183
Қытай тілінен сөзбе-сөз аударғанда «қойдың майы» деген
ұғымды берген аса бағалы емес тас соңғы неолит дәуірінде белгілі
болған. Нефритті өңдеу және оған ойып өрнек салу өте қиын. Де-
генмен, зерттеушілер ежелгі қытай қолөнершілерінің нефритті одан
да қатты, құрамында кварц пен граниті бар құммен өңдеудің ама-
лын тапқанын пайымдайды. Неолит дәуірінің шеберлері нефритті
өңдегенде алмаз ұштары бар кескіштерді, акула тістерін (Луншань
мәдениетіне жататын қорымдарды қазғанда табылған) пайдалануы
мүмкін деген болжамдар айтылады.
Хэмаду мәдениеті негіз болған, Оңтүстік Цинлянган мәдениетіне
жататын қоныстар орнын қазған кезде нефриттен жасалған ең ежелгі
бұйымдар табылған. Хуншань мәдениеті қорымдарының орнынан
да көптеген нефрит бұйымдар табылған, соның ішінде алғашқы
аңыздық тіршілік иесі – айдаһар бейнелі зергерлік бұйым бар.
Арнайы әдебиеттерде Батыс Чжоу әулеті дәуірінде өлген
адамның бетін нефрит маскамен жапқаны айтылады. Жерлеу ма-
скаларына арналған нефриттерді нәзік оюлармен бедерлеп, жібек
матаға тіккен. Маскалар діни қызмет атқарған деген болжам жа-
салады. Хань әулеті кезінде өліктің рухы шықпай, онда ұзақ өмір
сүрсін, дене ыдырауға ұшырамасын деген оймен мұрын, көз, ауыз,
құлақ шұқырларын кішкене нефрит тұмарлармен бітеген. Денені ке-
удеге тағатын әсемдік бұйымдарымен жабу салты пайда болған. Бір-
біріне қоса, тізбектеле тігілген, омырауға тағатын әшекейлер өліктің
кеудесінен тізесіне дейін жабылған.
Хань әулеті кезінде нефриттің сиқырлы қасиеті бар деп, одан
тұтас киімдер тігілген. Мань-чэннан (Хэбэй) табылған Чжуншан
мұрагері Лю Шэн мен оның әйелі Доу Баньнің ақыреттік киімдері,
үлкендігі мен қалыңдығы әртүрлі, бір біріне алтын жіппен қосып
тігілген, 2 498 және 2 160 бөлік нефриттен тұрды. Нефритті өңдеу
техникасы мен оған әсемдік бедерлерін түсіру өнерін ұзақ жылдар
бойы жетілдірген қолөнершілер жетістігі зор. Олардың жасаған
бұйымдары қазір күллі әлемге танымал.
Достарыңызбен бөлісу: