«Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» оқу пәндері
Білім алушылардың білімді қалыпты игеруде, психологтар мен
педагогтардың зерттеулері бойынша баланың оқуына үш фактор себепші болады
деп зерттеген:
1) балаға қоғамдық жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады;
2) балалардың
мінез-құлқындағы
жағымсыз
ерекшеліктері
мен
психикасының өзгеше қалыптасуынан немесе қалыпты нормадан ауытқуы және
ақыл-ой даму деңгейінің тежелуінен;
3) педагогикалық тәрбиенің дұрыс болмауынан деп зерттеген.
Дегенмен мектепте оқу мен тәрбие беру бағдарламалары бірдей
болғанымен, білім алушылардың білімді игеруде барлығы бірдей емес. білім
алушылардың үлгерім көрсеткіштері, оқу міндеттеріне қатынасы, тәрбиесі, даму
деңгейлері әртүрлі болып келеді. Білім беру ұйымдарында білім алушыларды
тәрбиелеу мен оқытуда қоғам мен мемлекеттің алдында олардың
үлгермеушіліктерін уақытылы жою міндеттері тұр.
Үлгерімі төмен білім алушының сөз қоры аз болады, шығарма, мазмұндама
жазу қиынға соғады. Есте сақтау қабілеті өз жасынан төмен, сондықтан мақал-
мәтел, өлең, тақпақтарды тез арада жаттай алмайды. Зейіні тұрақсыз. Сабаққа
енжар қарайды. Бұл балалардың танымдық қабілеттері төмен болып келеді.
Білімді қабылдауына әртүрлі себептер әсер етуі мүмкін, денсаулығына
55
байланысты, ата-анасының қарауынсыз қалуына байланысты немесе
психикалық дамуында ауытқу болуы мүмкін.
Жас ерекшеліктеріне сай дүниетанымы, қабылдауы мен зейіні
тұрақталмаған, үлгерімі төмен білім алушыға оқу қызметінің жетістігін
қамтамасыз ету үшін алдымен жұмыс жүйесін ойластыра келіп, келесі ережеге
сүйенген дұрыс:
1) Үлгерімі төмен білім алушыларға бірден жағдаятты сұрақ қойып, бірден
тез жауабын талап етуге болмайды.
2) Ойлануы мен дайындалуына жеткілікті уақыт беру.
3) Жауабын жазбаша сұрау. Үлгерімі төмен білім алушының сөздік қоры
аз болғандықтан оның ауызекі сөйлеуі дамуында қиындықтар туындайды.
4) Аз уақыт ішінде үлкен материалды меңгеріп алулары мүмкін емес,
сондықтан қиын материалды шама-шарқынша бөлімдерге бөліп беру керек.
5) Өздік жұмысты орындауда қиын болған сұрақтар бойынша мұғалім
нұсқау беріп, көмек көрсетуі тиіс.
Мұндай білім алушыларға өзіне, біліміне, күшіне деген сенімділігін
қалыптастыру керек. Сабақ барысында, сыныптан тыс уақытта білім алушыларға
жеке дифференциалды тапсырма түрлерін ұсынған кезде қарапайым түсініктен
бастау керек.
Оқу бағдарламасының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен
қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағытталғаны оның ерекше
өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі:
білімін функционалды және шығармашылықта қолдану, сын тұрғысынан ойлау,
зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және
жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты
кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады.
Білім алушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру және оның нәтижелерін
бақылауды жүзеге асыру үшін педагог әртүрлі әдістер мен құралдарды
пайдаланады.
Оқытудың барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі.
Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда,
оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сындарлы
оқыту тәсілдері білім алушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастырыла
отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең
маңыздысы: білім алушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды
меңгеруге ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай,
үстірт меңгерілген таяз білім болады. Мұндай үстірт білім – білім алушыға
қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті жоғарыда аталған сын тұрғысынан
ойлау, рефлексия және басқа да дағдыларды, алған білімін өмірде қолдануына
кері әсерін тигізеді. білім алушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты
енжар қабылдамай, сабаққа белсенді қатысуы керек. білім алушылардың алған
білімдерімен жұмыс істеуіне, оны әрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға
мүмкіндік беретін тапсырмалар орындауға жағдай жасау маңызды. [7]
Қазақ тілі мұғалімдері білім алушыларды өздігінен білім алуға, шешім
56
қабылдауға қабілетті ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді,
жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын
жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.
Мұғалімдер білім алушылардың бойында бұл қасиеттерді әртүрлі оқыту
тәсілдерін қолдану арқылы тәрбиелейді және дамытады:
- сенімді қатынас пен ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру үшін жағдай
жасау;
- әрбір білім алушының жеке пікірін тыңдау және алынған білімдер мен
түсініктерді қолдану, оларды дамыту маңыздылығына мән беру;
- іс-әрекеттердің белсенді түрлерін ұйымдастыру және тиянақты
сараланған тапсырмалар мен жаттығулар арқылы ынталандыру және дамыта
оқыту;
- білім алушылардың сабақта зерттеу жұмыстарын жүргізуін қажет ететін
проблемалық жағдаяттар туындату және проблемаларды шешу стратегияларын
модельдеу және көрсету;
- «оқу үшін бағалауды» қолдану арқылы білім алушылардың оқуына
қолдау көрсету;
- белсенді оқуға және зерттеу жобаларын орындауға негізделген білім
алушылардың зерттеу іс-әрекеттерін қолдау;
- білім алушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
- өз ойын жеткізе білу және дәлелдер келтіре алу, мәселелерді анықтау
үшін өз пікірлерін жеткізу, болжам құру және ұсыныс жасау қабілетін дамытуға
ынталандыратын жағдайлар жасау;
- білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін және жас ерекшеліктерін есепке
ала отырып, сараланған тапсырмалар әзірлеу;
- жеке, жұптық, топтық және ұжымдық оқыту әдістері белсенді
қолданылатын жалпы сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру
процесіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке
жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан
түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік және
рефлексивті технологияларды қолдану білім алушылардың жоба және зерттеу
жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады.
Үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру
жұмыстарында:
1)пәнді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін (саралап оқыту, кейс-стади,
тақырыптық талқылау, іскерлік ойын, жобалық және зерттеу жұмыстары,
модульдік оқыту және т.б.) қолдану;
2) білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу кестесін
әзірлеу және талдау жұмысын жоспарлау;
3) БЖБ, ТЖБ нәтижелері негізінде білім алушылардың білім сапасына
жүйелі мониторинг жүргізу және талдау;
4) білім алушылардың білім сапасына жүргізілген мониторинг
жұмысының нәтижесін әдістемелік бірлестікте, әдістемелік кеңесте,
педагогикалық кеңесте талқылау ұсынылады. [7]
57
Мұғалімнің сабаққа әзірлейтін тапсырмалары келесі критерийлерге
сәйкес болуы қажет:
-
тапсырманың, оның мақсаты мен орындалуының қолжетімділігі;
-
сараланған тапсырмаларды ұсыну;
-
сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беру;
-
проблемалық оқытуға негізделуі;
-
бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы.
Эссе, шығарма жазу, презентация жасау және т.б. тапсырмалар беру
барысында мұғалімге білім алушыларды тапсырманың критерийлерімен
таныстыру ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |