Физиологияның зерттеу әдістері. Физиологиялық үрдістер өте үде- мелі өзгеріп отыратын
құбылыстар. Оларды анықтау тәсілдері физиоло- гияның даму кезеңдеріне және шектес ғылымдардың
жетістіктеріне сәйкес қалыптасты. Сондықтан мұның бірнеше бағытын талдауға болады.
1) Бақылау әдістері - физиологиялық құбылыстарды қалыпты жағдайда және әр түрлі әсерлерден кейін
қадағалауға мүмкіндік береді. Тірліктік өрекеттер жылжымалы болғандықтан, бұл әдетте, 2-3 үрдісті қамти
алады.
2) Тіркеу әдістері - физиологиялық құбылыстарды механикалық және электрлік тәсілдермен жазып
алады.
3) Тітіркендіру әдістері — тірі құрылымдардың, ағзалар мен тіндердің күйін өзгерту мақсатымен
механикалық (кесу, түйреу), биологиялық (егу, уландыру), химиялық (тұздар, қышқылдар, дәрілер),
физикалық (дыбыс, сәуле, электр ағыны, температура т.б.) түрткілердің әсерін қолданады.
4) Электрофизиологиялық әдістер - қозғыш тіндер мен ағзалардың электрлік құбылыстарын және
әртүрлі электрлік емес көрсеткіштерді (ультрадыбыс, электромагнит толқындары т.б.) тіркегіштер мен
күшейткіштер қолданып осы амалмен тіркейді.
5) Өткір тәжірибе әдістері - жануарларға вивисекция (тәнтілу), олардың мүшелерін, ағзаларын, тіндерін
оқшаулау тәсілдерін жасайды.
6) Созылмалы тәжірибе әдістері - жануарларға тірідей операция жасап, олар жазылғаннан кейін ұзақ
уақыт бақылайды. Бұл әдісті физиологияға алғашқы енгізген И.П. Павлов болатын, сөйтіп ол организмді
бөлшектеп қараудың (анализ) орнына, біртұтас жүйе ретінде (синтетездік) тексеруге мүмкіндік жасады.
7) Аспаптық әдістер - физиологиялық зерттеулер нәтижесінде медицинаға әртүрлі үрдістерді тексеру,
ауруларды анықтау (диагноз) және емдеу (терапия) үшін арнайы аспаптар ұсынады.
Физиологияның негізгі әдісі — тәжірибе жүргізу. Тәжірибе үш нұсқада (вариантта) жүргізіледі: жедел тәжірибе,
созылмалы тәжірибе және мүшелердің қызметін модельдеу.
Жедел тәжірибеде малға наркоз беріп, хирургиялык операциялар жасайды да, ішкі ағзларға әсер ету
арқылы (тітіркендіру, тамырларды қию, дәрі-дәрмектер жіберу) олардың тіршілік әрекеттеріндегі өзгерістерді
бақылайды. Жедел тәжірибелер тобына мүшелерді бөлектеу-жекелеу әдісі де жатады. Бөлектенген ағзаларды (бауыр,
жүрек, бүйрек т.б.) шаймалап - перфузиялап (тамырлары арқылы қоректік заттар қуалап) немесе қанды алмастыратын
изотониялық ерітінділерде ұстап, олардын тіршілік әрекетін ұзартып, зерттейді. Кейбір жағдайларда мүшелерді
денеден бөлектемей, олардың тамырларын арнаулы аппаратқа (мыс., жасанды жүрекке) қосып, қолдан қоректендіріп,
зерттейді. Созылмалы тәжірибелералдын ала арнаулы операция жасалған жануарларға жүргізіледі. Осы
мақсатпен малдың қарнына, ішектеріне фистула (көбек) қойылады, бездердің өзектері сыртка шығарылады,
тітіркендіру немесе биоток тарту мақсатымен ағзаларға электродтар қондырылады, тамырлар сүңгіленеді
(катетерлендіріледі) т.б. Соңгы кезде организмнің физиологиялық функцияларын арнаулы аппараттармен алыстан
бакылауға мүмкіндік беретін әдістер қолданылып жүр. Мысалы, мал организміне өте кішкентай радиотаратқыш
қондырып, оның әр түрлі функцияларын (тыныс алу, жүрек жұмысы, ішек-қарын жиырылуы т.б.) еркіндік
жағдайында бақылайды.
Функцияларды модельдеу әдісі
физиологиялық
болжамдардың
(организмнің
өсу
қарқынын, малдың сүттілігін) дұрыстығын тексеруге немесе модельдер арқылы кейбір функцияларды
бейнелеуге (нерв торшасы қызметін, күйіс малының мес қарнындағы процестерді т.б.), мүшелерді уақытша
алмастыра алатын аппараттар жасауға мүмкіңдік береді. Бүл әдіс организмді биокибернетикалық жүйе ретінде
қараудың негізіңде қалыптасқан.
Қазіргі кездегі физиология, басқа да ғылымдардың жетістіктерін кеңі- нен пайдаланып, медицина
салаларының дамуына ықпалын тигізуде.
Осы кездегі физиологиялық зерттеу жұмыстарында ғылым мен тех- ника жетістіктерін, кибернетика,
информатика, радиоэлектроника жа- ңалықтарын, есептеуші машиналарды, телеметрияны т.б. кеңінен қол-
данады.
Физиология мен техника ғылымдарының тығыз байланысынан био- ника, физиологиялық кибернетика
және кванттық медицина дамыды. Мұндай жетістіктер медицина ғылымынң басқа да жаңа салаларын
қалыптастырды.
Оған қоса қазіргі физиология ғылыми зерттеулерді кешенді түрде жүргізеді, шектес ғылымдардың
табыстарын, мәліметтерін мол пай- даланады. Соңғы кезде осының негізінде маңызды ғылыми нәтижелер
алынып отыр.
Мұнымен бірге физиологиялық зерттеулер жүйелі түрде жүргізіледі. Организмнің қызметін жүйелі
түрде зерттеу ондағы көптеген физио- логиялық жағдайларды түсінуді жеңілдетеді. Сондықтан тірі
организмді әрекеттік жүйелер теориясының тұрғысынан зерттеу басталды. Әрекеттік жүйелер теориясы
және оның әржақты қағидалары медицина, педагогика, психология, социология, техника т.б. ғылым
салаларында кеңінен қолданыс тапты.
Тірлік (функция) - жүйелер мен ағзалардың және жасушалардың арнамалы іс-әрекеті.
Үрдіс - белгілі бір нәтижені орындауға бағытталған әрекеттердің құбылыстары мен күйлерінің дәйекті
түрде алмасуы.
Жүйе - жалпы тірлігі бірдей ағзалар мен тіндердің жиынтығы (ты- нысалу, асқорыту, қанайналымы,
қортаныс, реттеліс, сөйлеу, өрбу т.б.).
Физиологиялық қалып (норма) - бұл тірі жүйенің оңтайлы тірлігінің шегі. Ол белгілі тетіктері арқылы
үйлесімді және нәтижелі деңгейде сақталады немесе жағдайға сәйкес жеткілікті мөлшерде өзгереді.
Тетік - тірлікті немесе үрдістерді реттеу тәсілі.
Реттеліс - ағзалар мен жүйелердің іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін оның ауытқуларын шектеу немесе
қалпына келтіру. Оның жергілікті, гуморалды (һumor - сұйықтық) және жүйкелік тетіктері болады.
Физиологияның зерттейтін нысаны дені сау тірі организм.