РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается экономическое содержание и цели его
объективная необходимость и основные принципы организации налоговых
проверок в РК.
ӘОК 341.29
Д86
НЕКЕГЕ ТҰРУ ШАРТТАРЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН
САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
Дүйсенова Л.М. – оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Некеге тұрудың материалдық талаптары бірнеше оқулықтарда белгіленген.
Неке – халықаралық жеке құқықтың ежелгі институттарының бірі.
Ш.Монтаскьенің бір мемлекеттің заңы басқа мемлекеттің заңымен сєйкес келуі
сирек дегенін еске түсіруге болады. Қазіргі кезде неке-отбасы құрып, араларында
ӛзара, жеке, мүліктік құқықтар мен міндеттер туғызатын, заңда белгіленген
талаптар мен тәртіпті сақтай отырып ер адам мен әйел адамның тең құқылы еркін,
ӛмір бойғы одағы болып саналады. Ал Марокко Королдығының 1957 ж ―Жеке
жєне мұрагерлік құқықтар туралы‖ Кодексінде неке-бұл әйел мен ер адам ұзақ та
бірлесіп жұбайлық ӛмір сұру мақсатында бірігетін заңды міндеттеме деп
кӛрсетіледі.
Қазіргі күні бұл институт әр қоғамға тән тарихи, экономикалық,
этнографиялық, мәдени, діни басқа да ерекшеліктерге тән.
Кµптеген елдердің отбасы құқығы ер адамдардың басқаруын бекітеді. Тіпті
кейбір елдердің заңдарында некеге тұрғанға дейінгі жасалатын ер адамның
єйелінің мүлкіне қатысты құқығы кездесетін неке шарты белгіленген.
Кӛп жағдайда материалдық құқықтық нормалар елдің ішкі заңында
анықталады. Кӛбінесе, некені жарамды деп тану үшін жұбайлардың мемлекетінде
заңды талаптарын белгілейтін заңды таңдауға тіреледі. Мұны шешу үшін арнайы
коллизиялық байламдар бар.
Алдымен-жеке заң. Әр елде әртұрлі қолданылады.
Азаматтық заңы- Испания, Италия, Германия, Австрия, Греция, Бельгия,
Египетте қолданылады. Мекен-жайының заңы- Австралия, Жаңа Зеландия,
Ұлыбританияда қолданылады. Ӛз еңбегінде Раапе Л.Домицилия қағидасы
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
98
азаматтық қағидасына ӛте жақын екендігін айтады. Сонымен бірге домицилия
заңы мен азаматтық заңы бірігіп кететін байламның аралас нысаны жеке
кµрсетіледі. Мұндай аралас нысан Болгария, Францияда қолданылады.
Неке құқықтық кӛзқараспен қарағанда шарттың бір түрі, яғни азаматтық
құқықтық мәміле ретінде түсіндіріледі. Бірақ бұл кєдімгі шарт емес, ерекше
түрдегі шарт. Онда тараптар ӛз еріктерімен оның салдарын анықтай алмайды,
императивтік нормалармен бекітілген талаптарын µзгерте алмайды. Мұндай
шартты жасау- оны жасаған тұлғаларға жаңа заңды мєртебе тудырады. Неке
әлеуметтік әріптестік, єрі екі тұлғаның жеке мәртебесі ретінде тиісті
рєсімделгеннен кейін, белгілі талаптарға сай заңды деп танылады. Барлық
құқықтық жүйелер некеге тұруды шешу үшін тиісті талаптар белгілейді. Некені
заңды деп танитын алғышарттар неке нысанына қатысты, неке құқығына қатысты
талаптарға бӛлінеді. Неке нысаны талабы-некені рєсімдеу процедурасына
қойылатын талап. Материалдық талаптар- некенің жарамдығы туралы мєселені
байланыстыратын заң бар ма? Жоқ па? Соны анықтайды. Бірақ бұл єр елде
сєйкес келмейді. Мәселен: Англия құқығы бойынша кємелетке толмаған тұлғаның
некесіне ата-анасының келісімі неке нысанына жатса, континенталды құқық
бойынша аталмыш институт-материалдық талап элементі ретінде қарастырылады.
Ал АҚШ-та некеге рұқсат алу-процессуалды нысан ретінде қарастырылады.
Кӛптеген елдерде некеге тұру мәселелерін реттейтін нормалар негізінде
мұсылман мемлекетінің кӛбін қоспағанда, моногамия қағидасы жатыр.
Сондықтан некенің жарамдылығының материалдық талабы ретінде – болашақ
жұбайдың басқа некеде тұрмауы жатады. Франция Азаматтық Кодексінің 147
бабы алғашқы некені бұзбай екінші некеге тұруға болмайды деп кµрсетсе,
Германия, Швеция, Жапония Азаматтық Кодекстері де осындай ережені бекітеді.
Некеге тұрудың екінші материалдық алғы шарты – неке жасына жетуі
немесе неке єрекет қабілеттілігінің болуы. Неке жасы єр елде әр түрлі,
кейбіреулерде тӛмен болса, кейбіреулерінді жоғары, басқа елдерде кәмелетке
толмағанға ата-анасының келісімі талап етіледі. Италяның 1942 ж Азаматтық
Кодексі неке жасын ер адамға – 16 жас, ал єйелге – 14 жасты белгілесе, Англияда
єйел мен ер адамға 16 жас ата-анасының келісімімен, 18 жас ата-анасының
келісімінсіз. Жапонияда ер адам –18 жас, єйелге – 16 жас. Кємелетке толмағандар
некеге т±рса ‰шінші тулғаның келісімі керек. Қазақстан Республикасында некеге
т±ру ‰шін неке жасы еркектер мен єйелдер ‰шін – 18 жас. Дєлелді себептер
болғанда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу
органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге тµмендетуі м‰мкін.
Некеге т±рудың материалдық алғы шарты бірі ретінде – некеге
т±ратындардың арасында туыстық қатынастың болмауы жатады. Б±л ережені
кµптеген елдердің заңдары белгілеген. Біздің заңның 11 бабының 2-ші тармағына
сєйкес тікелей ата тегі бойынша жєне µзінен тарайтын жақын туыстардың, ата-
анасы бір жєне ата-анасы бµлек єкесі немесе анасы ортақ ағалы – інілер мен
апалы-сіңілілердің, 3-ші тармағына сєйкес асырап алушылар мен асырап
алғандардың арасында неке қиылуына жол берілмейді. Некеге т±рудың тағы бір
материалдық алғы шарты – болашақ ж±байлардың µзара келісмі. Франция
Азаматтық Кодексінің 46- бабы былай деген: ―Егер келісім болмаса, онда неке де
болмайды. Бізде некеге т±ру ‰шін єйел мен ер адамның µзара ерікті келісімі
қажет деп кµрсетілген. Неке қ±қық қабілеттілікке қатысты алғы шарттардың
арасында ж±байлардың жынысының єрт‰рлі болуы жатады. Некеге сипаттама
бергенде ― єйел мен ер адамның одағы‖ деп берілуінен кµрінеді. Бірақ қазіргі
кезде б±л алғы шартты айналып кететіндер бар. Мєселен, Голландияда бір
жынысты адамдардың неке қиюына р±қсат етіледі. ¤зара келісім Араб Шығысы
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
99
елдерінің кейбіреулерінде қолданылмайды. Иемен отбасы қ±қығы нормаларына
сєйкес к‰йеудің немесе қалыңдықтың келісімі міндетті емес жєне қамқоршысы
кємелетке толмаған Иемен азаматшасын к‰йеуге бергенде оның келісімінсіз
ж‰зеге асырылады. Кємелетке толмаған баланы 15- жасқа келгенде оның
қамқоршысы ‰йлендіре алады, єрі қалыңдықтың неке шарты қамқоршысымен
жасалады.
Материалдық алғы шарттардың бірі - кейбір елдердің қ±қығында белгілі –
―қазалы мерзім‖, яғни єйелге к‰йеуімен ажырасқаннан кейін немесе қайтыс
болғаннан кейін белгілі бір уақыт арасында к‰йеуге шығыуына болмайды.
Мысалы: Жапонияның Азаматтық Кодексінің 733- бабында келтірілген. Кейбір
елдерде белгілі аурудың болуы – некеге т±руға кедергі болып табылады. АҚШ-
тың кейбір штаттарында жан д‰ниесі ауыратын болса некеге т±руға кедергі
болып саналады. Неке нысанына қоятын алғы шарттарына қарай єлем
мемлекеттерін келесідей топтарға бµлуге болады:
1.
Мемлекеттік органдарда тіркелген некені танитын елдер. Мєселен:
Франция, Бельгия, Швейцария, Голландия.
2.
Азаматтық єрі шіркеулік некелерді танитын елдер, екеуін таңдау қ±қығы
бойынша. Б±ларға Англия, Бразилия, Норвегия, Швеция, Дания, Австралия
жатады.
3.
Шіркеулік нысандағы некені танитын елдер. Андорра, Кипр, Греция
4.
Ортақ қ±қық бойынша некелерде танитын елдер. АҚШ-тың кейбір
штаттары, Канада провинцияларының бірқатары.
Англияда некелік рєсім – арыз бергеннен кейін 48 сағаттан соң ж‰зеге
асырылады. Кµптеген басқа мемлекеттерде некені жариялау процедурасы етек
алады. Италияда жариялау церемонияға дейін 8 к‰н ішінде ж‰ргізілсе
Францияда – 10 к‰н ішінде. Франция заңы тек 10 к‰н мерзімді кµрсетумен ғана
шектелмей, неке қай жерде қиылатындығы некеге т±рушылардың аты-жµні,
т±рғылықты жері, мамандығы жарияланады. Франция Азаматтық Кодексінің 63-
бабында, Ресейде диспозитивтік норма ретінде белгіленген. Мєселен, Испания
Азаматтық Кодексінің 56-бабына сєйкес медициналық қорытынды міндетті.
Біздің заң бойынша некеге т±руға тілек білдіруші адамдарға медициналық,
сондай-ақ медициналық генетикалық мєселелер жєне денсаулық қорғау
мєселелері бойынша консультация беру мен тексеруді мамандандырылған
денсаулық сақтау мекемелері жєне некеге т±ратын адамдардың келісімімен ғана
ж‰ргізіледі. АҚШ-тың єрбір штатында некеге т±ру процедураларының µзінің
ережелері бар. Барлық штаттарға ортақ талап- некеге т±руға муниципалитет
шенеуніктен лицензия немесе р±қсат алу талабы белгіленген. Кµптеген штаттарда
некеге т±ру – судья, шенеунік, діни қызметші мен берілген лицензияның негізінде
ж‰ргізіледі. Кейбір штаттар тек діни т±лғалармен некені қидырады.
Сонымен қатар елдердің бірқатарында шетел азаматы мен некеге т±ру ‰шін
арнайы р±қсат талап етіледі. Мєселен, Венгрия, Индия, Ирак, Италия заңдары
бойынша осындай арнайы р±қсат қажет. Кємелетке толмағандардың некеге
т±руына ата-анасының келісімі, Францияда, Ресейде, Жапонияда материалдық
талап ретінде қарастырылса, Англияда – процессуалды аспект ретінде
қарастырылады.
Некеге тұру алғы шарттарының мәселесі – некеге тұратындар үшін,
толығымен қоғам үшін үлкен маңызға ие.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Неке жєне отбасы туралы ҚР Заңы 1998.
2.
Сабитова А.А. Брачно – семейные отношония Межгосударственный
аспект/Наука Казахстана 1999.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
100
3.
Ворожейкин Е.М. Прововые основы брака и семьи. М, Юрид.лит 1969.
4.
Хадерка И. Всупление в брак Правовые аспекты М. Юрид. Лит 1980.
5.
Мусульманское право А.Данекер, под ред. М.А.Сарсембаев 1999.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада некеге тұру мәселесі оның алғышарттары, Қазақстандағы отбасы
қарым-қатынастырының басқа мемлекеттермен салыстырмалы түрдегі анықтамасы
талданған. Сонымен қатар осы мєселелерді шешуге арналған нақты іс-шаралар
қарастырылады.
РЕЗЮМЕ
В статье расматриваются вступление в брак, так же сравниваются проблемы
и перспективы происхождения браков в Казахстане и в других странах.
ӘОК 330.190.2
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Жарықбаева Д.Р. - аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Қазақ даласындағы құқықтық тәрбие әдет-ғұрып нормаларының негізінде
жүзеге асырылып отырды. Қазақтың әдет-ғұрып нормалары міндеттемелік,
меншік, неке, қылмыстық құқықтарды реттейді. Бұл норма бойынша жасалынған
қылмыс деңгейіне қарай жаза тағайындалып отырған. Ол заманда қылмыс
жасаған адам халық алдында масқараланып, жер аударылған немесе айып ретінде
құн тӛлеген немесе зынданға қамалған. Міндеттемелік құқық нормаларының
реттелінуі арқылы адамның санасына ӛз міндеттері мен құқықтарын ұғындырып
отырған. Мысалы: жылу (апат немесе т.б. табиғи құбылыстардан зардап
шеккендерге берілетін кӛмек); асар (егін егу немесе үй салу барысында ауыл
болып кӛмек беру); аманат (жеке тұлғаға белгілі бір мерзімге берілетін мүлік,
мал) және т.б. Осы аталған құқық салаларының жүзеге асуы негізінде заң
нормаларын, міндеттерін уақытылы орындайтын саналы азамат қалыптастыруға
болатындығына кӛзіміз жетеді.
Қазақ даласында сот билігіне иелі, яғни сот процесін жүргізетін және әр
түрлі дауларды шешетін сот қызметін билер атқарған. М.Есламғалидың ―Сан
қилы сауал‖ атты еңбегінде ―Би дегеніміз ел-жұрттың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін,
ӛтті-кетті кӛне шежіресін, тарихын, қоғамдық даму барысын, айнала қоршаған
табиғаттың, жан-жануарлардың сан алуан қасиеттерін, құпияларын жетік білетін,
бүгінгіге баға беріп, болашаққа болжам жасап, адамдардың кӛкірек кӛмбелеріне
ой кӛзімен қарап кӛре алатын, қырлы-қырлы мінез-құлықтарды айтқызбай-ақ
танитын, ғылым-білімнен хабардар, кемел пікірлерін шешен тілмен жеткізіп
беруде дара қасиеті бар, біртума жандар‖, – деп атап кӛрсетеді /1, 8/.
Қазақ билері арасында бір заманда ӛмір сүрген және тарих беттерінде
ӛздерінің ерекше қасиеттерімен кӛзге түсіп, мәңгілік есте қалған Майқы би, Тӛле
би, Қазыбек би, Әйтеке билердің болғандығы белгілі жайт. Қазақ даласындағы
ұлы заңгер, әрі реформатор ретінде әйгілі Үйсін Майқы би қазақ халқының бейбіт
болашағын армандап, оны жүзеге асыруға бар күшін салған. Майқы би жасаған
заң ережелері Қазақ мемлектінен басқа, қазіргі таңда әлемге әйгілі мемлекеттер
болып отырған түркілік қаны бір Қырғыз, Ӛзбек, Түрікпен, Қарақалпақ, Татар,
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
101
Башқорт, Сақа, Алтай, Тува т.б. да аттары аталмаған түркі тектес қандас
халықтарға да ортақ мұра болып келген /2, 101/.
Қазақ даласындағы әдет-ғұрып нормалары және басқа да ―Қасым ханның
қасқа жолы‖, ―Есім ханның ескі жолы‖ сияқты заң нормалары ―Жеті Жарғы‖
заңының негізгі қайнар кӛдері. Майқы бидің бастауымен жарық кӛрген ―Жеті
Жарғы‖ шамамен 450 жылдан кейін ХҮІІІ ғасырда Тӛле би, Қазыбек би, Әйтеке
би талқылап, Тәуке хан қолдап шығарған ―Жеті Жарғы ‖ заң нормасымен
айырмашылықтары кӛп емес.
Сәкен Ӛзбекұлы ӛзінің ―Кӛшпелі қазақ ӛркениетіндегі құқық. Право качевой
цивилизации казахов‖ атты монографиясында ―Жеті Жарғы‖ заңына кӛп кӛңіл
бӛлген. Онда: ―Жеті Жарғы‖ негізінде жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын
қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Бір сӛзбен айтқанда,
жеті Жарғылық жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және неке,
қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз
ету‖ /3, 49/. ―Жеті жарғы‖ заң нормасы қылмыстық, мүліктік, елшілік,
жұртшылық (міндеттемелік), әскери заңдарды қамтыған. Аталынған заң салалары
әдет-ғұрып нормаларымен қоса жаза шаралары арқылы, сонымен бірге кӛшпелі
қазақ халқына тән әлеуметтік, тұрмыстық жағыдайларды қамти отырып
қоғамдағы, мемлекеттегі тәртіп мәселесін шешіп отырған.
Ерте заманнан келе жатқан қазақ даласында тәрбие мәселесі орта ғасыр,
жаңа дәуір, сондай-ақ қазіргі заманға дейін ӛз маңызын жоғалтқан жоқ. Қазақ
жерінде ӛмір сүрген Қорқыт ата, әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашғари,
Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Иүгінеки, Молла Ахмет әл-Женди, Құсайын Уағыз
Кашифи, Асан Қайғы, Мұхаммед Қайдар Дулати, Қадырғали Қосымұлы Жалаири,
Бұхар жырау, Сүйінбай Аронұлы, Махамбет Ӛтемісұлы, т.б. ғұламалар керемет
болашақтың орнауына негізгі себепкер – бала тәрбиесі екендігін айтып кеткен.
Соның ішінде, әл-Фарабидің философиялық жүйесі орта ғасырлық
философияның барлық мәселелерін жан-жақты қамтыған, олар: тұрмыс жӛніндегі
білім беру, ана жӛніндегі мәселе мен адамның танымдық әрекеттерін дамыту
мәселелері; логика мәселесі; адамның қоғамдық әрекетіндегі санасы мен оның
рӛлі жӛніндегі мәселелер; этика мен педагогика мәселелері және т.б. Ӛзінің
―Мемлекет қайраткерлерінің афоризмдері‖ сынды трактатында азаматтық
қоғамның пайда болуы, адам тұрмысының түрлі қалыптары, іс-әрекеттердің
этикалық нормалары туралы ой қозғаған. Оның ойынша әр түрлі табиғи
қасиеттері бар адамдар ӛз тәрбиелілігімен ерекшеленеді, жақсы тәрбиеленген
адам тәрбиесіз адамнан едәуір жоғары дәрежеде екені кӛзге бірден түседі /4, 36/.
―Азаматтық саясат‖ атты еңбегінде әл-Фараби құқықтық тәрбие мәселесін
адамгершілік тәрбиесі негізінде қозғайды.
Орта ғасырдағы ұлы ойшылдардың бірі Құсайын Уағыз Кашифидің тәрбие
жӛніндегі ой-пікірлерін ―Ахмеди Мухсини‖ атты шығармашылығынан кӛруге
болады. Бұл еңбекте мінез ережелерінің 24 бӛлімі қамтылған (тура жүру тәртібі,
міндеттемелерді орындау, шәкірттік әдеп және т.б.). Осы ережелер қазіргі заманда
әр түрлі тәрбие салаларына (азаматтық, адамгершілік, құқықтық, дене,
эстетикалық, экологиялық және т.б.) жіктелінген.
Осы дәуірдегі ―Шипагерлік баян‖ атты шығарманың авторы Ӛтебойдақ
Тілеуқабылұлы тәрбиені жақсарту мәселесін негізге алып отырған. Бұл шығарма
ұлы медициналық еңбек, әрі шипагерлік жағынан ғана емес, сондай-ақ тіл,
мәдениет, философия, психология, астрономия, этика, эстетика, этнография,
тәрбие және т.б. салалар бойынша кӛптеген мәлімет беретін кітап. Оған дәлел,
Ӛ.Тлеуқабылұлы адамның дене мүшелерінің саулығы арқылы олардың жүріс-
тұрысын, білімділігін, тәртібін, санасын, мәдениетін қалыптастыруға ұмтылған.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
102
Қоғамдағы аурудың негізгі кӛзі адамның күнәһарлығына келіп тірелетіндігі
жӛніндегі тұжырымдаманы Мұхаммед Қайдар Дулати ұсынған. Күнәһарлық –
үйде де, түзде де, қоғамда да ӛте бір келеңсіз сұрқият қасиет екендігін айта
отырып, күнәһар адамдар қатарына мыналарды жатқызған: біріншіден, ата-тегін,
шыққан діні мен ділінен бейхабар адамдар; екіншіден, ар-намысын жоғалтып,
әділеттік үшін күрестен бас сауғалап, бұғып қалғандар; үшіншіден, адамдардың
тыныс-тіршілігіне
қарақшылықпен
қарап,
жетім-жесірлерді
желеп-
жебемейтіндер; төртіншіден, кӛзжұмбайлыққа салынып, халық байлығын
ысырап етіп, талан-таражға салатындар; бесіншіден, ата-анасының бетінен алып,
олардың ақыл-кеңесін тыңдамайтындар /5, 40/. Осылай жіктелген күнәһар
адамдардың тобына қарап, оның мемлекеттегі, қоғамдағы құқық бұзушылықты
алдын-алу шараларын құқықтық тәрбиелеу арқылы жүзеге асыруын қажет ететіні,
сондай-ақ заң нормаларына бағынатын әдепті адам тәрбиелеп, азаматтық қоғам
құруды мақсат тұтқаны айрықша білінеді.
Қарастырып ӛткен ерте және орта ғасырдағы ұлы ойшылдар мен
ағартушылардың негізгі армандаған мақсаты – құқықтық мемлекет құрып,
азаматтық қоғам мен тәртіп орнату.
Қазақтың ұлы ғалымы Ш.Ш.Уәлиханов 1862 жылы Атбасар округінің аға
сұлтаны болуға ризалық білдірді. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі
– сот әділдігі болып табылатындықтан Шоқан қазақ даласындағы әділ сот
органын құруды кӛздей отырып, Омбы облыстық басқармасындағы заң
комиссиясының құрамына қатысқан. Шоқан қазақ халқының саяси-экономикалық
құқықтары мен мүдделерін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, қорғады. Сондай-ақ ол
халық мүддесіне қайшы келетін және империяның отаршылдық заңдары мен
соттарының ролінің артуын қолдайтын Ресей империясының соттық реформасына
қарсылық білдіріп, билер сотын қолдады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақтың тұңғыш ағартушысы
Ы.Алтынсарин
«Мұсылманшылықтың
тұтқасың
атты еңбегінде
қазақ
жастарының діни білімділігінің дамуы, қазақ тілінің басқа тілдермен араласпауы
үшін арнағанын кіріспе бӛлімінде айтады. Ыбырайдың бұл еңбегін зерттей келе
С.Қалиев былай дейді, «Ыбырайдың бұл кітабының құндылығы, біріншіден
мұсылман дінінің шариғат заңдарына ана тілінде түсінік беруі болса, екіншіден
діни терминдердің мән-мағынасын ашуына зер салуында, үшіншіден, (ең
бастысы) шариғат заңын ӛмір тіршілігімен, адам тәрбиесімен тығыз
байлданыстыра талдауындаболып отыр. Ол діннің ӛзін тәрбиенің құралы деп
қарайды» /6, 82/.
Абай Құнанбаев шығармаларында адамның рухани әлемі, ғарыш тұңғиығы
мен жердегі ӛмір біртұтас құбылыс ретінде қарастырылады. ―Адам бол‖ этикалық
ӛсиетінде адам бойындағы философиялық қасиеттерді орталықтандырады: ерік
жігер, сезім мен ақылдың адамды алға қойған мақсатына жеткізетін қасиеттер
екендігі кӛрсетіледі. Ұлы Абай ӛзінің 3-ші сӛзінде әрбір старшина басы мен би
сайлау саясатын сынай отырып, былай дейді: ―Бұл билік деген біздің қазақ ішінде
әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы Қасым салған қасқа
жолын, Есім салған ескі жолын, әз Тәуке ханның Күлтӛбенің басындағы күнде
кеңес болғанда Жеті жарғысын білмек керек‖, - деп бекер айтпаған. Тәуелсіздік
қадамы нығайып құқықтық мемлекет болуға ұмтылып отырған қазіргідей шақта
жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру туралы ұлы ғұламалар ой-пікірлерін оқытудың
маңызы зор деп есептейміз. Бұл орайда Абай мұрасындағы ―Әділет‖ түсінігі
арқылы айқындалып, ӛріс алған құқықтық тәрбие идеяларының аясы кең /7, 99/.
Бес арыстың бірі Мағжан Жұмабаев ―Педагогика (баланы тәрбия қылу
жолдары)‖ атты еңбегінде былай дейді: ―… қысқасынан айтқанда, тәрбиядан
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
103
мақсұт – адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам
қылып шығару‖ /8, 7/.
―Алаш‖ партиясын құрушы Ахмет Байтұрсынов қазақ мемлекетінің
тәуелсіздігін армандап, сол үшін күресіп, құқықтық мемлекет орнату мақсатын
қолдаған. Азаматтық қоғам құру мәселесін жеке тұлғалардың тең құқылығы және
оның мемлекетпен қорғалу маңыздылығымен байланыстыра отырып кӛтерген.
Сондай-ақ құқықтық мемлекет азаматын жоғары құқықтық білімді, тәртіпті тұлға
ретінде сипаттаған.
Қазіргі заманда құқықтық мемлекет азаматы, сондай-ақ азаматтық қоғам
мүшесін қалыптастыру үшін, олардың құқықтық санасы мен мәдениетін жетілдіру
мақсатында дұрыс құқықтық білім мен тәрбие беру кӛкейкесті мәселе. Оған дәлел
қазіргі уақыттағы құқықтық тәрбиенің, білім берудің, адамның құқықтық
саналары мен мәдениеттерін дамытудың, қоғамдағы құқық бұзушылықты
болдырмай алдын-алудың сапалы жүзеге асуын қолдап педагогиклық,
психологиялық және арнайы салалар бойынша зерттеулер жүргізіп отырған
ғалымдардың еңбектері.
ӘДЕБИЕТТЕР
1
Есламғалиұлы М. Сан қилы сауал (ойтолғақ). - Алматы: Ана тілі 1995. – 88 б.
2
Омарханов Қ Қазақ елінің дәстүрлі құқығы. І кітап. Астана: Елорда, 2003, -
208 б
3
Ӛзбекұлы С. Кӛшпелі қазақ ӛркениетіндегі құқық. Право качевой цивилизации
казахов. Монография. – Алматы: «Мектеп», 2002. – 244б.
4
Кубесов А. Педагогическое наследие аль-Фараби. - Алма-Ата: Мектеп,1989. –
152с.
5
Әлтасов Т. Орта ғасырдағы қазақ ғұламаларының тәлім-тәрбиелік идеялары
(ХҮ - ХҮІ ғ.ғ.). - Алматы: Қазақ университеті, 1998. – 75б.
6
Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы (Оқу
құралы). Алматы: Рауан, 1998ж. – 128б.
7
Абай Құнанбаев Шығармалар. Екі томдық. 2-том, Алматы, 1968ж. – 192б.
8
Жұмабаев М. Педагогика (баланы тәрбия қылу жолдары). Кітапты араб
жазуынан кӛшіріп баспаға дайындаған, түсініктеме мен соңғы сӛзін жазған
У.Әбділдаұлы. - Алматы: Рауан, 1993. – 112б.
ТҮЙІНДЕМЕ
Бұл мақалада ұлы ойшылдар мен ағартушылардың құқықтық мемлекет
құрып, азаматтық қоғам мен құқықтық тәртіп негізде жайлы ой-пікірлері
қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В данной статье рассмотрены теории и идеи великих мыслителей и
педагогов о строении правового государства, гражданского общества и об основах
правового воспитания.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
104
УДК 340.131 И15
Достарыңызбен бөлісу: |