Әр ұстаздың басты мақсаты – білім алушылардың
арнайы пәнге байланысты
қызығушылығын дамытып, ой өрісінің өзгеруі және белсенділігін арттыру арқылы пән
тақырыбын түсіндіру керек.
Мектеп қабырғасындағы шет тілінің бағдарламасы – ағылшыншаны тәжірибе арқылы
меңгеруге негізделген. Бұл әдіс оқытушы және оқушы арасындағы коммуникативті
байланысты құрып, еркін сөйлеуді меңгеруге бағытталған. Ал
интерактивті тәсілі,
тәлімгердің лексикалық қоржынын толықтырады.
Оқушылардың лексикалық қорын келесі әдістер арқылы дамытуға кеңес беремін :
Рөлдік ойындар – бір мезетте сөйлеу және оқу. Білім алушылар, бұл ойын арқылы алуан
рөлді сомдайды. Әрине, ойын – тәлімгерлердің білімге деген құштарлығын беріктейді.
Педагог – ойыншылардың сөз саптау дағдыларын дамытып,
жылдам әрі дұрыс сөйлету
нәтижесіне жете алады. Келесі әдіс, аяқталмаған сөйлем – ойын қатысушыларына соңына
дейін аяқталмаған сөйлем беріп, мәтіннің соңына кез келген ойға түскен сөзбен аяқтауы тиіс.
Сондай-ақ, төрт сөйлем тәсілі – пікір, дәлел, мысал, қорытынды арқылы оқушы сөйлем
құрастыруға және оны толықтыруға тырысады.
Бұл ойынды сабақтың соңында
ұйымдастырған қызықтырақ болады.
Қорытынды ретінде айтарымыз, сабаққа даярлану барысында барлық жаңа
инновациялық әдіс-тәсілдермен толық танысып, оны практикада пайдаланып отыруға өзіңіз
машықтанғаныңыз дұрыс. Бұл арқылы бала – қандай қиын тақырып болмасын, оны жылдам
әрі жеңіл игеріп алады. Тек қана отандық дәстүрлі білім беру әдістерімен емес, ағылшын тілі
бүкіл әлемдік тіл болғандықтан, оны орыс тілінде де, және шетелдік ғалымдар мен танымал
белсенді педагогтардың жұмыстарымен танысып, жұмыста пайдаланғаныңыз абзал. Бұл
арқылы
шет тілі пәнінің мұғалімі, тек қала-аудандық ортада емес, бүкіл Қазақстанда, қала
берсе шет елдік деңгейге дейін дами түседі.
МРНТИ 16.31.51
Достарыңызбен бөлісу: