24
физиологиялық жүйелер арқылы атқарылады. Ол қозғағыш жəне
жағдайлық тітіркендіргішті бағалаудан басталып, шешім қабылдау
мен болашақ нəтижені алдын ала болжауды қалыптастырады. Со-
дан кейін əрекет нəтижесін салыстырғыш (акцептор) аппарат іске
қосылады
(6-тараудағы 36-суретті қараңыз). Физиологиялық жүйе
лимбия, торлы құрылым жəне ми қыртысының белгілі аймақтарын
қамтиды.
Бейімделу кезінде ақиқатты бейнелеу негізгі шартты рефлекстер
арқылы жасалады. Ол əсіресе, бейімделудің сақтық жəне ишаралық
мəнін айқын бейнелейді.
Жоғарыда айтылғандай, əрбір бейімделу, əсіресе, төтенше
жағдайларда, зор энергия шығынымен тіршіліктің маңызды
жүйелерін реттеуші механизмдердің күш салуын талап етеді. Бұл
бейімделудің алғашқы сəттерінде компенсациялық механизмнің
белсендірілуі арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы компенсациялық механизмдер ортаның төтенше фак-
торларынан туатын алғашқы рефлекстік реакция. Ол организмдегі
əрекеттер биологиялық маңызы бойынша организмнің қосалқы
амалдарының негізгі бөлімі болып саналады. Олар – өте жылжы-
малы, организмнің апаттан шығу
жағдайларын қамтамасыз ететін,
жедел пайда болатын физиологиялық амалдар. Сондықтан бұл
тиімді компенсациялық механизмдер барабар емес жағдайларға
бейімделудің тиянақты кезеңі дамығанша ұстап тұрады.
Организмнің бейімделу механизмдері ішінде эндокриндік
жүйенің мəні өте зор. Мұны тұңғыш анықтаған канадалық ғалым
Г. Сельенің (1935) айтуынша, бейімделудің негізін гипоталамус-
гипофиз адренокортикалық жүйенің белсенділігі құрайды. Мұны
организмнің стресс жағдайларында байқауға болады.
Стресс –
ортаның күші мен қасиеті əртүрлі факторларына жауап ретінде туа-
тын организмнің арнайы емес реакциясының жиынтығы. Бұл күйдің
биологиялық мəні – ортаның жаңаша
жағдайларына икемдеуші
механизмдерінің іс-əрекетін көтеру. Икемделу реакциялары
неғұрлым жоғары болса, соғұрлым организм қоршаған ортаның
төтенше жағдайларына төзімді келеді жəне жылдам бейімделеді.
Г. Селье организмнің төзімділік қасиетінде жетекші мəні бар
негізгі жүйелік əсерленіс тек аденогипофиз жəне бүйрекүсті безі
гормондарының белсенділігі деп санады. Алайда, ол стресс кезінде
гормондардың рөлін ерекше дəріптегенімен, кейінгі еңбектерінде
25
бейімделуге басқа механизмдердің де қатысатындығын теріске
шығарған жоқ. Расында, тітіркендіргіштердің əсері
вегетативтік
жүйке арқылы əркелкі ұлпаларға, оның ішінде бүйрекүсті безінің
милы қабатына жететіндігі дəлелденді. Сөйтіп соңғыларда адре-
налин мен норадреналинді жұмылдыратындығы анықталды. Ал
басқа жүйке жолдары гипофиздің сыртқы бөлігінде вазопрессинді
белсендіріп, қан тамырлары жүйесі мен бүйрекке ықпал жасайды.
Қазіргі кезде бұл механизмдер көптеген жұмыстарда одан əрі
дəлелдене түсуде. Мысалы, біздің зерттеулерімізде Пəкістанның
орталық жəне оңтүстік жазық аудандарын мекендеген студенттердің
Семей қаласының климаттық жағдайына бейімделуін зерт-
теу барысында вегетативті жүйке жүйесінің функциялық күйі
зерттелінген 81,4% шетелдік студенттердің симпатикалық жəне
парасимпатикалық тонус қатынасының бұзылуымен жəне 80,0%
– вегетативті реактивтілік өзгерістерімен сипатталған. Ол
аудан-
дар мынадай климаттық ерекшеліктерімен сипатталады: елдің
үлкен бөлігі құрғақ континенталды субтропикалық климат болып
келеді. Қаңтар айында Үнді жазығында температура +12°С-тан
+16°С-ге дейін болады, аязды күндер кейде ғана -20°С-ге жететін
тек елдің солтүстігіндегі тауларда байқалады. Қаңтарда орташа
температура +14°С, шілдеде +30°С мөлшерінде болады. Ал Семей
қаласының қысқы айларында ауаның орташа температурасы -14°С
(Б. А. Жетпісбаев, А. Ш. Қыдырмолдина, 2003).
ВЖЖ функциялық күйі бұзылған
студенттерде иммундық
жүйе көрсеткіштерінің өзгерістері жоғары деңгейде болған. Бұдан
бейімделу үдерісінде орын алған организмде жүретін өзгерістер
атап айтқанда, вегетативті жүйке жүйесі күйімен байланысты екенін
көруге болады.
Сонымен қатар стрессорлық факторлардың əсерінен гипофиздің
алдыңғы бөлігінде кортикотропинмен бірге соматотропин жəне го-
надотропин гормондарының түзілуі жеделдейді. Қазіргі кезде бұл
құбылыстар гипоталамустың «босатушы (рилизинг) факторлары»
арқылы жүзеге асырылатындығы күмəнсіз сипатталды. Ол əрине,
өзінің ықпалын мидың басқа құрылымдарымен (лимбия жүйесі,
орталық ми) бірігіп іске асырады.
Организмнің стрессорлық реакцияларына бүйрекүсті безінің
тағы бір гормоны – альдостерон қатысады. Ол өзінің əрекетін ре-
нинангиотензин жүйесі арқылы жүзеге асырады. Сондықтан бұл
26
реакция кезінде симпатикалық-адреналдық жүйемен
байланысты
қан айналысы мен су-тұз гомеостазына қатысты бүйрек қызметінің
көрсеткіштері өзгереді.
Организмде күйзеліс кезінде жаңа жағдайларға икемделудің жал-
пылама реакциялары байқалады. Мұндай стереотипті жауаптардың
жиынтығын Г. Селье
бейімделудің жалпы синдромы деп атады. Ол:
абыржу, төзімділік (резистенттілік) жəне түгесілу (əлсіреу) сияқты
3 сатыдан өтеді.
Абыржу сатысы естен тану (шок) жəне оған
қарсы кезеңдерден тұрады. Бұл кезеңде орталық жүйке жүйесінде
өзгерістер пайда болады, жабырқау, гипотония, гипотермия,
мембрананың өткізгіш қасиеті мен зат алмасу нашарлайды. Естен
тануға қарсы кезең қарама-қарсы көріністермен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: