Диханбаева ф. Т., Джетписбаева б. Ш., Матибаева а. И



Pdf көрінісі
бет46/64
Дата26.01.2023
өлшемі1,2 Mb.
#63057
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   64
Флуориметрия – элементті және молекулярлы анализдеудің әдіс-тәсілі, бұл 
органикалық және органикалық емес заттарды (атомдар, иондар және одан да 
күрделі бөліктерді) флуоресцирлеу қабілеттілігіне негізделген, толқындардың 
үлкен ұзындығының қорытындысында электрондардың қозған күйден қалыпты 
күйге өтуі кезінде сәуле шаштын көзін жұтады және оны қайтадан (сәуле 
шашады, 
люминесцирлейді) 
сәулелендіреді. 
Сынамадағы 
заттардың 
концентрациясына 
байланысты 
флуоресценциялау 
қарқындылығына 
бағыныштылығы арқылы заттардың сандық мөлшерін анықтауға негізделген. 
Өлшеу принципі сынаманы УК – аймағында сәулелендіруден және 
фотодетектордың көмегімен флуоресценциялау спектрін өлшеуден тұрады.
Эмиссионды спектроскопия әдіс-тәсіліне жатқызатын флуориметрия – 
жоғары 
сезімталдығымен 
адсорбционды 
оптикалық 
әдіс-тәсілдердің 
сезімталдығына қарағанда 100-10000 есе артықшылығымен сипатталады. Бұл 
әдіс өте кіші концентрациялы заттардың 10
-11 
г/ моль өлшеуге арналған. 
Флуориметрияны 
тағамдық 
өнімдердегі 
полициклды 
органикалық 


84 
қосылыстардың, 
металлоорганикалық 
қосылыстардың, 
витаминдердің, 
ақуыздардың, нитраттардың, нитриттердің, сульфидтердің, цианидтердің, 
токсинді металдардыңсандық мөлшерін анықтауда қолданылады.
Көбінесе сәйкестендіру мақсатында люминесценцияның түсін визуалды 
бақылау, мысалы, ұнның сортымен түсін, еттің түрін анықтауға, сүт өнімдері 
мен тағамдық майлардың табиғатын қою үшін жүргізеді. Бидай дәнінің алейрон 
қабаты мен өсіндісінің қабықшасы эндосперммен салыстырғанда қарқынды көк 
түске ие. Сондықтан ұнның сорты төмен болған сайын, оның флуоресценциясы 
ашық түске ие болады. Әр түрлі ұн әр түрлі флуоресценциялық түске ие: ас 
бұршақ – ашық қызыл, ал соя – көк-жасыл.
Әр түрлі малдың бұлшық ет тіндерін әр қалай флуоресценциялайды: сиыр 
етінің бұлшық еті үшін бархатты қара-қызыл, қой еті үшін – қара қоңыр, ал 
шошқа еті үшін – ашық қоңыр түсті. Флуоресценттік анализді, сонымен қатар 
еттің сортын анықтауға қолданады. Біріктіруші және сіңірлі тіндер ашық көк 
түске, ал майлы тіндер – ашық сары түске ие.
Флуоресценциялау түсі арқылы сүтті бұрмалау жағдайларын анықтауға 
болады. Балғын жоғары сапалы сиыр сүтін флуоресценциялау кезінде ашық-
сары түсті, ал сода немесе 15% су қосылған сүтте флуоресценциялау кезінде 
бозғылт сары түске ие болады. 
Тағамдық майларды флуоресценциялау түсінде аймашылықтар байқалады. 
Жануар майын (сиыр, қой және шошқа майын) флуоресценцияламайды, 
сиырдың сары майы ашық сары флуоресценцияға, ал маргарин – ашық көк 
түске ие. Бұндай идентификациялау белгісі қарапайым тәсілмен сары майдағы 
маргариннің қоспасының болуын анықтауға көмектеседі. 
Үлкен классты молекулярлы анализдеудің оптикалық әдіс-тәсілдері 
электромагниттік сәулеленудің заттарымен өзара әрекеттесуіне негізделген. 
Аналитикалық әдіс-тәсілдерде электромагниттік сәулелену спектрінің 
аумағындағы ультракүлгін, көрінетін және инфрақызылды қолданады. 
Зерттелетін заттардағы сәулеленуді таңдап жұтатын спектрларды зерттеуге 
негізделген әдіс-тәсілдерді спектроскопия деп атайды. Әр зат үшін жұту спектрі 
жекешелендірілген және ол заттың құрылымына байланысты болады. Бұл 
стандартты заттарды спектрлік кітапхананың болуымен идентификациялауды 
жүргізуге көмектеседі. Оптикалық спектроскопия әдіс-тәсілін, сонымен қатар 
сандық анализ – жұту коэффициентін өлшеу жолымен заттардың 
концентрациясын немесе белгілі бір толқын ұзындығындағы оптикалық 
тығыздықты анықтауда қолданады. Алдын ала құрылған калибрлі графикті 
қолдана отырып табылған өлшем бойынша зертелетін ерітіндідегі жұтатын 
заттың концентрациясын табады. Түссіз ерітінділерді анализдеу кезінде 
реагенттерді 
қосады, 
ол 
анықталатын 
затта 
боялған 
қосылысты 
қалыптастырады. 
Белгілі бір толқын ұзындығындағы сәуле жұту ерітінділерін өлшеуге 
арналған құрал-жабдықтарды спектрофотометрия деп атайды.
УК – көрінетін спектроскопия әдіс-тәсілдері 185-210 нм (көп 
спектрофотометрияның төменгі жұмыс шегі) 650-1000 нм (жоғарғы шегі) – 


85 
дейінгі диапозондағы сәулені жұту (сәулені жіберу) ерітінділерін зерттеуге 
арналған. Көрінетін аумақтағы УК-жұту электрондарының қозуымен 
байланысты, сондықтан УК көрінетін спектрлар молекуласының құрылымы 
жайлы шектеулі ақпаратты береді және қандай да бір құрылымға «саусақ 
таңбасы» ретінде сирек қызмет атқарады.
Осымен қатар молекуланың құрылымы мен ұзын толқындағы максимум 
жұту арасында кейбір эмпирикалық бағыныштылық анықталған. 200-800 км 
аумағында жұтуды шақыратын топтар хромофор атауын алды. Осыған 
байланысты УК/ көрінетін спектроскопияны шай, кофе, какао-бұршақтарын 
идентификациялау кезінде алкалоидтарды (кофеин, теобромин, теофиллин) 
санын және сапасын анықтау үшін; фенолды қосылыстар (танин, катехин, 
антоциан және т.б) – жүзім және жеміс шарабының, балғын және өңделген 
жемістер мен көкөністердің, шай және кофенің құрамын зерттеуүшін; 
майлардың ашу дәрежесін зерттеу үшін- майы бар өнімдердің (өсімдік майы, 
сары май, маргарин және майонез, жаңғақ, майы көп балықтарды және т.б.) 
жоғары сапалылығын анықтау үшінқолданады.
ИҚ спектроскопия әдіс-тәсілі ИҚ- аумағындағы сәулеленуді (0,8-2,5 мкм – 
жақын аумақтағы, 2,5-25 мкм – орта, 25 мкм ары – алыс) жұту спектрларын 
зерттеуге негізделген. ИҚ- аумағында жұту молекулярлы ауытқуға байланысты, 
осыған орай ИҚ спектрлар қосылыстың құрылымы жайлы ақпаратты береді. 
Бұл әдіс тек екі атомды (H
2,
N
2,
O
2
) молекулалардан басқа барлық ковалентті 
байланысы бар молекулалардың барлығын анализдеу үшін қолданылуы мүмкін.
ИҚ – спектрлар әр түрлі табиғатты (витаминдердің, аминқышқылдарының, 
күрделі эфирлердің, қанттардың, спирттердің және т.б.) молекулярлы 
қосылыстардың құрылымы жайлы нақты ақпараттың көзі болып табылады, 
сондықтан сәйкестендіру мақсатында кеңінен қолданылады. Сонымен Қытайда 
бұл әдісті пакеттелген шайдың коммерциялық сортын сәйкестендіру үшін, ал 
Испанияда шарап пен брендиді жасы бойынша дифференциациялау үшін 
қолданады. Ең көп тарағаны Фурьенің қалыптасуымен Иқ-спектрофотометрлер, 
олар жұмыс істеу кезінде сәулелену көзінің барлық жиілігін бір уақытта 
қолданады, бұл 
әдіс-тәсілдің 
ақпаратын 
жоғарылатуға 
көмектеседі, 
классикалық Иқ - спектрофотометрмен салыстырғанда анализдің сезімталдығы 
мен жылдамдығының жоғары болуын қамтамасыз етеді.
Ядролық магниттік резонанстағы спектроскопия сынаманы бір уақытта екі 
магниттік алаңға (бірі тұрақты, екіншісі радиожиілікті) орналастырған кезде 
заттар мен электромагнитті сәулеленудің өзара әсерлесуіне негізделген. 
Ядролы магниттік резонанс магниттік (
2
H ,
13
C,
15
N, 
19
F ,
31
P және т.б) ие 
ядроларда ғана байқалады. Бұл ядролардың болуы көптеген өнім түрлері үшін 
маңызды сәйкестендіру белгісі болып табылады. 
Шараптар мен коньяктардың құрамындағы этил спиртінде изотоптардың 
2
H ,
13
C бояуы, оларды дайындау үшін қолданылатын жүзімнің өсірілуінде 
маңызды дәрежеде экологиялық - географиялық факторларға байланысты 
консервативті белгісі болып табылады. Испанияда ядролық магнитті резонанс 
спектроскопиясын әр түрлі шарап өндіруші региондардағы қызыл шараптардың 


86 
айырмашылығын, ал Францияда – коньяктардың шыққан жерін бекіту үшін 
қолданады. 
Сәйкестендіру мақсатында көп қолданылатын басқа да оптикалық әдіс-
тәсілдерді 
табады: 
микроскопия, 
рефрактометрия, 
поляриметрия, 
колориметрия, нефелометрия.
Микроскопияны көптеген тағамдық өнімдерді сәйкестендірудің маңызды 
критерийі болып табылатын өсімдік және жануар тіндерінің – анатома- 
морфологиялық белгісі жасушалық құрылымын зерттеу үшін қолданады. 
Микроскопияны формасы, өлшемі және крахмал дәндерінің құрылымы 
бойынша крахмалдың түрін анықтауда макро және микро құрылымдық белгісін 
зерттеу негізінде бекіре балығының уылдырығын сәйкестендіруді жүргізу 
кезінде, ашыған сусындардың табиғатын, йогурттардың және басқа да сүт 
қышқылды сусындардың биологиялық және физиологиялық құндылығын 
бекіту кезінде қолданады. Ет және ет өнімдерінің құрамын гистологиялық 
сәйкестендіру әдіс-тәсілінің негізінде микроскопия жатыр.
Бейнелеуді ұлғайту принципі бойынша микроскоптаудың негізгі екі түрі 
бар – жарықтық және электронды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет