Iii beynəlxalq türk dünyasi araşdirmalari simpoziumu III. Uluslararasi türk dünyasi araştirmalari sempozyumu ІІІ халықаралық ТҮркі әлемі зерттеулері симпозиумы



Pdf көрінісі
бет54/102
Дата03.03.2017
өлшемі42,43 Mb.
#6018
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   102

Kölgədə sən, gündə mən, 

İldə qurban bir olar, 

Qurbanınam gündə mən  

(Şəki folkloru, 2002: 90). 



3. Hal-hərəkət və vəziyyət anlayışını bildirən antonimlər: 

Yatmışdım, oyanmışam

Yastığa dayanmışam, 

O qədər layla deyib, 

Yorulub, dayanmışam  

(Naxçıvan folkloru, 2010: 308). 

4. Vaxt anlayışını bildirən antonimlər: 

Ananın ümidisən, 



Gejəsi, gündüzüsən

Keşik çəkən ananın, 

Elə bil ki, özüsən  

(Şəki folkloru, 2002: 338). 



5. Qeyri-müəyyən kəmiyyət bildirən antonimlər: 

Payızımsan, yazımsan, 

Həm çoxum, həm azımsan

Sən mənim vuran qəlvim, 

Çiçək açan yazımsan  

(Şəki folkloru, 2002: 339). 



6. Ölçü və miqdar anlayışı bildirən antonimlər: 

Balam kiçihdi, qoy böyük olsun, 

Dörd yanını güllər bürüsün, 

Laylay diyim, sən yatasan, 

Qızıl güllərə batasan, 

Layla balam, layla  

(Şəki folkloru, 2002: 92). 

Layla  və  oxşamalarda  antonim  sözlərin  quruluşu  da  maraqlıdır.  Bu  şeir  nümunələrində  işlənən 

antonimlər  əsasən  sadə  quruluşa  malikdir.  Tərbiyəçi  ana  və  nənələrimiz  bu  musiqili  şeirləri 

mürəkəblikdən  uzaq,  aydın  axıcı  dildə  yaratmışlar  ki,  yenicə  inkişaf  etməkdə  olan  körpə  beyinlər  bu 

deyilənləri rahat həzm edə bilsinlər.  

Beləliklə,  ictimai  həyatda  mövcud  olan  ziddiyyətlərin,  hadisələrin  antonimlik  ifadə  edən  leksik 

vasitələri  müvəffəqiyyətlə  qarşılaşdırmaqla  təzadlı  halların  qüvvətli  bədii  ifadəsinə  nail  olmaq  bacarığı 

layla  və  oxşamalarda  güclüdür.  Elə  buna  görə  də  uşaq  folkloru  nümunələrimizdə    istifadə  olunan  bu 

antonimlər, azyaşlı dinləyicilərin yaddaşına möhkəm həkk olunur. 

Dinim, imanım, 



Yaxşıyamanım

Bu şirin canım, 

Balama qurvan  


335 

K. İ. SALMANOVA/Layla ve Ohşamalarda Antonimlerin Üslubî Hüsusiyyetleri  

(Dərələyəz folkloru, 2006: 333). 

 

Qurbanam özüm, özüm, 



Yuxusuz necə dözüm, 

Gecəni gündüz kimi 

Tikmişəm sənə gözüm  

(Uşaq dünyası, 2005: 12). 

ƏDƏBİYYAT 

Dərələyəz folkloru. Azərbaycan folkloru antologiyası, XV cild. Bakı:Səda, 2006-484 səh. 

Hüseynov M. Dil və poeziya. Bakı: Elm, 2008- 433 səh. 

Xəlilov B. Müasir Azərbaycan dilinin leksikologiyası, Bakı: Nurlan, 2008-442 səh. 

İrəvan Çuxuru folkloru. Azərbaycan Folklor antologiyası., Bakı: Səda, 2004- 471 s. 

Qaraqoyunlu folkloru. Azərbaycan folkloru antologiyası,

 

Bakı: Səda, 2002-464 səh. 



Naxçıvan folkloru. Azərbaycan folkloru antologiyası., I cild. Naxçıvan: Əcəmi, 2010- 510 səh. 

Şəki folkloru. Azərbaycan folkloru antologiyası, VI kitab. II cild. Bakı: Səda, 2002-496 səh. 

Uşaq dünyası. Bakı:Şirvannəşr, 2005-92 səh. 

 

 



336 

III. Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Sempozyumu 

 


ҚАЗАҚ БЕЙВЕРБАЛДЫ ТІЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Проф. К.К.ОҢАЛБАЕВА



 

Проф. Док. А. Т. ОҢАЛБАЕВА





  

 



Түйіндәмә: Соңғы  жылдары тіл біліміндегі ғылыми парадигмалардың тіл  жүйесін жалаң зерттемей, 

тілдің  қызметін  ауқымды  түрде  зерттеуге  бағытталуы  бейвербалды  қатынас  құралдарын  зерттеу 

қажеттілігін  тудырды.

 

Мақалада    тілдік  қатынаста  қатар  қолданылатын  бейвербалды  белгілер 



семиотикалық,  коммуникативті  тұрғыдан  қарастырылған.Зерттеуде    ұлттық  бірегейлік  мәселелерге, 

ұлттың өзіндік ерекшелікке көңіл бөлінеді,  ұлттық сипатты бейвербалды қатынас белгілеріне талдау 

жасалынады.  Бейвербалды  амалдар  адамның  жас  ерекшелігі,  мекенжайы  (қала,  ауыл),  гендерлік 

факторлар,  коммуникативті  жағдаят  факторлары  т.с.с.  бірқатар  мәдени-әлеуметтік  және 

коммуникативті факторларға байланысты қолданылатыны айқындалады.  

Тірек Сөздер: паралингвистика, бейвербалды семиотика, таңба, қарым-қатынас, гендерлік факторлар  

Specifics of National-Cultural in Kazakh Unverbal Language's 

Abstract:  The  change  of  contemporary  linguistics  scientific  paradigms  from  language  system  study  to  the 

study  of  wide  context  of  language  functioning  has  conditioned  the  actuality  of  investigating  non-verbal 

communication  means.  The  growth  of  national  self-consciousness,  increase  of  interest  in  national  identify 

issue, in search of national originality have conditioned the aspiration to fix, describe and analyze non-verbal 

communication  signs,  which  are  always  marked  nationally;  non-verbal  communication  functions  as  the 

variable  of  a  set  of  socio  –  cultural  and  communicative  factors:  age  factors,  place  of  living  (town-village, 

gender factor, communicative situation factor, etc.). 

Keywords: рparalinguistic, nonverbal semiotics, sign, communication, gender 

Ғылыми  зерттеулер  өрісіне  адам  факторын  және  көптеген  жаңа  ғылыми  бағыттардың 

туындауына түрткі болған зерттелінетін нысанға интегративтік тәсілді енгізу  - қазіргі ғылымның 

жарқын  белгілерінің  бірі  болып  табылады,  бейвербалды  семиотика  –  соның  қатарында  болып 

отыр. 

Коммуникацияның  бейвербалды  құралдары  ерекшеліктерінің  сипаттамасы  қазіргі 



лингвистиканың басты бағыттар қатарына жатады. Тіл - екі маңызды вербалды және бейвербалды 

жүйенің кешенді бірлігі. Тілдік қатынас - көп қырлы құбылыс, тілдік қатынас барысында мақсатқа 

жету  үшін  ақпарат  алмасудың  түрлі  тәсілдері  қолданылатыны  белгілі.    Тілдесу  кезінде 

бейвербалды  амалдар  сөзімізге,  сөйлемдерге    эмоционалды  әр  береді.  Сонымен  қатар, 

бейвербалды  амалдарды  қолдана  отыра  сөйленімнің  ең  маңызды  тұсына  көңіл  бөлуге,  соған 

ерекше мән беруге болады.   

Жалпы  қимылдар,  мимикалар,  яғни  бейвербалды  амалдар,  коммуникативтік  актінің 

маңызды бөлігі, кейде тіпті міндетті компоненті болып табылады.  

Бейвербалды  амалдарды,  яғни  тілсіз  қарым-қатынасты,  паралингвистика  зерттейді  (гр. 

«para»  -  жанында,  қасында  деген  мағынаны  білдіреді).  Паралингвистика  хабарланатын  ойдың, 

пікірдің сөзбен білдірумен қоса, бейвервалды амалдармен берілу тәсілдер жиынтығын зерттейді. 

Бұл  терминді  алғаш  ұсынған  американ  ғалымы  А.Хилл  болса,  жаңа  ғылым  саласының  зерттеу 

аясын белгілеген зерттеуші Дж.Трейгер. 

Бейвербалды қатынастың әрбір элементі маңызды, өйкені әрбір қимыл белгілі бір ақпаратты 

хабарлайды  және  басқа  элементтерден  ақпараттық,  басқару,  аффектілік  қызметтерімен 

ерекшеленеді:  жест  қобалжуды  білдіреді;  мимика  адамның  ішкі  жан  дүниесінен  хабар  береді; 

көздің қозғалысына байланысты біз қатынастың сипатын айқындасақ, поза (адамның тұрысы) бір 

адамның екінші адамға деген көзқарасын байқатады. 

Бейвербалды  амалдар  арқылы  берілетін  ақпараттар  вербалды  ақпараттарға  қарағанда 

шынайы,  сенімді  болады,  себебі  бейвербалды  тіл  сана  арқылы  басқарылмайды,  ол  сөйлеу 

барысында көбінесе еріксіз шығып, түйсікте шартты түрде туындайды. 

                                                      

 Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті, 





 

Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті, a.onalbaeva@mail 



338 

III. Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Sempozyumu 

Профессор  Альберт  Мерабиан:  «...қарым-қатынас  жасау  барысында  үш  фактор  маңызды 

роль  атқарады:  біз  нені  айтамыз  –  7  пайыз;  қалай  айтамыз  –  38  пайыз,  дене  тілі  (қимыл)  –  55 

пайыз»,  -деп  атап  көрсетеді  (Балыхина,  2006:  7).  Бұл  пікірді  австралиялық  ғалым  А.Пиздың  де 

қолдайды.  А.Пиздың  пікірінше,  адамдар  арасындағы  қарым-қатынастың  7%  вербалды  (сөздер, 

сөйлемдер);  33%  вокалды  (интонация,  дауыс  ырғағы,  дауыс  немесе  дыбыс  әуезділігі,  екпіні  мен 

қарқыны,  т.б.)  және  55%  бейвербалды  элементтер  арқылы  жүзеге  асатыны  көрінеді  (Пиз,  2003). 

Ұзақ  жылдар  бойы  бейвербалды  амалдарды  паралингвистикалық  тұғыдан  зерттеумен  қатар, 

лингвоцентрикалық  қырынан  зерттеу  орын  алды,  оған  сәйкес  бейвербалды  амалдар 

лингвистикалық алғышарттар негізінде бейне бойынша және адамның қарым-қатынас тілі ретінде 

зерттеле  бастады.  Психологтар  Е.  Фейгенберг  пен  А.  Асмолов  бейвербалды  амалдарды 

лингвоцентрикалық тұрғыдан зерттеудің өріс алуын былайша түсіндіреді: «Қазіргі заманғы адам 

сөздер әлемінде, лингвистикалық әлемде өмір сүреді,  «алдымен сөз пайда болды» деген көне пікір 

бейвербалды амалдарды мінез-құлық тұрғысынан және әлеуметтік ғылымдар тұрғысынан зерттеу 

қажеттілігін анықтайды». 

Бейвербалды  коммуникацияда  тек  тілдік  элементтер  ғана  емес,  сонымен  қатар  интонация, 

темп,  эмоционалдық  және  стилистикалық  бояулар  да    маңызды  рөл  атқарады.  Коммуникацияда 

кез-келген  бейвербалды  амалдар  –    таңбалар,  белгілі  бір  ақпараттық  қызмет  атқарады.    Адам 

өмірінің барлық саласында бейвербалды мінез-құлық маңызды орын алады.  

 Бейвербалды  амалдар  физиогномика,  психология,  әлеуметтану  ғылымдарының  зерттеу 

нысаны  болып  табылатындығына  қарамастан,  соңғы  жылдары  бейвербалдарды  амалдарды 

лингвистикалық тұрғыдан зерттеу кең өріс алып келеді. 

Бейвербалды  амалдар  психология,  әлеуметтану  ғылымдарының  зерттеу  нысаны  болып 

табылатындығына  қарамастан,  соңғы  жылдары  бейвербалдарды  амалдарды  лингвистикалық 

тұрғыдан зерттеу кең өріс алып келеді. 

Бейвербалды  амалдар  коммуникативтік  лингвистика  ғылымының  зерттеу  нысанына 

айналып  отыр,  бұл  салады  жазылған  еңбектер  аз  емес:  когнитивтік  лингвистика  бойынша 

(Андреева,  Аристов,  Гоффманова,  Колокольцева,  Кормилицына,  Мартынова,  Пигрова); 

психолингвистикада  (Залевская,  Клестов,  Корнилов,  Кривоносов,  Мечковская,  Потапова);  мәтін 

лингвистикасы бойынша  (Алексеев, Анисимова, Мисонжников, Пойманова т.б.). Сонымен қатар 

бұл мәселені Т.М. Николаева, Г.В. Колшанский, И.Н. Горелов, Г.Г. Почепцов, Р.К. Потапова, В.В. 

Богданов, К.У. Геворкян, Е.М. Верещагин, В.Г. Костомаров, Н.И. Смирнова, Ю.А. Сорокин, Г.Е. 

Крейдлин  т.б.  ғалымдармен  қатар  отандық  лингвистикада    М.М.  Мұқанов,  ,  С.  Татубаев,  Б.К. 

Момынова,  М.П.  Ешімов,  С.Б.  Бейсембаева,  Ж.  Нұрсұлтанқызы,  С.  Мағжан,  В.Д.  Нарожная 

қарастырды. 

Бейвербалды  амалдар  –  түрлі  семиотикалық  жүйелердің  таңбалары  болып  табылады,  олар 

сөйленімді  (высказывание)  ұйымдастыруға,  яғни  құрастыруға  қатысады.  Б.Ю.  Норманның 

пайымдауынша:  «...таңба  дегеніміз,  ақпаратты  жеткізу  үшін  қолданылатын  материалдық  нысан 

немесе  біздің  бір-бірімізге  айтқымыз  келетіннің,  айта  алатынымыздың  бәрі  –таңба»  (Норман, 

2004: 10). 

Таңбалар  жүйесін  зерттеумен  семиотика  (грек.  тілінде  semeion  –  «таңба»)  ғылымы 

айналысатыны белгілі. 

Семиотика ғылымының негізін қалаушылар - Ч.С. Пирс, Ф.де Соссюр и Г.Фрег, Ч.Моррис,   

К. Бюлер, Р.Якобсон, Э. Бенвенист, И.Е. Гельб сынды ғалымдар. 

Ч.С.  Пирстің  (американдық  математик,  логик  және  философ  қазіргі  заманғы  семиотика 

ғылылымның  негізін  қалаушы)    айтуы  бойынша:  «таңба  дегеніміз  бегілі  бір  нысанға  қатысты 

қолданылатын, соның нышандарын білдерін белгі». 

Автордың ойынша таңбаның басты қызметі - « жалған байланыстарды шынайы етіп көрсету, 

оларды  іске  қоспау,  бірақ  қажет  болған  жағдайда  олар  қолдануға  қажетті  ортақ  қасиеттер  мен 

ережелерді қалыптастыру (Пирс, 2000: 162). 

Ф.де Соссюр тілдік таңбалардың ең маңызды үш қасиетін атап көрсетеді: оның шартылығы, 

(немесе арбитрарлығы) яғни  сөздің конвенционалдығы; тілдік таңбалардың бірізділігі, жүйелілігі; 

«таңбаның өзгермелілігі және өзгермейтіндігі» (Норман, 2004: 35). 



339 

Prof. K. K. ONALBAYEVA-Doktor Prof. m.a. A.T. ONALBAYEVA/Kazak Beyverbaldı Tilinin… 

Философ  ғалым  Ч.У.  Морристің  ХХ  ғасырдың  басында  жарық  көрген  (Чикаго,  1938) 

«Таңбалар  теориясының  негіздері»  атты  еңбегі  семиотика  ғылымының  дамуындағы  маңызды 

оқиғалардың  бірі  болды.  Автор:  «адамзат  өркениетін  таңбаларсыз  және  таңбалар  жүйесінсіз 

елестету мүмкін емес,  адамның санасының қызметін таңбалар жүйесінің қызметінен бөліп қарауға 

болмайды,  тіпті    адам  санасы  таңбалар  қызметі  арқылы  білінеді  десе  де  болады»  -  деп  атап 

көрсетеді (Крейдлин, 2002: 67).  

Ч.У. Моррис таңбаның негізгі үш аспектісін атап өткен: (ол оларды қызмет немесе семиозис 

өлшемдері деп те атайды, Морристің пікірінше бұл - үдеріс, ол бойынша бір нәрсе таңба ретінде 

қызмет атқарады): 

 



Синтактика (таңбалар жүйесіндегі  таңбалардың өзара қатынасы); 

 



Семантика (таңба мен оның мазмұны арасындағы байланыс); 

 



Прагматика (таңбалар мен коммуниканттар арасындағы байланыс, яғни адамдардың өздері 

пайдаланатын таңбаларға қатынасы ). 

Таңбаның  үш  маңызды  аспектісіне  семиотика  ғылымының  үш  тарауы  сәйкес  келеді: 

синтактика,  семантика,  прагматика.  Ч.У.  Моррис  таңбаның  үш  аспектісі  нақтылы  мәтінде 

белгілі бір мөлшерде кездеседі деп есептейді.  

Г.Е.  Крейдлиннің  зерттеулері  бойынша  бейвербалды  семиотика  10  жеке  ғылыми  саладан  

тұрады. Олар:  

–  паралингвистика  –  бейбербалды  қарым-қатынастағы  дыбыстық  кодтарын  зерттейтін 

ғылыми сала; 



–  кинесика  –жесттер  мен  дене  қимылына  байланысты  бейвербалды  амалдарды  зерттейтін 

гылыми сала; 

–  окулесика  –  көз,  көру  немесе  визуалдық  қарым-қатынаста  қолданылатын  бейвербалды 

амалдарды зерттейтін ғылыми сала; 

–  аускультация  –  дыбысты  есту,  қабылдау  арқылы  берілетін  бейвербалды  амалдарды 

зерттейтін ғылыми сала; 



– гаптика – дене арқылы сезіну; 

– гастика – тамақ пен сусынның бейвербалдық қызметін зерттейтін ғылыми сала; 

– ольфакция – иіс арқылы берілетін ақпараттарды зерттейтін ғылыми сала; 

– проксемика – кеңістіктегі орын арқылы берілетін ақпаратты зерттейтін ғылыми сала; 

– хронемика – уақыт арқылы берілетін ақпаратты зерттейтін ғылыми сала; 

– системология – адамды қоршаған ортада кездесетін заттар арқылы берілетін ақпараттары 

зерттейтін ғылыми сала (Байғұтова, 2008).  

Сөйлеу  әрекетінде  вербалды  компоненттер  бейвербалды  компонеттермен  салыстырғанда 

белгілі бір дәрежеде тәуелді болып келеді.   

Ал бейвербалды компонеттер әмбебап десе де болады, олар тек мәдениетке, дәстүрге тәуелді 

болуы  ықтимал,  сондықтан  жалпыға  ортақ  әлеуметтік  тіл  болып  саналады.  Кейбір  бейвербалды 

компоненттер  әр  түрлі  халықтың  тілінде  кеңінен  таралған  және  біртектес  заттар  мен 

құбылыстарды  білдіреді,  бірақ  кейбір  ым,  ишаралар  түрлі  халықтарда  әр  түрлі  мағына  беретін 

жағдай да болады.  

Мысалы,  бет  шымшу  абхаз  халқында  немқұрайлықты  білдірсе,    қазақ  халқында  бұл  ым  - 

ұялуды, таң қалуды білдіреді.  

Қазақ  мәдениетінде  бейвербалды  амалдарға  үлкен  мән  беріледі.    Тілдегі  бейвербалды 

амалдар  халықтың  рухани  мәдениетінен  хабар  береді.    Вербалды  және  бейвербалды  амалдар 

тілдесімде  белгілі бір дәрежеде  бір-біріне  тәуелді  болуы  да,  мүлдем  тәуелсіз  болуы  да ықтимал.  

Тіліміздегі  бейвербалды  амалдар  дабыстық  тілмен  қатар  жүре  отырып,  вербалды 

компоненттермен үйлесімде қолданылып, табиғи тілдегі сөйленімдерді ауыстырады.  

Қазақтардың тіліндегі бейвербалды компоненттердің ішінде жестер (ым-ишаралар) маңызды 

рөл атқарады, олар – ұлттық ерекшеліктеріміз бен мәдениетіміздің көрінісі.  

Қазақ  бейвербалды  тілдің  коммуникативтік-функционалдық  талдауы  көрсеткендей,  саны 

бойынша  ең  үлкен  топ  –  бұл  адамның  эмоциялық  реакциясы  туралы  мәліметті  беретін 


340 

III. Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Sempozyumu 

бейвербалды  құралдар.  Эмоцияның  спектрі  өте  кең:  қуану,  масаттану,  өкіну,  қамығу,  өкпелеу, 

ашулану, долылық және т.б. 

Егер  эмоциялар  әмбебап  болса,  онда  эмоциялардың  ым-ишаралық  қимыл  өрнегі  ерекше, 

қайталанбайды.  Мысалы,  қазақ  мәдениетінде  таңданулар  сезімі  аузын  тамсану  бейвербалды 

амалымен  беріледі,  бұл  ым  орыстың  причмокнуть  деген  бейвербалды  амалына  физиологиялық 

ұқсас болып келеді. Бірақ орыс мәдениетінде причмокнуть рахаттану мағынасын білдіреді. 

Ашулану, наразылықтар сезімдері жерге немесе жердегі кілемге қамшыны ұрумен беріледі. 

Өкініш,  қамығу  сезімін  бармағын  тістеу  кинемасымен  (дәл  айтсақ,  өз  саусағын  тістелеу) 

білдіреді.  Ішкі  бейнелі  форма  бойынша  тура  солай  өкініш,  қамығу  сезімін  білдіретін  орыстың 

кусать  локоть  фразеологиялық  тіркесімен  параллельді  мағына  береді.  Бірақ,  кусать  локоть 

фразеологизмі  ирреальді  кинемаға  негізделген  болса,  ал  қазақ  кинемасы  –  бұл  нақты  ишара, 

сондықтан оның семантикасында «біржолата жоғалған, іске аспағандық туралы» сема бар. 

Наразылықтар  сезімі  аузын  сылп  еткізу  сияқты  кинемамен  өрнектеледі,  оны  шлепнуть 



губами  деп  шартты  түрде  аударуға  болады.  Әйел  кинемасы,  әдетте  ол  дербес  қандай  да  бір 

әрекеттерге жауап реакция ретінде қолданылады:  

«Шатақ «балама берейінші» деп екі бүйректі алғанда, ішек-қарын аршып отырған әйел алара 

қарап, аузын бір сылп еткізді»  

(Т. Әсемқұлов. Талтүс. 15). 

Махаббат сезімі басынан сипау кинемасымен (дәл айтсақ, басын сипау), әдетте бұл кинема 

балаларға қатысты қатынас бойынша қолданылады. 

«–  Ой,  Ыреке  ...қой,  жылама,  –  деді  Ырымбек  Ырысқалиды  бауырына  басып,  басынан 



сипады» (Т. Әсемқұлов. Талтүс.). 

Эмоциялық күйді білдіретін бейвербалдық құралдар топтарында гендерлік фактор әжептәуiр 

айқын  байқалады.  Ер  адамның  эмоциялық  коммуникациясы  бейвербалдық  құрал-әрекеттермен 

жиi  өрнектеледі.  Осылайша,  өкініш,  қамығу  сезімі  санын  соғу    ер  адам  кинемасымен  беріледі 

(бөксені ұру), масаттану сезімі – аяғының үстіңгі жағын бірнеше рет ұру әрекетімен, сөйлеушіге 

тіл тигізу, жасалған зорлық бойынша ашулану, долылық сезімі - от басын сабау, ошақ қамшылау 

(избивать  очаг)  кинемасымен,  қазіргі  мәдениетте  біреудің  әрекеттеріне  масаттану,  қуану  сезімі  - 

шапалақтау, қол алысулармен беріледі. 

 «Дос санын соқты: желөкпе жігіттер тәуір аттарды таңдап әкеткенДосқа қыс бойы қойға 

мінген  аққаптал  шабдар  ғана  қапты.  Мінезсіз  жаман  тұғыр  қасына  жақындағаннан  құлағын 

жымып, қос аяқтап тепкелі бөксесін бұра берді» 

(Ә. Нұрпейісов. Қан мен тер.). 

«–  Аплодисменты!  –  деді  парторг  орнынан  тұрып.  Өзі  бастап  қол  соққан.  Кластың  іші 

дуылдап кетті. Директор келіп үлкен адамдай қолын қысқан» 

(Т.Әсемқұлов. Талтүс.). 

Әйел  адамның  коммуникациясындағы  эмотивтік  бейвербалды  құралдар  қайғыру  (бетін 



тырнау,  шашын  жаю),  ұялу  сезімі  +  теріс  бағалаумен  қатарласқан  біреудің  жүрiс-тұрысы, 

қылықтары  үшін  қорқу,  намыстану  сезімдері (бетін  тырнау,  бетін  шымшу),  жек  көру  сезімдері 

(бетке  түкіру),  қорқыту  сезімі  (етегін  қағу,  тұрып  кету),  қайғы  сезімдерін  (бүйірін  таяну

білдіргенде қолданылады. 



«– Бәтір-ау, – мына ақшаны не істеймін? – деді Күлбағила ернін сылп. еткізіп...»  

«Әкеме  адырая  қарап  аз  тұрған  Қазина,  бетін  оң  жақ  қолының  саусағымен  бір  сызып, 

үлкендеу көзін кеңірек ашты да, ернін бір сылп еткізіп: 

-

 



Бетім-ау, мына Kесір болмағай да! – деді»  

–  Амансың  ба,  Әжікең.  Мен  Баймұқан  ағаңмын  ғой.  Кәне,  кәне,  берірек  жарыққа  келші, 

түріңді көрейік. 

Қалима екі қолын кеудесіне айқастырып ізетпен сәлем берді». (Т. Әсемқұлов. Талтүс.) 

А.М.  Байғұтова  (8)  «қазақ  әйелі»  концептісі  туралы  арнайы  зерттеуінде  қазіргі  қазақ 

мәдениетінің шеңберлерінде ер адам коммуникациясының типінде келесі кинемалар жиі кездеседі: 

креслоға шалқайып отыру (нақты. сидеть развалившись в кресле), аяғын кең ашып отыру (нақты. 


341 

Prof. K. K. ONALBAYEVA-Doktor Prof. m.a. A.T. ONALBAYEVA/Kazak Beyverbaldı Tilinin… 

сидеть,  широко  расставив  ноги)  деп  белгілейді.  Әйел  адам  коммуникациясына  тән  кинемалар 

ретінде  А.М.Байғұтова:  шешім  қабылдаудың  қиын  жағдайында,  жауап  іздеу,  шығу  жолдарын 

іздестіруде  саусақтарын  сыртылдату  (нақты.  щелкать  пальцами),  көздерін  алақанымен  жабу 

(нақты,  закрыть  глаза  руками)  қорқуды  білдіру,  алақанымен  бетін  көлегейлеу  (нақты.  прикрыть 

лицо ладонью) ұялу, қымсынуда; жүзігін әрі-бері айналдыруда (нақты. крутить кольцо на пальце в 

затруднительной ситуации) көрсетеді (Байғұтова, 2008: 28). 

Таза  әйел  адам  кинемасына  зерттеуші  келекету  мағынасындағы  ернін  шығару  (нақты. 

выпятить нижнюю губу) кинемасын жатқызады:  

«Өрік қырындаған кезінде қатындар біріне-бірі қарап, еріндерін шығарып

– Мынау бір ындыны жарымаған шіркін ғой! – деп күңкілдесті». 

(Ж. Аймауытов. Ақбілек. ). 

Сонымен,  гендерлік  фактор  және  коммуниканттың  жас  факторы  бейвербалды  қарым-

қатынастар құралдарын таңдауға және қолдануға өте күшті әсер етеді. 

Қорыта келгенде, бейвербалды амалдар қарым-қатынастың маңызды элементі және ұлттың 

лингомәдениетімен  тығыз  байланыста  екенін  айту  керек.Әрбір  қимылдың,  ишараның  өзінің 

тұрақты  мағынасы  мен  лингвомәдени  коды  бар.  Олар  –  ұлттық  ерекшеліктеріміз  бен 

мәдениетіміздің көрінісі.  

ӘДЕБИЕТ 

А.Т.  Оңалбаева.  Бейвербалды  қарым-қатынас:  әлеуметтік  және  ұлттық-мәдени  контекст.  Монография.-

Алматы, 2010.-250 б. 

Байғұтова,  А.М.  «Қазақ  әйелі»  концептісінің  этномәдени  сипаты:  филол.  ғыл.  канд.  …  дис.  :  10.02.02.  – 

Алматы, 2008. –141 б. 

Балыхина, 

Т.М. 

Харитонова. 



О.В. 

Орыс 


тілі 

оқытушысының 

коммуникативтік 

портреті: 

лингводидактикалық  дискурс  ретіндегі  кәсіби-педагогикалық  сөйлеу:  Оқу  құралы.  –  М.  :  РУДН. 

2006,. –238 б. 

Крейдлин, Г.Е.. Бейвербалды семиотика. – М.: Жаңа әдеби шолу, 2002. –400 б. 

Норман, Б.Ю. Тіл теориясы. Кіріспе курс: оқу құралы. – М. : Флинт, 2004. –296 б. 

Пиз, Аллан (2003), Дене қимылдарының тілі. Айналадағылардың ымдары бойынша олардың ойларын қалай 

оқуға болады.  

Пирс, Ч.С.. Таңдамалы философиялық шығарма. – М. : Логос 2000. –352 б. 

Семиотика. Хрестоматия: оқу-әдістемелік модуль /Ред. Л.Л. Федорова. – М., 2005. –312 б. 

Ф. Де Соссюр. Тіл білімі бойынша еңбек//Жалпы лингвистика курсы. – М. : Прогресс, 977. –695 б. 

 

 



342 

III. Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Sempozyumu 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет