Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсыноватындағы


ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет47/75
Дата21.02.2017
өлшемі39,72 Mb.
#4618
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   75

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
237
В  соответствии  с  этими  критериями,  на  сегодняшний  день,  одним  из  самых  популярных  и 
практически  доступных  всем  желающим  самореализоваться,  обновить,  а  также  получить 
дополнительные знания  является дистанционное  обучение. Изучив источники, определим значение 
(или понятие) дистанционного обучения.  
В  настоящее  время  в  дистанционной  форме  получения  образования  нуждаются  следующие 
группы населения: 
·   лица,  всех  возрастов,  проживающие  в  малоосвоенных  регионах  страны,  удаленных  от 
вузовских центров; 
·  лица, желающие приобрести новые знания или получить высшее/второе образование; 
·   обширный  контингент  потребителей  образовательных  услуг,  готовящихся  к  поступлению  в 
вузы; 
·  лица, не имеющие возможности получить образовательные услуги в традиционной системе 
образования в силу ограниченной пропускной способности этой системы, невозможности совмещения 
учебы  с  работой  и  других  специфических  условий  (сельские  жители,  спортсмены,  вахтовики, 
кочевники и т.п.); 
·   лица,  проходящие  срочную  службу  в  рядах  вооруженных  сил  России,  а  также 
увольняющиеся в запас офицеры и члены их семей; 
·   лица,  имеющие  медицинские  ограничения  для  получения  регулярного  образования  в 
стационарных  условиях  (инвалиды,  раненые,  находящиеся  на  излечении  в  госпиталях,  лица, 
нуждающиеся в обучении на дому и т.п.); 
·   корпус  менеджеров  различного  уровня,  преподавателей  и  других  специалистов, 
нуждающихся в переподготовке и повышении квалификации; 
·   субъекты  и  объекты  пенитенциарной  системы  (осужденные  и  обслуживающий  персонал 
исправительных колоний); 
·  лица, желающие получить образование в зарубежных образовательных учреждениях; 
·  уволенные и сокращенные лица, зарегистрированные в службах занятости; 
·   иностранные  граждане,  желающие  получить  образование  в  России,  но  не  имеющие 
возможность приехать для учебы по различным причинам. 
Все категории потребителей дистанционных образовательных услуг, так или иначе, не имеют 
возможности обучаться в традиционной системе и для них дистанционное образование – это нередко 
единственный способ получить образование
Можно  много  говорить  о  достоинствах  такого  вида  обучения  –  в  первую  очередь,  это  конечно 
малые финансовые затраты, проведение обучения без отрыва от работы и семьи. Бытовой комфорт. 
Как известно, даже при заочном обучении временные затраты могут составлять до 40-50 дней в год. 
В  этом  смысле  дистанционное  образование  еще  более  удобно,  чем  заочное.  Далее,  это  гибкий 
график  сессий,  а  также  Экономия  на  стоимости  обучения  и  накладных  расходах;  Приобретение 
студентом  серьезных  навыков  информального  обучения  –  самостоятельного  поиска  информации  и 
работы  с  ней,  освоение  материала  может  происходить  в  индивидуальном  темпе.  Возможность 
осуществлять  разнообразные  совместные  проекты  с  учащимися  из  других  регионов.  Но,  стоит 
отметить  и  его  недостатки  -    отсутствие  «живого»  общения  с  преподавателями.  Кроме  того,  в 
некоторых регионах определенные трудности связаны с низким качеством интернет - соединения [3].  
Возможности  современных  технологий  дистанционного  обучения  позволяют  успешно 
применять их для обучения практически всех категорий слушателей [4].  
Учитывая все рассмотренное выше, в Сибайском институте (филиал) ФГБОУ ВПО «Башкирский 
государственный университет» разрабатывается и внедряется система дистанционного обучения. На 
данный  момент  у  нас  в  институте  осуществляется  дистанционное  обучение  по  следующим 
направлениям, как:  
Высшее образование.  
Экономический факультет: 
38.03.01 направление “Экономика” 
  профиль “Бухгалтерский учет, анализ и аудит” (3; 3,5 лет обучения)* 
  профиль “Финансы и кредит” (3; 3,5 лет обучения) 
Юридический факультет: 
40.03.01 направление “Юриспруденция” (3,5 года обучения) 
Педагогический факультет: 
44.03.01 направление “Педагогическое образование” 
  профиль “Дошкольное образование” (3,5 года обучения) 
*  сроки  обучения:  3  года  –  на  базе  высшего  образования;  3,5  года  –  на  базе 
среднеспециального образования; 
Курсы дополнительной квалификации 
  “Менеджмент в сфере образования” 
  “Учитель биологии” 

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
 
 
238
  “Учитель технологии” 
  “Учитель географии” 
  “Учитель физической культуры и спорта” 
  “Учитель истории, обществознания и культуры РБ” 
Курсы повышения квалификации 
  “Менеджмент туризма и гостиничного бизнеса” 
  “Перевод и переводоведение” 
  “Практическая психология” 
  “ИКТ в образовательной деятельности педагога в сфере требований новых ФГОС” 
  “Финансовый менеджмент” 
  “Организация культурного досуга в детских оздоровительных лагерях” 
  “Информационные технологии в экономике: “1С: Бухгалтерия”” 
  “Тренер по избранному виду спорта” [5]. 
Исходя  из  вышеизложенного,  нельзя  не  согласиться,  что  «актуальность  дистанционного 
обучения   с  каждым  годом  становится  все  более  значимой,  поскольку  открывает  огромные 
перспективы  для  всех  слоев  населения.  Обучаясь  данным  образом,  любой  желающий  сможет 
окончить  один  из  престижных  вузов  страны,  не  покидая  стены  родного  дома.  Впоследствии 
устроиться  на  работу  и  реализовать  на  практике  полученные  знания.  Это  стало  возможным 
благодаря тому, что в большинстве институтов электронное обучение происходит с использованием 
современных и эффективных методических программ, которые позволяют не только ознакомиться с 
теоретической базой, но и получить практические навыки работы в той или иной области» [6]. 
 
Список использованных источников 
1.http://www.vfmgiu.ru/sovremennaya_sistema_obrazovania_591/gosudarstvennoe_visshee_obrazov
anie_v_rossii_592/Aktualnost-vysshego-obrazovaniya-1226/index.html 
2.http://www.web-learn.ru/index.php?option=com_content&view=article&id=12&Itemid=17 
3.http://vuz.edunetwork.ru/reviews/77) 
4.http://www.web-learn.ru/index.php?option=com_content&view=article&id=12&Itemid=17 
5.http://dl.sibsu.ru/specialty.html 
6.http://studynote.ru/studgid/abiturientu/distantsionnoe_vysshee_obrazovanie_besplatno_aktua 
 
 
ӘӨЖ 342.7 
 
БАЛА ТӘРБИЕСІ – АТА-АНАНЫҢ БІРДЕН-БІР МІНДЕТІ 
 
Тулебаева  А.С.  -  з.ғ.м.,  «Заңтану  және  халықаралық  құқық»  кафедрасының  оқытушысы 
«Тұран» университеті, Алматы қ. 
 
Мақалада  Қазақстан  Республикасында  ана  мен  баланың  құқықтарын  қорғау  мәселесі  шет 
мемлекеттердің  құқықтық  тәжірибесімен  салыстырмалы  негізде  зерттелген.
 
Отбасы  тәрбиесі 
жағдайында  балалар  бойында  қарым-қатынас  мәдениетін  қалыптастыруды  теориялық  тұрғыда 
негіздіп, әдістемесін ұсыну. 
Негізгі ұғымдар:  ана, бала, бала құқығы, бала тәрбиесі, ата-ананың міндеттері, отбасы 
 
Ана  мен  бала  құқығы  қоғамда  күрделі  әлеуметтік-саяси  құбылыс  болып  есептеледі.  Оларды 
моральдық,  діни,  мәдени,  әлеуметтік,  экономикалық,  саяси,  құқықтық  және  ғылыми  факторлардың 
өзара қатынасының нәтижесінде пайда болған жеке тарихи феномен ретінде қарастыруға болады.  
Ана  мен  бала  құқығы  өзара  байланысты,  әрі  бірін-бірі  толықтырып  отырғанымен  қиын  тұстары 
да  жоқ  емес, яғни  кейбір  жағдайларда  олардың  арасында  қарама-қайшылықтар  мен шиеленістер  де 
көрініс табады. Мысалы: әйел адамдардың өз сырт келбетін сақтау маңызды ма, әлде баланың дүние 
есігін  ашу  құқығы  маңызды  ма?  Бұл  сұрақ  заң  ғылымы  саласында  толық  зерттелмеген  және  де 
тәжірибеге  сүйене  отырып  әр  түрлі  ғылым  салаларының  ғылыми  негіздерін  пайдалана  отырып 
түбегейлі зерттеуді талап етеді. 
Біз  білетініміздей,  ана  мен  бала  құқығы  осыған  дейін  олардың  біршама  әлсіз  тұстарын  ескере 
отырып тек әлеуметтік кепілдіктер аясында зерттеліп келді. Ана мен бала арақатынасының теориялық 
негіздеріне  жеткілікті  көңіл  бөлінбеді,  сондықтан  да  бұл  мақаламның  мақсаты  ана  мен  баланың 
құқықтарын олардың өзара әрекеттесу, сіңісу, оларды бір-бірімен салыстыру тұрғысынан қарау болып 
табылады. 
Қоғамда  құдіретті  әйел  затының  дүниеге  нәресте  әкелумен  байланысты  ерекше  қызығу-
ылықтары, ойлау өрісінің ерекшелігі секілді қасиеттері бар екендігі қашаннан айтылып келеді. Әрине, 
барлық  әйел-ананың  ойында  ең  алдымен  баланың  денсаулығын  қорғау,  құқығын  қамтамасыз  ету 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
239
сияқты  әлеуметтік  тұрғыдағы  сұрақтар  тұрады.Әрбір  бала  отбасында  немесе  оны  алмастыратын 
ортада  өсіп  жетіледі.  Барлық  жақсы  нәрселер,  оң  әдеттер  мен  қасиеттер  ең  алдымен  отбасынан 
бастау  алады.  Еңбекқор,  адал,  қайсар  азамат,  әрі  өз  отанының  патриоты  болуға  осы  бала  кезінде 
қалыптасатын  негізгі  іргетас  себепкер  болады.Отбасы  бұл  –  қоғамның  алғашқы  ұяшығы.  Халықтың 
әлеуметтік-экономикалық  және  рухани  өмірінде  оның  рөлі  зор.  Әрбір  адам  өзінің  дамып  жетілуіне, 
жалпы бүкіл өміріне отбасының ықпалы зор екендігін біледі. Алайда бұл ықпал оң және теріс те болуы 
мүмкін. Әр  отбасының  өмірінде  өзара  объективті  және  субъективті  қиыншылықтары  болатыны  ғажап 
емес. Толық емес отбасылардың проблемалары мен осындай отбасыларында балаларды тәрбиелеу 
мәселелері ерекше назарда. 
Қай  елде,  қай  кезде  болмасын,  бала  тәрбиесін  ерекше  дамытушы  да,  ілгері  апарушы  да  - 
балалар, яғни бүгінгі ұрпақ - ертеңгі елдің болашағы. Шығыс ғұламасы Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші 
білім  емес,  тәрбие  берілуі  керек,  тәрбиесіз  берілген  білім-адамзаттың  қас  жауы,  ол  келешекте  оның 
барлық  өміріне  апат  әкеледі» деген.Атақты  ғұлама  ғалым,  әлемнің  екінші  ұстазы  Әл  Фарабидің  де 
«Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» деген аталы сөзінен- ақ тәрбиенің адам өміріндегі 
маңызын  көруге  болады.  Осы  тұрғыдан  келгенде  қазақ  халқының  ұлы  ақыны  Абай  Құнанбайұлының 
өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді. 
Ана  –  қай  халықта  болмасын,  шаңырақтың  тірегі,  баланың  қорғаны,  ердің  сүйеніші.Абай 
атамыздың  өзі  қазақ  әйелiнiң,  ананың  отбасындағы  орнын  ерекше  жырлайды.  Ұлы  ғұлама  жетiншi 
қара  сөзiнде  былай  дейдi:  "Жас  бала  анадан  туғанда  екi  түрлi  мiнезбен  туады.  Бiреуi  iшсем,  жесем, 
ұйықтасам  деп  туса,  бiреуi–бiлсем  екен  демектiк.  Не  көрсе  соған  талпынып,  жалтұр-жұлтыреткен 
болса,  соған  қызығып,  аузына  салып,  дәмiн  татып,  тамағына,  бетiне  басып  қарап,  сырнай,  керней 
болса  дауысына  ұмтылып,  онан  ер  жетiңкiрегенде  ит  үрсе,  мал  шуласа  да,  бiреу  күлсе  де,  бiреу 
жыласа  да  тұра  жүгiрiп,  "ол  немене",  "ол  неге  үйтедi",  "бұл  неге  бүйтедi"  деп,  көзi  көрген,  құлағы 
естiгеннiң  бәрiн  сұрап,  тыныштық  көрмейдi.  Мұның  бәрi  өмiрге  жаңа  келген  нәрестенiң  жан  құрамы, 
бiлсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегенi".  Жалпы, "адам бойындағы барлық қасиеттер ананың 
ақ сүтiнен жаралған" деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттердiң мiндеттi түрде тәрбиеленуi 
қажеттiгi туралы айтады[1]. 
Адамзат  қоғамы  ылғи  да  тәрбие  мәселесіне  мән  берді.  Әлеуметтік  функцияда  тәрбие,  аға 
ұрпақтың  іні  ұрпаққа  қалдырған  дүниетанымы,  білімділігі,  іс  –  тәжірбиесімен  іспеттес.  Ең  бастысы 
адамға әсер ететін ол тәрбие, ал тәрбиені адам қоршаған ортадан, айналасындағы қоғамнан алады.  
Бала  тәрбиесiнде  отбасының  орны  ерекше.  Оны  қоғамдық  тәрбиенiң  қандай  саласы  болса  да 
алмастыра  алмайды.  Отбасының  негiзi  баланы  өмiрге  келтiру  ғана  емес,  оған  мәдени  –  әлеуметтiк 
ортаның  құндылығын  қабылдату,  ұрпақтың,  ата-бабалардың,  ұлылардың  ақыл-кеңес  тәжiрибесiн 
бойына  сiңiру,  қоршаған  орта,  адамзатқа,  өз  қоғамына  пайдалы  етiп  тәрбиелеу.  Алдыңғы  ұрпақтың 
тәжiрибесi,  өмiрдегi  беделi,  ақыл-кеңестерi,  ата-ананың  өз  борышын  мүлтiксiз  орындауы,  бiр-бiрiн 
құрметтеуi – үлкен тәрбие мектебi. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, 
өмiрге  бағыт  берушi  тәрбие  мектебiнен  нәр  алады. Дегенмен  де  салыстырып  қарасақ,  ана  баласына 
жұмсақ қарайды: баласы құлап қалса жаны бірге ұшып кетердей, ал әке керісінше қаталдық танытып 
жатады,  яғни  баланы  жазалап  бұрышқа  тұрғызу,  ренжіткен  адамға  қарсы  тұру,  ешуақытта  жыламау 
сияқты қатаңдыққа үйретеді. Ақырында, ата-аналар арасында жанжал туындап, ең жаманы – баланың 
көзінше кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екендігін шеше алмай дауласуы. Ал егер де тәрбиелеу барысында 
ата-әжелері араласа бастаса жағдай одан ары шиеленісіп кетері ғажап емес. 
Қазіргі  кезде  балалар  психологиялық  тұрғыдан  ерекше  сезімтал,  жаны  нәзік,  жараланғыш 
келеді. Кішкентай нәрсенің өзін олар шешімі жоқ үлкен проблема ретінде қарайды. Мазасын алған сол 
бір  түйіткіл  проблеманың  шешімін  табуда  кейбірі  тығырыққа  тіреліп,  тұйықталып,  өзінен-өзі  ішкі  жан 
күйзелісіне  түсіп  жатса,  кейбірі  өзін  қорғау  мақсатында  әдепсіздікке  тән  іс-әрекеттер  жасап, 
ересектерге қарсылық білдіруі арқылы жан айқайын қоғамға жеткізгісі келіп жатады. 
Бала  құқығы  –  бұл  бір  мезгілде  балалардың  ата-аналарынсыз  өз  қалауларымен  ерікті  түрде 
жасай  алатын  құбылыс  және  де  ата-аналарының  тарапынан  біршама  міндеттер  жүйесі  болып 
табылады. Мысалы, мектеп оқушысында сабақ оқу уақытын өз бетінше шешетін құқығы бар. Ал жалпы 
баланың қанша құқығы бар ? Олар қандай құқықтар ? 
Шын мәнісінде баланың ешқандай құқығы жоқ. Баланың тек қана үлкендер тарапынан берілетін 
құқықтары ғана бар (қоғамда туындаған мәдени нормаларға сәйкес ата-аналары өздері береді немесе 
сыйлайды).  Нашар  отбасыларда  балалар  өздері  өз  құқықтарын  иеленіп  ата-аналарының  мойнында 
отырады, ал бертін келе бүкіл қоғамға масыл болуы ғажап емес.  
Ешбір адамзат баласының өзіне тән «құқықтары» болмауы секілді табиғи «бала құқықтары» да 
жоқ  деуге  болады.  Өз  құқықтарын  қорғауға  ұмтылған  адамдар  тобы  бар,  сондай-ақ  осы  топтың 
талаптарымен келісетін топ немесе келіспей өз саясатын жүргізуге құмар топтар да бар.Алып күш ата-
аналардың,  жалпы  үлкендердің  қолында  болған  сәтте  баланың  құқықтарын  солар  белгілейді. 
Дегенмен  өркениетті  қоғам  бала  құқықтары  жөніндегі  Декларацияда  бекітілген  құқықтарын  сыйлауды 
жөн  көрді.  Бұл  табиғи  құқықтар  емес,  бұл  балаларға  байланысты  өз  саясаттарын  жүзеге  асыратын 
үлкендердің  шешімі.  Әлбетте,  балалардың  барлық  міндеттерін  ата-аналары  белгілейді.  Дегенмен 

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
 
 
240
бала отбасында тек ойыншық ретінде немесе ұрыс-керістің негізі ғана емес  қуаныш пен берекенің көзі 
болуы  қажет.  Қайырымды  ата-ана  ең  бірінші  балаға  пайдалы  міндеттерді  белгілейді  және  де  оның 
болашағына алаңдайды. Анасы асүйдің тірлігін бір өзі жасай алады, ал ақылды ана қызын да көмекке 
шақырады, оның сыры келешекте тамақ әзірлеу сияқты асүй жұмысы ананың емес қызының міндетіне 
айналу қажет деп есептейді. Өйткені ақылды ата-ананың балалары бәрін өздері жасай біледі, ал ата-
ана  тек  оларды  үйретіп  еңбекке  баулушы  ғана.  Ал  негізгі  күш  балада  болса  (қазіргі  таңда  көп 
отбасылар осындай жағдайды бастан кешіруде), бала өз құқықтарын да, ата-анасының құқықтарын да 
өзі белгілейді. Күрделі отбасыларында бала мен ата-ана қарым-қатынасының екі шарықтау шегі бар: 
бірі  –  ата-аналары  балаларына  ешбір  құқық  берместен  тек  міндеттер  жүктейді,  ал  екіншісі  –  барлық 
міндеттерді  өздері  атқарып,  балаларына  көп  құқық  беріп  қояды.  Бұл  –  баланы  еркелету,  бетімен 
жіберу  деп  аталады.  Үлгілі  отбасыларында  үлкендер  жағы  балаларына  біршама  міндеттер  мен 
жауаптылықтар  жүктей  отырып  оның  орнына  алмастыру  түрінде  құқықтар  береді.  Бұл  балаларды 
жауаптылыққа үйретудің негізгі педагогикалық тәсілі болып саналады[2, 113 б.].  
Балаларға  жақсы  тәрбие  беру  үшін    оларға  құқықтарын  түсіндірудің  қажеті  жоқ деген  пікір  бар. 
Кейбір  ата-аналар  бұл  жағдайда  балалар  мүлдем  басқарусыз  қалады  деп  есептейді.  Дегенмен,  өз 
адамгершілігіңді  бұзу  оны  қайта  қалпына  келтіруден  әлдеқайда  оңай.  Балалар  өз  құқықтары  туралы 
білулері қажет, бұл олардың жеке тұлға болып қалыптасуна негіз болады. Сонымен қатар оларға тән 
міндеттерді  де  теріс  айналып  өтуге  болмас  –  бұл  оларға  жауапкершілікті  сезінуге  көмектеседі.Яғни 
бала  өз  құқықтарымен  қатар  міндеттерін  де  білуі  тиіс.  Ол  айналасындағы  адамдардың  да  бұзуға 
болмайтан  құқықтары  бар  екендігін  сезіну  қажет.  Ана  тынығуға  құқылы,  яғни  оған  үй  шаруасында 
көмектесу  керек,  ал  досыңның  дөрекі  сөздерді  естімеуге  құқығы  бар,  бұл  оны  ренжітуге  болмайды 
деген  сөз.  Балаға  тән  міндеттерінің  легі  оның  сәби  кезінен  қалыптасуы  қажет.  Ойнап  болған  соң 
ойыншықтарын  жинастыру,  тамақтан  соң  ыдысын  жинау,  -  орындауға  болатын  аса  қиын  емес 
міндеттер.  Ең  бастысы,  ұдайы  ешбір  күштеусіз  орындалып  тұруы  керек.  Бала  өсе  келе  оның 
міндеттері де арта түседі, бірақ бала ешбір қиындықсыз үйрену үшін бұл үрдіс біртіндеп өзгеруі тиіс. 
Баланың анда-санда орындайтын бір топ міндеттерінен гөрі бір ғана толық атқарылатын міндеті болса 
да  жетерлік. Ол  өз  ісіне  жауапкершілікті  сезіну  қажет.  Себебі  жауапкершілікті сезіну  – педагогикалық 
тұрғыдан қарағанда ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады. 
Отбасындағы сыйластық – тәрбиенің ең негізгі шарты болып саналады. Баласының еркін жақсы 
ниетпен  болса  да  қысып  тастайтын  ата-ана  тек  сырттай  мойынсұнушылыққа  ғана  ие  болады.  Бала 
мен жалпы адамның  құқықтарын білу – оларды орындау деген сөз емес. Барлық отбасы мүшелерінің 
өзара сыйластықтары, тек баланың емес үлкендердің де құқықтарын бұзбау, міндеттерді үлкендермен 
қатар  балалардың  да  орындауы,  -  міндетті  түрде  ұстануға  қажетті  ережелер.  Үлкендерінен  кішісіне 
дейін  барлық  отбасы  мүшелерінің  міндеттерін  нақты  айқындау  қажет.  Бұл  бірін-бірі  және 
айналасындағыларды  сыйлай  білетін  ұрпақ  тәрбиелеуге  көмегін  тигізеді.  Дегенмен  де  қатал  тәртіп 
жақсы  тәрбиеге  кепіл  бола  алмайды,  сондай-ақ  балаларға  толық  еркіндік  беру  де  дұрыс  емес. 
Тәртіпке үйрету  маңызды, бірақ  көп  міндет  жүктеп қоюға  да  болмас.  Қаталдықты  тек  өтірік  айтқанда, 
ұрлау,  озбырлық  кезінде  ғана  таныту  қажет.  Қайырымды  адал,  заманға  лайықты  азамат  тәрбиелеп 
шығару  үшін  махаббат  пен  түсіністік  қана  қажет  деседі.  Ата-ананың  барлық  ерік-жігері  тек  осыған 
бағытталуы тиіс. Бала өсе келе ата-анадан қандай тәрбие алса соның жемісін береді [3,47-48 бб.]. 
Отбасында бала құқығы бұзылмаған жағдайда ғана баланың құқығы туралы сөз қозғалуы қажет. 
Алайда ата-аналар өз әрекеттерімен өз балаларының құқықтарын сақтауына кедергі болып тұрғанын 
түсінбей  жатады.  Көбінесе  ата-аналардың  іс-әрекеттерінде  балаларымен  сөйлесу,  оларды  өздерін 
сыйлауға  тәрбиелеу  барысында  кедергі  келтіретін  тұстары  да  болады.  Мысалы:  бұйрықтар  беру,  
ескертулер  айту  баланы  сыйламауды  білдіреді;  ұдайы  қоқан-лоқы  жасау  барысында  бала  оған 
үйреніп  соңында  сезінуден  қалады;  ақыл  айту,  ылғи  да  құлақ  етін  жеу  баланың  ішін  пыстырып 
жібереді;  кез  келген  жағдайдың  дайын  шешімін  тауып  беріп  отырса,  бұл  баланың  өз  бетінше  шешім 
қабылдай  алмайтынын  көрсетеді  және  де  оны  сыйламауға  жатады;  сын  айту,  айыптау  баланың  өз-
өзіне  деген  сенімін  жоғалтады;  үздіксіз  сұраулы  сөйлемдер  өзін  тәуелсіз  сезінуге  бөгет  болады;  сөз 
барысында  аяныш  білдіру,  ақыл  айтып  жұбату,  әртүрлі  жағдайда  бір  ғана  сөзбен  жауап  беру 
нәтижесінде бала ата-ана тарапынан немқұрайлылықты сезінеді. Баламен сөйлесу барысында айқай-
шудан, ұрысудан, тіл тигізуден, өз билігінің жоғары екендігін білдіруден, қоқан-лоқы көрсетуден аулақ 
болған  жөн.  Бұрыннан  келе  жатқан  бір  ақиқат  бұл,  -  өзгелермен  өзіңмен  қалай  сөйлесуін  қалайсың 
солай сөйлескен жөн дегенді білдіреді, яғни балалармен сөйлесуде де осы кеңесті ұстану қажет. 
Қазіргі таңда балаларды тәрбиелеумен дамыту жүйесі, оның әдіс-тәсілдері өте көп, бірақ әрбір 
бала жеке тұлға, сондықтан ата-аналарға әр жүйеден ең дұрысын таңдау қажет. Осы орайда отандық 
бала  тәрбиесі  мәселесімен  қатар  шетелдік  нұсқаға  да  тоқталып  өтейік.  Тәрбиелеудің  немістік  тәсілі 
бізге  мүлдем  қарама-қайшы:  әрбір  проблеманың  шешімі  бар  және  әрбір  күн  нақты  әрі  ұйымдасқан 
нысанда  өтеді.  Балалардың  өмірі  қатаң  тәртіпке  бағынады:  оларға  теледидарды  ұзақ  уақыт  көруге 
немесе  ұйқыға  кеш  жатуға  рұқсат  бермейді.  Асыра  қамқорлық  таныту  неміс  әйеліне  тән  емес:  бір 
жағынан балаларға бәріне рұқсат етілген, бірақ олар бұл еркіндікті пайдаланбайды. Егер бала құлап 
қалса – анасы немесе апаларының көмегімен емес ол өзі тұрады, үсті-басын былғап қойса – ештеңе 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
241
етпейді, үйге барып тазартамыз дейді, ал ыдыс сындырып алса – сынық шишаларды жинауға өтініш 
білдіреді.  Балалар  бөлмесі  –  бұл  оның    жеке  территориясы,  ал  күн  тәртібі  –  мүлтіксіз  орындалуы 
қажет.  Көптеген  отбасылар  балаларына  осы  тұрғыда  өз  күн  тәртібін  реттеп  отыру  үшін  қойын 
дәптерлері  немесе  күнделіктер  сыйға  беріледі.Сондай-ақ  неміс  балалары  философияға  аса  көңіл 
бөледі, олар өз қоғамының бір мүшесі және оларға ешкім міндетті емес.Немістерде анасы өз баласын 
аулаға  ойын  алаңына  тастап,  өзі  емін-еркін  құрбыларымен  әңгіме-дүкен  құруға,  тіпті  жақын  маңдағы 
асханаға  да  кіріп шыға  алады.  Балаларын  көршілерімен  немесе  әжесімен  тастап  кету  деген  мүлдем 
жоқ, яғни жас аналар балаларын өздерімен бірге жеңіл арбаға отырғызып алып жүреді. Аналардың да 
жеке шаруалары барын бала түсіну қажет деп есептейді. 3 жасқа дейін сәби бала күтушімен болады, 
кейін  –  міндетті  түрде  балабақшаға  орналасады.Балаларды  тәуелсіз  болуға,  өз  бетінше  шешім 
қабылдап оған жауап беруге, қоршаған ортаға орай өз-өзін лайықты ұстауға үйретеді.  
Ал  Қытайда  дүниеге  баланың  келуі  бүкіл  отбасы  үшін  зқр  бақыт  болғанымен,  бала  тәрбиесіне 
өте қатал қарайды. Ұл балалар – бұл ұрпақ жалғастырушылар, яғни оларды қыз балаларға қарағанда 
көбірек қалайды және олардың тәрбиесіне аса зор көңіл бөлінеді. Қыз балаларға бастапқы негізгі білім 
мен  үй  шаруасын  жақсы  игеріп  алса  да  жеткілікті,  ал  ұлдарын  жан-жақты  даму  үшін  түрлі  оқу 
орындарына  жіберіп  отырады.  Егер  де  баланың  таланты  болса  олардың  аналары  қатарының  алды 
болу  үшін  барын  жасайды:  мысалы,  ондай  ата-аналардың  ойынша,  егер  бала  ең  үздік  орындаушы 
болып шықпаса музыкалық аспапқа жақындаудың да қажеті жоқ. Дегенмен бұл талап та жақсы шығар, 
себебі бұндай балалар 16 жасында зор жеңістерге жетеді екен, ал біздің елдің балалары шаңына да 
ілеспес. Айтып кеткендей, бұл елде тәрбие өте қатал, балаларға азды қанағат тұтуға үйретеді, соның 
нәтижесінде  олар  еуропалықтармен  теңдей  жан-жақты  дамып  әлемнің  үздік  оқу  орындарын  жарып 
шығады.  Балаларды  қосымша  сабақтарға,  секцияларға  баулып,  өз  күн  тәртіптерін  қатаң  орындауға 
үйретеді.  Ал  1,5  жасында  балаларды  санауға,  сурет  салуға,  жазуға  баулиды.  Бұл  жерде  тыңдау, 
бағыну  маңызды:  егер  анасы  «мені  дүкеннің  алдында  күт»  десе,  баласы  міндетті  түрде  бес  минут 
болсын,  екі  сағат  болсын  отырып  күтеді,  ал  біздің  балалар  осы  уақыт  ішінде  не  істеп  үлгеретінін 
елестетудің өзі қорқынышты. Ал Жапонияда 5-6 жасқа дейінгі балаларға бәріне рұқсат берілген, яғни 
не  істесе  де,  нені  бүлдірсе  де  оларға  шыдамдылықпен,  мейіріммен  қарайды.Жапондықтар  ерте 
балалық  кез  олардың  өмірден  рахат  алатын  кезеңдері  деп  есептейді.  Балаларға  сыпайылықты 
үйретіп, қоғамның бір мүшесі болуға баулиды. Ал бала мектеп жасына жеткен кезде оған деген қарым-
қатынасы өзгереді, яғни ата-аналары қаталдық танытады, себебі 15 жас деген жапон халқының түсінігі 
бойынша  кемелденген  тәуелсіз  шақ  болып  саналады.  Жапондық  ата-аналар  балаларына 
айқайламайды, екі сағат бойына ақыл айтып отырмайды да, олардың ең жаман қорқынышы – жалғыз 
қалу,  өйткені  балаларды  кішкентай  кезінен  қоошаған  ортаға  сіңісіп  әңгімелесуге,    көпшілік  ортасына 
үйретеді. Адам жалғыз болса өмір сүре алмауы мүмкін. Жапондық аналар балаларына қоқан-лоқымен 
үстемдік етіп отырмайды, реніштерін жасырып, өздері бірінші барып сөйлесуге тырысады. Сондықтан 
да болар жапон балаларының ата-анасына жақын болуы. Ерте кезінен балаларды бала бақшаға беру 
қалыптаспаған,  ол  үшін  нақты  себептер  болуы  шарт.  Оқу  орындарында  балалар  арасында 
бақталастық,  бірін-бірі  басып  озу  деген  мүлдем  байқалмайды,  яғни  барлық  балалар  өзара  тең.  Ұл 
балаларды болашақ отағасы ретінде қайсар, батыл етіп тәрбиелейді. Бұл ежелгі самурай кезінен келе 
жатқан  дәстүр  болып  табылады  және  оны  қатаң  берік  ұстанады.  Ал  қыз  балалар  –  болашақ  аналар, 
оларға  ұл  балалар  сияқты  аса  көңіл  бөліне  бермейді.  Дегенмен  де  ұлттық  мерекелері  қатарында 
Аналар күні де, Әкелер күні де теңдей аталып өтіледі[4, 22-23 бб.]. 
Мемлекетіміздің келешегі жастардың қолында деп мемлекетіміз жастарға көп сенім артуда, яғни 
ол  жастардың  дұрыс  білім  алуына,  баланың  жан-жақты  дамуына  ата-ананың  тәрбиесі  ықпалын 
тигізбей  қоймайды.  Ата-аналарының  балаларды  тәрбиелеуге  құқығы  ата-аналық  құқықтарының 
ішіндегі  ең  маңыздыларының  бірі.Табиғаттың  ата-анаға  берген  міндеті  ол  өз  балаларын  қорғау, 
баланың  өмірге  деген  көзқарасы  немесе  оның  денсаулығының  қалыпты  болуы,  баланың  жеке  тұлға 
ретінде  толық  қалыптасуы,  ол  яғни  ата-ананың  балаға  берген  тәрбиесіне  және  материалдық  – 
тұрмыстық  жағдайына  тікелей  байланысты  екені  бәрімізге  мәлім.  Барлық  құқық  түрлері  сияқты 
әйелдер  мен  балалардың  жеке  бастарына  қатысты  заңдардың  да  ерекше  тақырып  ретінде  қаралуы 
немесе  әйелдер  мен  кәмелеттік  жасқа  толмағандардың  құқығы  мен  соларға  байланысты  мекемелер 
арасындағы қатынастар тарихы жағынан ортаға жаңа шығып келе жатқан ұғым екені белгілі 
Жаңа  құқық  жүйесінде  жасөспірімдер  құқығы  негізгі  екі  қағидаға  сүйенуде.  Атап  айтқанда, 
біріншісі  -  жасөспірім  бір  адамзаттың  баласы  екендігі.Осы  қағиданың  негізіне  байланысты 
жасөспірімдерге адам ретінде қажетті қамқорлық пен мейірім көрсету. Екіншісі - бірлік қағидасы, яғни, 
жасөспірімдерді мемлекет пен қоғамның айырылмас құрамы ретінде тану. 
Қоғамның  басты  байлығы  адам  болып  есептелетін  қоғамда  зорлық-зомбылық  ұғымы  біздің 
қазіргі  тұрмыс  деңгейімізбен  үйлеспейтіні  анық.  Құлаққа  тосын  естіледі,  кейбіреулер  бұл  сөзді 
күнделікті өмірде тіпті пайдаланбауы да мүмкін. Әсіресе зорлық-зомбылық сөзінің нәзік жандылармен 
үш  қайнаса  сорпасы  қосылмаса  керек.  Соған  қарамастан  осындай  теріс  құбылыс  бізбен  қатар  өмір 
сүруде  дегенді  амалсыз  мойындауға  тура  келеді.  Әсіресе,  отбасындағы  зорлық-зомбылық  құлаққа 
түрпідей  естіледі.  Бірақ,  өкінішке  орай  бұл  қоғамның  өзекті  проблемасы  болып  тұр.  Сирек  болса  да 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет