Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары



Pdf көрінісі
бет18/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   77
Байланысты:
Лекция Такырыбы П нге кіріспе Жоспары Физиология п ні, бас а с

Ортаңғы ми 
Ортаңғы ми воролий көпірі және сопақша мимен бірге ми бағанының негізін құрады. Оның сырт 
жағыңда ми қақпағы, іш жағында ми аяқшалары орналасқан. Ортаңғы мидың сұрғылт заты құрамына төрт 
төмпешік, қара зат, қызыл ядро, III және IV жұп ми жүйкелерінің ядролары мен торлы құрылым кіреді. 
Ортаңғы ми арқылы жоғары қарай көру төмпешігіне (таламусқа), мишыққа баратын жолдар, ми 
қыртысынан, жолақ денеден, гипоталамустен темен қарай бағытталған ортаңғы миға, сопақша миға, 
жұлынға баратын жолдар етеді. 
Төрт темпешік пен көз алмасын қозғайтын жүйке (ІІІ-жұп) ядролары ортаңғы мидың сырт жағында, ал 
ішкі жағыңда қара зат, қызыл ядро және IV жұп шығыршықтық жүйке нейрондары орналасқан. 
Көз алмасын қозғайтын III жұп аралас жүйке тармақтары арасында көздің қиғаш еттерінен басқа 
еттерді жиырылтатын қозғалтқыш талшықтармен қатар көз еттерінен орталыққа тебетін сезімтал жүйке 
талшықтары бар. Мұнымен қатар бұл жүйкенің арасында ортаңғы мида орналасқан парасимпатикалық 
ядроның преганглийлік талшықтары бар. Бұл жүйке серпіністерін кірпіктік түйіннен екінші нейронға 
жеткізеді. Бұл түйіннен басталған постганглийлік талшықтар көздің қарашығын тарылтатын етті жиыратын 
эфференттік жүйке. Ми жүйкелерінің IV жұбы да - аралас жүйке. Талшықтар арасында көздің жоғарғы 
қиғаш етін жиырылтатын қозғалтқыш талшықтармен қатар еттің өз қабылдағышынан шыққан серпіністерді 
орталыққа жеткізетін сезімтал талшықтар да бар. 
Төрт төмпешік алдыңғысы көру қабылдағыштарының тітіркенуіне байланысты қимылдарды жүзеге 
асыратын орталық. Бұл орталыққа серпіністер көру жүйкесінің бұтақтары арқылы жетеді. Төмпешік 
тұсында көз алмасын қозғалтатын жүйкенің ядросы орналасқан. Сондықтан көздің тор қабатынан келіп 
түсетін серпіністер алдыңғы төмпешіктен шығып көз алмасын қозғайтын жүйкенің ядросына, ортаңғы мида 
орналасқан басқа да қимыл реттеуші ядроларға оп-оңай жетеді. Осы байланыстардың арқасында көздің 
бастың, дененің жарық түскен жаққа қарай бұрылуы, көз қарашығының тарылуы және аккомодация 
рефлекстері пайда болады. Аталған рефлекстер көру орталығы орналасқан ми сыңарын алып тастаса да 
жойылмайды. Артқы төмпешіктердің естуге қатысы бар, олардың қатысуымен әуелі есту соған қарай жөн 
табу рефлекстері орындалады, яғни құлақ жарғағы, бас қатты дыбыс шыққан жаққа қаран бұрылады. Бұл 
рефлекстер де үлкен ми жарты шарын алып тастадан жағдайда жойылмайды. 
Төрт төмпешікті дене кенеттен (байқаусызда) әсер еткен тітіркен- діргіштерге жауап ретінде қорғаныс 
рефлекстерін туғызады, сондықтан олар сақтық не старт рефлекстері деп аталады. Мәселен, ыдыстағы 
сұйық зат байқаусызда төгіліп кетсе, адам оның қауіп қатерін түсінбестенақ тез, лезде бір жаққа қарай 
ығысады, жалт береді. 
Қызыл ядро орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен және ми қыртысымен тығыз байланысқан. 
Ол қаңқа еттерінің тонусын реттейтін қозғалыс орталық. Егер мысықтың ми бағанын көлденең қызыл 
ядродан жоғарырақ жерден тіліп жіберсе, оның жүріс-тұрысында айтарлықтай өзгерістер тумайды. Ал миды 
қызыл ядродан төменірек жерден кессе, мысықта децеребрациялық мелшию (құрысу - ригидность) белгілері 
пайда болады: барлық қаңқа еттері әсіресе жазылу еттері ширығып, қатаяды. Осыған орай мысықтың басы 
қақшиып шалқаяды, жотасы созылып, сирақ буындары жазылып, тікірейе сіресіп қатаяды, құйрығы тік 
көтеріледі. Ол ағаш аяққа мініп тұрғандай болып көрінеді. Қақшиған сирағын күшпен бүгуге болады, бірақ 
қоя берсе қайтадан қақайып қалшиып қалады. Мысықта мұндай құбылыс қызыл ядро мен жұлынды қосатын 
жол - Манаков будағы (руброспинальдық) бұзылса да болады. Қызыл ядро мен артқы мида орна- ласқан 
Дейтерс ядросының жұлынға деген әсері бір-біріне қарама-қарсы. Қызыл ядродан басталатын Манаков 
будасы жұлынның “бүгетін” орталығының альфа және гамма мотонейрондарын қоздырады және “жазатын” 
орталығын тежейді. Ал Дейтерс ядросынан шығатын кіреберіс - жұлындық жол “жазатын” орталықтарын 


қоздырады да “бүгетін” орталықтарды тежейді. Сондықтан Манаков будасы кесілгенде Дейтерс ядросы ғана 
жұлынға әсер етеді. Дейтерс ядросын коагуляция жасап бұзса децеребрациялық мелшию жойылады. 
Сонымен Дейтерс ядросының қызыл ядроға қарама-қарсы әсері тоқталған соң, белсенділігі күшейіп 
жұлынның “жазатын” мото-нейрондарын қоздырады да “бүгетін” орталықты тежейді. 
Адамда децеребрациялық мелшию қыртысасты ядролардың қыз- метінің бұзылуына байланысты. 
Децеребрациялық мелшию жағдайындағы жануар жұлынының артқы түбірін кесіп тастаса мелшию 
жойылады. Бұл децеребрациялық мелшию кезінде қозган орталықтардың тонусын шеттен келетін 
серпіністер де бір қалыпты сақтайтынын көрсетеді. 
Қара зат. Нейрондарындан қара пигмент көп болғандықтан ядро қара болып көрінеді. Мұның қызметтік 
маңызы осы күнге дейін толық анықталмаған. Дегенмен де оның қыртыс және қыртыс астындағы түпкі 
(базалдық) ядролар торлы құрылыммен бірге қаңқа әсіресе саусақтардың нәзік және нақты қимылдарын 
қамтамасыз ететін еттердің тонусын реттейтіні анықталды. Қара зат экстрапирамидалық жүйеге жатады. 
Электр тогымен қара затты тітіркендірсе шайнау, жүту еттері жиырылады. Сондықтан мұнда шайнау мен 
жұту үрдістерін үйлестіретін орталық бар деген де пікір бар. Соңғы кезде қара затта жолақты денедегідей 
дофамин түзілетіні анықталды. Бұл құрылымының жолақты денемен байланысы бұзылса Паркинсон ауруы 
пайда болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет