Диханбаева ф. Т., Джетписбаева б. Ш., Матибаева а. И


 Қызмет көрсету саласы өндірістеріндегі сапа жүйесі



Pdf көрінісі
бет58/64
Дата26.01.2023
өлшемі1,2 Mb.
#63057
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   64
 
7.8. Қызмет көрсету саласы өндірістеріндегі сапа жүйесі 
Сапа жүйесі – бұл сапаны жалпы басқаруды жүзеге асыруға арналған 
ұйымдастыру құрылымдарының, әдістердің, үрдістер мен ресурстар
жиынтығы 
Сапа жүйесінің үш негізгі аспектілерінің ішінде тұтынушы орталық 
орында. Ол қызмет көрсету саласында, соның ішінде қоғамдық тамақтану 
өндірістерінде 
басшылықтың, 
қызметкерлердің 
және 
материалдық 
ресурстардың, сонымен қатар сапа жүйесінің құрылымдарының үйлесілімділігі 
болған кезде ғана тұтынушының қанағаттанатынын көрсетеді. 16 суретте сапа 
жүйесінің басты аспектілері көрсетілген. 
 
16 сурет. Сапа жүйесінің басты аспектілері 
Сапа 
жүйесінің 
элементтері 
қызмет 
көрсету 
саласында 
кәсіпорындардың өндірістік қызметінің негізгі кезеңдері бойынша қалыптасады 
және келесілерді қамтиды: 
- маркетинг; 
- жобалау; 
- материалды-техникалық жабдықтау; 
- қызметтерді көрсету; 
Басшылықтың 
жауапкершілігі 
Тұтынушымен тікелей 
әрекеттесу 
Сапа жүйесінің 
құрылымы 
Қызметкерлер мен 
материалды 
ресурстар 


109 
- бақылау, сынақ және зерттеу жүргізу; 
- тұтынушыға қызметті көрсету (жүзеге асыру); 
- тұтынушыдан алынған мәліметтерді жинау және талдау. 
Маркетинг қызметке деген сұранысты, тапсырыс берушінің талаптарын, 
нарықтың өзгерістері мен беталыстарын анықтаудан бастап, тұтынушылармен 
кері байланыс орнатуға дейінгі шаралар жиынтығынан тұрады. 
Жобалау қысқаша сипаттаманың техникалық шарттарға (ТШ), қызметке, 
технологиялық үрдіс талабына, қызметтің орындалуына, сапаны басқаруды 
жүзеге асыруға айналуын қарастырады.
Мысалы, 1) мейрамхана қызметінің сапасының басты элементтері – 
тағамды дайындау және оны дайындау уақытының тапсырыс берушіні күту 
жылдамдығына әсері; 
2) өлшеу және бақылауға арналған сипаттама – тағам құрамына кіретін 
компоненттерін дайындауға кеткен уақыт
3) бағалау әдісі – тағамды дайындау және оны ұсынудың бақылау 
хронометрансы; 
4) шара (әрекет) – тапсырысты орындау нормативін сақтауды 
қамтамассыз ете алатын қызметшілерді және тағам дайындалуға арналған 
бастапқы шикізатты ұтымды орналастыру.
Қазіргі кезде, шығарылатын өнім мен ұсынылатын қызметтің тұрақты 
сапаға ие болуының негізгі шарты - өнеркәсіп сапа жүйесіне қатысты ИСО 9000 
стандарттарының талаптарын орындау болып табылады 
Әрі қарай, бастысы өнім мен қызмет сапасын жоғарылатуға бағытталған 
үрдіс сертификацияға қатысты мәселелерді қарастырамыз. 
Бақылау сұрақтары: 
1. 
Сапа жүйесі дегеніміз не? 
2. 
Сапа жүйесінің неше аспектіге бөлінеді? 
3. 
Сапа жүйесінің элементтері деген не? 
4. 
Қысқаша сипаттаманың техникалық шарттарға (ТШ), қызметке, 
технологиялық үрдіс талабына, қызметтің орындалуына, сапаны басқаруды 
жүзеге асыруға айналуын қарастыратын элемент. 
5. 
Бағалау әдісі дегеніміз не? 


110 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет