Диханбаева ф. Т., Джетписбаева б. Ш., Матибаева а. И



Pdf көрінісі
бет38/64
Дата26.01.2023
өлшемі1,2 Mb.
#63057
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64
 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Өнім сапасын басқарудың негізгі міндеті. 
2. Өнімнің сапасын анықтау қай қызметке жүктелген? 
3. Жобаланған дайын өнім сапасының жүзеге асырылғанын көрсететін 
қай қызмет түрі? 
4. Бақылау қызметі дегеніміз не ? 
5. Ең негізгі қызметтерінің бірі нарықтық ақпараттарды мұқият
жинау және жобалау барысында алынған мәліметтерді талдау болып 
табылатын қызмет? 
 
 
 
5.2. Өнімнің өмірлік циклі 
Өнім сапасының жоғарлау кезеңі өнімді өңдеу, жобалау, дайындау, өткізу 
және қолдану секілді барлық сатыларында кәсіпорын жұмыстарының әр түрлі 
салалы өнеркәсіппен, ғылыми – зертттеу институттарының және тағы басқа 
ұйымдардың қызметтерімен келісу қажеттілігімен байланысты. Осындай 
жағдайларда жүйелік тәсілдеме қажет болды, ол «Өнім сапасын басқару» 
терминінің пайда болуына себеп болды, «Өнім сапасын басқару» деп сапаның 
қажетті деңгейін бекіту, қамтамассыз ету және қолдау мақсатында өнімді 
дайындау және пайдалану немесе тұтыну іс – әрекеттері аталады.
«Өнім сапасын басқару» терминінен өнімнің қажетті сапа деңгейі 
төмендегідей болу керектігі көрініп тұр: 
-орналастырылу; 
- қамтамассыз ету; 


74 
- қолдау. 
Өнім сапасын басқару өнімнің тіршілік айналымымен сипатталады.
Сурет 9. Өнімнің тіршілік айналымы 
Біздің ел мен шетелдің ең жақсы ғылыми – техникалық жетістіктерін 
талдау негізінде сапаның қажетті деңгейі зерттеу және жобалау кезеңінде 
орналастырылады
.
Бұл кезеңде өнім сапасын басқарудың маңыздылығы зор, 
себебі нормативті және технологиялық құжаттарда көрсетілгендей болашақ 
өнімнің негізгі техника – экономикалық және тұтыну қасиеттері түзіледі және 
есептелінеді. 
Өнімнің сапасы дайындау кезеңінде қамтамассыз етіледі. Өнімнің сапасы 
өнімді дайындау арналған нормативті құжаттардың, құрал – жабдықдың, 
алынатын шикізаттың, материал мен жинақтаушы бұйымның сапасымен 
анықталынады. Өндіріс кезеңінде өнімнің сапа бағасының өлшемі дайын 
өнімнің нақты технологиялық – экономикалық параметрінің жоба құжатында 
көрсетілген параметрлеріне сейкес келу деңгейі арқылы анықталады.
Дайын өнімнің сапасын қолдау айналдыру және өткізу, пайдалану және 
тұтыну кезеңінде жүреді. Берілген екі кезеңде өнімнің сапасы сақтау және 
тасымалдау сапасынан құралады. Бұл кезеңде өндірісте қамтамассыз етілген 
сапа деңгейін сақтап қалу маңызды болып табылады. Тек тұтынушы ғана дайын 
өнімнің барлық мүмкіншіліктері мен кемшіліктерін тікелей пайдалану немесе 
тұтыну арқылы объективті түрде бағалай алады. Сапа бағасының өлшемі
бұйымның сапа көрсеткіштерінің нормативті немесе технологиялық құжаттарда 
бекітілген көрсеткіштермен сәйкес келуі арқылы анықталынады.
Бақылау сұрақтары: 
1. Өнім сапасының жоғарылу кезеңі немен байланысты? 
2. Сапаның қажетті деңгейін бекіту дегеніміз не? 
3. Өнімнің өмірлік циклі неше кезеңнен тұрады? 
4. Өнімнің сапасы қай деңгейде қамтамасыз етіледі? 
5. Бұйымның сапа көрсеткіштерінің нормативті немесе технологиялық 
құжаттарда бекітілген көрсеткіштермен сәйкес келуі арқылы нені анықтаймыз? 
Өнімнің өмірлік циклінің 
кезеңдері
Зерттеу және 
жобалау
Дайындау 
Айналдыру 
және өткізу 
Пайдалану 
немесе тұтыну 


75 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет