72
Кәсіпорында өнім сапасын басқару басқару айналмалы кезеңінің бір
буыны болып табылады «жоспарлау ---- жүзеге
асыру ---- бақылау ----
басқарушылық ықпал»
Сурет 8. Басқару айналмалы кезеңі
Бұл айналмалы кезең өнім сапасын басқарудың негізі болып табылады.
Жоспарлау қызметі, негізінен жобалауды тұспалдайды, нарық
ақпараттарын, капиталдық шығындардың тиімділік коэфициентін,
өзінің
кәсіпорынының техникалық деңгейін, бақылау тиімділігін, болжалды жүзеге
асыру, болжалды өзіндік құны және т.б., бұйымның сапасын анықтауды
қарастыру, нарықты зерттеу нәтижелерін есептеу және талдау барысында
кәсіпорын басшылығының тәсілін және стратегиясын
қолдану негізінде
жасалады.
Жүзеге асыру қызметі жобаланған дайын өнім сапасының жүзеге
асырылғанын көрсетеді; техникалық үрдістерді жоспарлауды, қолданылатын
жабдықтың,
машинаның, жұмыс құралының түрін анықтайды, онымен бірге
жұмыс әдісін және бақылау әдісін, соның ішінде өлшеу құралдарын және
технологиялық үрдістерді басқару әдістемесін қарастырады.
Бұдан басқа,
жүзеге асыру қызметтері арқылы жұмысты орындаушыларды оқыту және
үйрету жұмыстары қарастырылады. Барлығының жиынтығы бір мақсатты
көздейді –өнімнің техникалық талаптарына сәйкес келетін деңгейін сақтау және
бекітіліген мерзімді ұстау, сонымен бірге мүмкіншілікке қарай бұл
көрсеткіштерді жақсарту.
Бақылау қызметі - өнімді дайындау кезеңінде жүзеге асады,
сонымен
бірге өнімнің нарыққа түскеннен кейінгі нағыз құндылығы анықтаудан тұрады.
Басқа сөзбен айтқанда, өнімнің жарамдылығы өтімділігі арқылы дәлелденеді.
Осыған байланысты келесі бекіту әсірелеу болмайды: өтімділік жоспарына
сәйкес өнімді жүзеге асыру мүмкіншілігі немесе мүмкін еместігіне байланысты
олардың жарамдылығы жайлы пікір қалыптастыруға болады.
Басқару Жос
шылық парлау
ықпал
Бақылау Жүзеге
асыру
73
Басқарушылық ықпал қызметі - жоспарда көрсетілген
өнімдерді өткізу
және тауарларды сату тәсілдерін сақтау, сапа талаптарына жауап бермейтін
тауарларды өткізу жағдайында техникалық қызмет көрсету (сервис) іс -
шараларын өткізу жұмыстары бойынша шараларды жүргізуді тұспалдайды.
Бұдан басқа, бұл қызметке өндіріс үрдістеріне қажетті өзгертулер енгізу үшін
нарыққа өткізілген тауардың сапасы жайлы ақпарат жинау, сапаны жақсарту
мүмкіндіктерін шығару, тауар жайлы тұтынушының
пікірін талдау шаралары
жатады. Олай болса, өткізілген тауардың сапасы жайлы кез келген ақпараттың
маңыздылығы тауардың келесі жобалануы барысында ескеріледі. Кәсіпорынды
басқару және өткізу жұмыстарын ұйымдастырудың міндеті тауарды жай ғана
өткізу болып табылмайды. Ең негізгі қызметтерінің бірі нарықтық
ақпараттарды мұқият жинау және жобалау барысында алынған мәліметтерді
талдау болып табылады.
Айтылғандарды ескере отырып, кәсіпорында сапаны басқару – бұл
«тұтынушылардың сұранысына жауап беретін және пайдалылық деңгейі
жоғары болып
келетін тауарларды жобалау, дайындау және өткізумен
қамтамасыз ететін жетекші қызмет түрі» деп бекітуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: