179
Мусафир. Жолаушы, тұрғылықты емес. Бұл термин шариғаттың «Намаз» та-
рауында қолданылады. Ислам шариғаты бойынша, муқим, яғни тұрғылықты адам
намаздарын толық оқиды, ал мусафир, яғни жолаушы адам төрт ракағатты парыз
намаздарын екі ракағатты қылып қысқартып оқиды.
Мусахафа ةحفاصم – қол беріп амандасу. Хадис ілімінде: егер хадисті риуа-
ят еткен адамның шейхының
сәнадындағы рауилер саны,
мысал ретінде, имам
ән-Нәсәидің сәнадындағы рауилер санымен тура келсе, алғашқы сәнадты риуаят
еткен адам имам ән-Нәсәимен қол беріп амандасқан сияқты болып есептеледі. Яғни
хадистің сәнадында имам ән-Нәсәимен кездесіп, қол беріп амандасқандай болады.
Қара: мусәуә.
Достарыңызбен бөлісу: