Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсыноватындағы


ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет32/75
Дата21.02.2017
өлшемі39,72 Mb.
#4618
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   75

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
165
материалдық  дүниелер  болса.ал  оларға  танымдық  тұрғыдан  талдау  жасау  арқылы  халықтың 
дүниетанымы  мен  болмысынан.рухани  мәдениетінен  хабар  беретін  ұлттық  құбылыстың  мәні  ашыла 
түседі.Абай  поэзиясы  -  өз  заманындағы  қоғамдық  өмірдің  ең  көкейтесті,  ең  күрделі  және  маңызды 
мәселелерін  қозғаған,  толғаған  поэзия.  Абай  поэзиясының  ішкі  рухы  мен  көрініс  –  көркі,  сипаты  мен 
сыны.поэзиясының тілі, сөз кестесі мен өлең өрнегі кіршіктей қоспасы жоқ таза халықтығымен, келісті 
қарапайымдылығымен, тартымды әрі құнды. 
 
Әдебиеттер: 
1.Абай шығармаларының екі томдық толық жинағы бірінші том, Алматы «Жазушы» 2005 
2.Абай шығармаларының екі томдық толық жинағы екінші том, Алматы «Жазушы» 2005 
3.Әпеева Г.С. Абайдың ақындық дәстүрі және Шәкәрім поэмалары, Авторефераты ҚР Алматы, 
2009 
4.Абайды оқы, таңырқа..., Алматы «Ана тілі» 1993 
5.Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. – Алматы: Ана тілі, 1995 
6.Абай  және  қазіргі  заман  (Өмірі  мен  әдеби  мұраларының  жаңа  қырлары)  Алматы  «Ғылым» 
1994 
7.Абай.  Энциклопедия.  –  Алматы:  «Қазақ  энциклопедиясы»  Бас  редакциясы,  «Атамұра» 
баспасы, ISBN 5-7667-2949-9  
8. Әлем әдебиеті. Абай Құнанбаев шығармалары – Алматы, «Жалын» 1995ж. 
9. Әуезов М. Абай мұрасы жайында,- Қазақ ССР ҒА-ның хабаршысы. 1957, № 3, 21 б. 
  
 
ӘОЖ 81:343.148 
 
СОТ ПРАКТИКАСЫНДАҒЫ ДАУЛЫ МӘТІНДЕРДІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Калиева  Ж.К.  –  магистрант,  А.Байтұрсынұлы  атындағы  Қостанай  мемлекеттік 
университеті 
  
Мақалада  тілдің  қызметі,  құрылымдық  лингвистикадан  шыға  отырып,  коммуникативті-
прагматикалық  қызметін  көрсетуі,  тілді  зерттеудің  антропроцентристік  бағыттағы  жаңаша 
ізденістеріне алып келгендігі көрсетілген. 
Лингвистикалық  сараптаманы  енгізу,  оқып  үйрету,  лингвистикалық  сараптаманы  тілді 
қолданған  адамдық  фактормен  байланыстыра  қарастырғанда  сөз  мәдениетін  қарастыратын 
саласының  бірі  ретінде  толық  зерттеуге  болатындығын,  айыптаушы  мен  айыпталушының, 
сотқа  жүгінген  жеке  тұлғаның  және  түрлі  даулар  арасындағы  әр  түрлі  қақтығыстар  мен 
шиеленістердің шешу жолдары  көрсетілген. 
Негізгі  ұғымдар:  лингвистикалық  сараптама;  заң;  соттық    лингвистика;  құқықтану  мен 
лингвистика, даулы мәтіндер 
 
Ғылыми  әдебиетте  көрсетілгендей  «юриспруденция  саласына  тартылған  мәтіндердегі  сөйлеу 
феномендерінің сараптамасы құқықтың маңызды сұранысы болды және жалпы және қолданбалы тіл 
білімінің  шешілмеген  мәселелерінің  жаңа  парадигмасын  шығарды»  [1,  22  б].    Лингвистикалық    
сараптама  зерттеуінің  ерекшелігі  оның  онтологиялық  және  қызмет  аспектілірінің  өзгешелігімен  
жасалады. Бұл зерттеу – сараптама түрінің онтологиясы функциональдық тағайындалуынан, дәлірек 
айтқанда оның нәтижесін заң саласында пайдаланғандықтан анықталады. Бұл бір жағынан, қандай да 
бір мәтіннің алгоритм, сұлба,   зерттеу моделінің бар екенін ұйғарады, ал басқа жағынан, конфлитілі 
жағдайларды  тудыратын  шексіз  тілдік  нұсқалар  санының  болуы,  осыдан,  пайда  болған  конфликтілі 
ойларды  талдау  және  анықтаудың  көптеген  жолдары  шығады,  сараптама  әр  кез  креативті  зерттеу 
ұсынады. А.Голевтің айтуынша: «сараптама кейбір үлгілерді қолданатын және үйлестіретін, сонымен 
қатар  даму  потенциалы  (үлгі  шегінен  шығу)  бар  лингвистикалық  зерттеулерді  ұсынады  және      тіл 
туралы  ғылымның  бағыттарына  сай  ұмтылыс  жасайды.    Соның  арқасында  берілген  ұмтылыс  нақты 
заңдық  факторлар  мәжбүрлейтін  сараптаманың  прагматикалық  бағытының  шегінде  жүзеге  асуы 
керек» [1,   45б].   
Сөйлеуші    субъект    пен    тыңдаушы    адресаттың    арақатынасынан    туындайтын    мәселелерді  
қамтитын  лингвистикалық  прагматика  (грек. рragmatos – іс-әрекет ) адресант  тарапынан  сөйлеудің  
тактикасы    мен  түрлерін,    сөйлеушінің    ниеті    немесе    айтылған    сөздің    прагматикалық  маңызын,  
сөздің  жанама  мағынасын,  тұспалдар,  тыңдаушының  жалпы білімі  мен  ықыласын,  көзқарасы  мен  
пікірін,    психологиялық    жағдайын,  мінез-құлқын  айтушы  адамның  бағалауы,  сөйлеушінің  өзі  айтып 
тұрған хабарға  көзқарасын,  хабар  маңыздылығын (шындық  не  өтірік,  мысқыл, көп  мағыналылығы)  
бағалау  мәселелерін,  ал  тыңдаушы  адресат  тарапынан  айтылған  сөзден  я  хабардан  тұжырым  

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
 
 
166
жасау  (тікелей,   жанама  я    жасырын   мағына   іздеу),   сөздің   тыңдаушыға   әсері  (эмоциялық    күйі   я 
көзқарасының  өзгеруі),  коммуниканттар  арасындағы  байланыс  түрлері тұрғысынан  тілдік  қарым-
қатынас    түрлері  (диалог,    достық    әңгіме,    дау-жанжал  т.б.),  сөйлесудің  әлеуметтік-этикалық  қыры, 
әңгіме құру стилі т.б. қарастырады.  
Жүйе  құрайтын  рөлді  заң  атқаратын  заңдық  тәжірибеге  қатысатын  конфликтілі  мәтіндердің 
мәліметтерінде  тіл  мен  құқықтың  өзара  қарым-қатынасы    аясының  ерекшелік  идеясы  саралаудан 
өтеді.    Заңдық  тәжірибеге қатысатын  лингвистикалық сараптама - даулы мәтіндерді лингвистикалық 
зерттеудің  ерекше  түрі.    Конфликтілі  мәтіннің  заңдық  қызметі  оның  лингвистикалық  ерекше  зерттеу 
түрін  алдын  ала  анықтайды.  Конфликтілі  мәтіндердің  лингвистикалық  сараптамасы  заңдық 
релеванттық  білім  –  нақтылау  немесе  айғақтарды  алу  сияқты  іс  жүргізуді  ұсынады.  Мәтін  –  тілдік 
құбылыс  болғандықтан,  бұл  жағдайда    оның  заң  тұрғысынан  бағасы  білікті  мамандардың  лайықты 
бағасына сүйене алмайды.   
  Лингвистикалық  конфликтология  факторлар  аспектісі  мен  оның  тудырған  құралдарындағы 
дауды  зерттейді, даулы  жағдайларда    сөйлеу  мінез  құлқының  үндестік  моделін  зерттейді,  юрислинг-
вистиканы  конфликттің  заң  тәжірибесіне  кіретін  жағы  ғана  қызықтырады.    Демек,  лингвистикалық 
конфликтология  да  сөйлеу  стратегиясының  типологиясы  коммуниканттар  арасындағы  өзара 
әрекеттесу  типінің  негізінде  әзірленген. Бірлесу  (әдептілік,  адалдық,  сенім  арту,  ынтымақтастық,  тоқ-
тамшылдық және т.б.) мен қарсы тұру (беделін түсіру, басыну, зорлық, жауығушылық, әшкерелеу, бақ-
таластық  және  т.б.)  стратегиялары  ерекшеленеді.    Атап    айтқанда  қарсы  тұру  стратегиясы  жүзеге 
асқан    мәтіндер  тілдік  құқықбұзушылық  құрамға  ие  болғандықтан    юрислингвистиканы  екінші  сөйлеу 
стратегия қызықтырады.  В.С. Третьяков «Беделін түсіру стратегиясы  адресаттың құндылығын кеміту-
ден құралғанын, оны қорлауын, келеке етуін және т.б.  перлокутивті эффект бойынша бағалап, конф-
ликтілі стратегиялар тобының  ішінде бәрінен артық көзге түсетін стратегия деп» атап өтті. [1,   54б].   
Беделін түсіру стратегиясы қатынастың жоғары дәрежелі мақсатымен анықталады. Бұл мақсат -  
адресатқа  әсер  ету.  Сөйлеу  субъектісі  коммуникативті  міндеттердің  бірі  ретінде,  айқын  (тікелей 
байланыс кезінде) немесе болжалды (мысалы, оқырманның) бақылаушының әлем моделінің өзгерісін  
пікірінің  кейіннен  өзгеруімен  серіктесінің  кемсітуі  мен  келемеждеуін  көреді.    Тап  осы  стратегия 
аясында  адресат  иесінің  жағымсыз  бағасы  туралы  тура  және  жанама  белгі  беретін  қандай  да  бір  
жағымсыз деректер, пікірлер, айғақтардың  жариялануы қолданылып жатыр. Осындай сөз амалдары 
саяси дискурста жиі қолданылады.
 
Олар көпшілікке оның беделін төмендету үшін, оған деген сенімді 
жою  үшін  адамның  бағасы,  жағымсыз  қылықтары  туралы  мәлімет  беру  арқылы  әсер  ету  үшін 
шамаланған. Бұл стратегияны жүзеге асыру үшін қорлау, келемеждеу, мазақ қылу, айыптау сияқты тек 
қана  жағымсыз  сөйлеу  амалдары  таңдап  алынады    бұл  амалдарың  мақсаты  –  адамның  намысына 
тиіп,  оны  күлкілі  жағдайға  қалдыру. 
 
Бақылаушының  көз  алдында  адамның  беделін  түсіру  және 
адресат  иесінің  сезіміне  тию  міне  осы  екі  коммуникативті  міндеттердің  орындалуы  беделін  түсіру 
стратегиясының  жетістігі  болып  саналады.    Лингвистикалық  сараптаманың  заты  болу  барлық  даулы 
мәтіндерге тән қасиет. Дауды тудыратын қандай құралдар заңданады?   
Заңгерлік  әдебиеттерде,  сондай-ақ  ҚР  Жоғарғы сотының 18.06.04 ж. № 10 нормативтік қаулы-
сында  «Қоғам  немесе  жеке  азаматтардың    заңдарды    сақтау,    моральдық    принциптерді    орындау  
туралы  көзқарастары  бойынша  ұйымдар  мен  азаматтар  жөніндегі  шындыққа  жатпайтын    мәліметтер  
олардың  ар-намысына  және  абыройына  кір келтіретін  мәліметтер  деп  есептелінеді»  деп  көрсе-
тілген.  Яғни,  нұқсан  келтіретін мәліметтер қатарында жеке тұлға немесе заңды тұлға тарапынан  іс  
жүзіндегі  заң  қағидаларының  бұзылғандығы,  сондай-ақ  жеке, қоғамдық немесе саяси өмірде әділет-
сіз,  этикаға  жатпайтын  іс-әрекеттің  жасалғандығы,   шаруашылық-өндірістік    немесе    кәсіпкерлік    қыз-
метті жүзеге асыруда  ықылассыздық  танытқандығы, іскерлік айналымда іскерлік этиканы немесе қа-
лыптасқан дәстүрлердің  бұзылғандығы туралы деректік тұжырымды қамтитын мәліметтер  танылады. 
  Нұқсан  келтіретін  мәліметтерді  анықтау  үдерісінде  лингвистика  мен заңгерлік  сала  мүдде-
лері  мына  түрде  үйлестіріледі: «Лингвистикадағы оқиға,  сөйлеу  жағдаяты,  баға  беру  категория-
лары  юриспруденцияда  дерек  және  пікір  категорияларына  алмастырылады  да,  олардың  аражігі-
нің анықталуында  сөйленістің  шындықпен  сәйкестігі  және  сәйкес  еместігін саралау негізгі қағида 
болып табылады» [2,   155 б].   
Сөйлеуші    субъект    пен    тыңдаушы    адресаттың    арақатынасынан    туындайтын    мәселелерді  
қамтитын  лингвистикалық  прагматика (грек. рragmatos – іс-әрекет ) адресант  тарапынан  сөйлеудің  
тактикасы  мен түрлерін,  сөйлеушінің  ниеті  немесе  айтылған  сөздің  прагматикалық  
маңызын,   сөздің   жанама   мағынасын,   тұспалдар,    тыңдаушының    жалпы  білімі    мен    ықыла-
сын,  көзқарасы  мен  пікірін,  психологиялық  жағдайын, мінез-құлқын айтушы адамның бағалауы, сөй-
леушінің өзі айтып тұрған хабарға  көзқарасын,  хабар  маңыздылығын (шындық  не  өтірік,  мысқыл, 
көп  мағыналылығы)  бағалау  мәселелерін,  ал  тыңдаушы  адресат  тарапынан  айтылған  сөзден  я  
хабардан  тұжырым  жасау (тікелей,  жанама я  жасырын  мағына  іздеу),  сөздің  тыңдаушыға  әсері 
(эмоциялық    күйі    я  көзқарасының    өзгеруі),    коммуниканттар    арасындағы    байланыс    түрлері 
тұрғысынан    тілдік    қарым-қатынас    түрлері  (диалог,    достық    әңгіме,   дау  -  жанжал  т.б.),  сөйлесудің 
әлеуметтік-этикалық  қыры,  әңгіме  құру  стилі  т.б.  қарастырады.  Сөз    қақтығысын    тудыратын    даулы  

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
167
мәтіндерді    лингвистикалық    прагматика  аспектілері  бойынша  қарастырғанда  автордың  көпшілік 
оқырман  алдындағы    субъект    т(алапкер    немесе    мақала    кейіпкері)    беделінің  төмендеуіне  тілдік 
тұрғыда ықпал ету деңгейіне талдау жүргізіледі. 
        Тілді  юрислингвистикалық  аспектте  жүйелі  қарастыру  заңдық  аспектіні  құрайтын  және 
юрислингвистиканы  оқыту  пәні  болып  табылатын  тіл  мен  құқықтың  өзара  әрекеттесу  аясының 
ерекшелігін атап көрсетеді.  
Тілдің  даулы  потенциалының  жүзеге  асуы  әртүрлі  табиғи  тілдік,  конвенционалдық 
лингвистикалық,  рухани  және  құқықтық  шектеулермен  сақтандырылады.  Заңдық  тіршілігі  оның 
даулылығымен анықталатын мәтіндер құқық бар болған әрбір кезеңдерде пайда болуы мүмкін.  
Жүргізілген  зерттеулер  сот  немесе  заң  практикасында  қатыстырылған  конфликтілі  мәтіндерді 
топтастыруға  мүмкіндік  береді,  олар  сәтсіз-мәтіндер,  теріс  пайдалану-мәтіндері,  манипулятор-мәтін-
дер.  
Зерттеушілер  даулы  мәтіндерді  комуникативтік  актідегі  дау  мен  үйлесімсіздіктің  тілдік  маркер-
лері деп атайды.  Даудың даулы коммуникативтік сценариі, даулы сөздік стратегия  және тактика  си-
яқты репрезентациясының типтік тәсілдері бар екенін бөліп көрсетеді. Лингвистикалық  сараптаманың 
объектісі  болып  табылатын  даулы  мәтіндерді    юрислингвистикалық  көзқарас  тұрғысынан  үш  топқа 
бөлуге болады (1 сурет). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1 сурет.  Даулы мәтін түрлері 
  
Біріншіден  бұл  мәтіндер  даулық  потенциалы  тілдің  өзінің  терең  қасиеттеріне  шартталған. 
Адресанттың 
ниетінің 
жүзеге 
аспауының 
нәтижесі 
бұл 
жағдайда 
адресаттың 
хабарды 
түсінбегендігінен  болып  табылады.  Бұл  топқа  көбіне  әртүрлі  екі  рет  түсінік  беруге  мүмкіндік  беретін 
құқықтық мәтіндер  (заңдар, келісім шарттар және т.б.) қатысты болады.  
Мұндай  мәтіндерде  тұжырымдардың  дәлдігі,  айқындығы,  бірмәнділігі  күмән  келтірсе,  лингвист 
сарапшы  сол  түсініксіз  сөздердің  мәніне  қорытынды  жасауы  керек.    Оларжы  шартты  түрде  сәтсіз 
мәтіндер  деп  атаймыз.  Бұл  жағдайдағы  коммуникативті  дау  мәтіннің  түсіндіруінің  потенциалды 
көптігінен туады, басқаша айтқанда, түсіндірудің көптігі – дау тудыру факторы болып табылады.  
Сәтсіз мәтіндердің белгілері ретінде келесілерді көрсетеміз: 
-  синтаксистік құрылымдардың көп мәнділігі; 
- сөйлем құрамымен алынбаған лексикалық полисемия; 
- көпмәнділікті аңдамай құру; 
- қызмет  жасау  сферасы  –  құқықтық  шығармашылық  (мәтін  құрастыру)  және  құқықты  жүзеге 
асыру (мәтіндерге түсінік беру). 
Құқықтық  тәжірибеге  тартылған  даулы  мәтіндердің  басқа  түрі  бұл  тегінде  даулық  дискурсты 
(сөздік  дау)  тіркеуді  ұсынатын  даулы  мәтіндер.  Біздің  жіктемеміз  бойынша  оларды  теріс  пайдалану 
мәтіндері  деп  атаймыз.  Мұндай  мәтінде  сөйлеп  тұрған  адамның  ниетін  жүзеге  асыру  адресаттың 
хабарды тілдік құқықбұзушылық деп аталатын заң координаталарында түсіндіруге алып келеді.   Теріс  
пайдалану  мәтіндері  азаматтық  және  қылмыстық  заңмен  қарастырылған  құқықбұзушылықтың 
белгілерінің  құрамының  бар  не  жоқ болуын  анықтау  мақсатында    юрислингвистикалық  зерттеулерге 
тартылады.  Бұл топқа көбінесе бұқаралық ақпарат құралдарының мәтіндері  жатады. 
 
Теріс пайдалану мәтіндері:  
- даулы сөйлеу стратегиясы мен тактикасын жүзеге асырады;  
- даулы интенциямен сипатталады;  
- бағалау және инвективті лексикаға ие;  
- БАҚ, үйреншікті қарым - қатынас, көпшілік алдындағы қарым – қатынас аясында жүзеге асады.   
Теріс  пайдалану  мәтіндерінің  айқындалу  белгісі  болып  қандай  да  бір  дауды  құқықтық  реттеуді 
қажет  ететін  тілдік,  моралды  этикалық,  келісімді  лингвистикалық  шектеулер  болып  табылады.  Со-
нымен  қатар,  теріс  пайдалану  мәтіндерінің  заңдық  сипаты  бар,  ол  өзіндік  және  өзге  де  құқықбұзу-
шылықтардың құрамындағы белгілерге ие болады.  
Теріс  пайдалану  мәтіндерін  лингвистикалық  зерттеу  тілдің  құқықтық  аспектісінің  ерекшелігін 
айқын  сипаттайды.  Кейде  лингвистикалық  зерттеу  нәтижесінде  теріс  пайдаланылып  түсіндірілген 
мәтін  сәтсіз  мәтіндер  есебінде  айқындалуы  мүмкін.    Бұл  жағдайдағы  дау  көбіне  стилдік  көрсеткіштің 
үйлесімсіздік жағдайында пайдалануға негізделген.  
Даулы мәтіндер 
сәтсіз мәтіндер 
манипулятор мәтіндер 
теріс пайдалау мәтіндері 

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
 
 
168
Аралық  жағдайды  манипулятор  мәтіндер  алады.  Оларға  әртүрлі  үгіт  және  жарнама  қағаздары 
жатады.    Осындай  мәтіндердің  жанжалдық  потенциалы  табиғи  тілдің  мынадай  қасиеттерін  әдейі 
пайдалануға  негізделген,  ол  қасиеттер  мағынамен  ойнау,  түйсікке  ықпал  жасау,  сөйлеу  қатынасын 
қиындықсыз түсіну және т.б.   
Манипулятор мәтіндер екі ұштылыққа көзделген, бірақ тілдік манипуляция жасау қылмыс емес, 
олар көбіне теріс пайдалануға ұмтылады. 
 
Манипулятор мәтіндер:  
- әдейі жасалған екі ұштылықты сипаттайды;  
- қажетті бағытты, ақпаратты тұспалдап ұсынады;  
- өзгеше мәнді синтаксистік құрылымдарға ие (тұжырымдық мағынадағы, бағалау мағынасында 
түрткі болатын  құрылым («Бұл үшін ату керек!», «бұл өте жаман» және т.б.));  
- жұмыс жасау аумағы  – үгіт, жарнама.   
Сот  практикасында    лингвистикалық  сараптама  сөз  «әрекетіндегі»  адам  мен  заң  арасындағы 
көптеген даулы, тартысты мәселелерді толық шешуде үлкен рөл атқарады. Соттағы дискурс (сөз) әр 
уақытта  қолданыс  қызметінде  тілдік  құрылысы  мен  мазмұнының  мақсаты  мен  күшін  дамытып 
отырады.  Соттағы  сөздің  мазмұны  композициялық  құрылымының  түзілуі  анық  та  айқын,  ойдың 
түсініктілігі,  фактілерді  сұрыптауға  қойылатын  қатал  талап  прагматикалық  бағдарға  негізделеді. 
Ғалымдардың айтуынша: «Сот өнерінің гүлденген дәуірлері басқа да мемлекеттердің шешендік өнері-
нің  тәжірибесіне  үлкен  ықпал  етіп  отырды.  Басқа  мемлекеттердегі  сот  өнерінің  жаңа  бағыттарының 
қазақ  елінің  соттағы  сөз  өнеріне  де  ықпал  етуі  тиіс.  Соттағы  өнер  ерте  дәуірден  қалыптасқан 
классикалық  өнердің  коммуникативті  -  прагматикалық,  эстетикалық-  стилистикалық  мәнінің  озық  үлгі-
лерін  негізгі  межеге  ала  отырып,  жаңа  мазмұнды,  ақиқаттылық  пен  логикалық  қисындылыққа  бағыт-
талған үлгілерін жетілдіріп, бүгінгі соттағы сөз сөйлеуде еркін пайдалану керектігін ұсынады». [4,194 б] 
Соттағы  сөз  ақиқат  үшін  күрескер  ретінде  көрінуі  тиіс  әрі  зерттелген  фактіні  алаламайтын  әділ 
болуы  керек.  Соттағы  сөз  келтірілген  немесе  алынған  айғақтары  психологиялық  және  қоғамдық  әрі 
тұрмыстық жақтан коммуникативтік норма сапаларын толық сақтауды талап етуі қажет. Соттағы сөздің 
басты  факторларының  біріне  жататын  сотталушының  психологиялық  портреті  толық  танылуы  тиіс, 
бірақ  сөзінде  өз  қызметтік  құқығын  сақтап,  этикалық  нормалардан  шықпауды  көздей  отырып,  ең 
алдымен қылмыстың жасалу себептерін толық анықтап, тілден тысқары тұратын факторларды   жете 
саралап алуы негізгі прагматикалық бағдарының жемісі ретінде айқындалады. Кез келген қылмыстық 
әрекет  жалпы  әлеуметтік  және  саяси  мәселелердің  орнауына  себепкер  болуы  мүмкін.  Қазіргі  сот 
процесі шындықты іздеуге күш салады. Оның негізгі мақсаты заңнамалық дәлелді үкім болғандықтан, 
заң  сөздерінің  ауызша  және  жазбаша  формаларында  сөйлеу  агрессиясының  көптеген  әдіс  тәсілдері 
қолданылып отырады. 
Сот  практикасындағы  сөздердің  барлығы  бір  бағытта  болмайды.  Соттың  сөзіне  қарағанда, 
прокурор  мен  қорғаушының  сөзінің  өзіне  тән  айырмашылықтары  мен  өзгешеліктері  бар.    Мысалға 
прокурор  мен  адвокаттың  сөздерін  келтіре  кетсек.  «Әйелінің  өліміне  айыпталған  Муранов  әйелінің 
өзіне-өзі қол жұмсағанын айтып, айыбын мойындамады. Айыптауды қолдай отырып прокурор сөзінде: 
Муранов  өзінің  әйелін  өлтіру  ниеті  болғанын,  оны  өлтіру  туралы  ойы  болғанын  да  мойындамай 
айыптауды  жоққа  шығаруда.  Осы  кезде  «Неткен  сұмдық  шатпақ,  менде  ондай  ой  ешқашан  болған 
емес»  деп  Муранов  ашуланды,  әділсоттың  бақытына,  онда  мұндай  ойдың  болмағанын  тек 
Мурановтың өзі ғана жоққа шығаруда. Яғни Муранов өзін өзі әшкереледі. Істе оның хаты бар. Ол хат 
оған  көрсетіліп,  ол  хатты  өзі  жазғанын  мойындаған.  Ол  хатта  мынадай  сөздер  жағылған  :  «  Мені 
Галинаның  әрекеттері  жындандырады.  Мен  мұның  немен  аяқталатынын  білемін.  Мен  оны  өлтірем! 
Естисіз бе, Муранов, Мен мұның немен аяқталатынын білемін. Мен оны өлтірем!»  енді бұл хат сіздікі 
емес дейсіз бе, әлде өз әйеліңізді өлтіруге ниет қылғаныңызды келгенін мойындайсыз ба».   
  Мурановты қорғаған адвокат Успенский цитатаның дәлдігіне дау келтірмей «Егер Мурановтың 
өз  әйелінің  өліміне  айыпсыз  екендігіне  айғақ  керек  болса,  онда  прокурор  бұлтартпас  айғақ  деп 
есептеген  манағы  хатты  келтіруге  болады.  Бірақ  тек  хатты  ғана  емес  ол  хаттың  кімге  және  қашан 
жазылғанын  да  айтуға  болады.  Хат  қайтыс  болған  Муранованың  анасына  жазылған.  Және  қайғылы 
оқиғадан екі күн бұрын жазылған. Егер Муранов шынымен де  кісі өлтіруді, Галина Муранова өзін өзі 
өлтірген  қылып  көрсеткісі  келіп  ұзақ  та  айлакерлікпен  дайындаған  болса,  онда  ол  кісі  өлтіру 
қарсаңында қызының өліміне кек алғысы келіп отырған адамға өзіне қарсы осындай «қауіпті қаруды» 
берер  ме  еді?,  қайталап  айтамын  әйелінің  өлімінің  алдында,  ескертіп  қояйын,  оның  қызын  өлтіргісі 
келетінін  ойлап  жүргенін  жазар  ма  еді?  Жазды,   демек,  ашуға  ерік  беріп,  ашудан  осылай  құтылғысы 
келді. Жазды, демек өлтірген жоқ». [3, 60б].   
Прокурор  мен  қорғаушы  жеке  фактілерді  келтіре  отырып,  сотқа  көмектеседі,  жиналған  мате-
риалдардың сапалық мәнін нақты көрсетеді, қаралатын істі жұмсартуға күш салады, бірақ қылмыстың 
дұрыс құрылымын анықтайды.
 
Құқықтық  лингвистиканың  әлеуметтік  лингвистиканың  ерекше  бөлімі  болу  үрдісі  тіл  білімі  мен 
юриспруденцияның заңды даму кезеңі болып табылады. Қолданбалы пән ретінде пайда бола отырып 
заңдық лингистика  зор лингвистикалық мәселелерді алдыға қояды.  

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
169
Тіл  мен  құқықтың  өзара  әрекетінің  аясын  сипаттайтын  конфликтіліктің  жоғары  дәрежесі 
құқықтың барлық   сатысында мүмкін болатын даулы жағдайдың заңнамасын алдын ала анықтайды. 
Тілдік саясат аумағында және тілдік құқықбұзушылық туралы заң аясында тіл құқықты реттеу объектісі 
болып  табылады.  Тілге  әсер  ететін  құқықтық  заңдылық  негізі  тілдік  заңның  оң  шешіміне  лайықты 
қамтамасыз ететін тілдік заңдылықпен қаланған.     
Құқықтық  шығармашылық  кезінде  тіл  мен  құқықтың  өзара  әсер  ету  ережелері  табиғи  тілдің 
сапасын өзгертуге әкелетіндіктен, заң тілінің шарттарының маңызды үлесін айтпауға болмайды. Тілдің 
түрленуі  даулы жағдайлардың  мүмкіндігінен  заңдық  қорғау  механизмдерінің  жасалуынан  туындайды. 
Бірақ  заң  тіліне  табиғи  тілдің  қасиеттері  мен  мәні    аса  өңделгендіктен  бұл  түрлену  көбіне  түсін-
беушілікке  әкеліп  соқтырады.  Заңдық  техниканың  аспекті  ретінде  заң  мәтіндерінің  лингвистикалық 
түсіндірілуі  заң  мәтінін  түсінбеу  кезінде  туатын потенциалдық даудың  алдын  алу  үшін  арнайы  жасап 
шығарған механизмді көрсетеді. Көрсетілген түсіндіру аясындағы шарттар заң мәтіндерін айқындауға 
мүмкіндік береді. 
 
Әдебиеттер: 
1. Таусоғарова А.Қ. Сот-лингвистикалық сараптама мәселелері/ Оқу құралы.  Алматы: Қазақ ун-
ті, 2006. 54 Б. 
2.  Голев  Н.Д.  Юридический  аспект  языка  в  лингвистическом  освещении//  Юрислингвистика  1: 
Проблемы и перспективы. Барнаул, 1999. 144-160 Б. 
3. Гиздатов Г.Г. Юридическая риторика/учебное пособие. Алматы. Жеті жарғы. 2002. 60– 61 Б. 
4. Әлкебаева Д. Сөз мәдениеті/ оқу құралы. Қазақ университеті.  2011. 193-196 Б. 
5. Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық  түсіндірме  сөздік./Сөздік-Словарь. Алматы: 1998.  
304Б 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет