы  әдеби

ықпалдастық  негіздері,  соның  ішінде  орыс

классикасының  орасан  зор  шығармашылық

ықпалы,  өнегесі  бағытында  нақтылы

дәйектемелермен  толыға  түскен  еңбектер

жазылуы тиіс.

ХІХ ғасыр  соңы мен ХХ  ғасыр басында

қазақ  руханиятында  өлшеусіз  мүмкіндіктер

әлуетімен  күрделі  қоғамдық-әлеуметтік

қақтығыстар 

дәуірінде 

ұлттық,

жалпыадамзаттық  мұраттар  туын  жықпай



ұстаған  ойшыл  ақын  Ш.Құдайбердіұлы  орыс

ақыны  Пушкиннің  қара  сөздегі  үздік

туындыларын  туған  халқына  өлең  тілмен

сөйлетіп берсе – оның және бір өзіндік себебі бар.

ХІХ  ғасырдағы  орыс  орленталистері  қадап

айтатындай,  қазақ  –  ақын  халық,  ақындықты

ежелден  өнер  санап,  бағалаған  ел.  Ауызша

әдебиет өлең үлгісінде өтімді болғаны және бар.

Осыларды Шәкәрім ескерген.

Қазіргі кезеңде қазақстандық ғалымдардың

Шәкәрім  мұрасы  хақында  жаңа  зерттеу

бағыттарын түзуі өз алдына, байырғы дәстүрмен

Ресей  орленталистика  ғылымы  да  Абай,

Шәкәрім мұрасын назарда ұстаса – нұр үстіне

нұр болар еді.

Өз дәуірінде ғана емес, арғы-бергі қазақ

тарихындағы  аса  сауатты  тұлғаның  бірі

Ш.Құдайбердіұлының «Ескі ақындық» өлеңінде

қазақ  өлеңінің  теориялық  тұғырларын


42

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №3  (24)

айқындауда бағдар болар пайымдаулар жатыр.

Бұл  өлеңнің  әр  жолының  дердік  астарында

бұққан көп сыр бар.

Қазақ өлеңінің көркемдік құпиясы қанша

зерттеліп  келе  жатқанымен,  теориялық

тұрғыдан  тұғырын  тапқанымен,  әлі  де  ішін

ашып болған жоқ.

Өлең  сөздің  тарихында  теориялық

негізде саралана түсетін тұстар баршылық.

Қазіргі  уақытқа  шейін  кезінде

Ш.Уәлиханов айырып, атап көрсеткен қазақ

халық поэзиясы  үлгілеріне қатысты  арнайы

зерттеу  еңбектің  болмауының  өзі  –  осы

мәселеге  үстірт  қарап  келе    жатқандықты

көрсетсе керек.

Қазақ  өлеңінің  даму  тарихындағы

дәстүрлі үлгілер мен жаңа түрлер тұрғысында

арнайы  зерттеу,  ауызша  өлең  мен  жазба

өлеңнің  айырым  белгілерін  ажырату,  тану

бағытындағы зерттеулердің қажеттілігі жайлы

тілтанушы ғалым Құлмат Өмірәлиев мәселе

қойып, қайсыбір мәнде айғақ пікірлер айтып,

нақты тұжырымдар жасады. Алайда, кейінгі

кезеңдегі  өлең  теориясына  арналған

зерттеулер  бағытында  қазақ  өлеңтанушы

ғалымдары әр кезеңде күн тәртібіне қойып,

қозғап  кеткен  пікірлер  де,  Қ.Өмірәлиев

тоқтамдары  да  назарға  іліне  бермейтіні

байқалып  отыр.  Бұл  тұрғысында  айтылар

сөздің бір тиегі Ш.Құдайбердіұлының «Ескі

ақындық»  өлеңіндегі  ойлармен  сабақтасып

жатыр.

Әдеби ортада Абайдың «Біреудің кісісі



өлсе  –  қаралы  ол»  өлеңін  тілге  тиек  етіп,

«Бұхар, Шортанбай, Дулат өлеңін Абай өлең

деп  отырған  жоқ  қой»  дегендей  ойлар  да

айтылып қалады. Кезінде Абайдың бұл сөзі

бұрынғылардың  сөзі  ауызша  сақталып,  көп

өзгеріп жеткеніне де орай айтылғаны анық.

Шәкәрім  ескі  ақынның  өлеңіне  сын

көзбен қарап, бағасын дұрыс беруге қатысты

бастаған шығармасында былай дейді:

Ескі ақыл бізден өлі артық,

Ол кезде туған бала артық.

Жасымыздан шалы артық,

Тақпақ пен мақал тағы артық,

Суырып салма жағы артық.

Айтады олар ойланбай,

Сыпыра жырау, Шортанбай.

Үмбетәлі мен Марабай –

Алды-артына қарамай.

Соққанда жырды суылдап,

Жел жетпейтін құландар!

Шәкәрім терминдік мәнді жыр, түр, буын,

ұйқас,  тақпақ,  мақал,  сыпаттау,  жыршы,

ақындық, ақын тіл ұғымдарын қолданысқа енгізе

отырып, ескі өлең туралы, ондағы ақындық қуат

туралы, өлшем мен өрнек туралы, негізгі сарын,

үзілмеген  арқау,  арналы  желілер  туралы  үдете

сөлеп, үздік-үздік ой төгеді.

Жырдың жанрлық табиғатын өлең тілмен

таратып айтқан, тауып-тауып айтқан Шәкәрімнің

осы  өлеңі  жыраулар  поэзиясының  жанрлық,

көркемдік қыр-сырын бір ғасыр жарымдай уақыт

бұрын  саралап  бергенін  көреміз.  Жыраулар

поэзиясының 

қайталанбас 

өзгешелік,

ерекшелігін, мәселе тек өлшемде емес екендігін

әуелі бір қайырып ескертіп алған Шәкәрім айтар

уәжде кейінде өлең теоретиктері, соның ішінде

Зәки Ахметов жыр өлшемімен жазылған жаңа

түр – лирикалық өлеңнің өзгешелігіне тоқталған

тұстағы  қисындармен  желілес  ой  нышандары

бар.


Мұны оқыған ұландар,

Үмбетей жырын сынаңдар

Байқап оқып әрбірін,

Ақылға салып бар сырын.

Не деп отыр, - көр түрін.

Абылайдың алдына

Салып отыр көрдің бе,

Басынан кешкен тағдырын.

Сыртын ұқпа, мұны аңғар!

Шәкәрім  өз  тұстары  жыр  деп  айтса  да,

буыны  бірдей  болса  да  Үмбетей  салған  түрді

жасай  алмайды  деп,  жыраулық  поэзияның

өзгешелік,  ерекшелігі  тұнған  толғау  өлеңнің

тарихи өзгерісін тап басып көрсеткен.

Тақылдатып айтсақ та,

Ұйқасқа жылдам қайтсақ та,

Аяқты бірдей бассақ та,

Шықпайды бізден терең сыр.



43

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №3  (24)

Жырдың жайын білмейтін

Бізде осындай ылаң бар.

Шәкәрім жыраулар поэзиясының  дәстүрлі

көркемдік ерекшеліктерінің бірі – тармақтардағы

буын  санының  әркелкі  болып  келетін  түрі

туралы  тап  басып,  анық  айтады,  осында  бұл

толғау өлеңнің міні емес, сыны деген ой анық.

Ескі жырдың ұйқасы

Бірі қысқа, бірі ұзын,

Буындары бұзық деп,

Біз баспаймыз ол ізін.

Неге бұлай айтты деп

Сынамаймыз негізін.

Ойлай келсен ескі жыр

Салады тұлпар желісін,

Міне, байқа мұнысын.

Әрі  қарай  Шәкәрім  ескі  жырдың  кейде

жорға,  кейде  жүйрік  сипатын,  кейде  қыран

құстай  ұшарын,  кейде  қомдап  қысқанын,

қамшылап қанат қаққанын, кейде атылған оқтай

аққанын, кейде жұлдыздай сызылып, алдыңғы

түрден  бұзылып,  өзгеріп  кете  баратын

құбылыстарын саралап береді. Ескі жырдың,

ақынның  сырын  аңдап  ұғудың  жөнін

меңзейді. Шәкәрімнің бұл өлеңі тосын теңеу,

түлеп  ұшқан  ұшқыр  тіркеске  толы.  Өлең

сөздің  қуат,  әсерін,  құбылған  түсін,  сұлу

сымбатын құйқылжыта сипаттаған.

Кейде жыршы айтады

Ақбөкеннің жүрісін,

Зырқырап барып қайтады,

Алады тағы тынысын,

Төрт аяғы көрінбей,

Бұлдырап желер ерінбей.

Кейде қарғып кетеді,

Ылғи желіп керілмей...

Енді бір сәт Шәкәрім атадан қалған асыл

сөздің  құны  қымбат  дейді.  Келер  күннің

жайына қауіп айтып, ескертеді.

Ойнағандай құлын, тай,

Жырда болар талай жай.

Кетпеңіздер байқамай,

Боласың әлі бұған зар!

Ақындықтың  қуатын  жаратылыстың

жайымен жалғап сөйлеу дағдысында Шәкәрім

– желден жүйрік. Тапқыр.

Жыраулық  поэзияның  негізгі  арқау,

дәстүрлі желілері, көркемдік құны осы өлеңінде

төгіліп  тұтас  түскен.

Кейде айтады ақындар

Жайдары желдің соғысын,

Қатайып, кейде баяулар,

Түрлендіріп  долысын.

Кейде ақырын сыбырлап,

Жиілеу басып, жыбырлап,

Әкетер алдап, ойды ұрлап.

Жырда  қате  жоқ  дейді  ақын.  Соны  ұқ

дейді. Анықтап біл дейді. Жырау поэзиясының

өнеге, насихат, тіршілік тоқтамдарын, уағыз сөз

айтар  қырын  да  ақын  назардан  тыс

қалдырмайды.  Толғау  тілінің  құнын  атап

көрсетеді. Ақындық тәсіл сырларына меңзейді.

Кей ақындар мисалдар

Мөлдір судың аққанын.

Арыстандай арқырап,

Күрілдеп  келіп  сарқырап

Баяулап барып ақырын,

Жатады  күнге  жарқырап,

Мініңді тырнап ашытар,

Жігеріңді тасытар

Тәтті сөзі балдай боп,

Қасиеті қандай көп!

Елжіретіп  сүйекті,

Бергендей боп тілекті...

Шәкәрім  қазақ  поэзиясындағы  дәстүр

ұғымын  осылайша  өлең  тілмен  өрнектеп

жеткізген. Сөз таңдауы, жырдың сипатын дөп

басып,  көкейге  құйып  тастап  кетіп  отыруы

бөлекше осы бір «Ескі ақындық» атты шығарма

– Шәкәрім поэзиясындағы өзгеше бір көркемдік

нәрімен,  өлең  сөзді  саралау  мәнімен  құнды.

Шәкәрім осында өлеңге теориялық талдау жасап

отыр, өлең туралы сырт баға, жалпы мәндегі ой

айтып  отырған  жоқ,  өлеңнің  ішіне  еніп,  бар

құпиясын, құштарын, құнын ашып айтып отыр.



44

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №3  (24)

Көркемдік  талғамы,  асыл  сөзге  деген

талабы күшті, ойшыл Шәкәрім, дала данасының

бір  ғана  шығармасының  арқауында  онсан  ой

айтарлық салмақ жату құблысының құпиялары

әркез  кім-кімді  де  тәнті  етумен  келеді.  Бұл

тұрғыда шәкәрімтануда арнайы  зерттеулер әзірге

аз ғана.


Абай  дәстүрін  берік  ұстанған,  ілгері

оздыруға  қатысқан  Шәкәрім  ақындық  өнер,

өлең сөз, оның құны мен құнары туралы әркез

ой қозғап отыратыны белгілі.

Ж.Аймауытұлы мен М.Әуезов «Абайдан

соңғы ақындар» атты мақалда айтқан ойға үндес

сыншылдықты  Шәкәрімнің  осы  «Ескі

ақындық» толғамынан да көреміз. Шәкәрім ескі

ақындықтың  поэтикалық  қуаты,  дәстүрі,

мектебі  туралы  сөзді  бекерден  бекер  қозғап

отырған жоқ.

Өз  заманындағы  көп  «өлеңшінің»    көп

өлеңі  ақын  талғамының  таразысына

тартылғанда, не әрі, не бері бола алмай жатқан,

жаңаға  бет  түзеп  жарыта  қоймаған,  ескіден

бойын  алып  қашқан  қайсыбір  қалпымен  де

көңілге олқы соққандай.

«Тегінде «Ақын бар, «өлеңші» бар. Ақынға

қойылатын шарттар: әлгі айтылған өлеңшілікке

ол шарттардың кейбірі болса да жарай береді.

Бұлай  болғанда  біздің  өлшеміміз  көп,

ақынымыз аз».

Аталған мақалада Шәкәрім ақындығына

да баға берілген.

Абай  дәстүрі,  ақындық  өнер,  Шәкәрім

ақындығы  туралы  төрелік  айта  отырып  ой

бөліскен Аймауытұлы мен Әуезов Шәкәрімнің

өлеңінде  мінді  кемшілікті  айтқанда  жерлеп,

кенеп,  шенеп  кететін,  аямайтын  шанышпа

ащылық бар дейді.

«Ескі  ақындық»  өлеңінде  Шәкәрім

дәстүрлі  жырдың  артықшылығы,  поэтикасы

туралы  кейінгі  ақындықтағы  олқылықтарды

сөгіп отырып сөйлегенін көреміз.

С.Торайғыров 1913 жылы «Қазақ тіліндегі

өлең кітаптары жайынан» атты мақаласында ХХ

ғасыр  басындағы  қазақ  өлеңінің  сапасы  мен

салмағы, тіл тазалығы тұрғысынан өткір ойлар

айтқаны белгілі.

Шәкәрімнің «Ескі ақындық» өлеңі қазақ

поэзиясының  көркемдік  даму  тарихындағы

елеулі жанрлық құбылыстарға көңіл бөлуімен де

мәнді.

Осы өлеңге Шәкәрім шығармашылығын



жан-жақты зерделеген ғалымның бірі

Ш.Қ.Сәтбаева  мынадай  бір  қырынан  ден

қойған:

«Ғылымның, творчествоның адамдарын



жырға қосып, көркемдік бейне жасау дәстүрлі

дегеннен  шығады,  «Ескі  ақындық»  деген

өлеңінде Шәкәрім алғашқылардың бірі болып

Үмбетей  жырының  сырларын,  ескі

ақындықтардың «суырып салма жағы артық»

қасиеттерін  «Сыпыра  жырау,  Шортанбай,

Үмбетей  мен  Марабай  «соққанда  жырды

суылдап,  жел  жетпейтін  құландар»  екенін

өлеңге өзек етіп:

Таңқаларлық ісі бар,

Көңілді тартар күлкі бар

... Жігеріңді тасытар

Тәтті сөзі балдай боп

Насихатты шамдай боп

Қасиеті қандай көп,

–    деп  қастерлейді.  Осы  қасиеттердің  мән-

мазмұнын  ашады,  «Ақындыққа  құмарлар»

ақынның  сырын  танып,  ойға  салып,  ұғып

алуына кеңес береді».

Не дегенде де Шәкәрім белгілі бір кезеңдегі

қазақ  өлеңінің  көркемдік  сапасына

алаңдаушылық  та білдіріп отыр.

С.Торайғыров 

қозғап 


отырған,

Ж.Аймауытұлы  мен  М.Әуезов  айтатын  өлең

сөздің  даму  бағытындағы  келеңсіздіктер

Шәкәрімді де бей-жай қалдырмаған.

«Бұзылған  қанымызды  түзеп,  қарайған

көңілімізді жуып, жанымызға пайда, дертімізге

шипа  болады-мыс  деген  жарыпсал  жаңа

әдебиетіміздің «нысана нұсқаған қол, көрсеткен

жолы жоқ. Құр «қатын ойбайға» айналып, әркім

соны  ән  көріп  бара  жатқан  соң,  қазақ

жазушылары-ау,  алдарына  салып  айтып

отырмын:  құр  ойбай  дегенмен  ойбайдың  да

ойбайы бар ғой, жылаудың да жылауы бар ғой.

Туыстағы тұрмыс дерті, зығырданды қайнатып,

бармағыңды  шайнатып  ықтиярсыз  ызалы

ызғарын төгеді, сай-сүйегің сырқырарлық ащы

зарлы бебеулерін қағып көңіл толғағын, жүрек


45



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет