Жоқтау айту – ғұрып. Қазаға ұшыраған адамның артында қалған жақындарының қайғылы
сарынмен айтатын зары, мұң сөзі (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 2008). Ғұрыптар кейде
қоғамдық сипат алады. «Фейсбук» әлеуметтік желісінде«Жұлдызды айтыс» жайлы ащы пікір
білдіріп, бүгінгі айтыстың жай-жапсарын біраз сынға алынады. «Жабылып «жоқтау» айта бастады.
Бүгінгі айтыс айтыс емес, «концерт» деген баға алып үлгерді» деген мысалда келелі, қоғамдық
мәселелердің қозғалмай, айтыскерлердің тар тақырып төңірегінде зар, мұң айтып кеткендігі
жоқтау ғұрпына баланып беріліп отыр. «Жоқтау» ғұрпы медиамәтіндерде қазақ халқының мәдени
өмірінде ойып тұрып орын алатын айтыс өнеріне қатысты қолданылған. Елдің, әлеуметтік
ортаның, бүкіл қоғамның жағдайын билікке жеткізуші «алтын көпір», - айтыс бүгінде белгілі бір
ұйымның немесе қоғамдық институттың мүддесін қорғайтын, «сойылын соғатын» құралға, шоуға
айналмауы тиіс екендігі жөнінде айтыстың дамуына қатысты әлеуметтік категориялар арасында
түрлі пікірлер мен көзқарастар қалыптасқан.
Тұсауы дұрыс кесілмеген авторлық қолданыстағы тіркес - тұсау кесу - этнографиялық
фразеологизмінің негізінде туындаған, сүріншек адамға қатысты айтылады. Жалпы, тұсау кесу –
этн. Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен, жүріс-тұрысы ширақ адамға алдын-
ала дайындатқан ала жіппен баланың аяғын тұсап, қидыратын, кәдесі бар ғұрып, ырым (6). Қазіргі
таңда тұсау кесу тіркесінің жаңа ауыспалы мағынасы қалыптасқан. Жаңа өндіріс, мәдениет
ошақтарының ашылу салтанатына қатысты айтылуы жалпыхалықтық қолданысқа ие болды.
Мысалы, «Кеңес заманында қазақ тілінің пұшайман халін көріп өскендіктен болар, бүгінгі күні
«тұсауы дұрыс кесілмеген» мемлекеттік тілдің сүрініп қабынып жүруіне де риза кейіптері» деген
мысалда мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі болып табылатын мемлекеттік тілдің қолданыс
аясының жайы – сол «тұсауы дұрыс кесілмеген» баланың халіне телініп отыр.
Abai.kz ақпараттық порталында «Қазайтыс кімнен қорқып отыр?» тақырыбы аясында
қазақ айтысының қалы қалай, айтыстың бүгінгі деңгейі, оның артықшылықтары мен кемшіліктері
жөнінде қоғамымыздағы белсенді азаматтардың пікірлері жарияланған. Бұл - әлеуметтік
329
Doç. K. B. SARBASOVA-S. A. SADUVAKASOVA/Kazak Tildi Bukaralık Akparat Kuraldarındagı…
мәселелерді билік басындағыларға жеткізу алаңы болып табылатын айтыстың саяси сипат алып,
ал ақындардың саясаткерлерге айнала бастағанын меңзейтін мәтіндегі фразеологизмдердің саяси
мәнде қолданылуы да ерекше. Мысалы, Ғалым Мухитдин Исламұлы: «Ақиқат айтылмаса,
айтыстың атасы өледі. Меніңше, айтыс баяғыда қайтыс болған. Бұлар тек оқта-текте сол
айтыстың моласының басына жақсылық үшін емес, бақсылық үшін жиналады. Айтыстан жұрнақ
іздесең, Қытай қазақтарынан тауып қаларсың. Негізі, оларға Қытай ерікті айтысты
жандандырыңдар деп бермеген. Өз еліндегі қазақ деген халықтың жаназасын шығарыңдар деп
берген. Бұрынғының ақындары көргеннің көз жауын алатын жорға еді, бүгінгінің ақындары
көрінгеннің «дауын» салатын дорба болды» - дейді («Қазайтыс» кімнен қорқып отыр?).
Медиамәтінде «қайтыс болу» (дүниеден қайту, дүние салу, өлді, о дүниеге аттанды),
«жаназасын шығару» (Жаназа. діни, өлген адамды жерлеу алдында оқылатын дұға. Жаназа
шығарды – өлген адамдарға арнап Құран оқыды) ғұрыптар негіз болған ауыспалы мағыналы
тіркестер арқылы автор ойына эмоционалды бояу үстеп, айтыс өнерінің бүгінгі жағдайына өзіндік
көзқарас танытып, баға берген. Астарынан ашыну, күйіну сезімдерін байқауға болады.
Көшпелі өмір салтымен үйлесім тапқан қазақ халқы шарушылығының негізгі саласы мал
шаруашылығына негізделгені белгілі. Төрт түлік мал жайы халық поэзиясы, прозасы,
публицистикасында барынша мол көрініс тауып отыруы да сондықтан. Медиамәтіндерде тілдік
фактілерді қарастыру барысында басқару жүйесіндегі ел ағаларының іс-әрекеттерінің, мінез -
құлқының жылқы малының табиғатымен баламаланып берілуінің кездесетіндігіне көз жеткіздік.
Мәселен, «Қазақстан ZAMAN» газетінің 2015 жылдың 8 қаңтарындағы №1 нөмірінде Нағашыбай
Қабылбектің «Әкімдер қандай істерімен есте қалды?» атты мақаласынан жылқы малына тән
қасиеттердің метафораланған үлгілерін көреміз: Аламан бәйге – аты, құнаны, тайы аралас
жаппай жарыс (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 2008).. «Билік дейтін аламан бәйге жарауы жеткен
сәйгүліктер додасынан бір кем емес екендігін көзіміз көрді» («Қазақстан ZAMAN» газеті,
08.01.2015, №1). Берілген мысалда Аламан бәйге - әр облыс әкімінің ел игілігі жолында атқарып
жатқан ісі, олардың білім-білігі, іс-тәжірибесі сарапқа салынатын билік алаңына баланып тұр.
Демек, бәйгеде небір жарау аттар додаға түсетіні секілді, билік аламанында жан-жақты білім-
білікпен қаруланған, сайдың тасындай марғасқа азаматтар билік жүргізу жолында өзара сынға
түспек. Қазақ халқына тән ұлттық ойын түрінің билікке ұқсата берілуі әрбір қазақ тілді
реципиентке түсінікті. «Аламан бәйге» фразеологизмі саясат өкілдері - әкімдердің атқарған
қызметтерін сипаттауда экспрессия тудыра, саяси реңде жұмсалған.
Ат жалын құшу – еңкейе келе, етпетінен ат мойнына асыла құлау.
Ат ойнату - дәстүрлі
ортада ауылға, біреудің иелігіне атпен шауып келіп, айғай-шу, дау-жанжал шығарып, сес көрсету
(2). Аталған тіркес кездеседі: «Иә, жылқы жылында «ат ойнатып», атойлатып шыққандар мен
«ат жалын құшып» құлаған облыс әкімдері де кездесіп қалды» («Қазақстан ZAMAN» газеті,
08.01.2015, №1). Медиамәтін біздің пікірімізше, «ат ойнату» тұрақты тіркесі өздерінің
лауазымдарын асыра пайдаланып, астамшылық жасаған әкімдердің де кездесетіндігін тілге тиек
етіп, адресанттың назарын аудару мақсатында саясиланып қолданылған. Өз істеріне
жауапкершіліксіз қараған ел ағаларының іс-әрекеті «етпетінен ат мойнына асыла құлаған»
адамның іс-әрекетін көз алдымызға елесетеді. Сонымен қатар, автор міндет-қызметтерін өз
дәрежесінде орындап, жыл қорытындысында өзгелерден оза шапқан әкімдерді топ үйірінен
ойнақтап шыға келген жылқыға баламаласа, істері тұралап қалғандарды «ат жалын құшу» тіркесі
арқылы сипаттайды. Қазақтың таным-түсінігінде, тұрмысында қалыптасқан осындай қарапайым
үдеріс бүгінде басқару жүйесінде образды көрініс тауып отыр.
Ауыздығымен алысу – аласұрып жанын жеді, ойнақшып тұра алмады. Ер-тұрманы сайлы
– Ер-тұрман. Салт атқа міну үшін қажетті әбзел-жабдықтар (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 2008).
Бұл тұрақты тіркестердің медиамәтіндегі көрінісі төмендегідей: «Сөздің шыны керек, о бастан
«ұлттық рухы мықты, кең тынысты, «ер-тұрманы сайлы», «ауыздығымен» алысқан, жол таңдамай
жүйткіп отыратын әкімдер жайлы әңгіме басқа» («Қазақстан ZAMAN» газеті, 08.01.2015, №1)
Мұндағы «ауыздығымен алысқан» метафоралық тіркесі сырттай мағына ұқсастығын сақтап
түзілген. Халқымыз ауыздықты жылқының басын бұрып отыру, дер кезінде тоқтатып отыру үшін
пайдаланған. Жылқы малының жан-дүниесін, сыр-сипатын жақсы білетін оқырман қауым
ауыздығымен алысқан, елірген, қызып тұрған сәйгүліктердің аламанда топ жаруынан үлкен үміт
күтетіні секілді билік аламанындағы саясат «майталмандары» - әкімдерден де қатарынан озып
кемиді талап етеді, белгілі бір бағытынан тайып бара жатқандығын уақытылы байқап, тәртіпке
330
III. Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Sempozyumu
шақырып қою керектігі ескерілсе, «ер-тұрманы сайлы» болуы үшін облыс әкімдерінің бойында
ел басқарушыға тән қасиеттердің болу қажеттілігі сыни тұрғыда меңзеліп отыр.
Ауыздықтай алмау – Ауыздықтау яғни аттың ауыздығын салып жүгендеудің болымсыз
түрі: тежей, тыя, тізгіндей алмау. Мысалы, «Арғымақ жылды ауыздықтай алмағандар қой жылын
той жылына айналдырып, ұлт үшін ең басты қасиеттерді жоғалтып алмаса бопты да дегіміз
келеді» («Қазақстан ZAMAN» газеті, 08.01.2015, №1). Мәтін авторы айтылған ойды тұжырымдау
барысында жергілікті билік өкілдеріне жылқы жылында кеткен олқылықтардың орнын толтырып,
жіберген қателіктерін қайталамаса деген ойын білдіріп, кездескен қиыншылықтарды дер кезінде
жоя алмаған әкімдерді «ауыздықтай алмағандар» тобына жатқызып, ауыздықтай алмау – етістікті
тіркесі субстантивтеніп, қолынан іс келмегендер, іске жауапкершілікпен қарай алмағандар сияқты
мәнді астарлап жеткізіп отыр. Сонымен қатар, «Алайда, «ат болатын құлынды желі басынан
танитын» қазақ болғандықтан, олардың алғашқы қадамдарынан «ескіліктің» исі аңқитынын
жасырғымыз келмейді» («Қазақстан ZAMAN» газеті, 08.01.2015, №1) деген медиамәтінде автор
«ат болатын құлынды желі басынан танитын» тұрақты тіркесі арқылы билік басындағы
шенеуніктердің қолынан іс келмейтіндігі о бастан – ақ белгілі болғандығын шенейді.
Жауыр болу – әбден мезі етті, ығыр қылды, қажытты (Кеңесбаев, 2007). Мысалы,
«Көңілжықпастық пен жігерсіздік алаш баласына абырой әпермейтіні айтыла-айтыла жауыр
болды» («Қазақстан ZAMAN» газеті, 08.01.2015, №1). «Жауыр болу» саяси метафорасы ауызекі
сөйлеу тілінде кең қолданысқа ие. Бұл қолданыста «жауыр болды» мезі етті, ығыр қылды,
қажытты мағынасында, қанша айтылса да, мәселеден нәтиже шықпағандығы меңзелген.
Жауырды жаба тоқу – кемшілігін бүркеді, жасырды (Кеңесбаев, 2007). Мысалы,
«Жауырды жаба тоқу», қалыптастып отырған қиын ахуалды жете бағаламау, бүгінгі қабылданып
отырған шешімдердің ертең бұрысқа шығып қалуы мүмкін екенін ескермеу, ықтимал қауіп-
қатерлерді дұрыс болжап, оған қарсы іс-әрекеттердің әлеуетін күшейтуді қаперге алмау және
өміршең идеялардың өзегінде жатқан шындыққа тура қарай алмай, тайсақтау ешкімге абырой
әпермесі дау тудырмас (ЕҚ 28.01.2015) мәтінінде сөйлемнің басында келген «жауырды жаба тоқу»
арқылы қоғамдағы әлеуметтік-саяси мәселені жарияламау нәтижесі – мән бермеуліктің соңының
жақсы болмайтыны оқырман ұғымына сәйкес әсерлі түрде жеткізілген.
Жүрістен жаңылу – жолдан таю (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 2008). Жорға жүрістен
жаңылу – оккозионал қолданыс, жүрістен жаңылу тіркесінің негізінде туындаған. Жылқы малына
тән жорға жүріс төрт аяғын тең салып, тербетіле, бірқалыпты майда жүрісті білдіреді. Ал мысалда:
«Бірақ кейде «жорға жүрістерінен жаңылып», тапырақтап кететіндері бар» («Қазақстан
ZAMAN» газеті, 08.01.2015, №1) жүрістен жаңылу тұрақты сөз тіркестері істерінде жүйелілік пен
қалыптасқан басқарушылық білік жоқ әкімдердің оғаш қылықтарын сипаттауда авторлық
өзгеріспен саясиландыра қолданылған.
Қызыл майы шығу – қызыл май болу. 1. Ат алқынып, қан сорпасы шықты. 2. Босқа
әуреленді, арам тер болды. «Бұлар - саясат алаңында «қызыл майы» шыққан кербестілер»
(«Қазақстан ZAMAN» газеті, 08.01.2015, №1) деген сөйлемнің астарында саясат аламанында арам
тер болып, қолынан келелі іс келмесе де, әуре-сарсаңға түсіп, сол межеден, яғни саясаткер
межесінен шығуды көздегендер деген ой жатыр.
Маңдайы жарқырау – бағы ашылды, жолы болды (6). «Қой жылына төрт ай қалғанда
«маңдайы жарқырап» келе жатқан Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев жазық жерде
сүрінді» («Қазақстан ZAMAN» газеті, 08.01.2015, №1) «Маңдайы жарқырады» абстрактілі
ұғымының метафоралану арқылы берілуі оқырманның «алдыңғы қатарда, алғы шепте келе
жатқан» деген мағынада жеңіл түсінуіне мүмкіндік береді. Жазық жерде сүрінді, демек, облыс
әкімі өз ісінде қателікке бой алдырды. Мәтін авторы облыс әкімінің жазық жерде сүрінгенін бұл
жай сүріну емес, сүріну мүмкін емес – жазық жерде сүрінуінде бір гәптің барлығын астарлай
берген, сол арқылы оқырманды ойға жетелейді.
Шаңға көму – жарыста артта қалдыру. «Шаңға көму» фразеологизмінің мағыналық аясы
кең, әсер ету реңкі күшті. Мысалы, «Алғашқы болып жаңа жылдық шыршаға миллиондап қаржы
шығарып, әріптестерін "шаңға көміп" құйғытып келе жатқан Павлодар облысының әкімі Ерлан
Арын омақаса құлады» («Қазақстан ZAMAN» газеті, 08.01.2015, №1). Берілген контексте әкімнің
әрекеті «шаңға көміп» тіркесінің ықпалынан қатарластарының алдын бермей, аламан бәйгеде оқ
бойы құйғытып оза шауып келе жатқан арғымақтың бейнесін елестетеді. Ал омақаса құлау -
331
Doç. K. B. SARBASOVA-S. A. SADUVAKASOVA/Kazak Tildi Bukaralık Akparat Kuraldarındagı…
мойнын астына ала құлады, жер сүзе жығылды, аяғы аспаннан келіп, шалқасынан түсті» деген
мағына білдіреді (Кеңесбаев, 2007). Әріптестерінің арасында алдыңғы лекте келе жатқан әкімнің
өз іс-әрекеті әсерінен жағымсыз жағдайға тап болғаны «омақаса құлады» тіркесінің
метафоралануы арқылы берілген.
Метафораланған тәсілімен жасалған сөз тіркестері, жаңа мағына тудырып, көркем образ
жасауға қатысады, олар сөз мағынасын көріктендіріп қана қоймайды, айтылар ойға тереңдік
береді, эмоционалды-экспрессивті мағына үстейді. Олардың негізінде адамның ойлау жүйесіндегі
ұқсатулар мен салыстырулар, бейнелілік пен суреттеулер негіз болады. Ұлттың ойлау дәрежесі
мен ұлттық сана сезімі мен дүниені қабылдаудағы ұлттық ерекшеліктері сол ұлт тіліндегі
фразеологизмдердің өзіндік болмысы мен тілдік сипатын көрсетеді. Мәселен, ұлттық тағам
атауларының ұйытқы болуымен жасалған фразеологизмдердің саяси сипат алуына қоғамда болып
жатқан әлеуметтік-саяси оқиғалар мен құбылыстар да түрткі болады. Күнделікті ауызекі сөйлеу
үдерісінде қолданылып жүрген тағам түрлері ауыспалы мағынада келгенде сол бейнелеп отырған
оқиғаға оқырман не тыңдарман тарапынан оң немесе теріс пікір тудыру, баға беру, өзіндік ой
түюіне ықпал етеді. Мысалы, Ана тілінің уызына жарымаудың салдарынан өз билігінен өзге елдің
билігіне жалтақтау, бүйрегі бұру секілді үрдістер тоқталмақ емес («Қазақстан ZAMAN» газеті,
15.01.2015, №2). Отбасы дәстүрінің бұзылуынан, өмірге жаңа келген сәби ұлттық дәстүрді бойына
сіңіре алмағандықтан ана тілінің уызына жарымай жүр (BAG.KZ ақпараттық порталы,
12.01.2014). Біздегі аталған кемшіліктер әу баста билікке уызына жарымаған дүбәра
шенеуніктерді отырғызудан басталды (https://www.neweurasia.net/, -25.09.2011). 1917 жылғы Қазан
төңкерiсiн жасағандардың бәрi де – уызына жарымағандар! («Жас Алаш» газеті, 14.04.2015).
Берілген мәтіндерде метафоралық тіркестің жасалуына ұйытқы сөз – уыз. Уыз – төлдеген малдың
алғашқы күндердегі қоймалжың қою сүті. Уызға жарымау –туғалы жоқшылық көру. Уызға
жарымады – о бастан ас ішіп бүйірі шықпады мағынасын береді (Кеңесбаев, 2007).
Медиамәтіндерді саралауда «қаймақ» - тағам атауының мағыналық өрісінің кеңейіп,
«құнарлы, нәрлі, дәмді» деген мағыналарға ие болып, қаймағы бұзылмады(ешбір шашау
шықпады, ауызбірлікте болды) фразеологизміне ұйытқы болғаны байқалады. Мысалы, Ауыл –
қазақтың рухани қаймағы. Ұлтымыздың қайнар бұлағындай болған, салт-дәстүрдің қаймағын
бұзбай келген сол қазыналы ауылдың қатарын селдіретіп тындық. Алғашқы мәтінде рухани
мәдениеттің бастауы, қайнар көзі, «ең құнарлысы» ауылда екендігі қаймаққа баланып берілсе,
келесі сөйлемде салт-дәстүрлердің шашауы шықпай, мұрты бұзылмай, қаз қалпында ұрпақтан-
ұрпаққа мұра болып сақталуына мұрындық болып келе жатқан ауылдың жай-күйінің мәз еместігі
суреттелген.
Қорыта айтқанда, әрбір қазақ тілді реципиенттің когнитивтік санасынан орын алған, әр
халықтың ерекшелігіне, ұғымына, әдебиеті мен мәдениеті, тарихы мен танымына, яғни
менталитетіне сай, халқымыздың сөздік қорында бұрыннан қолданылып келе жатқан тұрақты сөз
тіркестерін, этнографизмдерді, лингвокультуремаларды түрліше қолдану барысында оқырман не
тыңдарманның ұғымына түсінікті жеткізуде, экспрессивті-эмоционалды бояу үстелетініне көз
жеткізуге болады.
ӘДЕБИЕТТЕР
Әлеуметтану және саясаттану бойынша Орысша-қазақша түсіндірме сөздік (2006), -Павлодар:
«ЭКО» ҒӨФ.
Даурбекова, Ш.С. (?), Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы Абай дәстүрі //
massaget.kz/userdata/uploads/u21/h_5.doc
Жансүгіров, І. (1974), Поэмалар мен өлеңдер. -Алматы: Жазушы.
Кеңесбаев, І. (2007), Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. -Алматы: ҚазАқпарат.
«
Қазайтыс» кімнен қорқып отыр? // Abai.kz ақпараттық порталы. http://old.abai.kz/content/kazaitys-kimnen-
korkyp-otyr.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (2008), Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс.
Уикипедия ашық энциклопедиясы.
https://kk.wikipedia.org/wiki
332
III. Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Sempozyumu
LAYLA VƏ OXŞAMALARDA
ANTONİMLƏRİN ÜSLUBİ XÜSUSİYYƏTLƏRİ
K. İ. SALMANOVA
Xülasə: Məqalədə layla və oxşamalarda işlənmiş antonimlər spesifik xüsusiyyətləri baxımından tədqiq
olunur. Sözün antonimlərinin işlənməsi, fikrin aydın çatdırılmasında, oxucuya təsir etməsində, mənanın
dəqiq ifadə olunmasında mühüm rol oynayır. Antonimlərin məna növləri və quruluşu konkret misallarla
göstərilmişdir.
Açar Sözlər: layla, oxşama, antonim, emosionallıq.
The Stylistic Peculiarities of Antonyms in Lullabies and Pattings
Abstract: Antonyms which used in lullabies and pattings are investigated from specific peculiarities in this
article. The usage of antonyms helps in clearly expressing the thought, its influence to reader and in correctly
expressing the meaining. The types of meaning and their structure is showen on concrete examples.
Keywords: lullabies, pattings, synonyms, emotionality.
Fikri, mənanı dəqiq və təsirli vermək, lirik ovqatın psixoloji və təzadlı məqamlarını ifadə etmək
üçün antonimlər ən münasib təsvir vasitələrindəndir. Bu təsvir vasitələri şeirin daxili ekspressivlik və
dinamik vüsətini gücləndirməklə bərabər, həm də onun ritmik axarını daim hərəkətə gətirir, nitqi
canlandırır, gah xəfif, gah da əsəbi hissi dalğalanmalar yaradan faktor rolunu oynayır. Poetik deyimi
gözəlləşdirən, olduqca yararlı dil vahidi olan antonimlər vasitəsilə xaraktercə mənəvi və estetik
keyfiyyətlərinə görə bir-birindən tamamilə fərqlənən varlıqların səciyyəsini vermək mümkün olur və
oxucu təfəkkürünün abstraksiyası yüksək pilləyə qaldırılır. Bu baxımdan uşaq folkloru nümunələri olan
layla və oxşamalarda antonimlərdən böyük məharətlə istifadə edilmişdir. Apardığımız araşdırmalar
göstərir ki, “mənaca bir-birinin tam və mütləq ziddini təşkil edən antonim sözlər” (Xəlilov, 2008: 189)
növbələşərək davamlı, zəncirvari ekspressiya işığı yaradır. Bunu nümunələrimizin əksəriyyətində görmək
mümkündür.
Bala dadı, bal dadı,
Bala adam aldadı,
Şirini, şirin olur,
Acısı da, bal dadı
(Şəki folkloru, 2002: 91).
Qış üstündən bahar yox,
Bitən ağacda bar yox,
Dəyişib qoca dövran,
Sabaha etibar yox
(İrəvan Çuxuru folkloru, 2004: 424).
Antonimlərin şeir dilində yaratdığı üslubi çalarlar, xüsusiyyətlər az deyildir. Bu leksik vahidlər
ziddiyət bildirdiyindən, danışılan hadisə, əlamət və s. barədə aydın təsəvvür yaratmağa kömək edir.
Antonimlər vasitəsilə fikir təsirli ifadə olunur, insanda emosional hiss, bəddi-estetik zövq, yüksək əhval-
ruhiyyə yaradır.
Antonimləri mətndə lirik ovqatın dərin psixoloji dərinliklə, təzadlı məqamları ilə sintezini canlandırma
vasitəsi hesab edən Məhərrəm Hüseynov yazır ki, şeirin həm idrak, həm də sənətkarlıq səviyyəsinin artması
naminə dilin xəlqi təbiətinə və poetik sirlərinə yaxından bələd olan şairlər leksik mənasına görə əkslik təşkil
edən sözlərin köməyi ilə təbiət və cəmiyyət hadisələri barədə düşüncələrini bütün qanunauyğunluqları və
təzadları ilə canlandırıb onlara poetik münasibət ifadə edir. Varlığın ziddiyyətli cizgilərinin antonimlərin
köməyi ilə təsvirində, adətən, emosional mühakimə tərzinin üstünlüyünə nail olur. Antonimlərlə şeir dilinin
sanballı olması, onun estetik mahiyyətinin dərinləşməsi bir də onunla şərtlənir ki, əks mənalı sözlər şeirdə
həyat materiallarının poetik mənalandırılması və obrazlı təqdimi üçün olduqca yararlı dil vahididir (Hüseynov,
2008: 348).
ADPU Müasir Azərbaycan Dili Kafedrasının doktorantı, onulka999@gmail.com
334
III. Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Sempozyumu
Layla və oxşamalarda antonimlərin bir çox məna növlərindən istifadə olunmuşdur.
1. Əlamət, keyfiyyət, xüsusiyyət anlayışlarını bildirən antonimlər:
Laylay anam balası,
Elin, günün parası,
Evim sənə pay olsun,
Gözüm ağı-qarası.
Nazlı balam, a laylay,
Gözəl balam, a laylay
(Şəki folkloru, 2002: 90).
2. Məkan anlayışı bildirən antonimlər:
Laylay dedim gündə mən,
Достарыңызбен бөлісу: |