2. Өмірге аттаныс пен өрлеу баспалдақтары
әдебиеттермен жеткілікті түрде қамтамасыз етілуіне де ерекше
назар аударылды. Өткен ғасырдың 19-20-жылдары қазақ тіліндегі
оқу құралдардың өзін айтпағанда, көркем шығармалар да өте аз
болатын. Қолда бар оқулықтар мен әдебиеттер сол кездегі оқушы
сұранысына толықтай жауап бере алмайтын. Сондықтан орыс
мектептері орыс тілді оқулықтарды қолданса‚ қазақ мектептері татар-
башқұрт тіліндегі оқулықтарды пайдалануға мәжбүр болды. Мұндай
кемшіліктерді жою мақсатында съезд мынадай тоқтамдарға келді:
1) Мұғалімдер одағы жарғысын қайта қарау қажеттігі
мәселесінің туындауына байланысты, оған толықтырулар мен
түзетулер енгізуді мұғалімдер одағын басқару комиссариатына тапсыру.
Оның талқылануы мен бекітілуін мұғалімдердің ІІ съезіне қалдыру.
2) Қазақ тіліндегі әдеби шығармалардың насихаты үшін
мұғалімдер одағы жанынан екі апталық мерзімді журнал шығару.
Оқулықтарды бастыру, әдеби шығармалардың таралуы және педагоги-
калық журналдар шығару ісінде Орталық Қырғыз комиссариаты
арнайы бір баспаханамен қамтамасыз етуді өз міндетіне алды.
Бұдан кейін қазақ ағартушылары мен мұғалімдері білім беру
саласын одан әрі өркендетуге, бірінші съезде көтерілген мәселелерді
шешуге белсене кірісіп, ұжымдасып әрекет етумен болды. 1918–
1919 жылдың қыс мезгілінде жәдит мұғалімдер тобы – Ғұмар
Қараш, Иманғали Меңдіханов, Ғабдол-Ғазиз Мұсағалиев, Нұғман
Манаев, Бисен Жәнекешов, Ғабдығали Сұлтанов, Халел Есенбаев,
Тамимдар Сафиев, Ғани Бегалиев, Ғабдолла Мұқашев, Дәуіт
Мұқашев, Ғабдол-Ғафар Мырзалиевтер «Жазушылар құрамасы»
деген атпен бір ұйымға біріккен еді [84, 22 б.]. Кейбір зерттеушілер
осы «Жазушылар құрамасын» кейіннен «қазақ жазушыларын
біріктірген алғашқы одақ» деп санайды.
1919 жылы қаңтар айында екінші мұғалімдер съезі өтті. Съезд
Ғ.Ғ. Бегалиевтің басқаруымен ашылып, оның жұмысына Ғ. Қарашев
төрағалық етті. Мұнда да бірінші съезде қабылданған шешімдердің
іске асу барысы талқыланып, білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру
шаралары ұсынылды. Екінші деңгейдегі мектептерді ашу үшін
қаулы қабылданды. Екінші съездің келесі отырысы қаңтардың
10-күні Ғ.Қарашевтың төрағалығымен басталып, іргелі мәселелер
талқыланды. Съезд төрағасы Ғ. Қарашев «Кім мұғалім бола алады?
104
Ғұмар Қараш
Оған қандай білім керек», – деген өзекті мәселе көтерді. Сондай-
ақ бұл съезде жылдық курстарға бөлінген ұлттық оқулықтардың
жайы, мектептердің білім беру бағдарламалары тыңдалды‚ ондағы
тілдің тазалығы да басты орынға шығарылды. Басқа тілдің сөздері
кездессе‚ оны қазақ сөзімен ауыстыру керектігі де арнайы айтылды.
Съезд төрағасы білікті маман, қазақ педагогикасының
теориялық негізін қалыптастырушы ғалымдардың бірі –
Ғ. Қарашев арнайы жазылған педагогикалық еңбектердің авторы,
қазақ халқының діни құндылықтарын педагогикалық ойлармен
байланыстыра зерттеуші болғандықтан, ХХ ғасыр басындағы оқу-
ағарту ісін қолдаушы қазақ зиялылары арасында өзіндік беделге
ие болды. Оның съезге төрағалық етуі кәсіби мәселені орнықты
қоя білетін, жұмысты оңтайынан шешуге белсене кірісетін ағарту
саласындағы білікті маман екенін танытты, сондықтан съезге
қатысушылар оның пікірлері мен ұсыныстарына айрықша мән
беріп, ден қойып отырды. Съезде көтерілген мәселе «мұғалім
қандай талаптарға жауап беруі керек, мұғалім болмысы нені талап
етеді, педагогика этикасының шеберлігі қандай болуы тиіс, білім
беру мен тәрбие қалай жүзеге асуы керек» деген сияқты сауалдарды
қанағаттандыру үшін ол орнықты жауаптар берілді. Жалпы қазақ
мұғалімі бейнесінің әмбебап кейпін ұсынды десе де болады.
Съезд қараған келесі мәселе – ұлт мектептеріндегі оқыту
әдістері. Сабақ барысының материалдық жағынан қамтамасыз
етілуіне және жалпы білім беру жүйесін ұйымдастырудың
практикалық жағына да мән берілді.
Мектепті басқару ісінде мектеп кеңестерін құру туралы қаулы
қабылданды. Мектепке керекті мүлікті жасау үшін оның жанынан
ағаш шеберханаларын ашу тапсырылды. Сондай-ақ съезде барлық
медреселерді керекті құрал-жабдықтармен‚ кітапханалармен жаб-
дықтауды, оның жанынан 25 адамдық интернат ашу, таңертең
ыстық ас беру мәселелері де назардан тыс қалмады. Алыс ауылдардан
қатынап оқитын оқушылар үшін оларды жеткізетін ат бөлінуі тиіс, ал
оған керек қаржыны Қазақ әскери комиссариаты төлеуі керек деп шешті.
Келесі талқыланған мәселе – мектепке келетін баланың жасы
туралы болған. Съезге қатынасушылар қатардағы мектептің І
бөліміне 9–10 жас, ал екінші бөліміне 11–12 жас аралығында
105
2. Өмірге аттаныс пен өрлеу баспалдақтары
қабылдау туралы шешімге келді. Әр бөлім 5 адамнан бастап
ашылып, жалпы саны 15 оқушы болу керектілігі айтылды.
Сонымен қатар съезде қазақ орфографиясы үшін комиссариат
жанынан жеті адамнан тұратын топ құру жоспарланды. Съезд емле
мәселесінен де айналып өтпеді. Біраз кеңестен соң, «Кітап жазу
комиссиясы қазақ емлесін бастан-аяқ меңгеріп, теріс деп тапқан
жерлерін өзгертуге ерікті болсын» деген қаулы шығарылды. «Оқу
құралдарын жетістіру, кітаптарды тәржіме ету және тағылым
журналын шығару үшін» сайланған комиссияға жеті адам – Ғұмар
Қараш, Ғабдол-Ғазиз Мұсағалиев, Мұстафа Көкебаев, Ғали
Бегалиев, Халиолла Есенбаев, Ғабдол Бөкейханов және Ғабдолла
Мұқашев енгізілді. «Осы кісілер басқа қызметтен шығып, тек қана
кітап жазу қызметімен шұғылдансын» деген ұсыныс та қолдау
тапты. Одан кейін сол оқулықтарды дайындап‚ бастыру үшін
Ғ. Қарашев‚ Ғ. Мұсағалиев‚ М. Көкебаев‚ Ғ. Бегалиев‚ Х. Есенбаев‚
Ғ. Бөкейханов‚ Ғ. Мұқашев, Н. Манаев мүше болған комиссия
жасақталды. Оларға еңбек ақы ретінде айына 1000 сом белгіленді.
Бұл қаралған мәселелердің ішінде мектепте әскери және
еңбек тәрбиесі де ескерусіз қалмады. Сол кездегі мектептегі
шеберханалардың ашылуы, онда мектеп құралдарын жасаудың
жолға қойылуы – қазіргі еңбек және экономикалық тәрбиенің
бастамасы болатын.
Съездің келесі отырысы қаңтардың 17-сі күні кешкі сағат 6-да
басталды. Бұл мәжілісте Ғ.Қарашев есеп берді. Содан кейін Браун
жолдас мұғалімдер ережесімен таныстырды. Ереже 4 тармақтан
тұрды, съезд бәрін де қабылдады. Сондай-ақ, ұлттық мектептеріне
қабылданған жұмысшыларға дәріс беретін мұғалімдердің өз
тілдерінде сабақ берудің қарапайым деңгейін тексеру мәселесі
қойылып, мынадай ұсыныстар айтылды:
- мұғалімді жергілікті халық ағарту кеңесі сайлауы керек;
- санақ жүргізу арқылы мектеп жасындағы балалар санын
анықтау. Мектептегі оқушылардың тұрғылықты мекен-жайын
біліп, қамтылу шекарасын анықтау;
- мектептерде оқушыларға ыстық тағамдар ұйымдастыру;
- әлеуметтік жағынан мұқтаж балаларды анықтап, олардың
отбасына көмек беру; (бұл бүгінгі күндегі әлеуметтік жағынан
106
Ғұмар Қараш
нашар қамтылған отбасыларды анықтау мен оларға жәрдем берудің
бастапқы үлгілері болып табылады). Сонымен қатар мектеп
кеңесімен бірлесе отырып, тұрғындар тарапынан да материалдық
көмекті ұйымдастыру қажеттігі алға тартылды.
Интернаттарды дайындау және іске қосу, мұғалімдердің
біліктілігі мен білім сапасы қаншалық маңызды болса, мектеп
жұмысшыларының еңбек қағидасы да соншалықты маңызды болып
саналды. Мектеп жұмысшысы белсенді болуы керектігі айтылып,
оның жұмысы үш түрге жіктелген: техниканы жөндеу; ағашты
өңдеу; мектеп кеңесімен бірлесе отырып, тұрғындарды мектеп салу
ісіне дайындау [83].
Сонымен қатар оқушыларды еңбекке баулу мақсатында олардың
күшімен аз да болса, мектептің материалдық базасын жақсарту
мәселесі қойылды. Бұл – мектеп шәкірттеріне кәсіби бағдар беру
арқылы оның еңбекке деген көзқарасын қалыптастырудың алғашқы
қадамдары болып табылады. Екінші мұғалімдер съезінің соңғы
мәжілісінде оқушыларды жаңашылдықпен оқытып, тәрбиелеуде
мұғалімдерге ғылыми-педагогикалық, оқу-әдістемелік жағынан
көмек беретін журнал шығару ұсынылады. Бұл ұсыныс бірауыздан
қолдау тауып, журналдың атын «Мұғалім» деп атау қабылданды.
Міне, өткен ғасыр басындағы екі съездің тарихынан сыр
шертетін мұрағатта сақталған парақтардың, қысқаша алғанда
айтары – осы. Бұл съезд ағарту саласында ұлттық мүддені жоғары
қойғандығы, бұрын тек санаулы адамдардың ғана қолы жеткен
білімді жалпыға бірдей қылуды мақсат еткені, қоғамда жетекшілік
рөлде тек ұлттық көшбасшылардың болғанын ғана көздегені
т.б. арқылы тарихи маңызды оқиға болды. Сонымен, Ұлттық
мектепті қалыптастырудың алғашқы ойлары – ХХ ғасырдың 20
жылдарының өзінде айтылғанын байқап отырмыз. Бұл – бүгінгі
күнде шетелдік білікті мамандармен иық тіресіп еңбек ететін қазақ
жастарын тәрбиелеу туралы мемлекетіміздің саясатымен үндес
келіп тұрғанын сезінуге болады. Осы істерге белсене қатынасқан
Ғұмар Қараш та басқа ұлт ағартушылары сияқты, қаншама қазақ
баласының сауатын ашуға септігін тигізді, сол білімді ұрпақ
арқылы бүгінгі күнгі ұлт руханиятының келбетінің негізі қаланды
десе болады.
107
2. Өмірге аттаныс пен өрлеу баспалдақтары
Ғұмар ұлымен бірге.
1918 жыл, Үпі қаласы
Төменгі қатарда (оңнан солға
қарай): екінші Ғұмар Қараш
Ғұмар Қараш еңбектері жарияланған кейбір ақпарат құралдары
Ғ. Қараштың еңбектері «Замана» кітабында жинақталған
Ғ. Қараш атындағы мектептен көрініс (Батыс Қазақстан облысы)
Тәуелсіздікке 20 жыл. Ескерткіш басында оқушылар
«Көреміз бе?» атты өлеңін жатқа оқыды
(Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы)
Көлборсыдағы Шәңгерей усадьбасы
(«Қазақстан» газетінің алғашқы сандары дайындалған редакция)
«Қазақстан» газетінің Орал қаласындағы редакция ғимараты
Бұрханқызы Надежда Қарашева
(Ғұмар Қараштың немересі)
Солдан оңға қарай Рәбиға Сыздықова, Мәулен Балақаев,
Ғайнеддин Мұсабаев, Надежда Қарашева, Ахмет Жұбанов,
Мұхаммеджан Қаратаев.
Алда тұрған Надежда Қарашеваның қызы Лола
Солдан оңға қарай тоғызыншы тұрған Надежда Қарашева.
Тіл мен әдебиет институтының қызметкерлері, 1960 жылғы мамыр айы.
120
Ғұмар Қараш
Ғұмар Қараштың шөпшегі Дана
121
3. Пайымды ойтолғамдар
3. ПАЙЫМДЫ ОЙТОЛҒАМДАР
3.1 Ойшыл поэзиясындағы фәлсафалық ойлардың
түйінделуі
Ғұмар Қараш ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында
өмір сүргендіктен, сол дәуірдің таза шындығы мен қиыншылық
кезеңін көріп өскен тұлға болғандықтан, өзінің дүниетанымдық
көзқарастары да сол кезеңдегі өмірлік белестерден тамыр тартады,
еуропалық-ресейлік мәдениет жетістіктерімен келіп сабақтасады,
өз ұлтының тарихи-танымдық ерекшеліктерімен үндеседі. Осы
тұста айта кететін бір жайт, Ғұмар Қараш өмір сүрген дәуірдің
өзі аласапыран заман болғандықтан, оның дүниетанымын
философиялық тұрғыдан зерделеудің де өзіндік қиыншылықтары
мен қайшылықтары бар екендігі.
1. Екінші тарауда өмірі мен шығармашылығын әр түрлі кезеңдерге
бөліп көрсеткеніміздей, оның дүниетанымы да осыған сәйкес өзгеріп
отырған. Осы өзгерістерге сәйкес, қоғамдық-саяси көзқарастарының
дамуы мен ауысуы, түптеп келгенде, философиясының да
әртарапты болып келуін туғызады. Сондықтан, оның философиялық
ойтолғамдарын да «ерте Қараш» және «соңғы Қараш» деп шартты
түрде екіге немесе үшке бөліп ажыратуымызға болады.
2. Ғұмар Қараш әл-Фараби, Ш. Құдайбердиев, А. Құнанбаев
секілді кәсіби деңгейде еуропалық үлгідегі философиялық
шығармалар жазған десе де болады, бірақ ол әрине, қазіргі ғылыми
үлгіде емес. Сондықтан, оның көзқарастары философиялық
ойтолғамдар немесе қазақ дүниетанымы аясына келіп саяды.
Екінші бір қырынан алғанда, «Ойға келген пікірлерім» деп аталған
жинақта, ол өзінің идеяларын фәлсафалық түйіндеулер деп біледі.
Сондықтан, ол кәсіби деңгейдегі философ па, әлде ұлттық даналық
арнасымен тоғыса ма деген сияқты сауалдар қойылады.
122
Ғұмар Қараш
3. Ойшыл жалпы алғанда, бастапқы көзқарастары бойынша
діни ағартушы тұлға. Сондықтан, оның философиясын зерделеуде
көп жағдайда, дін философиясы мен діни философия тұрғысынан
талдаулар аса қажет. Сонымен қатар діни дүниетанымы да уақыт
өте келе өзгерістерге түскен және әлі күнге дейін дін саласында
қандай бағытты ұстанғандығы толықтай анық емес десе де болады.
4. Ол өмірінің соңғы кезеңінде Кеңес Үкіметі жағына шығып,
коммунист болғандықтан, кейбір пікірлері социалистік құрылыс
пен оның идеалдарын қорғауға арналғандықтан, экстерналистік
сипатта, яғни, сыртқы идеология әсеріне бағындырылған. Демек,
бұл үстірт болған жағдайда, философия емес, саясатқа айналады.
5. Ғұмар Қараш өз өмірінің өн бойында, әр түрлі мәдениеттен
сусындап, көп тілді меңгерген полиглот тұлға болған. Сондықтан,
оның туындыларында да басқа ұлт тілдерінің элементтері аз-
кем кездесіп отырады. Тумысы ноғайқазақ, татар жерінде білім
алған, ислам дінінің білгірі болған, орыс тілін жақсы меңгерген
ойшыл тұлғаның сөздік қоры мен туындыларында кей сәттерде
сол заманның ыңғайына сәйкес, қазақ тілі таза күйінде кездеспей
қалатын жайттар да болған. Сондықтан оның кейбір шығармалары
графикалық, тіптен тілдік аудармалар болып табылғандықтан, таза
мағынасы өзгеріп кетуі де ықтимал. Бұл үшін Ғ. Қарашты кейбір
қазақ зиялылары сынаған да болатын.
Ол жан-жақты тұлға болғандықтан, ақындығы мен жазушылығы
қатар жүргендіктен, біз бұл тұста, Ғұмар Қараштың поэзиясындағы,
прозасындағы, дін туралы мәтіндеріндегі идеяларын жеке-жеке
бөлек қарастыруды жөн көрдік. Олай болса, оның ақындық
шеберлігі мен талантын басшылыққа ала отырып, өлеңдерінің
өмірінің бастапқы кезінен, соңына дейін жазылғандығын ескере
отыра, әуелі поэзиясындағы философиялық ойтолғамдар түзілісін
талдап көрсетпекпіз.
1916 жылғы «Қазақ» газетінің 29 ақпандағы 171 нөмірінде
жарық көрген «Екі бауырға» деп аталатын өлеңі де кең дүниетаным
мен парасатты пайымдауларды жинақтаған туынды. Бұл
шығарманың мазмұны «Қазақ» газетінің соңғы кездегі жинақталған
материалдарында негізінен қазақ пен татар елінің арасындағы
достық қарым-қатынасқа негізделген, сол дәуірдегі екі ұлыстың
123
3. Пайымды ойтолғамдар
өзара бірлікте болуы мен бір-бірін құрметтеуі туралы болып келеді
деген түсіндірмелермен берілген [63, 503 б.].
Өнер туындылары, оның ішінде әдеби туындылар көп
жағдайда белгілі бір кездегі заман шындығын немесе нақты
қандай-да бір оқиғаға қатысты болып келетіндігін ескерсек, бұл
пікір де ақылға қонымды, себебі, өлең шығаратын шығармашылық
шабыт үшін белгілі бір қозғаушы көңіл-күй мен түрткі болуы тиіс.
Ал оның көркемделуі мен жалпылама байланыстырушы ойлары,
идеяларын дәйектейтін негіздемелері қашанда да философиялық
толғаныстарға толы болып келеді.
Татар мен қазақ арасындағы қатынастар ХІХ ғасырда қайтадан
жаңа және жағымды белестерге көтерілді. Бұл, біріншіден, саяси
арнада – Ресей отаршылдығының астындағы тұншыққандардың
мүдде бірлестігі, ерікті миграция мен еріксіз қоныс аудару
нәтижесінде татарлардың батыс Қазақстан жеріне қоныс аударуы;
екіншіден, рухани-мәдени сала бойынша – мұсылман дінінің сол
кезеңде қайтадан қуат алып, бұл діннің Ресей мұсылмандары
арасында өркендеуі де осы татар миссионерлерінің қазақ даласына
ықпал етуімен байланысты болып келуі, Татарстан қалаларындағы
сол кездегі оқу орындарының көптеп ашыла бастауы және онда
қазақ жастарының білім алу беталысының пайда болуы, үшіншіден,
тарихи тұрғыдан – байырғы аймақтық геосаяси көршілестік, түбі
бір түркілік терең туыстық және осыдан туындайтын тіл, дін,
салт-дәстүр сияқты ұлт болмысының сәйкестенуі т. б. байланысты
болып келеді.
Осы екі ел арасындағы мәдени-рухани-саяси байланыстардың
орнығуының басты объективті негіздерінің бірі де туыстыққа келіп
саятындығын ескерсек, өлеңнің атауы да қазақ дүниетанымындағы
«бауыр» деген өзіндік бір этикалық және қастерлілік ұғыммен
берілгендігін аңғара аламыз.
«Бауыр» ұғымы концепт ретінде ұлттық таным-түсінікте:
қандастық, ағайындық, туыстық деген мағынаны беріп қана
қоймайды, түпмәні екі жақ арасында қайырымдылық пен өзара
түсінушілік, сыйластық пен құрметтеушілік болса екен деген ниет
қана емес, болуы тиіс, ол міндеттелген парыз болып шығатын
биік гуманистік тұғырды айқындап береді. Бұл концепт ауыспалы
124
Ғұмар Қараш
мағынасындағы эмоционалды-рационалды ұғым бола отырып,
ешқандай ұлттың философиясына ұқсамайтын қазақтың төл дүние-
танымындағы өзіндік бір этикалық категорияның практикалық
нәтижесі іспетті болып келеді. Нақтырақ айтқанда, адам ағзасын-
дағы мүшенің атауы, оның неліктен адамгершілік қатынастарға
қарай ойысқандығы айқынсыздау. Мүмкін, «органикалық бауыр»
мен «этикалық бауыр» түсінігінің арасында өзіндік бір байланыстар
да бар шығар, бірақ бұл әзірге жаратылыстану ғылымдары бойынша
дәлелденбеген құбылыс. Мысалы, қазақтардағы «жүрек жарды
қуаныш» деген тіркес: жүрек пен қуаныш арасындағы тікелей бай-
: жүрек пен қуаныш арасындағы тікелей бай-
ланысты білдіреді, нақтырақ айтқанда, қатты қуанудың жүрекке
ықпал ететіндігі бойынша айтылған.
Халқымызда, әсіресе, құдалар арасында «өзара құйрық-бауыр
жегізу» деген салт бар. Мұның мағынасы – тағамның дәмділігінен
гөрі, өзара бауыр-туысқан болдық, осы өміріміз әрі қарай жалғаса
берсін деген ниетті белгілеп береді. Яғни, жоғарыда атап өткен
туысқандықтың шынайы өз мәнінде бір-біріне қамқорлығы
мен мүлтіксіз сыйластығы, бір-біріне жәрдем берушілігі т. б.
халықтық пайымдауларда «бауырмалдық» деген жалпы үрдіспен
тиянақталады.
«Бауыр», «бауырмалдық» ұғымдары тек жалпы алынған
абстрактілі түсінік емес, адамгершілік қатынастардың биік шыңы,
гуманизмнің жоғарғы сатысы десе де болады. Егер тек құр туыстық
қана сақталып, қарым-қатынас деңгейі өз дәрежесінде болмаса, онда
ол «бауырластық» аясына енбейді де, жай ғана «ағайыншылдық»,
«туыстық» деген сияқты мағыналармен шектеледі. Ендеше,
осындай өзара «жанберушілік» бірлік – «бауыры елжіреп
кетті», «ой, бауырым-ай» деген сияқты терең мағыналы сезімдік
толғаныстарды білдіретін тіркестермен айшықталып келеді, бұл
бүгінгі күні де сақталып отырған қастерлі деп те айтуға болатын
құбылыс. Яғни, «бауыр» концептісінде маңызды екі құбылыс
бар: генетикалық қандастық – табиғи-биологиялық және өзара
құрметтеушіліктің ең биік шыңы – психологиялық-әлеуметтік.
Яғни, «бауыр» табиғи құбылыстың өзін, ал «бауырластық» ондағы
әрекет пен нәтижені береді, формальді логикалық тұрғыдан алғанда
субъект-предикат қатынасына сәйкестенеді.
125
3. Пайымды ойтолғамдар
Қазақ халқының терең дүниетанымы бауыр мен
бауырластықтың аясын кең көлемде таниды. Сондықтан, оның
жалпы мен жеке қатынасы бойынша шеңберлерін былайша
сипаттап беруімізге болады. Түпнегізі – бір жанұядағы аға-іні,
апа-қарындас және әке-шеше, екінші сыртқы шеңберде – олардың
арғы аталарының өкілдері арасындағы қатынас, үшінші сыртқы
шеңберде – руластар мен ауылдастар арасындағы байланыс,
төртінші одан да сыртқы шеңберді – аймақ пен жүз, бесінші
сыртқы шеңберде – тұтас қазақ халқының бірлігі, алтыншы сыртқы
шеңберде – түркі халықтарының негізі арқылы топтасу, жетінші
сыртқы шеңберде – жалпы мұсылмандық ресми емес қауымдастық,
сегізінші сыртқы шеңберде – шығыс халықтарының геосаяси
тұрғыдан ортақтығы, тоғызыншы және соңғы бәрін қамтитын
шеңберде – тұтас жалпы адамзат қоғамы. Мысалы, Абайдың:
«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп», – деген толғанысы осы
ең жалпы шеңбердегі этикалық ұстанымды қуаттайды. Ендеше,
Ғұмар Қараштың «Екі бауырға» түсінігінің мазмұны түркілік және
мұсылмандық туыстыққа негізделген десек те болады. Демек,
бұл өлеңнің саяси-идеологиялық қырынан гөрі философиялық
мазмұны мен негіздемесі басымдау екендігін аңғара аламыз:
Жік салмай, екі бауыр араңызға,
Төрдегі байқап қара анаңызға
Айырмай қала, дала тисе тиер,
Сыбаға ұраны бір қараңызға.
Бұл жердегі «ұраны бір» деген ұғымның түпмағынасы, қазақ
халқының бұрыннан әр руының өзіндік туы мен таңбасы, ұраны
сияқты рәміздері болғандығына келіп саяды. Демек, «ұраны бір»
бірдей ұранды, бір рудың, бір атаның балалары дегенді білдіреді.
Ал «ұран» – белгілі бір рудың көп жағдайда, арғы ата-тегінің есімі
немесе жалпы бір ортақ мәмілеге келген өзіндік ашық «паролі»
іспетті, өмірлік кредосының қысқаша атауы және тұрмыстық
қолданыста қастерленіп әйгіленетін, жарияланатын, мақтанышпен
аталатын сол қауымдастық бірлігінің куәсі іспетті атау. Ол жауға
шапқанда, аруақ шақырғанда, ру бірлігін анықтауда т.б. жағдайларда
126
Ғұмар Қараш
қолданылатын саяси-әлеуметтік мағынасы бар ұмытылуы тиісті
емес қастерлі концепт болып табылған. Яғни, жер дауы өршіп
тұрған ХІХ ғасырда татар мен қазақ жері іргелес жатқандықтан,
екеуі де өздеріне тиеселі үлестерін алуы тиіс еді, шындығында,
бұл үлес көп жағдайда, арнайы шекара ретінде белгіленбесе де,
жайылым, қала салу, егін егу үшін Ресейдің ықпалы арқылы
анықталатын еді. Бұдан бұйырылған сыбағаны екеуі өздігінше
келісіммен бөліп алуы тиіс. Ғұмар Қараштың «Айырмай қала,
дала тисе тиер», – деп отырғаны бұл жерде осы жайт болса керек.
Мысалы, кезінде Ноғай хандығы құрылып, айтарлықтай аумақты
алып жатқан шекара бойынша белгіленген жер тарам-тарам болып,
осы ХІХ ғасырда жоғалып тынды. Сәйкесінше, ноғай хандығы
ыдырап, халқы әр жаққа шашырап, бүгінгі күні ол да халық ретінде
жер бетінен жойылудың аз-ақ алдында. Міне, ХІХ ғасырдағы жер
мәселесінің ушығып тұрған шағы және бөлістің нәтижесі қайда
апарып соқтыратындығын жете түйсінген екі халық та, бұл мәселеде
аса қобалжулы болғандығы түсінікті жайт. Осы қобалжу бірте-бірте
өзара жерге талас пен саяси-әлеуметтік кикілжіңдерге айналуы
ықтимал немесе бауырлас екі халықтың бұқарасының арасында да
бірін-бірі жеккөрушілік сезім туғызуы мүмкін. Бұл тұстағы ақынның
философиясының болжампаздығы осындай саяси мәселелердің
болашағын толғауға келіп тіреліп тұр десе де болады.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында тек шекара
үшін дала бөлінісі ғана емес, қала бөлінісі де орын алғандығына
тарих куә. Мысалы, кезінде Ресейге өтіп кеткен, Орынбор мен
Омбы, Қажы-Тархан сияқты қалалар осының айғағы:
«Әуелі жеңіп орыс Еділді алды,
Сарытау, Аштарханның жерін де алды.
Артынан Еділден соң Нарынды алды,
Торғайдың ағаш қамыс, талын да алды», –
деп кезінде Мұрат ақын жырлағандай, қазақ бірте-бірте өз жеріне
деген иелігінен айрыла бастады [85, 7 б.].
Ал «қараңызға» деген сөз жалпы бұқара халықты меңзесе
керек, себебі, қазақтарда «қара халық», «қара» деген ұғымдар
127
Достарыңызбен бөлісу: |