Диханбаева ф. Т., Джетписбаева б. Ш., Матибаева а. И



Pdf көрінісі
бет41/64
Дата26.01.2023
өлшемі1,2 Mb.
#63057
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   64
кемшілігі 
– 
бағалаудың 
субъективтілігі; 
қорытындының 
салыстырмалы 
сипаты; 
жекеленген 
зерттеушілерден алынған мәліметтерді өңдеу және салыстыру кезінде 
туындайтын қиындықтар.
Органолептикалық әдіс-тәсілдерді азық-түлік тауарларын сәйкестендіру 
және бұрмалауды анықтау кезінде кеңінен қолданады. Барлық азық-түлік 
тауарлары үшін органолептикалық көрсеткіштер біртекті өнімдер тобына 
арналған тағамдық өнімдер мен азық-түлік шикізаттарын сертификаттауды 
жүргізу Ережелерімен қарастырылған сәйкестендіру көрсеткіштерінің тізіміне 
енеді. Осылардың бағалауынан кейін ассортименттік және квалиметриялық 
сәйкестендіру басталады және қорытынды жеткіліксіз немесе сенімсіз болған 
жағдайда физико-химиялық көрсеткіштері бойынша тәжірибе жүргізу 
тағайындалады.
 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Сынақ дегеніміз не? 
2. Идентификациялау әдіс-тәсілдері нешеге бөлінеді? 
3. Ақпараттық-аналитикалық әдіс-тәсілдер дегеніміз не ? 
4. Идентификациялаудың органолептикалық әдіс-тәсілдері неше түрге 
бөлінеді? 
5.Идентификациялаудағы 
органолептикалық 
әдіс-тәсілдердің 
артықшылығы неде? 
 
 
 
6.1. Сезім мүшелерін алмастыра алатын әдіс-тәсілдер 
Органолептикалық әдіс-тәсілдердің жоғары ақпараттылығына қарамастан 
идентификациялау мақсатында заманауи тәжірибеде сәйкестендіруде талдауда 
органолептикалық көрсеткіштерді өлшеуіш әдіс-тәсілдерімен анықтау кеңінен 
тарауда, бұл бірінші топтағы әдіс-тәсілдердің кемшілігін азайту қажеттілігіне 
негізделген. 
Сәйкестендірудің 
органолептикалық 
әдіс-тәсілдердің 
артықшылығын сақтай отырып, олар объективті, дәлелді және өңделінген 
сәйкестендіру қорытындысын алуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты екі 
топтағы әдіс-тәсілдер, көбінесе, бір-бірін толықтырып отырады және кешенді 
түрде қолданылады. 


75 
Дәм мен иісті анықтаудың өлшеу әдіс-тәсілдері. Тағам өнімдерінің дәмі 
мен иісін бағалау үшін портативті құрылғылар «электронды тіл» және 
«электронды мұрын» («е-nose») кең қолданысқа ие болды, олар іс-әрекет 
принципі бойынша биосенсор болып табылады.
Биосенсорлар электроника комбинациясын, ақпараттық технологиялар мен 
биологиялық компоненттерді көрсетеді, олардың орнына ферменттер, нуклеин 
қышқылдары, микроағзалар, антиденелер және т.б. қолданылуы мүмкін. 
Биосенсорларды көмірсулардың, органикалық қышқылдардың, дәрумендердің 
болуын анықтау кезінде, стерилділікті бақылауда, патогенді анықтауда және 
тағы басқа мәселелерді шешуде қолданады. Адамның сезім мүшелеріне 
қарағанда, олардың көмегімен дәм мен иістің сандық және сапалық мағынасын 
анықтауға болады.
«Электронды тіл» - бұл жоғары селективті қабылдауы бар дәмдік сенсор 
болып табылады. Ол электронды сигнал арқылы дәмдік заттар жайлы 
ақпаратты тасымалдау үшін қажетті бірнеше липид түрлерінен / полимерлі 
мембраналардан тұрады. Дәмнің әр түрлі элементтеріне (тәтті, ащы, тұзды) 
жауап беретін химиялық заттар әр түрлі сипаттағы сигналдарға ие. Осыған 
байланысты, дәмдік сезінулеріне сәйкес, сенсорлық сигналдан шыққан 
аминқышқылдары бірнеше топқа жіктелінуі мүмкін. Детектор электрлі 
сигналдар арқылы графикалық келбетті (мысалы, хроматографиялық профиль)
қалыптастырады, 
оны 
сәйкестендіру 
математикалық 
келбетті 
тану 
аппаратының көмегімен жүргізіледі. Бұндай сәйкестендіруді «қол таңбаны алу» 
(«finger-print») немесе «тұлғалардың қол таңбасы» («vapor-print») деп атайды.
Осыған байланысты «электронды тіл» тағам өнімдерінің сандық және 
сапалық дәмін анықтауға көмектеседі және адамға сенсорлық қабылдау арқылы 
объективті шкаланы құруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бұл құрылғыларды 
сәйкестендіру мақсатында кофенің, шараптың, ұлттық алкоголды сусындардың 
(виски, джин, саке және т.б), минералды судың, сүттің, кейбір көкөністердің 
және басқа да тағамдық өнімдердің дәмін анықтау үшін қолданады.
«Электронды мұрын» («е-nose») – бұл адамның иіс сезу мүшесінің 
жұмысын алмастыратын биосенсорлы матрица негізіндегі булы ұшқыш заттар 
анализаторы болып табылады. Ол жүздеген әр түрлі химиялық компоненттері 
бар булы ароматты заттардың спецификалық қоспаларын иіс сезу тұлғасына 
білуді қамтамасыз етеді.
«Электронды мұрын» - ның негізін сенсорлық матрица құрайды, ондағы 
биосенсор химиялық сәйкестігі бойынша талданатын булы (газ) қоспаның 
жекеленген компоненттеріне қарай таңдалып алынады.
«Электронды мұрын» - да аутентикалығын және кофенің, алкоголды 
сусындардың, шоколадтың, дәмдеуіштердің, соустың және басқа да тағамдық 
заттардың скрининг анализін құру үшін иісті (аромат) қалыптастыратын 
ұшқыш белсенділігі бар негізгі компоненттерін кеңінен қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет