Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет57/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

Медицина. Үндінің ежелгі заманда пайда болған дәстүрлі 
емшілік өнерінің беделін көптеген ел мойындайды. Вед дәуірінің 
өзінде ел өмірінде «ұзақ өмір сүру туралы ғылым» – Аюрведа 
маңызды роль атқарады. Демек, медицинаның басты мақсаты адам 
өмірін ұзарту амалдарын іздеумен байланысты. Адам тек ұзақ өмір 
сүріп қоймай, дене сырқатынан пайда болатын қасіреттерден де 
құтылуы керек деп есептелді.
Жеке ғылым салаларынан бұрын пайда болған халық медици-
насы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, емшілік тәсілдері құпия сақталды. 
Әрине, сол тарихи заманның емшілік өнері аурудан айықтыру, со-
нымен қатар зиянды рухтардан қорғау да абыздар міндеті ретінде 
магиямен байланысты қарастырылды. Вед әдебиеттерінде олар 
адамды емдеуде түрлі сырқатты жеңетін құдайлардан үлгі алады 
деп көрсетіледі. Бұл мәселелер «Ригведа» әнұрандарында егжей-
тегжейлі сипатталған. Емші ерте келетін қарттықтан сақтайтын 
және жараланған жағдайда немесе кез келген ауруға ұшырағанда 
емдейтін қабілеті бар «аспан емшілері», құдай берген Ашвиналарға 
жүгінген. 
Ежелгі дәуір адамдарының ұғымында әрбір сырқат жасалған 
күнә үшін құдайдың қаһарынан пайда болады. Варуна – «ғалам 
теңдігі мен тәртібін сақтаушы» – осы тәртіпті бұзған кінәлілерді 
аурумен аяусыз «марапаттайды». Жазаға тек адам ғана емес, жа-
нуарлар мен өсімдіктер де ұшырайды. Кешірім алу үшін үнділер 
«емдеу әнұрандарын» шырқады, құрбандықтар шалды. «О, пат-
ша, сенің жүз мың дәрің бар, – дейді Варунаға, – Сенің суыңда 
мәңгілік өмір шырыны, емнің құдіретті күші бар». Ригведа 
мәтінінің бірі «Емдік шөптерге мадақ» деп аталады. Бұл сол кездің 
өзінде емшілердің емдік өсімдіктер қасиеттерін білгенін, оларға 
құдайлық қасиеттерді таңғанынан мәлімет береді. «Ежелгі заман-
дарда жерде бой көтерген өсімдіктер құдайлардан үш ғасыр үлкен, – 
мен олардың осы 107 күңгірт түсті күші туралы айтамын... Кімнің 
қолында артық емдік шөптер болса, сол бағыныштылары көп пат-
ша тәрізді. Осы данышпанның аты – Емші, ол жауыз күштерді 


169
жеңеді және ауруды қуады». Ригведада «емші» сөзі қолданылады, 
емшілік кәсіп ретінде қарастырылады. Келтірілген мәлімет аурулар 
және оларды емдеу туралы түсініктің, емшілік білімі бастауының 
болғанын білдіреді. 
Ғылыми медицина туралы арнайы әдебиеттердің пайда болған 
кезінен айтуға болады. Олардың ең ежелгісі, дәстүр бойынша, 
Бхелы, Чараки және Сушруты есімдерімен байланыстырылады. 
Ежелгі трактаттар мазмұны емшілік өнердің айтарлықтай жоғары 
дәрежеде дамығанынан мәлімет береді. «Чаракиде» негізі шөптік, 
минералдық және жануарлық болатын 600-дей дәрі-дәрмек атала-
ды. «Сушрутада» 650 дәрі-дәрмек атауына қоса, 300-ден аса жаса-
латын әртүрлі операция мен 120 хирургиялық сайман түрі сипат-
талады.
«Сушрутада»: «Аурудың себебін білгісі келген дәрігер өлген 
адамның денесін алып, оның әрбір бөлігін тыңғылықты зерттеуі ке-
рек», – деп айтылады. Бұл үшін трактат ауыр науқасқа ұшырамаған, 
аштықтан жүдеп, әлсіремеген, қартаймаған адам денесін пайдалану-
ды ұсынады. Сосын ағаштан айрықша жасалған пышақ көмегімен 
(металдан жасалған пышақ нәзік қан тамырлары мен байланыстарды 
кесіп кетуі мүмкін) «денесінің нақты жағдайын анықтау үшін, үлкен 
немесе кіші, ішкі немесе сыртқы (терісінен бастап) әрбір бөлігін 
ажыратуы керек». Арнайы әдебиеттер Ежелгі Үнді елінде зерт-
теу жұмыстары үшін адам мәйітін союға ешқандай қарсылықтың 
болмағанын көрсетеді.
Ежелгі Үнді емшілері аурудың белгілерін анықтауға үлкен 
мән берген. Мәтіндерде туберкулез, қағыну (гангрена), сары 
ауру, күл ауруы (дифтерия ), сал, құтыру, алапес, қояншық және 
т.б. аурулардың белгілері егжей-тегжейлі сипатталады. Емдеу 
үдерісінде жасалған бақылаулар қандай да бір медициналық те-
орияны жасау мақсатында пайдаланылған. Ауру «тән, жан және 
ақыл» арасындағы бастапқы теңдіктің бұзылуымен түсіндірілген. 
Адамның саулығы мен сырқатын оның тек физикалық, 
психологиялық және парасат жағдайының кешені анықтайды 
деген сенім қалыптасқан. Сондықтан дәрігер психологияны, бо-
таниканы, биологияны, фармакологияны, химияны және т.с.с. 
білуге міндетті болды. Ауруды емдеу денсаулықтың түзелуімен 
тоқтатылмай, дәрігер сырқаттанған адамның ұзақ өмір сүруіне 


170
кепіл болатын ағза функциялары толық қалпына келгенге дейін 
бақылаған. 
Емшілік бағыттағы арнайы әдебиеттерде тұқым қуалаушылық 
жайлы деректер, гигиеналық кеңестер кездеседі. Мысалы, қоғамдық 
орындарда түкіруге, кір киіммен жүруге, лас суды ішуге, онымен 
жуынуға, құдықтарды ластауға тыйым салынды. Науқастар берген 
мәліметтің жұртқа жайылмауы қарастырылды, оны дәрігер құпия 
сақтады. Осымен қатар, дәрігер науқастың жан-дүниесіне ауыр 
әсерін тигізуі мүмкін, аурудың асқынуы жөніндегі бақылауларын 
айтпауға да тиіс еді. Өйткені, психологиялық әсер әрқашан емнің 
маңызды факторы деп есептелді. 
Ежелгі Үнді мәдениетінің таңқаларлық ерекшеліктері, 
қайталанбайтын құндылықтарының пайда болу себептері беймәлім. 
Рухани мұра болатын жылнамалық мәліметтердің сыры әлі күнге 
ашылмай отыр. Оның дәстүрлерімен танысу ғажайып бейнелер 
әлеміне енуге, адам мен оның қабілеті туралы терең күйзелісті 
көруге мүмкіндік береді.
Зерттеушілер ортасында Үнді елінің әртүрлі этно-мәдени 
аймағында пайда болған дамудың мәдениет қалыптасуына тигізген 
әсері туралы пікірталастар әлі тоқтаған жоқ. Соңғы археологиялық 
қазба жұмыстары мен лингвистердің зерттеулері жалпыүнділік 
дәстүрлер қалыптасуының алғашқы сатыларына арийлерге дейінгі 
халықтардың үлкен ықпалы болғанын көрсетеді.
Вед дәуірінің өзіндік ерекшеліктері, идеялары, ұғымдары мен 
түсініктері мемлекеттік басқару жүйесі әлі қалыптаспаған қоғам 
дамуының жалпы деңгейімен байланысты. Солтүстік Үнді жерінде 
алғашқы мемлекеттік құрылым б.д.д. ІV-V ғасырларға, «Упанишад» 
мәтіндерінің пайда болған кезіне сәйкес келеді.
Кушан дәуірінде (б.д.д. І және б.д. ІV ғасырлары) Солтүстік Үнді 
жерінде айтарлықтай әлеуметтік және этникалық құбылыстар орын 
алады, будда дінінің махаяна тармағы қалыптасады.
Ежелгі Үнді мәдениетінің соңғы сатысы Гуптлер (ІV-VІ ғғ.) 
дәуірі деп аталады. Бұл тарихи заманнан ежелгі Үнді діні, филосо-
фиясы, ғылымы туралы көптеген мәлімет жеткен.


171


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет