180
археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған мәдениеттер
ішіндегі ең танымалы.
Шансидегі Баньпо қыстағынан табылған Яншао мәдениетінің
ең байырғы құралдарының пайда болған кезі б.д.д. 4800-3600
жж. аралығына жатады. Құрылысы біртекті үйлер қауымдастық
мүшелері арасында әлеуметтік айырмашылықтың болмағанының
дәлелі. Қызыл саздан жасалған тостаған, құмыра және т.б.
бұйымдар сан алуан түрлі геометриялық ою-өрнекпен, адамның бет
бейнесімен, балық, бұғы және жазу өнерінің ең қарапайым түріне
ұқсас белгілермен безендірілген.
Б.д.д. 3300-2050 жылдар аралығында Яншао мәдениетінің
жалғасы ретінде Қытайдың Батыс Ганьсу, Цинхай провинцияла-
рында дамыған Мацзяяо, Баньшань мәдениеттері ішкі Моңғолияны
да қамтыды. Мұнда бұйымды мыс, қола, алтын және күміспен
әрлеп әшекейлеу орын алған. Б.д.д. 5000-3300 жылдарға жататын
Қытайдың шығыс бөлігінде орналасқан Мацзябан және Хэмду
мәдениеттері балық аулау, ит, шошқа, буйвол өсіруге негізделген.
Хэмду қоныстарын қазған кезде, тұғырға тұрғызылған тұрғын
үйлердің орындары табылған.
Мацзябан мен Хэмдудің
жалғасы Сунцзэ (б.д.д. 4000-
3000 жылдар) және Цинлянь-
ган (б.д.д. 4800-3600 жылдар)
мәдениеттері болды. Цинлянь-
ган мәдениетінің нефриттен
жасалған бұйымдары – бүгінгі
таңдағы танымал бұйымдардың
ең ежелгісі.
Ляонинде
және
ішкі
Моңғолияда дамыған Хуншань
мәдениеті (б.д.д. 3600-2000 жыл-
дар) нефрит бұйымдары арқылы
көзге түседі. Сонымен қоса,
осы мәдениетке жататын діни
кешеннің орны табылған, қазіргі
кезде сол орын ең алғашқы
ғибадатхана деп есептеледі.
Суретте: Керамика ыдыс.
Достарыңызбен бөлісу: