К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет42/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   195
Байланысты:
foreign 745

49
 
V-ТӘРІЗДІ МОДЕЛЬ 
 
V-тәрізді модель каскадты модельдің бір түрі болып табылады және 
бағдарламалық өнімді әзірлеудің өмірлік циклының бастапқы 
сатыларынан бастап сынақты жоспарлауды қамтамасыз етеді. Бұл 
модельде БҚ анықтау мен аттестаттауға айрықша көңіл бөлінеді.
Бұл модель БҚ немесе жүйелерді әзірлеу процесінің сатыларын бір 
рет орындау стратегиясын қолдайды және талаптарды алдын-ала толық 
қалыптастыруға негізделеді. Классикалық V-тәрізді модельдің әрбір 
қадамы алдыңғы қадам сәтті аяқталғаннан кейін басталады.
V-тәрізді модельдің каскадты модельден ерекшелігі онда алдыңғы 
бағдарламалаудың қадамдарының арасында және тиісті тестілеу мен 
сынақ арасындағы байланыстың белгіленуі болады.
2.3-сурет бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеудің өмірлік 
циклының V-тәрізді модель нұсқасын көрсетеді. Модельде кодтау мен 
тестілеудің 
алдындағы 
жобалаудың 
аналитикалық 
фазалары 
арасындағы өзара байланыс жақсы көрінеді. Штрих көрсеткіштері 
параллель қарастырылу керек фазаларды көрсетеді.
2.3-сурет. Өмірлік циклдың V-тәрізді моделі 
2.3.
 


50
 
Бұл модель келесі сатылардан тұрады: 
■ 
өнімге қойылатын талаптарды құру және жоспарлау - жүйелік 
талаптар анықталады және жұмыстарды жоспарлау орындалады; 
■ 
өнімге қойылатын талаптарды құру және оларға талдау жасау - 
бағдарламалық өнімге қойылатын талаптардың толық сипаттамасы 
құрылады; 
■ 
жоғары деңгейлі жобалау - бағдарламалық қамсыздандыру 
құрылымы, оның компоненттері мен олардың іске асыратын 
функцияларының арасындағы өзара байланысы анықталады; 
■ 
егжей-тегжейлі жобалау - әрбір компоненттің алгоритмі анықталады; 
■ 
кодтау - алгоритмдерді дайын бағдарламалық қамсыздандыруға 
түрлендіру; 
■ 
модульді тестілеу - бағдарламалық қамсыздандырудың әрбір 
модулінің тексерілуі орындалады; 
■ 
біріктірілген тестілеу - жеке модульдердің бірлескен жұмысын 
тексеру; 
■ 
жүйелік тестілеу - жалпы алғанда жүйенің жұмысына байланысты 
проблемаларды анықтау. Бағдарламалық қамсыздандырудың нақты 
аппараттық платформада талаптардың сипаттамасына сәйкес тексерілуі 
орындалады. 
V-тәрізді модель бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеудің 
каскадты стратегиясын қолдайды, онда ол осы стратегияның барлық 
артықшылықтарына ие. Бұдан бөлек, сәйкес түрде қолданғанда V-
тәрізді модель келесі қосымша артықшылықтарға ие. Бұл модельде 
әзірлеудің ең бастапқы сатыларынан бастап ең үлкен рөл бағдарламалық 
қамсыздандыруды тексеру мен аттестаттауға беріледі, барлық әрекеттер 
жоспарланады. Бұл ретте тек бағдарламалық қамсыздандыру емес, 
барлық алынған ішкі және сыртқы деректер аттестатталады және 
тексеріледі. Артықшылығы әзірлеу процесінің барысын басқару мен 
бақылауды жеңілдету болып табылады.
V-тәрізді модельді қолданғанда оған сәйкес келмейтін жоба үшін 
келесі оның кемшіліктері анықталады:
■ 
өмірлік циклде талаптарды тестілеудің кеш мерзімдері, ол жобаны 
орындау кестесіне талаптарды өзгерту қажеттілігінде біраз ықпалын 
тигізеді; 
■ 
басқа каскадты модельдерде сияқты тәуекелді талдауға бағытталған 
әрекеттердің болмауы. 
V-тәрізді модельді бағдарламалық өнімдерді әзірлегенде, жоғары 
сенімділік басты талабы болып табылғанда қолдану мақсатқа сай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет