126ЖМ Назарқұл Еркебұлан
Гипоталамус пен гипофиздің атқаратын функциялары бір-біріне ұқсас.
Гипоталамустың
нейрондарының аксондары гипофиздің аяқшаларының көмегімен оның артқы бөліміне
барып фиксацияланады.
Негізінен, гипоталамус гормон емес, прогормогдар бөледі.
Прогормондар гипофиздің артқы бөлімінде жетіліп барып, гормонға айналады. Гипофиздің
артқы бөлімі гипоталамустың аксондары арқылы байланысса, оның алдыңғы және ортаңғы
бөлімдері қантамырлар арқылы
гуморальды жолмен байланысып, түйіспе құрайды.
Түйіспелер
арқылы
қанға
нейростимуляторлар
бөлінеді.
Гипоталамустың
нейросекрециялық жасушалары гипофиздің алдыңғы бөліміне либериндермен әсер етіп,
аденогипофиздің гормондарды бөлуіне әсер етеді.
Аденогипофиз 3 түрлі клетка – хромофильдік, базофильдік,
ацидофильдік клеткалардан
құралады.
-Ацидофильдік жасушаларда – пролактин, лактоген гормондары түзіліп, сүт безінде сүттің
түзілуі мен оның сыртқа шығуын қамтамасыз етеді.
-Базофильдік жасушалардан – тиротропин, гонадотропин, аденокортикотропин бөлінеді.
Аденокортикотропин бүйрекүсті безінің функциясын жақсартады, глюкокортикоидтардың
түзілуін қамтамасыз етеді. Гонадотропин жыныс гормондарының түзілуін
қамтамасыз
етеді. Тиротропин – қалқанша бездің жұмысын жақсартады.
Достарыңызбен бөлісу: