language and use that language in real life. Therefore, the authors of the article recommend the use of
authentic
speech materials, as well as various materials in the teaching of foreign languages and speech
skills.
Key words:
authentic materials, language skills, functional original material, motivational strategy.
Ағылшын тілі сабағында сөйлеу дағдыларын дамытудың мотивациялық стратегиясы
ретінде аутентикалық материалдарды пайдалану деген тақырып бойынша зерттеу жұмысы
тілдік дағдылардың бірі - сөйлеу дағдыларын дамыту, тіл үйренушілерді
ынталандыру,
қызықтыру, сондай ақ аутентикалық материалдарды тиімді пайдалану арқылы нәтижелерге
жету жолдарын қарастырады.
Аутентикалық материалдарды пайдалану қазіргі ағылшын тілін оқыту (ELT)
әдіснамасының негізгі мәселелерінің бірі болып саналады. Оқу процесінде оларды
қолдануға байланысты көптеген мәселелер бар, мысалы:
- аутентикалық материалды қолдану қандай тілдік дағдыларды дамытуға тиімді?
- аутентикалық материалды пайдалану үшін тілді меңгерудің қандай деңгейі қажет?
Сонымен қатар, ағылшын тілін оқыту (ELT) процесінде мотивациямен байланысты
көптеген мәселелер бар, оларды тілді оқыту процесінде аутентикалық материалды қолдану
арқылы шешу керек.
Тілдік дағдылардың
бірі - сөйленімді дамыту, cөйлеуге үйрету процесінде
аутентикалық материалдарды қолданатын болсақ, онда бұл сөйлеу дағдыларын жетілдіруде
мотивациялық фактор ретінде қызмет етеді, өйткені
(а) бұл студенттердің білім мазмұнына да, сөйлеу процесіне де қызығушылығын
арттыруға мүмкіндік береді;
(б) бұл мұғалімге барлық студенттерді жоғары мотивациялық әлеуеті бар әдістеме
ретінде аутентикалық материалдарды пайдалану арқылы белсенді оқытуға тартуға мүмкіндік
береді.
Педагогикалық теория мен практика үшін шет тілін оқытуда аутентикалық (түпнұсқа)
материалдарды қолданудың өзектілігі олардың
функционалдығымен байланысты, себебі
аутентикалық (түпнұсқа) материалдарды қолдану арқылы тіл үйренуші үйреніп жатқан тілді
табиғи тілдік орта арқылы үйренгендей болады. Ал бұл шет тілін сәтті меңгерудің негізгі
факторы. Функционалды түпнұсқа материал бойынша жұмыс тіл үйренушілерді тілді
қолданудың нақты жағдайларына жақындатады, оны әртүрлі лингвистикалық құралдармен
таныстырады және сөйлеуде осы құралдарды тәуелсіз түпнұсқалық
пайдалануға
дайындайды.
Жалпы оқытушы шеберлігі, оқытушының оқыту барысында қолданатын әдіс-тәсілдері
оқу процесіне және оның нәтижесіне үлкен әсер етеді. Мысалы, шет тілін оқытуда
оқытушының қолданатын әдіс тәсілдері немесе стратегиясымен бірге аутентикалық
материалдарды қоса пайдалану студенттердің сөйлеу дағдылары мен шеберлігін жақсартуға
ықпал етеді.
Сонымен бірге шет тілін үйренуде мотивацияның рөлі өте маңызды элемент болып
табылады, сондықтан білім алушыларды өз білімдерін, ойларын жеткізуге және олардың бір-
бірімен ой бөлісуге, сөйлесуге
қаншалықты ынталандырсақ, соғұрлым олардың білімдері
артып, ойларын еркін жеткізеді, ашық болады. Белгілі бір тілдік дағдыларды әр түрлі
жолмен, түрлі тапсырмалар арқылы дамытуға болады. Шет тілін үйренуде сөйлеу дағдысы
негізгі дағды болып саналады, сондықтан да оны дамыту аса маңызды. Көбінесе тіл
үйренушілердің көпшілігі грамматиканы біршама деңгейде меңгерсе де, сөздік қорларын
біршама молайтса да олардың сөйлеу дағдыларын дамыту, оларды сөйлетіп үйрету өте
қиын. Бұл көбінесе тілдік ортаның болмауына да байланысты болуы мүмкін. Сондықтан осы
мәселені аутентикалық шынайы материалдарды қолдану және бұл материалдарды
мотивациялық стратегия ретінде пайдалану арқылы шешуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: