СОЗЫЛМАЛЫ ІРІҢДІ-КАТАРАЛЬДЫ ЭНДОМЕТРИТПЕН АУЫРҒАН БИЕЛЕРДІ
КЕШЕНДІ ЕМДЕУДІҢ ЭТИОТРОПТЫ ЕМДЕУ ƏДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Мақалада созылмалы іріңді-катаральды эндометритпен ауырған биелерді кешенді
емдеу кезінде Метрицеф,Тилометрин жəне Гистерон дəрілік заттарын қолдану жөнінде
мəліметтер ұсынылған. Патогенетикалық жəне симптоматикалық емдеу əдістерін
пайдалана отырып созылмалы іріңді-катаральды эндометритпен ауырған биелерді кешенді
емдеу кезінде этиотропты зат ретінде Гистерон дəрі-дəрмегін үш қайтара қолдану емдеу
үдерісінде ғана емес, экономикалық бағытта да тиімді болып табылады.
Кілт сөздер:
эндометрит, емдеу жұмысының патогенетикалық, этиотропты жəне
симптоматикалық əдістері.
Julanova N.M.,Alybek A.A., Dyusekenova N.T., Khyzat S.Julanov M.N.,
Koybagarov K.U., Baisuanova Z.K.
EFFICIENCY CAUSAL TREATMENT IN TREATMENT OF MARES WITH
CHRONIC PURULENT-CATARRHAL ENDOMETRITIS
The article presents information on the drug Metritsef, Tilometrin hysteron and mares in the
complex therapy with chronic purulent-catarrhal endometritis. When the complex treatment of
mares with chronic catarrhal purulent endometritis, including pathogenic and symptomatic
treatments for triple use of the drug hysteron as etiotropic means is effective in the therapeutic and
economic terms.
Keywords:
endometritis, pathogenetic, etiotropic and symptomatic therapies.
ƏОЖ 619:614.31.
Елеукен Ж.А., Құдайбергенова Ж.Н.
Қазақ Ұлттық аграрлық университеті
СУДЫҢ САПАСЫН САНИТАРИЯЛЫҚ ГИГИЕНАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН БАҒАЛАУ
Андатпа
Мақалада суды гигиеналық тұрғыдан бағалау арқылы судын сапасының қолданысқа
жарамдылығын анықтаудың нəтижелері келтірілген.
Кілт сөздер
:интенсивтілік,коли-титр,коли –индекс
Кіріспе
Су дегеніміз – қоршаған ортаның ең бір қажетті факторы,сусыз жер щарында тірі
организмдер мен өсімдіктердің өсіп өнуі мүмкін емес.
238
Адамдар мен тірі жəндіктердегі малдардағы барлық физикалық,химиялық,
биологиялық жəне басқа алмасу процестері су ерітіндісінде өтеді. Су мөлшерінің кемуі тірі
организмге кері əсерін тигізеді.
Мысалы, мал организмінде -60-65%, балықта -80%, жерде өсетін өсімдіктерде -50-
70 % су бар. Организмде су 2% кемісе, адам шөлдейді,8 % кемісе ,есі ауысып қалады, 10 %
кемісе, көз алдына елес пайда болады, ал 3 күннен кейін шөлге қарсы тұра алмайды, өледі.
[1,3]
Су адам денсаулығының кепілі екені бəрімізге белгілі. Қоғамдық өндірістің жедел
дамуы, қалалардың урбанизациясы, халық санының тез өсуі, қоғамның тұрмыс
жағдайының жақсаруы, халықтың мəдени деңгейінің өсуі осының бəрі судың қажеттілігін
өсіреді жəне қолданылатын су экологиялық жағынан қауіпсіз болуы керек.
Сондықтан адамның барлық өмірі сумен тығыз байланысты, сондықтан да судың
қажеттілігі үнемі өсіп отырады. «Ауру — астан» дейміз. Ал сол астың көпшілігі сусыз
дайындалмайды.Тамақ ішпей бірнеше күн не апта жүруге болатын шығар, бірақ су ішпей
жүру қиын. Минералдар мен микроэлементтерге толы судың адам өмірінде маңызы зор.
Сондықтан да сапалы су ішкен өте пайдалы. Бірақ көп қабатты үйдің тұрғындары
тұтынатын кəдімгі краннан ағып тұрған су қаншалықты таза? Себебі, краннан алған суды
қайнатқан кезде шəйнекте қақ тұрып қалады. Сондай-ақ жарнамалары мықты құтыдағы
сулардың «таза ауыз суы» екеніне кім кепіл? Өйткені бөтелкедегі сулардың бізге жеткенше
дүкенде қанша уақыт тұрарын кім білсін. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша ауыз
суда патогенді микроағзалар болмауы керек [2,4]. Ауыз судың микроағзалармен ластануы
су арқылы таралатын түрлі инфекциялық жұқпалы ауруларды тудыруы мүмкін. Сондықтан
да суға жүргізілетін бақылаудың маңыздылығы алғашқы орында. Санитарлық-химиялық
құрамы бойынша ауыз суда түрлі қосылыстар концентрациясының болуы шарт. Су
сапасына баға берген кезде оның табиғаты ғана емес, оның химиялық жағдайы, сутектік
көрсеткіші, жалпы тұтқырлығы, құрамындағы темір, фтор, нитраттар тобы, құрғақ қалдық
жəне басқа да жағдайлары ескерілуі керек?
Табиғатта мөлдір таза су кездеспейді.Оның құрамында өзінің сұйық бөлшектерінен
басқа механикалық қоспа,химиялық элементтер жəне əр түрлі бактериялар
болады,сондықтан тұтынушыларды ауыз сумен қамтамасыз ету кезінде,су тұтынушыларға
жеткенше технологиялық процеспен тазаланады.
Ішетін су барлық санитарлық тазалық сақтау талабына сай болған жағдайда ғана
өзінің физиологиялық қызметін орындай алады. Тазалығы жөнінен су мөлдір, иісі дəмі жоқ
болып, ең бастасы, құрамында ағза үшін зиянды химиялық заттар жəне ауру туғызатын
микробтар болмауы тиіс. сонымен қатар, адам үшін судағы еріген химиялық заттардың
құрамы мен мөлшерінің де мəні зор. Ішетін судың құрамында хлордың, темірдің, күкірттің
марганецтің, мыстың, мырыштың жəне басқа да химиялық заттардың қоспалары бар [1,5].
Материалдар мен əдістер
Зерттеу жұмыстары Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Ветеринарлық-
санитарлық сараптау жəне гигиена» кафедрасының зертханасында жүргізілді.Табиғи судың
сапасы физикалық, химиялық жəне микробиологиялық көрсеткіштер арқылы анықталды.
Сынамаға құдық суы, өзен жəне құбыр суы алынды.
Судың физикалық көрсеткіштері бойынша түсі, иісі, дəмі, мөлдірлігі анықталды.
Судың химиялық құрамы бойынша аммиак, нитритті, нитрат анықталды.
Ауыз сулар Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы жылдың 18 қаңтардағы №104
Қаулысымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау
орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мəдени-тұрмыстық пайдалану
орындарына жəне су нысандарының қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерінің талаптарына сəйкес болуы
керек.Осы талапты ескере отырып судың жалпы физикалық,химиялық құрамы бойынша
239
зерттеулер жүргіздім. Судың физикалық көрсеткіштері белгіленген нормалар бойынша
судың жағымды органолептикалық қасиеттері болуы керек. Былайша айтқанда, ол
мөлдір,түссіз, температурасы белгілі деңгейде иіссіз жəне жағымсыз дəмі болуы керек.
Судың иісін лабараторияда 20-40 С қыздыру арқылы анықтадық. Ол үшін колбаның
2/3 бөлігіне суды құйып, колбаны тығынмен тығындап, шайқап 20 С –та анықталды. Содан
кейін сол сынама суды 40 С-қа дейін қыздырып болған соң, жаксылап шайқап шыны
тығынды жылжыту арқылы иісін анықтадық. Судың сынамасынын иісінің интенсивтілігі
баллмен белгіленеді. Өте əлсіз-; əлсіз-2; елеулі-3; айқындау-4; өте күшті-5 балл.
Судың дəмін анықтау үшін 15 мл-ге жуық суды ұрттап,бірнеше секундта ауызда
ұстап, оны жұтпастан дəмін анықтадық. Судың дəмі негізінен мынандай болып келеді:
қышқыл, ащы тұзды, тұзды, тіл үйіретін, сілтілі, тəтті.
Судың түсін екі цилиндрге құйылған дистильді жəне зерттелінетін судың түсін
салыстыру арқылы анықтадық. Су түссіз,ашық сары,қою сары болуы мүмкін. Жақсы ауыз
су түссіз болуы тиіс. Судың мөлдірлігі ондағы органикалық немесе минерал текті ұсақ
бөлшектердің барлығына байланысты. Судың мөлдірлігін жуандығы 1-2 мм сым темірден
жасалған,диаметрі 1-1,5 см дөңгелек сақина арқылы анықтаймыз. Сақинаны зерттелетін
суы бар цилиндрге оның кескіші көрінбегенге дейін батырады. Сонан кеиін дөңгелек сақина
анық қөрінгенше біртіндеп көтеріп,оның тереңдігін см есебімен өлшедік. Оны Снеллен
шрифті бойынша көрсеткішке теңестірдік. Нəтижесінде судың мөлдірлігі 30 см болса
жақсы, ал10- 30 аралығында пайдалануға жарамды дегенді білдіреді.
Аммиакты анықтау. Суда альбумойдты жəне минерал текті аммиак кездеседі.
Судағы аммиактың бар жоғын анықтау үшін пробиркаға 10 мл зерттелетін суды құйып,6
тамшы сегнетті тұздың 50% ерітіндісін 6 тамшы Несслер ерітіндісін қосып ,сынаманы
араластырдық. Судың сарғыш түске боялуы аммиактың барын көрсетеді. 10 минут өткен
соң калориметриялық таблицаны пайдалана отырып,сынаманың түсінің өзгеруіне қарай 1л
судағы аммиактың мөлшерін анықтадық.
Нитритті анықтау. Нитриттің бар жоғын анықтау үшін пробиркаға 10 мл зерттелетін
суды алып, 10 тамшы Грисс ерітіндісін құямыз да 70-80 С 5 минут қыздырамыз. Қызғылт
түстің пайда болуы нитриттің барын білдіреді.
Нитратты анықтау. Судағынитраттың бр жоғын анықтау үшін 1 мл зерттелетін суды
таза прбиркаға құйып,үстіне 2 мл күкірті қышқылдың дифенилаланинмен қоспасын
қосамыз. Егер нитрат бар болса ерітінді көк түске боялады.
Хлоридті анықтау. Пробиркаға 10 мл зерттелетін су құйып оған ерітілген азот
қышқылының 2 тамшысын жəне 3 тамшы азот қышқылды күмісті қосамыз. Ақ бұлыңғыр
судың пайда болуы хлоридтің барын білдіреді.
Судың микробиологиялық жəне ластану көрсеткіштерін анықтау.
Микрбтың жалпы санын анықтау.Ластану дəрежесіне байланысты зерттелетін суды
1:10000 дейін сұйытылған жəне сұйытылмаған судан 1 мл-дент алып Петри аяқшасына
қоректік ортаға егеді.24 сағатқа 37
0
С қоямыз.
Ішек таяқшасын анықтау. Судың құрамында ішек таяқшасының болуы, тек судың
нəжіспен ластанғанын емес, сонымен қатар мал мен адам ішегінде тіршілік ететін басқа да
қоздырушының бар екендігін көрсетеді.
Оның ластануын 2 түрлі көрсеткішпн анықтауға болады.
А) Коли титр-1 ішек таяқшасына тиесілі зерттелетін судың ең аз мөлшері.Су
құбырларындағы су үшін коли титр 333 мл болуы тиіс,ал құдықтағы су үшін 100 мл-ге
дейін жарай береді.
б) Коли –индекс-1 л судағы ішек таяқшалар саны.Құдықтағы су үшін 10-ға дейін бола
береді,ал құбырдағы суда 3 тен аспауы қажет.
Зерттеу нəтижелері жəне талдау
Судың физикалық көрсеткіштері нəтижесі 1- кестеде келтірілген.
240
1-кесте – Судың құрамын физикалық көрсеткіштері бойынша бағалау
№ Судың
физикалық
қасиетін зерттеу
Су түрлері
Құбыр
Өзен
Құдық
1 Мөлдірлігі
Мөлдір
Бұлыңғыр
Жеңіл бұлынғыр
2 Иісі
Өте əлсіз-1
Ашық сары
Өте əлсіз-1
3 Дəмі
Тіл үйіретін
Тұзды
Тəтті
4 Түсі
Түссіз
Қою сары
Ашық сары
Зерттеу нəтижелері көрсеткендей сынамаға алынған үш түрлі су сынамасының
ішінен құбыр суының көрсеткіштері талаптарға сəйкес, яғни мөлдір, иісі өте əлсіз, дəмі тіл
үйіретін, түссіз болды. Ал, қалған екі су сынамалары түсі жəне мөлдірлігі жағынан шекті
мөлшерден жоғары болды.. Құбырдан алынған судың физикалық қасиеттерін анықтау
барысында жоғарғы көрсеткішке ие екені анықталды. Алайда, осы алынған су
сынамаларына химиялық жəне бактериологиялық зерттеу жүргізілді.
2-кесте – Судың құрамын химиялық көрсеткіштері бойынша бағалау
№ Химиялық көрсеткіші
бойынша зерттеу
Су түрлері
Құбыр
Өзен
Құдық
1
Амммиак
0,003
0,4
0,008
2
Нитрит
0,4
0,001 ден аз
жоқ
3
Нитрат
жоқ 0,5
жоқ
4
Хлорид
жоқ
бұлыңғыр
бар
Кестеде көрсетілген зерттеу нəтижелері бойынша судың химиялық заттармен ластану
дəрежесін анықтайды. Өзен жəне құдық суының құрамында аммиак мөлшері щамадан тыс,
ал құбыр суы химиялық құрамы бойынша қолданысқа жарамдылығын көрсетті. Судағы
аммиактың шекті мөлшері 0,005-0,2 мг/л, ал нитрит 0,004-0,002 мг/л, нитрат 45мг/л,
хлоридтер 350 мг/л болады.
3-кесте – Судың құрамын микробиологиялық көрсеткіштері бойынша бағалау
№ Микро
биологиялық
көрсеткіші
бойынша
зерттеу
Су түрлері
Құбыр
Өзен
Құдық
1
Коли -титр
83
90
2
Коли -индекс
-
12
11
Судың ішек таяқшалармен ластануы өзен жəне құдық суында жоғарғы дəрежені, яғни
белгіленген нормадан асып кеткендігін байқауға болады. Сондай-ақ құбыр суында ішек
таяқшалары мүлдем табылған жоқ.
Қорытынды
Зерттеуге алынған су сынамалары физикалық көрсеткіштері мен химиялық құрамы
бойынша бір-біріне ұқсамайтын көрсеткіштер көрсетті. Су сынамаларының ішінен құбар
суы ғана барлық көрсеткіштері бойынша жақсы нəтиже көрсетті, яғни құбырдан алынған
су айтарлықтай гигиеналық талаптарға сай боып шықты. Физикалық жəне химиялық құрам
241
бөліктері бойынша қалған екі судың көрсеткіші белгіленген шекті мөлшерге сай
нормаларды көрсете алмады.
Əдебиеттер
1. Мырзабеков Ж.,Ибрагимов П М91-Ветеринариялық гигиена.Оқулық.-Алматы:
«Білім сапасы»,2005 –С – 124
2. Гершун В.И Муслимов Б.М Г 37 Ветеринарная гигиена.Учеб пособие.-Алматы
:Каинар,1994-С-72
3. Қадырбаев Ə.,Ауланбергенов Ə «Гидравлика негіздері жəне ауыл шаруашылығын
сумен қамтамыз ету:жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы.-Алматы:
«Білім»,1996 -С-74
4. Ақжанов,Ə.А. Су жəне ауыл шаруашылығы экономикасы : оқу құралы / Ə.А.
Ақжанов, Ə.Т. Əймен; ҚР білім жəне Ғылым М-гі, М.Х. Дулати атын. ТарМУ.- Алматы:
Эверо, 2009.- С-54
5. Алыбаева,Р.А. Құрлықтық жəне су экожүйелерін қорғау : оқу құралы / Р.А.
Алыбаева.- Алматы: Бастау, 2013.- С-133
Елеукен Ж.А., Құдайбергенова Ж.Н.
САНИТАРНО-ГИГИЕНИЧЕСКАЯ ОЦЕНКА ВОДЫ
В статье приведены примеры определения результатов качество воды в примерении
по гигиеническим оценкам.
Ключевые слова
: интенсивность,коли-титр,коли индекс
Eleuken Zh.A,. Kudaibergenova Zh.N.
SANITARY HYGIENIC ASSESSMENT OF WATER
The proverb exemplifies the determination of the results of water zxcvbnm quality in the
reconciliation of hygiene scores
Key words
: intensity, if the titer, if the index
242
ƏОЖ: 611.08:57.089.36:636.2(045)
Жумабекова Ш.Қ., Аймақов О., Əбдірахманов Т.Ж.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
СИЫРЛАРДЫҢ ЖАТЫРЫНАН ДАЙЫНДАЛҒАН ҰЛПАЛЫ ПРЕПАРАТТЫҢ
ФИЗИКО - ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТІН АНЫҚТАУ
Аңдатпа
Мақалада қазіргі кезеңде акушерлік -гинекологиялық ауруларға ем ретінде
қолданылатынұлпалы препаратты сиыр жатырынан дайындап, оның организмге
зиянсыздығы жəне физико- химиялық құрамы анықталғандығы көрсетілген.
Кілттік сөздер:
эндометрит, іріңді катаралды эндометрит, ұлпалы препарат,
биохимиялық зерттеулер.
Кіріспе
Малшаруашылығын өркендетуауылшаруашылығының дамуына, оны нығайтуға
үлкен үлесін қосады. Өткен ғасырдың 1992-1998 жылдары мал басы күрт төмендеп,
малшаруашылығынан түсетін шикізат пен тағамдық өнімдер мөлшері азайды. 1990-2000
жылдар аралығында ет өнімдері 58%, сүт өнімдері 31% төмендеді. Қазіргі кезде мал
шаруашылығына көп шығын тудыратын бірқатар гинекологиялық аурулар бар, соның
ішінде эндометриттердің түрлері үлкен экономикалық шығын əкеледі [1, 2].
Т.Ж. Əбдірахмановтың 20 жылдан астам уақыт жүргізген зерттеулеріне сүйенер
болсақ (1990-2010ж.ж.) Ақмола облысы шаруашылықтарында эндометриттер кең тарап,
30% жəне одан жоғары деңгейді қамтиды. Осыған орай эндометриттердің алдын - алу
шаралары уақытылы жүргізілмеу нəтижесінен шаруашылықтарда сиырлардың
эндометритке шалдығуы жоғарлағаны баяндалған
[3].
В.П. Иноземцев жəне басқаларының мəліметтері бойынша сиырлардың акушерлік –
гинекологиялық аурулары ішінде туудан кейінгі эндометриттер басым болады, жалпы
бұзаулағандар санының 47,1±13,9% қатынасында
[4].
Жатыр қабынуына əртүрлі факторлар себеп болады, бірқатар ғалымдар туудан
кейінгі эндометриттердің негізгі себептерінің бірі малдарды дұрыс азықтандырмау мен
ұстау болып табылады, олар зат алмасуын бұзады. Сондықтан, органикалық байланыстар
мен микроэлементтер кешені ретіндегі гемовит - плюсті пайдалануды ұсынады. Бұл
препарат эндометриттің алдын алуға көмектеседі (Д.Пчелников, В.И. Дорожкин, В.А.
Бабби).
Эндометриттің жіті түрін емдеуден кейін, клиникалық белгілеріне қарап емдеуді
тоқтатса, əдетте эндометриттің жасырын түріне ауысады. Бірнеше ғалымдардың
мəліметтері бойынша оның 19,86% - дан 30,0% - ға дейін көтерілгені тіркелген , сонымен
қатар ұзақ бедеу болған сиырларда 57,5-76,7%-ға дейін кездескен [5].
Эндометриттер этиологиясына қарамастан жануарлар 6 айға дейін бедеу болып
қалады, ал кейбір жануарлар организмінде қайтымсыз өзгерістер бой алады [6].
В.М. Лукьяненко, И.Ф. Малиновский, Ю.Е. Баталин сервис-кезеңнің ұзақ болуы мен
бұзау алудың төмендеуі қолдан ұрықтандыру кезінде жыныс жолдарына енгізілетін
спермийлерге деген иммунды жауапқа байланысты екенін баса айтқан, бұл əсіресе
эндометриттен зардап шегетін жануарларда 2-3 есе күшейеді де қайтымсыз бедеулік
түрлеріне əкеліп соғады, бұған ұқсас нəтижелер туралы өз зерттеулерінде Klucinski W.,
Targowski S.P., Winnicka A., Miernik-Degorska E.баяндаған [7].
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары ұсынған.
Сиырлар жатырының қабыну сипатындағы ауруларындағы емдік профилактикалық
шаралардың кешенді жүйесі құрамына этиотропты зат ретінде ЭДО-3 аппараты көмегімен
алынатын натрий гипохлоридін 600-900 мг/л мөлшерінде қосу ұсынылған (И.Т. Жақыпов,
Т.Ж. Əбдірахманов, Д.И. Доманов, В.А. Конухов, Г.А. Абулгазимова, С.А. Кулешов, 2007
ж.)[8]. Т.Ж. Əбдірахмановтың (2002) мəліметтері бойынша сиырлардың іріңді катаральды
эндометриті кезінде кешенді этиопатогенетикалық терапияда антигистаминді қан
сарысуын, окситоцин, фуразолидон таяқшаларын жəне бициллин-5 бірге қолдану жатыр
микрофлорасына бактерицидті əсер етеді, 100% сиырлардың аурудан айығуына əкеледі,
емдеу мерзімін, сервис - кезеңін қысқартады, ұрықтану көрсеткішін жоғарылатады.
М.А. Багманов сиырлардың эндометриттерін емдеуге жəне алдын алу үшін “
хориофаг ” - ерекшелікті бактериофагы бар плацентаның экстрактын ұсынды. Оны сиырға
параректалды шұңқырлардың борпылдақ клетчаткасына екі жақтан жартылай дозасын
0,1мл 1 кг тірі салмағына есеппен 5-6 рет арасына 48 сағат салып егеді. Антигистаминді қан
сары суын сиыр төлдеу жəне төлдеуден кейінгі 50 мл мөлшерде тері астына екі рет егу
төлдеуден кейінгі иммунодефициттің алдын алуға əкеледі (Т.Ж. Əбдірахманов). В.В.
Мосин бойынша блокаданы антимикробтық заттармен қолдану жақсы нəтиже береді (А.Г.
Шехватов)
[8,9].
Жоғарыда айтылып кеткен проблемаларға орай ғылыми зерттеудің мақсаты болып
сиырдың жатырынан дайындалған ұлпалы препараттың физико – химиялық қасиетін
анықтау. Осы мақсатты орындау үшін келесі мəселелер қойылды.
1.
Ұлпалы препаратты хромотографиялық əдіспен зерттеу;
2.
Ұлпалы препаратқа көлденең электрофорез əдісін жүргізу;
3.
Ұлпалы препараттағы биохимиялық көрсеткіштерді анықтау.
Зерттеу материалдары мен əдістері
Зерттеу жұмыстары 2015 жылыСəкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық
университетінің «Физика жəне химия» кафедрасының «Биологиялық белсенді заттарды
физика химиялық зерттеу əдістері» ғылыми зерттеу зертханасында, «Ветеринарлық
медицина» кафедрасының биохимиялық зертханасында, орындалды.
Ұлпалы препаратты жыныстық жағынан жетілген сау сиырдың жатырынан
дайындадық. Дайындау əдісі ретінде «Ветеринарлық медицина» кафедрасының ғалымдары
ұсынған əдіс қолданылды. Ұлпалы препараттың зиянсыздығы мен уыттылығын анықтау
мақсатында 5 зертханалық ақ тышқандарға құрсақ қуысынан 0,5 мл көлемінде препаратты
енгіздік. Он күн тышқандарды бөлек ұстап, бақылау жасадық. Нəтижесінде тышқандардан
ешқандай патология байқалмады.
Ұлпалы препараттың құрамында қандай заттардың бар екендігін анықтау үшін
зертханалық жағдайда экстракция жəне хроматография əдістерін қолдана отырып, əртүрлі
химиялық реагенттерді пайдаланып, олардың бірнеше фракциялары бөлініп алынды.
Бөлініп алынған фракциялардың физико – химиялық қасиетін анықтау үшін көлденең
электрофорез, сонымен қатар бағаналы жəне жұқа қабатты хроматография əдістері
жүргізілді. Ұлпалы препараттың биохимиялық құрамын анықтау үшін «BioChem FC-200»
биохимиялық анализаторымен анықталды.
Зерттеу нəтижелеріжəне талдау
Əмбебеп pH метр көмегімен ұлпалы препараттың рH ортасын анықтадық. pH- 6,0
көрсетті. Яғни бұл ұлпалы препараттың əлсіз сілтілі екендігін көрсетеді.
243
244
1- кесте. Ұлпалы препараттың құрамындағы анықталған аминқышқылдары
Р/с
Аминқышқылдар
атауы
Аминқышқылдар
көрсеткіші
Ұлпалы препараттағы
аминқышқылдар
1
Аспарагин
0,23
---
2
Глутамин
0,25
---
3
Лизин
0,30
---
4
Гистидин
0,36
---
5
Аргинин
0,43
---
6
Триптофан
0,56
---
7
Треонин
0,59
---
8
Аланин
0,61
0,61
9
Серин
0,62
---
10
Аспаргил қышқылы 0,68
---
11
Цистеин
0,70
0,70
12
Глутамин қышқылы 0,75
0,76
13
Валин
0,81
---
14
Метионин
0,93
0,92
15
Изолейцин
0,95
---
16
Лейцин
0,98
---
17
Фенилаланин
0,99
---
1- кестедегі мəліметтерде ұлпалы препарат құрамында аланин, аспаргил қышқылы,
глутамин қышқылы, метионин аминқышқылдарының кездесетіндігі көрсетілген.
1-
сурет Тікелей электрофорездің нəтижесі
1- суретте ұлпалы препарттың белоктық құрылысын жəне молекулярлық массасын
анықтау үшін тікелей электрофорез 12,5 % полиакриламидті гелде жүргізілді. Нəтижесінде
50кДа, 36кДа, 30кДа, 20кДа белоктардың молекулярлы массалары анықталды.
245
Р/с Көрсеткіштер атауы
Көрсеткіштер нəтижесі
Өлшем бірлігі
1
Жалпы ақуыз
6
г/л
2
АЛТ/аланинаминотрансфераза/
1
ӨБ/л
3
АСТ/аспартатаминотранфераза/
1
ӨБ/л
4
Жалпы билирубин
0,00
Мкмоль/л
5
Тікелей билирубин
-0,2
Мкмоль/л
6
Магний
1,3
Моль/л
7
Кальций
0,4
Моль/л
8
Креатинин
270
Ммоль/л
9
Зəр қышқылы
257
Ммоль/л
10 Глюкоза
0,5
Моль/л
11 Холестерин
0,2
Моль/л
12 Несеп азоты
2,0
Моль/л
13 Сілтілі фосфатаза
7
ӨБ/л
2- кестедегі мəліметтерде ұлпалы препарат құрамынан анықталған биохимиялық
көрсеткіштер көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |