102
- ИСО 9002 «Сапа жүйесі. Өндіру және жөндеу кезінде сапамен
қамтамасыз ету үлгісі»;
- ИСО 9003 «Сапа жүйесі. Соңғы бақылау мен сынау кезінде сапамен
қамтамасыз ету үлгісі»;
- ИСО 9004 «сапаны жалпы басқару және сапа жүйесінің элементтері.
Басты нұсқаулар».
ИСО 9000 сапа саласындағы негізгі түсініктер арасындағы байланыстар
мен айырмашылықтарды айқындау үшін пайдаланылады. Өндіріс ішінде
сапаны басқару мәселелерін шешу үшін (ИСО 9004) және сапа жөнінде сыртқы
қатынастарда қолдану үшін (ИСО 9001, 9002, 9003) пайдаланылады.
ИСО 9001 жобалау және (немесе) зерттеме, өндіру, жөндеу және қызмет
көрсету сияқты бірнеше этапта белгілі бір
талаптарға сәйкестік өнімді
жеткізушілермен қамтамасыз етілген жағдайда қолданылады.
ИСО 9002 жөндеу және өндіріс үрдісі кезінде белгілі бір талаптарға
сәйкестік өнімді жеткізушілермен қамтамасыз етілуі тиіс болған жағдайда
қолданылады.
ИСО 9003 белгілі бір талаптарға сәйкестік тек қажетті моделді таңдау
кезінде өнімді жеткізушілермен қамтамасыз етілуі тиіс болған жағдайда
қолданылады және алты фактор ескерілуі қажет:
- жобалау үрдісінің қиындығы;
- жобаның негізділігі;
- өндіріс үрдісінің күрделілігі;
- өнім немесе қызмет түрінің сипаттамасы;
- өнім немесе қызмет түрінің қауіпсіздігі;
- экономикалық фактор.
Сапа жүйесінің элементтері құжатталған және олардың шынайылығы
таңдалынып алынған модель талаптарына сай болуы керек.
ИСО 9004 өнім немесе қызмет сапасына сұранысты айқындаудан бастап
тұтынушыны қанағаттандыруға дейінгі сапа ілмегінің барлық этаптарында
сапаға
әсер ететін техникалық, әкімшілік және адами факторларды ескеретін
басты құжат болып табылады.
Тұтастай алғанда, ИСО 9000-9004 стандарттар топтамасы бұл салада
жинақталған тәжірибелерді бейнелейтін құжаттар жинағы болып табылады.
Әрбір ұйымның негізгі мақсаты шығаратын өнімнің және көрсетілетін
қызметтің сапалығы болып табылады, олар:
- пайдаланылатын немесе тағайындалған саласы бойынша нақты
айқындалған қажеттіліктерге жауап береді;
- тұтынушы талаптарын қанағаттандырады;
- қолданылатын стандарттарға сәйкес;
- қолданыстағы заңнамаларға сай;
- тұтынушыға қолжетімді бағамен ұсынылады;
- пайда табуға себепші болады.
Сапаны басқару жүйесі бір-бірімен байданысты
екі аспектіні ескеруі
қажет:
103
- ұйымның, өндірістің қажеттіліктері;
- тұтынушының қажеттіліктері мен талаптары.
Нарықты зерттеуден бастап, тұтынушы қажеттілігіне дейін қамтитын
өнімнің тіршілік айналымының барлық этаптарына өнімнің сапа жүйесінің
әсері таралады және келесілерден тұрады:
- нарық маркетингі, ізденістер мен зерттеулер;
- техникалық талаптарды жобалау және жасау;
- материалды-техникалық жабдықтау;
- өндірістік үрдістерді ойлап табу және дайындау;
- сынақтар мен тексерулер жүргізу, бақылау;
- қаптау және сақтау;
- өнімді орналастыру және өткізу;
- жөндеу және пайдалану;
- техникалық көмек және қызмет көрсету;
- пайдаланудан кейінгі кәдеге жаратпау.
Маркетинг қызметі өнім сапасына қойылатын
талаптарды айқындауда
маңызды орын алуы керек. Ол:
1.
өнімге немесе қызметке деген қажеттілікті айқындауға;
2.
нарық сұранысына дәл анықтама беруге;
3.
тұтынушы талаптарына айқын анықтама беруге;
4.
тұтынушы талаптары жайлы өндіріс шеңберінде айқын ақпарат
беруге міндетті.
ИСО стандарттарының 9000 топтамасын енгізу ӨСБКЖ күшін жояды
деген мағына бермейді. Бұл жүйенің барлық үш негізгі бөліктерінің - сапаны
басқару,
сапамен қамтамасыз ету, сапаны бақылаудың айтарлықтай
тереңдетілуі арқылы, оның әрі қарай дамуы мен жетілуін білдіреді.
ӨСБКЖ жалпы өндіріске қатысты, ал ИСО стандарттары нақты өнімге
ғана қатысты қарастырылатынын есте сақтау керек.
Бақылау сұрақтары:
1.
Өнім сапасын жобалау дегеніміз не?
2.
Тұтынушы мен жеткізушінің өнім сапасы бойынша кәсіпорын
арасындағы қарым-қатынастарды ұйымдастыру неге бағытталған?
3.
Маркетинг деңгейінде не анықталады?
4.
Маркетинг қызметі өнім сапасына қойылатын талаптарды айқындауда
қандай маңызды критерийлері қарастырылады?
5.
Сапаны басқару жүйесі бір-бірімен байданысты неше аспектіні ескеруі
қажет?