Жас физиологиясы организмнің тіршілік әрекетінде жеке дамудың (онтогенез) әр түрлі
сатысындағы
ерекшелерін тексереді.
Экологиялық физиология организмнің тіршілік әрекеттеріңде мекендеу ортасы
мен табиғи географиялық
жағдайларға байланысты туындаған ерекшеліктерді анықтайды.
Салыстырмалы физиология - жануарлар әлемінің әртүрлі өкілдерінің тірліктік негізін, ұқсастығы мен
айырмашылығын ажыратады.
Жеке физиология - кейбір тіндердің (ет, жүйке т.б.), ағзалардың (ми, жүрек, бауыр, бүйрек т.с.с.)
қасиеттерін, олардың жүйелерге (қанайналымы,
тынысалу, асқорыту т.с.с) бірлесіп ұйымдастырылу және
реттелу негіздерін тексереді.
Қолданбалы физиология - адамның әлеуметтік жағдайлары мен мақсатты
ісәрекетіне байланысты
заңдылықтарды анықтайды. Оның қатарына бірнеше физиология саласы жатады.
Авиация физиологиясы - ұшқыштар организмінің ұшу кезіндегі
жа- ғымсыз әсерленісін анықтап,
оларды болдырмау тәсілдері мен амалдарын табады.
Әлеуметтік физиология - адам организміне қоғамдық ортаның, өндіріс, тұрмыс жағдайларының әсерін
анықтайды.
Әскери физиология - оқу-жауынгерлік даярлану кезінде және соғыс
жадайларында физиологиялық
әрекеттердің реттелісін зерттейтін әскери медицина саласы.
Ғарыштық физиология - космостық түрткілердің (салмақсыздық, гиподинамия)
ғарышкерлер
организміне жарамсыз ықпалын тексеріп, оларға қарсы сақтану амалдарын жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: