Берік Аташ, Қуаныш Әлжан ҒҰмар қараш алматы


Өмірге аттаныс пен өрлеу баспалдақтары



Pdf көрінісі
бет10/34
Дата03.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#6482
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34

2. Өмірге аттаныс пен өрлеу баспалдақтары
көрнекті педагог; қазақ қауымының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын 
жоғалтпауды,  тілін  өркендетуді  жақтаған  –  ұлтжанды  этнограф; 
парасатты  пайымдаулар  тудырған  –  философ  екендігін  бізге  паш 
етіп отыр десе де болады. Ғұмар Қараштың маңызды қызметтерінің 
бірі – педагогтық, яғни, ағартушылық ісіне тікелей қатысты болып 
келгендіктен, келесі кезекте, сол дәуірдегі білім беру жүйесі мен 
ондағы Ғұмар Қараштың атқарған істері жөнінде тоқталып өтеміз. 
2.3 Қазақ жеріндегі білім беру мәселесі және ұстаз Ғұмар Қараш
«Қазақ ұлт болып бөлініп шыққаннан кейін де көшіп жүрген, 
білімсіз  халық  болған»  деген  идеологиялық  сарын  көп  жағдайда 
бүгінгі  күнге  дейін  қалыпты  шындық  ретінде  түсініліп  келеді. 
Шындығында, қазақ жерінде өзге мемлекеттерде оқыған, сауатты, 
білімді,  діни  жағынан  да  терең  философиялық  ойлау  дағдысын 
игерген тұлғалар аз болмаған. Мысалы, жыраулардың ішінде аты 
ерекше танымал болған – Бұхар жырау (1668–1781 жж.) Көкілташ 
медіресесін  тамамдап,  мұсылманша  оқумен  қатар  ғылымның 
бірнеше  салаларын  игеріп,  араб,  парсы,  тәжік  тілдерін  терең 
меңгереді. Ол – көшпелілер мәдениетінің рухани дүниесінен нәр 
алғандығын көрсетіп, оны шығыс мәдениетімен шебер толықтырып, 
білімін  мемлекеттік  мәселелерді  шешуде  шыңдаған  білімді-
интеллектуалды  тұлға.  Одан  кейін  де  қазақ  қоғамынан  сауатты 
және ағартушы ғалымдар көптеп шыққан. Мысалы, Жәңгірханның 
өзі 12 тіл білген болса, Ғұмармен замандас Ғабдолғазиз Мүсағалиев 
жеті тіл білгендігі т. б. көп айтыла бермейді. Қазақ даласындағы 
ашылған классикалық үлгіге жуықтайтын мектептердің тарихы да 
XVII
І ғасырдың бірінші жартысынан бастау алады. 
Бірақ  бұл  Ресей  патшалығының  бодандығына  еніп, 
отырықшылану үрдісімен тығыз байланысты. Орыс патшаларының 
200  жылға  созылған  отарлау  саясаты  халқымыздың  еркіндік 
жолындағы ғасырлар бойғы күресіне нұқсан келтіргенімен, Батыс 
пен  Шығыс  арасындағы  рухани  қарым-қатынасқа  еріксіз  түрде 
жол ашты. Cоның бірі – дүниәуи мектептердің ашыла бастауы еді. 
Мәселен,  Змеиногорскіде  (Шығыс  Қазақстан)  қорғасын-мырыш 
кен  орнында  1761  жылы  тау-кен  жұмысшы  балаларына  арналып 

94
Ғұмар Қараш
мектеп  ашылды.  1786  жылы  Омбы  қаласында  «Азиялықтар 
мектебі» ірге көтерді. Аудармашы-тілмаштар даярлайтын бұл оқу 
орнына  қазақ  балалары  да  қабылданды.  Осындай  мектеп  1789 
жылы  Орынбор  қаласында 
(Меновой  двор  жанынан)  да  ашыл-
ды. Қазақ феодалдарының (сұлтан, бай, би, cтаршын) балаларына 
Неплюев  кадет  корпусына  (1825),  Омбы  кадет  корпусына  (1848) 
түсіп,  білім  алуына  рұқсат  етілді.  Сондай-ақ,  алғашқы  дүниеәуи 
қазақ  мектебі  Бөкей  хан  ордасында  1841  жылы,  ал  1850  жылы 
Орынбордағы шекара комиссиясының жанынан ашылған болатын. 
Бірақ бұл мектептердің оқыту жүйесі мен ашылуының астарында 
ұлтты бірте-бірте орыстандыру саясаты көрініс тауып отырды. 
Патшалық  отарлау  саясатының  басты  мақсатының  бірі  – 
халықты  жаппай  орыстандыру,  шоқындыру,  қазақты  өзінің  төл 
тілінен және дінінен ажырату. Бұған жетудің негізгі жолдарының 
бірі  –  орысша  оқытатын  мектеп  ашу  және  халықты  христиан 
діні  бойынша  қайта  сауаттандыру  ісі  еді.  Осы  орайда,  Мәскеуде 
құрылған арнайы миссионерлік қоғамның негізгі ұстанымдарына 
көңіл  аударған  абзал.  Онда:  «Мұсылман  елдерін  ыдырату, 
арасына от жағу, яғни, пантүркішілдік пен панисламдыққа қарсы 
күресу;  қазақ  елінің  ағартушылық  қозғалысын  татарлардың 
ықпалынан,  мұсылман  дінінен  алшақтату;  бұратана  халықтарды 
православие  дініне  шоқындыру;  халықты  ата-баба  тарихынан, 
ұлттық  мәдениетінен  қол  үздіру,  яғни,  қазақтардың  ғасырлар 
бойы қолданып келе жатқан жазу таңбаларын жою, орыс әліпбиін 
енгізу; мұсылмандық мектептер мен медреселерді біртіндеп жою, 
олардың орнына аралас орыс-түзем, орыс-қазақ мектептерін ашу, 
кейін  бұлардың  бәрін  таза  орыс  тіліне  көшіру;  шет  аймақтарда 
отаршылдық  саясатты  жүзеге  асыру  үшін  миссионер  ғалымдар, 
оқытушылар  кадрларын  көптеп  даярлау»,  –  деген  қағидалар 
басшылыққа  алынатыны  бұйрық  күйінде  көрсетілген  еді.  Орын-
борда ашылған татар мектебі (1744 ж.) мен Неплюев кадет корпу-
сы, Омбыдағы «Азия мектебі» мен кадет корпустарының атқарған 
қызметі  осы  құжатта  көрсетілген  шаралардың  жүзеге  асуының 
нақты көрінісі болды. Отаршыл үкімет жергілікті халық ішінен ру 
билеушілері  мен  басқару  орындарының  әкімдерін  тағайындауда 
олардың  орысша  сауатты  болуын  талап  етті  [81,  35  б.].  Мұның 

95
2. Өмірге аттаныс пен өрлеу баспалдақтары
өзі  сол  дәуірлерден  басталған,  бүгінгі  күні  де  сарқыншақтары 
сақталып отырған идеология «адам болғың келсе, орысша білуің 
керек» дегенді санаға құюдың бір әдісі болатын. 
Осы  дәстүр  кейіннен  ХІХ  ғасырлардан  бастап,  мұсылманша 
қадым  (ескіше  оқу)  жүйесімен  келіп  сабақтасты,  ал  ХІХ  аяғы 
мен  ХХ  ғасырдың  басында  мұндай  беталыс  жәдидшілдікпен 
ауыстырыла бастады. Осы сәтте, білім беру жүйесіне байланысты 
өзгерістер енгізу, академиялық білімдер бойынша оқыту шаралары 
бірте-бірте қолға алынып, ол ХХ ғасырдың басында күшейе түсіп, 
арнайы  ашылған  мектептер  арқылы  еуропалық-академиялық 
деңгейге дейін көтерілген еді. 
Ғұмар  Қараштың  педагогтық  қызметі  де  ХІХ  ғасырдың 
аяғы  ХХ  ғасырдың  басындағы  жәдидшілдік  білім  беруді  және 
Қазан  төңкерісінен  кейінгі  жалғасқан  жәдидшілдік  пен  Кеңестік 
білім  берудің  жаңа  талаптарының  пайда  бола  бастауын  қамтып 
жатты. Оның жәдидшілдік кездерін толық түсіну үшін, алдымен, 
білім  берудегі  жәдидизмнің  шығу  тегі  мен  Қазақ  жеріне  таралу 
жағдайларына шолу жасап өтуіміз керек.
ХІХ  ғ
асырдың  екінші  бөлігінде  пайда  болған,  XX  ғасырдың 
басында  кең  тараған  қоғамдық-саяси  және  діни-ағартушылық 
қозғалыс мұсылман әлемінде, әсіресе, Ресей түркі тілдес мұсылман 
зиялы  қауымының  озық  бөлігінің  өкілдері  арасында  белең  ала 
бастады. Бұл – Ресей империясының түркі халықтарының ағарту 
үдерісінде елеулі тарихи маңызы болған – жәдидшілдік деп аталған 
бағыт  еді.  Жәдиттердің  халықты  ағарту  мен  демократиялық 
құқықтар  үшін  күресі,  бір  жағынан  –  исламды  сақтау,  екінші 
жағынан  –  Еуропалық  білімнің  тиімді  жақтарын  игерумен 
келіп  тоғысып  жатты.  Ол  өз  кезегінде,  түркі  тілдес  мұсылман 
халықтарының  рухани-мәдени  дамуына  үлкен  үлес  қосты.  Бұл 
оңды үдеріс 
Ысмайыл Ғаспыралының жаңа оқу тәсілін насихаттау 
аясында  пайда  болып,  әрі  қарай  қазақ  жәдидшілдері  арқылы  кең 
құлаш  жайған  еді.  Жәдиттердің  оқу-ағарту  саласындағы  негізгі 
ұстанымдарының бірі – мұсылман мектептерінде балаларды жаңа 
бағдарлама  бойынша  оқыту.  Мысалы, 
араб  әліпбиі
н  үйреткенде, 
бұрынғыдай  әріп  құрастырушылық  тәсілмен  оқытпай,  дыбыс 
тәсілімен (әр әріпті белгіленетін дыбысына сай) оқыту. Жәдиттердің 

96
Ғұмар Қараш
пікірі  бойынша,  жаңа  тәсілді  пайдаланып,  әліпбиді  үйрену 
жеңілірек болғандықтан, халықтың көп бөлігі сауатты бола алады. 
Сондай-ақ  олар  білім  беру  жүйесінің  жалпы  көрінісіне, 
материалдық  жақтарына,  оқулықтары  мен  оқу  бағдарламаларына 
да түбегейлі өзгерістер енгізуді қолдаған болатын: мектептерде сәкі 
орындықтарды, тақталарды, карталарды т.б. қолдану және 
Қазан, 
Ыстамбұл
да  басып  шығарылған  жаңа  кітаптарды  пайдалану, 
балаларды  сыныптарға  бөлу,  ал  жалпы  оқу  уақытын  әр  түрлі 
сабақтарға ажырату. Оқу бағдарламасына да тарих, жағрапия сияқты 
академиялық  ғылымдар  енгізу  көзделді.  Шынында  да,  бұрынғы 
оқыту  тәсілі  бойынша  сауатын  ашу  үшін  үш  жыл  керек  болатын 
болса,  жаңа  тәсіл  бойынша  бір  жыл  жеткілікті  болған.  Осындай 
оқу тәсілін олар «
төте оқу
«, «төте жазу» деп атаған еді. Жәдиттер 
мектеп  жүйесін  еуропаша  түбегейлі  өзгерткісі  келгенмен,  екінші 
бір  қырынан,  білім  беру  тұрпатының  діни  негіздерін  де  сақтап 
қалғысы  келді.  Осылайша,  жәдиттер  дінді  еуропалық  арнадағы 
білім беруден бөлмеген, бірақ білім беру саласында да, кейін басқа 
тұрмыс салаларында діни ұстанымдар өзгерістерге түсе бастады. 
Жәдидизм  о  баста  Қырымда  туып,  Татарстанда  дамыған 
болатын.  Бұл  бағыт  исламшылдықтың  Ресей  мұсылмандары 
арасында қайта өркендеуімен бір уақытта басталып, қанат жайған 
еді. Сол себепті, екеуінің арасында ұқсастық аз емес. Панисламизм 
сияқты  жәдидизм  де  ұлттық  езгіге  қарсы  тұрды.  Жәдидшілік, 
біріншіден, панисламизммен мерзімі жағынан бір уақытта дүниеге 
келсе  де,  дербес  түрде  Ресей  топырағында  туды.  Екіншіден, 
оның  талап-тілек  мазмұны  Ресейдегі  мұсылман  халықтарының 
қажеттіліктерін қамтып жатты.
Жәдидтіктер ғылым-білімді озық мәдениет деп білді. Олардың 
қоғамдық өмірді уақыт талабына сай қайта құру жөніндегі талап-
тілегі  әлеуметтік-экономикалық,  отбасылық-тұрмыстық,  мәдени-
идеологиялық  қарым-қатынастарды  түгел  қамтып  жатты.  Атап 
айтқанда,  олар  әйелдер  теңдігін,  мәдени-ағарту  мекемелері 
жүйесін кеңейтуді, кітап, газет-журнал таратуды, ұлттық баспасөз 
бен  өнерді  дамытуды,  ана  тілінде  көркем  және  ғылыми  әдебиет 
шығаруды көтермелеп отыруды, халықтың әл-ауқатын жақсартып, 
тұрмыс жағдайын түзетуді күн тәртібіне қойды. 

97
2. Өмірге аттаныс пен өрлеу баспалдақтары
Жәдидшілдердің назары әсіресе жастар тәрбиесіне ауды. Олар 
оқу орындарын реформалауға күш салды. Осы мақсатта алдымен, 
медреселерде  дүниеәуи  пәндерді  енгізіп,  ана  тілі  мен  орыс  тілін 
оқытуға маңыз берді. Оқыту барысында жаңа әдістемелерді енгізді 
және санитарлық-гигиеналық мәселелерге көңіл бөлді. 
Жәдидизм идеологиясы дүниенің мәні мен мағынасын тануға 
ұмтылудағы  сезімдікті,  түйсікпен  қабылдауды,  ақылмен  ұғынуды 
біріктіруді қалады. Ағарту саласы бойынша, жәдидизмнің негізін 
салушылар  –  қырым  және  қазан  татарлары  мен  әзірбайжандар. 
Солардың  ішінде  жәдидизм  идеологиясын  қалыптастырушы  – 
Исмайл  Гаспринский.  Исмаил  Бек  Гаспыралы  1883  жылдың 
10 сәуірінен бастап, Бақшасарайда «Тәржіман» газетін шығарды. 
Бұл газет татар, қазақ, өзбек тағы басқа түркі халықтарының зиялы 
қауымының ойларына игі әсер еткен еді. Қазақ ғұламасы, философ, 
ақын, тарихшы Шәкәрім де оны өзінің Абайдан кейін екінші ұстазы 
ретінде санаған екен [82, 145 б.]. 
Тарихшылар  Ысмайыл  Ғаспыралыны  жәдитшілік  және 
түркі  тілдес  халықтарының  біріктіру  идеяларының  негізін 
қалаушыларының  бірі  деп  санайды.  Ысмайыл  Ғаспыралы, 
біріншіден, бұрынғы мұсылмандық білім беру жүйесін өзгерткісі 
келді.  Кейін,  тіпті  мұсылман  әлеміне  кейбір  өзгерістер  енгізіп, 
тұрмысын  жаңа  заманға  сай  бейімдеуге  де  ұмтылды.  Екіншіден, 
бүкіл  түркі  тілдес  халықтарын  біріктіріп,  түркі  әлемі  өркениетін 
дамытқысы  келді.  Ысмайыл  Ғаспыралының:  «Тілде,  пікірде,  істе 
бірлік» деген сөздері сол идеяларын қолдайтын қозғалыстың ұраны 
болып қалды.
Түркия мен Мысырдағы Шейх Мұхаммед Ғабдуху мен Шейх 
Жамаллидин  Әл-Афхани,  Үндістандағы  Мұхамед  Иқбалдардың 
реформаторлық  идеяларынан  басталған,  бұрынғы  үсіл  содиенің 
орнына дыбыс арқылы оқытатын үсіл мәдие (усул-и-жәдид) тәсілін 
Ресейдегі Қырым татары Исмайл Гаспринский, Қазан татары Рашид 
Ибрагимов қолдап, демеу көрсете отырып, мәдени-саяси құқыққа 
қол жеткізудің жөн-жобасын жасаған жаңашылдарға (жәдидшілер) 
айналды. Жалпы, сол заманда түрік әлемінде оқу-ағарту бағытына 
енген жаңашылдыққа көрсетілген қолдау кейіннен қазақ даласына 
да бойлай енді, оның қолдаушыларының бірі де – Ғұмар Қараш еді. 

98
Ғұмар Қараш
«Усул  жәдидті»  жаңа  оқу  әдісі  ретінде  түсінген  Н.  Манаев 
бұл жаңашылдықты мақұлдап, өзінің онымен үндес ойын «Қазақ» 
газеті  арқылы  білдіріп  отырды.  1915  жылғы  «Қазақ»  газетіндегі 
«Сол  жәдид  мәселесі»  атты  мақаласы  Н.  Манаевтың  қоғамдағы 
жаңашылдық-ағартушылық  қырын  танытқандай  болды.  Ол 
ғылымның дамуы, қоғамның өзгеруі, елдің ескілікте қалмай, заман 
ағымына  сай  алға  жылжуын,  халық  өресінің  биіктеп,  санасының 
өсуін армандайды: «Ғылым жолында кенже қалған біздің жұртқа 
осы  уақытта  «анау  –  сол  жәдид,  мынау  сол  қадым»  деп  тартыс 
қылмай, әйтеуір, оқыту қамын ойлау керек еді». Бірақ, ел ішінде 
ескі жолдан шыққысы келмей, білігі жетпейтін молдалар жәдидше 
оқытудан  гөрі,  қадымша  оқытуды  мақсат  еткен.  Алайда,  жаңа 
жолмен  дәріс  беріп  жатқан  жас  молдаларға  ескішілдердің  кері 
ықпалы да тиіп жатты. Сондықтан жоғары дәрежелі оқу орындарын 
бірте-бірте қазақ тіліне көшіргенде енді біздің қажетіміз жоқ екен, 
жәдидше оқытуды тек ахундардың фәтуаларынан көре аламыз деп, 
бұл  фәтуаға  құлақ  аспай  жүрген  молдалар  аз  болмады.  Осындай 
жағдайда Нұғыман Манаев: «Сол жәдидпен оқыту дұрыс деп фәтуа 
берген еді. Бұл турасында жазған бір кітап басылып қаралған да 
еді.  Ишан  Хазірет  фәтуасы  елдегі  мүриттердің  көкейіне  қонып, 
бұрынғы надандықтарын тастаса еді деп тілейміз», – деп өз ойын 
анық ұсынады.
Жаңа  жазу  мен  жаңа  оқуға  құштарлық,  әсіресе,  1905  жылғы 
революциядан кейін кеңірек қолдау таба бастады. Оның алғашқы 
жақтаушыларының бірі – А. Байтұрсынов болды. Бірақ ұлтын сүйген 
азамат сол кездегі әдеби тіл қалыптастырудағы «татаршылдыққа» 
дер  кезінде  қарсы  шығып,  қазақ  тілінің  төл  табиғатына  тән 
ерекшеліктеріне  сәйкестендірілген  дыбыстық  оқу  жүйесін,  араб 
алфавитіне негізделген қазақ алфавитін жасап шығарған еді.
Ендеше, Ғұмар Қараштың да білім берудегі ұстыны осындай 
шарттармен,  талаптармен,  қағидалармен,  заңдылықтармен 
келіп  ұштасып  жатты.  Сондықтан,  А.  Байтұрсынов,  Н.  Манаев 
сынды  ол  да,  ұлттық  құндылықтарды  алға  тарта  отырып,  жалпы 
жәдидшілдіктің қазақы нұсқасын таңдап, сол бойынша қызмет етті. 
Атап айтқанда, қазақ балаларының білім алуы, әдеби тілді қазақша 
қалыптастыру,  татар-башқұрт-орыс  тіліндегі  оқулықтардан  қазақ 

99
2. Өмірге аттаныс пен өрлеу баспалдақтары
мектептерінде бас тарту т.б. Оның ағартушылық және педагогтық 
қызметі  Қазан  төңкерісіне  дейін  де  жәдидтік  бағыттан  тыс  бола 
алмады, себебі, ол білім берудің бұл бағытын өзі қалауымен таңдап, 
білімі мен біліктілігі арқылы жетілдірген болатын. Ал Кеңес үкіметі 
орнай бастаған сәтте де, жәдидшілдік нұсқада білім беру жүйесіне 
баса назар аударып, бірте-бірте қолға алынып жатқан өзгерістерден 
де тыс қалмады. 
Әр  халықтың  ұлт  болып  ұюы  жолында  басым  міндеттердің 
ішінде халық ағарту мәселесі алдыңғы қатарда болуы шарт. Ал ХХ 
ғасырдың  бас  кезеңінде  халықтың  оқу-білімі  әлемдік  деңгеймен 
салыстырғанда біршама артта қалған күйде болатын. Жаңа өмірді 
ойлаған  Кеңес  үкіметінің  алға  қойған  үлкен  мақсаттарының  бірі 
–  халықтың  оқу-ағарту  саласына  көңіл  бөлу‚  оны  кешенді  түрде 
жолға қою. Ең алдымен, жалпыға бірдей білім беру жүйесін енгізу, 
оны  қаржыландыру  мәселесі  де  маңызды  түйткіл  ретінде  ұдайы 
басты  назарда  ұсталды.  Сондықтан,  осындай  түйткілдерді  қазақ 
зиялылары  бірлесе  отырып  шешу  қажеттігі,  күрделі  ахуаларды 
пікірлесіп отырып, талқылау керектігі туындады.
Осыған орай, 1918 жылғы 2-қыркүйекте Бөкей губерниясының 
мұғалімдер  съезі  ашылды.  Съездің  жұмысына  Ғұмар  Қараш 
та  белсене  араласты.  Съезде  ұлттық  мектептер,  мектептен  тыс 
мекемелер  жөнінде  мәселелер  талқыланды.  Ауылдарда  жаңадан 
90 мектеп ашу белгіленді
. Ішкі Орда мұғалімдерінің І съезі қырғыз 
(қазақ) комиссариатының өкілі М. Тұнғанчиннің сөзімен ашылған 
болатын.  Ол  өз  сөзінде  күні  біткен  патша  үкіметінің  халықты 
білімсіздік  қараңғылығында  ұстап  отыруы  отаршылдық  саясатқа 
орайластырылғанын  тілге  тиек  етті.  Осындай  қитұрқы  саясатқа 
сәйкес,  ғасыр  басында  ұлт  мектептері  түгілі,  орыс  мектептерінің 
өзі  аз  болған  еді.  Деректерге  жүгінсек,  ол  кездегі  ашылған 
мектептердің өзі оқу жұмысының ең төменгі талаптарына да жауап 
бере  алмады  [83].  Білім  беру  жүйесіндегі  мұндай  кемшіліктер 
мен  артта  қалушылықты  жоюды  басшылыққа  алған  съезд  қазақ 
зиялыларының белсенділігі мен батылдығын, білімділігі мен саяси 
біліктілігін талап етті. 
Съезге  44  мұғалімнен  басқа  халық  ағарту  комиссары  – 
С.  Меңдешов,  жерді  пайдалану  комиссары  –  Ш.  Бекмұханбетов 

100
Ғұмар Қараш
сияқты  беделді  тұлғалар  да  қатысты.  Съезд  М.Тұнғанчиннің 
сөзінен кейін төраға сайлауына көшті. Съезд төрағасы болып бір 
ауыздан  Ғабдулғазиз  Мұсағалиев,  орынбасары  Ғали  Бегалиев, 
хатшысы Қайырғали Қыдыралиев сайланды. Съезде ұлттық тәлім-
тәрбие,  оқу-ағарту  мәселесі  жөнінде  пікірлер  қозғалып,  съезд 
бағдарламасы мынадай мәселелер ауқымын қамтыған болатын: 
1)  ішкі  Ордадағы  ұлт  мектептері  және  оның  оқу-тәрбие 
жұмысы;
2) ішкі Орда мұғалімдеріне арналған қысқа мерзімді курстар-
ды ашу; 
3) курсқа қабылданатын адамдардың білім деңгейі
4) ұлт мектептерінің саны, олардың орны, құрылысы;
5) ұлт мектептерінің бағдарламасы
6) ұлт мектептерінің қарауындағы пансиондар; 
7) оқушыларды қабылдау
8) ішкі Орда мұғалімдерінің семинариясының ашылуы; 
9) мектептен тыс білім
10) мұғалімдер Одағының Жарғысын қайта қарау, кеңейту мен 
түзетулер енгізу; 
11) газет-журнал мен әдеби шығармаларды тарату; 
12) мұғалімдер съезін шақыру мерзімін белгілеу, т.б.
Қызу  талқылаудан  кейін  бұл  бағдарлама  съезде  қабылданды 
[83]. 
Батыс Қазақстан аумағында жергілікті 
мектептердің сол кезде 
50-60 жылдық тарихы бар болатын‚ маман мұғалімдердің де кәсіби 
ортасы  қалыптасып  келе  жатқан  болатын.  Алайда  уақыт  өзгерісі 
мен заман талабы бұрынғы жүйені өзгертуді қажет деп есептеді. 
Съезде мынадай резолюция қабылданды: 
1) Жалпыға бірдей оқуды енгізу мақсатында Ішкі Ордада ұлт 
мектептерін  ашу.  Оның  әр  мектебінде  50  баладан  болуы  керек, 
елге қызмет етуі үшін алдағы уақытта оның санын 90-ға жеткізу 
қажет. Сонымен қатар Қырғыз әскери комиссариаты бұған керекті 
қаржыны бөлу қажеттігі туралы да айтылды. 
2) Молдалар сабақ беретін мектеп үйлерінің бәрін Қырғыз ко-
миссариаты Бөкей бөліміне өткізу жолға қойылды.

101
2. Өмірге аттаныс пен өрлеу баспалдақтары
3) Жаңадан ашылатын ұлт мектептерінің құрылыс кестесін жа-
сауды  ерекше  комиссияға  тапсыру.  Комиссариат  мүшелері  болып 
С.Меңдешов, Бегалиев және Қыдыралиев сайланып, мектептің 50 
мұғаліміне арналған 6 апталық курстар ашу да көзделді. 
Бұл  курсқа  2  кластық  училищелік  білімі  бар  адамдар  да 
болашақта  мұғалімдікті  таңдау  шартымен  қабылдана  алатын 
болды. Курстар қыркүйек айының 23-нен қалмай ашылуы керек деп 
белгіленді. Курстардың мезгілімен ашылуы, лекторларды шақыру 
жұмысы Бөкей Ордасының Қырғыз комиссарына тапсырылды.
Ордада  жаңадан  ашылатын  мектептер  үшін  төрт  адамнан 
тұратын  комиссия  мүшелері  сайланып,  оларға  бағдарлама 
құрастырып,  сол  негізде  оқулықтар  жасау  тапсырылды.  Қазақ 
даласы  тұрғындары  бір  жерге  шоғырланбай,  бір-бірінен  алшақ 
орналасқандықтан, оқушылардың басын қосатын мектеп жанынан 
интернаттар ашылу керектігі де маңызды мәселе ретінде көтерілді. 
Сол  кездегі  Ордадағы  ұстаздардың  аздығын  ескере  отырып,  оқу 
орындарына  сабақ  беретін  адамдарды  дайындайтын  мұғалімдер 
семинариясын ашу да көзделген болатын [83]. 
Яғни, бұл съезде оқушыларға тек білім беру мәселесін көтеріп 
қана  қоймай,  олардың  әлеуметтік  жағдайларын  ойластырғаны  да 
байқалады. Оның бір дәлелі – білім беру орындарында интернаттар 
жасақтау мәселесінің жолға қойылуы еді. Мұның өзі – ғасыр басында 
ағарту саласында еңбек еткендердің білімді ұрпақ қалыптастыруға 
жаңаша  тың  көзқараста  болғандығының  айқын  мысалы.  Бұл  игі 
шаралар  жалпы  Қазақстандық  шеңберде  өріс  алмағанымен,  өз 
кезеңінде  ұлттық  мектепті  қалыптастыруда,  оны  өркендетуде 
бастамашы болып, заманға сай соны сүрлеу қалыптастырғаны аян.
Одан  кейін  екінші  мәжіліс  Ғ.  Мұсағалиевтің  бастауымен 
4-қазанда  сағат  18-де  ашылды.  Съездің  екінші  мәжілісінде  осы 
ұлт  мектептеріне  дәріс  беретін  сапалы  мамандарды  даярлау 
күн  тәртібіне  қойылған  болатын.  Мұғалімдердің  қажетті  санын 
қамтамасыз  етумен  қатар,  олардың  педагогикалық‚  ғылыми 
тұрғыдан  дайындығының  мол  болуы,  сөйтіп,  білім  сапасын 
артыру да негізгі мақсаттардың бірі ретінде бекітілді. Мектептен 
тыс білім алу туралы мәселе талқыланып, мынадай ағартушылық 
істерді  атқару  мен  халыққа  қызмет  көрсететін  мәдени  ошақтар 

102
Ғұмар Қараш
ашу  көзделді:  көшпелі  30  кітапхана  ашу;  даланы  шартты  түрде 
жеті бөлікке бөліп, соған сәйкес, жалпы білім беретін және ауыл 
аралық  деңгейде  жеті  дәрісші  тағайындау;  көрнекті  құрал  үшін 
екі  көшпелі  киноматография  шығару;  ересектер  үшін  Бөкей 
Ордасының  төрт  поселкесінде  курстар  ашу;  тек  балаларды  ғана 
емес, сауатсыз ересектерді де оқытуға міндеттеу [83]. Материалдық 
қажеттіліктерге  байланысты  қаржы  мәселесін  шешу  үшін 
сарапшылар  тобы  құрылып,  оған  Ғұмар  Қарашев,  Иса  Қасымов, 
Нұрмұхамед Шығыров, Ізбасар Камалов сайланды. 
Мұрағат  деректері  қазақ  мектебінің  ғана  емес,  қазақ  пен 
орыстың  саяси-мәдени  байланысының  көшпенді  халық  үшін 
қалай  болғандығынан  мәлімет  беріп,  тарих  қатпарларын  ашады. 
Бұл  жай  ғана  мұғалімдер  съезі  аталғанымен,  ол  сол  кезеңдегі 
қоғамның  күрделі  мәселелерін  ойластырып,  оны  шешу  жолын 
ұйымдастырып, болашаққа өзіндік жол көрсете білген ұжымдасқан 
шара  болатын.  Жалпыға  бірдей  білім  беру  саясатын  қолдай 
отырып,  оны  көшпелі  қоғамда  іске  асырудың  тетіктерін  таба 
білу  де  біліктілік  пен  тәжірибені  қажет  ететіндігі  сөзсіз.  Ол 
тетікті  іске  асыру  да  оңай  шара  емес  екені  белгілі,  шынында, 
бұл  күрделі  жүйеге  бағындырылатындығын,  толық  сауаттандыру 
көпшіліктің тарапынан қолдау тапқанда ғана нәтижелі болатынын 
ұлт  зиялылары  халыққа  түсіндірді.  Сондықтан  мұғалімдер 
даярлаудың  қысқа  мерзімдік  курстарын  ашу  арқылы  мамандар 
жетіспеушілігін азайтпақ болған әрекеттердің түп негізі халықты 
жаппай білімдендіруге ұмтылыс болатын.
Дала  халқын  қажетті  оқулықтармен,  газет-журналдармен, 
әдебиеттермен қамтамасыз ету үшін көшпелі отыз кітапхана ашу және 
оқудың  көрнекілігі  үшін  екі  көшпелі  киноматография  жасақтауды 
қолға алу сияқты игі шаралар – Ғұмар Қараш сияқты өз ұлтына шын 
жаны ашыған Алаш азаматтарының ғана іс-әрекеттері еді. 
Бұл  отырыста  ел  арасына  шығып,  халықты  білімділікке 
насихаттау,  олардың  орыс  мәдениетімен  үндес  бола  білуге 
бағытталған  үгіт  жұмыстарын  жүргізу  туралы  да  айтылған 
еді.  Сонымен  қатар  мектептерде  оқу-тәрбие  үрдісі  өз  мәнінде 
жүргізілуі  үшін  мектептің  материалдық  тұрғыдан  барынша 
толық  жабдықталуына  да,  оқу  және  әдістемелік  құралдармен, 

103

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет