Еңбек физиологиясы - адам организмінің еңбектену кезіндегі қалып- ты жағдайын, жұмыскерлігін,
оған өндірістік әсерлерді тексеріп тиімді жұмыс істеу шараларын жүзеге асырады.
Жас физиологиясы - адам организмі мен ағзалары және жүйелері қызметінің туылған сәттен жеке
дамуының ақырына дейінгі қалыптасу және жойылу ерекшеліктерін тексереді.
Спорт физиологиясы - дене шынықтыру, машықтану тәсілдерін ғылыми тұрғыдан ұйымдастырады.
Суасты жүзу физиологиясы - теңізшілер мен сүңгушілер организміне сүңгуір қайықтардың ұзақ
уақыт жұмыс кезіндегі әсерін анықтайды.
Тамақтану физиологиясы - адамдардың жасына сәйкес әртүрлі кәсіби топтар үшін арнайы, ұтымды
тамақтану шарттарын қарастырады.
Психофизиология - адам психологиясы мен физиологиясы саласынан қалыптасқан. Ол әртүрлі
психикалық үрдістер (түйсік, есте сақтау, сезім, ойлау, сөйлеу т.б.) кезінде ақиқат байқалатын
физиологиялық өзгерістерді зерттейді.
Экологиялық физиология — адам организміне табиғаттың әралуан төтенше түрткілері мен орасан
жүктемелерінің әсерін тексереді.
Физиологияның аса маңызды саласының бірі - ауылшаруашылық жануарлар физиологиясы, оның
негізгі мақсаты мал мен құс шаруашылық өнімдерін ғылыми жетілдіру.
Физиология басқа мақсаттарына, зерттейтін нысандары мен әдісте- ріне байланысты қалыпты,
патологиялық және клиникалық болып бөлінеді.
Қалыпты физиология — дені сау адам организмінің қалыпты жағ- дайы, салауатты тұрмыс салтын,
әртүрлі әсерлерге бейімделу әрекетін тексеріп, оларды жақсарту амалдарын анықтайды. Қалыпты
физиологияның басты мұраты - адамның денсаулығын сақтау. Мұны қазіргі кезде денсаулық туралы ғылым
валеология (vale - сау болу, logos - ілім) зерттейді.
Организмнің қүрылысын білмей, оның функцияларын түсіну мүмкін емес, сондыктан физиологияны жан-
жақты ұғыну үшін анатомия, гистология және цитология пәндерін толық меңгеру керек. Сонымен қатар
физиологиялық процестерді зерттеу үшін химия мен физика, биология мен биофизика зандылықтарын
білудің маңызы зор. Физиологиялық зерттеулерде спектрофотометрия, рентгенография, т.б. әдістер, радиоактивті
изотоп, электр өлшеуіш аппараттары т.с.с кеңінен қолданылады. Организмдегі әр түрлі процестердің арасындағы
ішкі байланыстар мен олардың өзара әсерлерін реттеудің жалпы принциптерін ашуда кибернетика мен
математикалық модельдеу әдістері де пайдаланылады. Физиологиялық процестердің мәнін үғыну үшін эволюциялық
ілім мен эмбриологияны, жануарлар дүниесінің жалпы даму заңдылықтарын білу кажет. Өз кезегінде физиология
медицина мен ветеринарияның арнаулы салаларының негізі болып саналады.
Физиология ғылымы медицина мен гигиенада өте маңызды орын алады. Расында, организмнің қалыпты
қызметін, денсаулыққа тән көрсеткіш- терін жете білмей, ауруды емдеуге болмайды. Сондықтан қалыпты
фи- зиология барлық медициналық ғылымдардың теориялық негізі деп есеп- теледі. Демек, физиология,
организмнің қалыпты жағдайдағы әсерінен ауытқу мөлшерін білуде, медициналық және гигиеналық білім
алу бары- сында профилактикалық жұмыстарды, еңбек және тынығу режимдерін ұйымдастырғанда, ауруды
емдегенде өте қажет ғылым.
Физиологияның жас ерекшеліктері туралы саласы педагогика, пси- хология, валеология және дене
тәрбиесі ғылымдары үшін өте қажет.
Балалардың денсаулығын сақтауды, олардың өсуі мен дамуына оңтайлы жағдайларды қамтамасыз
етуді, мұғалімдердің жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы жөнінде, тиісті білім қоры болған кезде
ғана жүзеге асыруға болады. Мұның өзі мұғалімнің өскелең ұрпаққа адамгершілік, әсемдік, еңбек, ақыл-ой
және дене тәрбиесін беруін ойдағыдай жүзеге асыруына жәрдемдеседі.