Философия в современном мире: стратегии развития


  ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ



Pdf көрінісі
бет48/80
Дата03.03.2017
өлшемі3,05 Mb.
#6003
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   80

493 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

Ислам  дінінің  тағылымын,  ата  дәстүр  тәжірибесін,  баба-

лар  өсиетін,  даналар  өнегесін  қатар  ұғынып  есейген  қазақ 

баласының тарихи өмір орамындағы кісілігі ұлттық мүдде тала-

бына табанды, ұлттық идея тәжірибесіне терең, тарихи өмірдің 

ақиқатына  сауатты  бола  білуінде.  Осы  тектіліктің  негізінде 

қазақтың  мүддесі  қорғалды,  рухы  сақталды,  ұрпаққа  діні  мен 

тілінен  алшақтамай,  ділінен  қол  үзбей  өсуіне  көмектесетін, 

алаш тұлғаларының ұғымымен зеделесек, «түзу жөнді үйретуші, 

түзушіліктің  кітабы»  алаштың  тарихы,  қазақ  ойшылдарының 

дәстүрі  жоғалмай  өзінің  рухын  сақтап,  жолын  жалғастырып 

отырған. Бұл тұлғаларымыздың философиялық ой кешу дәстүрі-

нің феноменін айқындайтын рухани қазына. 

Философиялық  ой  тарихтың  өрісінде  орын  алатын,  ұлттың, 

ұрпақтың, халық ішінен шығатын жекелеген адамдардың интел-

лектуалдық қызметінің негізін айқындайтын білімнің, тұлғалық 

қасиеттердің,  рухани  құндылықтардың  жиынтығы.  Тарихи 

өмір, халық мүддесінің талабы, әлеумет мүддесімен сабақтасып 

жатқан  түрлі  қажеттіліктер  жеке  адамның  рухани  ізденісіне 

мұрындық болып отырса, осы рухани ізденіс жолындағы тұлға 

шығармашылығының  рухы,  мәңгі  ел  өмірімен  жалғасатын 

өнімдері тұлға философиясын туғызады. 

Тарихтың философиясы адамның шығармашылық қызметімен 

ғана емес, тарихи уақыт өрісіндегі оқиғалармен сабақтас немесе 

тағдырлас адамның тұлғалық қызметімен де айқындала түспек. 

Қазақтың тарихы қазақтың тұлғасын ғана емес, оның философи-

ясы мен мәдениетін шыңдай түсті, тарихи өмірде елдіктің ізі мен 

айнасына айналған алаш тұлғаларының бейнесі қазақ идеясының 

мәдени құбылысына, тарихи танымдық белгісіне айналды. 

Кемеңгерлік, тұлғалық қасиет ғылымның қатаң түрде қалып-

тасқан заңымен келмейді немесе ғылымның қатаң нақты түрде 

бейнеленген  категорияларымен  өлшенбейді.  Адам  баласының 

негізгі рухани қасиеті оның ақыл ойы болып саналса, адамның 

ақыл  ой  биігіне  жетелейтін  нәрсе  өмір,  елдің  рухани  өмірі. 

Қазақтың  рухани  өмірі  адамның  жан  дүниесіне,  көңіл  күйіне, 

сезім қабілетіне ықпал ететін деңгейде болса, сол ұлт өміріндегі 

ұлттың қасиеті мен рухынан шыққан дүниелер адам болмысы-

ның  беріктігін  қамтамасыз  етіп,  оның  танымының  өрісін 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

494 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

кеңейтіп  отыратын  қызметке  ие  болды.  Алаш  ғалымдарының 

ұлттың мәдени өмірінде айна, тарихи өмірдің таразысы, заман 

болмысының куәсі, қоғам талабының мәселесіне айналған руха-

ни мұраларды зерттеуі алдымен ұлт пен ұлт тұлғасының рухын 

біріктіріп  отыратын  рухани  қазынаның  қасиетін  айқындайды. 

Қазақ  ұлтының  батыр,  ақын,  кемеңгер  ғалым  тұлғаларының 

елдік санасының түп тамыры ұлт руханиятының бойында жатыр. 

Қазақы болмыстың табиғатымен берілген ұлттық тәрбие қазақ 

баласын  тұлғалықтың  биігіне  жетелеп  қана  қойған  жоқ,  нағыз 

алаш  тұлғасының  идеясын  дүниеге  әкелді,  сол  идеямен  өмір 

сүрген қазақ баласының рухын тарихта қалдырды. Осы ұлттық 

рухтың, қазақ ұлтының елдік танымының негізінде жатқан білім 

нағыз даналық ой иелерінің таланттылықтың туын тарихта тігіп 

кетуіне мұрындық болған.

Қазақтың  батыр  тұлғаларының  бірі  Бауыржан  Момышұлы 

былай деп жазып кеткен: «Ұлттық рух тамаша қасиеттерге ие, 

өз ұлтыңды танытуға көмектеседі, ал бізге осы асыл қасиеттерді 

дамыта түсу қажет, осындай адам ғана өз халқының алдындағы 

өз  борышын  терең  де  жоғары  сезінеді»  [4,  38  б].  Ұлттық  рух 

қазақ  тұлғаларының  тағдырынының  белгісі,  ел  тағдыры  үшін 

ұлт  мүддесіне  аянбай  қызмет  еткен  бейнесі.  Соғыс  майданы 

мен  тарихтың  майданы  бір.  Екеуінде  де  халық  тағдыры  үшін 

күресетін  батырлардың  рухы  бар.  Осы  ұлт  тұлғаларының  та-

рих  майданында  адам  қолынан  жасалынатын  әділетсіздікпен 

күрсеуі,  өзгермелі,  өткінші  құбылыстардың  орамымен  ілесіп 

кете бармай, керісінше ұлттың рухы мен мәдениетінің игілігіне 

пайдалы  мұра  қалдырудағы  қасиеттері  тұлға  философиясын 

қалыптастырғандығы анық. 

Философия өмір кеңістігінде орын алатын түрлі құбылыстар-

ды зерттеу, оны ақиқат биігінен зерделеу, тәжірибе арқылы руха-

ни мәндердің мәнін тану. Мәндердің мәнін тану тұлғалық қасиет 

болса,  мәндердің  өмір  сүру  бағытын  немесе  рухани  мәндерді 

иеленудің  жолын  көрсету  даналықтың  қызметі.  Әр  бір  ұлт 

философиясының  қалыптасуындағы  даналықтың  қадір  қасиеті 

осында. Ата дәстүрдің құндылығымен тәрбиеленіп өскен алаш 

тұлғалары атақ үшін немесе билік үшін қоғам алдына шықпаған. 

Тектіліктің  рухы,  ақылдың  күші,  даналықтпен  ел  басқарған 



I Казахстанский философский Конгресс 

495 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

тұлғаларымыздың рухани өмірінде ұрпаққа бағыт бағдар бере-

тін өнеге бар. Уақыт өрісіндегі қоғам дамуының аумалы төкпелі 

кезеңімен тұспа тұс келседе халқымыздың аға ұрпақ бойындағы 

ел  болашағына  аса  қажет  тұлғалық  құндылықтар  мен  кісілік 

қасиеттердің  үлгілерін  руханиятының  бойында  сақтап  отыруы 

бүгінгі  ұрпаққа  тарих  пен  өмірдің  сабағын  қатар  үйрететіндігі 

анық.  «Жақсы  көркем  жырда  –  деп  жазып  кеткен  Әлихан 

Бөкейханов,  –  сол  уақыттағы  қазақтың  болмыс-салты  көрініп 

тұруға  лайық»  [5,  302  б].  Әр  ұлттың  болмысы  тарихи  өмірдің 

талабымен  шыңдалып,  табиғаттың  құнарымен  қалыптасып 

отырған.  Қазақ  философиясында  ұлт,  жеке  адам  және  ұлт  пен 

жеке адам болымысының өсуін қамтамасыз ететін табиғат бол-

мысы  ерте  кезде-ақ  зерделенген.  Қазақ  даналығының  негізгі 

тәжірибелері  қазақ  ұлтының  өмір  сүру,  ұлт  ретінде  қалыптасу 

және  ұлт  болмысының  тұлғалану  тәсілімен  ерекшеленсе, 

осы  ерекшеліктің  негізінде  елдің  рухани  өмірінің  желісімен 

қалыптасқан  қазақтың  өмір  сүру  жолының  ғылыми  үлгілерін 

байқаймыз. Ол ұлтымыздың дүниетанымы, салт-дәстүрі, ұлттық 

тәрбиесі,  ұлттық  өнері  және  соның  ішінде  ұрпақ  болмысының 

мінсіздігін  жан-жақты  қамтамасыз  етіп  отырған  қазақтың 

даналығы. Бұл бүгінгі таңда жоғарғы деңгейде ғылыми қолдау 

тауып өзге елдің мәдениетіне де ықпал етуде. 

ХV ғасырда қазақ хандығы құрылған уақытта қазақ филосо-

фиясының  дамуына  ықпал  еткен  мәселелер  қоғамның  ру-

хын  көтеру,  мемлекеттің  даму  стратегиясын  идеялық  және 

тәжірибелік  жағынан  жүзеге  асыруға  бағытталған.  Осы 

бағытта  алаш  ойшылдарының  қатары  одан  әрі  қалыптаса  бас-

тады. Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген ойшыл Өтебойдақ 

Тілеуқабылұлының бүгінгі бізге жетіп отырған мұраларындағы 

ойларға  сүйенсек,  сол  кездің  өзінде  қазақ  философиясының 

негізінде  ғылыми  мәселелердің  жолға  қойылғандығын  көру 

қиын  емес.  Кемеңгер  ойшылдың,  «адамзатының  топырақтан 

жаралғанына сыпат: бала туыла сала сол жердің, туған мекенінің 

тыныстығымен  тыныс  алады.  Анасының  сүтін  емеді.  Сол 

баланың  тұлғалық  бітістік  құрандысы  сол  жердің  топырақ 

құрандысымен  тең  болмағы  шарт»  –  деп  жазып  кеткен  ойла-

рынан қазақ тұлғаларының ғасырлар бойы елдің мүддесі жерді 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

496 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

азат ету, сақтау жолындағы идеяларын, рухын, түсінігін ұғынуы-

мызға  кеңінен  ұғынуымызға  болады  [6,  47  б.].  Ұлт  өмірінің 

маңыздылығы оның мүддесінің сақталуы. Осы себептен Әлихан 

Бөкейханов, қазақтың жерінің астындағы және үстіндегі байлық 

қазаққа қызмет етуі қажет, оның топырағындағы әр бір пайда-

лы  дүние  оның  кеудесіне  түймедей  қадалуы  тиіс  –  деп  тегін 

айтпаса керек. Тұлғалықтың феноменін, тұлғалық қасиеттердің, 

тұлғалық  құндылықтардың  терең  арнасын  қалдырған  алаш 

ойшылдарының философиясының тереңдігі осында. 

Қазақ философиясының қалыптасуындағы ұлттық идеяның, 

ұлт  өнерінің,  ұлт  тұлғаларының  феномендерін  зерттеу  бүгінгі 

біздің  міндетіміз.  Тарихтың  болмысымен,  елдің  тұрмысымен, 

ұлттың  қасиетімен,  ұрпақтың  тұлғалығымен  өрісін  кеңейтіп 

отырған  қазақ  даналығының  адамзат  игілігіне  қосар  үлесі  зор. 

Бұл  өтпелі  жаңа  кезеңнің  табалдырығын  аттағалы  отырған 

уақытта  ұлттық  қасиетімізді  сақтаудың,  тарихтағы  бабалар 

сенімін ақтаудың амалы да. Қазақ философиясы қазақ ұлтының 

және оның тұлғаларының игерген дүниелерінің өнімі, ата баба-

ларымыздың  ойлау  өрісі.  Ата  бабаларымыздың  адамзаттық 

дамудың әлемдік заңына ақыл ой, тұлғалық қасиеттерімен ілесе 

білген  рухани  қасиеттерінің,  тұлғалық  қызметтерінің  өнімі. 

Даналық шығармашылықтың дара үлгісі. 

 

 



Әдебиеттер

Аймауытов Ж. Бес томдық шығ. жинағы. 5-т., Алматы: Ғылым, 

1999. – 304 б.

2 Батырлар жыры. Тарихи өлең-толғаулар, дастандар / (Құраст. Е. 

Дүйсенбайұлы). – Алматы: Жазушы, 2008. 7-том. – 288 б.

Қараш Ғ. Аға тұлпар. Өлеңдер // Жұлдыз. – 1991. – № 12. – 67–83 бб.

Момышұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы. – Т.1. – Алматы: 

Жазушы 2004. – 480 б.

Бөкейханов Ә. Шығармалар. – Алматы: Өнер, 1994. – 383 б.

Тілеуқабылұлы Ө. «Шипагерлік баян» Араб қарпінен көшіргендер. 

– К. Елемес, Д. Мәсімхан. – Алматы: Жалын, 1996. – 464 б. 


I Казахстанский философский Конгресс 

497 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ТҰЛҒАСЫНЫҢ 

ӨНЕГЕЛІК МӘНІ ТУРАЛЫ

Гүлзипа ЕСІРКЕПОВА

(Шымкент)

Философия пәнін Қазақстанда оқытудың бірқатар ерекшелік-

тері бар екенін есте тұтқан жөн. Қазақстандық жастардың руха-

ни әлемін толыққанды қалыптастыру үшін Абай Құнанбаев пен 

Ахмет Байтұрсыновтың мәдени мұраларын ұлағат тұтқанымыз 

абзал. 


Қазақ халқының мәдениетінде үлкен орын алатын тұлғалар-

дың бірі – Ахмет Байтұрсынұлы. А. Байтұрсынов туралы көпте-

ген еңбектер жазылып жатса да, әлі де өз деңгейіндегідей баға 

беріп болдық дей алмаймыз. 

А.  Байтұрсынов  1873  жылы  Қостанай  облысындағы  Сары-

түбек ауылында дүниеге келген. Ахметтің әкесі орыс патша үкі-

метінің  келеңсіз  әрекеттеріне  наразылық  білдіргені  үшін  абақ-

тыға  жабылған  кезде,  Ахмет  13  жаста  болған.  Байтұрсынның 

кіші  інісі  Ерғазы  Ахметті  екі    жылдық  Торғай  училищесіне  

береді. А. Байтұрсынұлы 1891 жылы Орынбордағы оқу орнында 

оқиды. 1895 жылдан бастап педагогикалық қызметі басталады. 

Ахмет Байтұрсынов «Қазақ» газетінің негізін қалап, 1913–1918 

жылдар  аралығында  осы  газеттің  редакторы  болды.  «Қазақ» 

газеті ұлттық демократиялық баспасөздің негізі болып табылады. 

М. Әуезов Ахмет Байтұрсыновтың қазақ қоғамына баға жетпес 

үлес  қосқанын  атап  өтіп:  «Оның  еңбегінің  жемісінің  бірі  –  ол 

ашқан  мектептерге  барып  жатқан  жастар.  Жас  қазақ  әдебиеті 

оны өзінің негіздеушісі деп біледі. Ахаңның қаламы өзінің емдік 

рөлін  атқарды»,  –  деп  жазды.  Ахмет  Байтұрсыновты  істеген 

істері  және  таңдаған  саяси  жолына  адалдығы  үшін,  «Қазақ» 

газетінің  1916  жылы  қан  жылаған  қазақтарға  жасаған  игілігі 

үшін,  қазақ  мектептерін  ашқаны  үшін,  ана  тіліне  деген  шексіз 

ықыласы  үшін,  әдеби  мұрасы  «Маса»,  «Қырық  мысал»  үшін 

ұмытпауымыз керек. Мұхтар Әуезов ағамыз айтқандай, олай бо-

луына тарихтың өзі жол бермейді. 


I Қазақстандық философиялық Конгресс 

498 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

А.  Байтұрсыновтың  өз  елінің  жанашыр  тұлғасы  болғанын 

ғылым,  білім  жетістеріне  қол  жеткізуді  мақсат  етіп  қоюдың 

маңызды  екенін  уағыздап  отыруынан  байқай  аламыз:  «Неше 

түрлі  ғылым,  өнер  –  бәрі  де  тіршіліктің  ауырлығын  азайту 

үшін, рақатын молайту үшін шығарған нәрселер. Ғылым, өнер 

артылған  сайын,  дүнияда  бейнет  кемімекші.  Осыған  ақылы 

жетіп, есі енген жұрттар ғылым мен әнерді бірден-бірге асыруға 

тырысады. Асыру үшін әр түрлі істер істейді. Сол істердің бірі – 

білім жарысы. 

Білім жарысы дегеніміз – бай адам пәлен мың ақшаны бәйгеге 

тігеді де, мәлім етеді: осы ақшаны пәлендей іс істеген кісі ала-

ды  деп.  Мысалы,  пәлен  ауруға  ем  тапқан  я  пәлен  ғылымнан, 

яки өнерден жаңа жол тапқан, я пәлен турасында жазып, кітап 

шығарған адамдарға беріледі дейді. Ал бәйге тігілді. Енді ат жа-

рысы болса, әркім атын жаратып, бәйгеге қосар еді, білім бәйгесі 

болған  соң,  білімділер  бәйгеге  қосылады.  Бәйгеден  дәмесі  бар 

білім  жүйріктері  бірінен  бірі  озуға  жүйріктігін  аяп  қалмайды. 

Тап  дегенді  табуға  ойланады,  істе  дегенді  істеуге  қарманады. 

Ақырында  әркім  істегенін,  тапқанын  сынға  жібереді.Сыншы-

лары  ғылым  ордасында  тұрған  білімді  ғалым  адамдар  болады. 

Бұлар қарап, сынап, бәйге кеседі. Еуропада, мысалы, Нобельдік 

білім  жарысы  бар.  Бұл  жарыста  бәйгені  ғылым  ауданында  я 

әдебиет ауданында еңбек етіп озған адам я соғысқа қарсы һәм 

халық арасын жақындастыруға пікір жайған адамдар алмақшы». 

А. Байтұрсыновтың осы шығармасынан ұққанымыз, ұлы ұстаз 

әлемдік жағдайда білімге деген ықыластың мол екенін түсіндіріп 

өткен.  «Еуропадағы  ғылым,  өнер  толық,  қазақта  олардың 

жұрнағы да жоқ. Олар асқанның үстіне асыру үшін істеп отыр, 

біздер жұрнағы болу үшін істеу керек. Мың жылқысы бар бай-

лар оның үстіне мал аз дегенде, бір аты жоқ жарлы мал аз демей, 

қарап отыруы дұрыс па? Ғылым, өнер турасында біздің жайы-

мыз  да  сол  жарлының  халі  сықылды.  Ғылымның  жаңа  жолын 

табуға  іздемек  түгіл,  тапқан  ғылымға  қолымызды  жеткізерлік 

бізде еш нәрсе жоқ. Жұртқа ғылым үйретумен, көрумен, білумен 

жайылады.  Білімнің  бас  құралы  –  кітап.  Қазақ  арасында  білім 

жайылуына,  әуелі,  оқу  үйренетін  орындар  сайлы  болу  керек, 

екінші, білім тарататын кітаптар жақсы боларға керек һәм халық 



I Казахстанский философский Конгресс 

499 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

арасына көп жайыларға керек. Осы мақсатқа жетуге зор себепкер 

болатын істің бірі – білім жарысы. Білім жарысының басқадан 

артық  бір  жері  мынау:  бұған  шығарған  ақша  далаға  кетпей, 

көздеген мақсатқа тура тиеді. Егін салсаң, шықпай қалып, босқа 

шығындау  ықтимал,  мал  жисаң,  өліп  қалып,  босқа  шығындау 

ықтимал,  білім  бәйгесінен  пайда  болмаса,  шығын  болмайды. 

Пайдасы боларлық істі істемей, бәйгеге ешкім қол созбайды. Со-

лай  болған  соң,  бұған  шығарған  ақша  босқа  кетуге  тіпті  орын 

жоқ» [1]. Ұлы ұстаздың осы кеңестерін ұмытпай, қазіргі күнге де 

жаратудың орны бар деп санаймыз.

Ұлттық сөз өнерінің теориялық танымының негізін қалаған 

Ахмет  Байтұрсынұлы  деп  айтсақ  қателеспейміз.  Жалпы  түркі 

дүниясындағы  әдебиет  теориясына  арналып  жазылған  тұңғыш 

еңбек  А.  Байтұрсынұлының  қаламынан  шыққаны  біздер  үшін 

зор мақтаныш. 1926 жылы Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет 

танытқыш»  атты  еңбегі  басылып  шығады.  «Әдебиет  таныт-

қыш»  қазақ  әдебиеттану  ілімінің  бас  кітабы  болып  табылады. 

Ахмет  Байтұрсынұлының  «Әдебиет  танытқыш»  атты  қазақ 

топырағында  әдебиет  тарихы  мен  теориясы  туралы  жазылған 

тұңғыш кең көлемдегі жүйелі зерттеу еңбегі әдебиеттің әсемдік 

әлемін,  көркем  сөз  табиғатын,  сөз  өнерінің  сырын,  мазмұны 

мен мәнін, мақсаты мен міндетін, әдебиеттің өнер түрі ретіндегі 

өзіне  ғана  тән  қасиеті  мен  ерекшеліктерін,  асыл  сөздің  адам 

дүниетанымын,  қоғамдық  көзқарасын  қалыптастырудағы 

алар орнын ғылыми түрде жүйелеп түсіндіру мен түйсіндіруге 

жасалған  тұңғыш  қадам,  алғашқы  талпыныс  болуымен  құнды. 

Бүгінде сөз өнерінің ажарын ашқан асыл еңбекпен қайта табы-

сып, әдебиет жайлы ой-танымымыздың әу бастағы алтын баста-

уымен қайта қауышып, талғам мен танымның тұнба тұнығынан 

еркімізше нәр алудамыз. 

Қазақ деген халықтың ерте дәуірлерден қалыптасқан көркем 

сөз  өнерінің  ішкі  болмысына  ғылыми  теориялық  пайымдаулар 

арқылы дендеп ену, 20-шы жылдардағы жас қазақ әдебиеттану 

ғылымының  биік  көрсеткіші  екені  дау  туғызбас  керек.  Осы-

нау  Ахмет  Байтұрсынұлының  ақыл-ойы  мен  терең  білімдар-

білімпаздығының жемісі түркі дүниесіндегі алғашқы теориялық 

еңбек екенін ескерсек, оның құны тіптен арта түседі. Ендеше қазақ 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

500 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

әдебиеттану  ғылымының  көшбасшысы  Ахмет  Байтұрсынұлы 

болып табылады. 

Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» атты кітабы-

ның сөз өнерінің «әліпбиіне» саналу себебі, ол алғашқы болып 

әдебиет  атты  әлемнің  сырына  ұлттық  таным  арқылы  жол  тап-

ты.  Қазақ  әдебиетінің  әлемдік  әдебиетпен  тоғысар  арналары 

мен төл көркемдік құбылыстарының құпияларын ашты. Сөйтіп, 

ұлттық  сөз  өнерінің  әлемдік  көркемдік  дүниетанымның  бір 

бөлшегі екенін, сонымен қатар, оның өзіне ғана тән ерекшелігі 

мен  өзгешелігі  барлығын  нақты  мысал,  бұлтартпас  дәлелдер 

негізінде дәйектеп берді. Қазақ руханиаты көсемдігінің тұғырына 

көтеріліп, ұлттық тұлғаға, ұлт ұстазына айналды. 

«Ақ жол» газетінің 1923 жылғы 4 ақпандағы санында Мұхтар 

Әуезов  «Ахаңның  елу  жылдық  тойы»  деп  аталған  мақаласын 

жариялайды. Осы мақаласында жалпы ұлттың ұлы рухани ұста-

зының халық танымында қалыптасқан ұғым-бейнесін санада са-

ралап, жүректен түйсінген кемеңгер кемел ойынан түйінделген 

тұжырымдарын жеткізген. 

Ахмет  Байтұрсынұлына  берілген  әділ  бағалардың  бірі  Зей-

нолла Қабдоловтың шығармаларында орын алған: «Асылы, Ахаң 

– анасының ақ сүті секілді өзінің ана тіліне уызында жарыған 

кісі.  Ахаңның  тіліндей  ағыл-тегіл  бай  тіл  соңыра  Мұхаңда 

(Әуезовте) болса, болған-ды, ал өңге қазақтардың бірде-бірінде 

болған жоқ» [2, 67 бет] Ахмет Байтұрсыновты Ахаң деп атаған 

себебіміз, өзінің азап пен бейнетке толы санаулы өмірінің (санау-

лы ғұмырының) өн бойында ол тек Ахаң атанған адам және Ахаң 

деп ... күллі қазақ қауымы, әсіресе, ұлт зиялылары жаппай, жамы-

рай атаған. Мұның өзі аяулы азаматтың көзі тірісінде-ақ халық 

махаббатына бөленіп, аты аңызға айналғандығының көрінісі еді. 

Ахмет Байтұрсынұлының таным тереңдігін де атап өтуге бо-

лады. Ол қазақ тілінің байлығын, сұлулығын, икемі мен мүмкін-

дігін қазақ еместердің бірде-бірінің тілінен артық болмаса, кем 

көрген  жоқ;  өзге  тілдердің  қай-қайсысында  қандай  қиын  сөз 

болмасын,  қазақ  тілінде  оның  баламы  болмауы  мүмкін  емес 

деп  білді  және  өзінің  осы  ұғымын  іс  жүзінде  дәлелдеп  кетті. 

А. Байтұрсынов әрі шешен, әрі дана, әрі көсем бола алды. Оның 

тұлғасын тек қазақтық тар шеңберде емес, әлемдік өркениеттің 



I Казахстанский философский Конгресс 

501 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

өрісіне  өз  үлесін  қосқан  ғұлама  деп  бағалауға,  ғаламдық  ой-

санада теңдессіз деп саналар тұлғалармен салыстыруға болады. 

«Егер Лессинг өзінің «Гамбург драматургиясында» Аристотель 

«Поэтикасын»  мінсіздік  тұрғысынан  «Евклид  элементтерімен» 

қатар қойған болса, біз бүгін Ахаңның «Әдебиет танытқышын» 

Аристотель  «Поэтикасымен»  салыстырар  едік.  Мұның  мәнісі 

– екеуі де: бірі грек – әдебиетінің, екіншісі – қазақ әдебиетінің 

«әліп-билері»« [2, 68-бет].

Елбасы Түркістан қаласында зиялы қауыммен кездесуінде үш 

міндетке назар аударды:

Біріншісі – тарихты зерттеу, оны терең түсіндіру арқылы жа-

старды отаншылыққа тәрбиелеу.

Екіншісі – ата-бабамыз аманат еткен ислам дінінің сүннеттік 

парызын бойға сіңіріп, қазақ халқының иманын бекіту,

Үшіншісі  –  Абай  шығармалары  арқылы  Қазақстан  халқын 

еңбексүйгіштікке, бірлік пен ынтымақтыққа баулу, жаман әдет-

терден арылуға ықпал ету. Міне, ұлттық идеологияның арқауы 

– осы. Ұлы Абайымыздың ісін әрі қарай жалғастырған ізбасары, 

қазақ халқын білімге жетелеуші тұлғамыз Ахмет Байтұрсынұлы 

да  рухани  мұрамызды  байытты.  Ұлыларымызды  ұлықтата  біл-

сек, жастар тәрбиесін түзетуге жол табылар деп сенеміз. 



Әдебиеттер

Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. – 1-том. – Ал-

маты: Алаш, 2003. – 408 б. – 168 бет. 

Қабдолов З. Көзқарас: Талдаулар мен толғаныстар. – Алматы: Ра-

уан, 1996. – 256 б. – 67 бет. 

3  Акимбаева  Ғ.Т.  Халық  тәлімінің  негізін  салушылар  //  Ұлт 

тағылымы. – 2012. – №2, 189–195 бб. 

Нұрғали Р. Ұлт ұстазы // Егемен Қазақстан. – 2007, қыркүйек – 26. 

– Б. 13. 


I Қазақстандық философиялық Конгресс 

502 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

СОЦИОКУЛЬТУРНЫЙ КОНТЕКСТ МОДЕРНИЗАЦИИ

ТРАДИЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ В УСЛОВИЯХ 

НЕЗАВИСИМОСТИ

Галия САДЫКОВА

(Алматы) 

Независимое становление Республики Казахстан потребова-

ло кардинальных перемен во внешней и внутренней политике, 

что, соответственно, в той или иной мере воздействуя на все об-

ласти культуры, отражается в них, ибо культура как выражение 

творческой деятельности, несомненно, связана с историческим 

движением общества в целом.

Опыт Казахстана показывает определенное сочетание двух – 

западной  и  восточной  –  институциональных  матриц,  когда  на-

блюдается  баланс  между  развитием  институтов  демократии,  с 

одной  стороны,  и  приоритетностью  коллективистских  ценно-

стей, служение государству – с другой. Влияние институтов, ко-

торые внедряются и осваиваются государством и обществом, в 

особенности западных, приводит к созданию рыночных отноше-

ний, конкуренции, спросу инноваций, а также изменению куль-

туры, ибо такие институции приводят к дальнейшей вестерниза-

ции, как одного из способов модернизации. Инновации сегодня 

являются чуть ли не самым важным аспектом модернизации: IT 

-технологии, иконсалтинг, трансферт, инжиниринг и т. п. 

Сегодня вызовы всеобщей глобализации требуют сочетания 

«модернизации с сохранением собственного культурного насле-

дия, особенностей национального духа, менталитета, адаптации 

традиционных институтов и ценностей культуры к изменяюще-

муся  миру»  [1,  с.  52].  В  этом  аспекте  немаловажное  значение 

имеет освещение казахской традиционной музыкальной культу-

ры в контексте социокультурной трансформации. Ее модерниза-

ция является закономерным следствием социокультурных изме-

нений, а именно: трансформации в общественном развитии. 

Как  известно,  человечество  прошло  в  своем  развитии  три 

крупных этапа, различающихся по способам коммуникации. На 



I Казахстанский философский Конгресс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет