Әок 371. 3 Тiгiн машинасының инесi және оның классификациясы



Pdf көрінісі
бет24/27
Дата03.03.2017
өлшемі2,59 Mb.
#5903
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

 
1 Кесте. Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызмет түрлері бойынша 
ӛнеркәсіп ӛндірісінің құрылымы * 
(пайызбен) 
№ 
р/с 
САЛАЛАР 
ЖЫЛДАР 
2003 
2004 
2005 
2006 
 Ӛнеркәсіп - барлығы 
100 
100 
100 
100 
 
оның ішінде: 
 
 
 
 
1. 
Кен ӛндіру ӛнекәсібі 
48,4 
53,4 
59,4 
57,8 
 
оның ішінде: 

 
отын-энергетикалық пайдалы 
қазбаларды ӛндіру 
 
44,1 
 
48,6 
 
54,9 
 
53,6 
2. 
Ӛңдеу ӛнеркәсібі 
42,9 
39,7 
35,2 
37,0 
оның ішінде: 
 
 
 
 
 

 
темекі мен тамақ ӛнімдерін ӛндіру, 
сусындарды қоса 
 
11,8 
 
10,5 
 
8,8 
 
8,0 

 
тоқыма және тігін ӛнеркәсібі 
1,3 
1,0 
0,8 
0,6 

 
кокс мұнай ӛнімдерін және ядролық 
материалдарды ӛндіру 
4,4 
3,5 
3,2 
2,8 

 
металлургия ӛнеркәсібі 
16,2 
15,5 
13,0 
15,4 

 
машина жасау 
3,3 
3,3 
3,4 
3,5 

 
машина мен жабдықтар ӛңдіру  
1,2 
1,2 
1,1 
1,0 
3. 
Электр энергиясын, газ бен су ӛндіру 
және бӛлу 
8,7 
6,9 
5,3 
5,3 
_______________ 
2003-2006 жылдардағы Қазақстан және оның өңірлерінің өнеркәсібі.   
  Статистикалық жинақ/Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
212 
 
Маркетингтік  зерттеуді  ұйымдастыру  кезінде  оның  екі  түрі  бар  екенін 
ескеру қажет: 

 
кабинеттік  зерттеулер  –  ол  қосымша  ақпараттарды  жинау,  ӛңдеу,  талдау. 
Қосымша зерттеу қолда бар ақпараттарға байланысты зерттеледі

 
далалық  зерттеулер  –  ол  нақты  рынок  бойынша  алғашқы  ақпараттарды 
жинау, ӛңдеу, талдау. 
Рыноктық  білім  беру  жүйесін  қосымша  ақпараттар  негізінде  кабинеттік 
зерттеулер, Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру рыногының 
жағдайын бағалауға біраз мүмкіншіліктер туғызды. 
2006-2007  оқу  жылдары  республикада  768,4  мың  адам  оқитын  176  жоғары 
оқу  орны  жұмыс  істеді.  2007-2008  оқу  жылының  басындағы  ҚР  БҒМ-нің 
жүргізген жоғары оқу орындарын оптимальдау қорытындысы бойынша 717 мың 
адам оқитын 140 жоғары оқу орны анықталды. 
Жоғары оқу орнына қабылдау құрылымының ӛзгерісі бағадарламалы түрде 
оқытуға  студенттердің  санына  елеулі  әсерін  тигізді.  2007  жылы  жалпы  білім 
алушылардың 13,8% жоғары арнайы білім алуды, 84,9%  - жоғары базалық  білім 
(бакалавриат)  алуды,  ал  1,3%    -  жоғары  ғылыми-педагогикалық  білім 
(магистратура)  алуды  жалғастырды.  2006-2007  оқу  жылында  50,4%    студенттер 
күндізгі, 47,3%  - сырттай және 0,3%  - кешкі оқу нысандарында оқыды.  
Мемлекеттік  жоғары  оқу  орындарында  жалпы  студенттер  контингентінің 
54%  оқыды. Барлық білім алушы студенттер санының ішінде құрады: 

 
17,4% - мемлекеттік білім грантын; 

 
1,4% - жеке мемлекеттік білім беру тапсырысын; 

 
81,2%  - ақылы түрде оқытуды. 
2007  жылы  педагогикалық  мамандықтарға  бӛлінген  гранттың  саны  9050 
болды, оның 1000 сырттай нысанда оқытуға.  
ҚР БҒМ-нің мәліметтеріне қарағанда 254 оқытушы бастауыш кәсіптік білім 
беру  ұжымдарында  жетіспейді,  ӛндірістік  оқыту  мастерлері  206  адамды,  ал 
инженерлік-педагогикалық кадрлар 460-ты құрайды.  
Орта кәсіптік білім беру  ұжымдарында бос орынның (вакансия) үлесі  2007 
жылы 1,5%-ға ӛсті. 
Жоғары  оқу  орындары  ғылыми  дәрежісі  және  атағы  бар  профессор-
оқытушылар құрамымен толық қамтамасыз етілмеген. Мемлекеттің тапсырысына 
(заказ)  байланысты  жоғарғы  оқу  орнын  бітірушілердің  3%    ғана  магистратурада 
жоғары  ғылыми-педагогикалық  білім  алуды  жалғастырады.  Бастауыш  кәсіптік 
білім беру жүйесі нақты ӛндіріс талабына сәйкес келмей отыр. Орта кәсіптік білім 
беру  деңгейіндегі  мамандар  даярлау  гуманитарлық  мамандықтардан  артық,  ал 
техникалықтан жетіспеушілік болып отыр.  
2007  жылы  магистратура  даярлау  саласы  бойынша  студенттердің  үлесі 
әлеуметтік ғылым және бизнестен 39% ӛсіп отыр, ал білім беру саласы бойынша 
15,4% құрайды. 
Қазақстанның  2015  жылға  дейінгі  индустриальды-инновациялық  даму 
стратегиясында  елімізді  әлемдік  ғылыми-техникалық  және  инновациялық 
үрдістерге  кіргізу,  еңбек  ӛнімділігін  арттыру,  ғылымсиымдылығы  және  жоғары 
технологиялық  ӛндірісті  құру  қарастырылған.  Бұл  мәселені  шешу  тек  қана 
ғылыми-техникалық  және  жоғары  квалификациялы  мамандар  потенциалына 
байланысты.  Ұлттық  ғылыми-техникалық  ақпарат  орталығының  мәліметтеріне 
қарағанда  жыл  сайын  150-200  ғылым  докторлары  және  1200-1300  ғылым 
кандидаттары қорғайды. Осылардың ішінде 55,4 пайыз ғылым кандидаттары және 
17,7  пайыз  ғылым  докторлары  қорғаған  соң  ғылым  саласында  қызмет  істемейді 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
213 
(3). Оның басты себебі ғылыми сферада еңбекақының тӛмендігі.  Жалпы алғанда  
жоғары квалификациялы мамандарды қанша даярлау керек, ол шешілмеген және 
актуальды мәселе. Оны шешудің жолдарына келесілерді жатқызуға болады: 

 
еліміз  бойынша  жоғары  квалификациялы  мамандар  сұранысына  мониторинг, 
талдау және болжау жүйесін жоғары деңгейде және икемді түрде жасау қажет; 

 
жоғары квалификациялы мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырыс керек; 

 
экономиканың  қолда  бар  және  келешек  мамандарына  сұраныстарына 
корреляция (ӛзара байланыс) жүргізу қажет. 
Мысалы Қазақстанда 2005 жылы 1398 диссертация қорғалған, оның ішінде 
206 докторлық және 1192 кандидаттық диссертация. Оның ішінде гуманитарлық 
ғылымнан  қорғалған  диссертациялар  50  пайызды,  ал  техникалық  және 
қолданбалы  ғылымнан  34,1  пайызды  құрады.  Соңғы  жылдары  ғылыми 
кадрлардың  ―қартаю‖  процесі  жалғасуда,  2002  жылы  докторлық  диссертация 
қорғаған ізденушілердің орта жасы 51-60 құрайды. 
Алғашқы  ақпаратты  жинау  негізінде  маркетингтік  зерттеу  сұрақ  жүргізу 
арқылы  орындалады.  Мамандықтарға  қажеттілікті  анықтау  кезінде  сұрақ  әдісі 
кәсіптер  (профессия)  мен  мамандықтарға  сұраныс  мониторингін  тұрақты  түрде 
ұйымдастыруға  потенциалды  түрде  мүмкіншілік  береді.  Бұл  әдіс  максимальды 
түрде  ӛңірлердегі  бар  мамандықтарға  кадрлар  даярлау  сұранысын  аумақтық-
салалық  байланыстыруға  жағдай  жасайды.  Сұрақ  әдісін  тиімді  түрде  қолдану 
анкеталарды сапалы толтыруға және дұрыс таңдауға байланысты. 
Біздің ойымызша білім беру қызметі рыногында жоғарғы оқу орындарының 
жұмыстарын жүргізу үшін маркетингтік шаралар негізі ретінде жыл сайын сол 
жоғары  оқу  орнына  түскен  талапкерлкерлерден  жүйелі  түрде  сұрақ  жүргізілуі 
қажет.  Бұл  мониторингтің  мақсаты  ӛзінің  білім  беру  қызметін  алға  жылжыту 
мақсатында  университеттің  жарнама  компаниялары  бойынша  ақпараттық, 
бұқаралық  қызметтің  жұмысының  тиімділігін  анықтау.  Мұндай  зерттеулер 
коммуникациялық каналдардың жұмысының нәтижесінің динамикасын кӛрсетеді: 
кӛрме, ашық есік күні, мектеп, жолдастар, осы жоғары оқу орнын бітірушілер.  
Соңғы біраз жылдар бойы «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығында 
«Білім  және  карьера»  кӛрмесі  үйымдастырылады.  Бұл  жерде  кӛрмеге 
қатысушылардан  сұрақ  әдісі  бойынша  ақпараттық  жинастырулар  мен  талдаулар 
жүргізіледі.  Бұл  зерттеудің  қорытындысы  жоғары  оқу  орнының  рейтингісін 
бірден  анықтауға  мүмкіншілік  береді.  Осы  жағдайға  байланысты  әрбір  жоғары 
оқу орнында маркетинг менеджері болу қажет.  
Коммуникациялық  каналдың  негізін  қалауша  –  баға.  Баға,  сұраныс, 
бәсекелестік,  шығындар  арқылы  университеттің  білім  беру  қызметінің  бағасына 
маңызды  түзетулер  еңгізуге  болады.  Мысалы  Қазақ  қыздар  мемлекеттік 
педагогикалық  университетінің  жылдық  ақылы  оқытуға  тӛлемақысы  95  пайзға 
дейін  ауыл  қыздарын  оқытуына  байланысты  барлық  жоғарғы  оқу  орнына 
қарағанда тӛмен, сондықтан осы кӛрсеткіштің ӛзін пайдаланып, сапалы білім беру 
арқылы жыл сайынғы қабылданатын студенттер санының контингентін кӛбейтуге 
болады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Назарбаев  Н.А.  Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан.  ―Қазақстан  –  2030‖ 
стратегиясы  Қазақстан  дамуының  жаңа  кезеңінде:  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің  Қазақстан  халқына  жолдауы.  2007  жылғы  28  ақпан.  Алматы  – 
2007.  
2.
 
Кембаев  Б.А.,  Ордабаева  С.И.  Динамика  научно-технического  потенциала 
Республики  Казахстан  за  2000-2004  гг.:  Аналит.  Обзор.  –  Алматы: 
КазГосИНТИ, 2005. – 42 с. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
214 
3.
 
Состояние  и  тенденции  развития  научно-технического  потенциала  в 
Республике Казахстан (по материалам госрегистрации НИОКР и защищенных 
диссертаций  в  2002  г.):  Аналитический  доклад  КазГосИНТИ.  –  Алматы.  – 
2003. – 27 с.     
4.
 
Гуртов В.А. Моделирование потребностей экономики региона в выпускниках 
системы  высшего  профессионального  образования.  /  В.А.  Гуров,  А.Г. 
Мезенцев, Е.А. Питухин // Регионология. 2003. №1-2. с.262-267. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Бұл  статьяның  ерекшелігі  Қазақстан  Республикасы  жеке  мемлекет  болып, 
ӛтпелі  кезеңдегі  рыноктық  жағдайға  кӛшкеніне  байланысты  барлық  әлеуметтік-
экономика  саласын  мамандармен  қалай  қамтамасыз  ету  туралы  маркетингтік 
зерттеулерді  ұйымдастыру  мәселесі  кӛтеріледі.  Барлық  математикалық 
қолданыстағы  әдістердің  ерекшелігіне  авторлар  тоқтала  келе  экономика-
математикалық әдістердің тиімді екенін ерекше атап ӛтеді. 
 
РЕЗЮМЕ 
Особенностью  статьи  является  вопрос  организации  маркетинговых 
исследований обеспеченности всех сфер социальной экономики специалистами в 
условиях  перехода  на  рыночные  отношения  Республики  Казахстан.  Авторы 
изучая  все  особенности  математических  методов  в  применении  подчеркивают 
эффективность экономико-математических методов. 
 
 
 
796.522(с55) 
З-50 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ 
ЖАҒДАЙЫ 
 
Зиявдинова А.К.- оқытушы, Ботаева А.Т.- оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Бүкіл 
әлемдегі 
экологиялық 
жағдайдың 
күрт 
ӛзгерісі 
әлемдік 
шаруашлықтың  экологиялық  қауіпсіз  салаларын  дамыту,  табиғат  ресурстарын 
пайдаланудың  альтернативті  жолдарын  іздеу  мәселелерін  қозғады.  Осыған 
байланысты 1992 жылы жазда Рио-де-Жанейрода БҰҰ-ң  қоршаған орта және оны 
дамыту  бойынша  Конференциясы  болып,  онда  маңызды  құжаттар  қабылданып, 
халықаралық 
келісімдер 
бекітілді. 
Қазақстан 
Рио-де-Жанейродағы 
Конференцияның қорытынды құжаттарына қосылып, елді дамыту жолына түсті. 
«Экотуризм»  термині  тұрақты  даму  терминімен  бір  уақытта  пайда  болды. 
Экологиялық  туризм  әдемі  ландшафтарға,  олардың  жабайы  ӛсімдіктер  мен 
аңдарына, сол жердің мәдени этнографиялық ерекшеліктеріне сүйсіну мақсатында 
адамның  шаруашылық  қызметінің  қолы  тимеген  әрі  ласталмаған  табиғи 
аудандарына  саяхат  жасауды  білдіреді.  Сонымен  қатар,  ол  экологиялық 
жүйелердің  тұтастығын  бұзбай,  жергілікті  тұрғындар  үшін  табиғатты  қорғау 
пайдалы болатындай экономикалық жағдайларды туындатады. 
Осылайша, экологиялық туризм қоршаған ортаның табиғи түйінді сақтауын, 
жергілікті  тұрғындардың  мүдделерін  қанағаттандыра  отырып,  белгілі  бір  пайда 
әкелуін кӛздейді.   
Экотуризмнің  ажырамас  сипаттамасы  болып  экологиялық  білім  беру 
табылады. Ол екі аспектіні қамтиды: 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
215 
1)  ақпараттық  -  экологиялық  заңдылықтар,    аймақтық  мәдениет  пен   
табиғат, т.б. туралы білім алу; 
2)   этикалық - экологиялық менталитетті қалыптастыру - табиғат пен 
дәстүрлі  мәдениетті  түсіну  және  құрметтеу,  оларды  сақтау    қажеттілігін 
түсіну. 
Кӛптеген  ғасырлар  бойы  Қазақстанның  экожүйесіне  адам  қолы  тимеген. 
Бірақ  XX  ғасыр  табиғатты  қорғаудың  талаптарын  сақтамай,  республиканың 
табиғи  байлығын  игеру  қарқынды  жүрді,  бұл  ӛз  кезінде  ел  территориясындағы 
экологиялық  жағдайдың  шиеленісе  түсуіне,  жануарлар  мен  ӛсімдіктер  әлемінің 
күрт  нашарлауына  әкелді.  Қысқа  уақыттың  ішінді  Қазақстан  территориясын 
мекендеген  Пржевальскийдің  аты,  құрал  және  тұран  жолбарысы  толығымен 
жойылды. Бүгінгі күні қар барысы, гепард, дудақтарға жойылу қаупі тӛніп түр.  
Сандық  экономикалық  және  ӛндірістік  кӛрсеткіштерге  жету  барысында 
экожүйелердің  тұрақтылығын  ескермеу  халықтық    экологиялық  санасының 
тӛмендігі,  қоршаған  орта  туралы  ақпарат  пен  білімнің  жетіспеуі  республика 
территориясындағы  экологиялық  теңсіздіктің  бұзылуына  әкеледі.  Бүгінгі  күні 
экологиялық  орта  кез  келген  әсерге  сезімтал.  Қазақстанның  табиғи  ортасының 
қазіргі жағдайы дабыл қағып, табиғат пайдалану қағидаларына түбірлі ӛзгерістер 
енгізуді  талап  етеді.    Табиғи  экожүйелерді  қалпына  келтіру  және  экологиялық 
катастрофаны  болдырмау  үшін,  еліміздің  экономикасының  қажеттіліктері  мен 
табиғатты қорғау арасындағы оңтайлы баланс стратегиясын әзірлеу арқылы елдің 
экономикалық және әлеуметтік даму курсына түзету енгізу қажет. 
Тиімді  сыртқы  экологиялық  саясатты  қолдануда  батыс  сарапшыларының 
жорамалдарын  ескеру  қажет:  «Батыс  елінің  үкіметтері  экологиялық  бағыттағы 
ӛнеркәсіпті  стратегиялық  салалар  қатарына  қосады,  себебі  ол  әлемдік 
ӛнеркәсіптік  саясаттағы  ӛзгерістер  типтерін және  бағыттарын  анықтайды»  /2;59-
88/. 
Қазақстан  Республикасының  қоршаған  ортаны  қорғау  және  табиғат 
ресурстары  Минстрлігі  тұсындағы  экологиялық  саясатты  жүргізу  үшін  арнайы 
құрылым - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жоспар бойынша жұмыс 
істейтін  Қазақстан  Республикасының  тұрақты  дамуының  экологиялық  орталығы 
қызмет  етеді.  Орталық  міндеттеріне  жатады:  проблемаларды  талдау, 
басымдықтарды кӛрсету, әлеуметтік маңызды әрі тиімді экологиялық жобаларды 
әзірлеу және енгізу. 
Қазақстан  Республикасының тұрақты дамуы үшін қоршаған ортаны қорғау 
жӛніндегі  ұлттық  жоспарды  әзірлеу  үрдісіне  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясы,  басқа  да  заңдар,  БҰҰ  -ның  қоршаған  орта  және  даму  бойынша 
қабылданған  декларациясының  қағидалары  (1992  жылы  Рио-де-жанейро, 
«Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Назарбаевтің  «Қазақстан  -  2030» 
жолдауы  негізінде  «Экология  және  табиғат-2030»  ұзақ  мерзімді    стратегиясы  
әзірленді).    
Ұзақ  мерзімді  экологиялық  стратегияның  негізгі  мақсаттары  -  қоғам  мен 
қоршаған  орта  арасындағы  ӛзара  қатынасының  үйлесіне  қол  жеткізу  және 
тіршіліктің экологиялық қолайлы ортасын қалыптастыру. 
Экономикалық  кӛзқарас  тұрғысынан,  экологиялық  туризм  экологиялық 
маршруттарға  орналасқан  тұрғылықты  жерлердің  инфрақұрылымының  дамуына 
себепші  болады.  Сонымен  қатар,  тұрғылықты  жерлер  туристер  немесе  туристер 
тобын қауіпсіздікпен, әртүрлі тұтыну және азық - түлік тауарларымен қамтамасыз 
ете отырып, ӛз үйлерін туристерге жалға бере отырып экотуризмнен елеулі табыс 
табады. Экологиялық туризм экономикалық қызметтің бір түрі болып табылады, 
себебі  ол  шетелдік  туристердің  елге  белгілі  бір  кӛлемде  шетелдік  валюта  әкелуі 
есебінен мемлекетке үлкен табыс әкеледі. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
216 
Нәтижесінде,  экологиялық  туризм  қоршаған  ортаның  табиғи  күйінде 
сақталуын  қамтамасыз  ету  мақсатында  адамдардың  саналары  мен  дағдыларын 
зерттеп,  оларды  табиғатты  аялауға  тәрбиелейді.  Дегенмен,  экотуризм  табиғи 
ортаның сақталуына себепші болуы үшін,  жергілікті түрғындар мен жетекшілер 
экологиялық  туризмнің  объектісі  ретінде  территорияның  табиғи  ресурстарын 
эксплутациялаудан  алатын  табысын  территорияның  табиғатын  сақтаумен 
байланыстыру  керек.  Бұл  табыс  табиғатты  қорғауды  ынталандыру  мақсатында 
дұрыс бӛлініп
 
 пайдаланылуы керек. Егер табыс дұрыс бӛлінбесе, бұл қорғалатын 
жердің  ресурын  рационалды  пайдалануды  халық  үшін  ынталандыру  болып 
табылмайды.  
 Осыншама  экологиялық  туризм  және  онымен  байланысты  қызмет  табиғи 
ортаның жағдайына тікелей тәуелді болады /7; 30-35/. 
Экологиялық  туризмді  дамыту  бос  уақытты  пайдалану,  салауатты  ӛмір 
салтын  бірге  енгізу  үшін  жағдай  жасау  және  насихаттау  проблемаларына  деген 
жүйелік тәсілден маңызын анықтайды.  
Қазіргі  қоғамның  тенденциялары  болашақтағы  экологиялық  туризмнің 
дамуына әсер етеді. 
Біріншіден,  қоғамдық  ӛндіріс  болашақта  да  дами  түседі,  бұл  ӛз  кезегінде 
интеллектуалды, жүйке - психологиялық ауыртпалықтарды тудырады. 
Екіншіден,  табиғи  ресурстарды  ӛндіріске  тарту  табиғи  ортаның  одан  әрі 
деградациялануына  әкеледі.  Бұл  жағдайда  табиғи  экожүйелерді  ӛндірістік  және 
ауылшаруашылық  пайдаланудан  алу  құралы  ретінде  экологиялық  туризмнің 
маңызын арттыра түседі. 
Үшіншіден,  қазіргі  адамның  ӛмірі  ғылыми  -  техникалық  жетістіктермен 
күрделенген.  Сол  себепті  ӛмір  салтын    жеңілдетіп,  қоғамдық  құндылықтарды 
ӛзгерту керек. 
Туризмді  дамыту  және  табиғи  ортаны  пайдалану  проблемасы  туристік 
мақсаттар үшін үнемі ӛзекті болады.  
Сондықтан құқықытық органдар алдында осы территорияларды туристердің 
жоюшы әсерінен қорғау мәселесі тұр. 
1997  жылы  наурызда  Берлинде  қоршаған  орта  мәселесі  бойынша 
министрлердің  халықаралық  конференциясы  ӛтті,  оған  Еуропа,  Америка,  Азия, 
Африка  мемелекеттерінің  ӛкілдері  қатысты.  Кездесу  барысында  экотуризмді 
дамыту  және  биологиялық  түрлерді  сақтау  саласындағы  саясат  әзірленетін 
қағидалар  қарастырылды.  Конференция  барлық  елдерде  тұрақты  туризмнің 
кеңейуі мен дамуына кӛңіл бӛлетін Декларацияны қабылдаумен аяқталды. 
Соңғы  уақытта  Қазақстан  биологиялық  және  ландшафтық  түрлерді  сақтау 
саласындағы халықаралық конференцияларды мемелекеттік деңгейде бекітті. Бұл 
құжаттардың  мәні:  адамның  шаруашылық  қызметінің  кез  келген  мәселелері 
экологиялық  талаптарға  сәйкес  шешілуі  керек.  Себебі  Жердің  биологиялық 
ресурстары  адамның  экономикалық  және  әлеуметтік  дамуы  үшін  ӛмірлік 
маңызды. 
Республиканың  табиғи  жағдайының  түрлілігі  ӛсімдіктер  мен  жануарлар 
әлемінің    байлығы  кӛрсетеді.  Жануарлар    мен  ӛсімдіктердің  кӛптеген  түрлері 
ӛзінің  сиректігіне,  құндылығына  байланысты  қызыл  кітапқа  енгізілген.  Қызыл 
кітапқа сүтқоректілердің 25%, құстардың 11,4%, бауырымен жорғалаушылардың 
20,4%, балықтардың 15,4% енгізілген. 
Экожүйелердің эталонды және қайталанбас учаскілерін, флора мен 
фаунаның сирек түрлерін сақтау үшін, қорғалатын табиғи территориялар негізінде 
экологиялық туризмді дамыту жағдайларын қалыптастыру үшін ұйымдар арнайы 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
217 
жобалар әзірлейді. Осындай жобалардың бірі  «Экотуризмді дамыту және ерекше 
қорғаудағы табиғи территориялардың желілерін дамыту». 
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау 
Министірлігінің  жұмыс  жоспары  «Алтын  емел»  табиғи  паркіндегі  арнайы 
жабдықталған:  экотуристік  маршруттардың  экологиялық  туризм  жүйесін  құру, 
ландшафттардың сапасын жақсарту қарастырылады. 
Бірқатар  авторлар  (ВОО,  Kusler  )  экологиялық  туризмді  биологиялық 
ресурстардың  сақталуын  қамтамасыз  ететін  потенциалды  құрал  деп  есептеуді 
ұсынады.        
Экологиялық  туризм  табиғатты  сақтаудан  пайда-  табудың  маңызды  кӛзі 
болып табылады: 
-    табиғатты  пайдаланғаны  үшін  тӛлем,  транспортпен  тұрған  жері  үшін,  аң 
аулау және т:б үшін тӛлемдер; 
-    тамақтану,  баспана,  транспорт,  гид  түрлерінде  ұсынған  қызметтер  үшін 
физикалық тұлғалардың жалақы тӛлемі; 
-   берілген территорияға келген туристерге    ӛткізілген ӛнімнен түсетін 
пайыз;            
-   тауарлар мен қызметтерге салық салу. 
 Шетелдік   табиғи   парктердің   тәжірибесі   кӛрсеткендей,   парктің 
зонасына  кіру  үшін  тӛленетін  тӛлем  ӛте  тӛмен,  яғни  парктің  есігі 
адамдардың 
барлық категориялары үшін ашық.  
Біздің  елдерде  қаржылық  проблемаларға  сәйкес,  отандық  және  шетелдік 
туристер үшін дифференциалданған кіру тӛлемін енгізу қарастырылған. 
Экотуризмді  дамыту  мәселесімен  айналысатын  мекемелер  экологиялық 
маршруттарды  құру  жобаларын  әзірлеп,  Қазақстанның  ұлттық  парктері  мен 
қорықтарында  экотуризмді  ұйымдастыру  мүмкіндіктеріне  қатысты  жұмыстарды 
орындайды.  Мысалы,  экологиялық  орталық  «ООПТ-дағы  экологиялық  туризмді 
дамытуды  ақпаратпен  қамтамасыз  ету»,  «ООПТ  желісін  дамыту»  қайталанбас 
табиғи  объектілерін  әлемдік  мәдени  және  табиғи  мұралар  тізіміне  енгізу  үшін 
ұлттық  кадастрды  құру;  «Жетісудің  туристік  рекреациялық  ресурстарыньщ 
картасын»  әзірледі.  Осы  аталған  жұмыстар  қорғалатын  табиғи  территорияларда 
экологиялық туризмді дамытуды кӛздейді. 
Бірақ  Қазақстандағы  экологиялық  туризмнің  дамуы  әлі  бастапқы  кезеңде, 
оның  себептері  әлеуметтік  -  экономикалық  қиындықтармен  материалды 
техникалық құралдарының жетіспеуінде. 
Экологиялық  туризм  экономикалық  дамумен  табиғи  территорияларды 
сақтау  арасындағы  байланыстың  потенциалды  айқындығын  кӛрсететін 
салалардың  бірі.  Экологиялық  туризм  түскен  пайданың  бір  бӛлігін  жұмсай 
отырып,  ӛз  обьектілерін  жақсы  жағдайда  ұстайды,  ал  обьектілер  ӛз  кезегінде 
туризмнің  табысын  арттыра  түседі.  Мұндай  экономикалық  байланыс  сенімді 
қоршаған ортаны қамтамасыз етеді. Экологиялық туризм адамға қажеттінің бәрін 
әкеледі:  таза  тіршілік  ортасын,  табиғаттың  құбылыстарымен  тығыз  қатынасты, 
табиғатта демалу, емделу.  
Бүгінде  туризм  табиғи  кешендердің  теңдігін  қамтамасыз  ететін  табиғи 
түрлердің  дамуына  кӛбірек  бағытталады.  Қазіргі  туризмнің  осындай  түрлерінің 
бірі- Тұрақты даму тұжырымына сәйкес табиғи ортаға деген зиянды азайту. 
Экологиялық  туризм  табиғаттың  сақталуы  мен  оның  сақталуына  мүдделі 
тұрғындардың  тұрмыс  халінің  жақсаруына  ӛз  үлесін  қосад.  Егер  экотуризмге 
қажетті  кӛңіл  бӛлінбесе,  онда  экологиялық  және  эстетикалық  кӛзқарас 
тұрғысынан  кӛптеген  құнды  ресурыстар  келе  жатқан  экологиялық  дағдарыс 
нәтижесінде мәңгіліке жойылуы мүмкін. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
218 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Туристік-  экскурсиялық  және  туристерге  орналастыру  қызметін  кӛрсету 
жӛніндегі  қызметтерді  сертификаттаудың  тәртібі:  Ресми  басылым.  –  Астана: 
2002 
2.
 
Мусин.  К.Н  Международный  туризм:  современная  тенденция  в  мире  и 
Казахстане , Алматы, 1998   
3.
 
Чеботарев В.М. Туристический бизнес, Москва: Мир деловой книги 2002  
4.
 
Шабельникова С.А. Оценка рекреационных ресурсов РК. Алматы 2000  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  Қазақстанда  экологиялық  туризмнің  даму  бағытын  анықтап, 
келешекте үлкен табыс кӛзіне айналдыру мәселелері қарастырылған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет