69
сыртқы белгілеріне жатады. Осы белгілерге қарай тұтынушы белгілі бір
мекемеде бәрі де ойдағыдай екендігі және оған сенім артуға болатындығы
жөнінде нәтиже жасайды.
Қол жетерлік — қызмет көрсетушілермен оңай байланыс орната алу.
Мәселен, егер қонақ даяшыны шақырған болса, ол шақырылған жерге бірнеше
минутта барып болуы қажет.
Коммуникативтік — қызметшілер мен тұтынушылар арасындағы қажетті
ақпаратты уақытымен ұсынылмауына байланысты болатын түсінішпеушілікті
болдырмайтын қызметті қамтамасыз ету қабілеті.
Ұқыпты көзқарас — мекеменің тұтынушыға ұсынатын жеке қызмет
көрсетуі мен көңіл бөлуі. Бұл қызмет сапасы сипаттамасының басты
құндылығы әрбір тұтынушы басқа адамдардың талғамдарынан өзгешеленетін
өзіне ғана тән талғамға ие бола алуы. Тұтынушының мекемеге деген
сенімділігін қамтамасыз ету үшін, қызмет көрсету барысында белгілі бір
тұтынушының мекеме үшін ерекше екендігін және оның жеке талғамдары
есепке алынатындығын баса айту керек.
Қызмет сапасын қарастырғанда мынадай стандартталмаған анықтамалар
пайдаланылады: "талапқа сәйкес келеді – сәйкес келмейді", "деңгейден жоғары
–
төмен",
"жақсы
-
нашар",
"талаптарды
қанағаттандырады
-
қанағаттандырмайды" және т.б.
Бақылау сұрақтары:
1. Қызмет сапасын қарастырғанда қандай анықтамалар пайдаланылады?
2. «Қызмет сапасы» ұғымын түсіндіріңіз
3. Ұқыпты көзқарас деген не?
4. Белгілі мұқтаждықтарды қанағаттандыру қабілетін қамтамасыз ететін
қызмет сипаттамаларын атаңыз
5. Коммуникативтік дегенді қалай түсінесіз?
Достарыңызбен бөлісу: