Әок 371. 3 Тiгiн машинасының инесi және оның классификациясы



Pdf көрінісі
бет21/27
Дата03.03.2017
өлшемі2,59 Mb.
#5903
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27

 
РЕЗЮМЕ 
В  данной  статье  рассматривается  развитие  туризма,  сервиса  и 
инфраструктуры,  а  также  расмотрены  пути  привлечения  прибыльной  части 
туризма в будущем. 
 
 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
186 
УДК 336.417.0 
Ж.17 
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ СЕНІМГЕРЛІК 
ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ 
МЕЗАНИЗМДЕРІ 
 
Жазыкбаева Б.М.- оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
         Сенімгерлік  қызмет  кӛрсету  бұл  –меншікті  және  клиентке  тиесілі  басқа  да 
активтерді басқару жӛніндегі операция. Бүгінгі таңда сенімгерлік операциясының 
маңызы  жоғары  болғандықтан,  нарық  пен  клиент  арасындағы  ӛкілетті  делдал 
ретінде  банк оларды орындаудан ӛзіне кӛптеген пайда түсіреді. Әлемдік банк іс-
тәжірбиесінде  коммерциялық  банктердің  ӛз  клиенттеріне  кӛрсететін  әр  алуан 
комиссиялық делдалдық қызметтерінің бір түрі ретінде сенімгерлік операцияның 
пайда  болуын  және  олардың  шапшаң  дамуын  мынандай  бірнеше  объективті 
себептермен байланыстырып түсіндіруге болады: 
-
 
дәстүрлі ссудалық банк операция түрлеріне тән табыстылықтың кемуі, сондай-
ақ,   операция табыстылығын арттыруға   банктердің ұмтылысы; 
-    банк  клиентурасының,  әсіресе  ӛнеркәсіп  кәсіпорындарының  банктік  қызмет 
кӛрсетудің кең ауқымды жиынын тайдалануға ӛсе түскен ынтасы; 
-        ссудалық  капитал  нарығындағы  бәсекелестіктің  клиент  үшін  банктердің 
арасында  жүріп  жатқан  күрестің  күшеюі  және  жеке  тұлғаларға  да,  заңды 
тұлғаларға да   кӛрсетілетін жаңа қызмет түрлерінің пайда болуы мен дамуы; 
-    банктер  үшін  қызмет  кӛрсетудің  басқа  түрлерімен  салыстырғанда  сенімгерлік 
операцияның артықшылықтары: 
а) қаражат тартудың  мүмкіндіктері шектеусіз, яғни табыс кӛзі де шектеусіз. Банк 
операцияны ӛз есебінен немесе банк аралық несиені тартудың есебінен жүргізуде 
белгілі бір аядан шыға алмай қалады,  ӛйткені, оның ӛзіндік ресурстары шектеулі. 
Клиенттерге қызмет кӛрсеткенде берілетін несиенің мӛлшері үлкен болады, бұдан 
шығатын  қортынды  банктің  табысы  клиенттердің  қатары  кӛбейген  сайын  артып 
отырады; 
ә)  банк  жұмысының  нақты  құрылымы.  Клиенттерге  қызмет  кӛрсету  бойынша 
барлық операциялар бӛлінбей, бір функционалдық бӛлімде қарастырылуы; 
б) сенімгерлік операцияның жүргізуге кететін банк шығыны салыстырмалы түрде 
аз болады,  кӛптеген банктерде ұқсас инвестицияларды ӛткізетін екі бӛлім қатар 
жұмыс  істейді    бірінші    бӛлім-банктің  есебіне  және  пайдасына,  екінші  бӛлім  –
клиенттің есебіне және пайдасына жұмыс жасайды; 
в)  банктің  корреспонденттік  қатнасын  ұлғайтады  және  банк  аралық  нарықтағы 
жағдайын жақсартады репутациясын кӛтереді.  
        Сенімгерлік операциясы біздің банктер үшін жаңа операция болып табылады. 
Оның енгізілуіне ең  алдымен, елде сенімгерлік меншік институтының құқықтық 
жағынан  қамтамасыз  етілмеуі  және  басқа  да  кӛптеген  күрделі  проблемалар 
кедергі тудырып отыр. Бірінші мүлікті сенімгерлікке басқаруға берудің аса қажет 
болмауы.  Екінші  меншік  иесінің  ӛзі  мүліктің  мӛлшерін  және  формасын 
біліктілікпен  басқара  алмайтындай  деңгейге  жеткенде  ғана  беруі.  Бүгінгі  күннің 
ӛзінде  ауқымды  бірталай  меншік  иелері  банк  қызметін  пайдланудан  бас  тартып 
отыр.  Олар  банк  жүйесіне  сеніміздік  танытады  немесе  банкке  ӛзі  туралы,  ӛзінің 
меншігін қалай қалыптастырғаны жӛнінде ақпарат бергісі келмейді.  
         Сенімгерлік операцияның арқасында банк: 
-
 
коммерциялық банктер банкке пайдалы жолмен салынуы мүмкін қосымша 
қаржы ресурстарына қол жеткізе алады; 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
187 
-
 
банк  пайдасына  сенімгерлік  келісім  шарты  бойынша  комиссиялық  сиақы 
немесе ӛзі басқаратын құнды қағаздардан пайда үлесі есептеледі; 
-
 
басқа  біреудің  (бӛтен)  капиталына  маневр  жасай  отырып  банк  тек 
сенімгерлік келісім шарттың аясында жауап береді; 
-
 
сенімгерлік операция есебі  банктің баланстық шотын қозғамайды, ал оны 
жүзеге асырудан түсетін табыс банктің жиынтық табысына қосылады. 
        Сонымен  бірге  сенімгерлік  операцияны  жүргізу  персоналдан  кӛптеген 
салаларда  жоғары  біліктілікті  болуын    талап  етеді.  Олар  заңды  білу, 
инвестициялық қызметке машықтану  (үйрену), меншікті басқару.  
        Сенімгерлік объектісіне заңды түрде танылған оның ішінде кепілге салынған 
кез  келген  мүлік  түрі  жатуы  мүмкін.  Басқаша  айтқанда    кәсіпорын  мен  оның 
активтері,  ӛнім,  жер  учаскесі,  жылжымайтын  мүлік,  ақшалай  қаражат,құнды 
қағаздар,  валюталық  құндылықтар  мүліктік  құқық  жатады.  Сенімгерлік  қатнасы 
құылтайшы мен меншік иесінің арасында бекітілген келісім шарт  негізінде пайда 
болады. Сенімгерлік операцияны басқару активтерге иелік ету бойынша тӛменде 
келтірілген  операциялардың  барлығын  немесе  жекелеген  түрлерін  қамтуы 
мүмкін: 
-
 
сақтау; 
-
 
сенімгер мүддесінің ӛкілдігі; 
-
 
табысқа және инвестицияға иелік ету; 
-
 
активтерді сату-сатып алу; 
-
 
қарыздарды тарту және ӛтеу, құнды қағаздарды тарту және орналастыру; 
-
 
заңды тұлғаны құру, қайта ұйымдастыру және тарту; 
-
 
мүлікті меншікке беру( сыйлау, мұраға қалдыру, және т.б.) 
-
 
клиенттің  жеке  банк  шотын  кассалық  және  қаржылық  шаруашылықты 
жүргізу, міндеттеме бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру; 
-
 
қайта  құрылған  немесе  банкротқа  ұшыраған  жағдайда  кәсіпорынның  ісін 
уақытша басқару. 
         Сенімгерлік операцияларды орындаудың тәжірбиесі  отандық коммерциялық 
банктерде толық жүзеге асырылмау үстінде.  
         Әдетте  сенімгерлік операциясы үш категорияға бӛлінеді: 
1.
 
Жеке тұлғаларға кӛрсетілетін сенімгерлік қызметтер. 
2.
 
Коммерциялық кәсіпорындарға кӛрсетілетін  сенімгерлік қызметтер. 
3.
 
Коммерциялық емес кәсіпорындарға кӛрсетілетін қызметтер. 
         Қазақстанда  және  Ресейде  әзірге  коммерциялық  банктердің  сенімгерлік 
операцияларды орындауына орнықты заңдық база жасалған жоқ, алайда жоғарыда 
аталғандардың арасынан жекелеген операциялар қолданылып жүр. 
         Жеке  тұлғаларға  кӛрсетілген  сенімгерлік  қызметтер  оның  ішінде, 
сенімгерлік  бойынша  меншікті  басқару,  делдалдық  қызмет,  қамқорлық  және  
т.б.шет елдік банктерде кеңінен тараған. 
        Шет  елдік  банктерде  жеке  тұлғаларға  кӛрсетілетін  сенімгерлік  қызметтер, 
оның  ішінде  сенімгерлік  брйынша  меншікті  басқару,  делдалдық  қызмет,, 
қамқарлық  және  т.б.  жақсы  дамыған.  Мысалы  ӛсиетнама  бойынша  құрылған 
сенімгерлік ӛсиетнама деп аталады. Мұндай сенімгерлік ӛсиет қалдырушы қайтыс 
болғаннан  кейін  күшіне  енеді.  Жеке  тұлғалар  ӛмірлік  сенімгерлікті  жасауына 
болады.  Ол  мүліктің  иесінің  ӛмір  сүру  кезінде  әрекет  етеді.  Ӛсиетнамалық 
сенімгерлікті,  әдетте  құрылтайшысы  активтерді  бенефициарларға  сенімгерлік 
формасында  бӛлгісі  келгенде  құра  алады.  Ӛмірлік  сенімгерлік  біреуге  активтің 
меншік  құқығын  беруге  оның  иесі  салықты  тӛлемес  үшін  немесе  мүлікті 
басқаруға  байланысты  инвестиция  бойынша    күн  сайын  шешім  қабылдамауы 
үшін жасалады. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
188 
        Сенімгерліктің  осы  екі  түрін  банк  сенімгерлік  келісім  шарттың  шарттарына 
сәйкес  басқарады.  Сенімгерлікті  жасаушы  инвестиция  үшін  қатаң  директив 
белгілей  алады  немесе  банкке  шешім  қабылдауында  ең  икемді  саясатты 
жүргізуіне  мүмкіндік  береді.  Мұның  негізгі  мақсаты 
–табыстардың 
баланстылығын  сақтау,  негізгі  капиталды  сақтау  және  қатердің  деңгейін  бір 
қалыпты ұстау. 
         Қамқоршылық  операциясы  –  банк  қамқоршы  ретінде  активтерді  жинауға 
және  оның  сақталуына,  борыштардың  тӛленуіне,  қаражаттың  тиісті 
бенефициарларға ӛсиетхат бойынша бӛлінуіне жауапты. 
         Дербес сенімгерлікпен қызмет кӛрсету операциясы-  жекеше агенттік шотты 
жүргізу.  Принципиал  (жеке  тұлға)  банкпен  негізгі  активтерді,  қаржылық  істерді 
басқару,  күн  сайынғы  шығыстарды  жүзеге  асыру  бойынша  келісімшарт  бекіте 
алады.  Принципиал  банкке  агент  ретінде  жалақы,  процент,  дивидент,  жалгерлік 
тӛлем  алуға,  берешек  бойынша  тӛлем  тӛлеуге  жеке  шығыстарды  олардың  пайда 
болуына  ӛкілеттілік  береді.  Кейбір  жағдайларда  банк  жұмыскері  дискрециялық 
құқыққа яғни ӛз калауы бойынша әрекет ету құқығына ие болады. Мұндай қатнас 
басқару құқығы бар сенімгерлік шартпен белгіленеді. Егер мұндай құқық банкке 
берілмейтін  болса,  онда  сенімгерлік  бӛлімннің  қызметкерлері  әрбір  мәмлені 
істеуге  рұқсат  алады.  Алайда  барлық  жағдайда  банк  принципиалға  барлық 
істелген мәмлелер жӛнінде ұдайы хабарлап отырады. 
        Коммерциялық  кәсіпорындарға  кӛрсетілетін  сенімгерлік  қызметтердің  алуан 
түрін екіге бӛлуге болады: агенттік және қамқоршылық. 
        Банктердің  сенімгерлік  бӛлімшелері.кӛбінесе  іскер  фирманың  агенті  ретінде 
әрекет етеді. Бұл қызмет әдетте клиенттердің  коммерциялық мүддесі үшін құнды 
қағаздарды шығару бойынша жұмыстарды, дивиденттердің тӛлемін және оларды 
акционерлердің  талап  етуі  бойынша  қайта  инвестициялауды  мерзімі  біткенде 
құнды қағаздарды ӛтеуді қамтиды.  
        Шетелдік  іс-тәжірбиеде  коммерциялық  банктер  борыштық  міндеттемелерді 
шығаруды  қамтамасыз  ететін  меншіктің  ресми  құқығына  ие  бола  отырып, 
келісімшарт  бойынша  сенімді  тараптар  ретінде  әрекет  етеді.  Эмитенттің  тӛлеуге 
мүмкіндігі  болмаған  жағдайда  банк  кепілхатты  сатып  алуға  немесе  меншікті 
сатуға  құылы.  Сонымен  қатар  банк  сенімді  тарап  ретінде  эмитенттің  барлық 
борыштық  міндеттемелерін  орындаумен  қамтамасыз  ету  керек  әрі  барлық 
рәсімдерін заңға сәйкес болуын қадағалау керек. 
        Әлемнің барлық елдерінде зейнетақы, корпорациялық және үкіметтік қорлар 
секілді  бейкоммерциялық  ұйымдар  үшін  бәсекелестік  ӛршіп  тұр.  Банктің 
сенімгерлік бӛлімі тікелей немесе дискрециялық болатын агенттік функцияларды 
орындай отырып, аталмыш ұйымдардың қаражатын басқаруға ұмтылады.   
        Тікелей  агент  сенімгерлікке  сеніп  тапсырылған  меншікткрдің  сақталуына 
жауап береді, есепттік құжаттамаларды жүргізеді және т.б. 
         Дискрециялық  агент  керісінше,  инвестициялық  шешімді  қабылдайды  және 
ӛзі қалауы бойынша әрекет етеді. 
         Сенімгерлік  қызметтің  негізгі  мәселелерінің  біріне  коммерциялық  банк 
клиенттерінің  құнды  қағаздар  портфельін  басқару  жатады.  Аса  ірі  компаниялар, 
мәселен  зейнетақы  қоры  ӛзі  шоғырландырған  қаражатты  коммерциялық  банктің 
басқаруына сеніп береді. Мұндай ірі ұйым үшін ресурстарды сенімді, әр тарапта 
орналастыруға,  қайтаруға,  олардың  пайдалы  әрі  ӛтімді  болуына  банкттерді 
міндеттейтін ереже белгіленеді. 
         Сенімгерлік операцияны әдетте банктің арнайы бӛлімі орындайды. Бұл арада 
несиелеумен,  депозиттерді  тартумен  және  ӛзге  де  операциялармен  айналысатын 
банк  бӛлімшесі  сенімгерлік  бӛлімнен  бӛлек  жұмыс  істейді.  Батыс  елдерінің 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
189 
кӛптеген  банкирлері  сенімгерлік  бӛлімді    басқа  әлемнің  бір  бӛлігі  ретінде 
қарастырады.  Бұл  әдетте  банк  ісіменен  сенімгерлікпен  қызмет  кӛрсетуді  бӛліп 
алуды  қажет  етеді.  Ӛйткені  сенімгерлік  бӛлімнің  қызметкері  банктің  емес 
клиенттің  мүдесі  үшін  әрекет  етеді.  Клиент  пен  банктің  мүдделері  сәйкес  келе 
бермейді, сондықтан бұл бӛлімде несие инвестиция қызметтері қамтылмайды. 
        Сенімгерлік    бӛлім  ӛз  қызметінде  банкке  қосымша  табыс  әкеледі. 
Сенімгерлік  бӛлімнің  табысы  тікелей  табысқа  және  жанама  табысқа  жіктеледі. 
Тікелей табысқа тікелей табысқа кӛрсетілген қызмет үшін алынатын гонарар мен 
комиссиялық  сиақы  жатады.  Жанама  табыс  корсетілген  қызмет  үшін  алынатын 
процент  мӛлшерлемесі  тіркелген  тӛлем  немесе  процент  мӛлшерлемесі  құбылып 
тұратын  тӛлем  мен  сенімгерлік  активтің  мӛлшерлемесі  мен  құнына  қарай 
белгіленетін  комиссиялық  сыйақы.  Кейбір  тараптардың  келісімі  бойынша 
анықталады.  Егер  сенімгерлік  табыс  құнды  қағаздар  болып  табылатын 
активтердің  құнына  негізделсе,  онда  бӛлімнің  табыстылығы  осы  құнды  қағаз 
түрінің бағасы нарықта қалай ӛзгеретініне байланысты болады. 
         Егер  сенімгерлік  бӛлім  жанама  табысқа  сүйенетін  болса,  онда  ол  банкке 
айтарлықтай жоғары табыс әкелетінін шетелдік тәжірбие кӛрсетіп берді,  ӛйткені 
гонарардан  түсетін  табыс  тіркелген  шығыстарды  тек  аса  ірі  банктерде  ғана  ӛтей 
алады.  Бұдан  шығатын  қортынды,  сенімгерлік  бӛлім  салыстырмалы  түрде  ірі 
мӛлшерге  табысты  болмай  тұрып  қол  жеткізіп  алуы.  Мұның  себебі,  бӛлімнің 
жанама  шығыстарының  шамасын  дәл  анықтау  мүлдем  мүмкін  емес.  Мұндай 
шығыстарға заңгерлерге тӛленетін гонарар, инвестицияланатын саланы зерттеуге 
жұмысалатын саланы зерттеуге жұмсалатын тӛлемдер және т.б. жатады. 
         Құнды  қағаздар  мен  операция  бойынша  кӛрсетілген  сенімгерлік  қызметке 
мыналар бойынша агенттік деп аталатын қызмет кӛрсетулер жатады: 
1)
 
активтерді  басқару-құнды  қағаздармен  операцияларды  жүргізу,  мысылы, 
құнды  қағаздарды  сату-сатып  алу,  портфельді  қалыптастыру,  клиенттерлің 
тапсырмасы бойынша инвестицияны жүзеге асыру және сенімгерлік бӛлім қор 
нарығы туралы ақпаратты жинап, клиенттерге кеңес беріп, басқа қызметтерді 
кӛрсетуі тиіс. 
2)
 
Құнды  қағаздарды  алғашқы  орналастыру  акцияларды  қаржы  нарығына 
орналастыру(эмиссия); акционерлердің тізімін жүргізу; жыл сайынғы табысты 
акционерлерге тӛлеу.  
Банктердің  сенімгерлік  қызметті  дамытуға  ұмтылысын  былай  түсіндіруге 
болады.  Банктер  құнды  қағаздар  портфелін  қалыптастырып  әрі  оларды  басқару 
арқылы  фирмаларды  басқаруға  жол  ашады  банктер  кӛрсеткен  қызметтері  үшін 
банк табысының бір бабына жататын комиссиялық сыйақы алады. 
         Клиенттердің банк қызметін қажетсінуі. 
 
Клиенке қызмет кӛрсету оған құнды қағаздарды сақтауға мүмкіндік беретін 
«депо шотын» ашудан басталады. Бұл мынадай мәселелерді шешуге кӛмектеседі.  
1)
 
клиенттің  соңғы  сәтте  де  мамандандырылған  аукционға  қатысу  мүмкіндігін 
кепілдендіреді,  ӛйткені  клиент  аукционға  қатысуға  ӛтініш  бергенде  қолдағы 
қаражатын  емес,  оның  банкке  депозиттелгені  турасында  анықтаманы 
ұсынады. Бұл анықтама әлдеқайда жылдам тіркеледі. 
2)
 
Егер  аукционның  қортындысы  бойынша  ӛтініш  қанағаттандырылмайтын 
болса, құнды қағаздарды қайта есептеудің содан кейін оларды басқа аукционға 
қатыстыру  үшін  тасымалдаудың  қажеті  болмайды.  Бұл  құнды  қағаздардың 
банкте ғана сенімді сақталатынын айтпаған күннің ӛзінде клиенттің шығынын 
кӛп кемітеді. 
3)
 
Құнды  қағаздардың  бӛлшектену  проблемасы:  егер  жекешелендірілдген 
кәсіпорын  ӛз  жұмыскерлерінің  тиісті  сенімхаты  бойынша  ӛзінің 
жекешелендіру қорына «депо» шотын ашатын болса, ол алдымен осы шоттан 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
190 
жабық  жазылысты  тӛлей  алады.  Осыдан  кейін  әрбір  жұмысшының  дербес 
шотына чектердің бӛлшек саны болады. Содан содан кейін акционерлік қоғам 
жұмыскерлер ӛздерінің дербес шоттарындағы қаражаттарын толық әрі тиімді 
пайдалануы құнды қағаздардың қалдығымен аукционға шығады. 
      Банк  «депо»  шотына  қызмет  кӛрсеткені  үшін  комиссиялық  сиақы  (бір  ай 
ішінде  жүргізілген  операциялардың  ауқымы  мен  санына  қарамастан)  ӛндіріп 
алады.  Одан  ары  қарай  клиент  құнды  қағаздармен  операция  бойынша  банктің 
кӛрсеткен  қызметін  құнды  қағаздың  атаулы  құнынан  белгілі  бір  мӛлшерде 
тӛлейді.  Тӛлем  есеп  айырысу  кореспонденттік    орталығындағы  банктің 
кореспонденттік шотына сомаларды аудару жолымен операциялардың орындаған 
сәтінен үш банк күні ішінде әрбір нақты ахуал бойынша жүргізіледі. 
      Банктердің «депо» шотын ашуға әрі оған қызмет кӛрсетуге мүдделі болуының 
тағы  бір  себебіне  чектермен  маневр  жасау  мүмкіндігі,  яғни  олардың  бағамын 
оларды сату –сатып алу арқылы арттыру мен кеміту жатады. 
       Сату мен сатып алу бағаларының арасындағы айырмашылық банктің табысын 
құрайды.  Клиентпен    «Депо»  шотына  қызмет  кӛрсетудің  келісімшартын 
бекіткенен кейін оған бір үлгідегі келісімшартқа қосымшалар түрінде ресімделген 
сенімгерлікпен  ықтимал  қызмет  кӛрсетудің  барлық  кешені  ұсынылады.  әрбір 
қызмет  кӛрсетудің  түрі  жекелеген  келісім  шартпен  рәсімделген  басқа  да 
нұсқалары болуы мүмкін. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Банковские операции. А.В. Печникова, О.В. Стородубцева.-М.: Изд. «Форум»-
инфра-2007. 
2.
 
Банковские операции. Под.ред. О.И. Лаврушина. 2-ое изд.-М.: «КноРус», 2008. 
3.
 
В.М.Ютиш,  Б.ШҮ.  Таджияков,  В.Н.  Назаров.  Банки  Казахстана  на  рубеже 
веков.-Алматы: Экономика, 2007. 
4.
 
О банке развития Казахстана. Закон РК-Алматы: Юрист,2007.  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада коммерциялық банктердегі сенімгерлік операцияларының түрлері 
және оларды жүзеге асырудың негізгі механизмдері кӛрсетілген. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматриваются  виды  и    основные  механизмы  внедрения  
доверительных   операций коммерческих банков. 
 
 
 
 
УДК 336.442 
Ж.17 
ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ МЕН АҚША 
АУДАРЫМДАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ 
 
 Жазықбаева Б.М.- оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
         Тӛлем  жүйесі  экономиканың  банк  секторы  мен  қаржы  нарығында  басты 
орынды  алатындықтан,  тӛлем  жүйесінің  сенімді  және  дұрыс  жүзеге асырылуы  –
экономикалық  процестің  қатысушыларының  ғана  емес,  сонымен  бірге  ресми 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
191 
тұлғалдың,  оның  ішінде  Ұлттық  банк  ӛкілдерінің  міндеті.  Тұрақты  тӛлем 
жүйесінің  принциптерін  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  етудің  бірден  бір  жолы  –
коммерциялықбанктерге  үнемі  бақылау  жүргізіп  отыру.  Бұл  процесс  барысында 
Ұлттық  Банк  пен  қадағалау  функциясы  жүктелген  басқа  да  мемлекеттік 
мекемелер  банктер  қызметінің  қаншалықты  тұрақты  және  сенімді  екенін 
тексереді. Ұлттық Банк коммерциялық банктерді тӛлем жүйесі ауқымында пайда 
болуы мүмкін тәуекелдерді анықтауға және бақылап отыруға міндеттейді.  
        Ұлттық  Банктің  негізгі  ролі  есеп  айырысуларды  жүргізуге  қарағанда 
коммерциялық  банкте  ашылған  шот  бойынша  жүргізу  жоғары  тәуекелділікпен 
байланысты,  себебі  банк  банкротқа  ұшырау  немесе  ӛз  міндеттемелерін  орындау 
үшін  ақша  қаражаттары  жеткіліксіз  болуы  мүмкін.  Сондықтан  банк  аралық  есеп 
айырысуларды Ұлттық Банк арқылы жүзеге асырған жӛн.  
          Кез-келген тӛлем жүйесі негізгі бес бӛліктен тұрады: 
1.
 
Зң шығарушы база; 
2.
 
Тӛлем жүйесінің қатысушылары; 
3.
 
Тӛлем құралдары;  
4.
 
Ақша аударымдары мен тӛлемдерді жүзеге асыру механизмдері; 
5.
 
Инфрақұрылым және технология. 
         Заң  шығарушы  база-кез  келген  тӛлем  жүйесінің  негізгі  құрамдас  бӛлігі. 
Тӛлем  жүйесі  тұтастай  заңдарға,  ережелерге  және  стандартқа  негізделеді  тӛлем 
жүйесінің  барлық  компоненттері  заңнамаға  сай  құралады.    Реттеуші 
заңнамалардағы  кез  келген  ӛзгерістер  тӛлем  жүйесінің  басқа  да  құрамдас 
бӛліктеріне әсерін тигізеді. Заң шағарушы база тӛлем жүйесіне қатысушы барлық  
тараптардың  құқықтарын  нақты  анықтауы  тиіс.  Тӛлем  жүйесінің  дамуы  оның 
нормативтік базасының үнемі жетіліп жаңарып отыруын талап етеді.  
         Төлем  жүйесінің  қатысушылары  (тұтынушылары)  ең  алдымен,  тӛлем 
жүйесіне  қатысушыларды,  олардың  құқықтары  мен  міндеттерін  анықтап  алуы 
қажет.  Әдетте, Ұлттық Банктің нормативті-құқықтық актілерінде кӛрініс табады 
тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ шарттары да анықталады. 
Тӛлем жүйесінің қатысушыларын негізінен үш топқа бӛлуге болады: 
         Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлғалар олардың күнделікті 
қызметі тӛлем міндеттемелерінің туындауына септігін тигізеді. Оларға банктердің 
әр  түрлі  тӛлем  қызметтерін  қолданатын  жеке  тұлғалар  және  әр  түрлі  ӛндірістік 
кәсіпорындар  мен  сауда  және  қызмет  кӛрсету  салаларының  кәсіпорындарың, 
сондай-ақ  әр  түрлі  делдалдық  және  диллерлік  компаниялар  жатады.  Заңды 
тұлғалар  мен  жеке  тұлғаларға  ақша  аударымдары  және  тӛлемдер  сияқты қызмет 
кӛрсететін коммерциялық банктер. Барлық коммерциялық банктердің шоттарына 
қызмет кӛрсететін және банкаралық есеп айырысуларды жүзеге асыратын Ұлттық 
Банк.       
Төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру жолдары: 
        Ақша  аударымдары мен қолма-қолсыз тӛлемдерді жүзеге асыру үшін тӛлем 
құралдарын қолдану қажет.  Тӛлем құралдарын таңдау бірқатар факторларға 
байланысты:  
1.
 
Тӛлемді жүзеге асырудың мақсаты; 
2.
 
Нақты тӛлем құралдарын қолдану құны; 
3.
 
 Ақшаны қолма-колсыз немесе басқа жолмен беру; 
4.
 
Тӛлем сомасының қомақтылығы; 
5.
 
Нақты тӛлем құралдарын қолданудың ыңғайлылығы; 
        Бір тӛлемді бірнеше тӛлем құралының кӛмегімен жүзеге асыруға 
болатындықтан, тӛлем құралын таңдау жоғарыда айтылған жағдайлармен 
тұтынушының талғамына байланысты болады. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
192 
         Ақша аударымдары мен тӛлемдерді жүзеге асыру кезінде мына тӛлем 
құралдары қолданылады; 
1.
 
Тӛлем тапсырмасы; 
2.
 
Тӛлем-талап тапсырмасы; 
3.
 
Тікелей банктік шотты дебеттеу; 
4.
 
Инкассалық ӛкім; 
5.
 
Чек; 
6.
 
Вексель; 
7.
 
Тӛлем карточкасы. 
1.
 
Тӛлем  тапсырмасы  –ақшаны  аударушының  ӛз  банкісіне  құжатта  кӛрсетілген 
соманы  ӛз  есеп  айырысу  шотынан  аударуы  туралы  тапсырмасы.  Тӛлем 
тапсырмасы  бойынша  ақша  аудару  тек  ақша  аударушының  есебінде 
тапсырмада  кӛрсетілген  сомаға  жететін  ақша  болған  жағдайда  ғана  жүзеге 
асады.  Бұл  жағдайда  несиклік  тәуекелге  ұрынбау  үшін  ақша  алушының 
есебіне  ақша  аударушының  есебінен  ақша  жұмсалғаны  туралы  құжат  болған 
жағдайда аударылады. 
2.
 
Тӛлем-талап тапсырмасы ақшаны алушының ӛз банкісіне құжатта кӛрсетілген 
соманы  ақшаны жіберушінің шотынан алуы туралы талабы.   Бұл талап ақша 
аударушыға  қызмет  кӛрсететін  банк  арқылы  ақша  алушының  акцепті  бар 
болған жағдайда жүзеге асырылады. Ақша аударушының банкісі, егер алдын-
ала  келісім  шартта  бұл  жағдай  айтылған  болса,  әр  тӛлем  үшін  ақша 
аударушыдан акцепт талап етпесе де болады. 
3.
 
Банктік шоттың тікелей дебеттелінуі тұтынушының жүйелі тӛлемдерін жүзеге 
асыру  үшін  қолданылады.  Бұл  жолмен  ақша  аудару  ақша  тӛлеушінің  қызмет 
кӛрсетуші  банкі  оның  есебінен  ақша  жұмсалғаны  туралы  құжат  беруіне  ӛз 
келісімін беру арқылы жүзеге асады . 
4.
 
Инкассалық  ӛкім-  уәкілеттілігі  бар  тиісті  органдардың  ақшаны  жіберушінің 
есеп айырысу шотынан құжатта кӛрсетілген соманы аударуы туралы жарлығы  
мұндай құжаттарда міндетті түрде ақша не үшін ӛндірілетіні, яғни себебі және 
қай заңның қай бабы екені кӛрсетілуі тиіс. 
5.
 
Чек – бұл бекітілген түрдегі чекті берушінің ӛз банкісіне кӛрсетілген соманы 
чекті ұстаушығы беруі туралы бұйрығын кӛрсететін құжат. Чектер дүкендерде 
кӛрсетілген қызметтер мен тауарлар үшін тӛлем ретінде және қолма-қол ақша 
алу  үшін  де  қолданылады.  Чектер  қамтамасыз  етілген  және  қамтамасыз 
етілмеген  болып  екіге  бӛлінеді.    Қамтамасыз  етілген  чектер  чек  берушінің 
банкке  алдын  –  ала  енгізген  депозитімен  қамтамасыз  етіледі.  Ал  қамтамасыз 
етілмеген чектер алдын ала депозиттермен қамтамасыз етілмейді. 
6.   Вексель  –бір жақты  шартсыз ақшалай міндеттемесі  бар қатаң нысанды тӛлем 
құжаты  вексель  тауарды  жеткізу  туралы  келісімдер  бойынша  тӛлеу  мерзімін 
ұзарту  мақсатымен  беріледі.  Вексельді  пайдаланып  ақша  тӛлеу  ӛте  оңай, 
вексель ұстаушыға яғни, вексель иесіне тауардың ақшасын келешекте тӛлеуге 
міндеттеме алып, вексель жазып береді. Вексельде кӛрсетілген мерзім келген 
вексель  иесі  вексель  берушіге  вексельді  тӛлеу  үшін  ұсынады.  Вексельді 
санауды (есептеуді ) екінші деңгейлі банктер жүзеге асырады. 
7.   Тӛлемдік карточкасы-бӛлшек  тӛлемдерді  жүзеге асырудың ең қолайлы жолы. 
Тӛлем карточкасын чек сияқты сауда орындарында, қызмет кӛрсетулерге ақша 
тӛлеу  үшін  қолма-қол  ақша  алу  үшін  пайдаланады.  Тӛлемдік  карточкалары 
кредиттік  және  дебеттік  болып  екіге  бӛлінеді.  Сонымен  бірге  дебеттік 
кредиттік  карточкалар  да  пайдаланылады,  олар  дебеттік  карточканың  да 
кредиттік карточканың да қызметін атқарады. Кредиттік карточка оның иесіне 
берілген  сома  шегінде  ғана  тӛлемдер  жүргізуге  мүмкіндік  береді.  Ал,  несие 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
193 
сомасы  нақты  бір  мерзім  ӛткеннен  кейін  ӛтелуі  тиіс  және  берілген  несие 
бойынша кредиттік карточканың иесі сиақы тӛлейді. Ал, кредиттік карточкаға 
қарағанда  дебеттік  карточканың  иесі  шотта  бар  ақша  қалдығы  шегінде  ғана 
пайдалана  алады.  Дебеттік  несиелік  карточка  осы  екі  жағдайды  да  қамтиды. 
Егер  есепте  ақша  бітсе,  банк  автоматты  түрде  оған  несие  береді.  Соңғы 
жылдары тӛлем карточкалары ӛте кӛп қолданылып келеді, себебі бұл құралды 
қолдану  ӛте  ыңғайлы  және  ол  бойынша  операцияларды  жүргізу  қауіпсіз. 
Сонымен  бірге  тӛлем  карточкасы  бӛлшек  сауда  нарығында  тӛлемдерді 
жүргізуге ӛте ыңғайлы. Кез-келген тӛлем карточкасы ӛзінің шығаратын тӛлем 
жүйесі шеңберінде ғана қолданылады. Мысалы: VISA белгісі бар карточка тек 
VISA тӛлем жүйесінде ғана қолданылады. Сонымен қатар, банк тәжірбиесінде 
магниттік  жолақшасы  және  микропроцессоры  бар  карточкалар  қолданыс 
тапқан.  Қазіргі  кезде  магниттік  жолақшасы  бар  карточкалардан  гӛрі 
микропроцессоры  бар  карточкалар  кӛп  қолданылады,  себебі  бұл  сенімді, 
қауіпсіз,  және  функционалды  болып  табылады.  Микропроцессорлы 
технологиялардың дамуы мен дүние жүзінде электронды ақша қолданылатын 
түрлі жүйелері енгізіле бастады. Электронды ақшалар қолда бар ақша тәріздес. 
Электронды  ақшалар  микропроцессорлы  карточканың  жадында  сақталады. 
Бұл  ақшамен  тӛлемді    жүзеге  асырғанда  тӛлеушінің  электрондық  алушының 
жадысына  ақша  аударылады.  Электронды  карточканы  жоғалтқан  жағдайда 
оның  иесі  карточкадағы  ақшаның  бәрінен  айырылады.  Ал,  дебеттік 
карточканы  жоғалтса,  оның  ақшасы  банкте  оның  есебінде  сақталады.  Тӛлем 
құралдарының  тізімі  және  олардың  біреуінің  әйгілі  болуы  әр  елдің  тарихи 
және  әлеметтік  жағдайына  байланысты  болады.  Мысалы:  АҚШ  және  Батыс 
Европа елдерінде чектер молынан пайдаланылады. 
                                Ақшамен төлемдерді жүзеге асыру механизмдері
        Тӛлем    жүйесі-белгілі  бір  ережеге  бағынатын  бір  банктік  шоттан  екінші 
банктік шотқа ақша аудару мен толемдерді  жүзеге асыратын мезанизм. Екі  банк 
арасында  тӛлемдерді  жүзеге  асыру  мақсатымен  банктер  бір-бірінде 
корреспонденттік  шоттар  ашады.  Екі  жақты  қарым  қатнас  орнатылған  жағдайда 
банктер арасында ақша аударымдары екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін: 
1.
 
Тӛлеушінің  банкісінде  ашылған  ақшаны  алушының  банкісінің 
корреспонденттік шотына ақшаны аудару ақылы; 
2.
 
Ақшаны  алушының  банкісінде  ашылған  ақшаны  тӛлеушінің  банкісінің 
корреспонденттік шотынан ақшаны алу арқылы. 
       Алайда,  тура  қатынас  орнату  барлық  жағдайда  мақсатқа  сәйкес  болмайды, 
себебі  ақшаны  басқа  банкте  орналастыру  барысында  несиелік  тәуекел  болуы 
мүмкін, ал күрделі банкттік жүйе жағдайында қатынас есептердің кӛптеп ашылуы 
кӛп  қаржыны  қажет  етеді,  бұл  банктің  ӛтімділігін  тӛмендетеді.  Осыған 
байланысты  банкаралық  есеп  айырысуларды  жүзеге  асыру  үшін  банктерге  бір 
есеп  айырысу  банкінің  қызметтерін  қолданғаны  дұрыс.  Мұндай  банк  ретінде 
коммерциялық  немесе  Ұлттық  Банк  болуы  мүмкін.  Егер  мұндай  банк 
коммерциялық  банк  болса,  онда  жоғарыда  айтылғандай  бұл  банк  банкротқа 
ұшырауы  ықтимал,  немесе  банк  корреспонденттер  арасындағы  міндеттемелерін 
орындай  алмауы  мүмкін.  Егер  есеп  айырысу  банкі  уақытша  немесе  тұрақты 
қиындықтарға  тап  болса,  ол  бүкіл  тӛлем  жүйесіне  қауіп  тӛндіреді.  Сондықтан 
кӛбіне  есеп  айырысу  банк  ретінде  Ұлттық  Банк  алға  шығады,  себебі  ол  ӛзінің 
дәрежесіне  сай  ӛз  тӛлем  жүйесін  несиелік  тәуекел  мен  ӛтімділік  тәуекелге  жол 
бермейді. 
         Ұлттық банк  қатысуымен өтетін жалпы есеп айырысу жүйесінің негізінде 
жүргізілетін төлемдер ақша  аударымдарын жүзеге асыру механизмдері.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
194 
         Жалпы есеп айырысу жүйесі ақша аударуды ақша жіберушінің есебінде бар 
қаржы айналысында әр тӛлем құжатын жеке-жеке ӛңдеу арқылы жүзеге асырады.  
Бұл  жүйе  арқылы  ақша  аудару  банктерге  ақшаны  нақты  уақытта  аударуға 
мүмкіндік береді. Тӛлемнің аяқталу сол күні болады. Жалпы ӛнім есебі жүйесінде 
әр  тӛлем  құжаты  жеке-жеке  ӛңделеді  де,  ақша  аудару  әр  құжат  негізінде  жүзеге 
асырылады.   
        Ұлттық  банк    қатысуымен  өтетін  клиринг  төлемдері  арқылы  нетто-есеп 
жүйесі негізінде жүргізілетін төлемдер мен ақша аударымдарын  жүзеге асыру 
механизмдері. Нетто–есеп жүйесінде ақша аудару клирингтің әр қатысушысының 
таза позициясына негіздеп жүзеге асады. 
         Клиринг-  есеп  айырысуға  қатысушы  тараптар  екі  жақты  құқықтар  мен 
міндеттемелеріне  негізделген  құнды  қағаздар,  қызметтер  мен  тауарлар  үшін 
қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі . 
Клирингтің екі түрі бар : 
1.
 
Валюталық клиринг. 
2.
 
Банкаралық клиринг. 
        Валюталық  клиринг-  бұл  халықаралық  тӛлем  келісімдері  негізінде 
жүргізілетін  сыртқы  сауда  мен  мемлекеттер  арасындағы  экономикалық 
қатнастардың басқа да нысандары бойынша есеп айырысуды білдіреді. 
Банкаралық  клиринг  –бұл  елдің  заңды  тұлғаларының  екі  жақты  ақшалай 
талаптарын  есепке  ала  отырып  банктер  арасында  есеп  айырысу.  Банк  ісіне 
хабарлама  берудің  электрондық  жолдарын  енгізу  және  банк  жүйесінің  белгілі 
орталықтарында  есеп  айырысудың  кӛп  шоғырлануы,  автоматтандырылған  есеп 
айырысу  палаталарын  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Есеп  айырысу 
палаталары  дегеніміз  –магнитті  хабар  тасушылардың  негізінде  тӛлеудің  банк 
аралық жүйесі.  
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Деньги и платежи: сборник нормативов актов РК.- Алматы: Юрист, 2008. 
2.
 
Н. Г. Малахова. Деньги, кредит, банки. Учебное пособие.-Ростов-на-Дону: 
Феникс,2007. 
3.
 
С. С. Артьемова, В. В. Митрохин, В. И. Чугунова.   Финансы, денежное 
обращение, кредит.-М.: Академическии проект,2008. 
4.
 
В. Д. Фетисов. Финансы и кредит.-М.: ЮНИТИ,2006. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада тӛлем жүйесінің экономикалық мазмұны мен ақша аударымдарын    
жүзеге асырудың түрлері кӛрсетілген. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматриваются  экономическое  содержание  платежных  систем  и 
виды   совершения денежных переводов. 
 
 
 
331.1. 
Ж 791 
АНТИКРИЗИСНАЯ ПОЛИТИКА В  УПРАВЛЕНИИ ПЕРСОНАЛОМ 
 
Жолдыбаева А.Е.-преподаватель ( г. Алматы, КазгосженПУ ) 
 
Термин  «антикризисное  управление»  возник  сравнительно  недавно. 
Считается,  что  причина  его  появления  заключается  в  реформировании 
казахстанской  экономики  и  постепенном  вхождении  Казахстана  в  зону 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
195 
кризисного развития. Не многие ожидали, что результатом реформ станет кризис, 
но многие сегодня понимают, что из кризиса экономику способен вывести только 
новый тип управления. Такое управление и получило название «антикризисного». 
Но  название  названием,  а  суть  его  вызывает  большие  дискуссии.  Кризис,  каким 
бы глубоким он ни был, все-таки когда-нибудь пройдет. История экономического 
развития  многих  стран  это  подтверждает.  И  надобность  в  антикризисном 
управлении отпадет? Значит ли это, что такой тип управления имеет временный 
характер  или  сугубо  прагматическое  значение?  Зачем  же  тогда  изучать  его, 
создавать  научную  концепцию  и  готовить  специалистов  в  системе  высшего 
образования? 
Конечно,  обострение  кризиса  в  Казахстане  вызвало  потребность  в  эффективном 
антикризисном управлении. Это заказ практики. Но и тенденции развития науки 
управления  ведут  нас  к  необходимости  разработки  концепции  антикризисного 
управления.  Ее  предпосылками  являются  понятия  циклического  развития, 
управляемости,  ресурсосбережения,  мотивации,  экономии  времени,  социального 
партнерства  и  многие  другие.  Их  совокупность  свидетельствует  о  реальной 
опасности кризиса при любом, даже самом успешном управлении. 
Объективно  кризис 
характеризуется 
множеством 
взаимосвязанных 
ситуаций,  повышающих  сложность  и  риск  управления.  При  этом  возможны 
отдаление  кризиса  и  его  профилактика,  стабилизация  кризиса,  перерастание 
одного в другой, выход из кризиса, который не исключает его как из настоящего, 
так и из будущего. Не только экономика, но и природа функционирует циклично
и не только процесс развития экономики рождает кризисные ситуации. 
На разных этапах развития общественного сознания отношение к кризисам 
было  различным.  Например,  одна  позиция  заключалась  в  том,  что  кризис  — 
всегда  следствие  природных  явлений,  а  другая,  —  что  кризис  —  порождение 
самого человека, его ошибок, предрассудков, незнания, неверия. 
Бытовала  точка  зрения,  что  кризисы  являются  характерной  чертой 
капиталистического  способа  производства  и  должны  отсутствовать  при 
социалистическом.  В  прошлом  существовали  даже  такие  теоретические 
положения,  что  при  социализме  нет  кризисов,  есть  только  «трудности  роста». 
Многие  годы  в  нашей  стране  само  это  понятие  было,  скорее,  идеологическим, 
нежели  реальным  фактором  разработки  экономической  политики  развития 
производства. 
Некоторые  полагают,  что  оно  относится  лишь  к  процессам  макро-
экономического  развития,  а  в  масштабах  фирмы  или  предприятия,  например, 
существуют только более или менее острые проблемы, вызванные ошибками или 
непрофессионализмом  управления.  Эти  проблемы  якобы  не  свидетельствуют  о 
кризисе  развития,  они  не  вызваны  объективными  тенденциями,  хотя  и 
обусловлены некоторыми внешними причинами. 
Такие представления односторонни и могут иметь негативные последствия в 
управлении организацией. Если с этих позиций рассматривать внутрифирменное 
управление,  то  при  разработке,  например,  стратегии  ее  развития  нет 
необходимости  предвидеть  и  учитывать  возможность  кризиса.  Насколько 
реальной  при  этом  будет  стратегия,  если  в  действительности  кризисы 
закономерны? 
Понятие «кризис» теснейшим образом связано и с понятием «риск», которое 
в той или иной мере влияет на методологию разработки любого управленческого 
решения.  Исключите  из  него  ожидание  кризиса,  и  пропадет  острота  восприятия 
риска, станут неожиданными и от этого еще более тяжелыми не только кризисные 
ситуации, но и вполне обычные ошибки. 
Можно на проблему кризиса взглянуть и в ином ракурсе

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
196 
Социально-экономическая система в любом своем виде и любой форме, будь 
то общественная формация, фирма или предприятие, имеет две тенденции своего 
существования: функционирование и развитие. 
Функционирование  —  это  поддержание  жизнедеятельности,  сохранение 
функций,  определяющих  ее  целостность,  качественную  определенность, 
сущностные характеристики. 
Развитие  —  это  приобретение  нового  качества,  укрепляющего 
жизнедеятельность в условиях изменяющейся среды. 
Кризис  —  это  крайнее  обострение  противоречий  в  социально-
экономической  системе  (организации),  угрожающее  ее  жизнестойкости  в 
окружающей среде. 
Причины  кризиса  могут  быть  различными.  Они  делятся  на  объективные, 
связанные  с  циклическими  потребностями  модернизации  и  реструктуризации,  и 
субъективные,  отражающие  ошибки  и  волюнтаризм  в  управлении,  а  также 
природные, характеризующие явления климата, землетрясения и др. 
Причины кризиса могут быть внешними и внутренними. Первые  связаны с 
тенденциями  и  стратегией  макроэкономического  развития  или  даже  развития 
мировой экономики, конкуренцией, политической ситуацией в стране, вторые  — 
с рискованной стратегией маркетинга, внутренними конфликтами, недостатками в 
организации  производства,  несовершенством  управления,  инновационной  и 
инвестиционной политикой. 
Если  понимать  кризис  таким  образом,  можно  констатировать  то 
обстоятельство,  что  опасность  кризиса  существует  всегда  и  его  необходимо 
предвидеть и прогнозировать. 
Последствия  кризиса  могут  вести  к  резким  изменениям  или  мягкому 
продолжительному и последовательному выходу, и послекризисные изменения в 
развитии организации бывают долгосрочными и краткосрочными, качественными 
и количественными, обратимыми и необратимыми. 
Разные  последствия  кризиса  определяются  не  только  его  характером,  но  и 
антикризисным управлением, которое может или смягчать кризис или обострять 
его.  Возможности  управления  в  этом  отношении  зависят  от  цели, 
профессионализма,  искусства  управления,  характера  мотивации,  понимания 
причин и последствий, ответственности 
Кризис  —  объективное  явление  в  социально-экономической  системе.  Это 
представление согласуется с пониманием того, что в основе функционирования и 
развития  социально-экономической  системы  лежит  управляемая  деятельность 
человека.  Желание  эффективно  управлять  ею  может  выражаться  в  стремлении 
расширять сферу  управления, т. е. снижать долю неуправляемых процессов. И в 
определенной  мере  это  удается.  Можно  предположить,  что  в  будущем  человек 
вообще  исключит  кризисы  из  развития  социально-экономических  систем,  а 
нынешние  кризисы  характеризуют  лишь  уровень  развития  человека,  недостаток 
знаний, несовершенство управления. 
Такое  предположение  выглядит  логичным.  Но  вся  практика  развития 
общества  и  экономики  во  все  периоды  истории  свидетельствует  об  обратном. 
Несмотря  на  «человеческую  природу»  кризисов,  избежать  их  не  удается.  Более 
того,  во  многих  случаях  именно  человеческая  природа  кризиса  является  его 
причиной и источником. 
Вся  деятельность  человека  построена  на  удовлетворении  его  интересов, 
которые изменяются неравномерно и непропорционально. Интересы находятся в 
постоянном противоречии даже у отдельного человека, а тем более у социальных 
групп  или  классов  общества.  Противоречия  интересов  и  объективная 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
197 
неравномерность  их  изменения  определяют  как  возможность  кризисов,  так  и  их 
необходимость.  Именно  это  лежит  в  основе  всех  кризисов  в  социально-
экономической  системе,  даже  кризисов,  связанных  в  природными  условиями. 
Нередки  случаи  использования  природных  катаклизмов  в  политических  целях, 
перерастания их в кризисы политические и социально-экономические. 
Абсолютное  управление динамикой и взаимодействием интересов человека 
невозможно,  потому  что  в  системе  его  интересов  есть  и  интерес  свободы, 
демократичности  управления,  самостоятельности  и  самодеятельности.  Именно  к 
этим интересам «привязаны» и многие другие, именно на этих интересах строится 
эффективное управление. 
По  мере  развития  социально-экономической  системы  наблюдается 
повышение  роли  человеческого  фактора  в  антикризисном  ее  развитии,  которое 
означает  не  исключение  кризиса,  не  борьбу  с  ним,  а  предвидение  и  уверенное, 
своевременное и, по возможности, безболезненное его разрешение. 
Антикризисное  развитие  —  это  не  абсолютное  отсутствие  кризиса;  а 
наличие  таких  кризисов,  которые  являются  импульсом  успешного,  с  позиций 
интересов  человека,  развития.  Цель  и  интересы  может  иметь  только  человек. 
Именно  они  являются  основой  распознавания  кризисов  и  управления  их 
преодолением. 
Термин  «кадровая политика» в  управленческой литературе  употребляется в 
различных  контекстах.  Одни  рассматривают  кадровую  политику  как  составную 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет