Философия в современном мире: стратегии развития


  ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ



Pdf көрінісі
бет4/80
Дата03.03.2017
өлшемі3,05 Mb.
#6003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80

33 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

ственно, она исходит из совершенно другого понимания мыш-

ления. Она не отрицает значения рассуждения, размышления, но 

для нее это, хотя и весьма важный, но все-таки только один из 

аспектов  реального  мышления.  Действительное  же  мышление 

есть  не  просто  некая  субъективная  деятельность,  происходя-

щая в голове некоего индивида, действительное мышление есть 

общественно выработанная идеальная форма всей человеческой 

практической и предметно-преобразующей деятельности. 

Применительно же к индивиду это происходит так: если в ре-

альной деятельности он активно изменяет предметы природы, са-

мого себя и творит предметы, необходимые ему, то в мышлении 

то же самое он производит идеально. Мыслить, поэтому, означает 

формировать, творить предметный мир идеально, в форме поня-

тий. Но, подчеркнем, мышление не является достоянием отдель-

ного  индивида,  оно  выработано  всем  человечеством  в  процессе 

его  долгого  общественно-исторического  движения.  Отдельный 

же человек в своей жизнедеятельности только осваивает и при-

сваивает себе общественную деятельность, культуру и мышление 

общества, поэтому мышление отдельного человека выступает как 

индивидуализированное общественное мышление.

Результаты  мышления  проявляются  не  только  в  языковых 

формах, но, прежде всего, в реальных, практических делах обще-

ственного  человека.  И  здесь  важно  помнить,  что  человеческая 

деятельность с самого начала является целесообразной деятель-

ностью. А это означает, что, прежде чем изменять предметы при-

роды,  реально  производить  предметы  своей  потребности,  чело-

век создает форму будущих предметов в своей голове, идеально. 

Подчеркивая данную специфическую особенность человеческой 

деятельности, К. Маркс писал: «Но и самый плохой архитектор 

от наилучшей пчелы с самого начала отличается тем, что, прежде 

чем строить ячейку из воска, он уже построил ее в своей голове. В 

конце процесса труда получается результат, который уже в начале 

этого процесса имелся в представлении человека т. е. идеально. 

Человек не только изменяет форму того, что дано природой; в том, 

что дано природой, он осуществляет вместе с тем и свою созна-

тельную цель, которая как закон определяет способ и характер его 

действий и которой он должен подчинять свою волю».



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

34 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Что касается логических категорий, то они были основатель-

но рассмотрены Гегелем в его учении о целостном мышлении. В 

отличие от традиционных логиков, Гегель внимательно изучил 

не только такие формы языкового бытия мышления, как сужде-

ния и умозаключения, но, вслед за Аристотелем и Кантом, глу-

боко исследовал именно категории мышления, начиная с катего-

рии бытия и кончая более сложными. Гегель рассмотрел сначала 

внутреннюю  взаимосвязь универсальных категорий,  а затем (в 

разделе  субъективной  логики)  проанализировал  взаимосвязь  и 

субординацию форм суждений и умозаключений.

В диалектической логике исследование категорий мышления 

также начинается с выявления их внутренней взаимосвязи, по-

сле  чего  анализируются  историческое  становление  категорий, 

формы  их  реализации  в  суждениях  и  умозаключениях  и  т.  п. 

Важно  подчеркнуть,  что  диалектическая  логика  исследует  эти 

преобразованные формы (суждения и умозаключения) не столь-

ко со стороны структуры, формальной правильности, последо-

вательности, сколько со стороны их внутренней взаимосвязи и 

отражения в них всеобщих законов природы, общества и мыш-

ления, т. е. она раскрывает их функции в формировании и раз-

витии научно-теоретического знания. Если традиционная логика 

описывает  и  классифицирует  суждения  и  умозаключения,  ана-

лизирует условия их правильности в структуре рассуждения, то 

диалектическая логика раскрывает их категориальную природу, 

выявляет их реальную функцию в контексте целостного челове-

ческого мышления.


I Казахстанский философский Конгресс 

35 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ 

ТҰЛҒАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ

Әбдімәлік НЫСАНБАЕВ 

(Алматы)

Әрбір ұлттық мәдениет өзінің дамуында руханият дүниесіне 

сүйенеді.  Әлемдегі  басқа  ұлттар  мен  ұлыстар  сияқты  қазақ 

халқының  көп  ғасырлық  та рихында  даналықтың  озық  үлгісі 

боларлық  әлемді  танып-білудің,  зерделеудің  өзіндік  сипатта-

малары,  түркілік  ерекшеліктерді  танытатын  философиялық-

этикалық  ойлар  мен  тұжырымдар  жеткілікті  болғаны  белгілі. 

Мәселе сол рухани інжу-маржандардың қадірін біліп, қаймағын 

бұзбай  қазіргі  күрделі  жаһандану  заманында  жүйелі  түрде 

жинақтап алуда және оны әрбір жаңадан келетін жас ұрпаққа ру-

хани сабақтастықпен жүйелі түрде бере білуде болып отыр. Осы 

жауапты істі абыроймен жүзеге асырған жағдайда ғана еліміздің 

Еуразиялық кеңістіктегі өзіндік ерекшелігі бар халық ретіндегі 

мәртебесі  өседі,  басқа  халықтар  алдындағы  құрметімізді 

асқақтата түседі. Өйткені, өзінің тарихта қордаланған маңызды 

рухани  құндылықтарын,  дәстүрлі  этикасын  құрметтеген, 

аялаған, өрбіткен ел ғана және оған жаңа жаһандану заманын-

да өзіндік жаңғырту бедерлерін, келбетін бере білген халық қана 

адамзаттың  өркениеттік  арена сында  шынайы  және  лайықты 

бағалануға ие болатыны сөзсіз.

Әлемдік  философияның  бастауларын  іздегенде  көбінесе 

Ежелгі  Қытай,  Ежелгі  Үнді  мен  Ежелгі  Грекия  атап  өтіледі. 

Алғашқы  тұтастанған  мағынадағы  философиялық  мектептер, 

ағымдар мен бағыттар міне осы үш орталықта пайда болған, ал 

қалған елдер осы үшеуінен тараған философиялық түсініктерді 

қолдана  отырып  өздерінің  философиялық  ұғымдарын  қалып-

тастыра алған деген пікір қазіргі кезеңде көптеген оқулықтарда 

орын алған. Әрине, жоғарыда аталған өркениет кеңістіктерінде 

шынымен  де  философияның  озық  үлгілері  тарихи  үдерістің 

ерекше  белгісіндей  көрініс  тапқанын  мойындауға  тиістіміз. 

Дегенмен  философиялық  қайнар  көздерді  іздегенде  әлемді  ру-


I Қазақстандық философиялық Конгресс 

36 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

хани  игерудің  рационалдық  түрлерімен  шектелмеуіміз  керек, 

адамзат тарихының сан қырлы мүмкіндіктерін айшықтай түсіп 

қана  оның  бойындағы  тылсым  қуаты  мен  күшін,  орасан  зор 

шығармашылығын  аша  түсеміз.  Міне  осы  тұрғыдан  алғанда 

ежелгі түркілік философиялық ой өзіндік тарихи ерекшеліктері 

бар  дүние  және  ол  көркем  бейнелерді  жандандыра  түсетін, 

белгілі  бір  тұтастанған  жүйеге  бағынатын,  өзіндік  келбеті  бар 

рухани құрылым болып табылады.

Адамзат тарихының руханиятының ең маңызды түп негізі оның 

ақыл-ойынан, пара сатты дербес ойлау тәжірибесінен байқалады. 

Ойлаудың ұғымдық, түсініктік жүйеленуі әлемдік философиялық 

дәстүрдің  жарқын  көрінісі  ретінде  танылады.  Жалпы  адами 

эволюцияның  өлшемі  ретінде  даналық,  кісілік  үлгілерін  алуға 

толық болатыны анық. Осы тұрғыдан алғанда адам зат тарихындағы 

кез келген халықтан философиялық пайымдаудың үлкен жүйелі 

құрылымдарынан  бастап  өлшеулі  деңгейдегі  тұжырымдар  мен 

түсініктерден  тұратын  ерекше  сілемдер  аралығындағы  мәдени 

көптүрлілікті  аңғаруға  болады.  Олардың  барлығына  әрқилы 

бағалау  беріп,  әр  түрлі  өлшемдер  арқылы  са раптаудан  өткізу 

міндеті гуманитарлық ғылымдар алдында тұрған қасиетті міндет. 

Дегенмен,  негізінен,  ойлау  жүйесінің  адами  ұстындарының 

өзара ұқсастығына тәнті боламыз және әрбір мәдениеттің өзіндік 

көріністерінің,  ерекше  сипаттарының  бар  екенін  де  мойындауға 

тиістіміз. Міне, осыған орай халқымыздың өзіндік ұлттық ойлау 

жүйесі, философиялық мәдениеті бар екеніне еліміздегі көрнекті 

ғалымдар  өткен  ғасырдың  екінші  жартысында  түбегейлі  көңіл 

бөле, философиялық мәселелер кәсіби тұрғыда игеріле бастады. 

Әрине,  қазақ  халқының  философиялық  ойы  жайлы  еліміз 

тәуелсіздікке  қол  жеткізгеннен  бері  ғана  толыққанды  сипат-

та  зерттеліп,  қазақ  және  орыс  тілдерінде  бірталай  еңбектердің 

жарық көргені белгілі. Қазақ философиясы қазақ халқының өмір 

сүру,  даму,  бірігу  және  көркею  философиясы.  Философиялық 

ойлау  тарихына  деген  көзқарас  біржақты  болмауы  тиіс,  ол  әр-

түрлі бағдарлар мен түсініктердің сұхбатынан, өзара байланысы-

нан  қалыптасқаны  тиімді.  Сонда  ғана  жас  ұрпақтың  шығар-

машылыққа  деген  талпынысы  күшейе  түседі,  тарихи  тұлғалар-

дың дүниетанымдық жүйелері бойынша соны ойлар туындайды. 



I Казахстанский философский Конгресс 

37 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

Қазақ  философиясы  еліміздің  рухани  тәуелсіздігінің  көрінісі 

және  қазақтардың  бірлігінің  рухани  тірегі  болып  та бы лады.  Ол 

адамзат тарихында ғасырлар бойы қалыптасқан әлемдік филосо-

фияның  ажырамас  құрамдас  бөлігі  екені  белгілі.  Күні  кеше-

ге  дейін  бұл  тақырыппен  байланысты  мәселелердің  барлығы 

мұқият  бақылауда  болып,  көбісі  тыйым  салынған  жабық  тақы-

рыптар  қатарында  болып  келгені  баршаға  аян.  Өйткені,  социа-

лизмнің  ұстындары  тек  бір  коммунистік  идеяның  төңірегіне 

шоғырланғандықтан оған сәйкес келмейтін басқаша мағынадағы 

түсініктердің барлығын жоққа шығарып отырды. Тіпті, бұл тақы-

рыппен  айналысамын  деген  зерттеушілердің  әрекеттеріне  өт-

кен  қоғам  «ұлтшылдықтың  жалауын  көтеру»  деген  үстірт  баға-

лаулар  беруге  асыққаны  да  рас.  Тоталитарлық  қоғам  қазақ  фи-

лософиясымен  айналысамын  деген  азаматтардың  осы  мақсатта 

ұлттық  ойлау  жүйесін  жандандыруға  ұмтылғандарын  да  осын-

дай  бағалаумен  шектеп  отырды.  Міне,  осындай  идеологиялық 

тұмшалаудың арқасында тарих сахнасында әртүрлі рухани терең-

діктердегі  өздерінің  даналыққа  толы  тұжырымдарын  бұқара  ха-

лыққа  жеткізген  ойшылдардың  шығармаларының  мәтін  түрінде 

қоғамда кең тара май және ғылыми зерттеулер түрінде өз бағалау-

ларын ала алмай ондаған жылдар бойы уақыт өткізгені белгілі.

Қайта оралу философиясы – бұл философияның өзіне өзінің 

қайта оралуы, өзінің рухани қайнар-бастауларына, ежелгі түркі-

лік құндылықтарына, қайтадан тереңірек философиялық пайым-

дау мен зерделеу үшін өзіне өзінің қайта оралуы. Қазақстандық 

посткеңестік философиялық рухани байлықты пайымдау – қазақ 

мәдениетінің  терең  қатпарларындағы  өзіндік  тұлғалық  кісілік 

философиялық  пайымдау  сипатында  көрініс  бере  бастаған 

философиялық үдеріс ретінде танылады.

Біз  қазіргі  кезеңде  қайшылық  пен  дау-жанжалға  толы  өте 

күрделі жаһандану ауқымындағы қоғамда өмір сүрудеміз және 

бұл  кезеңге  тән  маңызды  мәселе  қажетті  рухани-адамгершілік 

бағдарлар  мен  мұраттарды  іздеу  болып  отыр.  Қазіргі  рухани 

өмірдің  тәжірибесі  өткеннің,  бүгінгі  күннің  және  болашақтың 

ұлы  жетістіктерінің  негізінде  қалыптасады.  Бүгінгі  заман,  Ах-

мет  Байтұрсынов  айтқандай,  өткен  заманның  баласы,  болашақ 

заманның атасы ғой. Осыған орай қазақтың ежелгі түркілік руха-



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

38 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

ни және діни-мифологиялық бастауларына қайта оралу арқылы 

өзімізді  өзіміз  терең  түсіне  бастаймыз,  қазақ  руханияты  мен 

қазақ  дүниетанымының,  қазақ  және  түркі  философиясының 

терең сырларын ашамыз. 

Сонымен,  «қайта  оралу  философиясы»  деген  қажетті  тер-

минді  енгізу  арқылы  біз  өзіміздің  тарихи-мәдени  алғашқы 

бастауларымызға, 

дәстүрлерімізге, 

құндылықтарымызға, 

қазақтың  әуелгі  философиясына  қайта  ораламыз.  Бірақ  бұл 

қайта  рухани  түлеуді  адамзаттың  қазіргі  рухани  жаңаруымен, 

оның жетістіктерімен байланыстыру ауадай қажет. Бұл өзіміздің 

рухани  бастауларымызға  қайта  оралу  Інжілдегі  адасқан  ұлдың 

қайта  оралуы  емес,  ол  біздің  шешілмеген  мәселелерімізді 

түсіну  мен  шешу  үшін  қажет  гуманистік  қайнар  көздерге,  ру-

хани  құндылықтарға  қайта  оралу  болып  табылады.  Сонымен 

қатар  біз  өзіміздің  дәстүрлі  дүниеге  қатынасымыздан  қазіргі 

әлемді  тереңірек  гуманистік  түсінуге  сәйкес  келетіндерін 

ғана  таңдап  алуға  тиістіміз.  Көне  рухани-мәдени  мұрамызға 

терең  герменевтикалық  және  компаративистік  салыстырмалы 

философиялық талдау жасау қажет. Өткенді асыра марапаттау-

дан аулақ болуымыз қажет. 

Қазақтардың  ежелгі  түркілік  дәуірі  кезеңінде  дәстүрлі 

дүниетанымы болғаны мамандарға белгілі. Кез келген әлеуметтік 

немесе ру хани құбылыстың мағыналық, мазмұндық, құндылық-

тық көрінісі жеке адам үшін немесе бүтіндей халық үшін құтты, 

қайырлы  болмаса,  онда  оның  өзіндік  келбетінің  әлеуметтік 

субъект  үшін  мәні  де  жоғалатыны  анық.  Бұл  тұжырымдар 

өз  кезегінде  өткен  тарихи  кезеңдердегі  және  қазіргі  таңдағы 

әлеуметтік  үдеріске,  әлеуметтік  практикаға  берілген  жан-жақты 

және  оңды  аксиологиялық  сипаттама  болары  сөзсіз.  Қазақтың 

ділін жақсы түсінетін адам оның ұлттық дәстүрінде материалдық 

құндылықтарды  иеленуге  ұмтылушылық,  оның  қызығына 

дәнігушілік пен құнығушылық сияқты әдеттерді халқымыз өзінің 

қоғамдық  санасында  дәріптемейтіндігін  байқатты.  Сондықтан 

да  болар  мұсылмандық  дүниетаным  арқылы  келген  «қанағат», 

«төзімділік», «са быр», «тәуба» сияқты терең мағыналы ұғымдар 

халқымыздың әлемді түсіну көкжиегіне үйлесімді сіңісіп кеткені 

көрінеді.  «Қанағат  қарын  тойғызар»  деген  халқымыз  әрбір  нәр-



I Казахстанский философский Конгресс 

39 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

сенің, әрбір құбылыстың өз мөлшері, үйлесімділікке сай келетін 

өлшемі  болады  деп  түсінген.  Олар  халықтың  дүниетанымында 

диалектикалық,  логикалық,  экзистенциалдық  түсініктердің 

қалыптасқандығын  білдіретін  әлемге  қатынастардың  болғаны-

ның дәлелі. Бұл жағынан алғанда сан ғасырлық дәстүрлі тарихы 

бар Шығыстың даналығын қордалаған қытайлықтардың құнды-

лықтық  бағдарларымен  біршама  ұқсастығымыз  да  бар  деуге 

болады.  Ал,  енді  басқа  халықтардың  әлеуметтік  тіршілігіндегі 

онтологиялық  тіректі  рухани  дүниенің  әртүрлі  салаларынан 

таба  біліп  (жапондар  эстетикадан,  римдіктер  құқықтан,  гректер 

философия дан, қазақтар этикадан, парсылар поэзия дан және т. б.) 

басқа салаларды сол жүйені тұтастындыра құраушы элементтері 

ретінде қарастыруы шын мәнінде жалпы өмірдің терең құпиялы 

мәнін философиялық тұрғыда ашады.

Шынтуайтына  келгенде  түркі  бабаларымыздың  даналыққа 

толы құштарлығы мен тұжырымдары тек қана қазақ халқы үшін 

ғана емес, жалпы түркі тілдес халықтарға, бүкіл түркі әлеміне, 

одан кеңірек алсақ адамзат баласына рухани бағдар болып табы-

лады. Сонау Орхон-Енисей жазбалары мен Абайдың кісілік фило-

софиясы, Шәкәрімнің ар-ұят, ұждан философиясы аралығында 

игерілмеген,  өзінің  толық  философиялық  тұжырымдамасын 

жеткілікті  деңгейде  ала  қоймаған  дүниелер  әлі  де  жеткілікті. 

Мәселен, халықтың діни сенімдері мен ұлттық ділі арасындағы 

өзара  астарласу  мәселесі  өзінің  тыңғылықты  философиялық 

зерделеуін  алуға  тиісті  мәселелердің  қатарына  жатады.  Қазақ-

тың әлемді қабылдауы батыстық үлгілерден айрықша ұстындар-

ға негізделген. Бұл да өзінше философиялық зерделеудің түрі. Ол 

даналықты, саз бен сөзді жоғары қоюшы жүйе десе де болғандай. 

Ал қазақ халқының даналық тағылымдары аталған тарихи үлгі-

ні,  мәдени  парадигманы  сабақтастықпен  жалғастырып  келе 

жатқан бірегей мәдениет болып табылады.

Қазақ  халқының  жоғарғы  кісілік  философиялық  мәде-

ниетіне мән беріп, назар аударған ғалымдардың көбісі халықтың 

дәстүрлі  дүниетанымында  «көркем  образдар»  ғаламы  үстемдік 

ететінін  байқайды.  Шыныменде,  қазақтар  әлемді  ұғымдық 

мағынада шегелеп көрсетуден гөрі, көркем бейнелермен астар-

лап  өрнектегенді  қалап  келген  халықтардың  қатарына  жата-



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

40 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

ды.  Оның  бұл  ерекшелігі  оның  кемшілігі  болып  есептелмейді, 

керісінше, ақынжанды халықтың арман шылдығын, аңқаулығын, 

ақкөңілділігін және даналығын білдіреді. Деген мен сан ғасырлар 

бойы  ділге  әсер  еткен  ауыр  психологиялық  соққылар  мен  сая-

си  қыспақтар  бұл  ерекшелікті  біршама  көміскілеп,  тұмшалап 

тастағаны байқалады.

Ал  қазіргі  кезеңде  жаһандану  үдерістері  алып  келген 

сұрықсыздық,  тұтынушылық  пси хологиясы  мен  дарашылдық, 

өзімшілдік  философиясы  қазіргі  замандасымыздың  сана сына 

енбей  қоймайды.  Міне,  сондықтан  бұрынғы  кісілікті,  ізгілікті, 

қайырымдылықты,  құтты,  төзімділікті  бәрінен  жоғары  қоятын 

халықтың санасы өзгерістерге, яғни трансформацияға ұшырауда. 

Сөйтіп,  жаңа  тұрпайы  материалистік,  прагматистік,  тіпті, 

утилитарлық  сипаттағы  құндылықтар  жүйесі  қоғамдық  санада 

беки түсуде. Мұндай теріс мағынадағы үдерістер Жер бетіндегі 

барлық  халықтардың  тағдырына  қатысты  екені  байқалады. 

Қазақтар  сол  тұтастықтың  бір  бөлігі.  Осыған  орай  қазақ 

халқының  тағдыры  абстрактілі  мәселе  емес,  ол  сол  халықтың 

әрбір өкілінің бақытты өмірімен, дүниетанымымен астасып жа-

татынын  айтуға  болады.  Ал  әрбір  тұлға  бақытты  болуы  үшін 

халықтың  ғасырлар  бойы  қордаланған  даналыққа  толы  рухани 

байлығын  игеруі  тиіс  және  әлеуметтің  әрбір  ғылыми  мәселесін 

жан-жақты зерделеу әріптестеріміздің қасиетті парызы.

Жалпы философияның өзі адамдардың еркін ойлау мәдениетін 

қалыптастыруға  бағытталған  ілім.  Оның  құрылымынан  догма-

лық түрде қатып қалған көзқарастарды, түсініктерді іздеу жаң-

сақтық. Ол үнемі ағып жатқан өзендей түрленіп, жаңғырып оты-

руы  тиіс.  Тек  тоталитарлық  қоғамда  ғана  философияның  аясы 

тарылып, белгілі бір идеологиялық қалыптардың ауқымдарымен 

шектеліп  отырылды.  Әрине,  ол  дегеніңіз  белгілі  бір  іргелі 

ұғымдар  болмайды  деген  сөз  емес.  Қазақ  дүниетанымы  үшін 

ондай базалық негіз болған әмбебап ұғымдар бар екені белгілі. 

Мәселен,  қазақтың  дүниетанымдық  және  құндылықтық  әлемі 

этикалық  ұстындарды,  негізінен,  адамаралық  қатынастарда 

өзектеп,  биікке  шығарып,  оны  барлық  бағдарлардан  жоғары 

қоятындығы  анық  көрсетіледі  және  осы  ұстаным  зерттеудің 

басымдылық та нытатын әдіснамалық қағидасына айналған.



I Казахстанский философский Конгресс 

41 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

Әрбір  этникалық  мәдениет  қазіргі  кезеңде  өзінің  төлту-

малық мәдениетін сақтау үшін ұлттық бірегейлігін, даралығын 

білдіретін  құндылықтар  жүйесіне  көңіл  аударуда,  сондықтан 

оны сақтауға, әрі қарай дамытуға жанта ласуда. Шығыстық ділге 

сәйкес  келетін  ерекшеліктер  мен  батыстық  өркениеттік  сипат-

тардың  жетістіктерін  синтездеу  арқылы  еліміздің  өзгешелігіне 

сай  келетін  ұлттық  идеяны,  құндылықтық  бағдарды  анықтау 

мәселесі  тұр.  Бұл  мақсатқа  қоғамды  іштей  рухани  жағынан 

біріктіру,  топтастыру,  ешкімді  көзқарасына  қарап  алаламау, 

сөйтіп,  әрбір  адамның  әлемдегі  өзіндік  құндылығын  бағалау, 

асқақтату сияқты теориялық іргетастарға әлеуметтік қатынастар 

негізделген жағдайда ғана қол жеткізуге болады. 

Қазіргі  кезеңде  еліміз  «Қазақстан-2050»  стратегиясы 

негізінде  өзінің  болашағын  анықтау  үстінде,  сонымен  бірге 

әрбір  қазақстандықтың  көңілінде  жатқан  көптеген  сұрақтар-

дың  шешімі  табыла  бастауы  мүмкін.  Ал,  енді  экономиканы, 

әлеуметтік  мәселелерді  бір  жүйеге  келтіру  арқылы  қоғамға 

тиімді  рухани  құндылықтар  жүйесін  қалыптастыруға  болады 

деген үстірт пікір бар. Себебі руханилық қолайлылықтан туын-

дамайды.  Керісінше,  ол  қиындықты  адамдар  жұмыла  отырып 

бірге жеңе білуге үйрену, ешкімді шыққан тегі мен түр-түсіне, 

өмір  сүру  салтына  қарап  шеттетпеуден  басталады.  Ал,  биік 

деңгейдегі  руханилық  пен  мәдениет  орныға  бастаған  қоғамда 

құндылықтар әлемі өзінің нағыз шынайы бейнесінде, өз форма-

сында болмы сын көрсетеді және адам үшін қызмет етеді, жеке 

тұлғаны  бұл  өмірде  бақыттылыққа  жеткізеді.  Қазақ  ойшыл-

дарының шығармашылығында еркін ойлауға негізделген осын-

дай  бағыттағы  даналық  үлгілері  көптеп  кездеседі.  Қазақтың, 

Абайдың кісілік философиясының мәні мен маңызы да осында. 

Тарихи  үдерістің  үздіксіздігін  қамтамасыз  ететін,  рухани 

сабақтастыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа негіз болатын рухани 

құндылықтар еркіндік пен шығармашылықтың, қайырымдылық 

пен  ізгіліктің  арқасында  қалыптасады  және  да миды.  Адамның 

әлемге  қатынасын  айқындаушы  факторлар  Ақиқаттың  заңды-

лығымен,  оның  үйлесімділікке  толы  ұстанымдарымен  аста-

сып жа тады. Ал енді бір кезеңдерде өткен көшпелі мәдениетке 

сай  құндылықтар  жүйесі  өзінің  ділінде  адамның  табиғатпен 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

42 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

үйлесімділігін  дәріптеумен  ерекшеленеді.  Дәстүрлі  қоғамның 

рухани  құндылықтары  көбінесе  адамды  тұрақтылыққа, 

әсемдікке  жетелейді,  оның  бойындағы  бояулар  нәзік  лирика-

мен  көмкерілген,  техногендік  прагматизмнен,  утилитаризмнен 

алыстау бо лып келеді. Сондықтан қазіргі заманның өркениетті 

бағдарлары, ақпараттық технология мен нанотехнологияға бет-

бұрған  постиндустриалдық  дамуы  дәстүрлі  қоғамның  ру хани 

байлығын тұтастай жоққа шығармауы тиіс, оны тиісті жерінде 

бейімдеп пайда лана білгені жөн.

Тәуелсіз  мемлекет,  асылы,  айқын  мәде ни  және  рухани-

адамгершілік  бағдарсыз  ойдағыдай  дамымайды.  Өт кен  нің 

барлығы із-түзсіз жоғалып кетпейді. Оның есесіне ұлт санасында 

ертегі-аңыз, эпос халықтың философия лық пайымдау жүйесінің 

өзегі  болып,  тарихтың  қатпар-қатпар  қойнауында  жинала 

бермекші.  Егер  Қазақстанға  жағырапиялық  және  әлеуметтік-

мәдени  шолу  жасасақ,  біздің  еліміз  Батыс  пен  Шығыс  және 

ежелгі  өркениетті  Қытайдың  қақ  ортасында  орналасқан.  Бұл 

фактор  қазақ  халқының  кешегі,  бүгінгі  және  болашақтағы  ру-

хани  болмысына,  құндылықтар  әлеміне  және  дүниетанымына 

әсерін тигізбей қоймайды. Ендеше біз үшін мәдениеттің эконо-

мика мен саясатқа қарағанда артықшылығы басымырақ. Дәстүр-

лі қазақ қоғамын осындай өркениеттік әдіснама бағытында зерт-

теу қомақты философия лық нәтижелерге жетелейді.

Кеңестік дәуірден кейінгі уа қыт та қазақ және түркі философи-

ясы арасындағы рухани-мәдени байла нысты тереңдету мәселесі 

өзекті бола түсуде. Соны мен қатар XX ғасырда кең дами бастаған 

жаңа философиялық ойлау мен пайымдау типтерін игеру маңызды 

болып  отыр.  Өйткені  оларда  демократия лық  мәдениеттің, 

азаматтық қоғам ның қалыптасуы, рационалдықтың жаңа үлгісі 

көрсетілген. Бұл тәжірибе біздің ұлттық ерекше лігімізді ескере 

оты рып,  ұлттық  фи лософиямыз бен  мәде ниетімізді ата мекенде 

өркендету ге теориялық-әдіснамалық кө мек береді, басқа мәдени 

кеңістік тер мен сұхбаттық қатынаста болуға шақырады.



I Казахстанский философский Конгресс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет