жазылатынын байқады. Жануардың басын оңға, не солға бұрса, бас бұрылған жақтағы сирақтары жазылады,
яғни жазатын еттердің тонусы күшейеді, ал көздің алмасы бастың бұрылған жағынан кері қарай бұрылады.
Мойын рефлекстеріне көбінесе артқы ми қатысады, көз қимылдарын ортаңғы ми басқарады.
Қалыпты
жағдайда бұл рефлекстерге тек артқы немесе ортаңғы ми ғана қатысып қоймайды, екеуі де қатысады және
бұларға алдыңғы ми да қосылады. Кіреберіс және лабиринт рефлекстері мойын рефлекстерімен тығыз
байланысты. Өйткені бұлардың ақырғы мақ- саты кеңістікте дене тепе-теңдігін сақтау. Сондықтан қалыпты
жағдайда бұл құрылымдар бірінің жұмысын бірі қостап толықтыра түседі.
Тонустың рефлекстер статикалық (қозғалыссыз) және статокине- тикалық (қозғалыс-қимылдық) деп
екіге бөлінеді.
Статикалық рефлекстерге кеңістікте дене кейпін сақтайтын және түрлі жағдайға байланысты дене
кейпін өзгертсе, оны қайта орнына келтіретін рефлекстер жатады.
Қалыпты жағдайда қай жануардың болса да төбесі жоғары,
тұмсығы төмен қарайды, ал мойны мен
жотасы басына жалғасып ол да жоғары бағытталады. Бұл жағдай көптеген қаңқа еттері тонусының
өзгеруімен сақталады. Егер жануарды зорлап бір жарғына жатқызса, ол алдымен басын түзеуге тырысады,
сонан соң жотасын жоғары қаратады. Мысықты сирақтарынан ұстап, басымен
жотасын төмен қаратып
жоғарыдан төмен қарай тастап жіберсе, ол жерге жеткенше алдымен басын, содан кейін жотасын түзеп
жоғары қаратады да, сирақтарын жазып жерге түскенде төрт сирағымен тіреледі.
Сөйтіп дене қалпын
түзейді. Вестибулярлық аппарат бұзылса, бұл рефлекстер жойылады. Бірақ қызметі жойылған
қабылдағыштардың орнын көру қабылдағыштары басып тонустық рефлекстерді сақтауы мүмкін. Сондықтан
вестибулярлық қабылдағыштары бұзылған адамдар көзін жұмса, кеңістікте тепе-тендігін сақтай алмайды.
Бұл тәжірибе тонустық рефлекстердің тууына, көру қабылдағыштарының да катысы барын көрсетеді.
Статокинетикалық рефлекстерге дененің ілгері-алға қарай немесе тіке
жоғарыдан төмен не төменнен
жоғары карай не шыр айналу қимылдары барысында және қимыл шапшаңдығының өзгеруінен пайда
болатын, сөйтіп кеңістікте дене қалпын және тепе-теңдікті сақтайтын тонустық рефлекстер жатады.
Статокинетнкалық рефлекстер шыр айналу және лифт рефлексі деп екіге бөлінеді.
Шыр айналу рефлексі адамды әдейі жасалған кресло-орындықта, не центрифугада айналдырғанда
пайда болады. Адамның басы біртіндеп қимыл бағытына қарама-қарсы жаққа
қарай бұрылып тез қайта
орнына келеді, ал көз алмасы бастың бұрылған жағынан кейін қаран қозғалып, ол да тез қалыпты орнына
келеді. Бұл қимылды нистагм - ырғақты қимыл дейді.
Лифт рефлексі - дененің тез жоғары көтерілуінен не төмен түсуінен пайда болады. Жануарды тез
жоғары көтерсе оның сирақтары тізе буыңдарынан бүгіледі, басын ішіне тартады, ал тез төмен түсірсе,
сирақтары буыңдарынан жазылады, мойны созылып ұзарады.
Достарыңызбен бөлісу: