Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата15.02.2017
өлшемі2,06 Mb.
#4157
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2014  №3  (24)

Қайран терең ойым, қартайып тоздың ба?

Еріншек боп бұйда создың ба?..

Есті жи, тозды ми...

Жыр жазбасын, тартар ой,

Күннен күнге жалқауланып баяу...

Мида жоқ бұзық қан, ақылың таза,

Не себептен боласың, ойды бұзып,

Күдер үзіп, наза.

Бұл үзінділерден де ойдың «қартаятынын»,

«тозатынын»,  «жалқауланатынын»,  мидың

«тозатынын»  байқап  отырмыз.  Қазақ

поэзиясында  бұрын  кездеспеген  тіркестер.

«Сергек ой», «терең ой», «алжасқан ми» деген

сөз тіркестері әбден таныс та, ал «тозған ой»,

«жалқау тартқан ой» дегендер болмаған. Ақын

жаңа  сөз  тіркестерін  жасау  арқылы  айтылмақ

ойдың  мән-мағынасын  толық  жеткізе  алған.

Олай  дейтініміз  ақын  жаңа  эпитеттерді

кездейсоқ қолданып отырған жоқ: оның айтайын

дегені анығында да тозған ой, запыда болған,

шаршаған  ой,  істен,  қызметтен,  талқыға  көп

түсуден талған ой. Ақынның айтқалы отырғаны

«алжасқан», «адасқан» ой, немесе «ауысқан» ми

емес. Әрбір физикалық дене, зат сияқты ойдың

да, ақылдың да тозатынын білдірген. Ақынның

зары да, мұңы да осы сөздерде тұр, трагедиясы

да осында. Өйткені бұл сөз тіркестері тектен-тек

қолданылмаған,  әбден  титықтаған  «адамның

қалпын аңғартады. Ұлы Абай «Мыңмен жалғыз

алыстым,  кінә  қойма»  дегенде,  сол  кездегі

ортаның қайшылық, қиындықтарын, өз басына

түскен  тауқыметті  білдірген.  Абайдың

ағартушылық,  ілгерішіл  бағытын  ұстанған

Шәкерім  де  сол  феодалдық-патриархалдық

жағдайдағы сорақы кемшіліктерді көріп налиды.

Жолама қулар маңайға,

Не қылмадық талайға!

Кім жағады сендерге

Тартқызған азап Абайға!

Соның да тілін алмадың,

Сабадың, сөктің, қарғадың.

Көріне қашан кіргенше,

Арсылдап иттей қалмадың,

– дейді Шәкерім, Абай күйін жақсы біліп, терең

ұғып, Абайдың жауларына шығарған үкімдей

естіледі,  ақын  басындағы  трагедияны  көзге

елестетеді.

Байқасақ, суреткерлік жағынан адамның

көңіл-күйін,  жүрек  тілегін,  мұң  арманын

білдіруде Шәкерім енгізген жаңалықтар мол. Рас,

Абай да, «ыстық жүрек», «ет жүрек», «терең ой»,

«ауыр ой», «зерек ақыл», «адасқан күшік» (ой

жөнінде), «жаралы жүрек», «қан жүрек», «ауру

жүрек»,  «қара  көңіл»  сияқты  эпитеттер  көп.

Шәкерім  бұлардың  санын  да,  сапасын  да

арттырған. Мәселен, ойдың «еріншек» болуы,

ал  жыр  жазбаса  (яғни  күнде  ойланып,

толғанбаса) «жалқау тартуы» сияқты ұғымдар

бұрынғы поэзияда атымен жоқ. Денені қолды

ғана емес, ойды да, миды да жаттықтыру керек

дегенді  уағыздайды  ақын.  Абай  дәстүріндегі

поээияның  биік  мәдениетін,  алғырлығын,

философиялық  түйін-толғанысқа  деген

қабілетінің молдығын байқаймыз.

Бейтарап  ой-қиялға  қабілеттілік

(способность  к  абстрактному  мышлению)

әдебиетті өнер биігі еткен факторлардың бірі дер

едік. Өйткені сурет, кейіп, бейне дегендердің өзі

осылай  ойлаудың,  қиялданудың,  өмірдегі  бар

нәрсенің  дұрыс  баламасын  іздеудің,  соны

табудың салдары. Айнала дүниедегі бар нәрсені

сол  күйінде  айту,  хабарлау  тек  ақпарлық

информациялық іс. Әдебиет сонымен шектелмек

емес,  әдебиет  оған  абстракт  ойлаудың

нәтижесінде  жан,  өң  бітіреді,  белгілі  мүсінге

келтіреді, ішкі сырын ашады.

Байырғы поэзиядан, көне әдебиеттен Абай

бастаған жаңа, жазба әдебиеттің жер мен көктей

айырмашылығы образдық ойдың, бедерлі ой-

қиялдың  жетілуінде.  Жетіліп,  толығып  қана

қоймай, көптеген жаңа мүмкіндіктер ашуында

бейнелік ұғым, түсініктердің құлашын кеңейтіп,

атқарар  қызметін  күрделі  етуінде;  тек

«тапқырлық»  «қызыл  тілдік»,  «шешендік»

жолмен  емес,  ақылды,  зерлі,  есті  поэзия

тудыруында.  Абай  поэзиясының:  дүние  жүзі

әдебиетінің  данышпандық  туындылары

қатарынан орын алатыны осыдан.

Жаңалық  іздерін,  Абай  поэзиясының

таңбаларын  Шәкерімнің  табиғат,  өмір  жайы

лирикаларынан да байқаймыз. Бұрынғы бар ой,

идеяларды  толықтыра,  өзіндік  мәнермен


22

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №3  (24)

жырлай отырып,  ақын соны  пікірлер айтады.

Философиялық ой-қиялға берілу, өмірдің жеке

фактілерін  ала  отырып  түйіндер  жасау  оның

лирикаларының деніне тән.

Бір ағын су, дүние қу,

Түстік онда шөп болып.

Сандаламыз, күнде ағамыз,

Бейнетіміз көп болып.

Өмір,  дүние  тақырыбын  осылай  кейде

аллегория, кейде тікелей дидактика жолымен

түсіндіргісі келеді. Теңеу, метафора мысалдары,

бейнелеу  амал  қызғылықты  болғанмен  ақын

мұндай  өлеңдерінде  көбіне-ақ  ескі  сүрлеуге

ұрынады. Бір айырмашылығы тізбелемей, сурет

етіп, болған оқиға сияқтандырып айтуы.  “Ақын

көп  өлеңдерінде  өмірге  материалистік

көзқарасын  байқатады.  Ол  пікірін  дәлелді

суреттемелермен  бейнелі  ой-жорамалдармен

бекітеді. Әсіресе, ғылыми жаңалықтарды көп

насихаттайды,  өзі  соның  жұмбағын  шешкісі

келеді.


Күннен неге түсіп тұр мұнша жарық,

Сегіз минут ширекте жерге барып.

Әншейін құр жарқырап тұрып алып,

Жылылық нұрмен бірге жүр қозғалып,

Барша әлем тапжылмай тұрып қалса,

Бола ма уақыт деген өлшеу салып?

Мақсат, тәртіп керексіз тозаңы жоқ,

Тексермей неге отырмыз мұны ойланып?

Мұхитқа тозаң құрлы тұз салайын,

Ойлайсыз сол нешеге бөлінді деп.

Келесі  өлеңіндегі  мына  жолдарға  назар

аударалық:

Жаралыс басы қозғалыс,

Қозғауға керек қолқабыс.

«Жан» де, мейлің бір «мен» де,

Сол қуатпен бол таныс,

Әлемді сол мен жаратқан,

Қозғалмаса көшпейді,

Көшпеген нәрсе өспейді.

Өспеген нәрсе өзгермес,

Түрден ол түрге түспейді,

Қозғалыс түрлеп жаратқан.

Осы  үзінділерден  материалистік

диалектиканың біраз заңдарын көруге болады:

жылылық (закон сохранения, энергия), қозғалыс

(движение), уақыт, әлем (время и пространство),

тозаң (атом), бөліну (деление атома), жан, мән

(сущность), қуат (энергия), түрден түрге өзгеріс

(изменения  видов,  состояний)  және  басқа

категорияларға  байланысты  өзінің  түсінігін

білдіреді  және  онысы  дұрыс  та.  Жаратылыс

механикасын  ғылыми  жолмен  ұққан  адам

өміріне байланысты қорытындыларында да сол

тұрғыдан таймайды.

Құс, балық, шаян, көп алуан,

Айуаннан өсіп болдық адам.

Кейіміз есті, кейіміз надан,

Жаралыс салған сондай мән.

Жанымыз күннен келген нұрдан,

Тәніміз топырақ пенен судан.

Күн – атам, анық жер – анам,

Бірі нұр беріп, бірі тамақ,

Бұзады бірақ қайтадан.

Ер жетем, толам, қайта солам,

Әрі анам – бұл жер, әрі молам,

Денемді жұтпай тынбаған.

Адамның дүниедегі орнын, тіршілік күйін

ақын өте дұрыс түсініп суреттейді. Айуаннан

дегені  маймылды  мегзегені  болу  керек.  Бәрі

«жаралыс»  (жаратылыс)  заңына  байланысты

етіп  жатады  дегені  де  ақылға  қонады.  Ал,

адамдардың кейі есті, кейі надан болуы да осы

әуелгі «жаралыстан» деуі ақындық бейне, түйін

жағынан алғанда жарасымды езу тартқызатын

юмор. Адамның  жақсы, жаман  болуы ортаға,

қоғамға,  мақсат,  идеалға  байланысты  екенін

ақын  білмейді  емес,  бірақ  бұл  детальдар

социологияның  жұмысы,  әңгіме  бүкіл  әлем

жайында  болып  отырғанда  ақын  о  жағын

бажайлап  жата  ма!  Жерді  «әрі  –  анам,  әрі  –

молам!» деп тауып айтқан.

Ғылым, 


жаратылыс, 

философия

тақырыбынан табиғат (жер, ай мен күн, жан-

жануар,  өсімдік)  лирикасына  ауысқанда  да

Шәкерім  ғылымдық  негізден  аулақ  кетпейді,

белгілі  құбылыстың  заңды  ерекшеліктерін



23

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №3  (24)

өлеңнің фабуласына қоса   отырады. Абай сияқты

табиғат  көріністерін,  жыл  мезгілдерін  адамға

немесе оның қылығына ұқсатып жырлау, ақынға

тән.  Жердің  сан  алуан  өсімдіктер  мен  жан-

жануарға толы қалпын: «жөн беріп жарық жылы

нұрдан, күн атам жерді буаз қылған», – деген

кейіптеумен айтады. «Әбден толып жарық ай»

атты өлеңінде Шәкерім ай мен күнді сүйікті жарға

бәсекелескен  адам  есебінде  алып  үлкен

поэзиялық сурет жасайды.

Айды суреттей  келіп,  оның бұдыр екенін,

бірте-бірте  келіп,  орақтай  болып,  ақырында

жоғалып  кететінін  айтады  (астрономиялық

құбылыс):

Қармақтай белі бүгіліп,

Таласудан түңілді,

Жаны шықты жығылды,

Таласты екен несіне!

Ай өлген соң күн шықты,

Мен жеңемін оны деп,

Айдан көрі мен мықты,

Болмады айдың жолы деп.

Нұрлы күннің бетінде

Алты, жеті дағы бар

Уайым сол, ниетінде

Көреді-ау деп тағы бар.

Ай  мен  күнді  адам  ретінде  алып,  әдемі

кейіпкер,  сурет  жасайды  да,  астрономиялық

фактыларды да ақын өлеңге қосып жіберді. Және

жайдан-жай емес, белгілі портрет жасау үшін

пайдаланады.  Мәселен,  айдың  өз  көлеңкесіне

жасырынып,  ақырында  «қармақтай  бүгіліп

қалатыны» рас (әдемі табылған образ),  ал күннің

бетінде  жеті-сегіз  дақ  бар  екені  де  рас,  оны

адамның  бетіндегі  секпілі  есебінде  алып

көрсетеді.  Өлең  лирикалық  сұлулығымен

тартады.


Орыс  әдебиетіне  қанық,  құмар  болған

оның классиктерін ұстазым деп атаған Шәкерім

творчествосы қазақ поэзиясының өсу, кемеліне

келу  сапарындағы  елеулі  белесі.  Поэтикалық

өлеңдерінің  мәдениеттілігі,  жасаған  образ,

бейнелерінің  мәдениеттілігі,  жасаған  образ,

бейнелерінің  дәлдігі  әрі  көркемдігі,  сөздің

мағыналық сиымдылығын тереңдетуі – Шәкерім

творчествосының томаға емес, басқа мәдениетті

халықтар әдебиетінің озық үлгілерімен ұштас

жатқанын байқатады.  Гомер, Хафиз,  Пушкин,

Толстой,  Некрасов  қазыналары  ақынға  мол

рухани азық.

Оятқан мені ерте Шығыс жыры,

Айнадай айқын болды әлем сыры.

Талпынып орыс тілін үйренумен

Надандықтың тазарып кетті кірі.

Танбаймын, шәкіртімін Толстойдың,

Алдампаз, арам сопы «кәпір» қойдың.

Жанымен сүйді әдебиет, ардың жолын,

Сондықтан ол иесі терең ойдың.

Келесі өлеңінде ақын бұл ойын онан әрі

тереңдетеді:

Білсе егер Салтыков пен Толстойын,

Сезсе олардың айтылған терең ойын

Гоголь мен Пушкиндерден ғибрат алса,

Қазақтың бөлер еді-ау нұрға бойын.

Сопы-молдалардың  қазақ  халқын  орыс

халқына  қарсы  қою,  діни  араздықты  қоздыру

сияқты  қылықтарын  қатты  сынайды  да,  онан

таптық мәні бар қорытынды шығарады.

Өнерді, білімді елден тәлім алмай,

Қуларға еріп, момындар тартар азап,

Алааяқ сұмдарға ерсең болмас жолың,

Қазағым-ау, қаңғырып қайнар сорың.

Көріп отырмыз, «момындар», «қазақтар»

деп ақын бұқара көпшілікті, еңбекші халықты

айтып отыр. «Сұм» дейтіні билеуші тап, сопы-

молдалар. Білім мен мәдениет қонған, оқу-өнері

дамыған орыс халқының елін ақын батыл өнеге

етіп ұсынады, тәлім алуға шақырады. Жоғары

мәдениетті,  ойшыл  ақынға  орыстың

демократияшыл  әдебиеті  үлкен  ықпал  еткен,

суреткерлікке үйреткен. Орыс әдебиетінің көп

туындыларын терең ұғынып, ықыласпен қазақ

тіліне аударуы да ақынның данышпан әдебиетке

қарай бұрған достық бетін аңғартады.

Абай дәстүрін мықты ұстаған ақын өлең

мен  жырға  қоятын  талабында  да  ұлы  Абайға


24

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №3  (24)

В  статье  Муслима  Базарбаева  анализируется  поэзия  Шакарима,  выделяются

художественные  особенности,  образная  система  лирики  поэта,  новаторство  в  звуко-

ритмическом строении стиха и т.д.

Тhe article by Muslim Bazarbayev gives the analysis of Shakarim’s poetry and poets underlines

artistic peculiarities, the system of poet’s images in lyric, the innovations in sound- rhythmic composition

of a poem.

ұқсап бағады. «Құр айғай ән бе екен, құлаққа

сән бе екен?» деген жолдарды еске түсірсек,

талап-тілек ұқсастығын, сонымен бірге өлеңнің

сыртқы  формасының  да  жақын  келетінін

байқаймыз. Алайда, ақын, әрине, өзіндік мәнер,

өрнек іздеген, бұрынғының шеңберінде қалып

қоймай, жаңа бейнелі суреттер жасаған. Абай:

«тілге  жеңіл,  жүрекке  жылы  тиіп,  теп-тегіс,

жұмыр  келсін  айналасы»  десе,  Шәкерім:

«қадалып жүрегіне ақ қанжардай, оятсын ой –

күйезді жан бергендей...», «үйіріліп көкейіне

ұйып  жатсын,  жүрек  кірін  жуып  жатсын»,

«сырты  –  гүл,  жарасымды,  ішінде  сыр»  деп

өлеңге,  поэзияға  қоятын  талабын  анықтай,

тұжырымдай  түседі.  Мәнді,  мағыналы  болу,

халық  мұңын  жырлау  –  поэзияның  бірінші

міндеті. Сонымен бірге, орнымен сұлулығын,

әсемділігін сақтау, «қиыннан қиыстыру» (Абай

айтқандай)  ақынға  шарт.  Шәкерім  өлеңнің

эстетикалық әсерін өте жоғары бағалайды, оған

ғажайып арбағыш күш бітіре формасы жағынан

«мың» құбылтып, түрлендіріп жазған үлгілері

көп.


Шәкерім өлеңдеріндегі ұйқас буын, ырғақ,

екпін  жаңалықтарына  қатысты  түйіп  алатын

жай – Шәкерім жаңа бағыт, жаңа дәуірге сай (XX

ғасырдың басын айтамыз) жаңаша ойлай білген.

Жырдың  ендігі  мақсатын  аңғарып,  хал-

қадерінше соны ақтап шығуға ұмтылған. Сөз

қадірін жақсы аңғарған ақын «ойлаңыз біздің

әскер өле ме, қағазға бір басылып қалған соң»

деген  метафорамен  өлеңді  әскерге  балайды

(«Ажалсыз әскер» – 1904ж.) Шәкерім көптеген

поэмалармен қазақ әдебиетінде сюжетті поэма

жанрын дамытқан шебер ақын.



Резюме

Resume

Көркем шығармаларында, негізінде, дұрыс

позициядағы  ақын,  философиялық  ой

топшылауларында, көбіне түртінектеу қараңғыда

қарманғандай  тұстары  жиі.  Сөйтсе  дағы  оған

кертартпа, реакционер деген атақ тағудың орны

жоқ. Философ Қ. Бейсембиев «XIX ғасырдың

соңы мен XX ғасырдың басы кезіндегі идеялық-

саяси  ағымдар»  деген  еңбегінде:  Шәкерім

«Қазақтың қоғамдық ойының діни мистикалық,

идеалистік бағытының ең көрнекті өкілі» дейді,

зерттеуші көбіне ақынның дінге нанымын, ол

туралы  еңбектерін  мысалға  алып  «мракобес»,

«мистик» деген тұжырымға дейін барады. Рас,

Шәкерімнің  дінге  нанымы  күшті  болған.

Дүниедегі кемшіліктің көбі діннің бұзылуынан

деп  ұққан.  Бірақ  бұл  тарапта  белсенді  үгіт-

насихат  жүргізбеген  (елден  аулақ  кетіп,  жеке

тұрған ғой), мешіт ұстамаған, сондықтан да оған

Лютер типіндегі реформаторлық роль атқарды

деу  тым  асыра  айтушылық.  Оның  поэзиялық

шығармалары  азаматтық,  табиғат,  махаббат

лирикалары  жоғарыда  атап  көрсетілгендей,

бұрынғы  дәстүр  мен  жаңадан  ізденудің,

бейнелеу  амалдарының  жаңа  тәсілін  табудың

анық  айғағы.  Абайдың  реалистік  дәстүрі  мен

көркемдік, шеберлік жаңалықтарын бекітіп, әрі

қарай дамытқан.

... Казақ поэзиясының тарихында Шәкерім

творчествосының өзіне лайық алатын орны бар,

лирикалық  өлеңдерін,  поэмаларын,  жалпы

ақындық  бетін  арнайы  зерттеудің  әбден  жөні

бар.  Ақын  мұрасы  қалың  оқушы  жұрттың

қастерлі қазынасына айналуы орынды.



25

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №3  (24)

Ө.ӘБДИМАНҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы, профессор

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Шәкәрім  шығармашылығы  –  қазақ

әдебиетінде Абайдан кейінгі ірі құбылыс. Ол –

Абайдың жақын інісі болуымен бірге, тікелей

Абай мектебінен өткен нағыз шәкірті.

Ұзақ  жылдар  бойы  солақай  саясат

кесірінен  ескерусіз  қалып,  әдебиет  тарихына

енбеді.  Шәкәрім  –  әдебиеттің  көптеген

жанрларында  туындылар  жасаған  қаламгер.

Шығармашылығының басты тақырыптары сол

кездегі қазақ қоғамының бар саласын қамтыған.

Ол, әсіресе, Абай үлгісін шашуда елеулі еңбек

етті. Сондықтан Абай дәстүріндегі көркемдігі

жоғары,  мазмұн,  түр  жағынан  сонылығы

басым,  үлкен  қоғамдық-әлеуметтік  мәні  бар

лирикалар  туғызды.  Абай  ұстанған

ағартушылық,  гуманистік  көзқарасты  қатты

қолдады.


Шәкәрім  халқының санасын тұмшалаған

отаршылдық  қасіретін ашып  көрсететін,  елім

деген жүрек бұлқынысын танытатын өлеңдерді

де  көптеп  жазды.  Оларда  азаматтық  сарын

басым болып келеді. «Қазағым», «Қазақ», «Тағы

сорлы қазақ», «Партия адамдары», «Бостандық

туы  жарқырап»,  «Бостандық  таңы  атты»

өлеңдерінде  ой  тереңдігі  арқылы  замана

шындығын  ашудағы  ізденістері  байқалады.

Шәкәрім  лирикасын  шартты  түрде  көңіл-күй

және  ой-толғаныстар  деп  екі  салаға  бөлуге

болады.


ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасырдың

басындағы қазақ әдебиеті тарихында Абайдан

кейінгі  ұлы  ақынымыз  –  Шәкәрім.  М.Әуезов

өзінің  1934  жылы  жариялаған  «Абай

ақындығының  айналасы»  деген  мақаласында:

«Біз Абайдың дәл өз тұсында, өз дәуірінде еңбек

еткен бірнеше ақын туралы ғана қысқаша айтып

өтеміз.  Мұндай  ақын  –  төртеу.  Оның  екеуі  –

Ақылбай,  Мағауия.  Абайдың  өз  балалары.

Қалған екеуі – Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын

Абайдың нағыз толық мағынадағы шәкірттері»

[1,244], - деп жазды.

1990  жылдарға  дейін  Шәкәрімнің

шығармашылығы  күрделі  ғылыми-зерттеу

еңбекке арқау болған емес. Тек кейінгі жылдары

ғана    қолға  алынған  жұмыстың  нәтижесінде

бірқатар  ғылыми еңбектер жарық көрді. Бұл іске

Қ.Мұхамедханов,  Ш.Сәтбаева,  М.Мағауин,

Р.Нұрғалиев,  М.Базарбаев,  Х.Сүйіншәлиев,

Б.Әбдіғазиев т.б. ғалымдар ат салысып, біраз іс

тындырды.

Ақын – заманның төл перзенті, ұлтының

рухынан нәр алған жан. Сондықтан да қай ақын

болмасын оның поэзиясында өзі ғұмыр кешкен

кезеңнің сыр-сипаты, дәуір алға тартқан өзекті

мәселелер көрініс табады. Бұл қағиданың нақты

айғақтарын қазақ ұлтының ұлы ақыны Шәкәрім

Құдайбердиевтің  шығармашылығынан  да

көреміз. «Шәкәрім – ең алдымен, ойшыл ақын.

Қазақ поэзиясындағы толғаныстан нәр алған ой-

танымды биік деңгейге көтерген Шәкәрім екені

 Автор мақаласында Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығындағы басты ұстаным-



халықтың  болашағына  тұсау  болып  отырған  отаршылдық  бұғауды  айқындап  беретін

азаматтық сарындағы туындыларына тоқталады. Осы жолдағы кемеңгер шығармаларының

сол  дәуірдің  алға  тартқан  қөкейкесті  мәселелер  екенін  көрсетеді.  Ақын  арманы  халқын  алға

жетелеу екенін сараптайды.

Тірек сөздер: Шәкәрім, ақын, қазақ әдебиеті, поэзия, шығармашылық.

ӘОЖ 821.512.122



26

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №3  (24)

шындық [2].

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап

күрт  алға  басқан  ағартушылық  ой-сананың

өрістеуі  Абай  арқылы  қазақ  поэзиясына

азаматтық  ой  тоғанысты  әкелген  болатын.

Шәкәрім де ұлы ұстаз ұстанған осы бағытты

дамытты.


Азаматтық  поэзияға тән  биік  асқақтық,

өмір құбылысына терең үңілген таным-толғам

Шәкәрім өлеңдерінің басты идеялық тұғырына

айналды.  Ақынның  шынайы  азаматтық

болмысын, ақындық сенім көзін айқындайтын

басты  тақырыптар  –  қоршаған  орта,  табиғат

әлемі, тартысты қоғам, қоғамдағы адам, оның

болмысындағы  қадір-қасиет,  адамгершілік

қағидалары  және  мінез-құлық,  тәрбиесінің

негізі.  Шәкәрім  үшін  нағыз  адам  деген  атқа

лайық жандар – ең биік идеал. «Ескіден қалған

сөз теріп» өлеңінде осы нақты көрініс тапқан:

Жүрегі таза адамдар,

Зұлымдықтан амандар,

Қиянатсыз надандар

Әулиеден кем емес [3,52].

Сондықтан да жалпы адамзатқа тән асыл

қасиеттер: адалдық пен әділдік, білімділік пен

еңбекқорлық,  парасаттылық  пен  зиялылық

мәселелерін  жырлауға  келгенде  Шәкәрімге

жетер  ақын  жоқ.  Осынау  ізгі  қасиеттердің

маңызын    ашып  және  оған  терең  мән  бере

отырып,  ақын  айналасындағы  адамдар

бойындағы  қасиетсіздікке  жирене  қарайды.

Өмірден көргені мен одан түйгенін өлең арқылы

оқырман  мен  тыңдарманға  ақтарып  салады.

«Насихат» өлеңінде ақын:

Адалдық жолы болар заман бар ма,

Жем болдық шын жексұрын надандарға.

Адастың деп отырмын айғай салып,

Бар тапқаным сол болды, амал бар ма.

– деп күйінеді [4,162]. Ол надандық торлаған

қазақ  даласына адалдық  келіп, әділет жолбасшы

болар  күнді  армандайды.  Бұл  арадағы  ақын

арманы  ащы  өксікке  толы,  үнінде  зарлылық

басым. Ол осынау надандықтың түп тамыры

адамдардың  бойындағы  сауатсыздық  пен

қараңғылықта,  жалқаулық  пен  бойкүйездікте

жатқанын жақсы біледі. Шәкәрімнің сыршыл

поэзия  арқылы  адамдық  болмысты  тануға

ұмтылған  азаматтық  ірі  мақсатының  бірі  –

ұлтының бойына бәле болып жабысқан осы бір

жағымсыз  қасиеттерден  арылту.  «Үйретуден

жалықпау»  қағидасын  ұстанған  Абайды  дана

ұстаз  таныған  Шәкәрім  ұлы  ақын  ұсынған

адамды  адамдыққа  тәрбиелеу  атты  жанды

идеяны одан әрі дамытты. Данышпан Абай:

Болмашы кекшіл,

Болсайшы көпшіл.

Жан аямай кәсіп қыл [5,39]!

– деп нақыл айтса, Шәкәрім де ұлтқа қызмет

етуде адам баласының ең басты міндеті, қасиетті

парызы санайды.

Адамдық борышың,

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай,

Ар сақта оны біл [5,47].

Мұнда ол өзінің өмірлік тәжірибесін алға

тартады.  Шәкәрім  өлеңдеріндегі  азаматтық

тұлғаның  болмысын  айыратын  көрсеткіш  те

осыған  тығыз  байланысты.  Яғни  ұлт

алдындағы  борыш  ұғымы  алдыңғы  қатарға

шығып, азаматтың халқына сіңірген еңбегіне

қарай бағалануы. Ал өмірде адам болып қалу

үшін, адамгершілікті жоғалтпау үшін не қажет?!

Адамның  адам  болып  қалуы  –  әлемдегі  сөз

өнерін  қадір  тұтқан  бұрынғы-соңғы  бар

суреткерді  толғандырған  киелі  мәселе.

Заманының  заңғар  жазушысы  Шыңғыс

Айтматов  бұл  сұрақты  ХХ  ғасыр  биігінен

адамзат алдына қоя білді. «Қашан адам қалады

адам болып?! Соғыста да сол сұрау, бейбіт күнде

де сол сұрау!» деген ұлы толғаныс адам өнер

атты  үрдісті  жанына  арқау  еткелі  бері  «күн

тәртібінен» бір түскен емес. Бұл сұрақ қазақтың

ұлы ақындары Абай мен Шәкәрімді де өмірді

сөзбен  өрнектеген  суреткер  ретінде

толғандырмай  қоймасы  хақ.  «Адам  деген

даңқым  бар,  Адам  қылмас  халқым  бар»  деп

күңіренген  Абай  ұйықтаған  ойды  түртпек

ниетпен адамның адам болып қалуын көздеп,


27

ШӘКӘРІМТАНУ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет