1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы. Уник 100%


Гормондардың жалпы қасиеттері мен функциялары. Эндокриндік бездер және



Pdf көрінісі
бет39/91
Дата06.01.2023
өлшемі0,93 Mb.
#60493
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   91
Байланысты:
физиология сессия Nazarkul E.S. 2021surak

40.Гормондардың жалпы қасиеттері мен функциялары. Эндокриндік бездер және 
олардың морфофункционалды ерекшеліктері. Гормондардың түзілу және әсер етуі. 
 Уникальность 75,4% 
Гормондар - бұл ішкі секреция бездерінің (эндокриндік бездердің) мамандандырылған 
жасушаларында түзілетін, қанға енетін, мақсатты жасушалардың рецепторларымен 
байланысатын және метаболизмге реттеуші әсер ететін органикалық табиғаттағы 
биологиялық белсенді заттар. 
Жалпы гормондарға бірқатар физиологиялық функциялар мен қасиеттер тән.
Гормондардың негізгі функциялары:
- ағзаның ішкі ортасын сақтау;
- метаболизм процестеріне қатысу;
- ағзаның өсуі мен дамуын реттеу. 
Гормондардың физиологиялық қасиеттері: 


126ЖМ Назарқұл Еркебұлан 
- Гормондар алыстан әсер етеді - гормон әсер ететін мүшелер мен жүйелер оның пайда болу 
орнынан алыс орналасады; 
- Гормондардың өзіне тән арнайы әсері бар. Сол себебті, белгілі бір гормон жетіспесе оның 
орнын екінші гормон алмастыра алмайды; 
- Гормондардың биологиялық белсенді болып келеді; 
- Гормондар гумаральдық реттеуде аралық қызмет атқарады; 
- Гормондардың әсер етуі өте тез әрі қысқа.
Эндокриндік бездер – сөлдерін бөлетін түтіктер болмайды, сондықтан қанға гормондарды 
бөледі. Бұл бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері, айырша без, 
бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады. 
Эндокриндік бездердің морфофункционалды ерекшеліктері: 
1) сыртқа шығаратын өзегі болмайды;
2) оларда безді эпителий болады;
3) заттар алмасудың жоғары қарқындылығымен және гормондардың бөлінуімен 
байланысты қанмен мол қамтамасыз етіледі; 
4) оларды диаметрі 20-30 мкм болатын капиллярлар желісі бар;
5) вегетативтік жүйке талшықтарының көп мөлшерімен қамтылған; 
6) эндокриндік бездердің арасында гипоталамус және гипофиз басты рөл атқарады. 
Гормондардың әсер ету функциялары өте күрделі болып келеді. Сондай-ақ биохимиялық 
жағынан қамтылған. Осы гормондардың әсер етуінің бірнеше түрлері бар: 
1. 
Тіндер мен ағзаларға гормондар тікелей әсер етеді. Бұл кезде гормондар 
мембранадан жасушаға жеңіл өтіп, мембранамен байланысқа түседі. 
2. 
Гормондардардың тіндер мен ағзалардың қызметіне тікелей әсер етіп қана қоймай, 
олардағы қан тамырдарының әртүрлі хеморецепторларына рефлекстік әсер етеді. 
3. 
Сондай-ақ гормондар ағзалар мен тіндерге орталық жүйке жүйесі арқылы әсер етеді. 
Олар белгілі бір жүйке орталықтарын құрайтын жасушалардың кернеуін төментету несесе 
жоғарлату арқылы қозғыштығын өзгертеді. 
4. 
Гормондар кейбір кездерде шартты рефлекс түрінде де әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет