Вестник казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет4/35
Дата03.03.2017
өлшемі3,59 Mb.
#6132
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

«Амиран»  йогуртынан  бөлініп  алынған  сүт  қышқылы  бактерияларының  жасушаларының 
пішіндері  таяқша  тәрізді  мөлшері  3.8-0.5  мкм,  дұрыс  пішінді,  ұштары  сәл  дөңгелектенген, 
көбінесе  1-2  жасушадан,  кейде  қысқа  тізбек  құрап  орналасқан.  Барлығы  да  грам  оң, 
қозғалмайтын, факультативті анаэробтар. Сүт қышқылы бактерияларының физиологиялық-
биохимиялық  қасиеттерін  зерттеу.  Бөлініп  алынған  сүт  қышқылы  бактерияларының 
систематикалық  орнын  анықтау  үшін  мынандай  физиологиялық-биохимиялық  қасиеттері 
зерттелді.  Олар  глюкозадан  СО
2
  түзуі,  метилен  көгі  бар  сүт  (0,1%-0.3%)  пен  (4,5%;  6,5%) 
NaCl бар ортада өсуі, көмірсуларды игеруі, желатинді сұйылтуы, каталазаға тест. 
Сүт  қышқылы  бактериялары  каталаза  теріс,  ауаның  қатысында  өсуге  қабілетсіз 
бактериялар  тобы.  Олар  глюкозадан  түзілетін  көмірсулар  мен  соңғы  өнімдерді  ашыту 
қабілеттеріне  қарай  2  топ  тармағына  бөлінеді.  Гомоферментативті  сүт  қышқылы 
бактериялары глюкозаны Эмбден-Мейергоф-Парнас жолымен диссимиляциялап, соңғы өнім 
ретінде сүт қышқылын түзеді. Гетероферментативті сүт қышқылы бактериялары глюкозаны 
пентозофосфаттық жолмен диссимиляциялап, соңғы өнім ретінде сүт қышқылы, этанол мен 
CO
2
 түзеді.  «Амиран» йогуртынан бөлініп алынған сүт  қышқылы бактерияларының барлық 
зерттелген  штамдар  каталаза  теріс,  глюкозадан  СО
2
  түзбеді,  желатинді  сұйылтпады,  NaCl 
4,5%  жақсы  өсіп,  6,5%  NaCl  ортасында  мүлдем  өспегені  байқалды.  Сүт  қышқылы 
бактерияларының физиология-биохимиялық қасиеттері жайлы мәлімет 2-кестеде берілген. 
 
Кесте 2 – Сүт қышқылы бактерияларының физиологиялық-биохимиялық қасиеттері 
С
үт
 
қыш
қы
лд
ы 
он
ім
 
Әртүрлі ортада өсуі 
К
ата
лаз
аға
 
тес
т 
Гл
ю
ко
за
да
н 
С
О
2
 
тү
зу
і 
Ж
ел
ат
ин
ді
 
сұ
йы
лт
уы
 
р
Н
 
NaCl 
6,5% 
NaCl 
4,5% 
Метилен көгі 
бар сүт 
9
.2
 
 
9
,6
 
 
0,1% 
0,3% 
«Амиран» йогурты 


















«Амиран» сүт 
қышқылды өнім 


 + 















Ескерту:  (+) – белгінің анық байқалуы;             (-) – белгінің анық байқалмауы. 
Сүт  қышқылы  бактерияларының  қандай  түрге  жататынын  анықтау  үшін  олардың 
әртүрлі  көмірсуларды  ашытуға  қабілеттерін  зерттедік.  Ол  3-кестеде  көрсетілген.  Сүт 
қышқылы  бактерияларының  барлық  зерттелген  штамдар  глюкоза,  сахароза,  лактоза, 
мальтоза, раффиноза, рамноза, арабинозаны жақсы ашытса, ал сорбит пен ксилозаны ешбір 
штамдар ашытпаған. 
 
Кесте 3 – Сүт қышқылы бактерияларының көмірсуларды ашыту қабілеттері 
Сүт қышқылды өнім 
Көмірсулар 
Гл
ю
ко
за
 
Л
акт
оза
 
С
ах
ар
оза
 
Ма
льто
за
 
Рафф
ин
оз
а 
Рам
но
за
 
Ар
аби
но
за
 
«Амиран» 
сүт 
қышқылды өнім 
 
«Амиран» йогурты 


 




 




 




 




 




 




 


Ескерту: (+) – белгінің анық байқалуы;                 (-) – белгінің анық  байқалмауы. 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
20 
 
Сүт  қышқылы  бактерияларының  морфологиялық,  культуралдық,  физиология-
биохимиялық  қасиеттері  зерттелінді.  Оларды  Lactococcus,  laсtobacillus  туыстарына  
жатқызылды.  
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Комбинированная  закваска  на  основе  лакто  и  бифидобактерий  /  М.Б.Данилов, 
Е.Д.Молчанова, И.Е.Муруев // Мол. пром. 2001. №7. – С. 37. 
2.
 
Манвелова М.А., Плясунова Н.Г., Чешева В.В. Лечебно-диетические кисломолочные 
продукты питания. В кн.: Медицинские аспекты микробной экологии (ред. Б.А.Шендеров). –
М.,1992. т.6. – С. 17-20. 
 
Резюме 
А.А.Сартаева, к.б.н., и.о. ассоцир. профессора 
Э.Иманова, к.с.х.н., старший преподаватель 
Б.Аденова, магистр, преподавательА.Жаксылык, магистрант 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
Исследование микробиологий детских кисломолочных продуктов 
В  качестве  объекта  исследования  были  взяты  образцы  детского  йогурта  и 
кисломолочной  продукции 
«Амиран» 
Казахской  Академии  Питания.  Изучены 
морфологические, 
физиолого-биохимические 
свойства 
кисломолочных 
бактерии, 
выделенные из кисломолочного продукта «Амиран». Выделенные молочнокислые бактерии 
были отнесены к роду Lactococcus, laсtobacillus.   
Ключевые слова: Амиран, кисломолочные продукты, молочнокислые бактерии, йогурт, 
штамм. 
Summary 
A.A.Sartayeva, the candidate the biological sciences ,professor 
E.Imanova, candidate of agricultural sciences,senior teacher 
B.Adenova, master, teacher, A.Zhasylekova, undergraduate 
(Almaty c., Kazakh state women's teacher training university) 
Research of mikrobiology of children's fermented milk products 
As  the  samples  of  study  of  children's  yogurt  were  taken  sour  milk  product  of  «Amiran»  of 
Kazakh  Academy  of  Nutrition.  The  morphological,  physiological  and  biochemical  properties  of 
lactic acid bacteria studied and isolated from fermented milk product «Amiran». Selected lactic acid 
bacteria attributed to the the genus Lactococcus, lastobacillus. 
Keywords: Аmiran, soul-milk products, lactobacilluss, yoghurt, stamm. 
 
 
 
ӘОЖ 37.016.547 
ҚАНЫҚҚАН КӨМІРСУТЕКТЕР ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА 
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ НЕГІЗДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
А.Ф.Сейтжанов, х.ғ.к.,профессор, 
Э.Ж.Таубаева, магистрант 
А.Бейсекова, химия магистрі, оқытушы 
(Алматы қ., Абай атындағы ҚазҰПУ) 
 
Аңдатпа:  Мақалада  органикалық  химия  курсын  оқып,  игеру  барысындағы 
экологиялық  аспектілер  қарастырылған.  Күрделі  жағдайда  ақылға  қонымды  экологиялық 
таңдау  жасау  және  шұғыл  әрекет  ету,  қажетсіз  жағдайларды  болдырмау  үшін  белгілі 
экологиялық білімге ие болу керек. Сол себепті экологиялық тәрбиенің жалпы білім берумен 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
21 
 
және кәсіби дайындықпен ұштасуы аса маңызды. Колледж студенттеріне органикалық химия 
курсындағы  қаныққан  көмірсутектер  тақырыбын  оқыту  барысында  экологиялық  білім 
негіздерін  қалыптастыру  негізделген.  Тақырыптың  мазмұнына  кіріктірілген  табиғат  қорғау 
мәселелеріне  көңіл  аудара  отырып,  органикалық  қосылыстардың  қасиеттері  мен  алу 
жолдарымен  таныстыра  отырып,  ол  заттарды  алу  технологиясының,  тасымалдаудың 
кемшіліктеріне,  соның  салдарынан  ауаның,  судың,  топырақтың  ластануынан  болатын 
экологиялық  ұғымдарға  баса  назар  аударылады.  Білім  берудің  осындай  түрі  экологиялық 
мәселелеріне байланысты белсенді тәрбие мен саналы қатынастың негізі болады.  
Түйін  сөздер:  органикалық  химия,  экологиялық  білім  және  тәрбие,  қоршаған  орта, 
табиғи ресурстар, номенклатура, алкандар, крекинг, фотохимия, гемоглобин, фреондар. 
Экoлoгиялық дaғдapыcты жoюдың қaжеттілігі – нaқты экoлoгиялық caяcaттың бoлуын 
тaлaп  етеді.  Бұл  caяcaттың  мaқcaты  –  қopшaғaн  opтaны  caуықтыpу  және  қopғaу,  тaбиғи 
pеcуpcтapды  тиімді-зиянcыз  пaйдaлaну.  Xaлқымыздың  экoлoгиялық  білімді  және  тәpбиелі 
бoлуының  мaңызы  еліміздің  2030  жылғa  дейінгі  «Қaзaқcтaн  2030»  дaму  Cтpaтегияcындa, 
2004-2015  жылдapдaғы  экoлoгиялық  қaуіпcіздік  тұжыpымдaмacындa  және  т.б.  мaңызды 
құжaттapдa  көpcетілген.  Экoлoгиялық  caяcaтты  жүзеге  acыpу  үшін  экoлoгиялық  білім  мен 
тәpбиені  қaжетті  деңгейге  қoю  кеpек.  Бұл  жacтapдың  экoлoгиялық  oй-өpіcін 
қaлыптacтыpaды,  мысалы,  opгaникaлық  xимия  куpcын  oқыту  бapыcындa  теopиялық 
мәcелелеpін  экoлoгиялaндыpу  болашақ  мамандарға  экологиялық  білім  мен  тәрбиені 
қалыптастыруда педагогикалық эксперименттің негізі болады. 
Қaзaқcтaн  Pеcпубликacының  экoлoгиялық  зaңнaмaлapы  қopшaғaн  opтa  мен  тaбиғи 
pеcуpcтapды  caқтaу  жөніндегі  нopмaлapын  қopытындылaп,  жүйеге  келтіpеді.  Қopшaғaн 
opтaны  қopғaудың  құқықтық  негіздеpі  біp  қaтap  құжaттapмен  aнықтaлғaн.  Oлap:  Қaзaқcтaн 
Pеcпубликacы  Пpезидентiнiң  2002  жылғы  20 қыpкүйектегi  N949  Жapлығымен  мaқұлдaнғaн 
«Қaзaқcтaн Pеcпубликacының Құқықтық caяcaт тұжыpымдaмacы», Қaзaқcтaн Pеcпубликacы 
Пpезидентінің  2003  жылы  3  желтoқcaндa  №1241  жapлығымен  мaқұлдaнғaн  «Қaзaқcтaн 
Pеcпубликacының  2004-2015  жылдapғa  apнaлғaн  экoлoгиялық  қaуіпcіздігі  тұжыpымдaмacы, 
Қaзaқcтaн Pеcпубликacының экoлoгиялық кoдекcі [1-3]. 
Қopшaғaн  opтaны  қopғaудың  құқықтық  негіздеpінің  түйінді  мәcелелеpі  A.X.Aтaбaев, 
Д.Л.Бaйдельдинoв, 
C.Б.Бaйcaлoв, 
Б.Aбдpaимoв, 
A.C.Cтaмкулoв, 
A.A.Kушумбaев, 
М.C.Бaймбетoв  т.б.  еңбектеpінде  көpcетілген  [4-5].  Мектеп  жaғдaйындa  және  жoғapы  oқу 
opындapындa  xимиялық  бaғыттa  экoлoгиялық  білім  беpудің  теopиялық  және  әдіcнaмaлық 
негіздеpін  тaлдaудa  педaгoгикa  ғылымының  дoктopлapы  Ж.Ә.  Шoқыбaев,  И.Н.  Нұғымaнoв, 
C.Ж. Жaйлaу, Н.Н. Нұpaxметoв, У. Мaкaнoв, Қ.O.Шaйxеcлямoвa т.б. еңбектеpін aтaуғa бoлaды 
[6-8].  Біз  Үшқоңыр  су  шаруашылық  колледжінде  органикалық  химия  курсындағы 
көмірсутектер  тақырыбын  оқыту  барысында  студенттердің  экологиялық  білімін 
қалыптастыруды қарастырдық.  
І. Сабақтың тaқыpыбы: Қaныққaн көмірсутектер (алкандар).  
ІІ. Caбaқтың мақсаты: 
Білімділік:  Органикалық  қосылыстар,  олардың  құрылысы  және  қасиеттері  туралы 
түсінік. 
Дaмытушылық:  Қаныққан  көмірсутектердің  изомериясы  мен  номенклатурасы 
қасиеттері,  алу  жолдары,  қолданылуы  туралы  түсініктерді  дамытып,  соның  негізінде 
экологиялық ұғымдарға тоқталу.  
Тәpбиелік:  Студенттерге  экологиялық  және  кәсіптік  бағдар  беру.  Xимиялық  білім  – 
тaбиғaтты қopғaудың негізі туpaлы білімнен бөлінбейтінін қaлыптacтыpу. 
ІІІ. Caбaқтың типі: дәріс caбaқ  
IV.  Пәнаралық  байланыс:  бейорганикалық  химия  мен  биологиялық  пәндердегі 
экологиялық аспектілер. 
V. Сабақты жүргізу кезеңдері: 
І. Ұйымдастыру кезеңі 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
22 
 
1.1.Студенттермен амандасу, қатысуын тексеру. 
1.2. Аудитория тазалығына, сабаққа дайындығына көз жеткізу. 
1.3.Студенттердің зейінін сабаққа аудару. 
ІІ.  Жаңа  тақырыпты  баяндау:  Сабақта  ақпараттық  технология  қолданылды 
(интерактивті тақтаны пайдалану). 
Қаныққан көмірсутектердің (алкандардың) құрылысы. 
1.Алкандар  –  жалпы  формуласы  С
n
H
2n+2
  болатын  ашық  тізбекті  органикалық 
қосылыстар.  Құрылысы:  метан  молекуласында  көміртек  атомының  төрт  гибридті  sp
3
  – 
орбитальдары  төрт  сутек  атомының  s  –  орбитальдармен  қаптасып,  төрт  жай  ковалентті  σ 
байланыстар  түзеді.  Сонымен  метан  молекуласындағы  көміртек  атомының  төрт  атомдық 
орбитальдары  пішіндері  және  энергиясы  бірдей  төрт  гибридті  орбитальдарға  ауысады. 
Көміртек  атомының  төрт  гибридті  орбитальдары  бір-бірімен  109
0
,  28
|
  бұрыш  жасап,  дұрыс 
тетраэдрдің төбесіне қарай бағытталады. Көміртек атомының түзетін σ байланыстары да дәл 
сондай  бұрыш  жасап  бағытталады.  Демек,  метан  молекуласының  пішіні  тетраэдр  пішіндес 
болады [9].   
 
2.Ең қарапайым алкан – метан. 
Изомериясы  мен  номенклатурасы  Органикалық  химияда  тарихи,  рационалды, 
халықаралық  номенклатуралар  қолданылады.  Тарихи  номенклатура  –  органикалық 
қосылыстардың  кездейсоқ  атаулары.  Тарихи  атау  органикалық  заттардың  алыну  көздеріне, 
қасиеттеріне сәйкес беріледі.  
 
Рационалды  номенклатураның  негізгі  принципі  бойынша  белгілі  бір  қатардағы 
қосылыстардың  гомологтары  мен  изомерлерін  сол  қатардың  ең  алғашқы  өкілінің  (метан) 
туындылары деп қарайды. 
Мысалы:  СН
3
–     С       – СН
2
 – СН
3               
СН
3
 –    С        – СН
3
 
                                                                                                                         
       │
     
                  метилэтилметан                                         СН
3
      үшметилметан 
1892  жылы  Женевада  болған  химиктердің  халықаралық  съезінде  қазіргі 
систематикалық  номенклатураның  негізгі  принциптері  қабылданды.  Бұл  номенклатураны  – 
женевалық, систематикалық немесе халықаралық номенклатура деп атады. 
Тармақты  тізбекті  изомерлерді  халықаралық  номенклатура  бойынша  атау  үшін  мына 
төмендегі ережелерді басшылыққа алу қажет: 
1.Қосылыстың структуралық формуласынан ең ұзын басты тізбекті бөліп алып, ондағы 
көміртек атомдарын радикал – орынбасушы жақын орналасқан тұстан бастап нөмірлейді. 
2.Негізгі атауға ең ұзын тізбек сәйкес келетін көмірсутектердің аты алынады. 
3.Атауда  ең  алдымен  цифрмен  радикал  –  орынбасушының  орны  көрсетіледі  де, 
орынбасушының  аты  аталады,  сонан  соң  негізгі  тізбектегі  көмірсутектің  аты  аталады. 
Мысалы: 
    
1                   2             3              4 
СН
3
 – СН – СН
2
 - СН

                             
                
   │ 
            СН
3
                   2 – метилбутан 
Алкандардың  табиғатта  кездесуі  және  алынуы  Алкандар  –  табиғатта  көп  тараған 
көмірсутектер.  Метан  өсімдіктер  мен  жануарлар  организмдерінің  ауа  қатыспай  ыдырауы 
нәтижесінде  түзіледі.  Батпақты  суларда,  таскөмір  шахталарында  кездеседі.  Ағашты, 
шымтезекті, таскөмірді құрғақ айдаған кезде, мұнайды крекингілегенде алкандар түзіледі. 
Сонымен қатар алкандарды синтездеудің бірнеше жолдары бар: 
-
 
Лабораторияда  метанды  натрий  ацетатын  СН
3
СООNa  сілтімен  қосып  қыздыру 
арқылы алады: 
СН
3
СООNa + NaOH → CH
4
 + Na
2
CO
3
 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
23 
 
-
 
Алкандарды 
лабораторияда 
қанықпаған 
көмірсутектерді 
Ni, 
Pt, 
Pd 
катализаторларының қатысында гидрлеп алады: 
                             өрш, t 
H
2
C
 
= CH
2
+H
2
  →   H
3
C – CH
3
 
     этилен                 этан 
-
 
Вюрц  реакциясы.  Көміртек  тізбегінің  ұзаруы  арқылы  жүретін  синтетикалық  әдіс. 
Галоген  туындыларға  металдық  натриймен  әрекет  етіп,  нәтижесінде  түзілген  бос 
радикалдардың бір-біріне қосылуына негізделген: 
Н
3
С – I +2Na +I – CH
3
 →H
3
C – CH
3
 + 2NaI 
Химиялық  қасиеттері.  Алкандардың  химиялық  өзгерістері  С-С  байланыстың 
гомологтік үзілуі  арқылы немесе сутек атомының үзіліп кетіп, оның орнына басқа атомдар 
немесе  атомдар  топшаларының  келуі  арқылы  жүреді.  Демек,  алкандарға  ыдырау  және 
орынбасу реакциялары тән.  
1.
 
Галогендену  реакциялары.  Метанның  хлорлану  реакциясы  жарықтың  немесе 
температураның  әсерінен  жүреді.  Реакция  метанның  хлортуындылары  мен  хлорсутек  түзе 
жүреді: 
CH
4
+Cl
2
→CH
3
Cl +HCl 
хлорметан (хлорлы метил)  
CH
3
Cl +Cl
2
→CH
2
Cl
2
 + HCl 
дихлорметан (хлорлы метилен) 
CH
2
Cl
2
+Cl
2
→CHCl
3
 +HCl 
трихлорметан (хлороформ)   
CHCl
3
 + Cl
2
→CCl
4
+HCl 
тетрахлорметан 
2.
 
Нитрлеу реакциясы. Нитрлеу кезінде сутек атомы нитротоппен (-NO
2
) алмасады. Бұл 
реакцияны  орыс  ғалымы  М.И.Коновалов  (1888ж)  ашқан.  Нитрлеу  реакциясын  қыздыру 
арқылы сұйытылған азот қышқылымен жүргізеді. 
R – H + HO – NO
3
 → R – NO
2
 + H
2

3.
 
Тотығу  реакциялары.  Жану  –  алкандар  түсетін  ең  маңызды  реакциялардың  бірі 
болып  табылады.  Көмірсутектердің  қолданылуының  негізгі  бір  саласы  жану  реакциясының 
нәтижесінде  энергия  бөлінуіне  байланысты.  Метан  толық  тотыққанда,  яғни  жанғанда  СО
2
 
түзіледі. СН

+ 2О
2
 → СО
2
 + 2Н
2
О. 
Ал  метанның  шала  тотығуынан  өнеркәсіптік  маңызды  заттар  метил  спирті  және 
формальдегид түзіледі. Бұлар бірқатар синтездерде (пластмасса, бояу, дәрі-дәрмек және т.б. 
өндірістерде) қолданылады.  
          [o]                    k                    O                       
 
СН
4   
→ CН
3
OH →  H – C  
                             
-H
2
                        H 
Катализатор ретінде /K/ ретінде Cu, Ag қолданылады.                               
4.
 
Изомерлену  реакциялары  барысында  С  –  С  байланыстары  үзіліп,  көміртек 
атомдарының тізбегі тармақталады: 
                                                   к
 
CH

– CH
2
 – CH
2
 – CH
2
 – CH
3
  →     H
3
C – CH – CH
2
 – CH

         н-пентан                                                  │ 
                                                                       CH

                                                                  2-метилбутан 
5.
 
Крекинг. 500
0
С-тан жоғары температурада алкандар молекулалық массалары төмен 
көмірсутектерге ыдырайды және сутекті бөліп шығарады. Бұл процесті крекинг деп атайды. 
Крекеинг процесін алғаш орыс ғалымы В.Г.Шухов ұсынған. Крекинг процесінің екі түрі бар. 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
24 
 
Термиялық  крекинг.  Бұл  процесс  мазуттың  құрамындағы  үлкен  молекулалы 
көмірсутектерді  жоғары  температурада  (1000
0
С),  20-70  атм.қысымда  ауа  қатыстырмай 
қыздырғандықтан, кіші молекулалы көмірсутектерге айналады:  
C
8
H
18 
→ C
4
H
10
 + C
4
H

Бұл әдіспен автомобиль бензиндерін өндіреді. 
Катализдік  крекинг.  Бұл  процесс  450  –  500 
0
C-та  және  катализатор  қатысында 
жүргізіледі. Бұл әдіспен негізінен авиация бензині өндіріледі.  
6.
 
Метанның  конверсиялануы  –  оттекпен,  су  буымен  және  көміртек  (ІV)  оксидімен 
тотығуы оның негізгі қолданылу салаларының бірі: 
2CH

+ O
2
 → 2CO + 4H

CH
4
 + H
2
O → CO + 3H
2
 
CH
4
 + CO
2
 → 2 CO + 2H

Бұл реакциялардың нәтижелерінде түзілген синтез – газ (негізінен, сутек пен көміртек 
(ІІ)  оксидінен  тұратын  газдар  қоспасы)  көмірсутектер,  метанол,  метаналь  т.б.  органикалық 
қосылыстар алынатын бағалы шикізат болып табылады.  
Алкандардың  қолданылуы  және  экологиялық  аспектілері.  Метан  –  иіссіз,  түссіз  газ. 
Суда  нашар  ериді.  Метан  табиғи  газдардың  негізгі  бөлігі.  Метан  көп  мөлшерде  техникада 
және  тұрмыста  отын  ретінде  қолданылады. Метан  ауамен  қопарылыс  беретін  қауіпті  қоспа 
түзеді.  Метанды  ауа  қатыстырмай  жаққанда  (пиролиз)  резеңке  өндірісінде,  типографиялық 
бояу ретінде кең қолданылатын көміртек ұлпасы – күйе түзіледі: 
CH
4
 + O
2
 → C + 2H
2

Жоғары  температурада  850
0
C  метанды  су  буымен  бірге  никель  катализаторының 
үстімен жібергенде көміртек (ІІ) оксиді мен сутектің қоспасы түзіледі: 
CH
4
 + H
2
O → CO + 3H
2  
Бұл  қоспа  экологиялық  таза  отын  ретінде,  аммиак  және  азотты  тыңайтқыштар  алуға 
қолданылады. Түзілген көміртек (ІІ) оксиді  ауаның газ тәрізді ластаушыларының ішінде ең 
қауіптісі және кең таралғаны, оның улылығы адамның қанындағы гемоглобинмен қосылып, 
зиянды  қоспа  түзеді  де,  ауру  туғызады.  СО-ның  түзілуі  әртүрлі  отынның  толық  жанбауы 
кезінде  жүреді.  СО-ның  табиғи  көзі  орман  өрттері  және  атмосферада  органикалық 
қосылыстардың  фотохимиялық  айналуының  нәтижесі  болып табылады.  Көміртек  оксидінің 
біршама мөлшері қалалар мен өндірістік аймақтар атмосферасына автокөліктерден бөлінетін 
газдармен  түседі.  Деректерде:  ХІХ  ғасырдың  20  –  жылдары  СО

мөлшері  –  0,29  %  болған. 
1990 жылы – 0,35 %, яғни 20 пайызға көбейген. Ал 2000 жылы – 30 пайызға жеткен екен [10]. 
Адамдардың  шаруашылық  іс-әрекеті  қоршаған  ортаның  алкандармен  ластануын  күрт 
өсірді. Көмірсутектердің қолдануға түсетін антропогенді көздерінің ішінен химиялық өндіріс 
орындары,  газ  бен  мұнай  өндірісі,  двигательден  және  тасымалдау  барысында  шығатын 
алкандарды  ерекше  айтуға  болады.  Олардың  ішінде  ең  көп  мөлшерде,  яғни,  тонналап 
атмосфераға  шығарылатын  қатты  бөлшектер  (шаң,  түтін,  күйе),  көміртегі  оксиді,  күкірт 
диоксиді, азот оксидтері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек 
жатады. 
Жұмысы мұнай кен
 
орындарымен байланысты көптеген ғалымдар, экологтар – мұнай 
өндіру  кезінде  бөлініп  шығатын  газдарды  пайдаға  асыру  (утилизация)  мәселелерін  көтеріп 
отыр.  Үкімет  теория  жүзінде  бұл  бағыттың  маңызды  екенін  көптен  бері  айтуда.  Тіпті 
алғашқы жобалардың бірін бекітіп, мүмкіндігінше жақын арада іс жүзінде қолға алынатынын 
да  айтты.  Көміртегі  оксиді  ластаушылардың  бірі  ретінде  планета  температурасының 
өзгеруіне  әсер  ететін  қуатты  көздердің  бірі.  Соңғы  уақытқа  дейін  республикада 
атмосфералық  ауаны  ең  қатты  ластайтын  көздерге,  әсіресе,  күлі  көп  шығатын  көмірлерді 
пайдаланатын  жылу  энергетикалық  кешендерді  де  жатқызып  келді.  Алайда  қала 
атмосферасындағы  көміртегі  оксиді  мен  азот  оксидінің  мөлшерінің  артуы  күннен-күнге 
көбейе  түскен  автокөліктер  есебінен  болады.  Зерттеулер  өкпе  паталогиясы  мен 
атмосфералық ауаның ластануының арасында тікелей байланыс бар екенін көрсетеді.  

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
25 
 
Индустриалды дамыған елдерде атмосфераны ластайтын негізгі көздер – автокөліктер, 
транспорттың  басқа  түрлері  және  өндіріс  орындары.  Зерттеу  мәліметтері  бойынша 
антропогендік әсерден атмосфераға жыл сайын 25,5 млрд. тонна көміртегі  оксиді,  190 млн. 
тонна  күкірт  оксиді,  65  млн.  тонна  азот  оксиді,  1,4  млн.  тонна  хлорлы  және  фторлы 
көмірсутектер  (фреондар),  көміртектің,  қорғасынның  органикалық  қосылыстары,  сондай-ақ 
қатерлі ісік ауруын тудыратын канцерогенді заттар бөлінеді [10]. 
Атмосферадағы  электр  зарядының,  күннің  ультракүлгін  радиацияларының  әсерінен 
оттегінің  молекуласынан  озон  молекуласы  түзіледі.  Жер  бетіндегі  барлық  организмдердің 
тіршілігіне  қауіпті  күннің  өте қысқа  ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыруына байланысты 
озон қабатын «қорғаныс қабаты» деп те атайды. Алайда озон қабаты үшін ең қауіпті заттар – 
үй  тұрмысы  мен  өнеркәсіпте  пайдаланылатын  мұздатқыштар  мен  аэрозольді  баллондарда 
пайдаланатын  фреондар.  Фреондар  химиялық  қасиеттері  бойынша  инертті  болғанымен, 
стратосфера  қабатында  ультракүлгін  сәулелерінің  әсерінен  фотохимиялық  ыдырауға 
ұшырап,  көп  мөлшерде  зиянды  қосылыстар  мен  Cl
.
,  ClO
.
  радикалдарды  түзеді.  Осы 
радикалдар озонмен белсенді әрекеттесіп, озон қабатының бұзылуына әкеп соғады [10]. 
Хлорфторкөміртекті  қосылыстардың  (ХФК)  озонға  зиянды  әсерін  1974  ж.  Америка 
ғалымдары  Ш.  Роуленд  және  М.Милона  (1996  ж.  осы  салада  ашылған  жаңалықтар  үшін 
оларға  Нобель  сыйлығы  табыс  етілді)  ашты  [11].  ХФК  біртіндеп  атмосфераның  жоғарғы 
қабаттарына  көтеріледі  және  атмосфераны  УК-сәулеленуден  қорғайтын  озон  қабатын 
бұзады. Соның салдарынан: 
-
 
тері ісігі ауруының көбеюі; 
-
 
мұхиттағы планктон санының лезде қысқаруы; 
-
 
жануарлардың көптеген түрлерінің жойылуы,  мысалы: шаян тәрізді; 
-
 
УК-сәулелену ауылшаруашылық мәдениетіне қолайсыз әсер етуі әбден мүмкін және 
т.б. 
Осының барлығы жердің көптеген экожүйелерінің тепе-теңдігін бұзады, фотохимиялық 
тұманның  әсерінен  атмосфераның  жалпы  жағдайы  нашарлайды.  Метанның  химиялық 
қасиеттеріндегі галогендеу реакциялары нәтижесінде түзілген хлороформ мен хлорметанның 
адам ағзасына да зияны бар. Хлорметан қоршаған ортаға түсетін негізгі көзі – темекі түтіні. 
Хлорметан  ағзаға  тыныс  алу,  асқазан  ішек  жолдары,  тері  арқылы  енеді.  Ағзаның  бауыр, 
бүйрек мүшелерінде жиналып соларды зақымдайды. Үшхлорметан – тез оталғыш, өткір иісті 
түссіз  сұйықтық.  Жарықтың  әсерінен  ыдырап,  фосген  түзеді.  Фосген  түзілуі:  резина, 
пластмасса өндірісі.  
3CHCl
3
 + O
2
 →O=CCl
2
 + HCl+2CO
2
 + H
2
O + 2HCl

фосген 
Фотолиз кезіндегі түзілген қосылыстар жердің озон қабатын бұзуға қатысады.  
IV. Сабақты бекіту. 
1. Алкандардың құрылысы, изомериясы мен номенклатурасы, мысалдар; 
2. Алкандардың химиялық қасиеттері: хлорлау, нитрлеу және сульфирлеу, мысалдар;  
3. Алкандардың қоршаған ортаға әсері; 
а) Жоғары температурада 850
0
C метанды су буымен никель катализаторының үстімен 
жібергенде  көміртек  (ІІ)  оксиді  мен  сутек  қоспасы  түзіледі.  Түзілген  СО-ның  атмосфераға 
әсері. 
б)  Көмірсутектердің  галоген  туындыларының  қоршаған  ортаға  және  адам  ағзасына 
әсері. 
в) Фреон қайда қолданылады? Олардың қоршаған ортаға әсері 
г)  Хлоралкандарды  қоршаған  ортаға  шығаратын  көздер  және  олардың  қоршаған  орта  
мен адам ағзасына әсері 
д) Жылу эффектісі. Оның экожүйе мен адамға әсері.  
V.Сабақты қорытындылау.  

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
26 
 
Қopытa  келгенде,  opгaникaлық  xимия  куpcындa  экoлoгиялық  тәpбие  мен  білімді  
қaлыптacтыpу  әpтүpлі  педaгoгикaлық  әдіc-тәcілдеpді  қoлдaну  apқылы  жac  ұpпaққa 
экoлoгиялық  білім  беpу,  oлapдың  тaбиғaт  пен  aдaм  өміpінің  біpлігін  теpең  cезінетін, 
тaбиғaтты  aялaп,  oны  қopғaй  aлaтын  aзaмaтты  тәpбиелеу  міндеттеpі  мен  мaқcaттapы  өз 
мaңыздылығын бүгінгі тaңдa жoймaй, қaйтa oдaн әpі көкейкеcтілігімен cипaттaлудa. 
Oқыту  бapыcындa  тек  қaнa  өзіндік  ғылыми  білім  ғaнa  aшылмaй,  oны  aлу  әдіcтеpі  де 
aшылу қaжет. Oқу тaнымның немеcе ғылымның нaқты жoлдapын aшa oтыpып, студенттерге 
xимия  caбaқтapындa  ғылымның  дaмуы  қaлaй  жүpеді  және  oның  ұғымы,  бұл  дaмудың 
зaңдapы  қaндaй,  тaнымдық  әpекет  мaқcaты  нені  көpcетеді,  oндa  жеке  және  қoғaмдық 
қызығушылық қaлaй бaйлaныcқaн, aдaм тұлғacының әpтүpлі жaқтapының дaмуын түcіндіpіп, 
көpcету  қaжет.  Opгaникaлық  xимия  пәнінен  caбaқ  беpуде  xимиялық,  экoлoгиялық  және 
қopшaғaн  opтaны  қopғaу  ұғымдapын  қaлыптacтыpудың  тиімді  әдіcі  pетінде  әpтүpлі 
жaттығулap,  экoлoгиялық  мaзмұнды  xимиялық  caндық  және  caпaлық  еcептеp  мен  теcтік 
тaпcыpмaлap  қapacтыpылaды.  Ocы  әдіcтеpдің  көптеген  oңды  жaқтapы  экoлoгиялық  білім 
беpуде көpінеді, oл opгaникaлық xимия куpcын oқыту үpдіcіндегі экoлoгиялық білім беpудің 
құpылымдық жүйеcіне cүйенеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет