частью топонимической лексики, наименования внутригородских объектов представляют
собой отражение этнолингвистического пространства региона.
Анализ годонимов г.Аркалыка показал, что большое число годонимов, которые
отражают символы советской эпохи, ее предпочтения и идеологию: многие из них –
названия улиц, проспектов – можно встретить и за пределами города, на всей территории
Костанайской области и Республики Казахстан.
По нашему мнению, особенностью годонимов г.Аркалыка как одного из регионов
Костанайской области является то, что некоторые из них можно встретить только в пределах
города, как правило, это названия улиц, данные по имени известных в городе людей,
которые проявили себя в тех или иных исторических событиях, произошедших на
территории города, или же в ее культурной жизни.
45
ЛИТЕРАТУРА:
1. История города [Электронный ресурс]: Официальный интернет-ресурс акима города
Аркалыка. URL:
http://www.arkalyk.kostanay.gov.kz/rus/history/
(Дата обращения: 15.04.2014).
2. Суперанская А.В. Что такое топонимика? М.: Наука, 1984. – 182 с.
3. «О внесении изменения в решение акима города от 14 ноября 2011 года №07 «Об
образовании избирательных участков на территории города Аркалыка» Решение акима
города Аркалыка Костанайской области от 26 февраля 2014 года № 4. [Электронный
ресурс]: Официальный сайт Информационно-правовой системы нормативных правовых
актов
Республики
Казахстан
«Әділет»
МЮ
РК.
URL:
http://adilet.zan.kz/rus/docs/V14NC004516
(Дата обращения: 17.04.2014).
4. Детская энциклопедия. Том 1. Аркалык – город сильных и стойких духом людей. Под
общей редакцией Е.С.Цвентух. – Костанай, 2005. – 314 с.
ШЕШЕНДІК ҾНЕР – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ
Kaбжанова А.
Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің
психология мамандығының 2 курс студенті
Шешендік сӛз немесе шешендік ӛнер - ежелгі Грекия мен Рим заманынан бермен
қарай кӛптеген халықтардың мәдени, рухани, ӛмір тіршілігіндегі ӛнердің бір тҥрі. Грек
шешендiк ӛнерiнiң игi әсерi арқасында кӛне Римде де бҧл ӛнер дами бастады. Бiздiң
дәуiрiмiзге дейiнгi III ғасыр Рим мен Грек елдерiнде эллиндiк дәуiр деп аталып, әдеби-
мәдени қҧндылықтардың алмасуымен сипатталады. Бҧл сипат шешендiк ӛнерге де тiкелей
қатысты. Байырғы салалары: бейнелі сӛз, шешендік сын, шешендік ӛсиет, шешендік нақыл,
шешендік дау, шешендік толғау. Әр қайсының әсерлі ӛңі, сҧлулығы, татымдығы, дуалылығы,
зерделігі адам ой жҥйесіне, жан-дҥниесіне, сезіміне мықты қозғау салады, жҥрек тебірентеді.
Тыңдаушының еркі мен сезімін билейді, толғандырады. Шешендік сӛз мынадай талаптарға
жауап беруі керек:
1)Белгілі бір әлеуметтік мәні бар тақырыпты қозғайтын және шаршы топ алдында
ауызша айтылған сӛз болу.
2)Әңгіме ӛзегінің дәлелі (аргумент) болуға тиіс, соның арқасында тыңдаушыларға
бір нәрсені әуелі тҥсіндіріп, содан соң ойлантып, ақырында белгілі бір харекетке
ҧмтылдыруды кӛздеуі қажет.
3)Тыңдаушыларға жақсы әсер етіп, қҧлақ қҧрышын қандыратын, сҥйсіндіретін
эстетикалық қасиеті болуы игі. Шешендік сӛз дәстҥрінің қажеттігі ауызша сӛйлеудің аясы,
кеңіген сайын арта тҥсуде. Жиналыс, мәжіліс, қҧрылтайларда, пікірсайыс жиындарда,
семинар, симпозиумдарда шешендік ӛнер ӛте қажет. Қазіргі замандағы шешендік сӛздердің
тҥрлері бҧл сӛздердің жанрына (мазмҧнына) қарай негізінен былайша ажыратылады:
1)Әлеуметтік -саяси тақырыптағы шешендік сӛздер, бҧларға осы тақырыптарға
жасалған баяндамалар, сӛйленетін сӛздер, митинг, конференцияда айтылатын сӛздер,
хабарламалар, баяндамалар, радио, теледидардан ауызша жҥргізілетін саяси-әлеуметтік
шолулар жатады.
2) Академиялық шешендік, бҧл топты жоғары оқу орындарында оқылатын дәрістер,
ғылыми баяндама, хабарлама, шолулар қҧрайды.
3)Сот ісінде қолданылатын шешендікке прокурордың айыптау сӛзі, айыпкердің
қорғану сӛзі кіреді.
4)Әлеуметтік тҧрмыста жҧмсалатын шешендікті мерейтойларда, салтанатты
дастарқан басында айтылатын сӛздердің " шешендік сӛз" деген мәртебеге ие болу ҥшін оған
46
қойылатын талаптардың бірі - оның ішінде кӛркем, әсерлі болуы. Ал кӛркемдік жалпы тілде,
оның ішінде кӛркем әдебиетте, поэзияда жҧмсалатын кӛріктеу қҧралдары мен тәсілдері
арқылы жҥзеге асырылады. Атап айтқанда, билер аузынан шыққан шешендік ҥлгілерде дәл
ӛлеңдегідей ӛлшемді, жҥйелі болғанымен, ҧйқас ырғақ сияқты поэтикалық элементтер
қатысады. Бҧрынғы шешендік сӛздерге тілге демеу, ойға дәлел ретінде мақал-мәтелдерді
келтіру кӛріктеу амалдардың бірі болса, бҥгінгі шешендердің аузынан шыққан сӛздерде
мақал-мәтелдерді келтіру кӛріктеу амалдардың бірі болса, бҥгінгі шешендердің аузынан
шыққан сӛздерде мақал-мәтелдермен қатар, ӛзгелерден келтірілген сілтемелер орын алады.
Сондай-ақ шешендік сҧраулар да, ықшамдау тәсілімен келген сӛйлемде де шешендік
сӛздерге эмоциялық реңк беріп, оның экспрессиясын кҥшейтеді. Еске сақтау, жатқа тӛгілтіп
айту шешеннің даралық ерекшелігіне байланысты. Шығарманың графикалық суретіне кӛз
қандырып, кӛңілге ҧялатады, санасына сіңіріп, жатқа айтады. Сенека бірден екі мың сӛзді
немесе екі жҥз ӛлеңді естісімен жатқа заулатқан. Науаи жҥз мың ӛлеңді жатқа білген. Қазақ
қоғамында қҧйма қҧлақ, естігенін жатқа қайталайтын шешен билер, білгір шежірешілер
ересен мол болған.Шешендік біліктілік пен білімнен, қуатты тҥйсік пен терең сезімнен,
санадағы саңлақтық пен ҧшқыр қиялдан, тер тӛгу мен ой тербелісінен туады. Шешендік
ӛнердің теориясының дамуына Дәуірлеу дәуірінің кемеңгерлері Кампанелла мен Томас Мор,
Петрарка мен Данте, Рабле мен Шекспир, Сервантес пен Лопе де Вега ӛнерпаздығы зор әсер
етті. Қазір ақпараттар заманы, ақпараттық қоғам ӛмірде жаңа ҥрдістерге жол ашты,
шешендіктің жаңа тҥрін туғызды. Жаңа шешендіктің міндеті тіліміздегі барлық сӛздерді
ӛмірдің барлық саласында қолдана білуді жҥктейді. Қазіргі шешендіктің басты міндеті –
терең ойлап, ақылға салуға айтылған сӛзді тез қабылдап, оның мағынасын дҧрыс тҥсінуге,
ӛзіне керек емес ортаның әсеріне тҥсіп қалмауға ҥйретеді. Бҧл – монолог қҧрай алу,
басқалармен диалогқа тҥсе алу, іскерлік жағдайында, тірлік қарым – қатынаста сӛз жҥйесін
басқара алу деген сӛз. Қазіргі шешендік оқушыларды этика нормаларына баулап, сӛз
мәдениетін жетік меңгерту, ҧнамды да сенімді сӛйлей білуге ҥйретуі тиіс. Ежелгі Грек
тарихында шешендік ӛнердің ӛркендеуіне атақты Солон заңы себеп болған. Солон заңы
бойынша Афинаның әрбір азаматы ӛз мҥддесін ӛзі қорғауға тиіс болған.
Қазақтың шешендік сӛздерін жинап, халық шешендігін алғаш бағалаған адамдардың
бірі – белгілі ғалым В.В.Радлов. Ол қазақ ауыз әдебиетінің нҧсқаларынан ӛзі қҧрастырған
жинаққа бірнеше шешендік нақыл сӛздерді енгізіп, кітаптың кіріспесінде былай дейді:
«Қазақ тілі – исламның бҥлдіргіштік әсеріне ҧшырамай, тҥпкі таза тҥрін – тҥркі сипатын
сақтап қалған тіл».Қазақтың шешендік-тапқырлық, нақыл сӛздерін алғаш жинап,
жариялаушы ғалымдардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол ӛзінің «Қазақ хрестоматиясына»,
«Ізбасты», «Байҧлы», «Жәнібек батыр», «Жиренше шешен» дейтін тапқырлық-шешендік
сӛздерін енгізіп, оларды оқуға ҧсынды.
Зайырлы қоғамда дҧрыс сӛйлеу әрекеті - адамның қоғамдағы табысының критерийі.
Шешендік – зайырлы қоғамның әлеуметтік және экономикалық ӛсуінің кілті. Қоғамдық
сауығуда адамның білімі, денсаулығы, кӛңіл – кҥйі, еңбектегі табысы ҥлкен рӛл атқаратын
болса, осындай қоғамдық ахуалды қалыптастыратын да мәдениетке негізделген тілдік қарым
– қатынас. Тілдік қарым – қатынаста кісінің білімі, ӛзін - ӛзі ҧстау мәдениеті, тыңдау және
сӛйлеу мәдениеті шешуші рӛл атқаратын болса осындай мәдениетті қалыптастыратын да
шешендік ӛнер. Қай кезде болса да шешендік ӛнердің қызметі қоғамды басқару, мораль
қалыптастыру, этика мен адамгершілік, стиль қалыптастыру, сӛйлеу әрекетін жандандыру
болған. Аристотельдің айтуынша шешендік ӛнердің негіздерін ҥш нәрсе қҧрайды: мерзімдік
жағдай; авторлық жігер шабыт; парасатты, ойлы сӛз. Жағдай уақытқа, орынға, тақырыпқа
қатысты. Кӛпшілік алдында сӛйлейтін сӛз ӛзінен - ӛзі туындамайды, белгілі бір орында,
белгілеген уақытта, кӛпшілікті қызықтыратын тақырып тӛңірегінде жҥзеге асады.
Қазақ шешендік ӛнерінің тарихына кӛз жіберсек, шешендік ӛнердің дамуында осы ҥш
элементтің шешуші рӛл атқарғанын кӛреміз Халықтық мәселелерді талқылаған әрбір халық
жиналысы, әр тҥрлі дау – дамайларды шешуге арналған билер кеңесі, жақсы мен жаманды
айыратын айтыс ӛнері белгілі бір тақырыптардың тӛңірегінде келісілген орын мен уақытта
47
ӛткізіліп отырған; сӛйлеушілер тақырыптан ауытқымай, туындаған мәселелердің
айналасында ортақ мазмҧнды ӛрбітіп, басты – басты ойларды шешуге ат салысқан; жиынға
қатысушы немесе тыңдаушы кӛпшіліктің ақыл – ойына әсер етіп, тҥрткі болатындай,
парасатқа жетелейтін қуатты да кӛркем, әсерлі де айқын, халыққа тҥсінікті тілмен сӛйлеуді
мақсат еткен .
Шешендік сӛздерді ғалымдар қазақ әдебиеті қалыптасқан кезеңнен бастап –ақ зерттей
бастаған. Соның бірі Орал педагогикалық институтының қазақ әдебиеті кафедрасының
меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Мәтжан Тілеужанов ҧзақ жылдар бойы
халқымыздың ауыз әдебиеті ҥлгілерін жинаумен шҧғылданып, кейінгі ҧрпаққа ҥлкен мҧра
қалдырып кеткен болатын .
Ол есімі ел есіндегі ерекше тҧлға, қол бастаған батыр, сӛз бастаған шешен Сытым
Датҧлы туралы кӛптеген мәліметтер жинақтап халқына жеткізді. Сонау ӛткен ғасырларда
патша әкімдері қазақ даласын игерудің бірнеше сорақы тҥрлерін шығарды, әкімшілікті
бӛлшектеді, олардың арасына іріткі салды, бір – біріне жауластырды. Халық: «би екеу болса,
дау тӛртеу болады» деп айтпады ма, бастық кӛбейсе, берекет болмайды, «биі кӛп елді дау
аралайды, жауы кӛп елді жау аралайды» демеп пе еді кезінде. Осы кезеңнің бір белгісі
ретінде, Сырымның әуелден жҧртшылыққа белгілі мына сӛзі дәлел болады. Бірде Сырым
асығып жҥріп, ханды елемей қалған екен, сонда Нҧралы хан: «Әй, Сырым, неге
сәлемдеспейсің, асып жҥрмісің?» депті. Сонда Сырым іле – шала: «Хан ие, асып жҥргенім
жоқ, қара қазақтың басын қоса алмай сасып жірмін!»-депті.
Тарихымызда қара қазақты халық қатарына қосуды арман еткен бірінші қайраткер
Сырым Датов десек, артық емес-ті. Халық әдебиетінде Сырымды Кіші жҥздің атақты
Малайсары, Мӛңке, Әйтеке, Саржалақ, Есет, Ҥкі, Ақсуат, Тӛле билерінен ақыл – кеңес
алдырады. Олардан: кӛпшіл бол, халықтан кол – ҥзбе деген баталар алды. Сырымға: «Досың
кім, дҧшпаның кім?»-деген сауалдар қойылса керек, сонда ол: «Досым – алаштың азаматы,
дҧшпаным – жаман туған туысқаным!»-десе керек.
Сырымды Хиуа, Тҥркімен хандарымен салғыластырады, хандармен қағысқанда
халықты ордаға, кӛлге теңейді, зордан да зор шығады, ақыры одан сендердің кӛздерің
шығады –деп ӛктем - ӛктем сӛздер айтқызады, халық әманда қалады, қҧс – қонақтар кетіп
отырады деген даналық сӛздерді Сырымға телиді. Сырым сӛздерінде жҧмбақ, тҧспал,ишара,
пернелеу кӛп ҧшырайды, кҥлдіргі жәйттер де баршылық. Жылдам жауап беруге,
шапшаңдылыққа, тапқыштыққа ҥйретеді. Сырым билік айтуды 12 жасынан бастаған, ал
оның ел басшысы болуы ХІІІ ғасырдың 50 – 80 жылдары, 1797 жылы Сырым козғалысының
тынған кезеңі. Сырым шау тартқан шағында 1797 жылдары Петербургке барады. Бӛкейлікті
Орал ӛзенінің оң бетіне кӛшіру мәселесіне араласады. Сірә, туған жылы қате кӛрсетіліп
жҥрсе керек. Сырымның қайда жерленгені белгісіз. Байбақтының белді биі болған, ел
шешені, тархандық атағы бар әрі бҥкіл елге батыр атанған Сырым бейтін соңынан туыстары
таппауы, оған белгі қоймауы ақылға сыймайды. Сірә, Сырымды улап ӛлтірді деген лақап
болмас деп те ойлаймыз. Оған патшашыл саясаттың айла – шарғысы жетіп
отырған. Сырымның сыры кетпеген сырлы сӛздері қазақ әдебиетімен ҧштасты, дәстҥр
жалғасты, ақиқат пен шындық бҥкіл тҧла бойымен кӛрінді.
Профессор М.Тілеужановтың ҧлағатты ісін ізбасар інілері жалғастыруда. Оған дәлел
ретінде М.Ӛтемісҧлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті,
педагогика ғылымдарының докторы А.Қыдыршаевтың «Шешендіктану», т.б. енбектерін
алуға болады . «Шешеннің сӛзі мерген, шебердің кӛзі мерген» деп халық дәл айтқан. Сӛзсіз,
шешендік – шеберлік. Аталмыш мақал шешен сӛзін нысанаға дәл тиетіні жағынан анықтауда
терең мағыналы. Халық тҥсінігінде шешеннің сӛзі қынаптан суырылған қылыштай ӛткір,
соқырға таяқ ҧстатқандай анық, бойға қуат, кӛңілге медет болатындай терең мағыналы әрі
кӛркем болуға тиіс.
Тіл ӛнерінің салтанатты думаны шешендік алаңында қызады да, сонда оның от
ауызды, орақ тілді шеберлері кӛзге тҥседі. Қазақ халқы шешен деп тілдің терең сырына, мол
байлығына қанық, оны сілкілескенде сілтей білетін, аса дарынды кісілерді атаған . «Жҥзден
48
біреу шешен, мыңнан біреу кӛсем» дегеннен шешендікте ҥлкен талғам болатыны анғарылды.
Кезінде ерекше шешендік қабілеті бар кісілер елді аузына қаратып, ӛзгелер оларды ҧйып
тыңдаған «отағасы», «биағасы», «ауыл ақсақалы», «ру басы». Елге беделді шешендер ел
билеу ісінің тҧтқасы болса, батыр ел қорғау ісінің тҧтқасы болған. Соған орай «шешен сӛз
бастар, батыр қол бастар» делінген. Қазақтың бір мақалында: «Тілдің майын тамызып, сӛздің
балын ағызып қос шешендер сӛз айтар» десе, енді бірінде «ҥйде шешен, дауға жоқ, ҥйде
батыр, жауға жоқ» делініп, соңғысында шешендік ӛнерін ӛмірімен ҧштастыра алмағандығын
ҧғындырады. Егерде қазақтың шешендік ӛнері, бҧл кҥндегідей публицистикалықстильдің
емес, сӛйлеу тіл стиліне қатысты болғаны мәлім. Бҥгінде шешендік ӛнердің қатысты емес
саласы жоқ, яғни шешендік ӛнерді қажетсінбейтін мамандық саласы жоқ. Қазақтың «сӛйлей
– сӛйлей шешен боларсың» дегенін сӛзшеңдіктен шешендікке бір – ақ секіруге болар
тҥсінбеу жӛн. Егер кӛп сӛйлеген кісі шешен бола берсе, мылжыңдар және тіл мен жағына
сҥйеніп, аузымен орақ оратындар бҧл жағынан алдына жан салмаған болар еді.
М.Балақаев: «Шешендік – дарындылық. Ол – тілі ғана емес, ойы да жҥйрік кісілерге,
тілдік сезімі кҥшті адамдарға тән қасиет. Ондай қабілеті бар адам, басқа ӛнерді ҥйреніп
білетіндей, тіл ӛнерінде оқып, ҥйреніп, ізденіп жҥріп игереді», - дейді. Жинақтай айтқанда,
қазақтың дәстҥрлі шешендігі кӛп кӛріп – білуді, білгенді кӛкейге берік тоқуды, айтыс –
тартыстарға тҥсіп, жалықпай жаттығуды тілейтін ӛнер ретінде қалыптасқан. Демек, нығыз
шешенге сӛзге шебер болу ғана жеткіліксіз. Сондай – ақ ол табанды, тауып айтатын тапқыр,
шаршы топта тай -салмай сӛз бастайтын батыл, сӛз сайысында саспайтын салқын қанды
болуы шарт.
Шешендік ӛнердің қиындығы туралы Бҧхар жырау:
Кӛш бастау қиын емес,-
Қонатын жерде су бар.
Қол бастау қиын емес,-
Шабатын жерде жау бар.
Шаршы топта сӛз бастау қиын,-
Шешімін адам таппас дау бар!-деген. Сонау дәуірлерден бастап қазақтың шешендік
дәстҥріне бойлай қарасақ, шешен кісі ӛз заманының озат ойшылы, оқымаса да кӛкейге
тоқығаны кӛп саналы, білімді, парасатты азамат болуы тиістілігіне анық кӛз жетеді. Мәселен,
Майқы мен Аяз билер, Асан қайғы мен Жиренше шешендер, Тӛле би, Әйтеке би, Қаз
дауысты Қазбектер, Жәнібек пен Сырым батырлар – кӛзі қазы, кӛңілі таразы дҥлдҥл
шешендер. Демек, шешендік сӛздерді қай уақытта да озат ойшылдар мен ділмар шешендер
шығарып, халық санынан, ғасыр шыңдауынан ӛткен, сӛз ӛнерімен соғылған әдеби мҧра, асыл
қазына деп тҥсінеміз.
Тоқсан ауыз сӛздің тобықтай тҥйініне келсек, қазақ шешен – билерінің мҧрасы –
халықтың даналық қазынасы. Демек, ғасырлар бойы жинақталып, сҧрыптала сҥзілген
шешендік сӛз нҧсқаларынан халықтың тіл байлығын, ақыл – ой қорын және шебер сӛйлеу
мәнерін ҥйрену бҥгінгі ҧрпаққа сын. Тіліміздегі поэтикалық мҥмкіншілігі мол жекелеген
сӛздер мен сӛз тіркестеріне қосымша мән ҥстеп, ой иірімдеріне тҥсіріп, айрықша қабілет,
бейне жасау шеберлігі ертедегі шешендерден қалыптасқан. Ана тілімізді терең меңгеріп,
оның астарлы сырларына ҥңіліпі, шешендік ӛнерден тәлім аламын деген оқушы қазіргі
шешендер сӛзімен қоса, шешендік толғаулар мен билер сӛзінің кӛркемдігіне назар аударғаны
жӛн. Шешендік – ел келешегі жастардың рухын аспандатар, асқақтатар ӛнер. Ал қазақтың
халықтық рухы орасан. Тек рух сақталса ғана, жастар рухын оята білгенде ғана халық мерейі,
абыройы қаз қалпында болмақ. Рух тҧнған тҧста ғана қалыптасу ҥстіндегі тҧлғаны
тҧтандырар, ілгерілетер идея да кҥшті. Демек, бҥгінде жастардың рухын еселеп жандандыра,
жаңғырта тҥсер кешенді ойлы істер ауадай кажет. Ал ел болашағы – қазақ жастарының
рухының биіктігі, жоғарылығы – ҧлт тәуелсіздігі сақталуының бірден-бір айғағы. Тоқсан
ауыз сӛздің тобықтай тҥйініне келсек, шешендік шежіре-рухани байлық кӛзі. Халқымызға
тән шешендік ӛнер тәліміне кейінгі ҧрпақты тәнті етер болсақ, орасан рухани шапағат,
парасат сыйлаймыз. Ал рухы зор, рухани бай ҧрпақ – еліміздің сенімді келешегі. Сӛзді
49
кӛпшілікке таратудың, жҧртшылықты сендірудің немесе тәрбиелеу қҧралы ретінде
қолданушы әрбір маман адам шешендік ӛнердің ғылыми негіздерімен, яғни аудитория
алдында тҥсінікті де ҧғынықты, сенімді де иланымды қалыпта сӛз сӛйлей білу дағдыларын
меңгере білуі тиіс. Шешендік ӛнер — кӛрген-білгенді кӛкейге тоқып, кӛп ҥйреніп ізденудің
арқасында талай айтыс-тартысқа тҥсіп, жалықпай жаттығу арқылы жетілетін ӛнер.
Шешендік ӛнердің қиындығы туралы Бҧқар жырау: ..Кӛш бастау қиын емес – Қонатын
жерде су бар. Қол бастау қиын емес – Шабатын жерде жау бар. Шаршы топта сӛз бастау
қиын – Шешімін таппас дау бар, – деп дҧрыс аңғартады. Нағыз шешен ҥшін сӛзге шебер
болу жеткіліксіз. Табанда тауып сӛйлейтін тапқыр, топ алдында тайсалмай, мҥдірмей сӛз
бастайтын батыл, сӛз сайысында саспайтын сабырлы болуы қажет. Шешендік сӛздерге тән
ерекшеліктер. Біріншіден, қазақ шешендерінің сӛздері жазбаша емес, ауызша айтылып
дҥниеге келеді де, одан кейін бірден-бірге жатталып, ҧрпақтан-ҧрпаққа жетеді. Екіншіден,
айтыла келе бастапқы нҧсқа қалып ӛзгертіліп отыруы мҥмкін. Ҥшіншіден, шешеңдік сӛздер
кейінгі айтушылар тарапынан қажетіне қарай ӛзгеріп қолданылып отырған. Шешендік сӛз
ақындар айтысы сияқты сӛз тартысы дау ҥстінде, ел тағдыры талқыланған ҧлы жиын кеңес
кезінде, оңаша ой толғау не сҧхбат, әңгіме-дҥкен барысында арнау, сәлем, ӛсиет тҥрінде де
ӛмірге келген. Шешендік сӛздер кӛбінесе тҥсінік сӛзден басталады. Тҥсінік сӛзде айтылмыш
шешендік сӛздің немен байланысты, қандай жағдайда туғандығы мен кім айтқаңдығы
баяндалады. Шешендік сӛздің, айтылар ойдың негізі – мазмҧн. Сӛз нақтылы, нені айтса да
сендіретіндей, иландырып қарсыласын мойындататындай дәлелді айтылған. Жазба
әдебиетіміз дамыған кейінгі дәуірде шешендік сӛздер саптан шыққан жоқ. Заманға сай жаңа
мазмҧн, жарасымды тҧр тапқан шешендік сӛз нҧсқалары кӛбейді. Шешендік сӛздің шыны –
айтыс. Мҧнда ауыз әдебиетіне тән барша қасиеттер тоғысқан. Шешендік сӛздер мән-
мағынасының тереңдігімен ғана емес, сондай-ақ тақырыбының кеңдігімен де ерекшеленеді.
Шешендер сӛзі – халқымыздың тілдік қазынасы. Ол кӛркем әдебиетіміздің қалыптасып
дамуына белгілі дәрежеде ҥлес қосқан ақын-жыраулардың арнау, толғау сӛздеріне ҧқсас
болып келеді. Ертеден-ақ, халқымыздың ӛзіндік басқару жҥйесі болды. Ел қамын жеген
ерлері, сӛзін сӛйлеген, әділін айтқан шешендері, білімпаз билері болды. Би – халықтың
кӛкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жоқшысы. Қазақтың атақты билері
Тӛле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекеден қалған сӛз дәстҥрі ғасырлар бойы ҥзілген емес.
Ш.Уәлихановтың: "Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе
халықты билеп отырған ӛкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғҧрыптарына
әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бҧл қҧрметті атаққа ӛз бетімен ие
болған. Би атағын алу ҥшін би болам деген қазақ ӛзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік
қабілеті бар екеңдігін халық алдында сан рет кӛрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы
бҥкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жҧрттың бәріне мәлім болып отырған", –
деген сӛздерінен би – халықтың кӛкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жоқшысы
екенін танимыз. Кезінде Ахмет Байтҧрсынов: "Әділ билердің қолындағы билік қазақтың
неше тҥрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді", – деді. Демек бҧл қастерлі мҧра – шешендікпен
айтылған билер сӛзі ҧмытылмайды, қай кезде болса да халық жадында. Қазақ ауыз
әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік ӛнер. Халқымыздың даналығының ҥлгісі
шешендік сӛздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп ӛткен қҧнды мҧра, асыл
қазына. Шешендік ӛнеріне ерте замандардан-ақ, ҥлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим
елдерінде шешендік ӛнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дҥние жҥзіне
әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты ӛз
заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. "Риторика"
ғылымы ӛнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы
басылып шыққан "Шешендікке қысқаша басшылық" атты еңбегі бҧл ӛнердің Ресейде дамып,
қалыптасуына тҥрткі болды. Қазақтың шешендік сӛз тарихы Майқы би мен Аяз билерден
басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты
калыптасып, ӛркендей тҥсті. Шалгез, Бҧхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мҧрат, Тӛле,
Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік ӛнерінің кеңінен дамып биіктеген
50
кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бҧл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына
қарсы тҧрып, ӛз тәуелсіздігін қорғау жолындағы кҥрес жылдары еді. Шешендік сӛздердің
алғашқы ҥлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, ӛлең-
жыр, дастандардан ҧшыратамыз. Осы сӛз ӛнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында
тапқырлық пен шешендіктің тамаша нҧсқалары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен
мақал-мәтелдердің орны ерекше. Қазақтың шешендік сӛздерін ӛзге жҧрттың атақты
адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сӛздер нҧсқаларын академик В.В.Радлов
(XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: "Қазақтар... мҥдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен
сӛйлейді. Ойын дәл, айқын ҧғындырады. Ауыз екі сӛйлеп отырғанның ӛзінде сӛйлеген
сӛздер ҧйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір ӛлең екен деп таң қаласын", – деп
кӛрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дҧрыс аңғарып,
қазақтардың сӛзге тапқырлығы мен шешендігі ӛзіне ерекше әсер еткенін жазған. Сондай-ақ,
қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сӛздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай
Алтынсарин. Ол халық даналығының жас ӛспірімдерді тапқырлыққа, ӛткірлікке,
адамгершілікке баулитын тәрбие қҧралы екенін жете танып, ӛз еңбектеріне орнымен енгізіп,
пайдалана білді. Шешендік сӛздерді алғаш зерттеушілердің бірі – М.Әуезов. "Қазақ әдебиеті
тарихы" (1927 ж.) еңбегінде "Билер айтысы" деген арнаулы тақырыппен шешендік сӛздердің
кейбір тҥрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына
дәлелді ғылыми тҧжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мҧраларын зерттеп, жинап, ерекше
еңбек сіңірген ғалым-лингвист А.Байтҧрсынов шешендік ӛнерді жеке алып қарастырып,
қҧнды пікірлер білдірді (1926 ж.). Шешен сӛз, кӛсемсӛз, дарынды сӛз деп ҥш топқа бӛліп,
әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сӛйлеу, қошемет сӛздер,
ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сӛзі, діни уағыз сӛздер) іштей тағы беске бӛліп,
әрқайсысына қысқаша тҥсініктер, тың анықтамалар берген. Шешендік сӛз терең ойға, ҧтқыр
шешімге, тапқыр логикаға қҧрылады. Майқы би (ХІІ – ХІІІ), Жиренше шешен, Асан қайғы
(ХІҤ-ХҤ) атынан
сақталған ӛсиет, насихат, нақыл сӛздерде
жоқшылықтың,
шапқыншылықтың ауыр азабын шеккен қазақ халқының бейбіт ӛмір, жайлы қоныс туралы
арманы мен қиянатшыл хандарға, қайырымсыз шапқыншыларға қарсы наразылығы, кҥресі
бейнеленген. Қазақта шешендік ӛнердің бір дамыған дәуірі – ХҤІІ –ХҤІІІ ғасырлар. Бҧл
дәуір қазақ халқының Қоқан, Жоңғар, Қалмақ басқыншыларына қарсы ӛз тәуелсіздігін
қорғау жолындағы ауыр кҥрес жылдарымен тҧстас келеді. Осы кезде аттары шыққан
қазақтың белгілі шешен билері мен батырлары Тӛле, Қазыбек, Әйтеке, Сырым, Жәнібек
атымен байланысты шешендік сӛздер дҧшпанның әрекетін, хандардың әділетсіздігін
әшекерелеуге, елді бірлікке, кҥреске жҧмылдыруға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |