Өнімнің өзіне тән қасиеттері бойынша көрсеткіштердің келесі
топтарын қолданады:
- тағайындау;
- экономикалық;
- сенімділік;
- эргономикалық;
- эстетикалық;
- технологиялылық;
- тасымалдауға қолайлығы;
- стандарттау және сәйкестендіру;
- патенттік-құқықтық
- экологиялық;
- қауіпсіздік.
Тағайындау көрсеткіштері анықтаушы негізгі функцияларды орындауға
тағайындалған және оның қолданылу аймағын белгілейтін өнім сапасын
сипаттайды. Тағайындау көрсеткіштер тобына өнімнің құрылымы мен
құрамының топшалары жатқызылады.
Өнім құрамы (ақуыздар, майлар, көмірсулар және т.б мөлшері) бірінші
кезекте өнімнің тағамдық құндылығын сипаттайды, оның биологиялық және
энергетикалық құндылығын көрсетеді. Қоғамдық тамақтану өнімдеріне күші
бар және жаңадан жасалынып жатқан НҚ-да өндіріліп жатқан өнімнің құрамы
көрсетіледі. Кейбір жағдайларда майдың, тұздың, құрғақ заттың мөлшерлері де
нормаланады.
Өнім
құрылымын
сипаттайтын
көрсеткіштерге
сапаның
органолептикалық көрсеткіші - сандық көрсетілмейтін, нақтылы әдістермен
анықталынатын консистенцияны (қатты, жұмсақ, балғындық және т.б.)
жатқызады.
29
Экономикалық көрсеткіштер өнімді жасауға, дайындауға, сақтау мен
оны өткізуге кеткен шығындар түрінде көрсетіледі. Экономикалық
көрсеткіштер көмегімен өнімнің технологиялығы, сәйкестік деңгейі (қоғамдық
тамақтану өнімдері үшін өте маңызды көрсеткіш) бағаланады.
Сенімділік көрсеткіші НҚ-да көрсетілетін және тағамдық өнімдердің
кепілдік сақтау мерзімін талап ететін, оларды өткізу мен сақтау шарттарына
тәуелді тамақ өнімдерінің сақталуын сипаттайды, ал стандартталмаған өнім
үшін сапаның сақталымдылығы Денсаулық сақтау Министрлігімен бекітілген
Санитарлық ережелер мен нормалармен регламенттеледі.
Эргономикалық
көрсеткіштер
өнімге
қойылатын
гигиеналық,
физиологиялық, технологиялық және психологиялық талаптарды сипаттайды.
Гигиеналық жағынан өнім зиянсыз болуы керек, онда ауыр металдардың,
микотоксиндердің, канцерогендердің (консервілерде, майларда, ысталған азыө
түрлерінде), сондай-ақ микроағзалардың жалпылама ластануының (ішекті
таяқшалар тобының бактериялары, коагулазаны ыдырататын стафилококтар,
протей текті бактериялар, сальмонелл текті бактериялар ) мөлшері
регламенттелуі керек.
Физиологиялық көрсеткіштер өнімнің адамның тағамдық заттар мен
энергияға физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестігін анықтаған кезде
қолданылады. Қоғамдық тамақтану өнімдерінің сапасын бағалау өлшемі
ретінде физиологиялық көрсеткіштер сирек қолданылады. Олар көбінесе
емдәмдік және емдік тағамдар үшін өнім сапасын бағалау кезінде кеңінен
қолданылады.
Психологиялық көрсеткіштерді өнімнің адамның психологиялық
ерекшеліктеріне сәйкесітігін анықтау кезінде пайдаланады (ұлттық, жеке-дара).
Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің айқындығын, түпнұсқалығын және
үйлесімділігін сипаттайды. Сыртқы түріне, пішініне, түсіне, мөлдірлігіне,
лайлылығына деген талаптар қоғамдық тамақтану өнімдерінің жеке түрлері
үшін НҚ-да (МЕМСТ-да, ТШ мен рецептуралар жинақтарында) келтірілген.
Технологиялылық көрсеткіштер өнімді өңдеудегі еңбек сыйымдылығын,
материалды қажетсінуін, энергия жұмсалуын сипаттайды. Қоғамдық тамақтану
өнімдерін өндірудің технологиялығы шикізат құрамы мен құрылымына,
рецептурасы мен технологиясына, қолданатын қондырғыларға, аспаздық өңдеу
әдістері мен тәртібіне және басқа да факторларға тәуелді.
Тасымалдауға қолайлылық көрсеткіштері өнімдерді көлікпен
тасымалдау, стандартты контейнерлерді қолдану мүмкіндігін сипаттайды.
Стандарттау мен сәйкестік көрсеткіштері стандартталған өнімдерді
дайындау дәрежесін сипаттайды.
Патенттік-құқықтық көрсеткіштер өнімнің жаңалығын (патенттік
тазалығы) және сәйкесінше осы жаңалықты патенттер мен лицензиямен
ресімделуін (патенттік қорғау) сипаттайды. Табиғи тағамдық өнімдер
патенттелмейді, ал қоғамдық тамақтану өнімдері, олардың жеке атаулары
қорғалуы мүмкін.
30
Экологиялық көрсеткіштер өнімді дайындау, онымен жұмыс істеу және
пайдалану кезінде ортаға тасталынған зиянды тастандыларды сипаттайды.
Қауіпсіздік көрсеткіштері өнімді өндіру кезінде қызмет көрсетуші
қызметкерді жарақат алудан қорғауды сипаттайды.
Тағамдық
өнімдерге
стандарттар,
ереже
бойынша,
мынадай
көрсеткіштерден
тұрады:
тағайындау
(өнім
құрамы),
сенімділік,
технологиялылық, эстетикалық және ішінара эргономикалық.
Бақылау сұрақтары:
1.Шекті мәндер қандай болуы мүмкін және оларға мысал келтіріңіз
2. Тасымалдауға қолайлылық көрсеткіштері нені сипаттайды?
3. Тағамдық өнімдерге стандарттар қандай көрсеткіштерден тұрады?
4. Салмақтылық көрсеткіші қандай әдістер арқылы анықталады?
5. Сипатталатын қасиеттер санына қарай сапа көрсеткіштері қандай
болады?
Достарыңызбен бөлісу: |