Ғұмар Қараш
Біз бір сондай ел едік
Күні бүгін болғанда,
Жұрдай болып жүр едік.
Айрылып тегіс қолдағы,
Бақ дәулеттен ілінген
[2, 75-76 бб.].
Осындай өткен заманның шынайы келбетін сипаттаған ақын
келесі кезекте, сол дәуірдегі тұтас бейнені толғайды. Бірақ оны Зар
заман ақындары тәрізді, ақыр заман ретінде емес, «азған заман»
түрінде бейнелейді:
Замана азған шағында
Түрлі де, түрлі күй болды,
Құлдан туған би болды
....................................
Замана азған шағында
Мұндай да, мұндай хал болды
Ел ағасы паң болды.
Адалдық, ақтық білмейді,
Ары, діні мал болды.
Елге намыс келтірді
..............................
Алым, пара аңы үшін
Халқын сатты құл етті,
Жәбір жапа мол етті
[2, 79-80 бб.].
Дулат Бабатайұлы да кезінде дәл осы сарындас ойларын
толғап, оны сезімдік тұрғыдан терең байыптаған еді: «Мынау азған
заманда, Қарасы – антқор, ханы – арам, Батыры көксер басы аман,
Бәйбіше – тантық, бай – сараң, Бозбаласы – бошалаң, Қырсыға
туды қыз балаң, Нары – жалқау, кер табан» [88, 198 б.].
Бірақ зар заман ақындарының ой жүйесіндегі толғаныстар
мен Ғұмар Қараштың идеяларын салыстырып қарасақ, «Баяғыда-
ақ ХV–ХVІ ғасырдың басында халық азып бара жатыр еді, енді
ХХ ғасырдың басында да әлі солай, дегенмен, ешнәрсе өзгерген
жоқ, халық жойылған жоқ, бүгінгі күнге дейін аман-сау жеттік,
шүкір өмір сүріп жатырмыз ғой, халық азды, ел азды дегеннің өзі
139
3. Пайымды ойтолғамдар
әлеуметтік миф емес пе екен» деген сияқты сауал тастай отырып,
оның жауабын да осыдан таба аламыз.
Зар заман ақындарында хандық дәуір қайта оралуы тиіс, халық
пен елде адамгершілік пен дәстүршілдік жол сақталуы керек деген
сияқты пікірлер айтылса, Ғұмар Қарашта қазақты бұл кеселдерден
құтқаратын алдымен, ілім-білім, одан соң жаман әдеттерден арылу,
бірлік пен ынтымақтастық салтанат құруы қажет деген нұсқа
жырланады. Шындығында, қазіргі біздің жеткен жетістіктеріміз
– осы Ғұмар Қараш және сол сияқты замандас ғұламалар айтып
кеткен жолдың сұлбасы ғана емес, нақ өзі десе де болады.
Білімсіз надан болған соң,
Бір тиындық пұлың жоқ
Білімсіз халық ел болмас,
Болған елмен тең болмас, –
деп толғаған ойшыл, ел ішіндегі керітартпа әдеттерді де сынайды,
одан арылуға шақырады:
Бізге біткен ағалар
Балаларға бас болып,
Ойын ойнап, ішкі ішер
[2, 83 б.] .
Зар заманшылдар орыс отаршылдығын айыптайды, халқының
еркіндігі мен азаттығын тежеп тұрған басты күшті көрсете отырып,
оған өзінің шынайы бағасын береді, осындай аласапыран заманды
ол «ақыр заманның» бір көрінісі ретінде немесе одан кем түспейтін
кері кету ретінде түйсінеді. Осындай дәуірдің туатындығын
алдын-ала сезінбегендік, болашақ туралы нақты болжаулардың
болмағандығын, қауіп-қатерді алыстан аңдамағандығын да
өкінішпен жырлайды: «Күнбатысқа көз салмай, Күншығысты еске
алмай, Бізді алатын жау жоқ деп, Алды-артыңды байқамай, «Маған
не бар» дескенсің».
Олар Елдің отаршылдыққа еніп келе жатырған үдерісінен
халқының азаттық сүйгіш рухының өшіп бара жатырғандығын,
еркіндік сананың өшуге таяп қалғандығын үмітсіздікпен қайғыра
140
Ғұмар Қараш
жырлайды: «Аяғын буған қойға ұсап, Мойнын ұсынып беріліп, Қол
созбайды азатқа».
Ғұмар Қараш заманында мұндай жайттар айтпаса да өздігінен
түсінікті болғандықтан, ол нақты шешімдер ұсынуы тиіс еді.
Сондықтан, заман туралы оның жырлары кей сәттерде, ішкі
зар жылаған толғаныс пен халқына деген аяушылық сезіммен
өрнектелсе, кей тұстарда, үгіт-насихат пен ақыл-кеңестерді
ұсынумен шешімін табады. Бірақ ол өзінің ақылына құлақ
түріп отырған халқы мен ел билеушілері жоқ екендігіне тағы да
қынжылады. Ең соңында тіпті, ол тәңірге жалбарынады және өзінің
бата типтес толғауларын былайша тиянақтап жібереді:
Жарық көрсе игі еді,
Кейінгі бағлан қозымыз.
Жойылмаса игі еді,
Арттағы қалған сөзіміз.
Құдіретті күшті құдайым
Мен жылаймын, сұраймын.
Құлдарыңа бұл ғаріп.
Бақ дәулетін нәсіп ет
Ғазезілдей залымды,
Қатыстырма, қашық ет.
.....................................
Жақсылардың ақ жолын,
Шаң бастырма, ашық ет.
Жамандардың қаруын
Өтпес, тіпті жасық ет
[2, 84–85 бб.].
Бұл жердегі Ғұмар Қараштың Аллаға жалбарынуы, одан
тілек тілеуі, халқына игі ниет пен шапағат сұрауы, шындығында
да, елі үшін қатты қиналғандықтың белгісін білдіреді. Себебі,
Аллаға жалбарынған көптеген адамдар пендешілдікпен өздерінің
ғана денсаулығын тілейді, бақ-дәулеті мен тұрмыс жағдайын
жақсартуды сұрайды, қала берді туысқандарының амандығы үшін
бас ұрады. Ал ойшыл бүкіл халқы үшін, ел үшін жалбарынады.
Ол жорық алдындағы жеңісті, адам қаны мен жазалау сияқты
қатал шараларды тілеп тұрған жоқ. Оның тілектері ешбір басқа
141
3. Пайымды ойтолғамдар
халыққа, өз еліндегі ешбір пендеге де зияны тимейтін таза адал
ниетті жалбарыну толғаулары. Сонымен қатар аспаннан түсер,
Көктен Құдай берер бақ-дәулетті де емес, ілім-білім игеру,
надандықтан арылуы арқылы таза еңбекпен келетін шын ниетті
тілектестікті қалайды. Бастапқыда туған халқына сөзі өтпеген
Ғұмар Қараш бұл тұста да жалғызсырайды, сондықтан да дінге
сенгендіктен Аллаға келіп жалбарынады. Ол өзіне бедел жинау
үшін «әйтеуір жалбарынып айттым болды, ниетім таза, орындалса
да, орындалмаса да бәрібір» деген сияқты (мұндай ойлар бүгінгі
күні кездесіп қалатын көріністер екендігі жасырын емес) пиғылдан
мүлде ада, «Құдіретті күшті құдайым, Мен жылаймын, сұраймын»
деп шын кең пейілін тұтастай паш етеді, саф көңілімен ағынан
жарылады.
Бұл заман туралы арнайы айтылған толғау – бірнеше бөлімнен
құралған. Зар заман ақындарының мәнерінде, Асан қайғының
заман мектебінің негізінде, Жыраулық дәстүрдің әдісінде жазылған,
бата берудің ой орамын да қамтып өткен, Абайдың сыншылдық
мазмұнын назардан тыс қалдырмаған бұл өлең жолдарының терең
мағынасы бүгінгі күні де өзінің маңызын жоймаған әлеуметтік
философиялық ұстанымдар болып табылады.
Ол өзінің «Әлай ма, Алаш» деген туындысында заман туралы
толғана келе, былайша ой сабақтауы:
Асан Қайғы атамыз,
Айтқан екен бұрын да
«Замана азар шағында
Әуел бастан су құрыр
Су құрыса ну құрыр» –
немесе келесі кезекте: «Әбубәкір айтқандай, Ханымыз болды қарадан»,
– деп ойтолғауы [2, 95 б.] Ғұмар Қараштың Әбубәкір, Шортанбай,
Дулат, Мұрат ақындар сияқты Асан қайғы мектебінің өкілі екендігін,
оны заманына сай дамытушы болғандығын айғақтап береді. (Мұндай
сарындағы ақындар қазір де жоқ емес). Ғұмар Қараштың ақындық
дүниетанымын сараптаған Б. Тайырованың мынадай қорытындысы
да осы тарихи-рухани сабақтастықты дәйектей түседі: «Ойшылдың
142
Ғұмар Қараш
дүниетанымынан аңғаратынымыз Асан қайғыдан басталған хан, би,
сұлтандардың дүниетанымына ерекше мән берген, әрі оны келер
ұрпаққа ұстанған ұстанымын, атқарған міндеттерін, ерліктерін үлгі
өнеге ретінде ұсынып отыр» [4, 18 б.].
Бұл тұста шегініс жасасақ, жоғарыдағы Асан қайғының
«су құриды» деп отырғаны, әрине бүгінгі күнгі әлемді және
Қазақстанды да алаңдатып отырған тұщы судың қоры және оған
байланысты орман қорының да азайып бара жатқандығы болып
отыр. Осыны 550 жылдай бұрын болжаған Асан Қайғы бұл идеясын
ешкімнен де көшірмегендігіне күмән келтірмейтін болсақ, онда
оның көріпкелдігіне (футурологиясына) сенбеске лаж жоқ.
Жоғарыда атап өткендей, Ғұмар Қараштың заман туралы
философиялық толғанысының екінші бір нұсқасы «Әлай ма,
Алаш» деп аталатын туындысымен берілген. Мұнда да ақын
өзіндік қисынмен әуелі өткен заманды толғайды және оны жүйемен
былайша тізбектейді. Бірінші – «Жер сипатын сұрасаң, бетеге боз
бар еді, Жусаған құлын жасырған, Қызыл изен боз жусан, Баланың
асқан басынан...», – деп кеңістікке байланысты Қазақ елінің жерін
және оның таза табиғи экологиялық келбетін тамасана жырлайды,
екінші – «Су сипатын сұрасаң, Еділ, Жайық су еді. Жағасы қалың
ну еді, Күмістей таза сулары, Өзен, сала бар еді...», – деп тіршілік
көзі – су мен адам арасындағы үйлесімділікті көркемдік тұрғыдан
бейнелеп береді. Яғни, қазақ дүниетанымындағы қасиетті Жер-
Су құрылымы бойынша, архетиптің оянумен: әуелі Жерді, содан
соң Суды сипаттап отырғандығын аңғарамыз. Одан соң, әрі қарай
қоғамдық құрылыс тұрғысынан сөздерін сабақтап, әрбіреуінің
сол дәуірлердегі шынайы болмысы мен мағынасын ашып береді.
Хан, би, бай сияқты тұлғалардың елі мен халқы үшін қаншалықты
еңбек сіңіргендігін және солай болуға тиісті жауапкершіліктерді
арқалағандығын паш етеді. Мысалы:
Хан дегенде қазағым
Білемісің кім еді?
Жаһанға жарық нұр берген
Мысалы оның күн еді.
...................................
143
3. Пайымды ойтолғамдар
Алтын тақтың үстінде
Олар хандық сүргенде,
Қой үстіне бозторғай
Жұмыртқа салып тұр еді, –
деп, ханның алтын таққа әбден лайық тұлға болғандығын,
сондықтан да халық оны ақ киіздің үстіне орап көтеріп, «Ханда
қырық кісінің ақылы бар», «Хан баласы ақсүйек» т.б. шын ниетті
мадақтаулармен айбаттандырғандығын еске түсіреді. Әрине,
бұл мадақтау жағымпаздықтан немесе қорыққандықтан емес,
бейбіт-мамыражай, дәулетті-сәулетті өмірді халқына қамтамасыз
еткендіктен, шын пейілмен асқақтатқан. Ғұмар Қараштың ол
заманды «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманға» келіп
теңеуі де, жоғарыда атап өткендей, Асан Қайғы мектебінің түп
идеясы екендігіне байланысты болып шығады. Әрі қарай ойшыл
билер хақында толғана келе, байлардың шын болмысын былайша
ашып береді:
Жомарт байлар бар еді.
Құдайы қонақ кез келсе,
Қой орнына тай сойып,
Қол қусырып сыйлаған.
Мұқтажға берген қарызын
Тығыздап сұрап жимаған.
Дәулеті артық сонда да
Тоғайға малы сыймаған
[2, 93 б.].
Одан әрі қарай ақын сол кездегі заманның кейпінің құлдырай
бастағандығы туралы тағы да ұзақ толғанады. Осы толғаныстар
арқылы өзінің күйініші мен өкінішін терең ой иірімдерімен келіп
сипаттайды. Сол сипаттамаларының көпшілігі бүгінгі заманға
да лайықталған сыңайлы немесе біз әлі күнге дейін Ғұмар Қараш
заманынан
әлеуметтік-құқықтық,
қылмыстық-адамгершілік
деңгейіміз бойынша (саяси-экономикалық емес) ұзай қоймағандай
боламыз. Мысалы, бұған мына жолдар дәлел бола алады: «Кім берсе
пара молырақ, Соның ісі оң болды. Бермегеннің лебізі, Оң болса да,
соң болды. Ғаріп адам сөзіне, Қайырылып та қарамас» [2, 96 б.].
144
Ғұмар Қараш
Ғұмар ақынның бұл жердегі философиялық ой машығының
өзіндік ерекшеліктері: заманның келбетін тұтастай көре білу, оны
әсерлі етіп, өлең жолдарымен беру және жастарға өсиет қалдырумен
жалғасын тапқан. Жалпы заман туралы толғаныстарда кездесе
бермейтін қоғамның кемшін тұстарын тізбектеп беру тәсілі Ғұмар
Қараштың осы туындысында да толық қамтылған. Әрбір қоғамның
ілгерішіл-жағымды және керітартпа-жағымсыз құбылыстары қатар
жүріп отырады. Себебі, таза абсолютті құлдыраған қоғам болмайды
және керісінше.
Дәуір тынысы туралы қазақтардағы дәстүрлі пессимистік
тебіреністерде заманның игілікті қырлары айтылмауы тиіс, ол тек
сын мен шыңдаудан құралуы керек. Осыған орай, Ғұмар ақын да
Абай жолымен «қазақ қоғамының әлеуметтік сыншысы» ретінде
заманның кемшіліктері мен адасушылық жақтарын тізбектеп
береді де, одан құтылудың жолдарын дидактикалық сарында
ұсынады. Бұл дидактикалық сарын көне замандардан жалғасқан
термелер мәнерінде (стилінде) өрнектеледі. Бір қарағанда,
мұндай дидактикалар тәлімгерлік-тәрбиелік (педагогикалық)
мақсатта құрылғандықтан, оның әдіс-тәсілдерін және халықтық
педагогиканың әдіснамасын кеңінен қолданады деп айта аламыз.
Біздіңше, бірінші тәсіл терменің, дидактикалық толғаулардың
қайталамалылығы арқылы ұрпақтарға әсер ету түрінде
қолданылады, екіншіден, ол жолдар терең мағынадан гөрі баршаға
түсінікті түрде құрылуы керек, үшіншіден, тілдің әсерлілігі мен
әдемілігіне, жалпы айтқанда, эстетикасына зор мән берілуі тиіс.
Тарихи тәжірибемізде пайдаланылатын осы тәсілдер Ғұмар
Қараштың бұл туындысында да іске қосылады. Мысалы, ол ілім-
білімге шақыруды бір ғана емес, бірнеше жерде қайталап отырады
және оқырманды жалықтырмау мақсатында қатарынан, үздіксіз
емес, сөз орайына ыңғайлап реті келгенде толғайды және оны тіл
мен шешендікке байланысты әр түрлі ой құрылымдарымен келіп
орайластырады. Бірде ол надандықтан арылу болса, келесі бір
жерде ілім-білімге үндеу, ал келесі бір жерде өзгеден жирендіру
немесе басқаларға еліктіру тәсілімен келіп үндеседі. Мысалы;
«Заманымның шағында, Надандықтан балалап, Сөлерген бір жол
туды» немесе «Заманның бұ кезінде, Өнер, ғылым құралы, Тиіс-ақ еді
145
3. Пайымды ойтолғамдар
емес пе, Қара қазақ ұлына?!», – десе, келесі бір жерде: «Санасыздар
көңілі шат, Бұл күйінде көңлі тоқ», – деп орайластырады.
Осы тұста Ғұмар Қараштың ағартушылық философиясы
туындайды. Бұл идея – ақынның тұтас көзқарастарындағы,
дүниетанымындағы, ұстанған өмірлік қағидасындағы, саяси-
әлеуметтік қызметіндегі, өзінің де алға қойған мақсатындағы ең
маңызды арман-мұраты болып табылады. Ол – қазақ қоғамының
артта қалуының бірден-бір кемшін тұсы осы надандықта деп біледі.
Шындап келгенде, мұндай ахуал бүгінгі күні де аса маңызды мәселе,
бірақ әрине, надандық пен сауатсыздықты жою мақсатында емес,
білімділікті одан әрі дамыту, интеллектуальді ұлт қалыптастыру,
шет елдермен тәжірибелер алмасу, инновациялық білім беру
сияқты арналарда жоғары сапада қайталанып (шығыршықты даму
бойынша), өрбіп келеді. Себебі, Ғұмар Қараш сынды сол дәуірдегі
ағартушылар бүгінгі Қазақстанды осындай білімділік деңгейіне
көтеруде мол еңбек сіңірді, қазіргі таңдағы интеллектуальдік ұлт
болып жаңару бағытымызға рухани алғышарттар жасап берді десе
де болады.
Ол өзінің ағартушылық философиясында тек абстрактілі
тұжырымдамаларды ұсынудан гөрі, қойылған мәселені қалай
шешу керектігі туралы нақты істерге қарай ойысады. Сондықтан,
оның ағартушылық философиясы саяси-әлеуметтік қызметтерге
қарай бет түзейді. Бұл мәселеде ол айтарлықтай нәтижелерге жетті
деп те айта аламыз. Бірақ Ғұмар Қараш тек қана әрекет емес, кез-
келген істің теориясы болатындығы тәрізді, өзінің таңдап алған
осы жолының негіздемелерін де жобалап құрып алды.
Біріншісі, ағартушылық идеология болды. Ағартушылық идея
(идеология) ілім-білімге шақыра отырып, оған бөгет болатын,
кесел келтіретін қоғамдағы ахуалдарды тауып, олармен күресуді
де мақсат етті. Оның ойынша, сол дәуірдегі қазақ қоғамындағы
басты кедергілер: «Ұйқышылдық», діни дүмшелік, жалқаулық,
қазақы діл мен керітартпа ғұрыптар т.б. сияқты ішкі әсерлер
мен отаршылдық, халықтың жағдайын нашарлататын сыртқы
қысымшылдық, оқу орындарының аздығы т.б. Сондықтан,
ойшыл осы әсерлермен күрес барысында өзінің ақыл-ойын сарп
етті, бәрімен де ашық күреске шықты, тіпті, көп ешкім батылы
146
Ғұмар Қараш
бара бермейтін дүмшелікпен күрес жүргізуге дейін барды. Ол
осындай басшылыққа алған әдіснамаларымен қатар өзіндік бір
психотехникалық-педагогикалық әдістерді қолданды деп те айта
аламыз: дидактика, қызықтырушылық т.б. Мысалы, ақын ата-
ананы да, жас ұрпақтарды да ілім-білімге құлшындыру мақсатында
ынтықтыру, қызықтыру тәсілдерін кеңінен пайдаланды. «Шәкірт»
атты өлеңінің мазмұнында жас жігіттің өнер-білім алу үшін туған
елінен жыраққа аттанып кеткендігі, баласын ата-анасының сарыға
күткендігі, ақыр соңында елге білім алып қайтқандығы көркемдік
тілмен нақышталады және оптимистік мазмұнмен көмкеріледі.
Сонымен қатар, бұл өлеңінде ілім іздеуші жас ұрпақтың оқудағы
мақсаты мен білімге деген құштарлығы, құрбы-құрдастырынан
көш ілгері кетуі тиіс екендігі туралы да сөз болады:
Ойындағы мүддесі,
Асық ойнап, доп соққан,
Құрбы менен құрдастан,
Озат шығып кетпекке.
.......................................
Еңбектеніп тапқанын
Қайтып келіп баяғы
Құрбы менен құрдастың,
Миларына екпекке.
Бұл көрініс те бүгінгі қазақ жастарының басынан өткеріп
жүрген және өткеруі тиіс құбылыс. Ол күнделікті өмірімізде сәт
сайын қайталанатын үрдіс. Сөйтіп, баланың амандығын тілеген ата-
ана, білім алған жас ұрпақтың өзі бұл туындыда өз мақсаттарына
жетеді:
«Қарағым аман келді» деп,
«Бар мұратым болды» деп,
«Арманым енді толды» деп,
Қолдарын жайды, бата етті.
Бұл өлең сол дәуірде ұрпақ өсіріп, «балам білімді азамат болса
екен» деген ата-аналарға және «өзім оқысам екен» деген жастарға
147
3. Пайымды ойтолғамдар
үлгі боларлық өмірлік нұсқалардың ағартушылыққа бетбұрған
нақты көрінісі. Аталған толғау, шындығында, сол дәуірлерде
қаншама адамға белгілі бір деңгейде ықпал еткендігін ескерсек,
Ғұмар Қараштың ағартушылық саладағы насихаттық тәсілдерінің
ұтымдылығына көз жеткізе аламыз. Себебі, туынды қара сөзбен
емес, өлең жолдарымен жеткізілгендіктен, қазақ халқы оны оқуға да,
оқиға мазмұнына елігуге де құштар болатындығы сөзсіз. Көркемдік
тілмен айтсақ, Қараш кезінде қозғап итеріп жіберген «білімге деген
ынтызарлық сезім поезы» бүгінге дейін әлі тоқтамай келе жатыр
десе де болады: «үміттенген ата-ана – білімге ұмтылған ұрпақ».
Ғұмар Қараштың ғақлияттылық танымының аясы өте кең. Ол
жалпы философиялық ой кешу талабымен салыстырғанда жастай
өмірден кетсе де, сан-салалы мәселелерді толғаған ғұлама. Соның
бірі – адамзат тіршілігі мен жеке адамның ғарыштағы орны мен
өмірдің мағынасы туралы тебіреніске арналған терең философиялық
пайымдауларға алып келетін, батыстық философиядан артық
болмаса, еш кем түспейтін еңбектерінің бірі – «Хиял, Хақиқат» деп
аталады. Автордың бұл еңбегі таза батыстық кәсіби философия мен
ұлттық танымды біріктіру бойынша құрылған немесе халқымыздың
байыпты дүниетанымының батыстық нұсқалар да мойындайтын
озық үлгісі деп бағалай аламыз.
Бұл тұста, әуелі туындының атауына көңіл аударсақ, оның
негізгі айтайын деген идеясының жобасы белгілі болады. «Хиял»
сөзі таза қазақша мағынада бүгінгі күні қолданылатын «Қиял»
ұғымына сәйкес келсе, «Хақиқаттың» – Ақиқат екендігі түсінікті.
Ендеше, Қиял мен Ақиқаттың арабайланысы мен адасу,
объективті шындық пен субъективті шындық, иллюзия мен мән
сияқты ұғымдық аппараттар талдау барысында өздігінен туындап
шығады. Міне, ақынның қозғап отырған мәселесі де осы. Мұнда
адамзат тіршілігі мен жеке адамның өзін әлемде бір кереметтей
сезінуі, ал шын мәнінде шексіз ғалам алдында түкке тұрғысыз
екендігі туралы ойтолғамдар көркемделіп, поэтикалық тілмен
толғанылады. Философиялық лирикалық туынды болғандықтан,
бұл өлеңде оқиға жоқ, дегенмен, автор кіріспесін былайша ашады:
«Жаздықтың жай бір шағында, Жердің жүзі көгеріп, Көрік берген
уағында, Жатыр едім бір түні, Сақырада салқындап, Жоғары
148
Ғұмар Қараш
аспан жүзінде, Сансыз жұлдыз көрінді, Сап күмістей жалтылдап»
[2, 115 б.].
Бұл қазақ дүниетанымындағы эстетикалық пайымдау бойынша
ұғынылатын даланың философиясына келіп тоғысады. Қазақ
халқының байырғы түркілік дәуірден бері жалғасын тапқан басты
құндылықтарының бірі, ұлттық іргетасының материалдық негізі,
түптеп келгенде, тұтастай тарихи болмысының алғышарты – оның
мекен еткен кеңістігі болып табылады. Бұл – жай ғана физикалық
координат, географиялық аймақ, меңгерусіз ландшафт, меңіреулік
жайлаған қу жапан емес, тұтас «дала философиясын» (даладағы
философия емес, сол дала туралы философия) қалыптастырған,
ұлтпен үндескен, руханилық пен материалдылықтың бірлігіндегі
табиғи құбылыс. Себебі, таза өмірмәнділік тұрғыдан алғанда, Дала
– көшпелінің тұрмысымен біте қайнасқан, тұтасқан, өмір сүру
алаңы ретінде бүкіл тіршілігін жандандыратын оның болмысының
маңызды бір бөлшегіне айналғандықтан, өзінің тұңғиық сырын
ішіне бүгіп жатқан философиялық пайымдаудың объектісі болып
табылады.
Ал бұл жердегі эстетикалық қыр – далаға деген сезімдік-
сенімдік танымның іргетасын қалыптастырған, табиғат сұлулығына
тамсану арқылы өзінің ықшам ғарыштық (микрокосмдық) үлгісін
қайталап таныған ой ағымынан туындайды. Бұл – біріншіден,
өзінің «кіндік қаны тамған» мекенінен бастау алып, тұтас елінің
аймағына дейінгі кеңістікті қамтитын «отан» ұғымына тоғысатын
туған жеріне деген сүйіспеншілікпен астасып жатыр. Екіншіден,
даланың осындай әрбір көрінісі мен бөлшегінің тылсымдығын,
бағалылығын, қастерлілігін түйсінудің нәтижесі сұлулыққа
тамсанудың тұңғиық сезімін оятуға келіп сайып отырған.
Ұлттық діліміздегі далаға деген аксиологиялық қатынас – оны
құрметтеушілік, қастерлеушілік, тылсымдығы мен құпиялылығын
паш етушілік сезімдерінен анық байқалады. Жоғарыда көрсетілген
далаға деген құрметтеушіліктің мәдени-діни негіздері ата-баба
жерленген кеңістіктің «таразыланбайтындай ішкі бұйырылған
стереотиптермен» қастерленуі тиіс болып шартталғандығымен
астасып жатыр: дала сөз жоқ қастерленуі тиіс –үзілді-кесілді бұйрық
(императив). Ендеше, дала философиясының аксиологиялық қыры,
149
Достарыңызбен бөлісу: |