Диханбаева ф. Т., Джетписбаева б. Ш., Матибаева а. И


  Жалпы сапа менеджмент (TQM) концепциялары



Pdf көрінісі
бет56/64
Дата26.01.2023
өлшемі1,2 Mb.
#63057
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   64
7.7. 
Жалпы сапа менеджмент (TQM) концепциялары 
Ұйымның қызметі табысты болу үшін оны жүйелі түрде және сырттан 
бақылай отырып басқару керек. Ұйымды басқаруға менеджменттің басқа 
аспектілерімен қатар сапа менеджменті де кіреді. Сапа саласындағы саясат – 
жүйенің негізгі құжаты. Ол СМЖ-ның қалыптасуын және қызметінің мақсатын, 
сонымен қатар қойылған мақсаттарға жету бойынша жоғары басшылықтың 
міндеттерін белгілейді.
Сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу процесі келесі 
кезеңдерден тұрады:
1. 
СМЖ моделін таңдау;
2. 
Кәсіпорын қызметін таңдалған модель талаптарымен салыстыру;
3. 
Кәсіпорын қызметін қажет болған жерде қайта жасау;
4. 
Кәсіпорын қызметі модель талаптарына сай екендігін дәлелдейтін 
СМЖ құжаттарын әзірлеу және енгізу;
5. 
Қызмет процестерінің тиімділігін арттыру мақсатында СМЖ-ны 
сертификаттау;
6. 
Процестерді үздіксіз жетілдіру негізінде қызметті жақсарту. 
Қызмет көрсету сапасын арттыру міндетін шешу басқарудың кешенді 
жүйесін жасау қажеттілігімен байланысты. Тек кез-келген процестің нәтижесін 
бағалауға сүйене отырып жасалған мұндай жүйе түбегейлі негізсіз болып 
табылады.
СМЖ көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге және осы 
сапаны тұтынушылардың сұранысына икемдеуге арналған жүйе. Сонымен 
қатар СМЖ-ның басты мақсаты – әрбір қызметті жеке бақылау емес, қызмет 
сапасының төмендеуіне себеп болатын қателерді болдырмайтын жүйені жасау.
СМЖ құрылымы келесі элементтерден тұрады: ұйым, процестер, 
құжаттар, ресурстар.
ISO анықтамаларына сәйкес ұйым – жауапкершілігі, өкілеттілігі және 
өзара қарым-қатынас бөліп таратылған қажетті құралдар мен қызметкерлер 
тобы.
Процесс – «кірісті» «шығысқа» айналдыратын, қызметтің өзара 
байланысқан және өзара әрекеттесетін элементтер жиынтығы. Сонымен қатар 
процестің «кірісі» әдетте басқа процестің «шығысы» болып табылады.
СМЖ-да процедура ұғымының мағынасы маңызды. Процедура – қызмет 
немесе процесті іске асырудың белгіленген амалы. Сөйтіп, процедура деп, бір 
жағынан, процесті (немесе процестердің жиынтығы), ал, екінші жағынан, 
процесті орындаудың дұрыс амалын қалыптастыруын айтады.
Құжат – тиісті тасымалдаушыда орналастырылған ақпарат (маңызды 
деректер).
СМЖ-ның ресурстары – сапа менеджментін қамтамасыз ететін ресурс 
(адами,уақытша, материалдық және т.б.).
Ұйымда СМЖ-ны әзірлеу үшін не қажет?
1. 
Қызметтің негізгі процестерін сәйкестендіру;


105 
2. 
Процестердің өзара әрекеттесуін және ретін белгілеу;
3. 
Жұмыс және процестерді бақылау тиімділігін қамтамасыз ету үшін 
қажетті әдістер мен критерийлерді анықтау;
4. 
Процестерді бақылау және жұмысты жүргізу үшін қажетті 
ақпаратпен және ресурстармен қамтамасыз ету;
5. 
Процесті бақылау, өлшеу және анализ жасау;
6. 
Жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу және процестерді үнемі 
жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет