келеді. Оны тазалау үшін қыздырғышта бумен қыздырып, үстіне әк (кальций гидроксиді)
ерітіндісін қосады. Кальций гидроксиді шырын құрамындағы органикалық қышқылдармен
әрекеттесіп, тұнба түзеді. Ал сахароза кальций гидроксидімен тұнбаға түспейтін ерігіш
сахарат түзеді: С12Н22О11 • СаО • 2Н2О. Бұл затты көміртек (IV) оксидімен өңдейді.
Кальций карбонаты тұнбаға түсіп, қант ерітіндісі алынады:
С
12
Н
22
О
11
• СаО • 2Н
2
О + СО
2
→ С
11
Н
22
О
11
+ СаСО
3
+ 2Н
2
О
Шырын
ерітіндісі
арнайы
тұндырғышта тұндырылады да, вакуум
сүзгілерде сүзіледі. Бірнеше қайтара
сүзілген шырынның түсі сарғыштау болады.
Тазарту үшін оны қайта сұйылтып,
белсендірілген көмір арқылы өткізеді.
Ерітіндіні қайтадан буландырып, қантты
кристалдандырады. Осыдан кейін ғана
алынған қант кристалдары кептіргішке
жіберіледі. Ол жерден кеуіп шыққан қант
арнайы шанаққа келіп түседі де, 50 немесе
100 кг-нан қапталады. Қант өндірісінде
қанттан басқа да қалдық өнім шығарылады.
Қант тек қант қызылшасынан ғана
емес, қант қамысынан да өндіріледі. Мұның қызылшадан қант өндіруден өзгешелігі —
шырын алу процесінде ғана. Шырын алу үшін қант қамысы арнайы біліктермен
жанышталады. Содан соң шырын тазартылып сүзіледі. Қалған процесі қызылшадан қант
өндіру процесі сияқты. Кесек, яғни шақпақ қант алу үшін құмшекерді ерітіп, ол ерітіндіні
сүйек күлі арқылы сүзеді де, төменгі қысымда қайнатады. Қою қант массасы қалыпқа
құйылады немесе престеледі.
2014- жылы қазақстанда қант өндірісі жылына 750 мың тоннаға жетіп, ішкі
қажетіліктің 83 пайызын қамтуға мүмкіндік бермек. Бұл туралы ауылшаруашылығы
министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Естеріңізге сала кетсек 2008- жылы ел
аумағында барлығы 130 мың тонна қант өндіріліп, бұл сұраныстың тек 3 пайызын ғана
қамтығаны белгілі. Өндірісті еселеу үшін қант қызылшасын өңдейтін жаңа зауыттар
салынып, демеу қаржы бөлінеді, қант даярлайтын зауыттарға квота бөлу жоспарда бар. Ал,
қант қызылшасын сатып алуға субъсидия беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: