Диханбаева ф. Т., Джетписбаева б. Ш., Матибаева а. И



Pdf көрінісі
бет20/64
Дата26.01.2023
өлшемі1,2 Mb.
#63057
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64
 
 
 
 
 
2.2. Өнім сапасын бағалау әдістері 
Өнім сапасын бағалау әдістері 
 
Өнім сапасын бағалау әдістеріне: дифференциалдық, кешенді, аралас, 
статистикалық әдістер жатады.
Өнім сапасын бағалаудың дифференциалдық әдісі жеке көрсеткіштерді 
қолдануға негізделген.
Дифференциалдық әдіс бағаланатын өнім түрінің сапа көрсеткіштерін 
сәйкесінше базалық көрсеткіштермен салыстыру арқылы жүзеге асады, яғни Р
i
бағаланатын өнім
сапасының көрсеткіші негізгі үлгі Р
i
баз. сапасының 
көрсеткішімен салыстырылады.
.,
/
нег
P
P
К
i
i
i

(2)
Р
i
– бағаланатын өнімнің i-ші сапа көрсеткішінің сандық мәні
Р
i
баз – негізгі үлгінің i-ші сапа көрсеткішінің сандық мәні. 
Бұл формула сапа көрсеткішінің абсолюттік мәнінің жоғарлауы өнім 
сапасының жақсаруымен (қуаттылығы, қызмет ету мерзімі, өнімділігі және т.б.) 
сәйкес келген жағдайда қолданылады.
i
i
i
Р
нег
P
К
/

(3) 
Бұл формула бойынша сапаның салыстырмалы көрсеткіші көрсеткіштің 
абсолюттік мәнінің жоғарлауы өнім сапасының нашарлауымен сәйкес келгенде 
анықталынады.
Бағалаудың кешенді әдісі сапаның кешенді көрсеткіштері негізінде 
қолданылады. Сапа деңгейі бұл әдіс бойынша бағаланатын өнімнің сапасының 


31 
жинақталған көрсеткішінің негізгі үлгінің жинақталған көрсеткішіне қатынасы 
арқылы анықталады, яғни
К = Q
бағ
/Q
нег.
(4) 
Кешенді әдіспен бағалаудың күрделілігі жинақталған көрсеткішті дәл 
табу болып табылады.
Аралас әдіс – бұл әдіспен анықтаудың мәні мен дәйектілігі мынада:
- сапаның жеке көрсеткіштерін топтар қатарына біріктіреді,олар үшін 
сапаның топтық кешенді көрсеткіштерін анықтайды. Көрсеткіштерді топтарға 
біріктіру бағалау мақсатына тәуелді жүргізілуі керек; 
- табылған топтық кешенді және жеке бөліп алынған маңызды 
көрсеткіштер шамалары сәйкесінше негізгі базалық көрсеткіштердің мәнімен 
салыстырылады.
Статистикалық әдіс – өнім сапасының көрсеткіштерінің мәнін 
математикалық статистика ережелерін қолдана отырып табатын әдіс.
Бақылау сұрақтары: 
1. Өнім сапасын бағалау әдістерін атаңыз? 
2. Аралас әдіс анықтамасы қандай?
3. Дифференциалдық әдіс  деген не? 
4. Статистикалық әдіс мәні 
5. Сапа деңгейін қалай анықтаймыз? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет