Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсыноватындағы



Pdf көрінісі
бет45/75
Дата21.02.2017
өлшемі39,72 Mb.
#4618
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   75

Литература
1 Ахметова, Г. Д.Языковое пространство художественного текста [Текст] / Г. Д. Ахметова.− СПб: 
Реноме, 2010. – 452 с. 
2  Крысин,  Л.  П.  Социальный  аспект  владения  языком  [Электронный  ресурс]  /  Л.  П.  Крысин.  – 
URL:http://mir.zavantag.com/filosofiya/883958/index.h  3  Вежбицкая,  А.  Сравнение  —  градация  — 
метафора. Перевод с польского Г. Е. Крейдлина [Текст] / А. Вежбицкая // Арутюнова Н.Д., Журинская 
М.А. (ред.) Теория метафоры:Сборник.  М.: Прогресс, 1990.  512 с. – С. 142  148. 
Анализируемые источники
4  Alice  Munro`s  Best  Selected  Stories  [Еlectronic  resource]  /Munro  A.  −  URL:http://flibusta.net/b/ 
340590 
5  Манро, Э. Танец блаженных теней [Текст] / Э. Манро. – М.: Азбука, 2014.– 486 с. 
 
 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
227
УДК 373.1.02. 
 
ДҮНИЕТАНУ ПӘНІНЕН САЯХАТ ӨТКІЗУДІҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ МЕН ЖОЛДАРЫ 
 
Султанбекова Ж.Х. - аға оқытушы, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты  
Нурова А.К. - аға оқытушы, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты  
 
Бастауыш  мектепте  дүниетанудан  сабақ  беру  үрдісінде  топсаяхаттарға  үлкен  орын  беріледі. 
Топсаяхат  оқушылардың  зерттейтін  обьектілері  мен  құбылыстарын  табиғи  немес  қолдан  тудырған 
жағдайда қабылдауына негізделеді. 
Топсаяхаттардың  мазмұны  мұнан  бұрынғы  сабақтарда  өтілген  материалмен  тікелей  байла-
нысты  болуы  керек.  Сонымен  бірге  топсаяхатта  алынған  түсініктер  бақылау  нәтижелері  және 
жиналған материалдарды кейінгі сабақтарда пайдаланылады. 
Топсаяхаттардың танымдық және тәрбиелік үлкен мәні бар. Олар оқушылардың білімін кеңейтіп 
тереңдетеді.  Балалар  табиғат  обьектілерін  табиғи  ортада  көреді  өсімдіктердің  топырақпен  жануар-
лардың өсімдікпен өзара байланысын бақылайды. Бұл оқушылардың табиғаттың барлық бөліктері бір-
бірімен  тығыз    байланысты  болып  келетінін,  біртұтастығы  туралы  түсінігін  қалыптастыруға  мүмкіндік 
береді. Сынып сабақтарында, топсаяхаттарда қабылданған жеке ұғымдар «табиғат» деген анағұрлым 
кең ұғымға бірігеді.Табиғатты оқып білудегі зерттеу әдісі оқушыларды топсаяхаттарда жергілікті жерде 
бағдарлай білуге, бақылауға, салыстыруға, табиғаттың бақыланатынын заттары мен құбылыстарының 
арасындағы  байланыстарды  анықтауға  үйретуге  мүмкіндік  береді,  айнала  қоршаған  болмысты 
өздігінше зерттеу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасайды. .[2, 244] 
Топсаяхаттар тікелей табиғатқа, музейлерге, көрмелерге, ботаникалық баққа, зоопаркке, фабри-
каларға  т.б.  жүргізіледі.  Олар  оқулық  (бағдарлама)  және  оқудан  тыс  (бағдарламадан  тыс)  болып 
бөлінеді.  Оку  экскурсияларын  тақырыпты  өткенге  дейін  (кіріспе  топсаяхаттар,  мысалға  3-сыныпта 
жергілікті  жер  бетімен  таныстыруға  арналған  топсяхаттар),  немесе  тақырыпты  өткеннен  кейін  (қоры-
тынды топсаяхаттар, мысалға 2-сыныпта әрбір жыл мезгілі өткеннен кейін) жүргізуге болады. 
  Мұғалім әрбір топсаяхатты алдын ала тыңғылықты түрде дайындайды. 
Оның  өзі  алдын  ала  топсаяхат  жүргізілетін  жермен  танысып,  көңіл  аударарлық  сипатты 
обьектілерді  табады;  маршрутты,  тоқтатуға  қолайлы  жерлерді  қарап  шығып,  анықтайды;  оқушы-
лардың  өздігінше  жүргізетін  бақылауларының  сипатын  ойластырады;  оқушылар  коллекцияға 
(табиғатқа  зиян  келтірмеу)  не  жинайтынын  анықтайды;  топсаяхатты  жүргізу  жоспарын  жасайды; 
қорытынды әңгіме негізгі мәселелерді белгілейді. 
Топсаяхатқа оқушылар да дайын болуы керек. Мұғалім балаларды топсаяхаттың міндеттерімен 
және  мақсатымен  таныстырады;  топсаяхат  алдындағы  сабақта  оқушылардың  алдын  олар  топсая-
хатта  шешуге  тиісті  мәселелерді  қояды;  табиғат  материалын  бақылауға  және  жинауға  тапсырмалар 
бөледі. .[3,142] 
Топсаяхаттың табысты өтуі көпшілік жағдайда оны ұйымдастыруға байланысты. Осы мақсатпен 
сыныпты шағын топтарға (5-6 адамнан) бөліп, әр қайсысына тәртіпке және тапсырмаларды орындауға 
жауап  беретін  басшы  тағайындайды.  Топсаяхаттың  сипатына  сәйкес  әр  топтың  тиісті  жабдығы; 
компас, күрек, гербарий папкасы, этикеткалар, кішкене банкілер, сачок, лупа т.б. болады. 
Ең бастысы – оқушылар табиғаттан нені және қалай көру, нені тану керектігін білуі керек. 
Зерттеу  орны  мен  обьектілеріне  сәйкес  мұғалім  топсаяхаттың  құрылымын,  жүргізу  әдістерін 
анықтайды және жоспар – маршрут жасайды.    
 Мысалға 2-сыныпта қысқы топсаяхатты былай өткізуге болады. 
Топсаяхаттың  мазмұны:  қыстың  белгілерін,  қар  мен  мұздың  қасиеттерін,  жапырақты  және 
қылқан жапырақты ағаштардың сипаты белгілерін анықтау; қыстайтын құстардың, өсімдіктердің және 
аңдардың тіршілігін, адамның табиғат қорғауға байланысты әрекетін бақылау. 
Жұмыс әдістері мен түрлері: әңгімелесу, мұғалімнің әңгімесі, бақылаулар, практикалық  жұмыс, 
өздігінше, жұмыс, жиналған материалды өңдеу болып табылады. 
Маршрут  және  бақылау  обьектілері:  жол,  бөген  не  көл,  орман;  қыстайтын  құстар  (қарға,  ұзақ  
қарға, сауысқан, торғай, сары  шымшық, тоқылдақ, қызылбауыр); ағаштар (қайың, жөке, емен, қарағай, 
шырша);  қар  астындағы  өсімдіктер;  қабықтың  немесе  ескі  түбірдің  астындағы  құрттар  мен  олардың 
личинкалары; қардағы іздер. 
Топсаяхат  кезінде  балалар  кейбір  ағаштар  мен  бұталардың  бұтақтары  мен  жемістерін,  қабық 
бөлшектерін,  шөптердің  құрғақ  сабақтарын  жинайды;  қар  астынан  жасыл  өсімдіктерді  қазып  алады. 
Егер  балалр  орманна  құстар шоқып  тастаған,  тиін мүжіген  бүрлер  немес  басқа  бір  орман  тіршілігінің 
іздерін  тапса,  онда  оларды  да  сыныпқа  алып  келу  керек.  Егер  мұғалім,  немесе  оқушы  бірнеше 
фотосуреттер түсірсе, тіпті жақсы болады.  
Оқушылардың  адамның  табиғат  қорғау  жөніндегі  іс-әрекетін  көргені  жөн  (құстарға  үстеме  жем 
беру, жасанды ұялар, құстар мен басқа да хайуанаттарға жем беретін жер т.б.) 
Топсаяхат  соңында  мұғалім  мына  сұрақтар  бойынша  әңгіме    өткізеді:  Қыста  жапырақты  және 

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
 
 
228
қылқан жапырақты ағаштар мен бұталар қандай күйде болады? Өсімдік тіршілігі үшін қардың қандай  
мәні бар? Қыста орманда, орманға баратын жолда, бөгенде немес көлде қандай жануарларды көруге 
болады? Қыстайтын құстар немен щқоректенеді? 
Келесі  күндері  балалар  табиғат  мүйісінде  топсаяхат  материалдарынан  көрме  жабдықтайды. 
Жиналған  материалдарды  дүниетанудан  заттық  сабақтарда,  сонымен  бірге  оқу,  сурет,  еңбек 
сабақтарында пайдалануға болады. .[3,173б] 
Мұндай топсаяхаттар тек білімдік қана емес (балалардың маусымдардың негізі белгілерін және 
соларға  байланысты  өсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесінде  өтетін  өзгерістерді  ұғуы),  сонымен  бірге 
тәрбиелік  те  міндеттер  қояды.  1-сыныптың  өзінде  –  ақ    балалардың  табиғатқа  сүйіспеншілігін 
тәрбиелеу, олардың қоршаған табиғаттан әсемдіктерді көре білуіне көмектесу, оларға үлкен сезім мен 
ой әлемін ашу, балады табиғаттың қорғаушыларына, достарына айналдыру қажет. 
Бастауыш  сыныптарда  табиғатпен  таныстыру  мектеп  оқушыларын  қуанышқа  бөлейді,  олар 
өздерінің  табиғатпен  біртұтастығын  көріп,  түсіне  отырып,  табиғат  байлықтарын  сақтауға  және 
көбейтуге  қамқорлық  жасайды  және  жаны  күйеді.  В.А.Сухомлинский  топсаяхат  кезінде,  жалпы 
балалар  табиғатпен  әрбір  жанасқан  сайын  олар  табиғат  –  біздің  үйіміз,  табиғат  біздің үйіміз,  табиғат 
біздің өзіміздің бір бөлшегіміз, ал табиғатқа селсоқ қарау - өз тағдырымызға қалай болса солай қарау 
деген шындық екендігі жайында ойланулары үшін оларға әлемді көрсету керек деген болатын. 
Топсаяхаттың  табысты  өтуі  көп  жағдайда  мұғалімге,  оның  бірлігіне  табиғатты  сүюне, 
балалардың көңілін таба білуіне байланысты. 
Балалардың  көргендері  оларды  эстетикалық  тәрбиелеуге  әсер  етіп,  олардың  көз  алдына 
нақтылы  бейне  елестетіндей,  олардың  қырағылығын  арттырып,  ойын,  тілін  поэзиялық  бейнелермен 
байытатындай  болуы  керек.  Бұл  мақсатта  табиғатта  поэзиялық  тұрғыдан  сипаттайтын  жерлері  бар 
көркем  шығармалардан  үзінділер  оқуды  қолдануға  болады.  Егер  балалар  топсаяхатта  шаршаса, 
немес  мұғалім  қайсы  бір  обьектіге  көбірек  назар  аудару  керектігін  сезсе,  ол  үшін  қызықты  сұрақтар 
мен жұмбақтар пайдалануға болады. 
3-сыныптағы  топсаяхаттар  өз  өлкесін,  өз  жерін  зерттеумен  байланысты.  Әрбір  топсаяхаттың 
алдында  мұғалім  үлкен  дайындық  жұмысын  атқаруы  керек:  жергілікті  жердің  планымен  белгіленген 
маршрут  бойынша  жеке  табиғат  элементтерімен  танысады  өз  жерінің  өсімдіктері  мен  жануарлары 
туралы  оқиды,  оқушыларға  жеке  дара  тапсырмалар  дайындайды  т.б.  Әсіресе  топсаяхаттар  кезінде 
балалардың өздігінше жұмыс істеуіне көңіл бөлу керек.  
Топсаяхатта  3-сынып  оқушыларының  төбе  және  оның  биікттігі,  жазық,  жыра,  жергілікті  суаттар 
(өзен,  көл,  бөген),  олардың  орналасуы,  еркшеліктері,  адамның  шаруашылыққа  пайдалануы  дұрыс 
түсініктері қалыптасады. 
Өсімдік  пен  жануарлар  дүниесімен  таныстыруды  бәрінен  де    комплекстік  топсаяхаттар  кезінде 
ұйымдастырған  жөн.  Жануарлар  мен  өсімдіктер  арасындағы  байланыстар  мен  өзара  тәуелділіктерді 
оқушылардың  өздері  ашатындай  жағдайға  ұмтылу  керек.  Мәселен  суатқа  топсаяхат  кезінде  бұл 
байланысты  негізінен  құрттармен  (наксикомдар)  қоректенетін  көлбақаның  мысалынан  көрсетуге 
болады. Көлбақаларды құрту суат маңында маса  шіркейлердің орасан зор мөлшерде көбейіп кетуіне 
апарып соғады. .[4,28б] 
Топсаяхатта  жиналған  материал  қажетті  түрде  жабдықталады  да  әр  түрлі  сабақтарда 
пайдаланылады. 
Табиғаттағы  маусымдық  өзгерістермен  танысу  үшін  бақылаулармен  қатар  бағдарламада 
топсаяхаттар  өткізілу  де  қарастырылады.  Табиғатқа  бірінші  топсаяхатты  мұғалім  балаларға  күздің 
бастапқы кезінде табиғатта не болып жатқанын балаларға көрсету мақсатымен өткізеді. 
Балалрды топсаяхатқа апармастан бұрын мұғалім топсаяхат өтетін жерді зерттеуге: орманның 
немес  парктің  жапырақты  және  қылқан  жапырақты  өсімдіктері  өсеттін  жерін  таңдап  алуға,  мектептен 
баратын  неғұрлым  қысқа  да  қолайлы  жолды,  әңгімелесу  және  демалу  үшін  орындарды  белгілеуге 
тиіс. 
Топсаяхаттың  тақырыбы:  «Күздің  бастапқы  кезіндегі  орманның  немес  парктің  көрінісімен 
танысу». 
Топсаяхаттың мақсаты: күздің басталу белгілерін бақылау, жапырақты ағаштармен танысу. 
Жабдықтар: өсімдіктеге арналған папкалар, тұқым жинауға арналған қорапшалар. 
Оқушыларды  топсаяхатқа  дайындау.  Топсаяхат  мұғалім  мынадай  сұрақтар  бойынша  әңгіме 
өткізеді:  қандай  орман  (парк)  мектепте  ең  жақын  жерге  орналасқан?  Ормандағы  (парктегі)  қандай 
ағаштарды  білесіңдер?  Жазда  ағаштардың  жапырақтарының  түсі  қандай  еді?  Жазда  шөптің  түсі 
қандай  болады?  Жазда  орманна  не  жинадыңдар?  Қандай  саңырауқұлақтаррды  білесіңдер?  Біздің 
орманда қандай жидектер өседі? Қазір жылдың қай мезгілі? 
Мұғалім  оқушыларға  орманға  (паркке)  жасалатын  топсаяхат  туралы хабарлап,  оның  мақсатын, 
өткізіллетін орнын айтады. 
Топсаяхаттың барысы. Топсаяхат басында балалар ауа райын  бақылайды.  Олар көшеде жы-
лы  немес  салқын  екенін,  аспанның  қаншалықты  бұлтты  екенін  белгілейді.  Содан  соң  мұғалім  бала-
лардың  назарын  күзгі  орманның  сұлулығына  аударып,  алуан  түрлі  бояуларды  атап  өтіп,  шөптерді, 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
229
жолдарға  түсіп  қалған,  аяқ  астында  сылдырлап  жатқан  жапырақтарды  көрсетіп,  орманда  (паркте) 
қандай ағаштар өсетінін сұрайды. Ол ақ қайыңды тауып, ол туралы айтып беруді ұсынады: қайыңның 
діңінің  түсі  қандай?  Қайыңның  жапырақтары  қандай?  Олардың  формасы  қандай?  Түсі  қандай? 
Мұғалім балалардың назарын қайыңның сырғаларына  аударып, оның ішінде тұқымы болатынын, егер 
олар  жерге  түссе,  одан  жаңа  ағаш  өсіп  шығатынын  айтып  береді.  Ол  балаларға  қайыңдардың  жас 
бұтасын көрсетеді. 
Мұғалім жаңа тапсырма береді: еменді табу және «қай ағаш биииік – емен бе немес қайың ба?»-
деген  сұраққа  жауп  беру  (салыстыру  үшін  үлкен  еменді  алу  қажет).  Қай  ағаштың  діңі  жуан? 
Қайсысының  жапырағы  үлкенірек,  еменнің  бе  немес  қайыңның  ба?  (Балалар  еменнің  жапырағын 
қарап шығып қайыңның жапырағымен салыстырады). Еменнің жапырағының түсі қандай? 
Содан  соң  мұғалім  орманда  өсіп  тұрған  бұтаны  өзі  көрсетеді  де  ағаштың  бұтадан  айырма-
шылығы жөнінде айтып береді( ағаштың діңі біреу, ал бұтаның діңі көп; ағаштың діңі жуан, ал бұтаның 
діңі жіңішке; ағаш биік, ал бұта аласа). 
Топсаяхатта бақылау обьктісі жануарлар да болуы қажет. Бірінші сынып оқушылары жәндіктерді 
де  (көбелектерді,  араларды, шыбындарды  және  басқаларды)  көруі,  құстардың  сайрағаны  естілмейді 
деп белгілеуі де мүмкін. 
Тыныққан  соң  балалар  өздері  топсаяхатта  танысқан  ағаштар  мен  бұтақтардың  тұқымы  мен 
жапырақтарын  жинайды.  Мұғалімнің  топсаяхат  соңында  оларға  «Күз»  деген  өлеңін  оқып  беруіне 
болады: 
Жапырақ төсеп жолдарға,                    Орманда, жола, тебінде 
Бітірді күз де бір ісіт.                            Тұнған су мұз боп қатады. 
Бұлардан сүңгіп орманға,                     Алтын күз келді қайырлы 
Ұйқыға аю кірісті.                                 Алтындап жапырақ, жас талды. 
Жапырақтарды жел үрлеп,                   Колхозда, міне, байырғы 
Шашыққа шашып жатады.                   Қырман той тағы басталды. 
 
Өлең  оқып  болған  соң мұғалім:  «Автор  жылдың  қай  мезгілі  туралы  жазып  отыр?  Күздің  қандай 
белгілерін ол атап отыр? Деген сұрақтар қоояды. 
  Топсаяхаттан алған білімдерін олар екінші күні әңгімелесу үстінде пысықтайды. 
Топсаяхаттың тақырыбы: «Ерте көктемдегі орман». 
Топсаяхаттың  мақсаты:  көктемнің  келуімен  табиғатта  қандай  өзгерістер    болғанын  көрсету, 
көргендерін қыс пен күзде бақылағандарымен салыстыру. 
Жабдықтар: балаларда – күректер, мұғалімде – папка. 
Оқушыларды  топсаяхатқа  дайындау.  Алдын  ала  сыныпта  мұғалім  балалармен  қай  мезгілін 
білесіңдер?  Жылдың  қай  мезгілі  аяқталып  кееледі?  Сендер  қыстың  қандай  айларын  білесіңдер? 
Жылдың  қай  мезгілі  түседі?  Біздің  жердегі  көктем  айлары  қандай?  Қыста  ауа  райы  қандай  болады? 
Қыста  жерде  не  жатады?  Неге  қыста  қар  ерімейді?  Қазір  қар  неге  ери  бастады?  Қай  кезде  жылы  – 
қыста ма немесе көктемде ме? Күн қай кезде ұзарады қыста ма немес көктемде ме? Сендер көктемнің 
қандай белгілерін байқап қалдыңдар? 
Мұғалім  топсаяхат  кезінде  балаладың  өздері  білетін  ағаштарын  көрсететіндерін,  сондай-ақ 
шырша  мен  қарағайды,  қайың  мен  еменді  таба  білуді  үйренулері  керегін  айтады.  Мұғалім  бұл 
өсімдіктерді  суреттен  көрсетіп,  оқушылардың  оларды  назар  салып  қарауын  сұрайды.  Содан  кейін  ол 
осы өсімдіктерді кептірілген (гербарийдегі) жапырақтарын көрсетеді. 
Орманда  балалар  ағаштардан  басқа  бұталарды  да  көреді.  Олар  ағашты  бұталардан  ажырата 
білуге тиіс. Мұғалім суреттен бұталарды көрсетеді. 
Топсаяхаттың  барысы.  Топсаяхат  басында  мұғалім  оқушылардың  назарын  ауа  райының 
жайына аударады (биік көгілдір аспан бұлт, күн жарқырап тұр, қысқа қарағанда жылы). Аспанның түсі 
қандай? Ал қыста оның түсі қандай еді? Күннің көзі оң жақ беттерінің ұшына түсетіндей боп тұрыңдар. 
Сендер  нені  сезндіңдер?  Қазір  күн  жоғары  көтеріліп,  қыздырыңқырап  тұр,  ал  бұдан  не  болады?  (Қар 
ери бастайды). Бұл ерте көктемге тән белгілердің бірі. .[5,135б] 
Мұғалім балалардан қары еріп, жер көрінген жерлерді көрсетуді сұрайды. Ол бұндай жерлердің 
ала қар деп аталатынын айтады. Бұл да ерте көктемнің бір белгісі. 
Сонымен, ерте көктемге күннің ұзаруы, жылынуы, қардың еру, ала қардың болуы тән екен. 
Содан  соң  оқушылар  орманның  көктемдегі  түрін  қыстағы  түрімен  салытырып,  тірі  табиғатта 
болып  жатқан  өзгерістерді    белгілейді.  Кей  жерлерде  көк  шөп  қылтияды.  Балалар  жылдың  бұл 
мезгілінде  гүлдеп  тұрған  өсімдіктерді  де  табуы  мүмкін,  мысалы  өгейшөпті,  оны  ерте  көктемде  тіпті 
үлкен қалаларда да кездестіруге болады. 
Содан  кейін  мұғалім  балаларға  қарағай  мен  шыршаны  тауып  көрсетуді  ұсынады.  Шырша  мен 
қарағайдың  діңіне  көз  салыңдар.Олардың  түсі  қандай  екен?  (шыршаның  діңі  боз,  ал  қарағайдыкі  
қызғылт-сары). Шырша мен қарағайдың қылқандарын салыстырыңыздар (Шыршаның қылқаны қысқа, 
ал қарағайдың қылқаны-ұзын). Еменді табыңдарп. Оның қабығының түсі қандай? Қайыңды табыңдар. 
Қайыңның діңінің түсі қандай? Емен мен қайыңның бұтақтарын салыстырыңдар. Олар бірбірінен қалай 

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
 
 
230
ажыратылады? (Қайыңның бұтақтары жіңішке және иіліп тұрады.) 
Топсаяхат  кезінде  жануарларды  да  бақылау  керек,  себебі  бұл  кезде  алғашқы  құстар  қайтып 
келіп, жәндіктер пайда бола бастайды. 
Топсаяхатты  қорыта  келіп  мұғалім  балалардың  назарын  табиғаттың  көктемде  оянатына 
аударады.  Ол  гүл  жарған  талды  көрсетіп,  бүршігін  қақ  бөліп,  оның  ішіндегі  жапырақшаларын  талды 
көрсетіп,  бүршігін  қақ  бөліп,  оның  ішіндегі  жапырақшаларын  көрсетеді.  Қардың  қыста  жерді  көрпе 
сияқты жауып, ағаш шөп, бұталарды тоңдырмағанын түсіндіреді. 
Мұғалім балаларға жерге жеткенше қарды күреп, қардың астында қыстаған көк шөптерді табуды 
ұсынады. 
Дүниетану  бағдарламасында  жылдың  әр  мезгілі  бойынша  міндетті  түрде  топсаяхаттар  жүрізу 
қарастырылған.  Топсяхат  өткізетін  тұрақты  бір  жер  болғаны  дұрыс.  Топсаяхаттар  табиғат 
құбылыстары мен обьектілерінің сан қырын неғұрлым кеңірек және тереңірек зерттеуге, бүкіл осы сан 
қырлылықты  түсінуге,  организмдердің  өзара  және  қоршаған  жағдаймен  байланысын  білуге  мүмкіндік 
береді.  
Табиғатқа күзгі топсаяхат қыркүйек айында, ағаштардың жапырағы өз түсін, өзгерте бастағанда 
және түсе бастағанда жасалады. 
Топсаяхат  мақсаты:  балаларды  күздің  бастапқы  кезіндегі  өсімдіктермен  және  жануарлармен 
таныстыру, күзгі орманның түрін, оның жазғы түрімен салыстыру. 
Топсаяхат алдында мұғалім мынадай сұрақтар бойынша әңгіме өткізеді: сендер күздің бастапқы 
кезінде  қандай  белгілерін  байқадыңдар?  Сендер  ағаштардан  алғашқы  сары  жапырақтарды  қашан 
байқадыңдар? Күздік түсін бүкіл ағаштар мен бұталардың жапырақтары бірден қабылдай ма? Қандай 
ағаштардың  жапырақтары  ерте  сарғая  бастайды?  Қандай  ағаштардың  жапырақтары  ұзақ  уақытқа 
дейін жасыл боп тұрады? «Күз» деген кинофильмнен күздің қандай белгілерін көрдіңдер? (Құстардың 
ұшып кетуі, жапырақтардың күздік түсі, жапырақтардың түсуі, жеміс пен тұқымдардың пісіп жетілуі). 
Топсаяхат  өтетін  жерге  келген  соң  мұғалім  балаларға  тыныш  тұрып,  орманның  дыбысын 
тыңдауды  ұсынады.  Содан  кейін  күздік  торғайды  бақылауды  бастауға  болады.  Егер  топсаяхат 
ағаштар мен бұталар бар жерде өтетін болса, мұғалім ағаштар мен бұталардың ортақ белгілерін және 
айырмашылықтарын  еске  түсіруді  ұсынады  (ағаштың  діңі  біреу,  бұталардың  бірнеше  жіңішке  діңдері 
бар, олар ағаштікінен неғұрлым жіңішкерек те аласарақ). Содан соң мұғалім жапырақты және қылқан 
жапырақты ағаштар мен бұталарды қарап, оларды өзара салыстыруды ұсынады. 
Күз  жемістер  мен  тұқымдардың  пісіп  жетілу  және  таралу  кезі  болып  табылады.  Мұғалім  
бақылау  үшін  шөп  өсімдіктерді  (бақбақ,  ошаған,  қалумен,  түйетікен),  бұталарды  (итмұрын,  мойыл, 
ырғай),  ағаштарды  (емен,  қайың,  шырша,  қарағай)  таңдап  алып,  бұл  өсімдіктердің  жемістері  мен 
тұқымдары  қандай  тәсілдермен  жайылатынын  көрсетеді.  (Калуеннің,  бақбақтың  жемістерін  ұшыра 
отырып, оқушылар олардың ауадағы қозғалыстарын байқайды.) 
Егер  топсаяхат  өтетін  жерге  таяу  өзен  ағып  жатса,  қияқтың  жемісін  оқушыларға  көрсетуге 
болады,  олар  ауа  жиналған  қапшықтың  ішінде  тұрады,  сондықтан  қияқтың  жемістері  суға  батпайды 
жжәне су арқылы біраз жерге дейін барады. 
Топсаяхаттар  кезінде  мұғалімнің  нұсқауы  бойынша  балалар  жемістер  мен  тұқымдардың 
таралуының  әр  түрлі  тәсілдерімен,  ағаштар  мен  бұталардың  түсі  бойынша  сан  алуан  жапырақтарын 
жинайды. 
Мұғалім  оқушылардың  назарын  күзде  құстардың  азаятынына  аударып,  мынадай  сұрақтар 
қояды:  сендер  жазда  қандай  құстарды  көрдіңдер?  (Қарлығаштарды,  қараторғайларды,  тағандарды 
және  т.б.).  Олар  неге  күзде  көрінбейді?  Олар  қайда  ұшып  кетті?  Қысқа  қарай  олар  неге  ұшып  кетті? 
(Оқушылар жәндіктердің және құстардың жемдерінің басқа түрлерінің жойылуы жөнінде дұрыс жауап 
берулері  қажет.).  Қыста  ббізде  қандай  құстар  жөнінде  дұрыс  жауап  берулері  қажет).  Қыста  қандай 
құстар қакладды? (Торғайлар, ұзақтар, қарғалар және басқа).  
Мұғалім  балаларға  өсімдіктердің  қысқа  қалай  дайындалатынын  көрсетеді.  Қой  бүлдіргенді, 
бақбақты  қарай  отырып,  оқушылар  олардың  жапырақтарының  арасынан  жерге  дейін  тиіп  тұрған 
жасыл бүрді іздеп табады. Мұғалім өсімдіктердің қардың астында жасыл бүрді іздеп табады. Мұғалім 
өсімдіктердің  қардың  астында  қыстайтыны  туралы,  көктемде  бүрлері  жарылып,  жапырақтар  мен 
гүлдер шығатыны туралы әңгімелеп бередіі. .[6,35б] 
Сөйтіп,  балалардың  топсяхатқа  дейін  және  одан  кейін  табиғатқа  жасаған  бақылаулары  оларға 
күздің  негізгі  белгілерін:  біртіндеп  салқындауын,  күн  ұзақтығының  қысқаруын,  жиі  бүркіген  жауынды, 
көптеген  шалшық  суды,  жапырақтардың  түсуін,  гүлдеп  тұрған  өсімдіктердің  жоғын,  жеміс  пен 
тұқымдардың пісіп, жетілуін құстардың ұшып кетуін, егін жинауды анықтауға мүмкіндік береді. 
Топсаяхат  кезінде  балалар  түрлі  түстегі  жерге  түскен  жапырақтарды,  шөптердің,  бұталар  мен 
ағаштардың жемістері мен тұқымдарын жинайды. Жиналған материалдарды олар гербарий, жемістер 
мен тұқымдардың коллекциясы ретінде дайындап, дүниетану заттық сабақтарда пайдаланады. 
Қысқы топсаяхат мүмкіндігінше күзде өткізілген жерде өтуі тиіс. 
Топсаяхат  мақсаты:  оқушыларға  қысқа  тән  белгілер  туралы  анық  түсініктер  беру,  өлі  және  тірі 
табиғатта және адам еңбегінде болып жатқан өзгерістер арасындағы өзараа байланысты анықтау. 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
231
Топсаяхат  алдында  мұғалім  онда  қаралатын  бірқатар  мәселелерді  анықтайды:  өсімдіктер 
өміріндегі  қысқы  өзгерістерді  бақылау,  қыстап  қалған  құстарды  бақылау,  басқа  жануарларды 
(тиіндерді) бақылау, аңдар мен құстардың ізін табу. 
Орманға  барар  жолда  олар  қар  қаығын  көру  және  оның  қалыңдығын  өлшеу  үшін  ашық  жерге 
тоқтайды.  Олар  қар  қабатының  өсімдіктер  өмірі  үшін  ашық  маңызын  анықтап  күн  көзінің  көкжиек 
сызығынан биікттігін бақылайды. 
Орманда  оқушылар  тиіннің,  қайшыауыздың,  тоқылдауықтың  іс-әрекеттерінің  ізін  табады, 
қайшыауыз  тоқылдақ  шоқыған  немесе  тиін  кемірген  бүрлерді  жинайды.  Бұдан  соң  мұғалім  қысқы 
орманның үнін естуді және онеы күзгі орманның үнімен салыстыруды ұсынады. 
Соңында оқушылар қыста суық күздегіден гөрі арта түсті; аспанды жиі бұлт қаптап, қар жауатын 
боды; күннің ұзақтығы бұрынғыдан да қысқара түседі; жапырақты ағаштар мен бұталардың жапырағы 
жоқ,  көгеріп  тұрған  тек  қылқан  жапырақты  өсімдіктер  ғана;  қар  астындағы  кейбір  өсімдіктер  де  көк 
күйінде  қыстап  шығады;  жануарлар  салқын  мен  аштықтан  індеріне,  ұяларына,  әр  түрлі  қолайлы 
орындарға  немес  адам  қоынысына  жақындау  тығылып,  құстардың  көбі  жылы  жақтарға  ұшып  кетті; 
деген қорытындыға келеді. 
Жазғытұрым  орманға  топсаяхат  жасау.  Топсаяхат  алдында  мұғалім  оқушыларға  тапсыр-
малар береді: 1. Жазғытұрымдағы ағаштардың түрі ерте көктемдегі ағаштардың түрінен қалай  рекше-
ленеді,  соны  бақылап,  салыстырыңдар.  2.  Шөптсін  өсімдіктерді  табыңдар  және  олардың  қазіргі  түр-
тұрпатын айтып беріңдер. 3. Ерте гүлдейтін өсімдік терді: ағаштарды, бұталарды, шөптерді табыңдар. 
Топсаяхат  өтетін  жерге  келген  соң  оқушылар  алған  тапсырмаларын  орындайды.  Алғашқы 
тапсырмаларын  орындаған  соң  балалар  мұғалімнің  жанына  жиналады  да  өз  бақылауларының 
нәтижелерін  айтады.  Мұғалім  ағаштардың  жапырақтарының  көктемде  қолға  жабысқыш,  хош  иісті 
екені,  ал  бұтақтарында  жапырақтан  басқа  сырғалары  да  бар  екенін,  олар  қайыңның  гүлі  екенін, 
олардың  жапырарақтардан  бұрын  шығатынын  атап  өтеді,  Балалар  бүршік  жарып,  жапырақ 
шығарғанымен әлі де гүл ашпаған мойыл бұталары жайлы әңгімелеп береді. 
Екінші тапсырманы орындап балалар жердің жас көк шөп жамылғанын айтады. Ол қар астында 
қалып, қыстап шыққан, жақсы сақталған түп тамырлардан өсті. 
Содан  соң  оқушылар  ерте  гүлдеген  шөптесін  өсімдіктерді;  бәйшешектерді  (қаз  жуа,  өгейшөп, 
балшытыр),  гүлдеген  бұталардың  бұтақтарын  (ырғай,  мойыл,  берескелет  және  т.б.),  гүлдген 
ағаштарды (қайың, тал, қызыл тал және т.б.). 
Үшінші  тапсырманы  орындар  алдында  мұғалім  балаларға  міндетті  түрде  өсімдіктерді  қажетті 
мөлшерде  ғана  жинауды  (әр  топқа  бір  не  екіден)  ескертіп  және  оны  қадағалауы  керек.  Жиналған 
өсімдіктерден бірден гербарий жасау керек. 
Содан  кейін  мұғалім  балалардың  назарын  көптеген  жәндіктер  мен  құстарға  аударады.  Ол 
тыныш тұрып құстардың даусы мен орманның шуылын тыңдауды ұсынады. 
Соңында  оқушылар  көктемгі  жылу  және  өлі  табиғаттағы  өзгерісетр  өсімдіктер  мен 
жануарлардың өміріне ықпал жасады: ағаштар мен бұталардың жапырақтары өсіп жер-жерге жас көк 
шөптер  шыға  бастады,  жәндіктер  оянып,  жылы  аймаққа  ұшып  кеткен  құстар  қайтып  келді  деп 
қорытады.  .[7,259б] 
Оқушыларды  жылына  екі  рет,  күзде және  көктемде,  табиғат  аясына  топсеруенге шығару  кезін-
де,  оқушылар  өздері  бақылап,  байқаған  табиғаттың  жергілікті  ерекшеліктері  мен  адамдардың 
шаруашылық  әрекетінен жер бедерінің өзгеруіне және әр түрлі нысаналар мен аймақтарды салысты-
руға  үйренеді.  Табиғатта  өткізілетін  топсеруен  оқушылардың  кеңістік  жайындағы  түсінігінің  дамуына, 
көзбен  және  қарапайым  тәсілдердің  көмегімен  қашықтықты  және  биіктікті  анықтаудың  әдістерін 
үйренуіне,  сондай-ақ  тұсбағдар  бойынша  және  жергілікті  жердің  белгілеріне  қарай  сол  жерді  бағдар-
лауына аса мол мүмкіндік береді. Топсеруен бағытының жергілікті ерекшеліктерін және оқушылардың 
әзірлігін  ескере  отырып,    мұғалім    жүру  бағытының  біріншісінен  екіншісіне  өткенде,  кейде  жеке  
аялдамада, сол әдістердің кейбіреуін үйретуді ұйымдастырады. .[8,127б] 
Оқушыларды топсеруенге шығару, мұғалім мен оқушылардың тыңғылықты әзірлігін қажет етеді. 
Мұғалімнің әзірлігіне мыналар жатады: 
-  топсеруеннің мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау; 
-  баратын  бағытты  белгілеу,  жүргізілу  жоспарын  жасап,  жобасызбасын  жасап,  мектеп 
басшылығына бекіттіру; 
-  топсерун  кезінде  тоқтайтын  аялдамалардың  саны  мен  орнын,  әр  аялдамада    оқушылармен 
істелетін  жұмыстардың мазмұны  мен әдісін анықтау; 
-  топсеруен материалдарын дүниетану сабақтарында пайдалану мүмкіндіктерін  анықтау. 
Топсеруенннің  міндеттері: 
1.  Жергілікті  жердің  нақты  материалдары  негізінде  өсімдік  пен  топырақтың  қалыптасуын 
көрсету. 
2.  Адамдардың шаруашылық әрекетінен жер бедерінің өзгеруін, қалыптасуын  көрсету. 
Топсеруенге әзірлік. 
Оқушыларды  алдын  ала  топсеруен    мақсатымен,  таңдап  алған  бағытымен,  жол  жүру  кезіндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет