Ойымнан сол кетпестен.
Бұл — Исраил Сапарбай аудармасы.
Есенин Сағди қыздың төсінен сүйеді екен дегенді
қыздан жаңа естігенін, енді үйренетінін («Обучусь когда-
нибудь») айтып отыр. Үш нұсқада да орыс ақынының шыгыс
эротикасына таңдану, тамсану сезімі көрінбей қалған. Қадыр
Мырзалиев тіпті «Салдың-ау жақсы есіме» деп қояды.
1979
жылы
С.Есенин
«Таңдамалысы»
тұтастай
Қ. Мырзалиев аудармасымен жарьщ көрген.
«Есенин
поэзиясы мен Мьфзалиев поэзиясы арасында қандай
бір жақындық, туыстық, ұқсастық болуы мүмкін?», «бірі
алақұиын аптап сезімнің, екіншісі орман ойдың кемел
жыршысы», «елжіреген Есенинді мызгымас Мырзалиев,
лапылдаган Сергейді қорғасындай Қадыр басқа бағдарға
ойыстырып жібермес пе» — Жүрсін Ерманов осындай қауіп
бщдірген еді. Біз бұл арада сыншы қадап көрсеткен тұстарға
тоқталып, мақала авторын қолдап немесс аудармашыны
377
қорғап жатпақ емеспіз. Мәселе басқада. Аудармашы
өзінен аумай қалған ақынды ғана аудара алатындай етіп
сөйлейтін сөздің салты эдебиетте элі күнге әжептәуір
эңгіме болатынында. Не айтары бар, аудармашының өзімен
рухтас, сарындас, табиғаты туыс, жазу мәнері жақын
ақыңды тереңірек түсінеріне, сергегірек сезінеріне сөз
жоқ. Түйінді ойға, тапқыр шешімге құрылған өлеңдерді
Қадырдың қапысыз қазақшалайтыны да анық. Қайсын
Кулиевтің мына бір шумағы осы ойдың дәлелі.
Батады күнің, шыгады күнің оралып,
Жатады жерің нұрына соның оранып.
Кетеді түнің, келеді түнің оралып,
Ал адам кетсе келмейді қайтып,
Ол — анық!
Қадыр Мырза Әли - шын мэнінде классикалық
тұрпаттағы қаламгер. Ақын шығармашылығы ұлттың
көркемдік ойын жаңа сатыға көтеруімен, поэзия туындысына
қойылатын талапты биіктетіп беруімен құнды. Классикалық
тұрпаттағы қаламгер деген анықтама ол қаламгердің
қолынан шыққанның бэрі тап-таза классика деген сөз
емес. Бұл анықтама классикалық үлгіде, кэсібиліктің кемел
биігінде, кең құлашпен, алуан бояулы өнер туындататын
қаламгерлерге айтьшады. Ондай қаламгерлерге белгілі бір
бағыттың, белгілі бір стильдің құрсауында қалып қою жат.
Қадыр аударған дүние жүзі ақындарының ұзын санының өзі
бірқыдыру. Олардың арасында от пен судай кереғар көрінетін
Руми, Гюго, Гейне, Лермонтов, Гамзатов, Межелайтис
сияқты дара дарындар көп.
Қадыр ақын сиқырлы сөзді алақанында ойнататын шын
зергерлігін Олжас Сүлейменов өлеңдерін аударуымен де
айшықты дәлелдеп берді.
Жасыл толқын,
Масыл толқын,
тында да,
Медузадан омырауыңа гүл қада.
Аспанға атып
Асау қызыл балықты,
Қызыл шэйі орамалдай бұлгала!
Тозған қайық, озған катер қайда да,
Бұғазға кір,
378
Толқын,
Құмды майдала!
Сағадидің ыстық алақаыы боп,
Арулардың ақ төсінен
Аймала!
«О.Сүлейменовтің ақындық арыны, екпін ексімі қаз
қалпында сақталған шабытты жолдар түпнұсқаның өзіндей
көркем, келісті болып шыққан» (Жүрсін Ерманов).
2.6.9.
М ақтымқүлы.
Көркемдіктің
кереметі
—
қарапайымдылықта. Аудармашы шеберлігінің шындап
сыналатын кезі — сырттай карағанда қарапайым болып
көрінетін жырл арды аударатын тұсы. Мақтымқұлы поэзиясы
сондай. Ақын өлеңдерінің даналықпен ұнггасқан тереңдігі өз
алдына, сол тұста түркімен поэзиясында берік орныққан араб-
парсылық аруз уэзінінен бас тартып, халықтық силлабикалық
жүйені бекемдеп беріп кетуінің өзі-ақ Мақтымқүлы есімін
даусыз даңққа бөледі. «Қазір қолда бар ақын мұрасының
шамасы 16-18 мың жолдай өлең» - Мақтымқұлы жайында
арнайы зерттеу мақала жазған Серік Қирабаевтың [257, 261
б.] бұл айтқаны ақынның кэсіби деңгейінің қандайлық биік
болғанын көрсетеді. Мақтымқұлы поэзиясы - коркемдіктің
кемел үлгісі.
Қуандық
Шаңғытбаев
аударган
Омар
һэйям
рубаиларындай, қазақ ақындары тәржімелеген Мақтымқұлы
өлеңдерін де біздің қазақ өзінің төл жырындай көреді.
«Аттаныста жігітке / Арындаған ат керек, / Досқа деген
құрметке / Жақсы махаббат керек. / Ойындағы қүр қиял — /
Мақсат емес жиган мал. / Еңбегіңе бол адал, / Ғылым табар
шақ керек» деп келетін ақын олеңцерін алпысыншы жылдарда
Ғали Орманов пен Ғафу Қайырбеков тәржімелеген еді. Орыс
тіліндегі нүсқадан аударылғанымен, ол өлендерде де түркімен
жырының сарыны, сазы жап-жақсы сақталған. Мақтымқұлы
жырларының түркіменшеден тікелей тэржімесін сексенінші
жылдарда Дүйсенбек Қанатбаев жасап шықты.
Бүл жалганнан жарлымын деп түңілме,
Бағың жанар күндердің бір күнінде.
Ү
кім
айтып үбір менен шүбірге,
Көкжал сынды сен де өктем боларсың.
379
Дүниеде не бар сүйген жарға тең,
Ахиретке бірге экеткен бар ма екен?
Имансызга қайда-дагы тар мекен,
Иман болса -
сен де кеп-кең боларсың.
Жақсылардан жырақ кетсең мүңайма,
Адам түгіл, аласарар қүдай да.
Көңіліңді баурар болса мың айла —
Мүратыңды бастан тепкен боларсың.
Лүқпанша дертке дауа тапсаң да,
Рүстемше жынын жаудың қақсаң да,
Ескендірше жердің жүзін шапсаң да,
Бэрібір сен жермен жексен боларсың.
«Мен өзім Мақтымқұлы жырларын бала кезімнен жаттап
өстім, балалық шағым түркімен даласында, түркімендер
арасында өтгі. «Қаратаудың басынан көш келеді, көшкен
сайын бір тайлақ бос келеді» деген қазақ эні мен «Дағлар
башы думан-думан, ел гелйәр-а, Бибиджан» деген түркімен
айдымын қатар айтып, қоса шырқаушы ек. Есейе келе ұлы
ақынның жырларын түпнұсқадан аударсам деген ой көңіліме
әбден ұялаған еді. Өнер қуып Алматыға келгеннен кейін де
өз өлеңдеріммен қатар, түркімен ақындарын қазақ тіліне
аударуды өзімнің борышымдай көрдім. Әрине, Мақтымқұлы
сынды ұлы ақынды аудару бір ғана ұмтылыстың, бірер гана
жылдың жұмысы емес, ол өмірлік, гұмырлық парыз. Ардагер
ақынның көкірегіндегі көрікті ойларьга, жан түкпіріндегі
кұпия сырларын, нэзік сезім сәулелерін, эрине, түгел
жеткіздім деп айта алмаймын. Бірақ, қазақ оқырмандарына
ақын жырларының әлсіремей жетуіне, көркемдік қасиетінің
бар бояуын сақтауға барынша күш салдым. Ендігі төреші
өздеріңіз, оқушы достар!» — аудармашы кітап алғысөзінде
өзіне жарасар кішіктікпен осылай депті.
Әр нәрсені өз атымен атар болсақ, Мақтымқұлы
жырларының Дүйсенбек Қанатбаев жасаған аудармасы -
классикалық дүние.
Анасынан ажырамас түлекті
Қатал тағдыр қай мекенге түнетті?
Ай айналды, жыл жылжыды, күн өтті,
Ай да, жыл да келді,
бүлар келмеді.
380
Бой көтерді қасіреттен шөккендер,
Бір жаңарып, бір көнерді көк пен жер.
Алты аилық жол — Қағба жаққа кеткендер
Қажы болып келді,
бұлар келмеді.
Келген жандар алые пенен жақыннан,
ТҮСПВДІ ме көздеріңе асыл жан?
Ойлай-ойлай мен айрылдым ақылдан,
Базаршылар келді,
бұлар келмеді.
Сонау түркіменнің шөлінде көкжиекке тесіле қарап
қамығасыз.
Қаитерсіз, бұлар келмеді...
Басынан аяғына дейін бір ұйқаспен алып шығатын
өлевдерді де аудармашы емін-еркін төгілтеді, жинақтағы
2:- -жыРлаРд а ч эРбФ жолынан ақалтеке тұлпарларының
дүбірін, дутар мақамын естігендей боласыз. Дүйсенбек
Қанатбаев аудармасы түпнұсқадан, эсіресе іуыстас тілдерден
тікелеи тэржімелеудің даусыз артықшылығын тағы да
таныта түседі. Алдағы кезде татар, башқұрт, өзбек, қырғыз,
ұиғыр сияқты тілдерден тек тікелей тэржімелеуге көшкен
мақұл. М.Айтхожина мен А.Түгелбаев аударған Білэл Назым
жырларының жатық шыгуында осындай себеп жатыр.
2.6.10.
Шекспир.
«Ұлы
ақындар
кітапханасы»
сериясымен
шыққан
Шекспир
жинағында
(1970)
М.Мақатаев аударған 50 сонет бар. Кейін Х.Ерғалиев
ұлы қаламгердің 154 сонетін түгел аударып шықты. 27-ші
сонетпң түйщцелер тұсын ғана сөз етейік.
Усердным взором сердца и ума
Во тьме тебя ищу, лишенный зренья.
И кажется великолепной тьма.
Когда в нее ты входишь светлой тенью.
Мне от любви покоя не найти
И днем и ночью я всегда в пути.
М.Мақатаев нұсқасы:
Жүрекпен, оймен қараймын, күдер үзбеймін,
Жанарсыз қалып, түнектен сені іздеймін.
Көлеңке сәулең көлбеңдеп маған өткенде,
Түнекгің өзі тамаша болып кеткендей:
381
Махаббаттан маза таппадым,
Күндіз де, түнде - сапарда, ылғи саптамын.
Х.Ерғалиев нұсқасы:
Жай таппаған жан, көкірек көзімен
Бір сені іздеп, қараңғыны қармаған.
Кіріп келсең сені дереу сезінем, -
Көлеңкеде көлбең сэуле бар маған.
Махаббаттан маған ешбір тыным жоқ, -
Жол шықпайтын күнім, яки түнім жоқ.
Екі аудармашы да «я всегда в пути» деген сөзді тура
магынасында түсінген, М.Мақатаев тіпті «ылги саптамын»
деп онан сайын нақтылап жібереді. Дұрысында, сонетте
сүйіктісін іздеп сарсылған, тағаты таусылған адамның
қиналысы айтылады. Шекспирдің жолы - жүректен жүрекке
жетер жол.
Мұқағали
Мақатаевтың
Шекспир
сонеттерінің
пішініне тым еркін қарауын, қостауға болмайды. Әсіресе,
кей сонеттерді 15, 16, 17, кейде тіпті 18 жолға шыгарып
жіберетіні жөнсіз. Сонет шыққалы жеті жүз жылдай. Оның
пішіні сонау XV ғасырда түпкілікті орныққанын, нағыз
өркендеген кезі XV-XVI ғасырлар екенін барша жұрт біледі.
Сонет - триолет, сексетина, терцина, газал, хайку сияқты
мызғымас поэзия пішіндерінің бірі. Әуелде падуялық заңгер,
эдебиетші Антонио да Тампо 1332 жылы қалай жазды солай
келе жатыр. Сонеттің сұлулығы сол өзіне ғана тэн сыртқы
пішін арқылы да ішкі мазмұнды ашып тұратындығында.
Бұл тұрғыдан қарағанда Х.Ерғалиев аудармаларының
жатықгығы, дэлдігі көбірек сүйсінтеді:
Байқап жүрмін, көкжиектен шыққан күн,
Жымияды жылынсын деп шықтан гүл,
Сұрғылт суды алтынымен аптайды
Тауды жалқын жанарымен баптайды,
Аспан кейде жарқын көкті көрсетпей,
Ауыр бүлтгы асқактатып қояды.
Бұлттар жылжып, күңгірг дүние тырс етпей,
Жердің жылы жомарттығын жояды.
382
Менің-дағы күнім солай бір-ақ сәт,
Сыбағаңа мол бақытын сыйлаған.
Төнді де бір көзсіз бұлттан кесапат,
Өшті нұрым мандайыма сыймаған.
Күңкщдемен болсам-дағы тірі өлік:
Көктегі бұлт жерде де тұр тіреліп.
Қай тілдің де ауцармашылық элеуетіне сын болатын
шығармалардың бірі - Шекспирдің 66-шы сонеті. Орыс
тіліне
де осы сонет аударылудай-ақ аударылыпты.
В. Бенедиктов,
Н.Гербель,
Ф.Червинский,
С.Ильин,
М.Чайковский, О.Румер дегендердің қолынан шығыпты.
Алайда, «орыс поэзиясы үшін де, оқырмандар үшін де ол
аудармалардың бары да, жоғы да бірдей еді. 66-пп>і сонеттің
қайтадан дүниеге келу кереметі осы таяуда ғана бой көрсетті,
бүл
керемет екі рет жасалды — оның бірін 1940 жылы жасаған
Б.Пастернак, екіншісін таяуда жасаған - С.Маршак», дейді
А.Лейтес [30, 324 б.]. Енді сол екі аударманы қатар келтіріп
алған соң тәржімені талдауға көшейік.
Борис Пастернак аудармасы:
Измучась всем, я умереть хочу,
Тоска смотреть, как мается бедняк
И как шутя живется богачу,
И доверять и попадать впросак,
И наблюдать, как наглость лезет в свет,
И честь девичья катится ко дну,
И знать, что ходу совершенствам нет,
И видеть мощь у немощи в плену,
И вспоминать, что мысли заткнут рот,
И разум сносит глупости хулу,
И прямодушье простой слывет,
И доброта прислуживает злу.
Измучась всем, не стал бы жить и дня,
Да другу трудно будет без меня.
С. Маршакты н аудармасы:
Зову я смерть. Мне видеть невтерпеж
Достоинство, что просит подаянья,
Над простотой глумящуюся ложь,
Ничтожество в роскошном одеянье,
383
И совершенству ложный приговор,
И девственность, поруганную грубо,
И неуместной почести позор,
И мощь в плену у немощи беззубой,
И прямоту, что глупостью слывет,
И глупость в маске знатока искусства,
И вдохновения зажатый рот,
И служащие злу благие чувства.
Все мерзостно, что вижу я вокруг,
Но как тебя покинуть, милый друг?
Зерттеушілер Пастернактың бүкіл сонетті бір эпитетсіз
шығарғанын, оның есесіне 12 етістік қолданғанын, ал
Маршактың небәрі 6 етістікті ғана алып, зат есімдерді
көбейткенін айтады.
Енді Хамит Ерғалиев аударған нұсқаны оқиық:
Өлсем деймін. Көре-көре тойдым ғой,
Қасиеттің қайыршылық қылганын.
Ақ пейілге көтертпейді жала бой,
Көрдім ездік паң киініп болғанын.
Көрдім аққа үкім жала жапқанын,
һэм қыз дәурен балағатқа батқанын.
һәм әдейі қошаметтің қорлығын
һэм қайратқа әлсіздіктің зорлығын.
һэм туралық есерлікке саналып,
һәм есерлік саналғанын даналық.
һәм шабыттың бүркегенін өз бетін,
Адалдықтың - арамдыққа қызметін.
Бар иттікті көріп, көзді қинаймын,
Жан досым-ай, жалғыз сені қимаймын!
Жақсы, жатық шыққан. Әсіресе «жалғыз сені» деген
жері тамаша.
2.6.11.
Байрон.
Аудармашының
ақынмен
рух
жақындығы, сарындастығы қандай жеміс беретінін біз
Ғафу Қайырбеков аударған Байрон жырларынан көре
аламыз.
,
.
ШШШЩ
Байронның әлемдік поэзиядағы романтикалық мекте
пті қалыптастырудағы еңбегі ересен. Бэлкім, тіпті ересен
деген де аздық етер. Өйткені, Байрон болмаса байронизм
384
деген агым бол мае еді. Байронизм - романтизм бастауы.
Романтикалық
поэма
дүние
эдебиетінде
Байроннан
анағурлым бұрын шыққаны баршаға белгілі. Әйтсе де оны
шырқау шьщына дэл осы лорд көтеріп беріп кетті. Пушкиннің
өзі Байронның тікелей ықпалымен, эсерімен қалам тербегені
ешкімге де жасырын емес. Б.В.Томашевский «Пушкиннің
оңтүстік
поэмаларының
эсерімен
орыс
әдебиетінде
байрондық поэмалар жанры пайда болды, ол поэмалардың
Байронға қатыстылыгы көбіне коп Пушкин поэмаларындағы
ортақ сарындарға байланысты. Талай уақьітқа дейін орыс
байронизмі
ағылшьінша
түпнұсқаға
жақындамай-ақ,
Пушкин өз бойына сіңіріп үлгерген романтикалық поэтика
нышандарынан нэр алып келді» [259, 368 б.] деп жазған.
Лермонтовтың көптсгсн поэмалары Пушкиннің оңтүстік
поэмаларының, бэрінен бұрын «Кавказ тұтқынының»
эсерімен дүннеге келгені мэлім.
Ғафу Қайырбеков «Елтінжалда» Мұхтар Эуезов пен
Ғабит Мүсірепов бір топ ақын-жазушыларды оңтүстік
сапарына бастап шыққанын суреттеп, сол жолы вагон
купесінде қазақ әдебиетінің екі алыбының алдында
Байроннан жасаған аудармаларын оқыганын келтіретін.
Сонда Мүхаңның: «Еврей саздарына» қолың жетті ме? Оның
ақындық әуселесі содан көрінеді гой» дейтіні бар-ды. Қолы
жеткен. Жеткенде де қандай жеткен!
ішінде
Жаның өлмей, қалса сүю күшінде.
Рас болса қауышарсың, есен-сау
Тірліктегі жүрек ынтық кісіңе.
Сапар шегіп дүниеге сол жұмбақ,
Рақат қой мойынсұнып, көз жұмбақ.
Рақат қой жер қайғысын үмытып,
Өлмес өмір жайын ғана сөз қылмақ!
Қалса бір күи өлім шіркін төтен кеп,
Ажал - шыңырау, қазір құлап кетем деп,
Өмір - арқан, жабысасың ұшына,
Соңғы түйін қолдан шықпаса екен, - деп,
Өзіңді емес, өзге өмірді қимайсың,
Қимайсың да. кьгошын
ж анлм к и н я й п ш
25-2915
385
О, дариға, үміт тэтті шүбәдан,
Болып мэңгі жан саламат, ден аман,
Сонау ғазиз жанмен жаным тоғысып,
Мэңгі өлмейтін күн кешем! - деп жұбанам.
' Ч | і
Өзгенің өлеңінің ішіне осынша кіріп кетудің сыры
аудармашының: «Менің ақындық тұрпат, стилімнің өзі
Байронға бір табан болса да жақын еді, сол көп жәрдемдесті.
Қызығып, ынтығып, шабыттанып жарысып істедім», деген
сөздерінде тұрғандай.
2.6.12.
Берне. «Емін-еркін, қысылып-қымтырылмайтын-
дығы, өлең өлшемдерінің жанды жаулап алатын қасиеті,
күрделі
бунақгары
мен
оңды-солды
ұйқастарына
қарамастан терең лиризмі Берне жырларын басқа тілдерге
аударуға қиындық келтіретіндігі сондай, оның өлендері
«аударылмайды» дегенге талай адам тоқтап үлгерген.
Совет эдебиеттануында тіпті еоғые жылдарының алдында
«Аудармада эрі Берне өлшемін, ырғагын дэл беру, эрі
мағынасын дәлме-дәл сақтау жөнінде эңгіме етудің өзі артық»
деген сыңайда үзілді-кесілді пікірлер кездесіп тұратын», дейді
Ф.Аутлева. Сөйтсе, бэрі де адамы табылуына байланысты
екен. Роберт Бернетен С.Маршак жасаған аудармалар орыс
поэзия аудармасына қосылған ерекше үлкен үлес болумен
қатар, жалпы әлем әдебиетіндегі тэржіме туралы түсінікті
толықгыруға эсер етті деудің түк те артықтыгы жоқ.
А если мы встретимся в церкви, смотри:
С подругой моей, не со мной говори,
Украдкой мне ласковый взгляд подари,
А больше - смотри - на меня не смотри!
А больше — смотри - на меня не смотри!
Үлыбританияда, Шотландияда, жалпы ағылшын тілді
элемде Маршак аудармалары теқцесі жоқ туындылар
саналады.
Қазақ аудармасында Абай жасаган үздік
үлгілерден кейін шьш шедеврлер қатарында біз Қуандық
Шаңғытбаевтың Бернстен жасаган аудармаларын атаймыз.
Үш корольді кейіткен соң,
Ол бір пәле арқалады:
Келісті олар өлсін деп Джон,
Өлсін деп Джон Арпа Дэні.
386
Осылай басталатын «Арпа дэні Джон» (шотланд вискиі
мек сырасының фольклорлық образы) қандай ғажап аударма
десеңізші! Әлгі корольдер бірінен соң бірі арпаны олай да
отайды, бұлай да отайды, соқаменен жерге қазып, көміп те
тастайды, Джон одан да өніп шығады, тас қырманға атып
ұрып, тепкілейді, жел өтінде желпиді, құдыққа да лақтырады,
Джон одан да өніп шығады, қайта-қайта сыраға айналып,
адамдарды қуанта береді, қуанта береді..,
Тайқазанда қаны қайнап,
Кеспекте Джон пісті быршып.
Кружкада тұрды жайнап,
Көзді тартып, көбігі ыршып.
1
Бишара Джон, тірісінде
Еңіреп өткен ер болатын, -
Мін болмайтын бір ісінде,
Сері көңіл кең болатын.
Жұтсақ оны, пәле-кесір,
Су сепкендей болады умыт.
Жүтса оны жетім-жесір,
Жүрегіне толады үміт...
Бар кылығы болғасын жөн,
Қүгты болсын эр қадамы,
Кеспегінде қайнасын Джон,
Қайнасын Джон Арпа Дәні!
Қазақ аудармаларына көбіне-көп тэн болып келетін
кемшіліктің оірі — түпнұсқаны коркемірек етуге тырысу.
«Бір кезде мен Уолт Уитменді аударған едім. Сонан бері,
аударманың жаңа гимаратын тұрғызған сайын өзімнің
істегенімді жөндеумен келемін: жөндеуімнің бүкіл мэні өз
аудармамның алгашқы редакциясына тәжірибесіздіктен еніп
кеткен оюлар мен өрнектерді қадағалап отырып, қашап алып
тастауға саяды. ¥зақ уақыт, көп жылдар бойы күш-жігер
жүмсай жүріп мен түпнұсқадағы «дөрекілікке» бірте-бірте
жақындап келемін. Қаншама жанымды салғаныммен, мен элі
де тұпнүсқаның «жабайы кедір-бұдырлыгын» жеткізе алмай
жатырмын ба деп қорқамын, өйткені, Уитменнен жақсырақ,
Уитменнен әдемірек жазу өте оңай, алайда оның өзіндей етіп
«жаман» жазу өте-мөте қиын»- Корней Чуковскийдің осы
ойы [59, 43 б.] тамаша айтылған. Қуандық Шаңғытбаевтың
аудармалары тал осы талалтың үдесінен шыгатындығымен
тэнті етеді.
387
Финдлей
Достарыңызбен бөлісу: |